Сана мен бейсана



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе

І Психика туралы жалпы ұғым.
І.1. Психика эволюциясы.

Негізгі бөлім.
ІІ. Сана – адамға ғана тән,
ІІ. 1. Сана – психика жамуының жоғарғы сатысы.
ІІ.2. Сана мен бейсана.
ІІ.3. Өзіндік сана.

Қорытынды.

Пайдаланған әбедиеттер тізімі.

Кіріспе
Ерте замандардан бастап адам баласының назары, ақыл-ойы өзінің
маңындағы дүниенің сырын танып білумен бірге, өз денесінің, ішкі
дүниесінің, ақыл-ойы мен іс-әрекетінің, тіршілік бейнесінің құпия сырларын
ашып білуге ұмтылған. Біздің дәуірімізге дейінгі бірнеше мыңдаған жылдар
бұрын Шығыс елдері Мысыр мен Үндістанда, Қытай мен өзге елдерде адам
баласының мәдениеті өсіп, дамып, осы заманғы ғылыми білімнің бастапқы
іргетасы қалана бастаған. Қоғамның дамуына орай өндіріс күштері өсті,
әлеуметтік өмірде таптар пайда болды. Алғашқы құл иеленушілік мемлекет
құрылды. Қоғамда адамдардың әрқилы наным-сенімдерге негізделген көзқарасы
қалыптасты. Мұндай көзқарастар тек діни нанымдарға ғана негіз болып қоймай,
адамның жан дүниесі туралы табиғи-ғылыми көзқарастардың туындауына да
себепші болды.
Ертедегі Шығыс елдерінде, сонан соң Ежелгі Грецияда адамның тәні
мен жанының сырын білуге ден қойылды. Адам тіршілігінің негізі - қан
айналысына ерекше мән берілді. Тіршіліктің негізі — қан айналымындағы
сұйықтық және ондағы кұрам деген түсінік қалыптасты. Ертедегі Кытай
медицинасында б.з.д. XIII ғасырда денені басқарушы жүрек қызметі деп санап,
ол ауа тектес нәрседен жаралған деді. Ондай нәрселер организмде тегі бөлек
заттармен қосылып, адамның физиологиялық тіршілігімен бірге психикалық
қызметін де реттеп отырады, мұндай тіршілік адамның сөйлеу қабілетін
оятып, ойын дамытады деген тұжырым жасалды. Адамның ойын жүрегі билесе, ал
оның сезімдік қызметін бауыры атқарады деп түсінілді.
Б. з. д. VI ғасырда Үндістанда адамның жан дүниесі жайындағы діни
нанымдарға негізделген джайнизм мен буддизм бағыттары кеңінен тарады. Бұдан
кейінгі кездерде Үндістанға философиялық мектептер жан туралы түсініктерді
метафизикалық-әдептік мақсаттарды дәріптеуге пайдаланды. Бұл бағыт келесі
дәуірлерде түрлі жолға түсіп, жан дүние сырын адамның даралық
ерекшеліктеріне орай түрліше түсіндірді. Ал иога бағытын ұстанушылар
шындықты танып білу үшін адам бойындағы психикалық қасиеттердің жасырын
сырларын жеңе білу керек деп уағыздады. Ертедегі Үндістан ғұламаларының
пікірінше, адамның, өз ішкі дүниесінің сырын меңгеріп, оның даралық
ерекшелікгерін әдептік (этикалық) жағынан іздестіріп білуге ұмтылғаны
осыдан айқын байқалады.
Ерте дәуірдегі Қытай елінде кеңінен таралған философиялық — діни ой-
пікір әйгілі ғұлама Конфуцийдің (б. з. д. 551—479 жж.) есімімен байланысты.
Оның іргесін өзі қалаған мектебі конфуцияндық деп аталады. Конфуцийдің
пікірінше, адамның білімі мен психикалық сапалары — туа берілетін қасиет.
Адам жаратылысынан қайырымды болып туады, бірақ оны дұрыс жолдан тайдырып,
бұзатын — сыртқы орта. Сондықтан, ол өз бойындағы сырттан әсер еткен знянды
қасиеттерден арылу үшін адам өзінің ішкі дүниесіне терең бойлап, ақыл-
ойының кемелдене түсуіне бой ұрғаны жөн деп үйретеді.
Конфуцийдің бұл пікірін шәкірттері әрі қарай дамытып ел арасына
кеңінен жайды.
Адамның тәні мен психикалық тіршілігінде қан айналу процесінің
айрықша маңызды қызмет атқаратьшдығы туралы пайымдаулар келесі дәуірлерде
Вавилон, Мысыр, Қытай мен Үндістан сияқты ежелгі Шығыс елдерінде де
жалғасты. Мұндай жайттар организм құрылымындағы бөлшектер мен адам
психикасының дамуы туралы жалпы заңдылықтардың бір арнаға келіп құятынын
көрсетеді. Осындай тарихын жағдайлар адамның жан дүниесіне қатысты
мәселенің өте ерте кездерде-ақ адамзат мәдениетінің, дүниетанымы мсн
білімініц философиялық жүйесін, табиғат жайындағы орынды мағлұматтары мен
адам психикасының өзіндік сипаттарын білдіретін ізденіс нәтижесі
болғандығын көрсетеді.
Ежелгі грек жұртының ғұламалары – Гераклит (б.з.д. VІ), Демокрит
(б.з.д. V) жан – табиғаттың бір бөлігі, ол сол табиғат заңына ыңғайланбайды
деген пікірді қолдады. Демокрит психиканы (жанды) оттың атомдарындай
қозғалатын қасиет деп санады. Сонымен, жан туралы алғашкы ілім-психиканы
адам тәнінің қызметі деген бірыңғай материалистік түсінікті тудырды. Сол
заманның ғұлама ойшылы Платон (б. з. д. 427 — 347 жж.) жан-мәңгілік нәрсе,
ол өлмейді, өшпейді деген қорытынды жасады. Ол бұл пікірімен өз заманында
үстемдік құрған билеуші топтың мүддесін қорғап, психиканы түсіндіруде
идеалистік бағытты жақтады. Оның көзқарасы психологиядағы материалдық пен
рухани дүние екеуі бірдей қатар өмір сүреді деген дуалистік көзкарастың
негізін салды.
Ежелгі дүние тарихында айрықша орын алатын энциклопедист ғалым
Аристотель (б. з. д. 384—322 жж.) психологиялық ой-пікірді табиғи негізге
сүйеп, биология мен медицина саласына бағыттады. Ол психика туралы ілімді
одан әрі тереңірек зерттеп, Жан туралы деген еңбек жазды. Аристотель бұл
шығармасында жан дүниесінің (психиканың) әрекетін шындық әдіс арқылы
зерттеп, оны тәжірибеге негіздеп құруды мақсат етті. Психология Аристотель
заманында-ақ дербес сипаттағы ғылым саласына айналғанды. Ол психиканың
тәнмен бірге өмір сүретінін айта келіп, психикалық әрекеттердің басым
кепшілігін материалистік түрғыдан шешті, Платонның психика жайындағы
дуалистік көзқарасын объективтік шындыққа, материалистік бағытқа қарай
бұрды. Сонымен, Гераклит пен Демокриттің Платон мен Аристотельдің жан
жайындағы көзқарастары психологиялық ілімнің келешектегі дамуына ғылыми
негіз болып қаланды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Сана психика дамуының жоғарғы сатысы
ретінде қарастыру.
Зерттеудің міндеттері:
- Психиканың пайда болу себептерін талдау;
Зерттеу обьектісі: Адамның табиғат пен қоғам дамуындағы алатын
орны, адам психикасының ерекшеліктері.
Зерттеу пәні: Психология

Зерттеу әдістері:
- педагогикалық-психологиялық оқулықтар;
- әдістемелік оқу құралдары, нұсқаулар;
- озат педагогикалық технологиялар;
- баспасөз материалдары.

Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан,
әдебиеттер тізімінен тұрады.
І Психика туралы жалпы ұғым.
Сонау ерте замандарда-ақ адам заттық (айнала қоршаған
табиғат, адамдар, әр алуан заттар) және затсыз, дерексіз (әр түрлі адамдар
мен заттардың бейнелері, оларды еске алу, көңіл күйі), түсініксіз тылсым
құбылыстар болатындығына назар аударған. Бұл жұмбақ құбылыстарды дұрыс
түсінуге, олардың, табиғаты мен пайда болу себептерін ашуға мүмкіндігі
болмаған соң, адамдар оларды қоршаған ақиқат дүниеге тәуелсіз, өз бетіншс
өмір сүреді деп санай бастады. Осылайша тән мен жан, материя мен психика
болмыстарының бөлектігі жөніндегі топшылаулар пайда болды. Бұл
топошлаулар принципті түрде кереғар, брін-бірі жоққа шығаратын
философиялық екі бағыт: материализм және идеализм болып калыптасты.
Материализм мен идеализмнің арасында осыдан екі мың
жылдан астам уақыт бұрын басталған тартыс қазір де жүріп жатыр. Бұл ретте
мынаны естен шығармаған жөн егер идеализмнің пайда болуын адамдардың білім
дәрежесін төмендігінен деп түсіндіру; - болатын болса, ал оның күні бүгінге
дейін сақталуы таптық қарама-кайшылықтардан, езуші таптың идеализмді өзінің
билеп-төстеу жағдайын негіздеуге және нығайтуға пайдалану талпынысынан
туады. Адамзат тарихының бүкіл бойында идеализм кертартпалық, ескілік
философиясы болып келеді жылы солай болып та отыр.
Психикалық құбылыстарды идеалистік тұрғыдан түсінудің
мәні психиканың материадан тыс, өз бетінше өмір сүретін болмыс ретінде
қаралатындығында болып табылады. Психика — тәнсіз, материялсыз негіздің —
абсолютті рухтың, идеяның көрініс беруі, — дейді идеалистер. Тарихи
жағдайларға байланысты идеализм өз ұсқынын өзгертеді, бүркемелене түседі,
бірақ мәні өзгермей сол күйінде қалады.
Психиканың материалистік тұрғыдан түсінудің идеализмге
қарама-қарсылығын психиканың материядан шығатын екінші
кезекті кұбылыс, ал материяның бірінші кезекті, субстрат (негіз),
психиканың иесі ретінде қаралатындығында.
Материяның бірінші және психиканың екінші - кезекті екендігін
психиканың материяның дамуының белгілі бір кезеңінде ғана пайда
болатындығымсн нанымды дәлелдеуге болады. Жер бетінде психикаға не
тіршілік иелері пайда болғаиға дейіи жасы миллиардтаған жылдармен
есептелінетін өлі табиғат болған.
Материалистік ілім бойынша психика айрықша ұйымдасқан
жоғары дәрежелі материя — мидың қасиеті ретінде ұғынылады. Ал психиканың
шынында да ми қызметінің нәрі, оның ерекше қасиеті екендігі жануарларға
жасалған көптеген тәжірибелер және адамдарды клиникалық жағдайда байқаумен
дәлелденуде. Мәселен, мидың белгілі бір зақымдануы кезінде психика міндстті
түрде өзгсріске ұшырайды және оның мидың қай учаскесіне байланысты екенін
анықтауға болады: егер мидың сол жақ сыңарының шүйделік бөлігіндегі қыртысы
зақымданса,
адамның кеңістікте бағдар жасауы бұзылады, ал мидың самай бөлігі
зақымданғанда сөзді, музыка әуендерін қабылдау (түсіну) бұзылады. Осындай
және басқа да көптеген мысалдар психиканың ми қызметімен бірлікте екенін
көрсетеді.
Ми қызметінің жаратылыстық ғылыми талдауы И.М.Сеченев пен И. П.
Павловтың енбектерінде берілген.
И.М.Сеченев Ми рефлекстері (1863) деген еңбегінің өзінде-ақ,
психикалық кызмет — рефлекторлық немесе бейнелендіргіш қабілеті бар кызмет
деп жазған болятын. Ол психиканың рефлекторлық табиғатын аша келіп, адам
миының рефлекстеріне үш буынның енетінін көрсетті. Бірінші, бастапқы буын –
сезім мүшелерінде сыртқы әсерден туған қозу. Екінші, орталық буын — мида
өтетін қозу және тежелу процестері. Солардың негізінде психикалық
құбылыстар (сезіну, елестеу сезімдер және басқалар) пайда болады. Үшінші,
соңғы буын — сыртқы қозғалыстар және адамның әрекеттері. Осы буындардың
барлығы өзара байланысты және бір-біріне өзара себепкер.
Сеченев ұсынған қағидалардың манызы аса зор: біріншіден,
психикалық құбылыстарға сыртқы әсерлердің ссбепші болу
жайы ашылады; екіншіден, психика ми қыртысында өтетін қозу мен тежелудің
физиологиялық процесінің нәтижесі ретінде қаралады, үшіншіден, психика
сыртқы қозғалыстарды және тұтас алғанда мінез-кұлықты реттеуші ретінде
қаралады.
Бұдан кейін ми қызметінің рефлекторлық теориясы мен психиканың
рефлекторлық табиғатына теориялық және тәжірибелік негіздеме И.П.Павловтың
еңбектерінде берілді. Мн қытысында туатын шартты рефлекстер, уақытша
нервтік байланыстар жөніндегі Павлов ілімі психикалық қызметтің
фнзиологиялық механизмін ашып берді.
Мидың өзін-өзі ретке келтіретін жүйе ретіндегі құрылымы мен жұмыс
тәсілдері туралы қазіргі кездегі білім психикалық
құбылыстардың материалистік негізін және психиканың адамның бар қызметін
реттегіш ретіндегі ролін, тереңірек мүмкіндік береді.
Психиканы зерттеу мидың жұмысын зерттеумен тамамдалмайды.
Психиканың ми қызметінің ерекше нәтижесі, мидың айнала қоршаған әлемді
бейнелендіруі екенін ешқашан да естен шығаруға болмайды. Психика мидың
ақиқатты бейнелендіретін қызметі болғандықтан да, ол өз негізінде жатқан
физиологниялық механизмдермен ғана емес, сондай-ақ белгілі бір мазмұнмен
яғни адам айнала қоршаған дүнйеден дәл нені бейнелендіретіндігімен
ситатталады.
Психикалық бейнелендіру ерекшеліктері. В.И.Ленин еңбектерінде, ең
алдымен Материализм және эмпириокритицизм (1908) атты шығармасында
объективті шындықтың бейнеленуі ретінде психиканың мәні жан-жақты ашылған.

І.2 Психика эволюциясы
Эволюциялық дамудың белгілі кезеніңде, аталған барша жүйке
тетіктерінің жоғарысына, үлкен жарым шарлары жүйке жүйесінің келесі, ең
жоғарғы деңгейі бас миының жаңа қабығы қосылды. Міне, осы мидағы бұрын
болмаған қабық жануар қылығындағы жаңа формаларды реттеуге
араласып, жетекші рөл атқаратып болды. Бас миы қабығының қызметі сыртқы
сигналдарды қабылдап, бұрыннан қалыптасқан әрекет бағдарламасын іске қосу,
сонымен бірге ақпарат мазмұнын талдау, ондағы өзгерістерге
сай өзін баптау, жаңа жүйке байланыстарып түзіп, ауысқан жағдайға икемді
әрекет түрлерін дайындап, қалыптастыру және оларды жадта сақтап қалу.
Психика дамуының ертедегі сатыларында мінез – құлықтың ұрпақтан –
ұрпаққа берілетін қарапайым стереотиптері үстемдік еткен болатын. Бұл
стериотиптер инстинктер деп аталады. Инстинктер – биологиялық
қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты мінез – құлық актілері.
Инстинктер туа бітеді – олар жыныс клеткасына негізделген.
Инстинкт, көбінесе, дамудың төменгі сатысында тұрған жануарларда
кездесетін мінез – құлықтың қарапайым нәсілдік формасы. Мұны қазақша соқыр
сезім деп атайды. Инстинктер табиғи сұрыпталу жолымен жасалады.
Жануарларда болатын инстинкт – организмнің белгілі тіршілік жағдайынна,
өскен ортасына әбден көніккенін көрсетеін мінез – құлықтың түрі. Мысалы,
араның омартасы, құстың ұясы, қортышқанның іні т.б. өте шеберлікпен,
ептілікпен жасалынды. Бірақ осы мысалға қарап, бұл айтылған жәндіктер мен
құстарда сананың саңылауы бар деуге болмайды, өткеніинстинктік амалдар бәрі
– тұқым қуалау жолымен жасалынды.
Олар өздерінің тұртылығымен, оралымсыздығымен ерекше көзне түседі.
Мәселен, тауықтың басып отырған жұмыртқаларын алып, орнына тас салса да,
мерзімді күні біткенге дейін отыра береді. Өйткені жылдың белгілі
мезгілінде тауықтың, я басқа құстың жыныс безі гормондары қозып, осындай
күйге түседі. Инстинктер жануарларда бір арнамен тізбектілік өтіп жатады.
И.П.Павлов оларды шартсыз рефлекстердің тізбесі дей келіп, инстинктердіғң
басты түрлеріне (жыныс, тамақ, өмірін сақтау т.б.) физиологиялық сипаттама
берген.
Дағды инстниктерге қарағанда өзгермелі, мінез – құлықтың икемі түрі.
Орыстың атақты аң үйретуші В.Д. Дуров өз аңдарына кітап оқытты, үй
сыпыртты, есеп шығартты, тіпті орамал мен мұрын сүртуге дейін үйретті.
1919 жылы ұйымдастырылған аңдар бұрышын В.Д.Дуров осындай табысқа
И.П.Павлов ілімінің нәтижесінде жетті. Өйткені В.Д, Дуров жануарларды
жаттықтырып, үйрету үшін әр түрлі сигналдарда шартты рефлекстерді жасады.
Интеллект айуанның жеке өзіне ғана тән қылық, оның ғана тапқан әдісі.
Мұндай әдіспен басқа жануарлар пайдаланбайды, бұған басқа жолмен жетеді.
Бұл айуанның кез – келген уақытты айналысатын әрекеті емес. Олардың ортаға
бейімделуінде инстинкт пен дағды көбірек көрінеді де, интеллект онша
жетекшілік рөль атқармайды. Мінез – құлықтың осы түрі айуанға түрлі сатылы,
басын қатыратын күрделі әрекет жасауға мәжбүр етеді. Сондықтан да олар
интеллекттік амалға бара бермейді. Интелект – жануарлар психикасының ең
икемді түрі. И.П.Павлов маймылдардың интелектісі да ассоциациялардан
тұратындығын, бірақ мұның сигнал жүйесінің жұмысына тәуелді екендігін атап
көрсетті.
Эволюциялық басқыштың түрлі сатыларында тұрған айуанда психиканың бір
формасы үстем болғанмен, оның басқа түрлері де кездесе береді. Мәселен,
буын аықтыларда инстинкт үчтем болғанымен, оларда дағды да өсіп жетіле
алады. Интеллектің өзі де инстинктер мен дағдылардың негізінде құралады.

ІІ Сана – адамға ғана тән.

Сана - адамның барша психикалық қызметіне ортақ
қасиетті бейнелеудің ерекше формасы. Сана психикасының
ерекше сапалық формасы тіршілік эволюциясында өзінің
ұзаққа созылған тарихына ие болғанымен, ол алғашқы рет
еңбек пен қоғамдық қатынастарға түскен адамға ғана пайда
болды. Психиканың адамға ғана тән жоғары дәрежеде
дамуын сана деп атайды. Сана дегеніміз — ең таяу және
өзін түсіне бастаған индивидтен тыс басқа адамдармен
және заттармен арадагышектеулі байланысты тану болып
табылады,-деді К. Маркс. Сана жеке адамға тән дара
касиет. Адамда жеке санамен қатар өмір сүрген ортасына
байланысты қалыптасқан қоғамдық сана да болады. Бұл
екеуі бірімен-бірі тығыз байланысты. Идеялық мазмұны
жағынан жеке адамның санасы қоғамдық
санасының көрінісі болып табылады. Адам санасының осы
екі түрін де қоғамдық болмыс белгілейді. Экономикалық
қатынастардың өзгеруіне ілесе, адамның сапасы да өзгереді.
Сананың дамуы сыртқы ортадан тәуелді болып отырады
дейтін түсінікті ғылымда детерминистік принцип деп
атайды. Детерминизм сана құбылыстарының пайда болу,
даму жолдарын және табиғаттагы заттардың барлығының
шығу тегі объективті себептіліктің заңдылықтарына
бағыныштығын түсіндіреді. Себептілік дүниенің заттары
мен құбылыстарының өзара байланыстарының шексіз
тізбегін, жан-жақты өзара әрекетті сипаттайды.

Адамның айналаны қоршаган ақиқатты бейнелендіруі ретіндегі екі
түрде сипатталады. Біріншіден, психика — өлі, айнадағыдай, бір актілі
бейнелеу емес, ол процесс, Адамның бойында табиғаттың бейнеленуін тұйық,
абстракт түрде түсінбеу керек, қозғалыссыз, қайшылықтарсыз деп түсінбеу
керек, қайта мәңгі козғалыс процесінде қайшылықтардың туына және олардың
шешіліп отыру процесінде түсіну керек.
Екіншіден, психика — объективті шындықты бейнелендіру
кезінде кез келген сыртқы әсер (яғни, объективті шындықтың
әсері) психиканың бұрыннан қалыптасқан ерекшеліктері арқылы, нақты бір
адамның бойындағы қазіргі сәттегі психикалық жағдайы арқылы өңі өзгеріп
өтетін бейнеленді. Сондықтан белгілі бір сыртқы әсердің өзін әр адам әр
түрлі, тіпті бір адамның өзі әр басқа уақытта және әрқалай жағдайда әр
түрлі бейнелендіруі мүмкін. Бұл құбылыспен біз өмірде, әсіресе, балаларды
оқыту және тәрбиелеу процесінде үнемі кездесеміз.
Сыртқы әсердің адамның ішкі ерекшеліктері арқылы оның зерттеуі
көптеген жағдайларға оның жас мөлшеріне, білім деңгейіне, белгілі бір
сыртқы әсерге бұрыннан қалыптасқан қарым - катынасына, белсенділік
деңгейіне және, ең бастысы, қалыптасқан дүниетанымына тәуелді. Сонымен
психиканың мазмұны реалды, бізге тәуелсіз және бізден тыс сүреттін
заттардың, құбылыстардың, оқиғалардың ақиқат бейнесі болып табылады. Бірақ
бұл бейнелер әр адамда оның өткен өмір тәжірибесіне мүддесіне, сезіміне,
дүниетанымына тағы баскаларға байланысты өзіндік өзгешелікпен пайда болады.
Сондықтаң да бейнелеу субъективті, осылардың бәрі психика дегеніміз —
объективті дүниені субъективті бейнелендіру деуге право береді.
Психиканың нақ осы ерекшелігі білім беру мен тәрбиелеу процесінде әр
баланың жас шамасын және индивидуалды ерекшеліктерін ескерудің ете қажет
екендігі жөніндегі педагогикалық маңызды принциптің негізіне алынған. Бұл
ерекшеліктерді ескермейінше педагогикалық ықпал жасау шараларын әр бала
қалай бейнелендіретін білу мүмкін емес.

Психикалық бейнелеу – ақиқаттың шынайы және дұрыс бейнеленуі.
Материалдық дүніенің пайда болатың бейнелері
өмірде бар заттардың, болып жатқан құбылыстар мен оқиғалардың суреті,
мүсіні, көшірмесі болып табылады. Психикалық
бейнелеудің субъективтілігі, бейнеленетін затты адамға ғана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сана туралы
Тұлға психологиясы. Тұлға ұғымы
Сана және өзіндік сана пайда болуы
Еңбек және саналы іс-әрекет
Жануарлар мен адам психикасындағы айырмашылықтар және жануарлардың тума әрекет қылығы
Бейсаналық мәселесін қарастырған Фрейд, Юнг теориялары
Сана, рух және тіл философиясы
Жануарлар мен адам психикасындағы айырмашылықтар және жануарлардың тума әрекет қылығы жайында
Адам психикасы
Жас ерекшелік психология пәнінің теориялық негіздері
Пәндер