Салық түрлері. Акциздер


Салық түрлері. Акциздер
Жанама салықтар - жоғарыда атап өткеніміздей, бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салықтар, олар салық төлеушілердің табыстарына немесе мүлкіне тікелей байланысты емес. Оларды саналы пайдалану баға белгілеу процесіне онтайлы ықпал жасауы және тұтыну құрылымына әсер етуі мүмкін. Бұдан басқа, салық телеушілер үшін табыстарға тура салық салудың өсуінен гөрі олардың шығыстарына салық салудың өсуі жақсырақ. Сонымен бірге тұтынуға салынатын салықтар болып табылатын акциздерді, сатудан алынатын салықты, қосылған құнға салынатын салықты пайдаланудың көбірек артықшылығы болады, өйткені, олардан жалтарыну қиынырақ; олармен экономикалық бұзушылық аз байланысты; олар еңбекке деген ынталандырмаларды аз қысқартады; тапшылықтың жоқтығы жағдайында, ауыстырушы тауарға да тапшылықтың жоқтығын қоса олар тұтынушыға таңдау құқығын сақтап қалады; салықтардың жасырымдылығын қамтамасыз етеді жәнс т. с. с.
Алайда тұтынуға салынатын салық өсуінің кемшіліктері де бар, бұл кемшіліктерге олардың инфляциялық және регрсссивтік сипатын жатқызуға болады. Бірақ бұл салықтардың оң нәтижесі олардың теріс әсерін жауып кетеді. Егер баға өсетін болса, сонымен бірге бюджет шығыстары да өсетін болса, онда бұл салықтардан түсетін түсімдер бағаның осуімен көбсйетін болады. Бұл өлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға қаражаттар алуға мүмкіңдік береді. Бюджет жүйесіне инфляцияға қарсы автоматты механизм кіріктірілетін болды. Салық салу жүйесіне ортақ заңцылықтың болатынын есте ұстау қажет: экономиканың дағдарысы жағдайында, тұралаушылықта - өндірістегі, саудадағы және экономиканың басқа секторларындағы тоқырауда - салық салуды тұтынысқа объективті қайта бағдарлау болады. Осы кезде мемлекеттің шығыстары мұндай жағдайда қыс-қармайды, тіпті кейде халықтың жұмыспен қамтылуының төмендеуінің нәтижесінде оны әлеуметгік қолдауды кеңейту, экономиканың құрылымын қайта құруға, оның тіршілікті қамтамасыз ететін салаларын қолдауға жұмсалатын шығыстарды және басқа кезек күттірмейтін шығыстарды артгыру қажеттілігінен көбейеді. Сондықтан салық ауыртпалығын көп тұтынатындарға ауыстырудың қажеттігі пайда болады. Бөлгіштік процестегі белгілі бір теңестіруге жанама салықтардың өзіндік әлеуметгік бағыттылығы осыңда көрінеді. Дүниежүзілік тәжірибе мұндай практиканы қолдап отырады.
Жанама салықтардың ішіндегі ең маңыздысы 1992 жылы енгізілген қосылған құнға салынатын салық - ҚҚС болып табылады. Салық төлеуші мемлекетке оны төлеу нәтижесінде шеккен шығысының орнын бағаны көтеру жолымен толықтырады және салықты төлеуді сатып алушыға аударады. Салық, салу объектісі материалдық шығындарсыз өндірілген өнім (амортизациясы бар таза өнім) болып саналатын қосылған құн болып табылады: қосылған өнімге кешенді шығыстар, мысалы, жарнамаға жұмсалатын және басқа бірқатар шығындар кіріктірілуі мүмкін.
Демек, бұл салықтың ерекшелігі - оның салық салынатын объектісі сатудан (өткізуден) түскен бүкіл түсім-ақша емес, тек салық салынатын айналым мен салық салынатын импортты қамтитын қосылған құн болып табылатындығында. ҚҚС дүние жүзінің 40-тан астам елдерінде, соның ішінде Еуропа экономикалық одағының 17 елінде пайдаланылады. Бұл салықтың артықшылығы мынада: біріншіден ол жаңа құн жасалынған орын бойынша салық төлеушілердің үлкен тобынан алынады; екіншіден, төлеушілер үшін де есептеудің салыстырмалы қарапайымдылығымен ерекшеленеді және үшіншіден, бағалардың өзгеруіне, төлеушінің қаржылық ахуалына, инфляция деңгейіне қарамастан мемлекет бюджетінің кірістерін қалыптастырудың сенімді және тұрақты базасын қамтамасыз етеді. ҚҚС қазіргі кезде Қазақстан Республикасының бюджет кірістсрінің аса маңызды көздерінің бірі болып саналады. Мемлекеттік бюджет кірістерінің жалпы сомасында бұл төлемнің үлес салмағы 27, 1% кұрады.
Салық салынатын импорт бойынша ҚҚС мөлшерлемесі салық салынатын импорт мөлшерінің 15 пайызына тең болады. Салық салынатын импорт мөлшеріне кеден заңнамасьша сәйкес бслгіленстін импортталатын тауарлардың кедендік құны, сондай-ақ ҚҚС-ты қоспағанда Қазақстан Республикасына тауарлар импорты кезіндс салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасы кіріктіріледі.
Жеке тұлғалар оңайлатылған тәртіппен өткізілетін тауарлар импорты кезінде ҚҚС жиынтық кеден төлемінің құрамында төлей алады, оның мөлшері Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес анықталады.
Жанама салықтар арасындағы фискалдық маңызы жағынан екіншісі кеден төлемдері - әкелім, әкетілім, сондай-ақ транзит тауарларынан, заттары мен қызметтер көрсетуден, өндіріліп алынатын баждар мен алымдар болып табылады.
Жанама салықтардың үшінші тобына акциздер кіреді. Бюджет кірістеріндегі салықтың түсімдерінде олар 2, 7% құрайды.
Акциздер - бағаға қосылатын және сатып алушы төлейтін тауарларға салынатын салық. Акциздерді өзінің айрықшалықты ерекшеліктеріне қарай монополды түрде жоғары бағалары мен тұрақты сұранымы болатын тауарларды өндірушулер төлейді. Акциздер көрсетілген қызметтерге де салынуы мүмкін, бұл орайда салық сомасы тарифке кіріктіріледі.
Акциздер әмбебаптық және жеке-дара акциздер болып бөлінеді. Әмбебаптық акциздер тауарлар мен қызметтердің құнына пайызбен жалпы айналымнан өндіріледі; оларға сатудан алынатын, айналымдардан алынатын салықтарды жатқызуға болады. Жеке-дара ащиздер айтарлықтай көп болуы мүмкін. Мәселен, акциздер Қазақстан Рсспубликасының аумағында өндірілген және оның аумағына импортталатын мына тауарларға, акцизделетін тауарлар мен қызмет түрлеріне салынады: спирттің барлық түрлері, алкоголь өнімі, темекі бұйымдары, құрамында темекі бар басқа өнімдер, бекіре мен қызыл балық уылдырығы, алтыннан, платинадан немесе күмістен жасалған зергерлік бұйымдар, бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны, жеңіл автомобильдер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын автомобильдерден басқасы), атыс және газ қарулары (мемлекеттік билік органдарының қажеттіліктері үшін алынғандардан басқасы), шикі мұнай (газ конденсатын қоса), ойын бизнесі, лотореяны ұйымдастыру және өткізу.
Сөйтіп, тізбенің едәуір бөлігін ең қажетті заттарға жатпайтын тауарлар мен өнімдер қамтып отыр. Акцизделетін тауарлардың тізбесі де олардың мөлшерлемесі сияқты өзгеріп отыруы мүмкін, мұның өзі кейбір тауарларды тұтынуды реттеудің қажеттігімен және мемлекеттің ағымдағы фискалдық саясатымен айқындалады.
Акциз мөлшерлемелерін Үкімет бекітеді және тауар құнына пайызбен (адвалорлық) және (немесе) заттық нысандағы өлшем бірлігіне абсолютгік сомада (тұрлаулы) белгіленеді. Алкоголь өніміне акциз мөлшерлемелері жоғарыдағыға сәйкес не одан су араластырылмаған (жүз пайыздық) таза спирттің болу көлеміне қарай бекітіледі. Спирттің барлық түрлеріне акциз мөлшерлемелері спирттің бұдан әрі пайдаланылу мақсаттарына орай сараланады. Алкоголь өнімдерін өндіру үшін өткізілетін спиртке акциз мөлшерлемесі алкоголь өнімдерін өндіру үшін пайдаланбайтын адамдарға өткізілетін спиртке белгіленетін базалық мөлшерлемеден төмен белгіленуі мүмкін.
Ойын бизнесі объектілеріне акциздің базалық мөлшерлемесінің ең жоғары және ең төмен шектерін Үкімет бір жылға есептеп белгілейді. Жергілікті өкілді органдар ойын бизнесі объектілеріне белгіленген базалық мөлшерлемелер шегінде қызметін бір әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жүзеге асыратын барлык салық төлеушілер үшін бірыңғай акциз мөлшерлемесін белгілейді.
Қазақстанда өндірілетін тауарларға, қызметтерге акциз салығын салу объектілері республика аумағында акцизделетін тауарларды өткізу немссе оларды алыс-беріс негізінде ұқсатуға беру, көрсетілетін қызметтерді, акцизделетін қызметті жүзегс асыру опсрациялары болып табылады, импорт кезінде импортталатын акциз тауарларының көлемі (оларға қатысты акциздердің тұрлаулы акциздері белгіленген) немесе тауардын, кедендік құны болып табылады.
Қазақстан Республикасы аумағында өткізілетін алкоголь өнімі мен темекі бұйымдары акциздерді жинаудың толықтығын қамтамасыз ету және оның аумағында жасырын әкелу, өндіру және өткізуді болдырмау мақсатында міңдетті түрде таңбалауға жатады.
Корпорациялық табыс салығы бюджет түсімдеріндс едәуір орын алады (27, 2%) . Бұл салықты Ұлттық банк пен мемлекеттік мекемелерді қоспағанда Қазақстан Республикасы резидент-заңи тұлғалары, сондай-ақ Қазақстанда қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе республикадағы көздердсн табыс алатын бей резидснт-заңи тұлғалар төлейді. Арнаулы салық режімін қолданушы заңи тұлғалар - шағын бизнестің субъектілері, шаруа (фермерлік) қожалықтары, заңи тұлға - ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері корпорациялық табыс салығын төлейді.
Корпорациялық табыс салығын салу механизмі заңи тұлғалар салықты есептеу, төлеу төртібін, алу шарттарын, жеңілдіктер мен санкцияларды, төлеу уақытын айқындайды.
Негізгі шектерде бұл механизм заңнамаға сәйкес мынаған саяды. Салықты табыс алатын заңи тұлғалар, резиденттер мен бей-резиденттер, соның ішінде кәсіпкерлік қызметтен алатын табыстары бойынша коммерциялық емес ұйымдар да, бюджет ұйымдары да төлейді.
Салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыс пен Салық кодексіне сәйкес жасалған түзетулерді ескере отырып, заңнамалы түрде белгіленген шегерімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады. Жылдық жиынтық табыс салық заңнамасына сәйкес түзетулерге тиіс.
Резидент-заңи тұлғаның жиынтық жылдық табысы салық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасы мен одан тыс жерлерден алынуға тиіс (алынған) табыстардан тұрады. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бей-резидент-заңи тұлғаның жылдық жиынтық табысы салық заңнамасына сәйкес анықталады, оған тұрақты мекеменің қызметіне байланысты табыстардың барлық түрлері жатады.
Жеке табыс салығы , бұл төлем бойынша қаражаттардың түсімі (2001ж. дейін - жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы) барлық салық төлемдерінің 0, 9% алады.
Салық салу объектілері бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушілер болып есептеледі. Салық салу объектісі төлем көзінен салық салынатын табыстар және төлем көзінен салынбайтын табыстар болып табылады.
Дивидендтер, сыйақылар мен ұтыстар түріндегі табыстарға 15% мөлшерлеме, адвокаттардың және нотариустардың табыстарына 10% мөлшерлеме бойынша салық салынады. Төлем көзінен салық салынатын табыстарга мыналар жатады:
қызметкердің табысы;
біржолғы төлемдерден алынған табыс;
жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілетін зейнетақы төлемдері;
дивиденттер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс;
стипендиялар;
жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс.
Жер қойнауын пайдаланушылардыц салықтары мен арнаулы төлемдері , Қазақстан Республикасының салық жүйесінде табиғи ресурс-тарды, пайдалы қазбаларды, жер қойнауын пайдалануға байланысты бірқатар төлемдер бар, оларды шартты түрде салықтық сипаты бар табиғи ресурстар үшін төленетін төлемдер ретінде бір топқа біріктіруіге болады. Оларға ү стеме пайдаға салынатын салық, жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері, су үшін төленетін төлем, орманды пайдаланғаны үшін тәлем (орман табысы) және басқалары жатады. Аталған төлемдер негізінен ренталық сипатта болады, өйткені олардың пайда болуы мен мөлшерлемелерінің шамасы шығарылатын және шаруашылық қызметте пайдаланатын материалды, шикізатты, минералды ресурстарды алу, тұтыну, олардың сапасы табиғат факторларымен байланысты болады.
Техногендік минералды құралымдардан пайдалы қазбалар алуды қоса, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндсгі операцияларды жүзеге асыратын заңи және жеке тұлғалар жер қойнауын пайдаланушылардың үстеме пайдаға салынатын салығы мен арнаулы төлемдерді төлеушілер болып табылады.
Жер қойнауын паңдаланушылар үшін белгіленетін салық режімі тек қана Қазақстан Республикасының үкіметі белгілеген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға жасалатын келісімшартта айқындалады.
Келісімшарттардың нсгізгі түрлеріне қарай жер қойнауын пайдаланушыларға салық салудың екі үлгісі белгіленген:
бірінші үлгі жер қойнауын пайдаланушының Салық кодексінде көзделген салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлерін төлеуін көздейді;
екінші үлгі жер қойнауын пайдаланушының өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін төлеуін (беруін), сондай-ақ салық заңнамасында көзделген салықтар мен басқа да міндетті төлемдсрдің барлық түрлерін төлеуін көздсйді, оларға шикі мұнай мен басқа да пайдалы қазбаларға салынатын акциз, үстеме пайдаға салынатын салық, жер салығы, мүлікке салынатын салық қосылмайды.
Әлеуметтік салық - мемлекетте алынатын салықтардың бірі. Ол 1999 жылдан бері бұған дейін қолданылып келген өлеуметтік қорларға: зейнетақы, мемлекеттік әлеуметгік сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру, халықты жүмыспен қамту қорларына аударылатын сақтық жарналары аударымдарының орнына енгізілген. Аударымдардың жиынтық мөлшерлемесі еңбекке ақы төлеу қорының 28% мөлшерінде белгіленеді, ал төленетін жарналардың сомасы өндіріс шығындарына жатқызылады.
Әлеуметтік салықтан түсетін түсімдер мемлекеттік бюджетке 15, 7% алады.
Қазақстан Республикасының резидент-заңи тұлғалары, шетелдік заңи тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері, сондай-ақ Қазақстанда қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар әлеуметтік салық төлеушілер болып табылады.
Жұмыс беруші материалдық, әлеуметтік игіліктер немесе өзгеде материалдық пайда түрінде берген табыстарды қоса алғанда, жұмыс беруші төлейтін ақша немесе заттай нысандағы кез келген табыстар, сондай-ақ өтемді қызметтер көрсету шарттары бойынша жеке тұлғаларға төлемдер (жеке көсіпкерлерге төлемдерді қоспағанда) түріндегі оның қызметкерлерге төлейтін шығыстары резидент-заңи тұлғалар, сондай-ақ Қазақстанда қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейре-зиденттер, заңи тұлғаның қүрылымдық бөлімшелері үшін әлеуметтік салық салудың объектісі, ал жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар үшін олардың өздерін қоса алғанда, қызметкерлер саны бұл салық салудың объектісі болып табылады. Мемлекеттік мекемелердің есепті айға есептелген әлеуметтік салық сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүктілігі мен босануына, жұмысқа уақытша жарамсыздығына байланысты бөлінстін әлеуметті кжәрдемақылар, ұлбала немесе қызбала асырап алған әйелдерге (еркектерге) төленетін әлеуметтік жәрдемақылар сомасына түзетіледі. Жоғарыда аталған әлеуметтік жәрдемақылардың төленген сомасы есепті айда ессптелген әлеуметтік салық сомасынан асып кеткен жағдайда асып кеткен сома келесі айға ауыстырылады.
Әлеуметтік салықты төлеу салық телеушінің тіркеу есебіне алынған жері бойынша есепті айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірілмей жүргізіледі.
Патент және оңайлатылған мағлұмдама негізінде арнаулы салық режімдерін қолданатын шағын бизнес субъектілері - заңи тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер әлеуметтік салықты төлеуді салық салудың осы тәртібімен қарастырылған басқа салықтармен жиынтық сома түрінде жүргізеді.
Меншікке салынатын салықтар нарықтық экономика жағдайында мемлекет иелігінен алу үшін және жекешелендіру процесінің дамуына қарай меншік қатынастарындағы нақтылы өзгерістермен байланысты едәуір орын алады. Меншікке салынатын салықтарға жер салығы, мүліккс салынатын салық, көлік құралдарына салынатын салық жатады. Меншікке салынатын салықтар негізінен жергілікті бюджеттерге есептеледі.
Салықтардың мелшерлемелері меншіктің табыстылығы бойынша емес, сыртқы нышандар - меншіктің мөлшерлері бойынша бслгіленетіндіктен фискалдық мақсаттан басқа салықтардың меншікті пайдаланудың тиімділігін көтермелеу мақсаты бар.
Меншікке салынатын салықтар қоғам алдындағы салықтық жауаптылықты біркелкі етіп бөлуге мүмкіндік береді. Мұның әсіресе жер салығына, мүлікке салынатын салыққа қатысы бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz