Қазақстандағы жер үшін төлемдер мен салықтарды реттеу: заңнамалық негіздер, кадастрлық бағалау және тарифтер


Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Жер үшін төленетін төлем. Жер кодексімен және ҚР 2001 жылғы 22-маусымдағы «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заңымен (Салық кодексі) реттеледі.

Салық кодексінің ерекше бөлімінде 59-62-баптарда осы Кодекспен белгіленген салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер көзделіп кеткен.

Салықтардың ішіне жер салығы және мүлікке салынатың салықтар енеді. Шаруа (фермер) қожалықтарына арнайы жер салықтары қолданылады.

Төлемдердің ішіне жер учаскесін пайдаланған үшін төленетін төлемдер және айырықша қорғалатын аумақтарды пайдаланған үшін төлемдер енеді.

Меншіктегі, тұрақты жер пайдаланудағы немесе бастапқы ақы сыз уақытша жер пайдаланудағы жер учаскелеріне Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жер салығы салынады.

Мемлекет уақытша ақылы пайдалануға (жалға) берген жер учаскелері үшін жер учаскесін пайдалану төлемақысы алынады.

Қазақстан Республикасының аумағындағы жер учаскесін басқа мемлекеттерге жалға берілген кезде жер учаскесін пайдалану төлемақысының мөлшері Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда айқындалады.

Жер учаскелерін мемлекеттік меншіктең жеке меншікке беру ақылы негізде, жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша ақысы бірден төленіп не төлеу мерзімін ұзартып сату арқылы жүргізіледі, бұған мына жағдайлар қосылмайды:

  1. Қазақстан Республикасының азаматтарына - тұрғын үй-жайлардың меншік иелеріне кондоминиум объектілеріндегі мінсіз үлесі ретінде;
  2. Қазақстан Республикасының азаматтарына белгіленген нормалар шегінде өзіндік үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылыстары үшін;
  3. ҚР Жер кодексінде және заң актілерінде көзделген өзге де жағдайларда, жер учаскесі ақысыз негізде берілетін жағдайлар.

Жер учаскесіне жеке меншік құқығын ақылы түрде беру ) сату) (бұдан әрі - жер учаскелері үшін төлемақы) немесе уақытша ақылы жер пайдалану құқығын ақылы түрде беру (сату) төлемақысы (бұдан әрі - жалдау құқығын сату төлемақысы) жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставқаларына түзету коэффициенттерін қолдану арқылы шығарылатын кадастрлық (бағалау) құны негізінде есептеледі.

Мемлекеттің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жеке меншікке сатқаннан түскен қаражат Ұлттық қорға аударылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен пайдаланылады.

Өзіндік үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бағбандық, жеке -"тұрғын үй және саяжай құрылысы үшін ақысыз" берілген жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда жер учаскесінің меншік иесі жеручаскесінің өзгерген нысаналы мақсаты үшін Қазақстан Республикасының заңында көзделген кадастрлық (бағалау) құнына тең болатын соманы жергілікті бюджеттің кірісіне төлеуге міндетті.

Мемлекеттік заттай гранттар түріндегі жер учаскелері мен жер пайдалану құқығы, инвесторға ҚР Жер кодексіне және Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдарына сәйкес беріледі.

Жер учаскесін заттай грант ретінде беру туралы атқарушы органның шешімі инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның шешімі негізінде қабылданады.

Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде, мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген кезде олар үшін төлемақының базалық ставқаларын, жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерін Қазақстан Республикасынын Үкіметі белгілейді. Бұл ретте жер учаскелерін пайдалану төлемақысының ставқалары жер салығы ставқаларынын мөлшерінен төмен белгіленбейді. Жалдау құқығын сату төлемақысы нақты жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына қарай сараланып белгіленеді.

Нақты жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган мемлекеттің жеке меншікке ақылы негізде беретін жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставқаларына сәйкес оған түзету (арттыратын немесе кемітетін коэффициенттерін қолдана отырып белгілейді және жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісімен рәсімдейді.

Елді мекендерде (кенттер мен селолық елді мекендерде), Республикалық маңызы бар Астана, Алматы қалаларының маңындағы аймақта, облыстық орталықтар мен демалыс аймақтарында орналасқан жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставқалары екі есе көбейтіледі.

Түзету коэффициенттері мен аймақтардың шеқаралары аудандық маңызы бар қалаларда, кенттер мен селолық елді мекендерде -аудандық атқарушы органның ұсынысы бойынша аудандық өкілді органның, ал облыстық маңызы бар қалаларда (Астана және Алматы қалаларында) облыстық (Астана және Алматы қалалық) атқарушы органның ұсынысы бойыша облыстық (Астана және Алматы қалалық) өкілді органның шешімімен бекітіледі. Бұл ретте арттыратын немесе кемітетін коэффициенттердің шекті (ең жоғары) мөлшері екі еседен аспауға тиіс.

Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншікке өзіндік үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бағбандық және саяжай құрылысы үшін тегін берудін белгіленген -нормаларынан артық берілетін қосымша жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құны бағаланатын учаскелерге неғұрлым жақын орналасқан елді мекендердің жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына негізделе отырып айқындалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы жер ресурстары: экономикалық, кадастрлық және геоэкологиялық бағалау мен пайдалану тиімділігі
Қазақстандағы жерді кадастрлық аймақтау, бағалау және жер салығын салудың ғылыми-әдістемелік негіздері
Жер салығы мен мемлекеттік жер берулеріндегі төлемдер: құқықтық негіздер, экономикалық әсері және аграрлық салық саясаты
Жер ресурстары мен жер рентасы: теориялық негіздер және Қазақстандағы жер мен жер қойнауын бағалау әдістемесі
Тараз қаласының жер учаскелерін кадастрлық бағалау: табиғи-климаттық негіздер мен 06-097-024-449 нөмірлі учаскенің есептік құны
Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін алып қою және ақшалай бағалау: құқықтық негіздер, бағалау тәртібі және сот тәжірибесі
Қазақстандағы монополияға қарсы саясат: заңнамалық негіздер мен реттеу әдістері
Қазақстан Республикасындағы жер құнын бағалау: кадастрлық тәртіп, экономикалық әдістер және тиімділік
Жер учаскесінің құнын бағалау: нормативтік, кадастрлық және нарықтық әдістер мен әсер ететін факторлар
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастры: даму тарихы, нысандары, құқықтық жағдайы және кадастрлық бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz