Саналылық принципіне негізделген тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыру



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
саналылық принципіне негізделген тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастырудағы
құзырлылық қатынас
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің концептуальды негізі
болып табылатын жаңа тұрпатты мұғалім даярлау және оның жағымды имиджін
қалыптастыру жұмыстарына бүгінгі таңда жаңа серпін беріліп, оны жүзеге
асырудың мазмұндық құрылымы мен күтілетін нәтижелерін бағдарлауда аса
маңызды педагогикалық принциптерді айқындау әрі олардың педагогикалық
тұрғыдан негіздеу күн тәртібіне қойылып отыр. Сол себепті ҚР білім беруді
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының
міндеттерін жүзеге асыру шараларында оқыту арқылы тәрбиелеу шараларын
ұйымдастыруды жеделдету мәселесі өзекті болып саналуда.
Қазіргі мектептің оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда инновациялық
мазмұнның тірегі болып табылатын саналылық принципіне негізделген оқыту
теориясын қарастырғанда Оқыту процесінде таным обьектісі болып не
табылады ? деген сұраққа жауап беру өте маңызды. Егер оқушылар тек қана
ережелер мен құралдарды ғана қабылдаса, онда бұл форма дәстүрлі,
хабарлаушы, догматикалық оқыту деп аталады.Егер бұл нақты ережелерге
бағынған әрекеттерді қабылдау болса, ол ақыл-ой әрекеттерін қалыптастыратын
теорияға сәйкес келеді.
Мұғалім қызметінің нәтижелілігі мен оның жағымды имиджін қалыптастыруда
оның білім беру процесін басқару мүмкіндіктері мына бағыттар бойынша
табысты болады деп саналады: а) басқаруға негізделмеген оқыту(дәстүрлі); б)
басқаруды меңгерудің басты механизмі ретінде қарастыратын оқыту (ақыл-ой
әрекеттерін кезеңдеп қалыптастыру теориясы, бағдарлар оқыту, оқытуды
алгоритмдеу);
Мұғалім қызметінің нәтижелілігі мен оның жағымды имиджін қалыптастыру
соңғы күтілетін өлшем болып табылатындықтан, аталған процесті жүзеге асыру
механизмін анықтауды ғылыми педагогикалық негізі бар қатынас деңгейінде
ұйымдастыру аса маңызды. Елімізде саналылық принципі негізінде мұғалім
имиджіне бағдарланған оқу-тәрбие жүйесі құзырлы маман қызметімен тікелей
байланысты деп саналуда. Өйткені ХХІ ғасырда ақпараттар ағыны адамның
танымдық процестеріне өте жоғары деңгейде әсер етуші фактор болады,
сондықтан ақпараттық білім беру мен тәрбие мәселесі пайда болады деген
идеясы адамзат алдына жаңа міндеттерді жүктейді, яғни ұрпақ тәрбиесінің
өлшемді нормаларын қайта қараға тура келетіні міндеттейді, сондықтан
ақпараттардың шындыққа жақындығын тексеру қажеттігі үлкен мәселе болады деп
болжайды.
Ақпараттар арқылы сыртқы қоршаған орта қасиеттерімен танысу
Л.С..Выготский бойынша баланың психикалық дамуы әрекет етудің тарихи
қалыптасқан формалары мен тәсілдерін игеру жолымен жүзеге асады. Психикалық
дамудың қозғаушы күші болып ақпараттар арқылы оқыту жатады. Бірақ осы жерде
оқыту мен білім берудің ара салмағын нақты ажыратқан дұрыс.Даму процесі
ішкі қозғалыс заңына бағынады, ал оқыту баланың даму процесінде қажетті
компонент ретінде түсіндіріледі, яғни оқыту дамудың жақын зонасын жасайды,
балада дамудың ішкі процестерін қозғалысқа келтіреді. Дамудың жақын
зонасы - жоғары психикалық процестердің қалыптасу заңының логикалық
салдары болып табылады.
Аталған мәселені психологтар психикалық процесс бірлескен әрекеттерге
сәйкес қалыптасу кезінде ол дамудың жақын зонасында болады, қалыптасып
біткен соң ол субьектінің актуальды даму формасына айналады - деп
тәрбиенің жетекші күшке айналатыны айтады. Дамудың жақын зонасы балалардың
ақыл-ойын диагностикалаудың критерийі болып саналады. Әлі пісіп жетілмеген,
бірақ жетілі процесіндегі аумақты қамти отырып, ДЖЗ баланың ішкі резервтері
мен потенциалы, жағдайы туралы түсініктеме береді және соның негізінде
ғылыми негізделген болжам мен практикалық ұсыныстарды жасайды.
Демек, осы педагогикалық технологияларды оқушыны дамытуға бағытталған
оқу–тәрбие жұмысының бір–бірімен тығыз байланысқан әдістері мен түрлерінің
жиынтық жүйесі деп қарайтын болсақ, оны тәрбие жұмысының таптырмайтын
құралы ретінде қарағанымыз жөн.
Сондықтан да қазіргі қоғамымызда әр мұғалім өз әрекетінде қажетті
өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс-
тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. Мұғалімге
болашақ ұрпақты тәрбиелеуде үлкен жауапкершілік жүктелген. Сондықтан бұл
істі асығыс шешім, жалған әдіс, қалыптағыдай қатып қалған, ескірген тәсіл
қолданылмауы тиіс.
Бұл жауапкершілік оқу-тәрбие процесінде соңғы уақытта жиі қолданылып
жүрген жаңа тәрбие технологияларының бағыттық мақсаттарына сәйкес
тақырыптарын дәл таңдап, ықпал етуге тиімді нәтижелі құралдар арқылы
жүзеге асырылуын талап етеді. Яғни, тәрбиеші таңдаған тәрбие сағаттарының
тақырыптары бір-бірімен тығыз байланыста, бір-бірін толықтырып отырады.
Олар бала дамуының жақын аймағы мен қол жеткен аймағына ықшамдалып
алынған. Осыған сәйкес тәрбиеші баланың жас ерекшеліктерін, сыныптың
деңгейлік мүмкіндіктерін ескере отырып тақырыпты таңдап алады.
Қазір Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық моделінің үлгісін құру
жүріп жатыр. Бұрынғы дәстүрлі оқыту мен тәрбиелеу жаңа көзқарастар
тұрғысынан екшеленіп, талданып, басқа түрлері қабылдану үстінде. Ең
бастысы, оқушыға деген қатынас объект ретінде емес, оның дамушы тұлға
ретіндегі қоғамды өзгертуші субъект екені мойындалып отыр.
Олай болма, құзырлылық қатынас негізінде тұлғаны қызметін адамның
әлеуметтік қасиеттерінің бірлігі ұйымдастыру ірекеті деп қарап, тәрбие
жұмысының жаңа үлгісі жасалуы керек. Оның негізгі идеясы саналылық
принципі негізінде оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыта отырып, өзін-
өзі анықтауына, өзін-өзі бағалауына мүмкіндік жасау. Осы мақсатта тәрбие
жұмысының модульдік технологиясы тұрғысынан 3 құрылымдық бөлімнен тұратын
жоспар жасаған жөн леп санаймыз: кіріспе, сұхбат (диалог) және қорытынды.
Бұл бағыттар бойынша әр айда 4 сағаттан тұратын тәрбие шаралары
жоспарланады. Бір айда бағыттардың 4 түрі алынады (кіріспе бөліміне 10
минут, диалог бөлімдеріне 160 минут, қорытынды бөлімге 10 минут уақыт
бөлінеді).
Алдымен тәрбие жұмысының негізгі бағыттары белгіленіп алынады:
адамгершілік тәрбиесі, ақыл-ой тәрбиесі, құқықтық тәрбие, денсаулық және
дене тәрбиесі, оқушылардың саяси мәдениетін қалыптастыру, сұлулық тәрбиесі,
экологиялық және экономикалық тәрбие, мамандыққа бағдарлау және еңбекке
баулу тәрбиесі.
Құзырлылық қатынас ең алдымен тәрбие жұмысының негізгі идеясын
анықтайды. Мысалы, саналылық принципіне негіз болатын: еркін тәрбие беру;
әрбір баладан қоғамдағы нормаға сай өндіріске, тәжірбелік және шығармашылық
қызметке лайлық етіп адам тәрбиелеу бағдары шешуші идея болып таңдалады.
Таңдау бағыттары бойынша тәрбие жұмысының міндеттері айқындалады және
яолар баланың жеке қабілеттері мен мүмкіндкітерін есепке алуы тиіс:
1. Баланың өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдайлар туғызу.
2. Өз бетінше білім ала білуі.
3. Өзін-өзі басқара алуы.
4. Өз қызметін өзі ұйымдастыра білуі.
5. Өз көзқарасын қалыптастыра білуі.
6. Өзін-өзі анықтай алуы.
7. Өзіне-өзі сенімді болуға тәрбиеленуі.
8. Өзін-өзі реттей алуы.
9. Өзіне-өзі баға бере білуі.
10. Өзінің жағымды қасиеттерін қоғамда пайдалана біліу және
басқаларға игі әсер ету қабілеттілігі.
Саналылық принципі негізінде бағдарланған оқу-тәрбие жүйесі құзырлы
маман қызметімен тікелей байланысты деп саналатындықтан тәрбие жұмысының
барлық кезеңдері мен талаптарында төмендегідей ұстанымдар негізгі шарт
ретінде алынады:
1. Барлық сыныптарда оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, кешенді
жұмыс жүргізу.
2. Өтпелі кезең құбылыстарын ескеріп, тәрбие жұмысының түрі мен мазмұнының
әркез өзгеріп отыруын есепке алу.
3. Мақсатқа жету үшін қолайлы социум (әлеуметтік орта) қалыптастыру.
4. Ұжымда және ұжым арқылы тәрбие беруді іске асыру.
5. Отбасы тірбиесі мен мектептегі тәрбиенің уйлесімдік табуына қол жеткізу.
6. Тәрбие жұмысының дамытушылық бағытта болуы.
Білім беру жүйесінің барлық салаларында, оның ішінде жалпы білім беретін
орта мектептің оқушыларын тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыру шараларында
құзырлылық қатынасқа негізделген саналалылқ принципін негізгі ұстаным ету
күтілетін нәтиженің сапалылығын қамтамасыз етеді және нақты алгоритмге
есептелінген технологияны әзірлеуге мүмкіндік береді. Мысалы, оқушылардың
тәрбие жұмыстарында оқушылардың өздерінің қоғамдағы орнын табуға талпыныс
жасауына,тәртіп бұзушылықтың барынша кемуіне, оқушылардың өз міндеттеріне
жауапкершілікпен қарауына, оларды тиянақты орындайтын дәрежеге көтерілуіне,
оқудың қажеттілігін, мемлекеттік білім стандартына сай білім алудың
керектігін терең түсініп ұғынуына, демократиялық бағыт ұстанған құқықтық
мемлекетте қалай өмір сүру жағдайын сезіне түсуіне, салауатты өмір сүруге
дағдылануына, ақпараттар ағынына талдау жасау дағдыларының қалыптасуына, ең
бастысы, әлеуметтік ортада оқушылардың өзін әдепті ұстауға ұмтылу, өзін жан-
жақты дамытуға тырысу, өзгеріп жатқан өмірге икемделу сияқты қасиеттерді
бойына сіңіруге саналы түрде бетбұрыс жасауға бағдарланатынын байқайтын
боламыз.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту заңдылықтары және принциптері туралы жалпы түсінік
Оқушыларға экономикалық білім берудің педагогикалық негіздері
Жоғары мектепте оқытудың ұстанымдары
Оқыту процестерінің заңдылықтары
Оқыту процесіне ұйымдастыру педагогика ғылымының күрделі проблемасы
Оқушыларға көркемдік білім беруге болашақ мұғалімдерді дайындаудың дидактикалық шарттары
Бастауыш мектеп математикасын оқытуда көрнекілік принципін жүзеге асыру ерекшеліктері
А. С. Макаренко тақылымдарын бастауыш мектеп педагогикасында пайдалану әдістемесі
А. С. МАКАРЕНКО ТАҒЫЛЫМДАРЫН БАСТАУЫШ МЕКТЕП ПЕДАГОГИКАСЫНДА ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Бейнелеу өнерін оқытудағы технологиялық қатынасты ұйымдастырудағы дидактикалық шарттардың бағыттаушы қызметі
Пәндер