Салауатты өмір сүрудің мақсаты



Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті
Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледжі

Салауатты –өмір салтын қалыптастыру

Орындаған: Дене тәрбиесі және АӘД бірлестігі
Оқытушы: Б.Абраев

Түркістан 2010 ж

Жоспар:
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1. Салауатты өмір сүрудің негізгі принциптері
2. Жеке тұлғаның қалыптасу жүйесінің әлеуметтік маңызы
3. Денсаулық көзі – дұрыс тамақтана білу
4. Салауатты өмір сүрудің мақсаты
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Дүние жүзін жаулап аламын деген Шыңғысхан Әмударияның жағасында ауырып
қалып, Қытайдың атақты Ган Чун Цзи деген емшісін алдыртады. Жарық дүниені
қимаған Шыңғысхан, мәңгілік өмір сүруді жүзеге асыратын қандай дәрің бар
деп сұрапты. Сонда емші: Өмірде уақытша ғана болуға арналған дәрі бар, ал
мәңгілік өмір сүретін дәрі жоқ, - депті.
Демек, тұжырымдамамыздың мақсаты - бойына қабылдап алған дертін адам өзі
шығарады дегендей-ақ, ұзақ өмір сүрудің кілті әр адамның өзінің қолында
екенін айтпақпыз.
Сонау ықылым заманнан бері, адам баласы ұзақ өмір сүрудің жолын
қарастыруда. Кезінде осы қағиданың негізі болған Аристотельдің іліміне
сүйенсек: Жанды дене қозғалмаса өледі деген тұжырымдамасы сол дәуірден
бері адамзаттың ұзақ жасауының, яғни, салауатты өмір сүрудің негізгі ілімі
болып табылады. Мысалы, қара қарға ер нәрсені бір шоқып жүріп 300 жыл
жасайды екен. Сағатына 10 м қозғалатын тасбақа да 200 жыл өмір сүреді.
Сонда, Аллаһтың әмірімен табиғат заңына бақылау жасасақ, сол Жаратқан
Иеміздің іліміне жүгінсек, бізге, яғни, адамзатқа қанша өмір сүрудің жолын
қанша іздесек те жетістіктің шыңы көрінбейді. Енді саналы түрде табиғаттың
табиғи болмысын өз қолымызбен бұзып, бүгінгі таңда адамзат өзін-өзі жоюға
әрекеттенуде.
Осылайша, адамзаттың жер бетінен жойылып кетуге қаупі бар тарихи кезеңде
тұрғанда не істеу керек? Адам баласы қалай өмір сүру керек?
Яғни, болашақ өмірді жалғастыру үшін бүкіл әлем бойынша әр халық өзінің
ұлттық бейнесін және денсаулығын сақтауды қарастыруда.
Демек, бүгінгі таңда Қазақстанда күн тәртібінде тұрған әлеуметтік
маңызы зор мәселенің бірі - халық денсаулығы. Республика көлемінде халықтың
80% -ы әр түрлі ауруға шалдыққан. Егеменді ел болғаннан бері қарай білім
беру жүйесіне реформа жүргізудің салдарынан, оқушы-жастардый тәрбиеден сырт
қалуы келеңсіз жағдайда соғып отыр. Яғни, ата-аналардың, оқытушы-мұғалімнің
ішімдікке, есірткі, шылым шегуге бейімделіп, саналы түрде уақытынан бұрын
денсаулықтарын өз қолдарымен жоюда.
Келесі бір мәселе, адам баласының өз қолымен жасаған табиғат апаты.
Бір мысал алайық, атом радиациясының кеселінен су кепті, жер тозаңға, тас
күлге айналды, өсімдік өсуін тоқтатты. Ауа қозғалысы өзгергендіктен, жер
бетіндегі тіршілік күн өткен сайын апатқа ұшырауда. Міне, тіршіліктің,
болашақ жанды заттардың жер бетінен жойылу қаупінің негізі осында. Бұл
қағиданың негізінде, енді адамзат тіршілікті сақтап қалудың жолын іздеуде.
Демек, денсаулықты сақтап, ұзақ өмір сүрудің бірақ жолы бар. Ол - салауатты
өмір сүру салты.
Осындай қағидалардыц негізіне сүйене отырып, жеке бастың салауатты өмір
сүру бағытының негізгі мәселесі ретінде осы тұжырымдаманы ұсынып отырмыз.

1. Салауатты өмір сүрудің негізгі принциптері

Салауатты өмір сүрудің негізгі принципі - еш ауруға шалдықпай, адам өзін
дертке жеткізбей-ақ, алдын ала мол денсаулық көзін ашу. Баяғыда Лұқпан
Хакімнен: өмірде байлық қымбат жоқ даңқ қымбат па? деп сұрған екен. Ол
біраз ойланып тұрып байлық та, даңқ та адам баласын бақытты ете алмайды.
Біле білсеңдер, ауру ханнан дені сау қайыршы бақытты. Ал, бақыт дегеніміз
не? Әрбір адамзат өзінің күш-жігерін халкына, өз еліне, ұрпақ тәрбиесіне
жұмсап ақылды, парасатты және денсаулығы зор болса ғана бақытты деген
екен.
Бақытты адам өзінің жұмысқа деген ынтасын, санасын, рухани байлығын өмір
бойы дамытып, еңбекке араласады. Тек қана дені сау адам өзінің үнемі ой-
өрісін кеңейтін, өмірдегі мақсатына жетеді. Сондықтан, әрбір адамның
денсаулығының мықты болуы да өз қолында. Міне, денсаулықтың принципі де
осында. Ешкімнің денсаулығына ешкім көмектеспейді және бәрін сатып аламын
деген капиталистік принцип те жалаң ұрандау болып табылады.
Салауатты өмір сүру үшін тіршіліктің күресі тек қана ағзаның биологиялық
өзгерістері ғана емес, сонымен қоса әлеуметтік маңызы зор құбылыс. Бұл
күрес адам баласына туған күнінен бастап өмір бойы тоқтамай, оның тіршілік
қабілетін жоғалтпай, жасының ерекшелігіне қарай қызмет етеді. Бұл
құбылыстың барлығын ағзаның орталық жүйке жүйесінің ең негізгі реттеуші
бөлігі мидың адам өмірінде атқаратын қызметі - тіршіліктің негізгі көзі.
Ми - жүйке жүйесіндегі ең негізгі орталық. Ми ағзаның барлық жүйке
талшықтарымен екіжақты байланыста болатындығын әрқайсысымыз жақсы білеміз.
Біріншіден - байланыс ағзаның ішкі құрылысында не болып жатқанын хабарласа,
екінші байланыс сыртқы құбылыстың ағзаға тигізіп жатқан әсерін хабарлайды.
Осы процесс арқылы ағзаның дұрыс та бір қалыпты болуын әркім бақылап
отырады. Демек, ағзаның іштегі немесе сырттағы бір мүшесі зақымдалса, осы
байланыстың арқасында ғана ауру, я сау екенін біліп отырады.
Мидың екінші бір негізгі міндеті - ағзаның жұмыс жүйесін, демалысын
реттеп отырады. Міне, салауатты өмір сүрудің негізгі бір принципі осы екі
жүйе дұрыс қалыптасып, тепе-теңдікте болған жағдайда ғана адамның өмірі
ұзаққа созылады. Ал, бұл жүйе бұзылған жағдайда, орталық жүйке жүйесінің
жұмыс қабілеті төмендейді. Бұл не? Бұл жүйкенің тоза бастағаны: ұйқы
бұзылады, бұл негізгі тепе-теңдіктің бұзылуы, артық сөз айтып, қызбалыққа
ұрынады. Осыдан барып, адам азып-тозып, әр түрлі ауруларға шалдығады. Бұл
жағдай, ең алдымен жүректің, қан қысымының өзгеруіне әкеліп соқтырады.
Міне, адам баласының қандай да бір ауруға шалдығуының себебі, жүйке
жүйесінің бұзылуына байланысты деп тұжырымдаған жөн. Сондықтан, баланы
жастан дегендей, жас ұрпақты тәрбиелегенде жүйкені тоздырмауды әрбір ата-
ананың білуі міндетті.
XVIII ғасырдың оқымыстысы, испандың дәрігер - Христофор Гуфеленд: Бала
туғаннан кейінгі алғашқы жылдан бастап сыртқы құбылыстарға бейімделіп,
әсеріне реакция беретіндей дәрежеге жеткен кезден бастап-ақ жүйке
талшықтары тоза бастайды, - деп ескертеді. Тәжірибелі дәрігер айтқандай,
ата-ана жөнсіз еркелетіп, тіршіліктің қиыншылығына бейімдемей, еңбекке
араластырмай, дұрыс тәрбие бермесе, ондай баланың денсаулығы дұрыс
қалыптаспайды.
Орталық жүйке жүйелерінің ауруға шалдығуының негізгі бір себебі -
қоршаған ортаның аса зиянды әрекеті. Бұл тіпті, өмірдің қысқаруына әкеліп
соқтырады. Жүйке тамырларының ауруға шалдығуы, біріншіден - ағзанын, дұрыс
демалмауы, яғни, ағзаның қоршаған ортамен тепе-теңдік жүйесі бұзылуы
салдарынан жүрек, қан айналысы қызметінің бұзылуынан басталады.
Орыс ғалымы И.П. Павлов айтңандай, ұйқы тек ми қабыршақтарының жұмысын
ғана тежеп қоймай, оның ішкі құрылыстарын да осы жүйеге жетелейді. Бұл
жүйе, яғни, ми құрылысы, тек ұйқы қанып, дұрыс дем алғанда ғана адам денесі
сергіп, ертеңгі тіршілікке деген қабілет арта түседі. Бұл жайында немістің
атақты философы Бэкон Әрбір ұйқысыз түн - соншалықты күнге өміріңді
қысқартады деген. Бұл сөзді әр адам өз өмірінің өлшемі деп қараса,
салауатты өмір сүрудің негізгі қағидаттарының бірі осы болар еді.

2. Жеке тұлғаның қалыптасу жүйесінің әлеуметтік маңызы

Әрбір елдің мемлекеттік болмысы мен күш-қуаты оның мүшелерінің
денсаулығына ғана байланысты екенін адамзат тарихының ілімі дәлелдеп отыр.
Мәселен, XIX ғасырда адамдар жұмыстың 10% ғана қолмен орындаса, қалған
90% рөлін техника атқарады. Оның өзінде, сол 10% -дың қол жұмысы дегеніміз
- отырып немесе тұрып техниканың жұмыс істеп тұрған тетігін басқару мен
реттеу ғана болады. Осының салдарынан адам баласының күнделікті
тіршіліктегі денсаулығын толық қамтамасыз ететін қозғалысы азаяды. Бұл
дегеніңіз адам ағзасының жұмысы бұзылып, денсаулығының төмендеуі, нақтырақ
айтқанда ауруға шалдығуына әкеп соқтырады.
Адамзаттың ойшылы Аристотель жанды дене қозғалмаса өледі деген
қағидасын әр адам күнделікті тіршілігінің бағдарламасы деп түсінуі керек.
Осыған орай, қосымша қозғалыстың әлеуметтік маңызы неден тұрады? Адам
баласы жаратылысынан бері ұзақ өмір сүрудің тиімді жолдарын іздеумен
келеді. Бұл - жеке бастың арнаулы уақыт тауып, тұрақты түрде дене шынықтыру
жаттығуларымен шұғылдануы.
Иә, дене шынықтыру жаттығуларымен тұрақты түрде шұғылдану деген сөз -
салауатты өмір сүрудің негізгі көзі. Дене шынықтыру жаттығуларымен
шұғылданудың өзіне тән мақсатты жүйесі болады.
Таңертең орыннан тұрғаннан бойды жазу үшін далаға шықпайтын адам сол
төсегінің жанында тұрып-ақ керіліп-созылып, отырып-тұрып, басын қозғап,
одан қолды жоғары-төмен, алдыға-артқа созып, жалпы қолды созып, аяқтың
сілтеуімен бірге денені оңға-солға бұрып, еңкейіп-шалқайып, аяқты оңға-
солға сілтеу, т.с. сияқты жалпы дамыту жаттығуларын 10-15 мин. аралығында
орындауға болады. Аса пайдалы қозғалыс - таңертеңгілік бой жазу
жаттығуларын 15-20 мин. аралығында далаға шығып серуендеп, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Жалпы түсініктеме
Жеке бастың салауатты өмір сүру салты
Салауатты өмір – барыс тектес халықымыздың болашағы
Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің құрылымы мен жүйесі
Салауатты өмір салты туралы мәлімет
Оқушылардың салауатты өмір сүру қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Валеология -денсаулық ғылымы
Салауатты өмір салтын қалыптастыру негіздері
Балаларды салауатылыққа тәрбиелеу жолдары
Мектеп оқушыларында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері
Пәндер