Сана және оның формалары



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Сана және оның формалары
Сананы құбылыс сияқты, нақтьшық сияқты, болмыстың ерекше түрі ретінде
қарастыруға болады. Бірақ бұлардан бұрын оның табиғатын, ішкі мазмұнын
мәндерінің сипаттарын анықтап алғанымыз дұрыс.
Сана проблемасы, философия тарихында өз төңірегінде күні бүгінге дейін
таластар мен пікірсайыстарды тудырып келгені белгілі. Олар және қазір де
аяқталған емес. Сананың табиғатын негізінен өлшеммен көрсетуге, сезуге,
байқауға болмайды, өйткені олар денелік объектіге қарағаңда массасыз,
энергиясыз.
Сана бар, оған ешкім күмән келтірмейді. Бірақ ол нақты айқын түрде
емес, тіл және адамдардың мақсаттылы қарекеті арқылы болады. Демек, оның
мәнін адамдық болмысты құратын жағдайларды айқындамайынша мүмкін емес.
Ондай талдаулардан сананың биологиялық аспектісін бөлек алып тастауға
болмайды, өйткені оның болуы адам миының қызметімен тығыз байланысты.
Сондықтан сана табиғаты тек қана философияның зерттеу пәні ғана емес,
сонымен қатар ол физиологияның, психологияның, социологияның,
кибернетиканың, ақпаратылықтың және басқа арнайы гума-нитарлық және
жаратылыстану ғылымдарының пәні.
Бұл мәселені толық және ақырғы ақиқатына бармай-ақ, қазіргі ғылымның
тұрғысынан мынадай тұжырым жасауға болады: сана негізінен адамның миының
қызметінің нәтижесі, онсыз оның көрінуі де мүмкін емес.
Қоғамдық сананың негізгі формаларына саяси идеология, құқықтық сана,
мораль (немесе адамгершілік), өнер, философия, дін және ғьшым жататынын
жоғарыда айттық. Қоғамдық сана формаларының мұндай көп түрлі болуы олар
бейнелендіретін объективтік шындықтың көп түрлігіне байланысты. Қоғамдық
сананың түрлі формаларға жіктелуі олардың қоғамдық болмыстың қай жақтарын
бейнелейтініне, ол бейнелеудің сипаты мен тәсіліне және қоғам дамуындағы
рөліне қарай анықталады. Басқаша айтқанда, қоғамдық сана формаларының бір-
бірінен нені бейнелейтініне, қалай бейнелейтініне және әлеуметтік, шығу
тегіне қарай айырмашылықтары бар. Мәселен, саяси идеология таптар, ұлттар,
мемлекетгер т.б. арасындағы қатынастарды бейнелендірсе, мораль адамдардың
бір-біріне, коллективке, қоғамға деген қатынастарын бейнелендіреді. т.с.с.

Алайда объективтік шыңдықтың көп түрлілігі қоғамдық сана формаларының
көп түрлілігінің тек мүмкіндігі ғана. Мәселен, дүниенің объективтік заңдары
адам жоқ кездерде де бар еді, оларды зерттейтін қоғамдық сананың формасы -
ғылым қоғам дамуының белгілі бір сатысында ғана шықты. Олай болса, қоғамдық
сананың түрліше формаларының шығу мүмкіндігінің шындыққа айналуының
объективтік негізі неде? Оның негізін қоғамның практикалық қажеттерінен
іздеу керек.
Қоғамдық сананың әрбір формасы адамзаттың тарихи даму процесінде,
материалдық игіліктер өндіру процесінде туатын қоғамдық қажеттерге
сәйкес пайда болады. Алғашқы қауымдық қоғам жағдайларында, мәселен,
қоғамдық сананың дамыған формалары болмады. Алғашқы қауымдық
қоғамда табиғатпен күресудің барысында адамдарда табиғат құбылыстары,
тамақтық заттар өндіру әдістері т.б. жайындағы аса қарапайым білімдер
жинақталды, алғашқы қауымдық құрылыстың моралін құрған әдет-ғұрыптар
қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырды. Бұл қоғамның белгілі бір даму
сатысында діни түсініктер, табиғаттан тыс ғаламат күштерге деген сенім
туды. Алғашқы қауымдық қоғамда сондай-ақ өнердің алғашқы бастамасы
(тастарға салынған суреттер, өн, билер) шығып, олар адамдардың өмірі мен
еңбек әрекеттерінің түрлі жақтарын бейнеледі. Қысқасы, сол дәуірдегі
адамдардың қарапайым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болмыстың ішкі табиғаты - қозғалыс
Табиғат болмысы
Қоғамның рухани өмірі
Философиядағы сана мәселесі
Қоғамдық сана формалары
Қозғалыс формасы
Болмыстың негізгі түрлер
ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯНЫҢ ПӘНДІК МӘРТЕБЕСІ
Рухани болмыс
Бірінші табиғат екінші табиғат
Пәндер