Отансүйгіштікке тәрбиелеу


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. ОҚУШЫЛАРДЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ

1. 1 Патриотизм ұғымдарының маңызы . . . 5

1. 2 Отансүйгіштік, интернационалдық тәрбие мәселесі . . . 8

2. ОТАНҒА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ

2. 1 Отанға деген тәрбие беруде дамыта оқыту технологиясын қолдану . . . 13

2. 2Баланың патриоттық сезімге деген ойын қалыптастыру жолдары . . . 20

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 23

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 24

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Отан дегенміз - халық. Халық дегеніміз - адам. Адамды сүю оған жақсылық жасау. Ендеше отаншылдық - сонау ерте замандардан қалыптасып келе жатқан қасиетті сезім.

Отаншылдыққа тәрбиелеу ұлттық ерлік дәстүрлерге сүйене отырып, жас өскіннің ішкі жан дүниесі, ой санасы мен сезімін дамытып, қалыптастыруға бағытталуы керек.

Отансүйгіштік сезім өрге бастайтынын өз ұлтымыздың тарихы да талай дәлелдеп келеді. Кейде шіркін бір өзіне бірнеше мемлекет сыйып кететін ұлан-байтақ жерді ата-бабамыз сан ғасырлар бойы қанаттыға қақтырмай тұмсықтыға шұқтырмай қалай аман сақтаған деп таңданамыз. Шынында талай зобалаң кезеңді бастан кешірген қазақ жері "Найзаның ұшымен, білектің күшімен " өз жер көлемін сақтап қалған.

Бұрын-соңды даму үрдісінде отансүйгіштік ұғымы бізде, негізінен, біртекті халықтың басын біріктіріп, бір мақсатқа жұмылдыруға қызмет етіп келгені белгілі.

Сонау Жәнібек пен Керей, Тәуекел мен Тәуке, Есім мен Касым, кейінгі Абылай мен Әбілқайырдың тұсындағы ахуал да осындай болатын. Ал қазір елдік мақсаттары көпұлтты қоғам жағдайында шешілу керек. Әр түрлі себептермен қалыптасқан нақты тарихи шындыққа шекеден қарау ешқашанда ел тағдырына деген жанашырлық болып шықпайды. Нағыз жанашырлық қиыннан жол таба білумен бағаланса керек.

Бұл ретте академик Шаухитдинов Еренғайып қазақстандық патриотизмді қазақ ұлтының мүддесімен байланыстыра келіп, басқа ұлттар мүддесін жоққа шығармайтын келелі пікір айтады.

Зерттеудің нысаны: Ол азаматтардың құқықтық еркіндігі, басқа ұлттардың қазақ халқының дәстүрін сыйлауы, олардың қазақ мемлекетінің намысын қорғауы, қазақ елін жатсынбай, жүрегімен сүйе білуі, ұлттық тіл, дін, ділімізді сақтауға кедергі жасамай қолдау тауып жатса, міне, осыларды қазақстандық патриотизмнің белгілері деп санайды.

Зерттеу пәні: Отанын сүйген саясатшы да, басқа да азамат көпті кеудемен итеруге емес, ортақ отбасына тартуға мүдделі болса керек.

Зерттеу мақсаты: Көп ортасында көзге түсу үшін де кемел болмыс керек. Төл тарихы, мәдениеті мен өнері, экономикалық қуаты жоқ ел басқаларға да қызықсыз. Ал оларды кең таныту үшін алдымен, қадір-қасиетінді өзің жақсы білуің, мақтаныш ете алу керек.

Елдік қасиеттер аспаннан түспейді, жоқтан пайда болмайды. Өзі туған топырақ тозаңы және ана сүтімен ұйыған ұлтжандылық сыртында өскен ортасы мен азамат ретінде қалыптастырған қоғамы дарытар терең де текті дүниетаным негізінде ғана түзіледі. Алайда, жас адамның тағдыры бүкіл адамзат кеңістігінің кұрамында болғандықган, ол қоғам тағдырымен тығыз байланыста екені белгілі. Сондықтан "бүгінгі әлеуметтік саяси орта адамға өзі өмір сүріп отырған мемлекеті мен қоғамы, ел-жұрты, атамекені және жалпы адамзат өркениетінің тағдыры алдындағы жауапкершілікті мойындауды ескертеді" дейді. Бұл ретте ол көнені жоққа шығару, патриоттық тәрбиені әлсірету, көне ататектілік, танымдық, тәрбиелік өзектен адасып қалу секілді кемшіліктерді белгілейді.

Зерттеу міндеті: Ата-бабадан қалған отаншылдықтың киелі шарттарын жаңартуда "белгілі бір этно-мәдени" тәрбие жүйесін қалыптастыру керек екенін дәлелдеуге ұмтылған. Біздің пікіріміз бойынша, ол үшін, ең алдымен, қазақ жұртының ішкі патриоттық "менін" құрайтын этно-әлеуметтік мінез-құлықты қандай болған, ол қандай ұстанымдарға негізделгендігінің мәнін ашу қажет.

Зерттеу әдісі: зерттеу маңыздылығы бойынша әдебиет көздерінен қажетті мәліметтерді жинақтау.

1. ОҚУШЫЛАРДЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ

1. 1 Патриотизм ұғымдарының маңызы

Қазақстан мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеудің өткені мен дәл бүгінгі таңдағы жай-күйін зерттеу барысында оның әдісі, тәсілі мен формаларының сан алуан болғанына және оларды бүгінгі күн жағдайына бейімдеп қолданудың мүмкіндігі мол екеніне көзіміз жетті. Бірақ, оның мазмұны кеңес дәуірінде (1970-1990 жж. ) сол кездегі идеологияға қызмет еткендіктен, сыңар жақты болғаны да айқындала түседі, өйткені онда ұлттық патриотизм ескерілмей қалған. Сол себепті "ұлттық патриотизм", "ұлттық сана" деген секілді аса маңызды ұғымдар кеп жағдайда терең зерделенбеген.

Қазақстан жағдайында осындай бір топ мәселенің басын ашып алмай тұрып патриоттық тәрбиені дұрыс жолға қою мүмкін емес екені анықталды. Республикамыз бір саяси құрылымнан екіншісіне ауысып, басқару жүйесі жаңа сападағы қарым-қатынасқа бет бұрған өтпелі кезеңде мектептегі тәрбие жұмыстары дағдарысқа ұшырағаны белгілі. Бұндай жағдайда замана ағымына қарата пайда болған тың ұғымдарды айқындап, оларға анықтама беру қажеттігі туындайды. Өйткені, ұғымдар арқылы оқушылар санасында білім қалыптасып, ол өз кезегінде оның іс-әрекетіне бағыт береді. Біздің пайымдауымызша, патриотизмге тәрбиелеуде сүйенетін негізгі ұғымдар: "ұлттық патриотизм" және "қазақстандық патриотизм". Ұғым дегеніміз - заттар мен құбылыстардың жалпы айырмашылықтарының белгілі бір жиынтығы негізінде ой жүргізу. Ол ғылыми және тәжірибелік білімдерді қалыптастыруда қолданылады. Ұғымдар негізінде пікір, ой тұжырымдар қалыптасып, ой қорытындылар мен пайымдаулар жасалады. Бұл жерде ұлттық патриотизм" және "қазақстандық патриотизм" ұғымдары арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, мемлекет, туған өлке, туған халқы туралы нақты түсініктер берудің тиімділігі арта түспек. Ал түсінік дегеніміз - бір нәрсенің мағынасы мен мәнін ұғыну. Сөйтіп, "ұлттық патриотизм" және "қазақстандық патриотизм" ұғымдарына анықтама беру, олардың мазмұнын құрайтын: отансүйгіштік сезімін дамыту, ұлттық салт-дәстүрді ұстану мен мемлекет рәміздеріне құрмет қалыптастыру, т. б. тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңейте түседі. Осыларды көздеп жүргізген зерттеу еңбегімізде педагог, психолог, философ ғалымдар мен ақын-жазушылардың ой-пікірлеріне сүйене отырып "ұлттық патриотизм" және "қазақстандық патриотизм" ұғымдарына анықтама беруге ұмтылдық. Сондай-ақ бұл үғымның маңызын ашып көрсету жас буындарды тәрбиелеуде бүгінгі күннің кезек күттірмейтін қажеттігінен туындап отыр.

Адамның жеке психологиясының әскери қызметтегі маңызын аша келіп Б. Момышұлы "патриотизм - Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, өзінің мемлекетке тәуелді екеніңді, мемлекетті нығайту дегеніміз жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз мемлекет деген ұғымды, оны жеке адамның барлық жағынан өткені мен бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасын біріктіреді" деп терең, жан-жақты анықтама берген. Қаһарман жазушы біз іздеп отырған "ұлттық патриотизм", "қазақстандық патриотизм" ұғымдарына философиялық анықтама беруге ұмтылған. Ол «ұлттық патриотизм - бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті, өз халқына деген сүиіспеншілігі, өз халқымен қан жағынан да және шыққан тегі, территориясы, тілі, тұрмыс-тіршілігі, мінез-қүлқы, психологиялық және этнографиялық ерекшеліктері қалыптасқан, тарихи дәстүрлері жағынан да әбден айқын әрі дербес басқа қасиеттері және ерекшеліктерімен де байланысты» дейді. Жазушының пікірін жіктей отырып бүгінгі патриотизмнің мазмұнын анықтау әбден мүмкін.

Бұдан келіп шығатын тұжырым: Б. Момышұлы көрсеткен рухани ерекшеліктерді сақтау ұлттық патриотизмнің критерийі болып табылады. Жаңа қалыптасып келе жатқан жас мемлекетіміздің болашақ азаматтарын патриотизмге тәрбиелеуде, міне, осылар оның негізгі ұғымдарын құрауы керек. Ойымызды айқындай түссек, Б. Момышұлы айтып отырған белгілердің педагогикалық негізі тұлғаның патриоттық сана-сезімін қалыптастыру, патриоттық іс-әрекетін үйымдастыру, мінез-құлқына патриоттық сипат беру, мектептегі оқу-тәрбие ісінің өзегі болуы керек. Бұл оқулықтар оқу-әдістемелік құралдардың мазмұнынан бастама алып, сабақтан тыс тәрбиелік жұмыстарда жалғасуы орынды.

Қазақстандық патриотизмнің арқауы қазақ мемлекетіне деген сүйіспеншілік, ұлтына сенімі, нанымы, саяси көзқарасы, т. б. қарамастан, әрбір қазақстандық өзі өмір сүріп, күн көріп отырған мемлекетін - "Отаным" деп тануы, оның негізін салып отырған қазақ ұлтына сыйластық, оның заңдарына бас ию, рәміздеріне құрмет, жетістігіне сүйсініп, мақтану, кемшіліктерін болдырмаудың жолын қарастыру қазақстандық патриотизмнің белгілері болуы керек деген ой келіп туады. Қазақстан егемендік алғаннан кейін мерзімді басылымдарда "қазақстандық патриотизм" және "ұлттық патриотизм" жайлы сұрақтар жарияланып, оған көптеген белгілі ғалымдар, ақын-жазушылар өз пікірлерін білдірген болатын. Сол пікірлерді және басқа да педагог ғалымдар мен философ-психологтердің пікірлерін зерттей келе біз бір кездегі "Советтік патриотизм" ұғымы "қазақстандық патриотизм" болуы керек деп түйдік. Оның туындап, қалыптасып, тәлім-тәрбие айналымына енуі өз қолымызда. Берілген сұрақтар бізге патриот адамдардың мінез-құлық, іс-әрекеті, ой-сана сезімдерінің белгілеріне қарап оған сипаттама беруге көмектеседі. Бұл өз ретінде жас буындардың көз алдына нақты мысалдарды көлденең тарту арқылы өнеге көрсетуге шарт түзеді.

Туған халқымыздың өткен тарихына көз жіберсек, отансүйгіштіктің (патриотизмнің) керемет үлгілерін көреміз. Бүгінгі күні егеменді ел болып, қазақ деген ұлт болып отыруымыздың өзі ата-бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы. Тарихи мәліметтерден байқайтынымыздай, жоңғар шапқыншылығы кезі мен одан бертіндегі ұлт азаттық көтерілісін алып қарасақ, ондағы батырлардың ешқайсысы бүгінгідей (кеңес дәуіріндегідей) жүйелі патриотизмге тәрбиелеудің тезіне салынбаған. Бірақ елін, жерін, Отанын қорғауда жанын тәнін аяп қарап қалмаған. Осындай көптеген тарихи тәжірибелерден, сол кездегі отбасы тәрбиесіндегі отансүйгіштік сезімнің қалыптасуына ата-ана, ауыл аймағының ықпалының күшті болғанын көреміз. Өсіп келе жатқан жас буындардың бойында отансүйгіштік сезімнің қалыптасуына отбасындағы тәрбиенің ыкпалын елемей қоюға болмайды.

Қоғамның өз азаматтарына қызмет етуі адамның өзіне байланысты екені белгілі. Бұл - қоғамның жай-күйі оның әрбір азаматына байланысты деген сөз. Демек, Қазақ Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігінің нығайып дамуының басты шарттарының бірі оның азаматтарының патриотизмі. Адамдар санасындағы бұрынғы кеңес одағы кезеңіндегі патриотизмнің мазмұны жаңа қоғамдық жағдайда біртіндеп жаңғыру үрдісін бастан кешіруде, бірақ соны құндылықтар әлі қалыптасып бола қойған жоқ.

Жаңа тарихи әлеуметтік жағдайда патриотизм жаңа сипатқа ие блды өйткені, енді Қазақстанда өмір сүріп отырған барлық халықтар Қазақ елі атын беріп отырған "Қазақстан" деген мемлекетке бірікті. Демек, олардың мүддес, мақсаты, күн көріс жағдайлары да бір бағыт ұстануы керек. Міне, осынык өзі бұдан былайғы кезде "қазақстандық патриотизм" ұғымын қалыптастыру мақсатын қойып отыр. Ендігі кезеңде қазақстандықтардың күш-қуаты "қазақстандық патриотизмді" орнықтыруға жұмсалуы керек.

Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар көзі - Отан. Ал оның мазмұны туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар - жалпы ұлттық құндылықтармен толықтырлады. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы.

Қазақстандық патриотизмге келсек, ол тек қазақтардың ғана өз Отанына сүйіспеншілігі емес, онда мекендеген бүкіл ұлт пен ұлыс өкілдерінің бәріне қатысты дүние. Алайда ешкімді елін, Отанын зорлықпен, күштеп не үгіттеп жел сөзбен алдап-арбап сүйгізе алмайсың. Елін сүю - әркімнің жеке ісі, өз арының ісі. Қасиетті сезім ананың сүтімен бірге өзі келмейді, ол адам өсе есейе келе өз ақылы өзіне жетіп, өз басымен тіршілік ете бастағанда адамзаттың бойында біртіндеп қалыптасатын қүдіретті сезім. "Бұл сезім әркімде әр кезеңде (яғни, әр түрлі жаста) оянып, кейін кәмілетке келгенде біржола буыны қатып, тәжірибемен, жаспен, уақытпен, біліммен, қоршаған ортаның ықпалымен, мемлекеттік және қоғамдық социалогиялық институттардың (балабақша, отбасы, мектеп, жоғары оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар, әр түрлі саяси ұйымдар мен қозғалыстар) әсерімен қалыптасады" деп көрсетеді Ә. Қалмырзаев.

Ұлттық патриотизмді ұлт және патриотизм туралы екі ұғымның жадағай қосындысы деп қарауға болмайды. Сондықтан біз бұл еңбегімізде тектілікпен туа біткен қасиеттердің тәрбие арқылы бекіп, нығаюы, елін, жерін шексіз сүйіп, соған қызмет ету, ұлттың барлық қасиеттерін ардақтау деп көрсетеді. Демек, ұлттық патриотизм дегеніміз қанмен, текпен туа бітетін, тәлім-тәрбие арқылы өсіп жетілетін ұлттық сипаттағы саналы іс-әрекет пен мінез-қүлық.

Тарихи материалдарды, мұрағат құжаттарын зерттеу, тарихи философиялық әдебиеттермен танысу, ғылыми педагогикалық және психологиялық материалдарды зерттеп, талдау барысында және мерзімді басылымдарды зерделеу нәтижесінде біз қазақстандық патриотизм деген терминнің кейінгі кезде пайда болғандығын және бұл ұғымның Қазақстанның егеменді ел болуына қатысты туындағандығына куә болдық. Ж. Кенжалин, Ә. Нұршайықов, З. Ахметова, т. б. қазақстандық патриотизмді Отанымыздың тәуелсіз мемлекет болуымен байланыстырады. Жоғарыда аты аталған және басқа бір топ педагог, психолог, философ ғалымдар қазақстандық патриотизм және ұлттық патриотизм туралы пікірлерін ортаға салған. Біз қазақстандық патриотизм ұғымына анықтама беруде осы пікірлерді негізге алдық. Сонымен, қазақстандық патриотизм дегеніміз - Қазақ мемлекетін Отаным деп сезіну, басқа ұлттардың қазақ халқына сый-құрметпен қарауы, әр ұлттың құқықтық еркіндігін қуаттай отырып, туған жерін көркейтуге және оны қорғауға дайын болуы.

Мемлекетіміздегі қазіргі әлеуметтік, саяси-экономикалық жағдайларды, халықтың сана-сезімінің қалыптасу үрдісін ескере отырып, қазақстандық патриотизмнің қалыптасуына мемлекетке атын беріп отырған қазақ халқының бойындағы ұлттық патриоттық қасиеттердің ықпалы мол екенін анықтадық.

Жалпы патриоттық сезімнің қай-қайсысының болсын қалыптасуы отбасы тәрбиесінен (балабақшадан) бастау алатыны белгілі. Сондықтан халқымыздың қаһарман батыр ұлы Б. Момышұлы мен жазушы Ә. Нұршайықов, З. Ахметова, т. б. пікірлеріне суйене отырып, отбасында патриотизмге тәрбиелеу, ана тілін үйрету, ұлттық мінез-құлық қалыптастыру, ұлттық салт-дәстүрді сақтау, шыққан ата тегін білу және сезінуден басталып, халқына сүйіспеншілік, тарихи дәстүрлерді сақтау, одан соң туған жеріне, Отанына деген суйіспеншілік өсе келе мектепте ары қарай дамып қалыптасуына шарт түзілуі тиіс.

1. 2 Отансүйгіштік, интернационалдық тәрбие мәселесі

Өскелең ұрпаққа адамзат тарихында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан патриоттық тәрбиені, отаншылдықты, елжандылықты дарыту -қазіргі кезде көкейкесті мәселенің бірі болып отыр. Н. Назарбаевтың "Қазақстан - 2030" стратегиялық бағдарламасының "Қазақстан мұраты" деп аталатын бөлімінде еліміздің тұтастығын, оны ішкі және сыртқы күштерден сақтау міндетінің өзі жастарды отаншылдық, елжандылық, патриоттық рухта тәрбиелеуді жүктейді.

Өткенін білмеген халқының қадірін білмейді, халық нені бастан кешірді, бүгінге қол жеткені ненің арқасы, халық өз тарихын жасау үшін тер төгіп, азап шекті, тар жол, тайғақ кешуден өтіп, жерін қорғап, елін сақтады.

Жаппай патриотизм үлгісі кешегі 1986 жылғы әлемді дүр сілкіндірген қасіретті желтоқсан оқиғасы болатын. Соны бүгінгі ұрпақ білуге, қастерлеуге тиіс. Сондықтан жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру ҚР Білім министрлігі ұсынған "Тәлім-тәрбие тұжырымдамасы" жобасында, ҚР "Білім туралы" Заңы, ҚР мемлекеттік "Білім" бағдарламасы, "ҚР жалпы білім беретін мектептер тұжырымдамасы", т. б. қаулы-қарарларда қазақ халқының ерлік, жауынгерлік тарихымен, ұрпаққа ерліктің өшпес үлгісін қалдырған хас батырлардың өмір - өнегесімен таныстыруға, өз жерін, елін қорғай алатын елжанды, ұлттық намысы мол, жігерлі азаматтар тәрбиелеуге ден қойылған.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі Жарлығымен бекітілген Қазақстан халықтары Ассамблеясының орта мерзімді кезеңге арналған стратегиясы және ҚР азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында патриоттық тәрбие беру жүйесін нысаналы дамыту арқылы азаматтардың бойында жоғары патриоттық сананы, өз елі үшін мақтаныш сезімдерін, Отанның мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық борыш пен конституциялық міндеттерді орындауға дайындығын тәрбиелеуді көздейді.

Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің "Қазақстан мектептерінде әскери-патриоттық тәрбие беру" еңбегінде оқушыларға патриоттық тәрбие берудің әр түрлі формалары мен әдістеріне, мектеп жасындағы балаларды Отан қорғауға дайындық жұмыстарына мән берілген.

Патриотизм туралы идеяларды кезінде өздерінің шығармаларында қазақ даласының ойшылдары Әбу-Насыр әл-Фараби, Хас Хажиб Баласағұн, Махмүд Қашқари, жыршы-жыраулары Асан қайғы, Доспамбет жырау Аймауытұлы, Бұхар жырау Қалқаманұлы, Махамбет Өтемісұлы да айтқан болатын. Аталған ғұламалардың еңбектері еліміздің егемендік алуымен байланысты педагогикалық тұрғыда зерттеліп, бір жүйеге келтіріліп, жас ұрпақ тәрбиесіне пайдаланылып отыр.

Өз ұлтына деген патриоттық сезімді қазақ ағартушылары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев шығармаларынан да байқауға болады. Абай өз қызметін Отан мен халық алдындағы борышым деп түсінеді. Оның шығармалары Қазақстан тағдырына деген, оның бостандық сүйгіш халқының болашағына деген қамқорлықпен айшықталған. Оның патриотизмі туған ел табиғатына, мәдениетіне, тіліне, озық дәстүрлері мен ұлттық мінезінің жақсы жақтарына деген сүйіспеншілігінен көрініс тапты.

ТМД ғалымдарының патриоттық тәрбиеге арналған зерттеу жұмыстарында патриоттық тәрбиенің әдістемелерін жетілдірудің мүмкіндіктері мен педагогикалық шарттарын анықтауға аса ден қойылып келеді. (Н. Крупская, А. Макаренко, В. Сухомлинский және т. б. )

Патриоттық, интернационалдық тәрбие мәселесін зерттеумен біздің республиканың бірқатар ғалымдары айналысып келеді. Мәселен, Б. Момышұлы, К. Меңлібаев, Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, С. Иманбаева, Е. Жүматаева және т. б. бүл мәселені өз еңбектерінде қарастырған.

Кейінгі жылдары қазақстандық патриотизмге аса мән берілуде. Бүл тұрғыда жазушы Ә. Нүршайықов, Ә. Қалмырзаев, Л. Ахметованың және т. б. енбектерін атауға болады.

Ғалым-педагогтер Н. Қайшыбаева, Д. Қүсайынова, Г. Сламбекова, Е. Жүматаева және т. б. патриоттық тәрбие беруді әдебиет сабағы арқылы сыныптан және мектептен тыс оқу-тәрбие мекемелерінде ұйымдастырудың жағдайларын, мүмкіндіктерін жазса, А. Луначарский, Н. Крупская өз еңбектерінде оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына патриоттық тәрбиенің әсерін қарастырады.

Көпұлтты Қазақстан халқына отансүйгіштік қасиетті қалыптастыратын азаматтық келісім, ұлттық бірлік. Қазақстанды мекендейтін әрбір ұлттың өзінің мемлекет алдындағы міндеті - қоғамдық байлықты, яғни мемлекеттің материалдық базасын нығайту, өмірдегі тату-тәтті тірлікті, азаматтық келісімді жолға қойып, ұлттық бірлікті сақтау.

Жас ұрпақ тәрбиесі Қазақстанның егемендік алып, тәуелсіздік жағдайына ие болғанда өз мемлекеттігін қалыптастыруға байланысты бала тәрбиесін қайта қарау маңызды міндеттердің біріне айналып отыр. "Қазақстан - біздің ортақ үйіміз, біздің өзіміз де, біздің бабаларымыз да осы жерді мекен етеді. Егер біз өзіміздің өмірімізді сынауды білер болсақ, оны жасампаздықпен жаңғыртып, бой көрсеткен әрбір талшыбықты мәпелеп өсіріп отырмасақ, онда біз өзімізді нағыз патриот деп санай алмас едік" деген Елбасы Н. Назарбаевтың сөзі мемлекетіміздің келешегінің тұтқасын ұстайтын жас ұрпақты осы бастан Отанына, атамекеніне шын берілгендік рухында тәрбиелеуден артық борыш жоқ екендігін көрсетеді.

Патриоттық тәрбиені ойға алғанда бірінші санаға Отан түсінігі келеді. Отанға құрмет көрсету тұрғысындағы патриоттық сезім жалпы адам баласына тән туған түйсік-қасиет, оның еліне, туған жеріне, өз тілі мен мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын, қуаттап-қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады. Патриоттық сезімнің нысаны мен қайнар көзіне Отан, туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі ұлттық құндылықтар жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдістемелік негіздері
Мектепте халық педагогикасы құндылықтары негізінде оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу үрдісі
Сабақта оқушылардың отансүйгіштік сезімін, түсінігін қалыптастыру
Әдебиеттік оқу пәнінен отансүйгіштік, елжандылық бағытындағы тапсырмалар
Арнайы мамандандырылған спорт мектептерінде қазақ күресі арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу мазмұнын жасап, ұйымдастыру әдістерін ұсыну
Бастауыш сынып оқушыларына отансүйгіштікті қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі сабағы арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу
Жоғары оқу орындарында оқыту процесінде студенттердің отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Балабақшадағы патриоттық тәрбие
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ НЕГІЗІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz