Самұрық-Қазына экономиканың қуатты тірегі
Самұрық-Қазына экономиканың қуатты тірегіне айналды
ҚазАқпарат агенттігі
09.10.2009
АСТАНА. Қазанның 9-ы. ҚазАқпарат Руслан Ғаббасов - Экономиканың қай
саласында болмасын, ықтимал қауіп-қатердің алдын күні бұрын алу үшін дер
кезінде қабылданған қарымды қимылдар шешуші мәнге ие болып жатады. Осыдан
бір жыл бұрын бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, тізе біріктірген
Самұрық пен Қазынаның Ұлттық әл-ауқат қоры ретіндегі жұмысы соның
айғағы десек, қателеспейміз.
Кейде шағын бір отбасының шаруасын дөңгеленте алмай дағдарып жататынымызды
ескерсек, тұтастай бір мемлекеттің күрделі әрі сан қырлы экономикасы үшін
салдары мен пайдасы қандай болатынын болжау қиын, артық-кемі, алды-арты
өлшенген дұрыс шешім қабылдау қаншалық қиын екенін бағамдауға болар. Мұны
салмағы және әлем алпауыттарының өзін алқымнан алып, төніп келген дағдарыс
жағдайында тіпті ауырлай түсетінін қосыңыз. Осының бәрін ескерсек, бұрын
-соңды болмаған осынау қаржы дағдарысы жағдайында дағдарысқа қарсы
мейілінше дұрыс бағдарлама қабылдау қай мемлекетке болса да оңай соққан
жоқ. Бірақ Қазақстан бұл сынды лайықты қарсы алып, дер кезінде тиімді іс-
шараларды жүзеге асырып, оң шешімдер қабылдап үлгерді. Бүгін осылай деп
айтуға толық негіз бар. Өз қарымызға тартпай, тағы да сырт көздің пікіріне
жүгінсек, арнайы жүргізілген зерттеулер дағдарысты еңсеру бағытындағы үздік
бағдарламалар ТМД елдерінің ішінде Қазақстанда және Арменияда қабылданғанын
көрсетті. Олардың пікірінше, бұл бағдарламаларды толыққандылығы,
кешенділігі, сондай-ақ басымдықтарды оңтайлы орналастыруы ерекшелендірген.
Бұл турасында көрші елдердің басылымдарында біраз мақалалар жарық көргені
белгілі. Расында да, Қазақстан дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында ішкі
инвестициялық сұранысты дамытуға жетелейтін инфрақұрылымды жетілдіруге
көңіл бөлініп, стрестік активтер қоры құрды. Ал өзінің тиімділігін екінші
деңгейлі банктерді қолдау, ипотекалық несиелеу мәселесін шешу, арнайы
бағдарлама арқылы шағын және орта бизнесті қолдау бағыттары бойынша
айқындаған Самұрық-Қазына қоры бүгінде қаржы дағдарысына қарамастан,
инновациялық дамуға қатысты жобаларды инвестициялауды жалғастыруда. Бұл
жұмыстар өзінің нәтижесчін де бере бастады. Сарапшылар Қазақстанды
дағдарыспен күресті тиімді жүргізіп отырған дамушы мемлекеттердің
көшбасшысы ретінде тануда. Яғни, Қазақстан Самұрық-Қазына Ұлттық әл-ауқат
қоры секілді арнайы құрылымдар арқылы дағдарыспен күресудің өзіндік
үлгісін, өзгеше жолын көрсетуде.
Айта кетейік, бірер күнде аталған қордың құрылғанына бір жыл толғалы отыр.
Самұрық-Қазына ұлтттық әл-ауқат қоры 2008 жылғы қазанның 13-індегі ҚР
Президентінің Жарлығына сәйкес Мемлекеттік активтерді басқарудың Самұрық
холдингі мен Қазына тұрақты даму қорын біріктіру арқылы құрылғаны мәлім.
Үкімет қаулысымен осы жылдың желтоқсанында ұлттық әл-ауқат қоры қызметінің
негізгі ұстынымдары туралы меморандум бекітілді. Бүгіндегі жағдайда мұнай-
газ, металлургия, химия, мұнай химиясы, инфрақұрылым секілді экономиканың
негізгі салаларын дамыту үшін біз мемлекеттік активтерді біріктіруіміз
керек, - деген еді осы шешімге түсінік берген Елбасы сол жолы. Сонда
Президент Самұрық-Қазына қоры ірі өнеркәсіптік жобаларды жетілдіріп,
аймақтық, қоғамдық және индустриялық серпілістің локомотиві болуы тиіс
екенін қадап айтты.
Нәтижесінде Самұрық-Қазына қорының жарғылық капиталына
Қазатомөнеркәсіп, Eurasian Natural Resources Corporation АҚ,
Қазақмыс, Қазақстандық ипотекалық компаниясының және жеті әлеуметтік-
кәсіпкерлік корпорацияның, Қазақстанның Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі
акцияларының мемлекеттік пакеті берілді. Соның негізінде мемлекет Самұрық-
Қазына арқылы жеке сектордың белсенді акционері және серіктесі болып,
экономикада Қазақстанның бәсекеге қабілеттігін арттыруға бағытталған шағын,
сондай-ақ ірі бизнес бастамаларға тиісті қолдау көрсету мүмкіндігін
қарастырған. Жалпы алғанда, бүгінде қорда басқарушы холдингтік компанияның
басшылығымен барлығы 407 еншілес және тәуелді ұйымдар қызмет жасауда.
Холдингте қызметте жүрген адамдардың жалпы саны 260 мыңнан астам. 2009
жылдың басында қордың жарғылық капиталы 3.487.875.909.518 теңгені немесе
29,06 миллиард АҚШ долларын құрайды. Атап айтқанда Самұрық-Қазына
еліміздің 40 пайызға дейінгі Ішкі жалпы өнімін топтастырды және әлемдік
қаржы дағдарысын еңсеруде Үкіметтің негізгі тетіктерінің біріне айналды.
Сүбелі нәтижелердің арасында Қордың қысқа мерзімде ұлттық компаниялардың
бүкіл өндірістік әлеуетін жұмылдыра алғанын атап өткен жөн.
Самұрық-Қазына Ұлттық әл-ауқат қоры АҚ-ның Басқарма төрағасы Қайрат
Келімбетовтің айтуынша, ҚазМұнайГаз компаниясы бірінші жартыжылдық ішінде
9 миллион тонна мұнай және газ конденсатын өндірді. Мұнайды теңізбен
тасымалдау көлемі 3,8 миллионға тоннаға жетіп отыр, бұл бұрынғыға қарағанда
тасымал көлемінің үш есеге артқандығын көрсетеді. Каспий теңізінің
қазақстандық секторын игеру, көмірсутегі шикізатын өндіру, тасымалдау,
өңдеу және өткізу жобалары бойынша жұмыстар жалғастырылды.
Ал Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының қызметінде есептік кезеңде
Жолаушылар тасымалы АҚ-тың қызмет көрсету бағыттарының санын ұлғайтудың
арқасында жолаушылар тасымалы 25 пайызға өсті. ҚТЖ ЕҚДБ-мен және
Макензимен бірлесіп, 2020 жылға дейін теміржол көлігін дамыту бағдарламасын
әзірледі. Бағдарлама аясында салалардың активтерін жаңғыртуға бағытталған
инвестициялық іс-шараларды, атап айтқанда 14 мың шақырымнан астам жоғарғы
жол құрылысын жаңғыртуды жүргізу, 250-ден астам жасанды құрылыс нысандарын
қайта құруды, 1,5 мыңнан астам локомотивтерді, 53 мың жүк және 2 мың
жолаушылар вагондарын алуды көздеп отыр. 2020 жылға дейін қаржыландырудың
барлық көздері есебінен инвестициялардың жалпы көлемі 5,7 трлн. теңгені
құрайды, - дейді Қ. Келімбетов.
Айта кетейік, Самұрық-Қазына құрылымындағы Қазақтелекомның бірінші жарты
жылдықта өндірістік қуаты 9 пайызға кеңейтілді. Нәтижесінде тіркелген
байланыс желілерінің саны 3,5 миллион бірлікті құрады. Бұрынғы көлемде
қалааралық және халықаралық трафиктер қамтамасыз етілуде. Қазақтелекомның
еншілес компанияларында мобильдік желі абоненттерінің саны есепті кезең
ішінде 2 есе өсіп, 1,8 млн. тұтынушыға жетті.
Әлемдік тәжірибеге сәйкес, дағдарыс кезеңінде жаңаша ойлау, шығындарды
азайту, басқару құрылымы мен бизнес-үдерістерін оңтайландыру міндетті түрде
қабылданатын шаралардың бірі. Осы тұрғыда да әл-ауқат қоры өзінің біржылдық
тәжірибесінде тиісті жұмыстарды атқарып та үлгерді. Тұтастай алғанда, 2009
жылға бекітілген бюджеттермен салыстырғанда холдинг бойынша шығындар 222,5
миллиард теңгеге, оның ішінде ағымдағы шығындар - 136,7 миллиардқа, күрделі
шығындар - 85,8 миллиард теңгеге қысқарды. Әкімшілік шығындар шамамен 11
миллиард теңгеге төмендеді.
Еліміз экономикасында дағдарыстан кейін дамуға арналған алғышарттар
жасалып, бүгінде негізгі салалардағы ірі жобаларды қаржыландыру жұмыстары
жалғасуда. Осы орайда қор дағдарысты еңсеру бағытында жинақталған бірегей
тәжірибені ескере отырып, дағдарысқа қарсы бағдарламаның операторы рөлін
атқаруды жалғастырып келеді. Дағдарысты еңсеру бағдарламасын іске асыруға
Ұлттық қордан Самұрық-Қазынаға 1 трлн. 87,5 млрд. теңге көлемінде қаражат
бөлініп, оның ауқымды бөлігі экономикаға орналастырылды. Осы қаражаттың
476,2 млрд. теңгесі қаржы секторын тұрақтандыруға; 120 млрд. теңгесі -
ипотеканы қайта қаржыландыруға; 48 млрд. теңгесі - үлестік құрылыс
проблемаларын шешуге; 120 млрд. теңгесі - шағын және орта бизнесті
қолдауға; 27 млрд. теңгесі - индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды
іске асыруға бағытталды.
Мұнымен қоса, бүгінде ұлттық компаниялар жүзеге асыратын тауарларды,
жұмыстар мен қызметтерді сатып алуда қазақстандық мөлшерді ұлғайту
жөніндегі жұмыстар сәтті жүзеге асырылуда.
Қор қатысатын инвестициялық жобалар мен индустрияландыруға тоқталатын
болсақ, бірінші жарты жылдықтың аяғында қор жүзеге асырған ауқымды жұмыстар
Қазақстанның экономикасындағы инвестициялардың жалпы көлемінің 12 пайызын
құрады. 26 млрд. АҚШ доллары мөлшерінде қордың инвестициялық қоржыны
қалыптастырылып, 212 жоба мақұлданды. Оның 160 жобасы қаржыландыру сатысына
енгізілді.
Жалпы алғанда, бүгінде қабылданған іс-қимылдардың арқасында Қазақстанда ірі
өндіріс орындарында жаппай қысқарту болған жоқ. Осы орайда айтарымыз,
елімізде экономиканың кез келген әсеріне икемделе алатын, сондай-ақ шұғыл
шешімдер қабылдап, ауыртпалық белестерді өткеруге бейімделген әмбебеп
механизм қалыптасты. Бұл бағытта мемлекет бөлген қаражатты жұмсау
айқындылығы қамтамасыз етілді. Бұдан басқа, берілген қаржы ресурстары
қайтарымдылығының шарттары белгіленіп, қаржыландырудың қарапайым әрі анық
сызбанұсқасы жасалды. Олай дейтініміз, салыстыра келгенде біздің
экономикаға ұқсас ТМД мемлекеттерінің барлығы бүгіндегі дағдарыс жағдайында
осындай кешенді шараларды сәтті жүзеге асыра алмады. Себебі олардың
бірқатарында Кеңес одағынан мұраға қалған ірі өндіріс орындарының көп
бөлігі бола тұра, дәл осы ірі кәсіпорындар аталған мемлекеттердегі
жұмыссыздықтың өсуіне негіз болуда. Ал Қазақстанда жыл басында Елбасы
тапсырған басты міндет - жұмыссыздық санын өсірмеу мәселесі ағымдағы жылдың
соңғы айларындағы көрсеткіштер бойынша шешімін тапқаны аңғарылады.
Үкіметтің, ұлттық компаниялардың, меморандум жасаған кәсіпорындардың,
әкімдіктердің бірлескен іс-қимылы оң нәтижеге қол жеткізді. Самұрық қоры
мен даму институттарын біріктірген Қазына қорының қосылуы арқылы
мемлекеттік ресурстар мен үлкен активтер бір мақсатқа жұмылдырылды.
Нәтижесінде, бұның барлығы инновациялық дамумен тікелей сабақтасып,
жұмыссыздықтың алдын алып, әлеуметтік жобаларды үздіксіз жүзеге асыруға
негіз болды. Дер кезінде қабылданған осындай ілкімді қадамдар дағдарысты
еңсерудің оңтайлы жолын іздеген елдерге үлгі болғаны да анық.
Самұрық-Қазына дағдарыс азабына қарсы тұрды
Алаш айнасы газеті
29 қазан, 2009 жыл
Әлемдегі қаржылық дағдарыс ақырын реттеліп келеді. Дегенмен қазба байлық
көзі болып табылатын шикізат өнімдеріне деген сұраныстың аздығы әлі
сақталуда. Құрылыс саласы мен басқа да өндіріс орындарындағы жағдай толық
оңалып кеткен жоқ. Ірі-ірі қаржы құрылымдарына деген халықтың сенімі
сетіней бастады. Бұл дүрбелең дүниежүзілік экономикалық қауымдастықтың
айырылмас бөлігі болып табылатын Қазақстанға да қатты әсер етті. Бірақ
Қазақ елінің Үкіметі жасаған дағдарысқа қарсы бағдарлама халықтың құтын
қашырған қаржылық қиындыққа шынымен қарсы тұра алды.
Жалпы жағдай
Бәрімізге белгілі, бағдарлама аясында дағдарысқа қарсы мол ақша бөлінді.
Қаржы қатаң қадағалауды қажет етеді. Өйткені ол халықтың несібесі саналатын
Ұлттық қордан алынып отыр. Сондықтан да осынша мол қаржыны тиісті жеріне
тиімді бағыттай білу ісі, Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қорына сеніп
тапсырылды. Құрылғанына жақында бір жыл толатын қор өзінің қаржылық
дағдарысқа қарсы қабілетті түрде қызмет атқара алатынын дәлелдеп үлгерді
десек артық емес. Олай болса, елдегі экономикалық ахуал қандай? Бірінші
жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, Самұрық-Қазынаның дағдарыстан кейін
дамытуға арналған алғышарттарды жасай отырып, елдегі макроэкономикалық
жағдайды біртіндеп тұрақтандырғанын байқауға болады. Ең бастысы, қаржылық
жүйенің коллапсы, экономиканы дамытудағы маңызды сәйкессіздіктер болмады.
Және негізгі салалар мен ірі жобаларды қаржыландыру жалғасын табуда.
Бөлінген ақша
Алдымен дағдарысқа қарсы бөлінген ақшаны санап алайық. Ұлттық қордан
Самұрық-Қазына қоржынына 1 трлн 87,5 млрд теңге бөлінгені мәлім. Оның 486
млрд теңгесі қаржы секторын тұрақтандыруға, 360 млрд қаржы жылжымайтын
мүлік нарығына бағытталды. 120 млрд ақша шағын және орта бизнесті қолдауға,
121,5 млрд теңге инновация мен индустрияны жүзеге асыруға және
инфрақұрылым секторына арналды. 22 қыркүйектегі мәліметке сүйенсек,
бөлінген ақшаның 791,2 миллиарды, яғни 72 пайызы жұмсалған. Мәселен, қаржы
саласын орнықтыруға арналған ақшаның 476 млрд теңгесі іске асырылған. Ақша
негізінен елдегі Альянс Банк, Қазкоммерцбанк, ТұранӘлембанкі, Қазақстан
халық банкі секілді төрт ірі банктың қарапайым акцияларын сатып алу мен
экономиканы қаржыландыруға бағытталғаны белгілі.
Үлескерлер үйлі болып жатыр
Мемлекетті барынша толғандырған мәселе үлескерлер жайы болды. Өйткені бар-
жоқ ақшасын беріп, баспанаға қолы жетпей қалған ел азаматтарының арыз-
арманы бірінші кезектегі проблема еді. Елдегі ипотекалық несие нарығын
реттеу мен үлескерлердің құқын қорғап, құрылыс нысандарын аяқтау бағытында
2007-2008 жылдары республикалық бюджеттен Қазына тұрақты даму қорына 95
млрд теңге бөлінген еді. Оның ішінде 48,8 млрд ақша - Астанадағы, 46,2 млрд
қаржы Алматы қаласындағы үлескерлер үйлеріне бағытталды. Қазіргі уақытта
осы бағытта екінші деңгейлі банктерге бөлінген сома 66 млрд теңгеге
ұлғайтылды. Екі қалаға жіктесек, Астанаға - 40,7 млрд, Алматыға 25,7 млрд
сома берілді. Осы ақшалардың қалдығы - 28,6 млрд теңге қазір Самұрық-
Қазына қорының есепшотында жатыр. Мемлекет бірінші кезекте Алматы мен
Астана қалаларындағы үлескерлерге жәрдем беруі арқасында Астанада 19 тұрғын
үй құрылысы аяқталып, 3 мың 284 отбасы баспаналы болды. Алматыда сегіз
құрылыс нысаны пайдалануға беріліп, 1 мың 71 үлескер үйлі болды. Ерекше
атап өтер жайт, үлескерлерді қолдау әлі жалғасады. 2007-2008 жылдары
басталған жоба 2010-2011 жылдарға дейін созылмақ. Бұл бағдарлама бойынша
жұмсалмай жатқан ақшалар құрылыс нысандарын қаржыландырудың бірлескен іс-
шарасы жобасы негізінде жүзеге асады. Аталған жоба бойынша үлескерлердің
мәселесін шешуге 240 млрд теңге мөлшерінде қаржы қарастырылып отыр.
Қайта қаржыландыру қалыпты жағдайда
Елдегі өткір әлеуметтік мәселелердің бірі ипотекалық несие алғандар жайы
еді. Самұрық-Қазына өзіне бөлінген 120 млрд теңгені он банкке бөле
отырып, несие үстемесін 9-11 айызға дейін жеңілдеткені мәлім. Әйтсе де,
қайта қаржыландыру әлі толық аяқталған жоқ. Қазіргі уақытта Мемлекеттік
комиссия мен Үкіметтің шешімі бойынша, оның уақыты биылғы жылдың 1-ші
қазанына дейін ұзартылды. 18 қыркүйектегі мәлімет бойынша, қайта
қаржыландыру басталғаннан бері 165,5 млрд теңгені құрайтын өтініш келіп
түскен. Оның ішіндегі 128,4 млрд теңгені құрайтын 32,7 мың несие иесінің
өтініштері іріктеліп алынған. Ісжүзінде 30,5 мың иесие иесімен 117,7 млрд
теңгеге қайта қаржыландыру бойынша келісімшарт жасалды. Мұның өзі әуелгі
көзделген мақсаттың толық орындалғанынан хабар береді.
Банктердің қадамы қалай?
Қайта қаржыландыруға қатысқан екінші деңгейлі банктердің қарқыны жаман
емес. Бүгінге дейін бағдарламаға бас біріктірген 11 банктің 8-і өз
міндеттерін толық атқарып үлгерді. Тек ТұранӘлембанкі, Нұрбанк және Темір
банк үшеуі ғана қалған 2,3 млрд теңгені әлі ұйыстыра алмай жатыр. Аталған
үштік жұмыстарын қыркүйектің соңына дейін аяқтау туралы міндеттеме алған.
Қазірге дейін ТұранӘлембанкі мен Нұр банк жұмысын аяқтағандардың қатарына
қосылды деуге болады. Осыларды ескере отырып, қайта қаржыландырудың
нәтижесінде бүгінге дейін 30 мың несие иесі банктерге бұрынғыдан 30 пайыз
аз ақша төлеу мүмкіндігіне ие болды.
Кәсіпкерлер де несиеден несібе алды
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға 12 банкке 117 млрд теңге берілсе,
банктер 1 шілдеге дейін 133,6 млрд ақшаны кәсіпкерлік сала иелеріне
даярлапты. 25 тамыздағы мәліметке сүйенсек, шағын және орта кәсіпкерлік
өкілдерінің қолына нақты 113,5 млрд теңге тиген. Яғни кәсіпкерлікті қолдау
бағдарламасынан 2 мың 550 адам игіліктенген. Олардың арасындағы 1580
кәсіпкер өз жұмысын қайта қаржыландырып, 67,65 млрд теңгеге қолдары жетті.
Ал 971 кәсіпкер 66 млрд теңге көлеміндегі сомаға жаңа несие алды.
Бағдарлама еліміздің барлық аумағындағы шағын орта бизнес иелеріне қолдау
көрсетті. Ең көп қаржыға қол жеткізгендер: Алматы - 36 пайыз, Астана - 16
пайыз.
Сырт көз не дейді?
Самұрық-Қазына қоры өзіне берілген ақшаны тиімді басқара отырып,
инвестициялық жобаларды да жүзеге асыруда. Сол арқылы индустриялы-
инновациялық бағытты жетілдіруде. Экономиканың алуан бағытында анық қадам
жасап отырған Самұрық-Қазына қоры мемлекеттің бет-бейнесін танытуда да
маңызды орынға ие десек артық емес. Қазір жаһандық интеллектуалдық элита
Қазақстанды дағдарыс кезеңіндегі әлемнің жаңа қаһармандарының бірі ретінде
бағалауда. Сарапшылар Қазақстанды дағдарыспен күресті тиімді жүргізіп
отырған дамушы мемлекеттердің көшбасшысы ретінде бағалауда. Ресей
саясаттанушылары еліміздің жетістігін тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңдегі
экономикалық саясаттың дұрыс жспарлануымен байланыстырады. Ғалымдар
экономиканың нақты салаларын қаржыландыру бойынша қолға алынған жобалар
өзін ақтап отыр деп санайды. Мәскеу мемлекеттік универвитетінің жанындағы
ақпарат-сараптама орталығының бас директоры, саясаттанушы Алексей Власов:
Қазақстан Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры секілді арнайы құрылымдар
арқылы дағдарыспен күресудің үлгісі болуда. Яғни мемлекет дағдарысқа қарсы
бағдарламалардың операторы секілді, ал Самұрық-Қазына субоператор
міндетін атқаруда. Сол арқылы экономиканың қаржыны жедел қажетсініп отырған
салаларын қамтамасыз етуде, - деген оң пікір айтады.
САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА БIР ЖЫЛДА НЕ ТЫНДЫРДЫ?
Дүние жүзi қаржылық дағдарыстан дағдарған сәтте әр мемлекет тығырықтан
шығудың оңтайлы жолын өз бетiнше қарастыруға кiрiстi. Қазақ билiгiнiң
осыдан тура бiр жыл бұрын екi мемлекеттiк қордың басын бiрiктiру арқылы
құрған Самұрық-Қазына қоры 3 трлн. теңгеден астам халықтың қаражатын
тиiмдi әрi мақсатты түрде жұмсау арқылы дағдарысты еңсеруге мiндеттi
болатын. Он екi айда Қордың тындырған шаруасы қандай? Оның халыққа тигiзген
пайдасы қаншалықты?
Әлемдiк қаржылық дағдарыстың алғашқы кезеңiнде қазақ Үкiметi ел
экономикасын дамыту әрi жақсарту және маңызы жоғары мемлекеттiк активтердi
бiр жерге шоғырландыру мақсатында, 2008 жылдың 13-қазаны күнi елiмiздегi
екi iрi холдинг – Самұрық пен Қазына қорын бiрiктiрiп, Самұрық-Қазына
ұлттық әл-ауқат қорын құрды. Билiктiң дағдарысқа қарсы түзген бағдарламасын
жүзеге асыру барысында материалдық әрi стратегиялық тұрғыда кәдiмгiдей сеп
болған бұл Қордың жарғылық капиталы 2008 жылдың қорытындысы бойынша 3
триллион 458 миллиард 923 миллион 9 мың теңге (23 млрд. АҚШ доллары)
болған. Күнi бүгiнге дейiн отандық экономиканы тұрақтандыруға жұмсалған
қаржы – 791,2 млрд. теңге, яғни, қаражаттың 72,7 пайыздан астамы. Оның
iшiнде, 476,2 млрд. теңге – қаржы саласын тұрақтандыруға, 48 млрд. теңгесi
– үлескерлiк құрылысындағы қордаланып қалған қиындықтарды шешуге, 120 млрд.
теңгесi – шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдауға, 27 млрд. теңгесi –
индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды iске асыруға бағытталған. 2007
жылдың күзiне дейiн инвестиция салуға өте тартымды болған жылжымайтын мүлiк
нарығы қатты жапа шеккенi белгiлi. Осы себептi, Үкiмет Самұрық-Қазына
қоры арқылы 455 миллиард шеңберiнде қаржы бөлiп, оның 95 млрд. теңгесi 2007
жылы қазақстандық жекеменшiк банктер арқылы жұмысы тоқтап қалған құрылыс
нысандарын қаржыландыруға; 240 млрд. теңге Жылжымайтын мүлiк қоры арқылы
тұрғын үй құрылысын аяқтауға; 120 млрд. теңге ипотекалық несиелердi қайта
қаржыландыруға бағытталды. Осының нәтижесiнде, Алматы мен Астана
қалаларындағы 4538 пәтерлi 21 үй пайдалануға берiлiп, үйсiз қала жаздаған
3831 үлескер баспаналы болды. Ипотекалық несиелердi қайта қаржыландыру
мақсатында бөлiнген 120 млрд. теңге 31 мыңға жуық қарыз алушы азаматтың ай
сайын төлейтiн қаражатын 30 пайызға дейiн азайтуға мүмкiндiк бердi. Бүгiнде
Экономиканы жаңғырту жөнiндегi мемлекеттiк комиссияның шешiмiне сәйкес, 35
мың пәтерлi 21,6 мың үлескерi бар 128 құрылыс нысаны Қор арқылы
қаржыландырылуда. Тағы бiр маңызды мәселелердiң бiрi, елiмiздегi ұлттық
компаниялардың депозиттерi (1 трлн. теңгеден астам қаражат) отандық екiншi
деңгейлi ең iрi банктерге салынды. Әлемдiк экономикалық дағдарыстың
кесiрiнен Жер шары қаржы тапшылығына ұрынғаны белгiлi. Бүгiнде сырттан
қарыз алу кез келген мемлекеттiң шамасы жете бермейтiн шаруа болды. Алайда,
Самұрық-Қазына iрi инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды iске
асыру үшiн Қытай мен Ресейден несие тартуға кiрiскен. Қазiргi кезде
аспанасты елiнен тартылған несие көлемi 10 млрд. доллардан асып жығылады.
Үстiмiздегi жылдың 31-шiлдесiнде Астанада Қазақстанның Даму банкi мен Қытай
Импортты-Экспортты банкi арасында 15 жылдық мерзiмге 5 млрд. доллар қарыз
алу туралы Бас несиелiк келiсiмге қол қойылды. Энергетикалық, көлiк және
коммуникациялық инфрақұрылымды, метталургияны, химиялық, мұнай-химиялық
өнеркәсiптi дамытуға бағытталатын бұл несие желiсi қазақстандық
компаниялардың инвестициялық жобаларын iске асыруға күш салады. Бұл тiзiмге
енуi тиiс жобаларды Экономиканы жаңғырту жөнiндегi мемлекеттiк комиссия
түзбек. Ұлттық компаниялардың әлеуетi мен қажыр-қайратын бiр арнаға
тоғыстыруды әп дегеннен-ақ мақсат еткен Самұрық-Қазына бiр жылдың iшiнде
бiрқатар шаруаны тындырды. Мысалы, ҚазМұнайГаз кәсiпорны алғашқы жарты
жылда-ақ 9 миллион тоннаға жуық мұнай мен газ конденсатын өндiрдi. Қара
алтын қорын сыртқы нарыққа теңiз арқылы тасымалдауды жолға қойған
кәсiпорын мұнай экспортын 3 есеге дейiн арттырды. Каспий теңiзiнiң қазақ
жерiне тиесiлi бөлiгiндегi кен орындарын игеру, көмiрсутегi шикiзатын
өндiру, өңдеу мен тасымалдау iстерi жалғасын тапты. Дағдарыстың алғашқы
кезеңiнде-ақ отандық қаржы саласын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz