Сара Тастамбекқызы



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Сара Тастамбекқызы
(1853-1907)
Халқымыздың ғасыр бойы аузынан тастамай, атының өзін бойтұмардай
қастерлеп келген өлең өнерінің ділмәр – Сара Тастанбек қызы 1853 жылы,
қазіргі Талдықорған облысы, Ақсу ауданы, Матай-Қаптағай елінде туып өскен.
Әкесі Тастанбек ерте өліп, оның інісі Жайсанбектің қамқорлығында қалады.
Сара жетімдік зардабын шегіп, жоқ – жітік көріп, тұрмыс тауқыметін тартып
өскен. Шешесі Уазипа, інісі Сахари сол ауыртпалықтың салмағына шыдамай
ерте тізе бүгіп, қаза тапқан. Ал Жайсанбек болса, бойына біткен қайратын
жұмсап, өнімді еңбек ете алмай, бұзықтар құрған тұзаққа өзін де, жас
өспірім Сараны да іліндіріп алып, азап шеккен. Таяуда жарияланған
Өтепберген Ақыпбекұлының мәліметі Қалихановты толыстырып, нақтылай түскен.
Сараның өмірін, айтысын бұрмалаудан арашалап, ғылымға керек деректер
бекген. Біз осы соңғы табысқа жүгінеміз. Ол Сараның 1853 жылы туып, 1907
жылы өлгенін , 1871 жылы Біржанмен айтысқанын, Қарашоқыдағы зиратқа
жерленгенін, Біржаннын көмегімен азат болып, Бекболға қосылып, бес бола
сүйіп өмір кешкенін, әкесі Тастанбек пен шешесі Уазипа шағын шаруасының
болғанын анықтады.
Ол - атақты Біржанмен айтысы арқылы даңіқын асырған ақпа ақын. Ие,
бұл аяулы ақын, ару Сара, сымбатты сұлу Сара даңқты дана қыз Сара – XIX
ғасырдағы қазақтың мешеу қоғамы түнегінде таң шолпаны болыпсәулесін шашқан
нұрлы Сара. Асқан ақылынан азап шексе де, алған бетінен қайтпай, қазақ
қыздарының арманын арқалап, бас бостандығын аңсап зар шеккен – мұңды Сара.
Қазігі гүлденген еліміздің аспанына өшпес өнер жарығын түсірген, рухани
мәңгілік азық сыйлаған – жомарт Сара. Асқан ақындық сұлулықтың символы
болып аты ел есінде сары алтындай сақталған өмірлі Сара.
Сара заманына салқын жүзбен қарап, бойына қуат жиып, қайсарлық көрсете
өсті.Кезі келіп, күні туар жарқын күнін армандаудан танған жоқ. Жас жүрегі
кеудесіне сыймай тынымсыз соғып, көңіл қошын таба алмай алас ұрды.Ойына
оралған армандарын сауық кештерде, бас қосқан жиындарда өлеңмен толғаны,
зар – шерін, тыңдаған жанның сай –сүйегін сырқыратып,
көпшілік назарын аудара берді. Жан сезімі ояу тыңдаушыны селт еткізбей
қоймайтын жүректен шырқап шыққан мұңдының ащы зары өзіне еріксіз елітіп,
зарықтырады.
Қайғысыз пенде жоқ кездің мұңдастары бірге қайғырып, әнін қостап, ауыр
күрсінеді. Ауылдас ағайын, жекжат женгелері Сараны өз қамқолықтарына алып,
бойын түзеп, киімін бүтіндеп, өнерін бағалап, жұбатуға тырысады.
Көтерген көп көиегі бір баланы,
Көрікті киімдерге жырғалады...
Көркейіп сырт пішінін өзгеренмен
Ызғарлы із жүректегі мызғымады.

Балғын көңілді шарқ ұрғызатын шынайы сезімдердің әсері Сараның өнерге
деген құштарлығын арттырады.Көңілі көтеріліп, көкірегіне өлең, ән ұялайды.
Талапты жастың қанат қағар сәті түседі. Өнерге әуестік оны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Біржан сал
Біржанның өзіне дейінгі ақындардан өзгешелігі
Біржан мен Сара айтысының шындығы
ТҰРМЫС - САЛТ ЖЫРЛАРЫ. Тұрмыс-салт жырларының басты түрлері
Жүрсін Ерман поэзиясының көркемдік ерекшелігі
Музыка сабағы - өнер сабағы
Сараның өмірлік әлеміне шолу жасау
«АСЫЛ МҰРА» Қазақтың аса көрнекті композиторы, қоғам қайраткері, КСРО халық артисі Мұқан Төлебаевтың туғанына 100 жыл (1913-1960 ж.) Лекция
Біржан салдың лирикалық өлеңдері
АЙТЫСТЫ ОҚЫТУ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
Пәндер