Адам анатомиясы пәнін оқыту арқылы сандық білім беру жүйесі, технологиялары рөлі, маңызы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . .

2 Сандық білім беру ресурсы туралы жалпы түсінік, зерттеулер . . .

2. 1. Сандық білім беру ресурстарын биология сабақтарында қолданудың

тиімділігі . . .

2. 2. 12 жылдық білім беруге көшуде сандық білім беру ресурстарын қалыптастырудың маңызы

2. 3. Жаңа ақпараттық технологиялардың маңызы . . .

2. 4. Электрондық оқыту жүйесі . . .

3. Bandicam бағдарламасы бойынша зерттеу бөлімі

3. 1. Bandicam бағдарламасын пайдалана отырып адам анатомиясы пәнін дыбыстық жазба арқылы түсіндіру . . .

3. 2. Зерттеулер нысаны, әдістемесі және зерттеулер нәтижелері . . .

3. 3. Жаңа педагогикалық технологияны ендіру жолдары . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер . . .

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат. Бір мүдде. Бір болашақ» Жолдауында маңызды мәселелер көптеп көтерілді. Жолдаудың әр бөлімінде нақты бағыттар мен айқын мақсаттар көрініп тұр. Бұған дейін «Қазақстан-2050» Стратегиясы қабылданғаны мәлім. Онда әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу басты мақсат етіп қойылған. Ал осы Жолдауда сол мақсатқа жетудің жолдары мен механизмдері, түрлі иірімдері мен тетіктері көрсетілген. Себебі, дамыған 30 елдің қатарына қосылу өте қиын әрі асқан жауапкершілікпен еңбек етуді талап ететін міндет.

Жолдауда Мемлекет басшысы Мәңгілік Ел идеясын көтерді. Онда Мәңгілік Елдің егемендігін тұғырлы ету мәселесіне назар аударды. Мемлекетіміздің болашағын дұрыс бағдарлап, қазіргі замандағы даму үрдістерінен қалып қоймай, әлемдегі өзіміздің лайықты орнымызды иеленуге тиіспіз. Енді бұдан былай тәуелсіздігімізді, мемлекеттігімізді сәт сайын нығайта беруіміз керек. Идеологиялық жұмыстарды жетілдіріп, халқымызды Мәңгілік Ел идеясына жұмылдыруымыз қажет. Негізі, еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бергі басты мақсатымыз - Мәңгілік Ел құру болатын. Мемлекет басшысы бұл Жолдауында ол мақсатқа жетудің жолдары мен тетіктерін көрсетіп, кезеңдерін белгілеп берді. Енді Үкімет пен Парламент палаталары, сондай-ақ, басқа да қоғамдық ұйымдардың бәрі осы Мәңгілік Ел идеясының қасынан табылып, кемел келешек жолына жұмылуы керек. Осы орайда бұл идеяны іске асыруда, оқушылар жүрегіне жарқын болашағымызға деген зор сенім мен елімізге деген шексіз сүйіспеншілік орнатуда білім ордаларының маңызы үлкен, жауапкершілігі жоғары екенін біздер ұстаздар қауымы сезініп отырмыз.

21 ғасырдағы дамыған ел дегеніміз: белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар екені даусыз. Ол үшін бірегей білім беру жүйесі мен денсаулық саласының жұмысын жақсарту қажет. Осы орайда замануи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну аса қажет екеніне көз жеткізген Елбасымыздың жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек деген ойы, біріншіден, біздерге, Зияткерлік мектептерге, сондай-ақ біздердің жеткен жетістіктерімізге деген зор сенім, екіншіден, үлкен талап екенін түсініп отырмыз. Себебі біздерде Зияткерлік мектептерде жинақталған озық ойлар мен тәжірибені еліміздің мектептеріне тарату жүгі тұр.

«Елбасы жыл сайынғы жолдауын негізінен жастарға арнайды. Себебін жолдауда «Қазақстан - 2050» стратегиясында жүзеге асыратын да, жемісін көретін де сіздер», - деп түсіндіріп кеткен болатын. Жастар арасындағы патриоттық сезімді қалыптастырудың бірден-бір жолы - мемлекеттік тіл екені белгілі. Жолдауда «Ана тіліміз Мәңгілік елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды!» деген Президент сөзі көңілімізге қуаныш ұялатты. Қазақстанның болашағын тәрбиелеп отырған біз, ұстаздар, Елбасының айтқандарын назарға ала отырып, сапалы жұмыс істеуіміз керек. Ол үшін Назарбаев Зияткерлік мектептерінде барлық қажетті жағдайлар жасалып отыр.

«Мәңгілік Ел - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. «Қазақстан - 2050» - Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол», - деп қорытындылады Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Біз осыған кәміл сенеміз және де еліміздің өсіп-өркендеуіне бар күш жігерімізді саламыз.

Зерттеудің мақсаты: Адам анатомиясы пәнін оқыту арқылы сандық білім беру жүйесінің, технологияларының рөлін, маңызын түсіндіру және Bandicam бағдарламасын пайдалана отырып жұмыс жасау ережесімен танысу және биологтар үшін қолданып оның әсерін бақылап зерттеу.

Білім беру жүйесіндегі ақпараттандыру проблемаларының теориялық, эксперименттік, қолданбалы аспектілерін және оқытудың әдіс, формалары мен құралдарының адекваттық мазмұнын анықтау.

Зертеудің міндеттері:

Сандық білім беру технологияларының рөлі, пайда болу себептері және оның биологтар үшін маңызына сипаттама беру;

Bandicam бағдарламасын пайдалану;

Биологтар үшін Bandicam бағдарламасының тиімділігін анықтау;

Bandicam бағдарламасын пайдалана отырып адам анатомиясы пәнін дыбыстық жазба арқылы түсіндіру

Зерттеудің әдістері: зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық- әдістемелік әдебиеттерді талдау; салыстырмалы талдау; қоршаған орта тұрғысынан қарау, жинақтап қорыту, педагогикалық өлшем әдістері, мәліметтерді өңдеу әдістері, педагогикалық модельдеу; сауалнама, сұхбат, тестілеу, жүзбе-жүз сөйлесу.

Зерттеудің нысаны: оқыту үдерісінде сандық білім беру ресурстарын пайдалану.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Сандық білім беру жүйесін пайдалана отырып сабақ өту әдісі болашақ жас ұрпаққа тиімді білім беру көзі екеніне көз жеткіздік.

Bandicam бағдарламасын пайдалана отырып түсіндірілді.

Сандық білім беру ресурстарын әзірлеуде алдыңғы қатарлы мультимедиялық технологиялар қолданылады.

Сандық білім беру ресурстары әзірлеудің алдыңғы қатарлы халықаралық және отандық тәжірибесін қамтиды.

Мұғалімдер сандық білім беру ресурстарын оқу процесіндегі басты немесе қосалқы ресурс ретінде пайдаланады.

Барлық сандық білім беру ресурстары халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келеді.

Оқушылар сандық білім беру ресурстарын сабақтарға өз бетінше дайындық барысында және білімдерін бекіту үшін қолданады.

Сандық білім беру ресурстарын әзірлеу платформааралық құру технологияларын қамтиды.

Сандық білім беру жүйесін пайдалана отырып түсіндіру әдісі студенттердің ойлау, есте сақтау қабілетін жетілдірілді Адам анатомиясын Bandicam программасының әсерінен биологтардың білімге ұшқырлығы, білім сапасы, оқу үдерісінің деңгейі белсенді түрде жоғарылады және студенттер үшін ыңғайлы әрі тиімді болғаны анықталды.

Зерттеудің нәтижелері: Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қойылған мәселелерді шешуге ықпал етеді. Бағдарламада барлық білім беру үдерістерінде ең озық деген білім беру ресурстарына және технологияларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында білім беруді түбегейлі жетілдіруге бағытталған басты міндеттерінің бірі - «e-learning» электрондық оқытуы болып табылады.

Зерттеудің көздері:

  1. Қазақстан Республикасында 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы;
  2. Модульдік оқыту технологиясын электронды оқу- әдістемелік кешен жасауда қолдану. «Жоғары кәсіптік білім беруді реформалау жағдайында педагог кадрларды даярлау»;
  3. Әбілқасымова А. Е. Қазіргі заманғы сабақ;
  4. Өстеміров. А. Айтбаева Қазіргі білім беру технологиялары және т. с. с. өзге де көптеген әдебиеттерді пайдаландым.

Зерттеудің маңыздылығы: Адам анатомиясын пәнін оқыту үдерісінде сандық білім беру жүйесін пайдалана отырып қолданатын болсақ және оны дамыта түссек болашақта зор жетістіктерге жете аламыз. Өйткені сандық білім беру арқылы студенттердің ойы, сана сезімі дамып, жетіледі, барлығы үшін тиімді болып табылады. Сандық білім беру технологияларын пайдалану студенттердің оқуға қабілеттілігін және білім сапасына жоғарлауын қамтамасыз ететіні белгілі. Оқыту үрдісінде сандық білім беру ресурстарын қолдану әдістемесі апробациясының аяқталуы, сонымен қатар білім беру жүйесін ақпараттандырудың ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілуін әзірлеуге бағытталған іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу.

Диплом жұмыстың құрылымы. Кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

2 Сандық білім беру ресурсы туралы түсінік

2. 1. Сандық білім беру ресурстарын биология сабақтарында қолданудың тиімділігі

Қазақстан Республикасындағы білім беру саласының қазіргі заманғы жүйесін қалыптастырудың негізгі алғы шарттары - «оқытудан» «білім беруге» көшу, жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттіліктерін дамыту жеке тұлғаға бағытталған, ашық білім беруге көшу; білімді жинақтау мен жүйелеуде, оқушыларға білімді беру үдерісінде жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану. Әлемдік тәжірибеде электрондық оқыту қазiргi бiлiмнiң ажырамас бөлiктерінің бірі болып табылады.

Ақпараттандыру саласындағы білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы электрондық оқыту жүйесінің енгізілуіне өтуге дайын болуы тиіс.

Бiлiм беру үрдістерінің ақпараттық жүйелері мектеп басшылары, ұстаздармен және тәрбиешiлермен оқушылардың үлгерiмi туралы ақпараттарды алу үшін ата-аналардың қатысуын, өзара ақпараттар алмасуды қамтамасыз етуi керек. Түрлі байқаулар мен олимпиадалардың нәтижелері, пәндер бойынша тестілер туралы толық ақпараттар және Ұлттық бірыңғай тестке даярлану Интернет арқылы қолжетімді болады [1] .

Сандық білім ресурстары - қолданушының сәйкес ережелерді сақтай отырып, бiлiм беру мақсатында қолдану үшiн жергiлiктi компьютерге жүктей алатын барлық ақпараттар (мәтiндер, графика, мультимедия) жиынтығы және бұл заманауи оқудың мақсат міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған, сандық, тілдік, музыкалық, видео, сурет және басқа да ақпараттан тұратын ақпарат көзі.

Сандық білім беру ресурсы - әдістемелік құрал. Бір ресурсты жасау үшін тек қана педагог мамандар ғана емес, онға жуық адам жұмыс істейді. Сенсеңіз, бір ресурсты шығару үшін суретші, анниматор, режиссер, білікті дикторлар, бірнеше саланы қамтыған программистер атсалысады. Сондықтан бұл командадағы бір адамның жұмысы жалпы командаға әсер етеді. Сандық білім беру контентін электронды оқулықтар, компьютерлік ойындар, виртуалды жаттығу әдістері, ғылыми - әдістемелік зерттеулер құрайды. Мәселен, мектепке дейінгі бала компьютерлік ойындар арқылы білімін жетілдірсе, мектеп оқушысы электронды оқулықтар арқылы оқиды, кәсіптік білім беру мекемелерінде виртуалды жаттығу әдістемесінен білім алса, жоғары оқу орнының студенті ғылыми - әдістемелік электронды оқу құралын пайдаланады. Міне, мұның бәрі сандық білім беру контентін құрап отыр. Ал енді электронды оқулықтың сандық білім беру ресурсынан айырмашылығы неде?Ең алдымен электронды оқулық мектеп бағдарламасын түгел қамтиды. Яғни оқушы электронды оқулық арқылы білімін жетілдіріп, интерактивті тапсырмаларды орындаса, сандық білім беру ресурсы белгілі бір пәнді түбегейлі зерттейді, интерактивті тапсырмаларды орындаған оқушы сандық білім беру ресурсы арқылы тест сұрақтарына жауап береді. Мойындаңызшы, үш пен екіге оқығысы келетін оқушы жоқ, барлық оқушылар жақсы оқығысы келеді. Тек оқушыға мүмкіндік берілуі тиіс. Қазақстанда оқушының толыққанды білім алуына барлық жағдай жасалуда.

Сандық білім беру ресурстары заманауи білім берудің ажырамас бөлігіне айналды. Осыған байланысты, біздің орталық 1-12 сыныптардағы оқытуды сүйемелдеу үшін келесі сандық білім беру ресурстарын құру, бейімдеу және сатып алу бойынша жобаларды жүзеге асырады:

- интерактивті мультимедиялық оқулықтар

- симуляторлар мен жаттығу құрылғылары

- 3Д роликтер мен видеолар

- виртуалды турлар мен зертханалар

- үйрететін және дамытпалы ойындар мен қосымшалар

Сандық білім беру ресурстарын әзірлеу дербес және халықаралық серіктестер көмегім ен жүзеге асырылады.

Сандық білім беру ресурстары білім берудің бағдарламасының құралы ретінде қандай қызмет атқарады? Дәстүрлі қолданылып жүрген оқыту бағдарламаларынан бұның артықшылығы неде?

Аппликациялар, графопроекторлар арқылы демонстрациялау, тірі табиғаттағы процестерді сипаттауда кино және видеофрагменттердің де атқаратын қызметі зор. Тірі биологиялық объектілерге де бақылаулар жүргізу биология сабақтарының маңызды деп есептелсе де, қазіргі кезде оқушылар мен мұғалімдер сабақтағы дидактикалық тапсырмаларды орындау барысында компьютердің виртуалды кеңістігін пайдалануға мүмкіндік туды.

Биология сабақтарында тірі ағзалардағы биологиялық процестерді көрнекі құралдарсыз, саусақ қимылымен түсіндіру мүмкін емес. Сондықтан мұғалім оқу процесін ұйымдастыруда тиімді оқытудың техникалық құралдарын таңдауы тиіс.

«СБР - бұл сандық білім беру ресурсы. Қазіргі таңда е-Learning жүйесінде олардың саны - 7051, осы жылы тағы 7000 СБР енгізу жоспарланып отыр, жұмыстар аяқталуға жақын».

«Бір СБР - бұл қандай да бір пәннің бір тақырыбы. Келесі жылы оқу бағдарламаларының барлық тақырыбы осындай форматқа көшеді деп жоспарлануда. СБР -да теоретикалық материалдар, интерактивті тапсырма мен тест бар».

Оның айтуынша, бұл өте қолайлы. Қолында интернеті бар кез келген оқушы, ата-ана, мұғалім қажетті сандық білім беру ресурсын жүктей алады.

Барлық құқығы қорғалған.

BNews. kz материалдарын жеке мақсаттан басқа, кез келген жағдайда пайдалану кезінде BNews. kz веб-сайтына гиперсілтеме жасау міндетті.

BNews. kz материалдарын пайдалану кезінде:

- басылым беттерінде немесе қағаз, таспа және т. б. секілді материал тасығыштардың өзге де түрлерінде пайдаланушы әр кез материалдардың www. bnews. kz веб-сайтынан алынғанын көрсетіп отыруы міндетті.

- Интернетте немесе электронды түрде пайдаланудың өзге де түрлерінде пайдаланушы әр кез «www. bnews. kz» веб-сайтының басты бетіне гиперсілтеме беруге міндетті.

Электронды ресурстарды қолданып білім беру барысында дәстүрлі сабақтың ауқымын кеңейтіп, ақпараттық ортаны едәуір жоғарылатып, білім беру үрдісін көру арқылы қабылдауын қамтамасыз етеді [2, 27-29 б. б. ] .

Электрондық басылым - бұл графикалық, мәтіндік, цифрлік, музыкалық, видео, фото және т. б. ақпараттар, сонымен қатар басылым мәліметтерінің жиынтығы. Электронды басылым магниттік (магниттік таспа, магниттік диск, т. б. ), оптикалық (СD-ROM, DVD, CD-R, CD-I, CD+ және т. б. ) электронды тасушыларда болуы және электронды компьютерлік желілерде жариялануы мүмкін. Электронды оқу басылымдары (электронды оқулықтар, электронды оқу құралдары - білімді бақылауға және автоматтандыруға, сондай-ақ тиімдеуге негізделген, оқу курсы мен оның жеке бөлімдеріне сәйкестелінген, білім беру траекториясы мен әр түрлі оқу жұмыстарын анықтауға мүмкіндік беретін электронды басылым.

Электронды оқулық - оқу курсы мен оның тарауларының жүйелік мазмұнынан тұратын, мемлекеттік білім беру стандартына сәйкестеліп жасалған, өзінде қарапайым оқулықтың, анықтамалық, тапсырма-жаттығулардың және лабораториялық практикумдардың қасиеттерін қамтыған, мемлекеттік органдармен нақты бекітіліп мәртебеге ие болған электронды оқу басылымы.

Электронды оқу құралы (пособие) - толық және жартылай электронды оқулықты алмастыра алатын, мемлекеттік білім беру стандартымен нақты бекітілген басылым. Электронды оқу құралы болып, мемлекеттік жалпы білім беру стандартындағы пәндер бөлімдері, типтік пәндер мен оқу жоспары бойынша жаттығулар мен тапсырмалар жинағы, сызбалар мен карталар альбомдары, атлас конструкциялары, пәндер хрестоматиясы және оқу жоспары, оқу жоспарын жүргізудегі нұсқау, практикумдарға байланысты нұсқаулар, анықтама-энциклопедиялар, жаттықтырушылар (тренажерлар) саналады.

Сандық білім беру ресурстары - мультимедиялық дыбысталған презентациялар, сандық форматқа айналдырылған мәтіндер, интерактивті тапсырмалар мен білгілі бір тапқырып бойынша тестілеу бағдарламалары түріндегі интерактивті кешен.

Білім берудегі мультимедия - таным процесінің жоғарылауына септігін тигізетін, білім беру мазмұнын интерактивті формада ұсынатын, дидактикалық ақпаратты-бағдарламалық құрал. Мультимедия - пайдаланушыға әртүрлі типті ақпаратты біріктіріп ұсыну технологиясы. Зерттеушілердің пікірі бойынша дәстүрлі оқу әдісімен берілген материалдың 25%-ы, көру арқылы 33%-ы, көру-есту арқылы 50%-ы, ал мультимедиялық интерактивті оқыту бағдарламасы көмегімен берілген материалдаң 75%-ы есте сақталады екен.

Сандық білім беру кешендерінің мазмұны:

  • Ақпарат алу блогы: ғылыми мақалалар, мәтіндер, оқулықтағы мәтіндерден үзінді, иллюстрациялар, анимациялар және тағы да басқа мультимедиялық құрылымдар, мультимедиялық презентациялар.
  • Виртуалды галерея: видеофрагменттер, анимация, шынайы иллюстрациялық суреттер, дыбыстық объектілер.
  • Виртуалды зертханалар: интерактивті модельдер, интерактивті анимациялар, виртуалды зертхана;
  • Анықтамалық материалдар: графиктер диаграммалар, ғалымдардың өмірдеректері, аннотациялы Интернет-сілтемелер.
  • Терминдер, анықтамалар сөздігі.
  • Аттестация: зерттеу жұмыстарына арналған сұрақтар мен тапсырмалар, есептеулер.

Сандық білім ресурстарына қойылатын талаптар

  • Оқу бағдарламасы мен оқулықтың мазмұнына сай болуы;
  • Оқытудың заманауи формаларына негізделіп, оқытуды интерактивтілік және мультимедиялық тұрғыдан қамтамасыз етуі;
  • Оқушылардың жеке және жас ерекшелігіне сай, оқытуды саралау және даралау мүмкіндігін қамтамасыз ету;
  • Оқушылардың осы пән бойынша алған білік-дағдылары негізінде проблемаларды шешуде өмірлік тәжірибе қалыптастырға бағытталған оқыту түрлерін ұсыну;
  • Топтық және жеке жұмыстар ұйымдастыру;
  • Шынайы мәліметтерге сүйену;
  • Оқулықтың сәйкес бөлімдерінің көлемін ұлғайту;
  • Методикалық тұрғыдан мақсатқа сай болғанда ғана қолдану мүмкіндігі;
  • ыңғайлы интерфейс.

Сандық білім беру ресурстарын сабақтың барлық кезеңдерінде қолдануға болады: өткен тақырыптағы білімді еске түсіру, оқушылардың білім, білік, дағдыны есепке алу және бағалау, үй тапсырмасын тексеру.
СБР - оқу процесін ұйымдастыруда көмекші құрал.

  • Әртүрлі сандық объектілерді пайдалана отырып, сабақты құрастыру және модельдеу.
  • СБР кешендерінен қажетті ақпаратты тез іздестіріп табу.
  • Бақылау және өздік жұмыстарды дайындау;
  • Шығармашылық тапсырмалар құрастыру;

СБР-ның сабақты өткізудегі тиімділігі.

  • Сабақ барысында дайындалған сандық объектілерді мультимедиялық проектор арқылы демонстрациялау;
  • Зертханалық жұмыстарды орындауда электрондық микроскоп, интерактивті модельдерді пайдалану;
  • Білімді тексеруде компьютерлік тестілерді қолдану;
  • Сабақ үстіндегі оқушылардың СБР арқылы жеке зерттеушілік және шығармашылық жұмыстары.

СБР - оқушылардың үй тапсырмасын орындаудағы тиімділігі.

  • Үй тапсырмасын орындаудың және оған жауап берудің жаңа формасы арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады. Қабілеті төмен оқушылардың сабаққа қызығушылығы жоғарыласа, қабілетті, дарынды оқушылардың оқытудың зерттеушілік-ізденушілік деңгейі көтеріледі.
  • Кез - келген уақытта оқушылар өздерінің білімдерін автоматты түрде тексере алады. Сонымен қатар, оқушы өз біліміне автоматты бақылау құрылғы жақсы, өте жақсы бағаларын қойса, қызығушылығы одан әрі жоғарылайды.
  • Баяндама, ғылыми жоба, конференция, презентациялар дайындауда биологиялық объектілердің үлкен жинағы болып табылады. Оқушы сабаққа, сыныптан тыс жұмыстарға қажетті қызықты мәліметтер мен деректер жинақтай алады.
  • Энциклопедиялық бағыттағы сұрақтарға жауап ала алады.
  • Мультимедиялық анықтамалық - сөздіктерді, анықтауыш - атластарды пайдаланып, зерттеу жұмыстарын жүргізуге, оқушылардың шығармашылық потенциалын арттыруға мүмкіндік береді.
  • Оқушының өз мүмкіндігі мен материалды меңгеру мен қабылдау ерекшелігін ескере отырып, жаңа білімді оқып-үйренеді.
  • Оқушыларды қазіргі ақпараттық - технологиялармен жұмыс жасай білуге үйрету.

Оқу процесі барысында сандық білім ресурстарының көптеген түрлері қолданылады: анимациялар, интерактивті суреттер мен схемалар, интерактивті тапсырмалар. Сабақ кезеңдерінде олардың әрқайсысын жан-жақты пайдалану қажет. Сандық білім беру ресурстары табиғи объектілер мен көрнекі құралдарды толықтырып отырады. Бұл кезде мұғалімнің оқыту барысында белгілі бір жағдайға бейімдеуге, оқушылардың дайындық деңгейін ескеріп, оқушылардың жеке шығармашылық потенциалын ашуға мүмкіндіктері мол [3, 15-17 б. б. ] .

Интерактивті суреттер - интерактивті модельдердің қарапайым түрі. Ол суреттер екі режимде жұмыс жасайды. Бірінші режим - демонстрациялық, екіншісі - тестілік. Демонстрациялық режимде суреттермен жұмыс жасаған кезде үш опциямен басқарылады: «Көмек», «Көрсету», «Жасыру»
«Көмек» опциясында оқушы суреттің белгілі бір бөлігін ғана көре алады. Мұғалім оқушылардың назарын биологиялық объекті құрылысының қажетті бөлігіне аударып, жаңа материалды түсіндіреді немесе оқулықпен өз бетінше жұмыс жасайды, тақырып бойынша білімді тексеруге арналған тапсырмаларды орындайды. Оқушы нақты объект бойынша белгілі бір сұраққа жүйелі жауап бере алады. Сонымен қатар, суреттердің үстіне курсорды апарған кезде, экраннан әрбір құрылымның қысқаша сипаттамасы көрінеді. Интерактивті суреттер арқылы сыныптағы барлық оқушылармен фронтальды жұмыстар, компьютерде оқушының жеке жұмыстары ұйымдастырылады.

«Көрсету» опциясын басқанда сурет толық беріледі. Мұны жаңа сабақты қорытындылау мен бекітуде, зертханалық жұмыс жасағанда қолдануға болады.

«Жасыру» опциясында суреттің сипаттамасы жасырын тұрады, жаңа сабақ бойынша сурет арқылы биологиялық объектілердің құрылысын түсіндіруге, оқушының білімін тексеруге мүмкіндік береді.

Тестілік режимнің тиімділігі - оқу материалын бекітуде, оқушы суретке берілген сипаттамалардың ішінен дұрыс жауапты таңдауы тиіс. Тапсырма орындалған соң, автоматты түрде тапсырманың жауабы тексеріледі. Оқушы білімін сыныпта, үйде дербес компьютерде интерактивті суреттермен жұмыс жасай отырып, тексере алады.

Интерактивті суреттерге түрлі анимациялар жасауға болады. Мысалы, ағзаның құрылысын демонстрациялап қана қоймай, онда өтетін процестерді анимациялы түрде көрсетуге мүмкіндік бар.

Сандық білім беру ресурстарының қорынан биологияның барлық салалары бойынша flash-анимацияларды табуға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам анатомиясын оқыту үдерісінде сандық білім беру технологияларының рөлі
Биология сабағында танымдық белсенділікті дамытудың әдістері мен шарттары
Химияны жаратылыстану ғылымдарымен байланыстыра оқытудың ерекшеліктері
Мектептерде химияның жаратылыстану ғылымдарымен байланысын инновациялық оқыту
Нейронның анатомиялық құрылысы және рефлекторлық доғаның құрылымдық ерекшеліктерін қалыптастырудағы теориялық ұғымдар
Биолог ғалымдар және олардың ғылыми еңбектерін оқу үрдісінде пайдалану жолдары
Мектептегі биология курсының мазмұнында гуманитарлық аспектінің көздеудің маңызы
Ақпараттық коммуникациялық технологиялар
Оқыту әдістемесінің тарихы
Половцовтың әдістемелік еңбектері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz