Сана психика дамуының жоғары сатысы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе. Жер бетіндегі тіршілік эволюциясының қолы жеткен ең жоғарғы жетістігі -ойлай білетін адамның дүниеге келуі. Адам санасының қалайша пайда болғандығын ғылыми тұрғыдан бірден - бір дұрыс түсіндірген марксизм-ленинизм классиктеріболды Маркс пен Энгельс адамның санасы еңбек ету процесінде пайда болған, адам қоғам мүшесі, сондықтан оның санасы да әлеуметтік-тарихи құбылыс деп түсіндіреді. Адамның еңбек етуі, еңбек құралдарын жасап, оны пайдалануы оның санасының дамуына зор ықпал жасады. Адамды жаратқан да осы өндіруші еңбек. Еңбек ету арқылы ол өзінің түрлі тіршілік қажеттерін қанағаттандырып қана қоймай, айналасындағы дүниені тани түсуге де мүмкіндік алды. Еңбек ету арқылы адам тек материалдық игіліктерді өндіріп қана қоймай, ол өзінің сана-сезімін, ойлау қабілетін, психологиясын да қалыптастырды.

Алғашқы адамдар топтасып өмір сүрді. Кейін келе олар еңбек құралдарын бірлесіп істеп, оны бірлесіп пайдалана бастады. Еңбек адамзат қоғамының тууына, еңбектегі ұжымдық байланыстың тууына жағдай жасады.

Еңбек құралдарын жасау, онымен пайдалану адам организмінің анатомиялық құрылысына үлкен өзгерістер енгізді. Мысалы, біртіндеп омыртқа жотасы өзгеріске түсті, мойын омыртқалары ерекше жетілді, бас сүйегінің формасы мен көлемінің өзгеруі ми қабығы клеткаларының күрделенуіне мүмкіншілік туғызды. Сондай-ақ, олардың бет әлпеті (иек, таңдай, көмей, тіс, ерін, т. б. ) күрделі өзгеріске түсті. Сөйтіп, адам еңбек ету процесінде сыртқы ортамен белсенді қарым - қатынас жасай отырып, бірте - бірте өз табиғатын да өзгертті, біртіндеп оның сана - сезімі өсе бастады. Еңбепен айналысу психиканың материалдық негізі мидың, ми сыңарларының еркше дамуына, дыбыст тілдің пайда болуына ықпал етті, мұның өзі тіршілік қажетіне байланысты шықты. Сөйлеу әрекетінсіз адамдардың бірлесіп еңбек етуі мүмкін болмас еді. Осылардың нәтижесінде біртіндеп адамға тән психикалық процестердің (ойлау, ерік, қиял, т. б. ) мазмұны кеңейіп, қалыптаса бастады. Адамның бес сезім мүшесінің пайда болуы Маркс айтқандай, бүкіл дүние жүзілік тарихтың жемісі болды. Қоғамдық - тарихи тәжірбие негізінде адамның музыкашыл құлағы, табиғаттың көркемдігін көре білетін көздері, сезімтал талғамы және басқа сезім органдары дамып жетілді. Бұл жағдай адамның өзіне, табиғат және өзін қоршаған басқа адамдарға қатынасын сезінуге, алдына мақсат қоя білуге мүмкіндік жасады. Осы факторлардың барлығы жиналып келіп мидың одан сайын дамуына әсер ете берді. Сөйтіп, еңбек процесінде дамып қалыптасқан адам санасы жоғары дәрежеде ұйымдасқан материяның (мидың ) ерекше қасиеті, яғни мидың жемісі болып шықты.

Саналы процестермен қатар санадан тыс құбылыстардың да болатынын, бұған түрлі инстинктік амалдар, соқыр сезімдер, ырықсыз қозғалыстар (ұйқысырап сөйлеу, ұйқы кезінде жүру, гипнозға илану, түс көру т. б. ) жатады.

Сана - адам танымында объективті шындықты идеалды идеалды түрде бейнелеудің формасы. << Сана дегеніміз, - деп жазады К. Маркс - ең таяу ортаны тану және өзін түсіне бастаған индивидтен тыс басқа адамдармен және заттармен арадағы шектеулі байланысты тану болып табылады>>. Сана жек адамға тән дара қасиет. Адамда жек санамен қатар өмір сүрген ортасына байланысты қалыптасқан қоғамдық сана да болады. Бұл екеуі бірімен - бірі тығыз байланысты. Жек адам санасының мазмұнына қоғамдық сана ықпал жасап отырады. Адам санасының осы екі түрін де қоғамдық болмыс белгілейді. Экономикалық

(өндірістік ) қатынастарының өзгеруіне ілесе, адамның санасы да өзгереді. Сананың дамуы сыртқы ортадан тәуелді болып отырады дейтін түсінікті ғылымда детерминистік (белгілеу, анықтау ) принцип деп атайды. - адам танымында объективті шындықты идеалды түрде бейнелеудің формасы. Сана адамның өз болмысы мен қоршаған ортаның мән жайын, мазмұнын, ұғымын білуге белсенді қызмет атқаратын психологтық процестердің (түсіну, сезіну, қабылдау, ойлау, т. б. ) заңды нәтижесі болып табылады. Сана негізінен жеке адам санасы және қоғамдық сана болып екіге бөлінеді. Адамдардың тіршілік - тынысымен, қоғамдық -өндірістік іс- әрекетімен бірге қалыптасып дамйды. Сана құбылыс ретінде екі негізгі деңгейден тұрады. Ол сезімдік -рационалдық және эмоционалдық сезімдік болып бөлінеді. Бірінші деңгейге танымдық мүмкіндіктер білімдер мен ақпарлар жатады . Эмоционалды құндылық деңгейге сүйіспеншілік, жеккөрініш, қуаныш, қайғы, құмарлық эмоциялардан тұратын басқа да сезімдер жатады. Сананың қоғамдық қырын әлеуметтік өмірдің жалпы адамзаттық идеяларын айқындайтын құндылықтар құрайды.

Ғылымның ақиқаты рақымдылықты мақсат етуі, адамдар арасындағы қатынастардың әділеттілікке, адалдыққа, адамгершілікке ұмтылуы, өнердің сұлулықты қалауы қоғамдық сананың негізгі сипаттары. Сыртқы және ішкі жағдайлардың әсері адамды саналы немесе бейсаналы әрекеттерге итермелеп, қоғамдық жағдайға сай, тұлға болып қалыптасу барысында адамның санасы дамып қалыптасады. Адамның қоршаған ортаны игеру, тану мақсатындағы әрекеті барысында бұрыннан жинақталған тәжірбиелер мен біліміне сүйенеді. Осындай саналы әреккетке бағыттайтын рухани қазына, мәдениет, мораль, дін, өнер, қоғамдық психология адамдың қоғамдық санасының жемісі болып табылады. Сана - бұл қоғамдық болмыс. Сана құрылымында төрт негізгі сипат байқалады: (А. В. Петровский) 1) Сана қоршаған дүние жөніндегі білімдердің жиынтық бірлігі, оның құрылымына барша танымдық процестер енеді: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял. 2) Санада субьекті мен объектінің айырмашылықтары бекиді. Органикалық әлем тарихында тек адам өзін басқалардан бөлектеп, олармен салыстыра алады. Жалғыз адам - ақ тіршілік иелері арасында өзін тануға, яғни психика әрекетінің бағытын өзіне бұруға қабілетті. 3) Мақсат болжастыру әрекетін қамтамасыз ете алады. Адам табиғат берген заттың формасын өзгертеді, сонымен бірге өзін өзгерту ісін заңдық сипатқа ие саналы мақсатпен ұштастырып, іс - әрекетінің сипаты мен тәсілдерін алдын - ала белгілейді, ерік күшіне бағындырады. Осыдан сана қызметі: мақсат қалыптастыру, себеп - салдарын анықтау, еріктік шешім қабылдау, іс - әрекеттің орындалу жолын айқындау т. б. 4) Сана құрамында әрекетке орай қатынастар орнығады. Адам санасы міндетті түрде өз ішіне күрделі объектив, ең алдымен адам қатысқан қоғамдық қатынастарды бейнелейтінсезімдер жүйесін қамтиды. И. М. Сеченов, - есейгенде адамның өз санасының актілеріне сын көзбен қарауға, яғни өзінің бүкіл ішкі дүниесін сырттан келіп қосылатын барша құбылыстардан бөліп қарауға, оны талдауға және сыртқымен қатар қоя қарауға (салыстыруға) - бір сөзбен айтқанда, өз санасының актін зерттеуге мүмкіндік беретін өзіндік сана - сезім туады. Сананың негізгі қасиеттері Сана психика дамуының жоғары сатысы ретінде, ең алдымен, жалпыны және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Жалпыны білу адамның болмыста мейлінше дұрыс бағдар ұстауын қамтамасыз етеді, істі біліп әрект жасауына, өзін дұрыс алып жүруіне мүмкіндік береді. Жалпыны біле отырып адам әрбір жек міндетті практикалық тұрғыдан шеше алады. Жеке адамның санасы мен қоғамдық сана диалектикалық бірлікте болады. Жеке адам санасы оның болмысын ғана бейнелеп қоймайды, сонымен қатар адамзат жинақтаған білімді меңгеру нәтижесі де болып табылады. Екінші жағынан, қоғамдық сана жеке адамдар мен бұқара көпшіліктің шығармашылық іс - әрекетінің нәтижесінде қалыптасады. Сана адамның шығармашылық қабілеттілігінен көрінеді. “ Адам санасы объективті дүниені бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар оны жасайды. ” Хайуан еш нәрсені де орната алмайды. Егер ол өзі мекендген жердің жағдайын өзгертсе оны саналы түрде түсініп істемейді, оның тіршілік етуі соған жеткізді. Адам дүниені саналы түрде өзгертуге талаптанады, оны өз қажетіне бейімдегісі келеді, тіпті ол табиғаттың жеке элементтерінен табиғатта кездеспеитін жаңа заттар жасайды. Шығармашылық адамның бүкіл Жерді мекендеуіне және ғарышқа да жол табуына мүмкіндік береді. Адам сана - сезімінің қалыптасуындағы сөз бен қарым - қатынастың ролі.

Ф. Энгельс сананың қалыптасуында сөздің қаншалықты үлкен маңызды роль атқарғанын атап көрсеткен болатын . Сірә, адамның ең берідегі ата - бабалары психофизикалық жағынан өте жоғары дәрежеде дамығандықтан, басқа жануарларға қарағанда дыбыстық белгілерге көбірек жүгінсе керек . Сөйлеу белгілері жоғарғы нерв қызметін жетілдіреді, соның нәтижесінде жануарларда болмайтын екінші сигналдық жүйе қалыптасады.

Сезім - адам бойындағы түрлі психикалық құбылыстар күнделікті өмірде ашығу, шөлдеу, ауырсыну, жағымдылық пен қайғы, ұнату мен жек көру, шошу, ұялу, шалқу, таңдану; торығу мен жайдарлану сезімдері байқалады. Сезім ұзақтығы мен қарқыны, деңгейі мен сипаты, табиғаты мен мазмұны жағынан әр түрлі ( бір сәттік тербеністер күнделікті құштарлыққа, үстірт эмоциядан терең де тұрақты сезімге дейін) және өзара байланыстары күрделі құбылыстарды қамтиды. Сезім органдары ( organum sensum, лат jrganon - мүше sensuum - қабылдау, сезу ) сезім мүшелері адам мен жануарлар организмінің ішкі және сыртқы ортаның әр түрлі әсерлерін қабылдап, мидың сезімтал орталықтарына жеткізетін талдағыштардың шеткі бөлімі, яғни рецепторлар. Рецепторлар денеге әсер етуші тітіркендіргіштердің белгілі бір нақты түрін ғана қабылдауға бейімделген. Орналасу орнына байланысты рецепторлар екіге бөлінеді олар экстерорецепторлар және интерорецепторлар болып бөлінеді.

Экстрорецепторлар қоршаған сыртқы ортадан келетін тітіркендіргіш әсерлерін ( дәм, иіс, жанасу сезімі, көру, есту, т. б. ) Интерорецепторлар - ішкі органдарда, қан және лимфа тамырлары қабырғаларында орналасып, осы органдардағы тітіркеністерді қабылдайды

Сезім жөнінде түсінік

Қоршаған ортада кезіккендердің бәрі адамда оларға деген қандай да бағамдау қатынасы мен сезімдер пайда етеді. Олардың бірі ұнап - қуантса, екіншісі - қапаландырып, жеккөрушілік тудырады. Сезім түрі сан-алуан. Төңіректегі нысандардың жеке қасиеттері мен сапаларының өзі де адамның белгілі сезіміне себепші болады, мысалы, түсі ұнамайды, дауысы жағымсыз, дәмі татымсыз т. с. с. Өмір жағдайлары мен тұрмыс оқиғалары күрделірек сезімдерге себепші келеді. Сезім ауқымы өте кең:өкініш пен қанағаттану, қуаныш пен қорқыныш, таңдану мен жиіркену - мұндай сезім түрлерін шексіз келтіруге болады . Сезім - бұл адамның қоршаған болмыс заттары және құбылыстарымен қатынас жасауынан туындаған әрқилы формада көрініс болатын толғаныс, күйзелістері. Адам сезімі тіршілік үшін керекті де пайдалы қасиет. Толғаныссыз өмір - өшкен өмір. Ұлы ғұлама Ә. Науаи «Сезімсіз адам- кесек, махабатсыз адам - есек», - деген екен. Көп сезімдерге адамның өзі құштар. Егер сол сезімдер қандай да себептермен болмай қалса адам «эмоциялық ашырқауға» келіп, оның орнын толтыру үшін ән - күй тыңдайды, әсерлі фильмдер көріп не қиял ғажайып оқиғалы кітаптар оқиды.

ХVIII-XIX ғасырларда бұл сұрақ төңірегінде ортақ көзқарас пайымдалмады, дегенмен интеллектуалистік теория бағыты кең өріс алды. Бұл бағыт мәні - адамдағы барша органикалық көріністердің негізі психикалық құбылыстардан деген тұжырымнан шығарылды. Неміс психологы Гербарттың ұйғарымы бойынша барша сезімдік дүниенің ірге тасы елестер деп саналды. Бұл теорияға орай сезім - елестер арасындағы байланыстарға сай қарама - қайшылықтарға жауап ретінде жүзеге келеді. Мысалы, дүниеден өткен адамның бейнесін тірілермен салыстырудан қайғы пайда болады. Өз негізінде бұл кейіп ырықсыз көз жасын төгуге не жалпы қасіретті күй білдіруші әрекет - қылыққа себепші болады.

Неміс ғалым В. Вундт осы бағытты қолдады, бірақ оның тұжырымдары эклектикті болды. Оның пікірінше эмоция - бұл алдымен сезімнің елес жүрісіне тікелей ықпал етумен сипатталатын адамның ішкі өзгерістері, ал кей жағадайда, ішкі өзгерістердің сезімге әсері, ал органикалық процестер - эмоцияның салдары ғана.

Эмоция қазіргі заман тарихы У. Джемстің 1884 ж. Жарияланған «Эмоция деген не» атты мақаласынан басталды. У. Джемс және бұған байланыссыз Г. Ланге пайымдаған теория бойынша:сезімнің туындау себебі - сыртқы ырықты қозғалыстар, сонымен бірге, ішкі ырықсыз жүрек толғаныстарынаң болатын адамның кейіп өзгерістерінен. Осы өзгерістерден туындайтын адам әсерлерінің бәрі- эмоциялық күйді танытады. «Біздің қайғыруымыз - жылағанымыздан; қорқуымыз - қалтырауымыздан; қуанғанымыз - күлгенімізден >> (У. Джемс) . Сонымен, эмоция салдары болған дене шетіндегі (перифериялық) органикалық өзгерістер, ғалымдардың ойынша, сезімдер себебіне ауысады. Осыдан эмоциялардың ырықты реттелуінің қарадүрсін түсініктемесі беріледі:мысалы, ұнамды эмоцияға тән әрекеттерді әдейі жасаумен қажет болмаған қасірет сезімін басуға болады- мыс.

Джемс - Ланге тұжырымы бірнеше қарсы көзқарастар пайда етті. Негізгі сын айтқан У. Кеннон; әртүрлі сезімдерге байланысты жауап әрекеттер бір - біріне өте ұқсас, сондықтан олар адамның сан - алуан эмоциялық қасиеттеріне сай келе бермейді. Мысалы, қазақ келісу сезіміне орай басын изейді, ал болгар - шайқайды; африканың бір тайпа өкілдері сүйген адамының бетіне түкіретін көрінеді. Сонымен бірге, адамның әдейі істеген жасанды әрекеттері қажетті көңіл - күйді бере алмайды. Кейде, мысалы, жағдайға орай «молдамыз» шығып, сіресе бағып, соңына шыдай алмай, күліп жіберуіміз осыдан.

Психологтардың үлкен тобы сезімді жай - күйлік қалып аймағынан шығарып, дененің әсер еткен жағдайға, оқиғаға болған жауап әрекеті деп танағанды жөн көреді. Мұндай түсінік Ч. Дарвин еңбектерінде де берілген. Эмоциялық әрекеттердің көбі өздерінің пайдалы болуымен қажет, мысалы, жануар қаһары жауын қорқыту үшін керек, немесе олардың кейбірі өткен эволюциялық дамудың бір кезеңінде қажет болған әрекеттердің нәсілден нәсілге ауысып келе жатқан қалдығы. Мысалы, алақанның қорқыныштан дымқылдануы бір уақыттары біздің маймыл тектес бабаларымызға қауіп - қатер төнгенде ағаш бұтақшаларын берік ұстауға жәрдемін тигізген. Кейін бұл теорияны Э. Клапаред жалғастырды. Ол «қандай да бір сезімнің туындауы - адамның кезіккен жағдайға икемделе алмауынан. Егер адам қашып, құтыла алатын болса, ешқандай қорқыныш сезіміне түспейді», - деп жазады.

Ендігі бір оқшауланған теориялар тобы сезім табиғатын адамның ақыл - ой(когнитив) мүмкіндіктерімен байланыстырады. Олар ішінде Л. Фестингердің сана үйлесімсіздігі теориясы өз алдына. Бұл көқарастың мәні:адам бір нысан жөнінде біріне бірі психологиялық қарсы екі пайым ортасында таңдау ете алмай, күйзеліс эмоциясына түседі, яғни санадағы «білімдер» үйлесімсіздігінен жағымсыз сезім пайда болады. Ал іс - әрекеттің нақты нәтижесі мен көзделген ниет өзара сәйкес келсе, адамда жағымды сезім туады. Ақыл - ой үйлесімсіздігінен құтылудың екі жолы бар:1) өз ниетіңді шындыққа сәйкес өзгерту; 2) ниетке сай болатындай әрекеттің жаңа жолдарын іздестіру. Сонымен, когнитивтік теория адамның сезімдік кейпін оның әрекет, қылықтарның негізгі себепшісі ретінде қарастырады.

Сезім ерекшеліктері

Адам сезімі дара тұлғалық қасиет. Осыған орай әр адам нақты жағдайда бір зат не құбылысқа өзінше баға беріп, белгілі бір, екінші адамдағыға ұқсамайтын көңіл кейпіне беріледі. Аш адам мен тоқ адамның бір тағамға болған әр түрлі қатынасы осыдан. Еске түскен заттар не оқиғалардың да бағамының бірдей болмауы да осы себеппен түсіндіріледі:әдетте, қуанышты жағдайда араласқан объекттер(адам, зат, оқиға) жылы сезіммен еске алынады. Әрқандай сезім жеке тұлғаның мәнді сипатын білдіреді.

Сезімдер адамның қоршаған дүниеге қатынасын ғана білдіріп қоймастан, ол жөніндегі ақпарат көзі болып та табылады. Бұл тұрғыдан нысан бейнесі эмоцияның танымдық тарапы болады да, ал сол мезеттегі адам кейпі сезімнің субъектив элементін танытады.

Сезімдер адамның қасиеттерімен тығыз байланысты. Субъекті қажеттілігі және сол қажеттілкті қанағаттандыруға бағытталған ерекше қызметіне орай сезімдер екі ірі топқа бөлінеді. Біріншісі - қажет заттардың объектив мазмұнына жаңа, айрықша мән қосып, оларды қанағаттандыру әрекетінің сеп - түрткісіне айналдырушы сезімдер. Мұндай толғаныстардың пайда болуы үшін аса қажетсіну және оған сай заттар қолда болуы керек. Көңіл-күй серпінісі қажет-тілікпен үйлесе келе, іс-әрекеттің бастауын береді, оған ынталандырады және бағыт-бағдарлы жетекшісіне айналды.

Осылайша, мұндай сезімдеріс- әрекетпен сәйкестікке түседі. Бұл эмоциялар психологияда жетекші ниеттер аталған .

Екінші эмоциялық құбылыстар тобына - жетекші ниет, бұған басталғанішкі не сыртқы іс - әрекет ізімен туындайтын сезімдер кіреді. Бұндай сезімдік толғаныстар әдейі немесе ырықты деп аталады.

Сезімдердің өзіндік ерекшелігі олардың қарама - қарсылықты сипатынан көрінеді. Мұндай сипат қарапайым әсерленуге де (рахаттану, қысылу), сондай -ақ күрделі толғаныстарға да (ұнату-жеккөру, қуаныш-мұң, көңілді-қайғылы, т. б. ) тән.

Сезімдерге ғана тән аса маңызды сипат - олардың бірігімді (интегралды) келуі. Сезім бүкіл денені билеп, адам кейпін ерекше әсерге бөлейді. Барша дене қызметтерінің басын бір сәтте біріктірумен сезім өздігінен организмге пайдалы не зиян әсердің хабаршы қызметін атқарады. Сезімдік сигнал әсер орны мен дененің жауап әрекеті айқындалмай жатып та санаға жетуі мүмкін.

Сезімдердің тағы бір маңызды ерекшелігі - олардың денедегі тіршілік әрекеттерімен тікелей байланысты болуы. Сезім ықпалынан адамның ішкі тән қызметі өзгеріске түседі: қан айналымы, дем алыс, ас қорыту, ішкі және сыртқы секреция бездері. Шектен тыс ұзақ уақыт және қарқынды болған көңіл - күй толғаныстары организмді сырқатқа шалдықтырады: қорқыныш - жүрек ауруларына соқтырып, ашу - бауырды, жабырқау мен мұң - асқазанды бұзады (М. И. Аставацатуров) . Сезім әрқашан қозғалыста болып, тұрақты және ауыспалы элементтердің тұтастай бірлігінен құралады. Бұл сезім желісінде, бір жағынан - бір ізді қысқа мерзімді толғаныстар құрылымын: пайда болу, өрбу, шыңына жету, сөну, екінші жағынан - әртүрлі толғаныстар түйдегінен түзілген ұзақ мерзімді сезімдер құрылымын айыруға болады. Барлық сезімдер бір - біріне қайшы келген екі бағытта берілнді деген В. Вундт олар: сүйсіну - жеркену, қозу - тыншу, көңілдену - мұңаю, т. б.

Адамгершілік сезімдер қоғам талабына орай адамның өз мінезінің лайық не лайық еместігін сезінген көңіл - күйін білдіреді. Адамгершілік сезім моральдық сезім деп те айтылады. Мораль сөзінің мағынасы адамгершілік. Адамгершілік сезім қоғамның тарихи дамуына байланысты. Адамгершілік сезім кісінің өткен өміріндегі елестеріне, мақсат - міндеттеріне жүзеге асыруы мен идеаларына және дүниетанымдық көзқарасы мен қоғамдық іс - әрекет түрлеріне байланысты болып келеді.

Адамның жоғары деңгейдегі сезімдерінің қалыптасып, дамып отыруы ең алдымен өзінің жеке басына деген жауапкершілікті сезінуінде жатыр. Екіншіден, ол отбасындағы тағылым - тәрбиеге, мектеп пен қоғамдық ұйымдардың қамқорлығына орай өрістейді.

Сезім түрлері

Адам сезімінің көріністері әрқилы: қарқынды да ұзаққа созылған, созылыңқы, бірақ әлсіз(қайғы) ; күшті, бірақ қысқа мерзімді(қуаныш) - болуы мүмкін. Сонымен бірге, сезімдер тереңдігі, саналылығы, тектілігі, пайда болу және сөну шарттары, денеге әсері, даму желісі, бағыты, көріну тәсілі т. б. жағынан әрқилы сипатты келеді. Сезімнің ішкі жайылу аймағы мен сыртқы әрекеті де бірдей емес.

Субъектив толғаныстарға байланысты сезімдер екі топқа бөлінеді:тіршілік қажеттіліктерді қанағаттандырып, рахатқа бөлеуші ұнамды сезімдер; тіршілік қажеттіліктердің орындалмауынан қанағаттанбау кейпіне түсіретін жағымсыз сезімдір. Орындалып жатқан адам қажеттіліктердің деңгейіне орай сезімдер қарапайым және күрделі келеді. Қарапайымдар- ашу, қорқыныш, уайым,

қызғаныш, күндеушілік т. б. ; күрделілері - моральдық, эстетикалық және отан сүйгіштік.

Көріну әлпетіне орай барша эмоцияналдық қалыптар келесідей түрлерге жіктеледі:көңіл- күй, кейіп, эмоция, аффект, стресс,

фрустрация, құмарлық, жоғары сезімдер.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психика мен сананың дамуы
Психика мен сана дамуы
Сана мен бейсана
Әрекет акцепторы
Психика және сана
Психиканың жалпы сипаттамасы
Психология ғылымы туралы түсінік, Психологияның әдіснамасы мен зерттеу әдістері. Психика және сана, Іс-әрекет психологиясы, Қарымқатына, . Тұлға психологиясы Ұжым-топтар
Сана - психика дамуының сапалы ерекше түрі
Салыстырмалы психологияның даму тарихы
Жасөспірімдердің психикасы мен санасының дамуын анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz