Сапалы білім болашақ кепілі


Сапалы білім болашақ кепілі
Сапалы білімді қалыптастыруда білім мен ғылымның, білікті кадрдың атқарар рөлі қашанда ерекше десек, соны жүйелілікпен жүзеге асыру жолында жұмыстар жүргізіліп жатыр деп батыл айтуға болады. Бүгінгі таңда Атырау қаласында мұнай-газ, Павлодар облысының Екібастүз қаласында отың-энергетикалық салалар бойынша жоғары білікті мамандар даярлау мен қайта даярлау үшін аймақаралық оқу орындарын құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай республикалық деңгейдегі оқу орталықтары Өскеменде машине жасау құрылысы. Шымкентте мақта өнімдерін және ауылшаруашылық дақылдарын өндеу бойынша да ашылады. Аталған өмірлік істі жүзеге асыру үкімет қаулысымен бекітілген 2010 жылға дейін елімізде кәсіптік мамандар әзірлейтін 27 кәсіптік оқу орнын құру жоспарланып отыр. Мұның бәрі ел экономикасына керек білікті жұмысшы мамандарға деген сұранысты қанағаттандыруға бағытталған шаралар. Шағын бизнесті, орта кәсіпкерлікті ерістетуге қысқа мерзімде маман дайындайтын техникалық және кәсіптік мектептердің қай заманда да алатын орны ерекше болған.
Ел экономикасының жедел дамуы кәсіптік маманға деген сұранысты еселеп арттырып отыр. Бір ғана мысал, өткен жылы құрылыс көлік байланыс салаларына 7, 8 мың, оператор, аппаратшы, слесарь мамандықтарына 3 мың адамның қажеттігі туындаған. Отанымыз Бүкіл-әлемдік сауда ұйымына (БСҮ) кіруге ұмтылып отыр. Ендеше, БСҮ талаптарына сай өнім өндіретін кәсіп иелері ауадай қажет болары сөзсіз. Олай болса, кәсіптік білімге үлкен мән беретін уақыт жетті.
Жоғарыда айтқан мәселелерді шешу үшін қазіргі таңда инженер кадрлардың біліктілігін арттыру мақсатында Корея, Германия, Норвегия сияқты елдермен келісім-шарт жасалды. Еліміз бойынша бүгінгі танңа 6 инженер кадр шетелде, атап айтсақ, Германияда біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша оқып жатыр. Алдағы уақытта жылына жүздеген мамандарды дамыған елдерде әзірлеуді жоспарлап отырмыз. Кәсіптік мектептердегі оқу-өндірістік шеберлерінің жалақысын 4 есеге көбейту жолдары қарастырылуда. Жаңа заң жобасы білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасындағы түйіндерді шешуді заңнамалық тұрғыдан бекітеді. Атап айтканда:
- 6 жастан бастап оқытумен 12 жылдық жалпы орта білім беруге және 11-12 сынып оқушыларын кәсіптік және кәсіби бағдарлап оқыту жүйесін енгізуге көшіру;
- жоғары техникалық мектеп жүйесін дамытумен кәсіптік орта білімнен кейінгі білім деңгейін өз алдына бөлек құру, халықаралық талаптарға сәйкес жалпы орта білім сатысынан кәсіптік орта білім беруді өз алдына бөліп шығару;
- дәстүрлі сырттай оқытуды біртіндеп қашықтықтан оқыту технологиясына көшіру және академиялық кредит жүйесіне негізделген кәсіптіккадрлар - бакалавриат - магистратура - докторантура, яғни бұл мамандықтарды дайындаудың үш сатылы тұтас моделін жасап, оны орнықтыру;
- білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру тәрізді ауқымды істер заңнан көрініс табады.
Мұғалімдердің беделін көтеру, мәртебесін анықтау, олардың құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ әлеуметтік жағдайлары туралы мәселелерін реттейтін нормалар да енгізілді. Сол секілді білім берудің сапасын арттыру, талапты күшейту жолдары, мазмұнын заман ағымына қарай жаңарту, білім берудің барлық деңгейлеріндегі білім беру бағдарламалары, білім беру процесін ұйымдастыру нормалары да қайта қаралу үстінде. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациялаудың, аккредитациялаудың бүкіл әлем мойындаған нормалар заң жобасының жаңа редакциясынан көрініс табатын болады. Және мемлекеттік құрылыдармен бірлесе отырып жүзеге асырылатын аккредитациядан қоғамдық аккредитацияға көшу шешіледі.
Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Үкіметтің 2006 жылғы 9 желтоқсандағы қаулысы. Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 13 маусымдағы бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында 2006-2011 жылдарға арналған тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасы" өскелең ұрпақты патриотық рухта тәрбиелеуге, ой-өрісін жетілдіруге, әсіресе оқушылардың өнеге өресінен көрінуі, ана сүтімен бойына дарыған, мемлекеттік мәртебеге ие ана тілін, өзге де тілдерді, қазақ жене шетел тарихын, ұлттық құндылықтарды игеруге, Казақстанда тұратын барлық ұлттардың салттары мен дәстүрлерін құрметтеуге негізделген.
Ұлттық бірлікке тәрбиелеу мақсатында оқушылар арасында "Мен Қазақстанның азаматымын" атты республикалық акция аясында басқа этнос балаларының мемлекеттік тілді білуіне арналған конкурстар, барлық ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлерін насихаттайтын мерекелер ұйымдастырылады. Бір сөзбен айтқанда, білім беру мен тәрбие мәселесі ұштас жүргізіліп, ұстаз бен ата-ана, қазіргі заман тілімен айтсақ, кәмелеттік жасқа жеткенше, халықтық қағидаға сүйенсек, баланың қабырғасы қатып, бұғанасы бекіп, оң-солын танығанша көзден таса, көңілден ұмыт қалдырмау керек.
Қазір тәрбиенің "көкесі" теледидар болып барады. Ондағы жат қылықтардың ұрпақ жанын улап жатқанын ашып айтуымыз керек. Оған қарсы тұрарлық бір ғана жол - балалар қызыға көретін шығармаларды өмірге әкелу, Біз осының алғашқы қадамы ретінде білікті мамандармен кеңесе келіп, тек қазақ тілінде ұлттық үлгідегі 30 мультфильм жасауды қолға алдық. Ол дайын болған соң барлық балабақшаларға, бастауыш меқтептерге тегін тәрату ниетіндеміз. Бұған қоса, сол мультфильмдерді Отанымыздағы барлық теледидардан күндізгі сағат үштен кешкі онға дейін көрсетіп отыруды жүзеге асырсақ дейміз. Біз сонда ғана ұлттық тәрбиені онды жолға қойып, бет-бейнемізді, салт-дәстүрімізді жаңғыртып, жастардың отаншылдық сезімін оятатын боламыз. Тағы бір мәселе, баланың жанына жақын ұлттық ойыншықтар жасаудың мүмкіндіктерін қарастырудамыз. Мұның бәрі бір ғана министрліктің қолынан келмейтіні белгілі. Әрине, жұрт болып жұмылсақ ел болыл ұйыссақ орындалар шаруа деп білемін.
1996 жылдан бастап оқу процесінде жаңа буын оқулықтары кезең-кезеңмен қолданыла бастады. Осыған байланысты 2006-2007 оқу жылында мектепке 10-сыныпқа арналған және 6-сыныпқа қайта басып шығарылған жаңа буын оқулықтары берілді. 2007-2008 оқу жылында 11-сыныпқа арналған және 7-сыныпқа қайта басып шығарылған жаңа буын оқулықтарды оқу үрдісіне енгізу жоспарланып отыр. Елімізде отандық оқулықтар бірінші peт әзірленіп отырғандықтан, алғашқы басылымдарда кемшіліктер кездесті. Сол кемшіліктер ескеріліп, оқулықтар қайта өнделіп, басылып жатыр. Осыған байланысты оқулықтардың сапасын көтеру мақсатыңда төмендегідей жұмыстар атқарылуда.
Бірінші, 2004 жылы "Білім туралы" Заңға өзгерістер енгізіліп, білім беру ұйымдарына оқулықтарды тандауға еркіндік жасалды. Осыған байланысты білім беру ұйымдары баламалы оқулықтар қолдануда. Аталған оқулықтарды дайындауға белгілі ғалымдар, "тәжірибелі әдіскер мамандар топтастырылып, оқулық сапасының артуына мүмкіндік туды. Екінші, оқулықтарға сапалы сараптама жасауды ұйымдастыру мақсатында Республикалық ғылыми-практикалық "Оқулық" орталығы құрылды. Үшінші, оқулықтарға мемлекеттік сараптаманы ұйымдастыру үшін сарапшыларға республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. Жоғары білім сапасын көтеру мақсатында министрлік тарапынан жұмыстар атқарылуда. Ең бірінші, білім беру ұйымдарын лицензиялау және мемлекеттік аттестаттау ережелеріне өзгерістер енгізілді. Сондай-ақ, жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық жабдықталуына қойылатын талап күшейтілді. ЖОО білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін уақыт талабына сай келетін оқу-зертханалары болуы тиіс. Оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен жабдықталуы тек есеп беру үшін емес, сапалық көрсеткіштермен өлшеу жолға қойылады. Оқу процесінде инновациялық ақпараттқ және білім беру технологияларын тиімді пайдалану, магистрлік бағдарламаларды жүзеге асыратып ЖОО қызметіне жаңа біліктілік талаптары белгіленді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz