Салыстырмалы педагогика ғылым ретінде



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Салыстырмалы педагогика ғылым ретінде.
Жоспары: 1. Салыстырмалы педагогика ғылымының пайда болуы және дамуы.
2. Салыстырмалы педагогика пәні және объектісі.
3. Салыстырмалы педагогика міндеттері мен функциясы.
4. Салыстырмалы педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы.

Лекция мақсаты: Салыстырмалы педагогиканың ғылым ретінде пайда болуы мен
дамуы, пәні мен объектісі, міндеттері мен функциясы және басқа ғылымдармен
байланысы туралы мағлұмат беру.

Лекция мәтіні (қысқаша).
1. Салыстырмалы педагогика ғылымының пайда болуы және дамуы.
Басқа елдерде өскелең ұрпақты қалай оқытатыны туралы қызығушылық
ежелгі кезден-ақ байқалған. Грек тарихшысы Геродот Вавилон мен Мысырдағы
бала тәрбиелеу туралы жазса, Римдік тарихшы Тацит ежелгі германдықтардың
тәрбиелеу ерекшеліктері туралы жазба қалдырған. Сол кездерден бастап-ақ
бала тәрбиелеуде көрші елдердің жақсы тәжірибелерін алуға тырысқан. Мысалы,
Платон спартандық тәрбиенің кейбір әдістерін өзі туған Афиныда қолдануға
болатынын, ал Ксенофонт парсы ақсүйектерінің тәрбиесін сипаттай отырып,
бұдан грек жастарының мінез-құлқын қалыптастыруда тәжірибе алуға кеңес
берді.
XVIII ғасырдың аяғы – XIX ғасырдың басы Европада педагогикалық ойдың
дамуының маңызды кезеңі болды. Оқытудың белл-ланкастерлік жүйесі,
Песталоццидің педагогикасы, Руссоның еркін тәрбие теориясы, Канттың
адамгершілік тәрбие туралы постулаттары тек өз елдерінде ғана емес,
жалпыевропалық сипат алды.
Осының бәрі шет елдердегі педагогикалық тәжірибеге, білім беру
проблемаларын салыстыруға деген қызығушылықты туғызды. Осылайша жаңа ғылым-
салыстырмалы педагогиканың пайда болуына объективті алғышарттар жасалды.
Ғылымның негізін салушы М.А.Жюльен Парижский (1775-1848) 1817 жылы ең
алғашқы рет салыстырмалы педагогика деген терминді енгізді. Оның ойынша,
салыстырмалы педагогиканың негізгі міндеті- әлемдік масштабта неғұрлым
мықты білім беру жүйесін құру мақсатында әр елдердегі педагогикалық
тәжірибені салыстыра отырып зерттеу.
Ресейде шетелдердің білім беру жүйесін зерттеу К.Д.Ушинскийден
басталады. Оның Қоғамдық тәрбиенің халықтығы туралы (1857) еңбегінде
Францияның, Англияның, Германияның және Солтүстік Американың халықтық білім
беру ісі туралы айтылады.
XIX ғасырдың 60-жылдарында Педагогикалық жинақ журналында көптеген
мазмұнды жұмыстар жарияланды:
Батыс елдерінің мектептері мен университеттері туралы материалдар
Бастауыш мектеп, Мұғалім, Тәрбиеге арналған журнал, Халық ағарту
Министрлігінің журналы деген баспаларда үнемі жарияланып отырды.
Салыстырмалы педагогиканың жеке ғылымға айналуы XX ғасырдың 20-
жылдарынан басталады. Бұл кезеңде әлемнің түрлі елдерінде білім берудің
теориясы мен практикасын дамыту туралы мәлімет беретін фактілер мен
құбылыстарды жүйелеу және жалпылау негізгі функциясы болып табылатын
алғашқы халықаралық және ұлттық ғылыми, ақпараттық мекемелер құрыла
бастайды. Осы мекемелердің ішінде 1925 жылы Женевада танымал швейцар
педагогы Э.Клапаред негізін салған Халықаралық ағарту бюросы маңызды роль
атқарды. ХАБ түрлі елдердегі ағарту және ғылыми-педагогикалық мекемелермен
байланыс орнатты, халықаралық конференциялар, педагогтар мен ағарту
қайраткерлерінің шетелдік жолсапарын ұйымдастырды. Бюроны көп жылдар бойы
атақты психолог Ж.Пиаже басқарды.
2. Салыстырмалы педагогиканың объектісі:
- қазіргі заманғы білім берудің дамуы;
- әлемнің әр түрлі елдеріндегі педагогикалық теория мен практика;
- қазіргі заманғы білім беру мен тәрбие.
Салыстырмалы педагогиканың пәні:
- әлемнің әр түрлі елдеріндегі білім беруді дамытудың негізгі
тенденциялары мен заңдылықтары, жағдайы; халықаралық педагогикалық
тәжірибенің оң және теріс аспектілері, ұлттық және аймақтық ерекшеліктер
арақатынасы, ұлттық педагогикалық мәдениетті байытудың формалары мен
әдістері (Б.Л.Вульфсон, З.А.Малькова);
- мәдениеті түрлі елдердің тәрбиесі мен білім беруін, мектеп және
педагогикалық тәжірибесін салыстыру және жалпылау (А.Н.Джуринский).
3. Салыстырмалы педагогиканың негізгі функциялары:
- түрлі елдер мен аймақтардағы білім беру мен тәрбиенің даму
жағдайын, заңдылықтары мен тенденцияларын салыстырмалы түрде
талдау;
- жалпы тенденциялар мен ұлттық ерекшеліктердің арақатынасын ашу;
- халықаралық педагогикалық тәжірибенің түрлі (оң және теріс)
аспектілерін, ұлттық педагогикалық мәдениетті байытудың формалары
мен әдістерін анықтау;
- мектеп пен педагогиканың дамуын болжау.
Салыстырмалы педагогиканың міндеттері:
- педагогикалық тәжірибелер мен мектеп практикаларын салыстыру;
- осының негізінде универсалды сипаттағы теориялық қатынасты
қалыптастыру.
4. Салыстырмалы педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы
Салыстырмалы педагогика мына ғылымдармен байланысты:
- білім беру философиясы;
- педагогика тарихы;
- тәрбие мен білім берудің теориясы;
- мектептану;
- білім берудің экономикасы мен социологиясы;
- демография және т.б.

Бақылау сұрақтары:
1. Cалыстырмалы педагогика ғылымының пайда болуына ықпал еткен объективті
алғышарттар.
2. Батыс Европа елдерінде салыстырмалы педагогика мәселелері туралы жарық
көрген маңызды еңбектер.
3. Салыстырмалы педагогиканың объектісі және пәні.
4. Салыстырмалы педагогиканың негізгі функциялары және міндеттері.
5. Салыстырмалы педагогиканың негізгі категориялары.

2-лекция. Тақырыбы: Салыстырмалы педагогикалық зерттеулердің әдістері.
Жоспары:
1. Салыстырмалы педагогикалық зерттеу әдістерінің сипаттамасы.
2. Салыстырмалы педагогиканың методологиялық принциптері.
3. Салыстырмалы педагогика зерттеулерінің тәсілдері.

Лекция мақсаты: Салыстырмалы педагогикалық зерттеу әдістері, тәсілдері және
методологиялық принциптері туралы мағлұмат беру.

Лекция мәтіні (қысқаша).
Салыстырмалы педагогиканың толып жатқан ғылыми мәселелерін шешуге,
құбылыстарды зерттеуге бағытталған тәсіл мен амалдардың жиынтығы
салыстырмалы педагогикалық зерттеулердің әдістері болып табылады. СП
зерттеулерінің негізгі әдістерінің классификациясы:
Проблемалық әдістер (Б.Холмс):
1. Мәселені талдау.
2. Болжам жасау.
3. Тарихи жағдайды анықтау.
4. Болуы ықтимал нәтижені алдын-ала болжау.
5. Күтілген нәтижені бақыланған құбылыспен салыстыру.
Тарихи әдістер (У.Брикман, Р.Хавигхерст):
1.Ұлттық білім беру жүйесінің пайда болуы мен қалыптасуы.
2. Білім берудің дамуындағы негізгі дәстүрлер.
3. Білім беру жүйесінің құрылымы және белгілі тарихи кезеңде оның
өзгеруі.
4. Білім беру саласындағы мемлекет саясаты.
5. Дамудың негізгі мәселелері мен тенденциялары.
Әлеуметтік әдістер (У.Брикман, Р.Хавигхерст):
1. Білім беру жүйесінің әлеуметтік сипатына баға беру.
2. Әлеуметтік даму тұрғысынан оқыту мен тәрбиелеудің мақсатын,
міндеттерін, мазмұнын және әдістерін талдау.
Анықтамалық әдістер (М.А.Соколова, Е.Н.Кузьмина, М.Л.Родионов):
1. Талдау.
2. Синтез (жинақтау).
3. Абстракция.
4. Қорыту.
5. Индукция.
6. Дедукция.
Салыстырмалы педагогикалық әдістер (Д.Ж.Бередей):
1. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат.
2. Оқу-тәрбие мекемелерінің құрылымы және түрлері.
3. Оқу жоспарлары және бағдарламалары
4. Мұғалімдерді даярлау және олардың материалдық жағдайы.
Статистикалық әдістер (Г.Ноа, М.Экстейн):
1. Мемлекеттік, жекеменшік оқу орындарының және олардағы оқушылардың
ара-қатынасы.
2. Оқушылардың әлеуметтік құрамы
3. Оқушылардың саны, қамту проценті.
4. Оқыту сатысына сай оқу орындарының саны.
5. Сауатсыздықтың және функциональды сауатсыздықтың проценті.
Салыстырмалы педагогиканың методологиялық принциптері.
А.М.Столяренко салыстырмалы педагогиканың бірнеше методологиялық
принциптерін ұсынды:шындық, жинақтылық,жүйелік,нақты тарихи талап,
педагогикалық тәжірбиенің қайшылығы. Біздіңше, алғашқы үшеуі- негізгі
принциптер де, төртіншісі салыстырмалы педагогикалық зерттеудің тәсілі
болып табылады, ал соңғысының дүниежүзілік педагогикалық тәжірирбенің
негізгі екендігінде талас жоқ.
Шындық. Шындық принциптерінің талаптары:
- әр фактіні бірнеше әдіспен тексеру;
- эксперименттік немесе тәжірибелік жұмыстың барысында алынған
әрбір материалды, фактіні анықтап,қайта тексеріп отыру;
- эксперименттің қортындысында жағымды нәтижелерді анықтап
қоймай,жағымсыз нәтижелерді де анықтап отыру (ғылым үшін оның
екеуі де маңызды);
- өз зерттеуінің мәліметтерін басқа зерттеушілердің нәтижелерімен
салыстыру, зерттеліп отырған құбылыс немесе сападағы ұқсастық
пен айырмашылықтарды анықтау;
- салыстыру арқылы ғылыми мәліметтерді анықтау (зерттеліп отырған
құбылысқа, процеске, сапаға салыстырмалы сипаттама беру);
- алынған ғылыми мәліметке субъективтік әсер ететін
зеттеушініңкөңіл күйі, сезімі, ұнату немесе ұнатпауы үнемі
бақылауда болуы қажет...
Жинақтылық. Мәселені зерттеудегі жинақтылық принциптерінің
талаптары:
- зерттеуде бірнеше міндеті қойылуына орай педагогикалық құбылысты
зерттеуге көп мақсатты талап қойылуы (құбылыстың мәні, қозғаушы
күштер, ішкі факторлар, сыртқы жағдайлар, осыған байланысты
құбылысқа педагогикалық басшылық жасау);
- зерттелетін құбылыс пен процестің басқалармен байланысын
мүмкіндігінше кеңірек қамту және соның негізгілерін анықтау;
- зерттеу жұмысын жүргізуді сырттан болатын барлық әсерлерді
ескеру, педагогикалық процеске жағымсыз әсер ететін барлық әсер
ететін кездейсоқ жайларды болдырмау;
- әрбір педагогикалық фактіні әртүрлі зерттеу әдістері арқылы сан
рет тексеру, алынған мәліметті үнемі тексеру және анықтау;
- зерттеуде алынған нәтижені философиялы, қисындық және
психологиялық- педагогикалық талдау;
Жүйелік. Зерттелген организмді (мәселені) оның жекелеген
бөліктерімен және оны қоршаған ортамен өзара байланысын қоса тұтас
қарастыру.
Салыстырмалы педагогика зерттеулерінің тәсілдері
Дүние жүзіндегі білім беру жүйесінің сан алуандығы, педагогикалық
тәжірибенің қарама-қайшылығы, тәрбие және білім беру мәселелері жөнінде
ғылыми мектеп тұжырымдамасы теориясы, әр түрлі бағыттарының көптігі
салыстырмалы педагогикалық зерттеулер жүргізуде толып жатқан методологиялық
тәсілдердің қолданылуына негіз болып отыр. Оның үстіне әр зерттеуші
зерттелетін мәселеге өз еліндегі білім беру ісінің және салыстырмалы
педагогикалық даму дәрежесіне сай өз көзқарасын енгізеді. Салыстырмалы
педагогикалық зерттеулерді жүргізуде дүниежүзілік тәжірибеде қалыптасқан
негізгі методологиялық тәсілдерді қарастыралық.
Елтану тәсілі жеке бір немесе бірнеше шетелдің білім беру жүйесін
зерттеуді қамтиды. Зерттеуші шындықты бұлжытпай, болған жайды жинақтап
қорыту арқылы соның өзіндік фортографиялық бейнесін жасауды жоспарлайды.
Мүмкіндігінше оның дәл суретін беру кейінгі кезеңде алынған нәтиженің
айқын болуына негіз қалайды.
Индукциялық тәсіл (жекеден жалпыға қарай) салыстырмалы педагогикалық
зерттеуді деректерді жинаудан бастап, оны жүйелеп талдау және оған
теориялық түсініктеме беру болып табылады.
Дедукциялық тәсіл (жалпыдан жекеге қарай) – мәселені талдау, болжам
жасау және соны дәлелдейтін немесе жоққа шығаратын деректер жинауды
білдіреді.
Социологиялық тәсіл (білім берудің қоғамдағы орны) – қазіргі
әлеуметтік инфрақұрылымдағы білім беру жүйесінің алатын орнын, білімнің
қоғамдық өмірдің басқа салаларымен байланыс нысандарын анықтайды.
Экономикалық тәсіл (білім берудің экономикасы) білім беру жүйесі
дамуының экономикалық жайын: ғылыми техникалық прогресс және экономика
маман жұмыс үшін толтыру; білім беруге қаражат жұмсаудың сандық мөлшері,
ұлттық табыс және мемлекеттік қаржының төлену бөлігі; табыс көздері,
білім берудің тиімділігін есебі және т.б.- анықтайды.
Тарихи тәсіл білім берудің бір елде, сол сияқты бір аймақта немесе
дүние жүзінде дамуына тарихи талдау жасаудың өте қажеттілігін білдіреді.
Компаративист үшін тарихи зерттеу қазіргі белгілі құбылысттың түп тамырын
анықтау, терең түсіну үшін қажет.Құрлыстың хронологиялық шегін анықтау
белгілі шамамен ғана мөлшерленеді. Өткен мен бүгінгінің шегі тез өзгеріске
түседі, көбінесе білім берудің дамуының жаңа кезеңі қарастырылады. Кей
жағдайда жаңа тенденциялар оларға жан-жақты және объективті талдау жасауға
мүмкіндік беретіндей денгейде қолданылмай жатады. Ондай жағдайда белгілі
мәселеге өткенді шолу өте пайдалы болады.
Этномәдени тәсіл халыққа білім берудің, мәдениеттің жеке елде,
аймақта немесе жалпы дүние жүзінде дамуының жалпы заңдылықтары мен қатар
ұлттық ерекшеліктерінде анықтауды көздейді.
Бақылау сұрақтары:
1. Салыстырмалы педагогикалық зерттеу әдістері.
2. Салыстырмалы педагогиканың методологиялық принциптері.
3. Салыстырмалы педагогика зерттеулерінің тәсілдерін сипаттаңыз.

Әдебиеттер:

1. Кочетов А.И. Культура педагогического исследования. Минск, 1996.
2. Соколова М.А., Кузьмина Е.Н., Родионов М.Л. Сравнительная педагогика.
М., 1978.
3. Нұрғалиева Г.Қ., Құсайынов А.Қ., Мусин Қ.С. Салыстырмалы педагогика. А,
1999.
4. Белканов Н. Введение в сравнительную педагогику: Учебное пособие. А,
1994.
5. Кочетов А.И. Педагогическое исследование. Рязань, 1975.

3-лекция. Тақырыбы: Жапонияның білім беру жүйесі.
Жоспары: 1.Мектепте білім беру жүйесі.
2.Кәсіби білім беру.
3.Жоғары білім беру жүйесі.

Лекция мақсаты: Жапонияның білім беру жүйесін сипаттап, ерекшеліктері
туралы пікір таластыру.
Лекция мәтіні (қысқаша). 1.Мектепте білім беру жүйесі.
Мектептегі оқу 12 жыл және соның жартысын, яғни 6 жылын бастауыш
мектепте оқиды, өйткені ана тілін меңгеру өте қиын және күрделі. Бастауыш
мектеп - 6 жылдық, 6-12 жастағы балалар үшін міндетті.
Бастауыш мектептің оқу жоспарында мынадай пәндер енген: ана тілі,
қоғамтану, жаратылыстану, мораль, математика, музыка, бейнелеу өнері, қол
еңбегі, дене шынықтыру.
Апталық жүктеме – 24-29 сағат.
Орта мектеп 2 басқыштан тұрады:
- төменгі орта мектеп;
- жоғары орта мектеп
6 жылдық бастауыш мектептен кейін оқушылар 3 жылдық төменгі орта
мектепте оқиды. Төменгі орта мектеп жоспары міндетті және оқушылардың
өздері таңдайтын пәндерден жасалады. Міндетті пәндер: ана тілі, математика,
жантану, жаратылыстану, мораль, музыка, бейнелеу өнері, денешынықтыру.
Ұлдар үшін - өндіріс негіздері, қыздар үшін – үй шаруасын жүргізу.
Таңдамалы пәндер: шетел тілі, технология, үй шаруасын жүргізу, музыкадан,
денешынықтырудан, өнерден курстар.
Апталық жүктеме – 30 сағат.
Төменгі орта мектептен жоғары орта мектепке өту тестілік емтихан
қорытындысы негізінде іске асырылды. Жоғары орта мектеп – 3 жылдық, ақылы
және жалпы және кәсіптік білім беретін бөлімдерден тұрады. Жалпы білім
беретін бөлім гуманитарлық оқу жоспарлары негізінде оқушыларды
университеттерге түсуге дайындайды.
Оқу пәндері: жапон тілі, классикалық әдебиет, азаматтану, экономика,
ұлттық және әлемдік тарих, география, математика, физика, химия, биология,
денешынықтыру, бейнелеу өнері, музыка, шетел тілі, өндіріс негіздері (ұлдар
үшін), үй шаруасын жүргізу (қыздар үшін).
Апталық жүктеме – 34-36 сағат.
Кәсіптік білім беретін бөлімдерде 5 сала бойынша оқытады:
технологиялық, ауыл шаруашылық, теңіз саласы, коммерциялық, үй шаруасын
жүргізу. Оқудың 40% арнайы пәндерге, ал қалғаны қысқартылған бағдарлама
бойынша жалпы білім беретін пәндерге берілген.
Оқу бітіру және университеттерге түсу емтихандарды оқу бағыты бойынша
жасалған, тесттер арқылы жүргізіледі. Тестілеудің бірінші кезеңі мемлекет
көлемінде өткізіледі. Бірақ жетекші университтер өздерінің күрделі оқу
жоспарларын меңгере алатын талапкерлерді таңдау үшін қосымша қабылдау
емтиханын өткізеді.
2. Кәсіптік білім беру
Кәсіптік білім беру түрлі типтегі мектептер арқылы жүзеге асырылады.
Көбінесе бұл мектептер жеке меншік, ақылы және тар көлемде мамандандырады.
Оқу ұзақтығы – міндетті мектептен кейін бірнеше айдан 1-2 жылға дейін
бұл оқу орындарының 50%-ын қыздар құрайды.
Білікті жұмысшыларды, фирмалардағы оқу орталықтарында даярлайды.
3. Жоғары білім беру.
Жоғары білім беру жүйесі білім беру мекемелерінің 4 түрін қамтиды:
- толық циклды университеттер (4 жылдық)
- жылдам циклды университеттер (2 жылдық)
- кәсіби колледждер;
- техникалық институттар.
Толық циклды университеттерде оқу 4 жыл. Бірақ медициналық және
ветеринарлық факультеттерді – 6 жыл. Негізгі 4 жылдық курсты аяқтаған
бітіруші магистратура немесе докторантураға түсе алады. Магистратурадағы
оқу мерзімі – 2 жыл, докторантура – 5жыл. Жапон ЖОО студент-зерттеуші -
кэнкюсэй өзі таңдаған ғылым саласында 6 айдан 1 жылға дейін зерттеу
жұмысымен шұғылдануға мүмкіндігі бар.
Жылдам циклды университеттерде оқу мерзімі 2 жыл, бірақ медбике
мамандығы үшін 3 жыл. Бұл оқу орнының студенттерінің 60% қыздар құрайды.
Олар экономика, әдебиет, шетел тілі, педагогика, әлеуметтік қорғау
бағыттары бойынша маманданады.
Кәсіби колледжер. Бұл оқу орындары тар көлемдегі техникалық білім
алғысы келетіндерге арналған. Оқу мерзімі 3 жылдан аспайды.
Техникалық институттар. Оқу мерзімі – 5 жыл. Бұл оқу орындары өз
студенттерін кең техникалық көлемде даярлайды. Бұл институттар түлектері
жаңа технологияға байланысты фирмалар мен зерттеу орталықтарына жұмысқа
орналасады.
Магистратура мен аспирантура.
Магистр дәрежесін алу үшін студент 2 жылдық оқуды аяқтап, магистрлік
диссертация қорғап және ол үшін жақсы баға алып, мамандығы бойынша емтихан
тапсыруы қажет. Аспирантураға магистратурадан кейін түсуге болады, оқу
мерзімі – 3 жыл. Аспирант докторлық диссертациясын жақсы қорғап, мамандығы
бойынша емтихан тапсыруға тиісті.
Бақылау сұрақтары:
1. Жапонияның міндетті білім беру жүйесінің ерекшеліктері.
2. Кәсіптік білім беру жүйесі.
3. Жоғары білім беру жүйесі.

4-лекция. Тақырыбы: АҚШ –тың білім беру жүйесі.

Жоспары: 1. АҚШ-тың білім беру жүйесінің жалпы сипаттамасы.
2. Жапония мен АҚШ-тың білім беру жүйесіндегі ұқсастықтар мен
айырмашылықтар.

Лекция мақсаты: АҚШ-тың білім беру жүйесіне сипаттама беріп, басқа елдердің
білім беру жүйесімен салыстыру.
Лекция мәтіні (қысқаша).
АҚШ-тың білім беру жүйесінің жалпы сипаттамасы.
АҚШ-та бастауыш білім беру 6 немесе 8 жыл. Орта мектептің бағдарламасы
пәндерді оқытудың түрлі варианттарын ескеріп құрастырылған 200-ге жуық
түрлі курстардан тұрады.
Орта білім берудің сапасын бағалау көрсеткіштері: орта мектепті
бітірушілер саны, алған білім деңгейі (тест нәтижесі бойынша анықталады).
Дәстүрлі академиялық пәндер міндетті жаңа курстармен толықтырылған:
- ағылшын тілі- әлемдік әдебиетке жалпы кіріспемен;
- қоғамтану (тарих, география, азаматтық құқық)- батыс цивилизациясының
тарихымен, Америка тарихымен, американдық демократиямен;
- математика- дифференциалдық және интегралдық санау негіздерімен;
- жаратылыстану (физика, астрономия, геология, химия, биология)-
кванттық механика, электродинамика, технология принциптері (техникалық
жобалау және конструкторлау) негіздерімен.
Сонымен бірге шетел тілі, денешынықтыру, денсаулық және өнер
курстары жетілдірілуде.
Кәсіптік білім мен дағдыларды игерту- жалпы білім беретін оқу
орындары міндеттерінің бірі. Ол үшін:
- орта мектептерде кәсіптік бөлімдер мен топтар ашылады;
- көптеген мектептерде оқу шеберханалары бар;
- кәсіптік мамандану пәндерін оқу ұйымдастырылады.
Орта мектептің кәсіптік бөлімін аяқтаған оқушылар төменгі колледждерге
оқуға түсе алады.
АҚШ-та 7 және 8 сыныптардан бастап оқу жоспарына оқушылар өздері
таңдайтын пәндер енгізіледі.Бұл сыныптарда оқушыларға кәсіптік бағдар
беруге көп көңіл бөледі.
Мектептің жоғары сатысында (11-12 сынып-оқыту үш бағытта —
академиялық, кәсіптік, жалпы бағыттарда жүргізіледі. Тек академиялық бағыт
қана оқушыларды университеттерге түсуге дайындайды.
АҚШ-та оқушылар 10 сыныпқа дейін өздерінің келешекте алатын білімі
жөнінде шешім қабылдайды деп есептеледі. Сондықтан 10 сыныптан бастап
әдеттегі ағылшын тілі, қоғамтану, математика, жаратылыстану сияқты
академиялық пәндер оқушылардың өздері таңдайтын пәндермен толықтырылады.
Талапкерлерді университеттерге қабылдау мынандай критерийлер негізінде
іске асырылады: бітіргені жөніндегі аттестат бағалары, мектеп жолдамасы,
осы мамандықта оқи алатын және мамандық бойынша ғылыми жұмыс жасауға
қабілеттілігін анықтайтын тестілер және университетте өткізілетін арнайы
сұхбаттасудың корытындысы.
АҚШ-та білім беруді басқару және қаржыландыру орталықтандырудың жоғары
деңгейімен ерекшеленеді.
АҚШ-та жоғары білім екі сатылы дайындықты оқу орындарында беріледі:
академиялық колледждер, кәсіптік ( немесе зерттеу) оқу орындары. Бұқаралық
мамандықтар бойынша бітірушіге қойылатын талапты оқу орнының өзі анықтайды.

ЖОО бітіргеннен кейін колледждердің көпшілігі тек бакалавр дәрежесін,
университеттер бакалавр мен магистр дәрежесін, ал ең жоғары деңгей –
философия докторы дәрежесін 200-ге жуық ЖОО бере алады.
Мемлекеттік ЖОО басым көпшілігін өз штаттары қаржыландарады.
Жекеменшік ЖОО өзін-өзі қаржыландырады.
Бақылау сұрақтары:
1. АҚШ-тың білім беру саласы қандай стратегиялық мақсаттар бойынша дамиды?
2. АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесі.
5-лекция. Тақырыбы: Англияның білім беру жүйесі.
Жоспары:
1. Міндетті білім беру жүйесі.
2. Англияның жоғары білім беру жүйесі.
Лекция мақсаты: Англияның білім беру жүйесіне сипаттама беріп, басқа
елдердің білім беру жүйесімен салыстыру.
Лекция мәтіні (қысқаша).
1. Міндетті білім беру жүйесі.
Ұлыбританияда әлеуметтік жағдайы мен ұлтына қарамастан барлық балалар
үшін тегін жалпы білім беру жүйесі қалыптасқан. Білім беру реформасының
(1988) Актісіне байланысты міндетті білім беру кезеңдері:
5 жастан 7-ге дейін;
7-ден 11 жасқа дейін;
11-ден 14 жасқа дейін;
14-тен 16 жасқа дейін.
Оқу жылының ұзақтығы - 38 апта. Әдетте оқу аптасына 5 күн. Мектеп
түрлері: муниципалды – тегін оқытатын және жекеменшік – ақылы.
Бастауыш білім беру 5-тен 11 жасқа дейінгі балаларды қамтиды. 5 жастан
бастап міндетті оқу басталады да балалар бөбектерге арналған мектептерге
келеді. 7 жастан бастап бастауыш мектепте, 11 жастан бастап орта мектепте
оқиды. Бастауыш мектепте барлық пәндерден бір мұғалім береді, сабақтың
өтілу ұзақтығы - 15 минуттан 45 минутқа дейін. Бастауыш мектепте өтілетін
пәндер:
- оқу уақытының 40 %-ы ағылшын тіліне,
- 15 %-ы дене шынықтыруға,
- 12 %-дай өнер мен қол еңбегіне,
- қалған сағаттар арифметика, тарих, география, табиғатттану және
дінтануға берілген.
Орта білім сатылары:
- біріккен мектеп (11-12 – ден 15 жастағылар үшін);
- грамматикалық және қазіргі заманғы мектеп (15-17,18 жастағылар
үшін).
Балалардың 90 %-ы біріккен орта мектептерде оқиды. Бұл мектептер
білім алу үшін барлық балаға бірдей мүмкіндіктер жасау мақсатында құрылған,
бірақ көптеген біріккен мектептерде балаларды қабілеті бойынша таңдап
оқытатын топтары немесе бөлімдері сақталған.
Грамматикалық мектептер толық орта білім береді және дифференциялық
деңгейімен ерекшеленеді. Бұл мектептің негізгі мақсаты – оқушыларды жоғары
оқу орындарында оқуға дайындау. Бұл мектептің 5 сыныбын бітірген
оқушылардың 60 %-дайы емтихан тапсырып, куәлік алғаннан кейін мектептен
кетеді. Қалған 40 %-ы жеке оқу жоспары бойынша 2 жылдық алтыншы сыныпта
оқып, мектепті бітіреді.
Жалпы білім беретін мектепте оқу мерзімі – 13 жыл, міндетті білім – 11
жыл. 14 жасқа толған жасөспірімдер кәсіптік мектепке түсе алады, 16 жастан
кейін білімін ары қарай жалғастыруға немесе жұмыс істеуге болады.
Оқушылардың білімін тексеруде көбінесе тест қолданылады.
Кәсіптік білім
Кәсіптік білім біріккен мектептерде, техникалық (кәсіптік)
колледждерде, өндіріс орындарындағы кәсіптік даярлау орталықтарында,
жұмыспен қамтамасыз ету орталықтарында беріледі. Осылардың ішінде білікті
жұмысшыдан аралық деңгейдегі маманға дейін даярлау мүмкіндігі бар кәсіптік
колледждердің орны ерекше. Колледжде оқу ұзақтығы 1 жылдан 5 жылға дейін
және оқу өндіріспен тығыз байланыста жүреді, бітіргеннен кейін жоғары
техникалық оқу орындарына түсуге болады.
3. Англияның жоғары білім беру жүйесі.
Жоғары білім университеттерде және политехникалық колледждерде
беріледі. Ұлыбританияның ЖОО оқу жылы қазан айында басталып, әрқайсысы 8-10
аптадан тұратын триместрлерге бөлінеді.
Университеттерде бакалавр дәрежесін алу үшін оқу мерзімі 3 немесе 4
жыл (медицинада-6жыл).
Ғылым немесе өнер магистрі дәрежесі бакалавр дәрежесін алғаннан кейін
1-2 жыл оқуын жалғастырып, ғылыми-зерттеу жұмысын орындағаны үшін беріледі.
Философия докторы дәрежесі ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесі болып
табылатын диссертациясын дайындап, табысты қорғағаннан кейін беріледі.
Әдетте мұндай жұмыс 3 жылдан кем емес уақытты талап етеді.
Ғылымға немесе практикаға енгізген қомақты үлесі үшін университет
ғылым немесе әдебиет докторы дәрежесін береді.
Англияда университеттерге білім туралы жалпы куәлігі бар және өзі
таңдаған мамандығына сәйкес келетін ең кемі екі пәннен жоғары нәтижесі
болса қабылданады. Университеттерге қабылдау орталықтандырылған тәртіп
бойынша жүзеге асырылады. Талапкерлердің 90 %-ы бұл жоғары оқу орындарына
Орталық кеңес арқылы қабылданады. Кеңеске талапкер өзінің таңдаған
мамандығы және оқығысы келетін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқу еңбегіне үйретудің ғылыми педагогикалық негізі
Педагогикалық зерттеулердің сипаттамалары
Салыстырмалы педагогиканың методологиялық принциптері
Ғылыми-зерттеу нәтижелерін салыстырмалы талдау
Педагогикалық зерттеулердің жалпы сипаттамалары
Салыстырмалы педагогика зерттеулерінің тәсілдері
Салыстырмалы педагогиканың функциялары мен міндеттері
Ғылыми мақала жазуға қойылатын талаптар
Салыстырмалы педагогика пәнінен дәрістер
Қазақстан және Оңтүстік Кореяның мектепке дейінгі білім беру жүйесінің салыстырмалы анализі
Пәндер