Салықтық бақылауды ұйымдастырудың дамуы


Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өту жағдайында нарық механизмдерін, жаңа салық кодексінің әрекет етуін әрі қарай тереңдету салдарынан, салық жүйесінің түсінікті және тұрақты болуын қамтамасыз ету барысы салықтар мен алымдардың ролі мен мазмұнын күшейтті. Сол себепті кәсіпорындарға салықты салудың кейбір кемшіліктерін ашуға байланысты әрекеттеріміз де салық жүйесінің дұрыс бағытта дамуына өзінің оң әсерін тигізеді.

Ресейлік ғалым-экономистердің дұрыс айтқанындай “Кең таралған аралас экономика жүйесінде мемлекет қызметін төмендегідей үйлескен түрде көруге болады: үйрету, қорғау, реттеу, тұрақтандыратын, бақылайтын функциялар және де бұлар тұрақты экономикалық өсімді әлеуметтік тиімділікке байланысты түзетулер енгізілген соң қолдануға бағытталған”.

М. Б. Кенжегузин салықтық - бюджеттік реттеуді - мемлекет экономикасын реттеудің маңызды тетіктерінің бірі ретінде қарастырады. Бұл функциялар бағаларды либеризациялау үшін кең мүмкіндіктерді ашса, кәсіпорындардың қызметі және олардың экономикалық бостандығы болса, ведомстволық - бюрократиялық құрылымды қысқартса, экономикалық әдістердің, рычагтардың және мақсаттардың ролі күшейсе ерекше мазмұнға ие бола алады.

Нарық экономикасына көшудің алғашқы кезеңдерінде 1991-1995 жж. аралығында Қазақстан Республикасында басты ауыртпалық салық жүйесіне түсті, себебі салық жүйесі салықтық түсімдердің толық түсуін қамтамасыз ету, оларды жасырып қалушылықпен күресу, қажетті мемлекет бюджетінің қаражаттарының жиналымын тек өндірістік функцияларды жүсзеге асыру үшін ғана емес, экономиканы да, оның құрылымын да т. б. қайта құру үшін қамтамасыз ету керек болды. Ел алдында тұрған экономикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін, салық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қайта құру қажеттігі туындады.

Қайта құрудың негізгі алғышарттары экономикалық алдын-алулардан бастау алады, яғни, олар кәсіпорындарды салық кезеңінің қысқаруына, макроэкономикалық тұрақтылық бойынша мәселелерді жүзеге асыруға және республиканың одан әрі экономикалық өсуіне байланысты болды. Салық жүйесі реформалардың әлеуметтік алғышарттарын ескеруі тиіс - еңбекшілердің өмір сүруінің материалдық жағдайын жақсарту қажеттілігі, өмір сапасын жақсарту, өмір сапасын дұрыстау т. с. с. Өйткені, бұл факторлар кәсіпорынның пайдасының өсуінің, сол арқылы кәсіпорынды дамытудың немесе жаңа кәсіпорын ашу үшін қор жинаудың кепілі. Ол өз кезегінде бюджетке төленетін түсімнің өсуін де қамтамасыз етеді.

Көптеген ғалымдардың және практиктердің көзқарасынша “салықтар - мемлекеттік бюджетке төлейтін заңды және жеке тұлғалардың міндетті төлемдері”.

Салықтар бұл түсінік бойынша басты түрде фискалды функцияны орындайды. Қаражаттарды жинақтау функциясы салықтық реттеу, ынталандыру сияқты функцияларымен үйлесуі қажет дей отырып, Ф. С. Сейдахметова төмендегідей салықтық функцияларын көрсетеді:

-фискалды, яғни, оның көмегімен мемлекеттік ақша үшін материалды жағдайлар жасалынады. Атаулы функция арқылы мемлекет ұлттық түсім құнының белгілі бір бөлігін құрай отырып, экономикаға араласады;

-экономикалық - қайта құру кезеңіндегі қоғамдық өндіріске әсер етеді, яғни, оның даму ырғағын ынталандырады немесе бәсеңдетеді, капиталдың қорлануын күшейтеді немесе әлсіретеді, тұрғындардың төлеу қабілеті мен сұранысын ұлғайтады немесе шектейді;

-бақылау - мұның көмегімен салық жүйесін бақылауды қамтасыз етеді.

Салықтық бақылауды ұйымдастырудың дамуы соңғы жылдары салық заңдарының тұрақсыздығы салдарынан, салық комитеті жұмысын ұйымдастырудағы мәселелердің туындауынан, салық төлеушілердің салық жүйесіне деген теріс көзқарастарының әсерінен көп қиындықтарға тап болуда. Бұл өз кезегінде салықтық бақылауды ұйымдастыру және әрекет ету барысында көрініс беретіні анық. Бірақ соған қарамастан бүгінгі қоғамда салық түсімдерін бақылаудың мағынасы, оның экономика және қоғамның әлеуметтік салаларына әсері туралы салыстырмалы түрде бірқатар ойлар түюге, сонымен бірге оны әрі қарай дамыту қажет екендігін көруге болады.

Біздіңше, Б. Аймақовтың: “салық салу тәртібінің жүйелілігі, салықтардың тұрақтылығы мен бірыңғай заңның болуы салық төлеушіге мемлекет бюджетіне қанша және қашан төлеу қажет екендігін біліп отыруға мүмкіндік береді”, - деп айтқанымен келіспеуге болмайды.

Салықтық бақылау мемлекеттің фискалдық қызығушылығын жүзеге асыруға бағытталған, сондықтан да оның мағынасын біздің көзқарасымыз бойынша, бірінші кезекте мемлекеттің бұл ойы қаншалықты толық қанағаттандырылуда екендігін білу үшін қарастыруымыз керек.

Салықтық бақылау шаруашылық субъектілері мен жеке кәіпкерлердің әрекетіне әсер етеді. Салық заңдылықтарының талаптарына сай болу және айыппұл санкциясын төлемеу мақсатында олар есептерін тәртіпке келтіруге, есептің қарапайымдалған түріне өтуге мәжбүр болады, сонымен бірге бухгалтерлік есепті қаржылық және өндірістік етіп бөлу қажеттігін ұсынады. Мекеменің есеп-бухгалтерлік аппарат құрамынан салық төлеу бойынша жауапты білікті қызметкерлер немесе заң, экономика мәселелері, экономикалық талдау, бухгалтерлік есеп және тағы басқа да мәселелер бойынша мамандар бірігіп, тығыз жұмыс істейтін топтар бөлінеді.

Салық жүйесінің ерекшелігі, оның қоғамдық экономикалық, саяси және әлеуметтік мүддесінің жинақтылығы, мемлекет пен халық және барлық шаруашылық субъектілері арасындағы құқықтық қатынастарының тұрақты болуында. Салық органынының мемлекет өкілі ретінде кеңқұқықтылығы салықтық бақылау барысында анықталған салықтық құқықбұзушылыққа қаржылық және әкімшілік санкцияларды қолдану, ол туралы қоғамды хабардар етуді талап ету арқылы әрі салық төлеушіні тәрбиелеуге, олардың тек салық саласында емес, құқықтың басқа салаларында да құқықтық мәдениеттірек болуына мүмкіндік береді, әрі мемлекет алдындағы салықтық міндеттемелерін орындауға жауапкершіліктерін арттырады. Соның өзінде бүгінгі таңда салық органы тарапынан үкіметтік құжаттарды, жаңа бағдарламаларды қабылдау, оқу орындарына жаңа арнайы бағдарлама енгізу қажеттілігі туралы салық төлеушімен жұмыс істеу ойдағыдай орындалмай отыр. Бірақ бұл мәселелер күннен күнге өз шешімдерін тауып келе жатыр. Өйткені әрбір салық кодексіне енгізілетін өзгерістерді талқылауға салық төлеушілер де қатысады. Сонымен бірге салық органы қызметкері салық төлеушіге салық заңдылықтары бойынша сұрақтарына жауап беруге міндетті.

Сонда да болса салық жүйесіне әлі де болса көп өзгерістер енгізілетіні сөзсіз. Салық органы қызметкерлері салық төлеушімен байланысқа аз шығын кеткізу мақсатында әлі де болса көп жұмыстар жасаулары керек. Салық төлеушімен байланыстың азайтылуы, салық төлеуші, оның шын табысы, олардың сандық және сапалық құрамы, ақша айналыстары, потенциалды табысы туралы үлкен ақпараттық жүйе жасау, сол арқылы заң тыңдаушы салық төлеушілерді тәрбиелеу керек. Сол жұмыстардың бастапқы қадамы ретінде компьютерлік бағдарламаларды айтуға болады. Бұл бағдарламалардың жақсы жағы да, кемшіліктері де бар. Егер мұндай бағдарламалар жоғары дәрежеде жұмыс істейтін болса, салықтық бақылауды жүзеге асырудың тағы да бір саты жетілгендігі деп айтуымызға болар еді. Ал кемшілік жағына келер болсақ, бағдарламалар алдын-ала теориялық жағынан жеткілікті қарастырылмаған, сол себепті жұмыс барысында көптеген кемшіліктер байқалып отыр. Бұл жүйенің әр бөлігі бағдарлама-анықтамалық, техникалық, математикалық және әр түрлі сол сияқты бөлімдерден құралатын болғандықтан оларды игеру үшін айтарлықтай шығын кетеді. Және ол бағдарламалармен жұмыс істеу барысында байланыстың жөнді болмай қалуы, электро-энергия мәселелері, тағы басқа да техникалық қиындықтар кездесуде.

Салық органы мен салық төлеуші арасындағы тікелей байланыс салық төлеушінің салықтық міндеттемелерін өз уақытында орындауына және салықтық төлемдерді толық төлеуін ғана қамтамасыз етпейді, сонымен бірге салық заңдары бұзылғандығын түзету бойынша кеңес жасауға да мүмкіндік береді. Тікелей байланыс нысаны-салық төлеушілердің салықты тексеру нәтижелеріне шағымдарын қарау процесі, ол салық төлеушілер сияқты, салық органдарынның да салық заңдарын орындауын қамтамасыз етеді. Салық төлеушілердің шағымдарын қарау сапасына түрлі әдістерді, тәсілдерді қолдану және оларды жүзеге асыру жолдары арқылы қол жеткізіледі. Оған мыналарды жатқызуға болады:

-салық төлеушімен кездесуді өткізу;

-салық төлеушілердің салықты тексеру нәтижелеріне шағымдарын қарау бойынша Аппеляциялық Кеңестің мәжілісін өткізу;

-салық төлеушілердің шағымдарын қарау нәтижелері бойынша қорытынды жасау;

-қажет болуына қарай тиісті мемлекеттік органдарға, аумақтық салық органындарына және шағым берген салық төлеушілердің атына сұратулар жасау;

-үшінші тұлғалармен байланысты салық төлеушілердің жүргізген операцияларының салық есебінде дұрыс көрсетілуі туралы қосымша ақпарат алу үшін қарама-қарсы тексерулер жүргізу;

-қосымша және қайта тексеру жүргізу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы, ақша айналымы
Ақмола облысының салық департаменті жұмысы негізінде салықтардын түсімін және салықтық бақылаудың ұйымдастыруын талдау
Салық бақылауының жіктелуі
Салықтық бақылауды ұйымдастырудың экономикалық мазмұны
Салықтық бақылаудың тиімділігін арттыруды жетілдіру жолдары
Салықтық бақылауды ұйымдастыруды жетілдіру жолдары
Салықтық бақылауды ұйымдастырудың теориялық аспектілері
Салық жүйесінің реформасы
ҚР-ның салық жүйесі туралы
Салықтық бақылауды ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz