Саңырауқұлақтар құрылысының ерекшеліктері


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

а) Саңырауқұлақ

б) Қына

Неігізгі бөлім.

в) саңырауқұлақтар құрылысының ерекшеліктері

с) саңырауқұлақтардың вегетативті денесінің алуан түрлілігі және спора құруының типтері

д) саңырауқұлақтың қоректену әдісі, класстары және олардың негізгі өкілдері

е) Қыналар бөлімі, құрылысы

ә) Талломдар типтері

ж) Қынаның шаруашылықтағы маңызы

Қорытынды

а) Саңырауқұлақтардың маңызы

б) Қыналардың маңызы.

Саңырауқұлақтар - төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең көп таралғаны, олардың 100 мыңдай түрі белгілі. Саңырауқұлақтың өсімдік екенін бірінші рет дәлелдеген К. Линней. Балдырлардан айырмашылығы - саңырауқұлақтарда пластидтер жоқ, сондықтан саңырауқұлақтардың органикалық зат түзуге қабілеті жоқ, гетеротрофты организмдер қатарына жатады. Денесі тарамдалып шатасқан гифалардан мицелий құрайды, қалпақты саңырауқұлақтардың мицелийлері топырақ ішінде болады да, жер бетіне діңгек пен қалпақтан тұратын жемісті денесі ғана өсіп шығады.

Саңырауқұлақтар өсімдіктер мен жануарлардың тірі, өлі тканьдерінде, шірінді топырақтарда, жарық түспейтін жерлерде еркін тіршілік етеді, сондай-ақ ағаш тамырлары мен балдырларға қосылып, селбесіп те тіршілік етеді. Құрылысы қарапайым, төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың жіпшелері (мицелийлері) көп ядролы болса, жоғары сатыдағыларында бір немесе екі ядролы болады.

Клетка қабықшасының құрамында насекомдар қабықшаларының хитиніне ұқсас белокқа бай хитин заты болады. Көбеюі - вегетативтік, жыныссыз және жынысты жолмен өтеді. Құрылысының жай немесе күрделі болуына қарай бірнеше кластарға бөлінеді, соның ішінде біз зең және қалпақты саңырауқұлақтардың біразына тоқталамыз.

Саңырауқұлақтар-төменгі сатыдағы хлорофильесіз өсімдіктердің бір тобы. Өсіп дамуында дайын органикалық заттарды қажет ететін гетеротрофты логанизмдер. Өсімдікте жанұйяларда не олардың қалдықтарында мекендейді, тірі организмде паразитті өлі қалдықтарда сапрофитті тіршілік етеді.

Саңырауқұлақтардың адам мал жейтін және улы 100 мыңнан астам түрі бар.

Саңырауқұлақтарды микрология ғылымы зерттейді. Саңырауқұлақтар клеткада тіршілік ететін паразит, түрлерінен басқасының вегетативті және репродуктивті көбейеді. Вегетативті және жынысыз көбейетіндері мицеллий үзінділері жіпшилері т. б. бөліктерінен жыныссыз екі түрлі жыныстық клетка қосылуынан спора дамиды.

Мицелийлері бірнеше тәулік және көп жыл тіршілік қабілетін сақтайтын түрлері де кездеседі. Саңырауқұлақтардың көптеген түрінің әсерінен әртүрлі ашу процесі жүреді көбі қышқыл ортада да дами алады, дамуында ең қолайлы жылу 20-26 градусов Цельсия, ал 2-40 град. Цельсияда дами алатындары да бар.

Көкшіл зең

Саңырауқұлақ дегенде оның орманда, шалғынды жерлерде өсетін қалпақты түрлері елестейді, бірақ саңырауқұлақтардың бәрі біздің түсінуіміздей қалпақты бола ма? Зеңдер де кездеседі екен.

Көкшіл зең саңырауқұлағы дымкыл үйдің төбелерінде, қабырға-ларында, дымқыл нанда, түрлі тағамдарда, қараңғыда тұрган вареньенің бетінде, шала кептірілген құрттың ортасында кездеседі. «Көгерген нан», «көгерген алма», «көгерген помидор», «көгерген құрт» деген сөздер көкшіл зеңге қатысты. Даму кезінде жоғарыдагы аталған заттардың бетінде алдымен мақтаға ұқсас ақ үлпілдеген жіпшелер пайда болады да, біртіндеп оның ұштары бұтақталып, көк немесе қара түсті жемісті денелер жетіледі, онда көптеген споралар дамиды. Тек көкшіл зең емес, ақ зең немесе мукор саңырауқұлағы да дәл осылай жетіледі. Жалпы алғанда зең саңырауқұлақтарына осы сөз етіп отырған көкшіл зеңнен (пеницилл) басқа қара-қошқыл зең (аспергилл), ақ зең (мукор), қызғылт зең (фузариум) т. б. жатады. Көкшіл зең мен ақ зевді қолдан өсіру. Зеңдерді қолдан өсіру үшін нан, сәбіз, алма, картоп және т. б. алып, түбіне дымқылданған сорғыш қағаз төселген Петри шынысына салады да, бетін жауып жылы жерге қойса, бір апта өтпей-ақ зеңдердің мицелийлері (жіпшелері) дами бастайды. Зеңдерді қолдан екпесе де Петри шынысына олар қайдан келді? Бұл саңырауқұлақтардың споралары ауада болады, сондықтан жасалған қоректік ортаға бір ғана спорасы түссе жеткілікті, жіпшелері дами бастайды. Қол шатырға ұқсас өсімдіктер.

Қалпақты саңырауқұлақтар табиғатта өте көп таралған. Денелері жіпшелерден, түбіртектен, қалпақтан тұрады, тек жіпшелері топырақ арасында көрінбей жатады, ал жер үстіне түбіртегі мен қалпағы ғана шығып тұрады. Жіпшелері топырақтағы ылғал мен қоректік заттарды сорып, жер үстіндегі жемісті денесіне береді. Жемісті денесінің қалпағының астыңғы жағы кейбір түрінде пластинка тәрізді, ал кейбір түрінде түтік тәріз-ді болады, онда споралар жетіледі, піскен кезде саңырауқұлақтың бүкіл денесі қоңыр-қай тартып, сарғылт-қоңыр түсті споралары шашылып, ауаға таралады да, ылғалы, органикалық заттары жеткілікті жерге түссе өніп шығады. Қалпақты саңырауқұлақтар көбінесе орман арасында, шалғынды, далалы, шөлді, шөлейтті жерлерде өседі. Саңырауқұлақтарға атау өсетін жеріне байланысты беріледі. Мысалы, қайыңның түбінде өссе - қайың саңырауқұлағы, еменнін, түбінде өссе - емен, теректің түбінде өссе - терек саңырауқұлағы және т. б. делінеді. «Ішімдікті сұймейтін» саңырауқұлақ ішімдікті сүймейтін саңырауқұлақтар - қи саңырауқұлағы деп аталады. Оның түсі аппақ, қоқыстың, қидың үстінде өсетіндіктен аты да соган байланысты қойылған. Биіктігі 4 -13 см , қалпағының ені 3-6 см , жемісті денесі үлбіреген өте нәзік. Бір-екі күн өткен соң-ақ споралары тез пісіп жетіліп, түбіртегі мен қалпағы қара май жаққандай қапқара болып, жұмсара түседі. Қалпағының астындағы қатпары пластинка тәрізді. Жас күйінде (қараймай тұрғанда) түсі ақ болады, осы кезде тамаққа пайдаланады, қуырып та, қайнатып та жейді, я болмаса майдалап картопка, капустаға қо-сып жеуге болады. Бір ескеретін жай - ішімдік қолданып - артынан жесе болғаны, дереу уландырады, құстырады, жүректі ай-нытады, басты ауыртады, тері қызарып, жүрек соғуы жиілейді, тіпті ішімдікті таңертең ішіп, саңырауқұлақты сол күні кешкісін жесе де, арасында ұзақ уақыт өткеніне қарамастан, бәрі бір уландырады. Демек, саңырауқұлаң құрамындагы зат спиртті тотықтырады, сөйтіп алкогольге қарсы реакция жүреді. Сағатына 25 см өсетін саңырауқұлақ

Оңтүстік Американың тропиктік ормандарында пішіні ңоңырауга өте ұқсас диктиофора дейтін қалпақты саңырауқұлақ өседі. Мүктердің арасынан алғаш жұмыртқа пішіндес ақ түсті болып шығады да, лезде жұмыртқа пішінді домалақ саңырауқұлаң жарылып, сол жерден қызғылт-сары түсті жылтыр қалпақ жарып шығып, тез арада ұзарып өседі. Бақылаушылардың дерегіне қарағанда минутына ол 5 мм, сағатына 25 см өскен. Ңалпағының астынан шілтерге ұқсаған жұқа ақ жамылғы пайда болады, ол жамылғы төмен қарай үзарып түскенде саңырауқұлақ орамал жамылған адамға ұқсап шыға келген, сондықтан бұл саңырауқұлақты «жамылғы бүркенген бикеш» деп те атайды. Өте жағымсыз, борсыған иіс шығарады, сол иіске түнге қарай ұшатын насекомдар үйір келеді, споралары насекомдар арқылы таралады. Күн батып, қараңғы түскен кезде саңырауқұлақтың қалпағының астынан сәулеленіп жарық шығады, сол кезде кәдімгі жанып тұрған шамға да ұқсайды. Бір ғажабы: бұл саңырауқұлақтың тез өсуіне оның тез солуы сәйкес келеді. Бір күн гана тұрады да, ертеңіне сілемейленіп, қайтадан домалақ қалпына енеді де, тіршілігін жояды.

Жыртқыш саңырауқұлақ

Әдетте «жыртқыш» деген атау жануарларга тән ғой, бірақ, өсімдіктердің де «жыртқыштары» болады екен. «Жыртқыш» саңырауқұлақ топырақта болады, оның түбіртек, қалпақ сияқты жемісті денесі болмайды, тек жіпшелері ғана болады. Басқа саңырауқұлақтардың жіпшелерінен айырмашылығы: бұлардың жіпшелерінің әр жері қақпанға ұқсаған желімтек ілмешекке айналып кеткен, бұл «жыртқыштық» тіршілік етуге бейімделгендігінің дәлелі.

Топырақта ұзындығы 1, 2 мм-ге жететін нематода деп аталатын

жұмыр құрттар тіршілік етеді, негізінен, бұл құрт адамның ұлтабарында паразиттік тіршілік етеді. Личинкалары адам организміне тері арқылы енеді. Ал топырақта тіршілік ететін нематода томат, картоп, қызылша өсімдіктеріне де зақым келтіреді. Біздің сөз етіп отырған «жыртқыш» саңырауқұлағымыз осы құрттың қас жауы. Бұл құрт топырақ ішінде қозгалып келе жатып, абайсызда саңырауқұлақтың жіпшесіне тиіп кетсе болғаны, әлгі желімтек ілмешектері қақпан тәрізді шап етіп ұстап, жібермей қояды. Құрт құтылып кету әрекетін жасап бұлқынған сайын ілмешектерте берік іліне түседі, сөйтіп торға түскен нематоданың денесі бір тәулік ішінде қорытылып та бітеді. Ңорыту үшін қосымша жаңа жіпшелер дамып, олар құрттың ішін түгелдей кеулеп кетеді, құрттың тек терісінің ғана қорытылмай қалғанын көреміз.

Зеңбірек атушы саңырауқұлақ

Құрылысы жағынан көкшіл зеңге ұңсайтын эмпузе саңыраукұлағы шыбындарға өте өш келеді. Жіпшелерінен дамыған споралары күшпен атылып 1 -1, 5 см қашықтықта ұшып бара жатқан шыбынға тисе болғаны, оны жіпшелер қоршап алып, ары қарай өседі де, шыбынды тірідей сорады, сөйтіп шыбын еріксіз жан тапсырады. Өлген шыбынның үстін ақ үлпек мақта сияқты жіпшелер түгелдей жауып кетеді. Споралары зеңбірекше атылатындыңтан зеңбірек саңырауқұлағы деуге де болады.

Уландыратын саңырауқұлақ

Зең саңырауқұлағының ішіндегі улысы астық тұқымдастарында болатын қара күйе. Қара күйе түскен астық өнім бермейді, себебі

олардың масақтары қап-қара болып, түгелдей қара күйеге айналып кетеді. Тұқым сепкен кезде споралар дәнмен бірге топыраққа түсіп, тұқым өне бастағанда топырақтан жұғады. Ңара күйе қосылған ұнды абайсызда тамаққа қолданса, одан адам қатты уланады. Уланған адамның тамаққа тәбеті шаппайды, құсады, басы ауырады, асқазан органдары түгелдей бүріп ауырады, өте қатты уланған адамның қол-аяғы қисайып, семіп қалады.

X-XII ғасырларда Батыс Европада бұл ауру белгілі болғанымен, оның себебін ешкім аша алмаған. Бертін келе оның қара күйеден болатындығы анықталды. Қара күйе улы «эрготин» затын бөледі, ол адам организміне өте улы әсер етеді, сондықтан аурудың атын да эрготизм деп атады.

Шіріген томардан шыққан от

Әдетте томардың шіруіне саңырауқұлақтар көп себін тигізеді. Егер біз шіріген томарды жарып қарасақ, ішін кеулеп кеткен саңырауқұлақтардың аппақ жіпшелерін көреміз. Ал түнге қарай орман арасындағы шіріген томарлардан жарық шыққанын жиі кездестіруге болады. Бұл жарық опенок дейтін, томарды зақымдайтын қалпақты саңырауқұлақтың мицелийлерінен шығады. Оның тропиктік ормандарда өсетін түрінің қалпағының астына орналасқан споралары жарық шығарады, алыстан қарағанда жанып тұрған шамға ұқсайды. Мұны дінге сенушілер шайтанның жаққан оты деп атайды. Егер осындай шіріген томардың бір бөлігін ауасы таза бөлмеге әкеп қойса жарқырайды, өйткені бөлмеде оттегі бар. Егер томардың шіріген бөлігін көмір қышқыл газы көбірек, лас бөлмеге әкелсе, ол жарық шығармайды. Бұл саңырауқұлақтың құрамында болатын фосфордың әрекеттесуінен туатын құбылыс.

Саңырауқұлақтардың маңызы

Жоғарыда айтылғанындай, қалпақты саңырауқұлақтар ағаштардын, түбінде өседі, өйткені олар ағаш тамырларымен селбесіп тіршілік етеді, мұны микориза « микос » -саңырауқұлақ, «ризос»-тамыр) дейді. Клеткасында хлорофилл болмайтындықтан саңырауқұлақтардың жіпшелері жоғары сатыдағы өсімдіктердің тамырларын қоршап, оның аумағын ұлғайтып, ылғал соруға көмектеседі, тіпті тамыр түктерінің қызметін атқарады, әрі түрлі ферменттер мен витамин бөліп шығарып, тамырларды түрлі аурулармен зақымданудан қоргайды. Саңырауқұлақтардың жемісті денесі қоректік заттар жеткілікті болғандықтан өте ірі, етті болып өседі.

Емен, көктерек, қайың, шырша ағаштары микоризасыз дұрыс өсе алмайды. Осы күні микоризасы бар өсімдіктің түрі 2 мыңнан асады. Саңырауқұлаңтардың құрамында белок, май, қант, сондай-ақ кальций, фосфор, мыс тұздары бар. Саңырауқұлақтардан пенициллин, биомицин, стрептомицин, аспергиллин, ауреомицин сияқты алуан түрлі антибиотиктер алынады. Бұларды ревматизмге, нерв жүйесі бұзылғанда, бездердің жұмысын реттеуге, өкпе, дифтерия, менингит ауруларына, жараларға қолданады.

Пайдалы саңырауқұлақтарга спирт, шарап, нан өндірісінде қолда-нылатын ашытқы саңырауқұлағы жатады. Саңырауқұлақтар органи-калық қышқылдар алу өндірісінде де қолданылады. Мысалы, лимон қышқылы, гиббереллин және т. б. жеңіл өнеркәсіпте мата тоқитын тіндерді жұмсартуға, малдардың салмағын арттыруға қолданады. Жеуге жарамды саңырауқұлақтардың 200-ге жуың түрі бар.

Саңырауқұлақтартар әлеміндегі таңғажайыптар .

Жер астында картоп туйнегіне ұқсас трюфель деген саңырауқұлақ өседі.

Жай көзге көрінбейтін, өте ұсақ саңырауқұлақтар топырақта, суда, тагамдарда кездеседі.

Қалпақты саңырауқұлақтар бұлан, тиін, кірпі, қабан, тышқандардың сүйіп жейтін қорегі.

Саңырауқұлақтардың ішінде өте ұзақ жасайтыны - трутовиктер. Бұлардың 800 жылға дейін өсетін түрлері табылған.

Гүлге ұқсас саңырауқұлақтар да болады. Олар қылқан жапырақты орманда, қалпағы алғаш домалақ пішінді болып шығады, пісе келе 7 -10 бөлікке бөлініп, гүлдің күлтесіне ұқсайды. Тропиктік ормандарда көгілдір, сары түсті жарық, шығаратын саңырауқұлақтар өседі.

Саңырауқұлақтар бөлімі

Саңырауқұлақтардың 1-дай түрі белгілі. Бірқатар белгілері бойынша саңырауқұлақтар балдырларға ұқсас, бірақ олардың клеткаларында хлорафилл болмайды. Саңырауқұлақтардың кейбіреулері бір клеткалы, алайда олардың көпшілігі көпклеткалы организмдер болып келеді. Қоректену ерекшеліктеріне қарай саңырауқұлақтарды не спорофиттерге, не паразиттерге жатқызады. Спорофитті саңырауқұлақтар өлі органикалық заттармен қоректенеді, ал паразитгі саңырауқұлақтар тірі организмдердің денесінде өмір сүреді және солардың клеткаларынан өзіне қажетті заттарды сорып қоректенеді.

Кұрылысы. Саңырауқұлақтардың талломасы мицелий, немесе грибница деп аталынады. Мицелий гифа деп аталынатын жіңішке тарамдалған жіпшелерден тұрады. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың гифаларында көлденең перделер болмайды, сондықтан да олар тарамдалған үлкен бір клетка түрінде болады. Ал жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтардың гифалары көлденең перделері арқылы клеткаларға бөлінген болады. Тек аздаған төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың клетка қабықшасы целлюлозадан тұрады. Саңырауқұлақтардың көпшілігінің гифасының қабықшасының құрамы біршама күрделі болады: төменгі сатыдағыларының қабықшасы пектинді заттардан, ал жоғарғы сатыдағыларының - целлюлозаға жақын углеводтардан, және насекомдардың хитиніне ұқсас азоттық заттардан тұрады. Клетка қабықшасының астында протопласт жатады. Ядросы өте ұсақ және клеткада 1-2 немесе көптен болады. Қор заты ретінде гликоген немесе май тамшылары жиналады, крахмал еш уақытта түзілмейді. Гифалары жоғарғы ұшы арқылы өседі. Қолайлы жағдайларда олар өте тез өседі.

Жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтардың гифалары көп жағдайда матасып жалған үлпа-плехтенхима түзеді. Одан келешегінде жыныстық спора дамитын жемісті дене түзіледі. Саңырауқұлақтардың суды бойына өткізетін және оны буланудан сақтайтын арнайы тетігі болмайды. Сондықтанда олар тек ылғалды жерлерде өседі.

Қоректенуі. Саңырауқұлақтар гетеротрофты организмдер. Олардың көпшілігі өліп қураған өсімдіктердің қалдықтарымен қоректенетін сапрофиттер. Сапрофитті саңырауқұлақтар клетканың целлюлозды қабықшасын және лигнинді бұзатын ферменттер түзеді. Сапрофиттердің аздаған түрлері ғана жануарлардың қалдықтарымен қоректенеді. Паразиттері өзіне қажетті қоректік заттарды тірі организмдердің клеткаларынан сорып қабылдайды.

Саңырауқұлақтардың 10 мыңнан астамы өсімдіктерде паразит ретінде кездеседі, ал бір мыңнан аздауы жануарлармен адамдардың паразиттері. Саңырауқұлақтардың көпшілігі өмірінің бір бөлігінде паразит ретінде, ал екінші бөлігінде сапрофит ретінде тіршілік етеді. Саңырауқұлақтардың балдырлармен, кейде тіптен жоғарғы сатыдағы өсімдіктермен де селбесіп өмір сүруі жиі байқалады. Оны симбиоз деп атайды. Симбиозға мына жағдай мысал бола алады. Ақ саңырауқұлақтардың қайыңның, қарағайдың, шыршаның және емен ағашының түбінде, рыжиктердің қарағайлы және шыршалы ормандарда, подрсиновниктердің көк теректің түбінде өсетіндігі белгілі. Бұл жағдайда ағаштардың тамырларымен саңырауқұлақтардың мицелийлерінің арасында тығыз байланыс қалыптасады, яғни симбиоз түзіледі. Симбиоз түзілуден немесе селбесіп өмір сүруден өсімдіктердің екеуінеде пайдалы жағдай қалыптасады. Мицелийдің жіпшелері тамырды тығыз орап, кейде тіптен оның ішіне өтеді. Мицелийлер топырақтан суды және онда еріген минералды заттарды сорып алады да, оларды ағаштардың тамырларына жеткізеді. Сонымен мицелий ағаштардың тамыр түктерін алмастырады. Ал ағаштардың тамырларынан мицелий өзінің қорегіне және жемісті дене түзуге қажетті органикалық заттарды алады.

Қалпақты саңырауқұлақтар жасыл түсгі гүлді өсімдіктер мен балдырларға қарағанда басқаша қоректенеді. Саңырауқұлақтардың клеткаларында хлорофилл болмайды және органикалық емес заттардан органикалық заттар түзілмейді. Саңырауқұлақтар дайын органикалық заттармен қоректенеді. Бұл жағдайда саңырауқұлақтардың мицелийлері органикалық заттардың бір бөлігін сумен бірге және ылғалды қарашірінділерге бай орманды жерлердің топырағынан минералды заттармен бірге сорып қабылдайды, ал екінші бөлігін өздері өсіп тұрған жердегі ағаштардың тамырларынан алады. Симбиоз процесінің нәтиже-сінде жаңа организмдер пайда болады. Мысалы, қыналар, микориза.

Көбеюі. Саңырауқұлақтарда жыныс процесі редукцияға ұшыраған, соған байланысты оларда вегетативті және жыныссыз көбеюдің түрлері ерекше көп.

Вегетативті көбеюі мицелийдің жекелеген бөліктері арқылы; артраспоралары (оидийлері) арқылы - клетка қабықшалары жұқа болып келетін гифаның оқшауланған бөлігі; хламидоспоралары арқылы - қабықшалары қалып болып келетін клеткаларға ыдырайтын гафалар; бүршіктенуі арқылы - гифаларында келешегінде бөлініп түсетін домалақ өскіндердің пайда болуы арқылы көбею.

Жыныссыз көбеюі әртүрлі споралардың көмегімен жүзеге асады: зооспорангияның ішінде дамитын зооспоралары, спорангияның ішінде жетілетін спорангиоспоралары; ерекше гифалардың бүршіктенуінің нәтижесін де экзогенді жолмен пайда болатын конидийлері арқылы.

Кейбір саңырауқұлақтардың өмірлік циклында жыныссыз споралардың түзілуінің бірнеше формалары кездеседі.

'Жыныстық көбеюі . Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарда жыныстық көбеюдің бірнеше формалары болады: изогамия, гетерогамия, оогамия, зигогамия. Зигота барлық жағдайда біраз уақыт тыныштық кезеңін басынан өткізеді, содан соң өсіп зооспоралар немесе зооспорангиясы бар, немесе спорангиоспорасы бар қысқаша гафа береді. Өсер алдында зигота мейоз жолымен бөлінеді. Көптеген төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың өмірі гаплоидты фазада (п) өтеді, тек зигота ғана диплоидты болады.

Жоғары дәрежелі саңырауқұлақтардың жыныстық процесінің формасы ерекше болып келеді: гаметангиога-мия - сырт құрылыстары әртүрлі болып келетін жыныс органдарының ішіндегі гаметаларға бөлінбеген заттарының қосылуы; самотогамия - вегетативті гифаның екі клеткасының қосылуы; сперматизация - аналық жыныс органының қозғалмайтын клеткаларымен (спермациямен) ұрықтануы. Ядролар өдетге бірден қосылмайды. Қарама-қарсы жыныстық белгілері бар ядролары алдымен қосарланып жақындасып дикариондар түзіледі. Дикариондардың саны оларды түзетін ядролардың синх-ррнды бөлінуінің нәтижесінде көбейе түседі. Біраз уақыттар өткеннен соң дикарионның ядролары қосылады да диплоидты ядро түзеді. Енді диплоидты ядро мейоз жолымен бөлінеді де, гаплоидты адролар береді. Олардың әрқайсысы жыныстық көбею спораларының ядросына айналады. Сонымен жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтардың өмірлік циклында үш түрлі ядролық фаза ал-масып келіп отырады: гаплоидты, дикарионды және дип-лоидты. Оның ішінде диплоидты фаза өте қысқа болады, ал өмірлік циклдьщ негізгі бөлігі гаплоидты және дикарионды фазаларда өтеді. Жыныстық көбею спораларының екі типі бар: 1) аскаспоралар, эндогендік жолмен ерекше клет-қаларда - қалталардың ішінде пайда болады. Бұл әдетте дикарионның ядролары қосылғаннан кейін жүретін мейоз және митоз процестері арқылы іске асады. Жыныстық көбею спорасының екіншісі - базидиоспоралар, олар экзогендік жолмен, көп жағдайда төртеуден ерекше клеткалардың үшында пайда болады. Бұл да дикарионның ядролары қосылғаннан кейін жүретін мейоз процесі арқылы іске асады. Саңырауқұлақтарда жыныстық споралардың түзілуі әдетте олардың өмірлік циклының аяқталуын көрсетеді.

Сонымен, қоректену ерекшелігіне байланысты пластидтерінің болмауы, гифаларының қабықшаларында хитиннің болуы, артық қор заттары ретінде гликогеннің жиналуы саңырауқұлақтарды жануарларға жақындастырады. Ал шексіз өсуі, қоректік заттарды сору арқылы қабылдауы оларды өсімдіктерге жақындастырады. Өсімдіктер мен жануарлардан саңырауқұлақтар гифалардан тұратын вегетативтік денесі арқылы және өмірлік циклында гаплоидты және диплоидты ядролық фазаларынан басқа үшінші - дикарионды фазасының болуымен айқын ажыратылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы
БОТАНИКА ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Қырықбуын тәрізділер және қырықжапырақ тәрізді бөлімі
Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы
Қыналар
Прокариоттар мен эукариоттардың генетикалық ақпаратының құрылысының ерекшелігі
Саңырауқұлақтық зақымдану
Органикалық дүниенің даму тарихы мен өсімдіктердің систематикасы
Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы
Жалпы энтомология пәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz