Еңбек және саналы іс-әрекет


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Сана және өзіндік сана
  2. Еңбек және саналы іс-әрекет
  3. Тіл және адам санасы
  4. Сана және бейсана

Пайдаланған әдебиеттер

САНА ЖӘНЕ ӨЗІНДІК САНА

Сонымен, тіршілік дамуы қоршаған болмыс, дүниені бейнелеуді қамтамасыз етуге арналған жануарлардың төн құрылымын пайда етіп, сол қызметке қажетті ағзаларды жікке салды. Бейнелеу қызметінің сипаты неге тәуелді? Неліктен бір жағдайда ол жеке қасиеттерді қабылдайды да, екіншісінде затты тұтастай бейнелейді? Бұл жануарды қоршаган дүниемен байланыстыратын сол жануардың әрекет-қылығының обьектив құрылысына тәуелді. Тіршілік жағдайының өзгермелілігіне жауап бере отырып, жануардың дене құрылысы мен әрекеті де өзгеріске келеді, соның салдарынан психикалық бейнелеудің жаңа формаларының туыңдауына себепші тән мүшелері мен олардың қызметі өзгерген биологиялық талаптарға орай икемдеседі. Жануар психикасы мен әрекстінің және адам іс-әрекеті мен санасының сапалык ерекшеліктері томендегідей:

1. Жануарлар әрекет-қылыгының бәрі адам іс-әрекетінен өзінің тікелей биологиялық, табиғи сипатымен ажы-ратылады, яғни жануар әрекеті тек тіршілікке қажет затқа байланысты әрбір, табиғатта болған инстинктік қатынас шеңберінен аса алмайды. Осыған орай тіршілік иесінің шыңдықты психикалық бейнелеу мүмкіндігі шектеліп, өзіне биологияльгқ тараптан қажет болған заттардың қасиеттері мен сапаларын ғана қабылдау қабілеттеріне ие. Сондықтан да жануарларда заттарды сол күйінде тұрақты, объектив бейнелеу тәсілі қалыптаспаған. Қоршаған ортаның барша заттары олар үшін инстинктік қажет аймағында ғана танылуы мүмкін.

2. Жануардың өзі тектес тіршілік түрлеріне қатынасы басқа тысқы объекттерге, нысандарға қатынасынан бөлектенбейді, яғни жануарларда қоғамдық сезімнің болмауына байланысты бұл қатынас та биологиялық инстинкт сипатында болады. Жануарларда шын жөніндегі еңбек бөліс

атымен жоқ, ал олардың әртүрлі қызметті шеберлікпен орындай алуы табиғи жағдай қажеттіліктеріне орай тума берілген қасиет.

3. Жануарлардың өзара қатынас түрлері олардың "тіліңдегі" ерекшеліктерді де анықтап отырады. Көбіне жануарлар бір-біріне дыбыстар көмегімен өсер етеді Мұндай процестің адамдардың тілдесу қатынастарына ұқсастығы қандай? Әлбетте, қандай да бір сыртқы ұқсастық бар. Бірақ олар ішкі мағыналық тарапынан бір бірінен мүлде басқаша. Адам тілдесу барысында объектив мазмұнды білдіріп, озіне қаратылған ауызша сөзді әншейін бір дыбыс ретінде қабылдап қоймастан, коршаған болмыс шындығын бейнелеген ақпарат деп таниды. Ал жануарлардың дыбыстық әрекеті белгілі мазмұнға сай сараланбай, барша биологиялық қажеттіліктің бәріне бірдей қолданылады (көректі қажетсіну, ұрқу, қорғаныс т. б. ) да, инстинктік, тума бекіген қылықтар шегінен аса алмайды.

Адамның санасының пайда болуы мен оның сипаты психика дамуының ең жоғары, жаңа сатысынан дерек береді. Жануарларға төн психикалық бейнелеуден саналық бейнелеудің айырмашылығы бұл заттасқан шындық болмысты бейнелеу. Ішкі психикалық құбылыстардың болуы, әлемнің субъектив бейнеге енуі адам психикасының мәңгі зерттелетін сыры (А. Н. Леонтьев) .

Сана психикасының ерекше сапалық формасы тіршілік эволюциясында өзінің ұзаққа созылған тарихына ие болғанымен, ол алғашқы рет еңбек пен қоғамдық қатынастарға түскен адамда ғана пайда болды. Адамның саналы әрекетінің үш айрықша белгісі бар.

Олар:

1) адамның саналы іс-әрекеті биологиялық себен-салдармен байланысы жоқ. Кейбір жағдайларда адам биологиялық қажеттікке бойұсынбай, оған қарсы шығады. Мысалы, ерлік пен жан пидалылыққа бару;

2) Адамның саналы әрекеті жануарлардагьщай заттың сыртқы көрінісімен ғана қанағаттанбастан, оны тереңірек, жан-жақты тануға бағытталады. " Адам нақты көрнекіліктен абстрактық бейнелеуге өтіп, объектердің астарлы байланыстарына үңше көз жіберіп, тысқы бейне формасын ғана емес, тереңдегі заңдылықтарын тануға ұмтылады да соларға орай өз әрекет-қылығына бағыт тандайды;

3) Жануар әрекет-қылықтары биологиялық байланыспен бірге, туа беріліп отырса, адамның біліктері мен ептілері қоғамдық-тарих негізінде қалыптасып, олар оқу арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткізіледі.

Яғни адам иелігіндегі әрекет-қылық тәсілдері оның өз тәжірибесінің өнімі емес, өткен еулеттің тарихи-қоғамдық іс-әрекетін игеруден. Адамдагы бұл құбылыс жануарлар болмысында тіпті де болуы мүмкін емес.

Жануар қылығынан мүлде өзгеше, адамның саналы әрекетін калыптастыратын шарттар:

1) тіршіліктің әлеуметтік-тарихи сипаты;

2) өмірдің қоғамдық еңбекпен байланысы;

3) енбек құралдарын дайыңдап, пайдалана білу;

4) тілдік қатьшастың пайда болуы.

Еңбек және саналы іс-әрекет

Сана - адамның барша психикалық қызметіне ортақ қасиетті бейнелеудің ерекше формасы.

Адамның жануардан түпкі ерекшелігі ол қаруды қолданып қана қоймастан, оны дайындау қабілетіне ие. Қару дайындаудың өзі-ақ ежелгі адамның іс-әрекетін түбегейлі өзгертіп жіберді. Қару дайындау ушін болган әрекет енді биологиялық қажетгілікпен (корек, жем қабылдау) гана анықталмайды. Бұл тұрғыдан ол қажетсіз, ал қару дайындаудың шын мән-мағынасы кейінгі аң аулау қажеттілігінен туындайды, яғни бұл іс орындалып жатқан әрекеттің тәсілін білумен ғана емес, сол қарудың болашақта қолданылуын болжай алуға да байланысты. Қару дайындаудьщ қажетті шарты бола тұра, сол білік (болжастыру) сананың ең алғашқы көрінісі ретінде танылады, яғни саналы іс-әрекетгің бірінші формасы.

Қару дайындауға бағытталған іс-әрекет адамның қылық құрылымын түбегейлі қайта қарастыруга алып келді. Жануар қылығы өз қажеттігін қанағаттандырудан әрі асқан емес. Ал қару дайындаушы адамның әрекет-қылығы күрделі сипатқа ие болды. Тікелей қажеттілік қанағаттандыруға бағытталған әрекет ішінен мағынасы болашақта гана көрінетін арнайы әрекеттер бөлініп шықты.

Тіл және адам санасы

Адамның күрделі құрылган саналы әрекетінің қалыптасуына себепші болган екінші шарт - бұл тілдің туындауы еді. Тіл деп қоршаган дүние заттарын, олардың әрекетін, сапасын және объектілер арасындағы қатынастарды бейнелейтін белгілер жүйесін айтамыз. Сөз сөйлеуге қосыла, тілдесудің негізгі құралына айналды, соның арқасында адам ақпарат топтайды, білдіреді, адамдар әулетінің тәжірибесін үйреніп, игереді. Тілдің келіп шығуы жөнінде талай болжамдар мен теориялар айтылған. Біреулер оны рухани өмір көрінісі дей келе, бір Алланың ісі деп таниды. Екіншілер тілді тіршілік дүние эволюциясының нәтижесі деп қарастырады. Ал, енді ғылыми түрде алатын болсақ, тілдің шығу негізін адамның қоғамдық еңбек қатынастарынан іздеген жөн.

Тіл алғашкыда адамдарың еңбек процесінде қарым-қатынас жасау қажеттілігіне байланысты қалыптасты. Бірлікті тұрмыстық іс-әрекетке қатысты екінші біреуге көңіл-күй ғана емес, еңбекке байланысты заттар жөнінде де ақпарат білдіру қажеттігі туды. Ақпараттардың осы алғашқы белгілері: интонация, ишаралар және қарапайым дыбыстар болды. Тек көп мындаган жылдардың етуімен дыбыс, тіл жалпы әрекеттен бөлініп, дербестігіне жетті.

Тіл - заттарды, олардың қозғалысы, сапасы және қатынастарын білдіріп таңбалар жүйесі. ақпарат жеткізуші құрал ретінде адамиың саналы әрекетінің бұлан былайғы өркендеуінде үлкен маңызга ие болды. Осыдан тіл де, еңбекпен қатар, сана қалыптасуының негізгі себептерінің бірі. Тілдің адам өміріне енуі іс-әрекетке өте мәнді болған үш өзгеріс енгізді:

1) -қоршаган орта заттары мен оқиғаларын жеке сөздер мен сөйлемдерге келтіріп, тіл сол заттарды бөліп алып, оларға назар салып, есте қалдыруға мүмкіндік берді, яғни тіл біз танитын дүниені екі есе көбейтіп, ол жөніңдегі ақикатты жадқа бекіту мен адамның ішкі жан-дүние бейнелерін түзуге жәрдемдесті;

2) -тілдегі сөздер белгілі заттарды атап қана қоймастан, олардың мәнді қасиеттерін абстракт танып, қабылданушы затты тиісті категорияларға жатқызуға көмек берді. Осыдан, тілге байланысты дерексіздену мен корытындьшау процесі қамтамасыз етіліп. сөз енді тек тілдесу құралы ғана емес, бейнелеудін сезімдік дүниеден акыл-сана әлеміне келтірілген ойлаудың да жабдыгына айналды;

3) - тіл адамзаттың қоғамдық тарихында жинақталган ақпаратты жеткізудің бірден-бір құралы. Ғасырлар өтуімен қоғамдық тарихи тәжірибедегі ақпаратты ұрпақтан ұрпаққа жеткізумен тіл адамға сол тәжірибені игеріп, жеке басының қолынан келмейтін білім, ептілік пен әрекет тәсілдерін үйреніп алуына жол ашты. Осыдан тілдің пайда болуымен адамда, жануарларда болып көрмеген, психикалык дамудың түбегейлі "жаңа типі өрістеді, тіл сана дамуының ең маңызды, шынайы құралы болды.

Сонымен, сана өзімен қатар еңбек барысыңда пайда болган тілмен бірге жасайды, тілсіз сана жоқ. Сана адамның барша психикалық қызметіне ортақ қасиетті бейнелеудің ерскше формасы. Бүкіл психикалық әрекеттердің бір-біріне ықпалды әсерінің дамуы адамның қоршаган дүниені іштей бейнелеуін қамтамасыз етіп, оның дерексіз моделін түзді.

Жоғарыда айтқанымыздай, жануарлар психикасы олардың сыртқы жағдайларға икемдесу әрекеттерінің барысында дамып барады, ал адамдардың дамуы мен өмірді қайта жаңғыртуы табиғатты қайта түрлендіру процесінде іске асады. Психологияны қызықтыратын жеке сана қоғамдық санамен біртұтас байланыста қалыптасып, өрістеп барады. Әрбір тұлға бейнелеудің саналық формасын қоғам өміріне нақты араласуымен игереді: адам ретінде ол өмірден тыс, қоғамдық қатынастарынсыз жасай алмайды. Осы жасау формасына әтпей, ол адам қоғам мүшесі, азамат деңгейіие көтеріле алмайды.

Қорыта айтсақ, сана психиканы біріктіруші ең жоғары өмір әрекеті формасы, адамның еңбек әрекетіне орай басқалармен тұрақты тілдік қатынасқа келу арқасында қоғамдық тарихи шарттарға сай қалыптасуының нәтижесі.

Сана - бұл қоғамдық болмыс.

Сана құрылымында төрт негізгі сипат байқалады: (А. В. Петровский) .

1) Сана қоршаган дүние жөніндегі білімдердің жиынтық бірлігі, оның- құрылымына барша танымдық процестер енеді: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял.

2) Санада субъекті мен объектінің айырмашылықтары бекиді. Органикалық әлем тарихында тек адам өзін басқалардан бөлектеп, олармен салыстыра алады. Жалғыз адам-ақ тіршілік иелері арасында өзін тануға, яғни психика әрекетінің бағытын өзіне бұруға қабілетті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Іс-әрекет түсінігі және онымен байланысты психологиялық факторлар
Адамның психикалық процестерінің теориялық негіздері
С.Л. Рубинштейн психологиясындағы әрекет оның түрлері, әрекет пен қозғалыс және әрекет пен дағды мәселелері
Мектеп оқушыларының еңбек ету әрекеттерін психологиялық тұрғыдан қалыптастыру
Іс-әрекет ұғымы
Іс-әрекеттің психологиялық құрылымы
Сана және санадан тыс кұбылыс
Іс әрекетке психологиялық талдау
Жануар мен адам психикасының айырмашылықтары
Адам санасының қоғамдық – тарихи сипаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz