Орта мектеп практикасындағы саралап оқыту


Мазмұны
Кіріспе
- ТАРАУ. Орта мектеп практикасындағы саралап оқытудың теориялық негіздері. Оқытуды ұйымдастыру формаларының пайда болуы және даму тарихы. Саралап оқытудың мәні мен мазмұны.
- ТАРАУ. Қазіргі мектеп практикасындағы саралап оқытуды ұйымдастыру.
2. 1. қазіргі мектеп практикасындағы саралап оқытуды ұйымдастыру формалары.
2. 2. Қазіргі мектептегі инновациялық технологияларды пайдалану ерекшеліктері.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
- Оқытуды ұйымдастыру формаларының пайда болуы және даму тарихы.
Елбасымыз Қазақстан халқына жолдауында (Қазақстан -2030) білім беру саласындағы негізгі міндетіміз - осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, «білім экономикасының» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту екендігін атап көрсетті.
«Қазақстанның болашағы, әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50елінің қатарына кіруі, оның экономикасының инновациялық даму жолына сапалыкөшуіне тікелей байланысты. Осыған орай біздің тәуелсіз мемлекетіміздің басты даму бағыттарының бірі - білім мен ғылымды барынша дамыту болып табылады», - деп белгілейді. Осыған орай бәсекеге қабілетті жоғары білімді кадрларды даярлау, сонымен қатар сондай терең білімді оқушыларды тәрбиелеп шығаруды бастауыштан бастау қазіргі күнгі өзекті мәселенің бірі.
Елбасы нұсқаған бұл межеге жету үшін бастауыш мектептен бастап жүйелі оқытуды жеделдету технологиясын оқу процесіне тез арада ендірудің мәні зор. Өйткені бұл технология өз тәжірибесінде оқыту сапасының жоғарылығы мен оған кеткен уақыттың үнемділігін байқатты.
ХХ ғасырдың бас кезінде философ - идеалист АҚШ педагогикасына зор ықпал жасаған ДЖ. Дьюи (1859-1952) келешекте мектеп болмайды болжау айтқан. Олай болса мектептерде оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы сабақта жойылады. Бірақ оның жорамал ойы орындалмады, керісінше оқыту бүкіл дүние жүзі мектептеріндег бірте-бірте дамуды және заман түлектеріне сәйкес өзгеруде.
Сабақты мақсатқа бағытталған мұғалім мен оқушылардың ұжымдық шығармашылық еңбегі деп қарастыру керек. Сабақта оқыту мен тәрбиенің мақсаттары, міндеттері жүзеге асырылады, оқушылардың ой-өрісі кеңиді, қабілеті дамиды, көзқарасы, адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Сабақтың шын мақсаты- тұлғаны оның қабілеті мен дарындылығына сүйеніп дамыту. Әрбір сабақ логикалық, психологиялық және ұйымдастыру бірлігі болуы тиіс.
Ұйымдастыру бірлігі - бұл сабақта алдын-ала жабдықтарды және оларды рет-ретімен пайдалануды, бүкіл сабақ бойында оқушыларды белсенді тиімді жұмысқа ұйымдастыру.
Оқытуды үйымдасгыру формасы - оқыту процссінің міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттерінің сыртқы көрінісі. Ұйымдастыру формасында оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістері бірыңғай жүзеге асады.
Қоғамның даму тарихында жас ұрпақты оқытудың ұйымдастыру тәсілдері де өзгеріп тұрады. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың тарихында, оның негізінен үш түрлі формасы қалыптасқан: жеке-дара, топтық және сынып-сабақтық жүйе.
Мақсаты: оқытуды ұйымдастырудың түрлері сабақ туралы түсінік, негізгі міндеттері, талаптары және шарттары.
Міндеті:
а) Сабақтың даму тарихын ғылыми еңбектер арқылы ашу.
ә) Оқыту үрдісін ұйымдастырудың түрлері жайлы түсінік.
б) Әр түрлі типті сабаққа мінездеме бере отырып, оның негізгі кезеңдерінің маңызын ашу.
в) Сабаққа оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруда мұғалімнің дайындықжағдайының негізгі міндеттерімен таныстыру.
Жоспар:
- Оқытуды ұйымдастырудың түрлері жайлы түсінік.
- Сабақта оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.
- Мұғалімнің дайындығы.
Негізгі ұғымдар: Оқытуды ұймдастырудың түрі, оқытудың сынып-сабақ жүйесі, білім, қабілеті, дағды, тәрбие және дамыту, оқушы, оқытушы, сабақтың жоспарын құру, бағалу және бақылау.
Пәнаралық байланыс: философия, тарих, әлеуметтану.
Педагогика тарихында ұлы педагогтардың тұжырымдары және оқуды ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдері белгілі. Оның дамып жетілуі, қоғамның қажеттілігі мен сұранысының талап-мүддесіне қатысты. Оқытуды ұйымдастырудың түрлері негізінен былай жіктеледі. Оқушының саны мен құрамы, жұмыс орны, оқу жұмысының ұзақтығы. Осыған қарай оқытудың түрі былайша бөлінеді. [7]
- Жеке (бір ғана оқушымен жұмыс істейді. ) ;
- Жеке-жұптық (оқушы-оқушы, мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасы, қазіргі жағдайда оқушымен қарым-қатынасы жеке оқушының әзірлік үрдісіндегі қызметімен айқындалады ) ;
- Жеке-топтық топ мектепте жұмыс істейді, бірақ бір мектепте оқытылатын оқушылардың жасы әр шаманы құрайтын топ болады (оқытудың бұл түрі орта ғасыр мектептерінде қолданылған) ;
- өзар бірлесіп оқыту, (аталған оқыту жүйесі Англияда пайда болған, атауы-беланкестер жүйесі ) ;
- саралап оқыту, оқытудың бұл түрі оқушылардың қабілетіне қарай өтіледі (мангейм жүйесі) ;
- бригадалық оқыту, тапсырманы бригада алады: бір сыныпта 5-6 оқушы ұйымдасады, есеп беруші бригадир оқытудың бұл түрі ХХ - ғасырдың 20-жылдарына тән;
- Американдық «Винетка-жоспар», «Трампа-жоспар» және т. б.
- Оқытудың микротоптық жүйесі (фронтальды, ұжымдық жұмыс жәнен т. б. )
Жекелеп оқыту жүйесі көне және орта ғасырларда пайдаланылды. Мұғалім жеке оқушының орындаған жаттығу жұмыстарын тексеріп, мәтінді оқытып тыңдайтын, қалай оқу керектігін көрсететін, үй тапсырмаларын орындау амалдарын түсіндіретін, музыкалық құралдармен пайдалануды үйрететін. Дене шынықтыру тәрбиесінен жарыс және бәсеке жұмыстарын ұйымдастыратын, жеке не бірнеше оқушымен әңгіме жүргізу әдістерін де қолданатын.
Бұрын қазақ еліндегі молдалардың балаларды оқытуы да осы орта ғасырлық оқу жүйесіне өте ұқсас еді. Әр жастағы балалар молданың алдында жүгініп отырып, әр кітаптан оқыған.
Балалрмен оқу жұмысын ұйымдастырудың неғұрлым ежелгі формалары - жеке дара және жеке дара топтық оқыту. Жеке дара оқыту кезінде мұғалім өз үйінде немесе оқушының үйінде оны оқыту жұмысын жүргізеді (білімді игеру деңгейін тексереді, жаңа материалды түсіндіреді, білімді тәжірибеде қолдану бағытындағы жаттықтыру әрекетін дұрыс жолға қояды) . Жеке дара - топтық оқыту мұғалім бір мезгілде бірнеше оқушымен (топпен) жұмыс жүргізетін. Оқушылар әртүрлі жас кезеңінде болғандықтан, оқуды әртүрлі уақытта бастап, әр түрлі уақытта аяқтатын болғандықтан және әр түрлі бағдарламалар бойынша оқитын болғандықтан, оқу жұмысы жеке даралық сипатқа ие болды. Сондықтан мұғалім алдымен бір оқушыдан сұрайтын, оған жаңа материалды түсіндіретін, өз бетінше жұмыс тапсырмалар беретін, содан соң осындай ретпен басқа балалармен жұмыс жүргізетін.
Өндірістің, қоғамдағы әлеуметтік - экономикалық қатынастардың дамуына байланысты балаларды жаппай оқытуды ұлғайтуға деген қажеттілік пайда болды. XV-XVI ғғ. Украина мен Беларусьте оқытудың класс-сабақтық жүйесі пайда болды және дамыды. Класс-сабақтық жүйе Я. А. Коменскийдің, Г, Песталоццидің, И. Гербардттың, К. Д. Ушинскийдің және одан кейін педагогтардың еңбектерінде ғылыми тұрғыда негізделді. Оқытудың класс-сабақтық жүйесі бойынша бірыңғай жастағы оқушылар жекеленген кластарға бөлінді, сабақ күні бұрын жасалған сабақ кестесі бойынша өтеді, кластағы барлық оқушылар бір материалды игеру бағытанда жұмыс жүргізеді. Оқытудың класс-сабақ жүйесінің ендірілуіне байланысты оқу жылы, оқу күні, сабақ, сабақтар арасындағы үзіліс, каникулдар және т. б. дидактикалық ұғымдар пайда болды. [8]
Тарихи шолу оқытудың неғұрлым тұрақты формасы-оқытудың класс-сабақтық жүйесі екенін көрсетті.
Оқытудың класс-сабақтық жүйесінің сұлбасын сызған неміс педагогы И. Штурм болды. Чех педагогы Я. А. Коменский оның теориялық негіздерін жасап, тәжірибеге ендірді.
Оқытуды ұйымдастырудың класс-сабақтық формасының ерекшеліктері:
- Шамамен алғанда бірдей жастағы және бірдей дайындық деңгейіндегі оқушылардың тұрақты құрамы (класс) ;
- Оқу процесі жекелеген өзара байланысты, бірінен соң бірі жүретін бөліктер түрінде жүзеге асады (сабақтар) ;
- әрбір сабақ тек бір пәнге арналды (монизм) ;
- сабақтардың тұрақты түрде реттесуі (сабақ кестесі) ;
- мұғалімнің басқарушы ролі (педагогикалық басқару) ;
- оқушылардың танымдық әрекетінің сан алуандық түрлері мен формалары қолданылды (әрекеттің вариативтілігі) .
Оқыту жұмысын ұйымдастырудың класс-сабақтық формасына оқытудың жеке дара формасы мен салыстырғанда бірқатар артықшылықтар тән: ол неғұрлым қатаң ұйымдастырушылық құрылымымен ерекшеленеді, тиімді, себебі бір мұғалім бір мезгілде оқушылардың үлкен тобымен жұмыс жүргізеді; өзара оқыту, ұжымдық әрекет, оқушылардың тәрбиесі мен дамуы үшін ұнамды алғыштар жасайды. Дегенмен аталмыш форманың тиімділігін төмендететін кемшіліктері де жоқ емес, Оның ең бастысы - «орташа» оқушыға бағдар алу, оқушылармен жеке дара оқу-тәрбие жұмысын жүзеге асырумүмкіндігінің жоқтығы.
Өзара оқытудың белл-ланкестерлік жүйесі 1798 жылы пайда болды. Оны жасаушылар - ағылшын священигі, миссионер А. Белл мен Дж. Ланкастер. Мұғалім алдымен ересек оқушылармен айналысты, одан соң ересек балалар жасы кіші балаларды оқытты. Балаларды қажетті деңгейде оқытуды қамтамасыз ете алмағандықтан, аталмыш жүйе кең таралмады.
"Сатылы" немесе "өзара оқыту" түрінің ерекшелігі: бір оқу жылында жас шамалары, білім дәрежелері әртүрлі, құрамы тұрақты емес оқушыларды жылдың қай мезгілінде болмасын оқуға қабылдап отырған. 200-300 немесе 600-ден астам оқушыны мұғалім сатылап оқытуды ұйымдастырған, түске дейін ересектерді оқытса, түстен кейін олар өз кезегінде жасы кіші оқушыларға өздерінің мұғалімнен алған білімдерін үйретіп отырған.
XIX ғ. Соңында оқытудың таңдамалы формалары (АҚШ-тағы батавалық және Еуропадағы мангеймдік жүйелер) пайда бола бастады. Оқытудың батавалық жүйесінде оқу күні екі бөлікке бөлінді: оның бірінші бөлігі оқушылармен ұжымдық сабақтарға арналса, екінші бөлігі күшті оқушылардың қабілеттерін дамытуға ықпал жасаумен бірге үлгірімі нашар оқушылардың артта қалуын болдырмауға көмектесетін. Үлкенсыныптарда мұғалім көмекшімен бірге жұмыс жүргізді. Мангеймдік жүйеде оқушылар қабілеттері мен үлгіріміне қарай кластар бойынша күшті, орташа және әлсіз оқушыларға бөлінді. Оқушыларды іріктеу бақылаулар мен сынақтар негізінде жүргізілді. Егер оқушылардың үлгірімінде өзгерістер болса, оларды бір сыныптан келесі сыныпқа көшіруге рұқсат етілетін.
1905 жылы Далтон қаласында даралап оқыту жүйесі пайда болды. Оны жасаған - мұғалім Е. Паркхерст. Аталмыш оқыту жүйесі дальтон-жоспар деп аталды.
Америка Құрама Штаттарында XX ғ. басында "дальтон-жоспар" оқу формасы тұңғыш рет қолданылды. Бұл жүйенің ерекшелігі, оқу жеке дара, әрбір оқушының өз күшімен, белгілі бір бағдарламаларды бөлшектеп оқытуды ұсынды. Мұндай оқытуды ұйымдастыруда мұғалімнің басшылық рөлі төмен болды. Бұл оқытудың айрықша формасы ретіндегі мәні мынада: мектепте сыныптар орнына әр пән бойынша лабораториялар (шеберханалар) жүйесі жасалды. Онда оқушылар тапсырмалар ала отырып, өз бетінше дайындалды. Сабақтардың жалпы жоспары (кестесі болмады) .
Жұмыстың ұжымдық формасына күнінен бір сағат бөлінді, қалған уақытта оқушылар мұғалімнен тапсырма ала отырып және оның орындалуы жайлы есеп бере отырып, материалды жеке дара оқып үйренді. Далтон жоспары 20-30 жылдар басында кеңес мектебінде оқытудың лабораториялық-бригадалық әдісі деген атпен қолданылды. Кейін оның білімді түсінікті және берік игеруді қамтамасыз етпеуіне байланысты одан бас тартты.
XX ғ. Басында АҚШ-та оқытудың жобалық жүйесі қолданыла бастады. Оның авторы - Дж. Дьюидің ізбасары У. Кильпатрик болды. Кеңестік мектепте аталмыш жүйе оқытудың кешенді жобалық жүйесі деген атқа ие болды. Бұл жүйеде оқу жұмысының негізінде материалды жекеленген оқу пәндері бойынша оқып үйрену емес (пәндік жүйе қысқарды, оқулықтар болмады), балалардың практикалық әрекетін ұйымдастыру алынды. Оны жүзеге асыру барысында оқушылар тіл, математика, тарих және т. б. бойынша білім элементтерімен танысты. Оқушылар қандай да бір түсінікті білім ала алмады.
Кеңес мектебінің алғашқы жылдарында оқу ісінде балалардың бірлесіп атқаратын жұмысы ретінде бригадалық-зертханалық әдіс жүйесі ұсынылды. Бұл әдіс бойынша, оқу сыныптары 3-4 топқа бөлінді. Әр топты басқаратын бригадирлер (жақсы оқитындары және ұйымдастыруға қабілетті балалар) белгіленді. Бригадирлер өз тобындағы оқушылардың орындаған тапсырмаларын жинақтап, мұғалімге бригада атынан жауап берді. Бригадирдің жауабына қарай, бригадаға оқушылар білімінің бағасы қойылды. Мұндай жағдайда оқушының жеке басының ерекшелігімен санасушылық болмады. Мұғалім тек консультант есебінде ғана жұмыс атқарды.
Оқытудың кең таралған сынып - сабақ жүйесінің негізін қалаған Ян Амос Коменский болды. Ол өзінен бұрын өткен және ағымдағы педагогикалық тәжірибелерді зерттеп, оқу ісін жүйелі ұйымдастыруды ұсынды.
1. Оқушыларды сыныпқа жас шамалары мен таным қабілеттері бойынша топтастыру.
2. Сыныптағы оқушылар құрамының әркезде тұрақты болуы.
3. Жеке пәндерді тұрақты оқу кестелері арқылы алмакезек оқыту.
4 . Оқытуды оқу жоспарына, оқу бағдарламалары жөне оқулықтарға негіздеу.
5. Оқытуды жылдың тұрақты бір мезгілінде бастап, аяқтау.
6. Оқытуды ұйымдастыру тек мұғалімнің басшылығымен жүргізілуі.
Қорыта айтқанда, мұғалім бір мезгілде жас шамалары бірдей, құрамы әркезде тұрақты оқушылар тобымен жұмыс істейді.
Оқытудың осы түрі ауқымында жұмыстың ұжымдық, топтық және даралап және саралап оқыту немесе қарапайым мазмұндағы түрлері ұйымдастырылады. Сыныптағы барлық оқушыларға бір тектес тапсырмалар берілгенде, ( жазбаша, зертханалық және тәжірибелік немесе практикалық сабақтар), онда саралап оқыту жұмысы жүргізілмейді, ал сыныпта топтар әртүрлі тапсырмалар орындаса, бір мәселені шешсе, бірге отырып барлығы тақырыптымеңгереді, міне сол арқылы жұмысты әрі ұжымдық фронтальды, топтық түрлері іске асады.
Неміс педагогы И. Ф. Гербарт сабақтың негізгі төрт кезеңін ұсынды. Мұғалімнің оқу материалын мазмұндау кезеңі, жаңа материадды өткен материалмен байланыстыру кезеңі, сабақты жаттығу әдісімен жүргізу кезеңі және қысқаша қорытынды жасау кезеңі.
Әрбір сабақ тұтас педагогтың прцестің функциясын жүзеге асыруға бағытталған: оқыту, дамыту, тәрбиелеу. Соның нәтижесінде сабақ көпжоспарлы, құрылымы әртүрлі болып келуі мүмкін. Сабақ құрылымының ерекше көп тараған түрі болып келуі мүмкін. Сабақ құрылымының ерекше көп тараған түрі барлық дидактикалық міндеттерді шешуге: білімді енгізу, жаңа материалды зерделеу, өткен материалды бекіту, бақылау, оқушылардың білімін бағалау, үйге тапсырма берумен байланысты.
Осылайша, қазіргі уақытта сабақ оқушылардың мектепте білім алуын ұйымдастыру түрінің ең негізгісі болып қала береді. Сабақтың нәтижелілігі мұғалімнің дайындық деңгейіне
Оқытуды сабақта ұйымдастырудың әртүрлі формаларына ұжымдық, топтық, жұп және дербес формалары жатады.
Барлық мұғалімдердің барынша күшті, қабілеті барлығын жұмысқа тарта және қызықтыра білетін педагогикалық құрамы - балалар ұжымы. Ол балаларды зорламайды, мәжбүр етпейді, оларды атап айтқанда, оқу іс-әрекетіне ұқатыстырады.
Сабақ - күрделі психологиялық және дидактикалық процесс, онда оқушылармен педагогикалық қарым-қатынас жасау және тәрбиелеу міндеттері іске асырылады.
Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар жүйесі
1. Сабақтың мақсаты айқын, мазмұны, жоспары және оның құрылымы алдын-ала белгілі болуы тиіс.
2. Сабақ оқыту принциптерінің ережслері мен талаптарына сәйкес болуы қажет.
3. Сабақтың ғылыми мазмұны оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай ұғынымды, түсінікті болуы керек. Сондай-ақ сабақта оқушылардың бойында біліктер мен дағдыларды қалыптастыру міндеті жүзеге асырылуы тиіс.
4. Сабақтың мазмұны оқытатын пәннің бағдарламасына сәйкес болуы және әрбір сабақ басқа сабақтар жүйесінің буыны болуы міндетті нәрсе.
5. Сабақта оқушылардың білімге ынтасы мен қызығуын арттыру үшін сабақтың құрылымы мен әдістерін түрлендіріп, көрнекі және техникалық құралдарды, түрлі ойындарды тиімді қолдану керек. "Баланың ынтасын арттыру үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болуы керек"- деп Ж. Аймауытов жайдан-жай айтпағанын ескеру керек.
6. Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру үшін проблемалық ситуациялар туғызып, проблемалық міндсттер мен тапсырмаларды орындауға басшылық ету қажет.
7. Сабақтың сапасын жақсарту үшін мұғалім оқушылармен қарым-қатынас жасау шеберлігін арттырып отыруы керек. Педагогикалық қарым-қатынас мұғалімге оқушылармен рухани байланыс жасауға мүмкіндік береді. Білім арқылы қарым-қатынас жасау жөне қарым-қатынас арқылы білім алу керек деген қағиданы іске асыру пайдалы.
8. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар оларды өздігінен білім алудың әдіс-тәсілдеріне үйрету міндет.
9. Сабақ оқытудың білім беру, тәрбирлеу және дамыту қызметін біртұтастық принципке сай жүргізуі тиіс. [11]
Сабақтың түрлері және оның дидактикалық құрылымы
Қазіргі кездегі сабақты жетілдіру жұмыстарының ішіндегі негізгі мәселелерінің бірі - оның түрлері мен құрылымы.
Мектеп тәжірибесіңде бір типті сабақтар болмайды. Сондықтан, оқыту жұмысын жүйелі әрі нәтижелі жүргізу үшін, оны топтастырудың мәні орасан зор. Сол себептен әрбір мүғалімнің сабақ классификациясын ойдағыдай білуі шарт.
Сабақ классификациясы (жіктелуі) - сабақтарды құрылысы жөнінен топастыру, түрге бөлу. Дидактикада сабақ классификациясын анықтауға айрықша маңыз береді. Бұл мәселе турасында педагогикалық ғылыми еңбектерде ортақ пікірлер әлі де қалыптаспаған. Қоғам дамыған сайын оқу жүйесінің қайта құрылатындығы және соған орай оқытудың мазмұны, әдіс-тәсілдерінің де өзгеріп, жаңарып отыруы сөзсіз.
Сонымен қатар, сабақты жіктеу әрбір пәннің ерекшеліктеріне, оқушылардың жас және таным ерекшеліктеріне де байланысты болып келеді.
Сабақты бүлай жіктеу кездейсоқ емес, оның бұлай қалыптасуында белгілі бір заңдылықтар бар. Атап айтсақ, сабақтың мақсатына байланысты мұғалім оқушыларға жаңа білім беруді көздесе, осыған орай "Жаңа білімді хабарлау сабағы" деп аталса, сабақта оқушылардың қабылдаған жаңа білімін іс жүзінде пайдалана білу жолын қарастырса, онда ол "Жаттығу немесе практикалық сабақ" деп аталады.
Сол секілді мұғалім өткен оқу материалын оқушылардың есіне салу, қайталау мақсатын көздесе, ол "Қайталау-қорыту сабағы" деп аталады.
Ал сабақтың "Аралас сабақ" түрі оның құрылымына байланысты болып келеді.
Мұғалім сабақтар жүйесінде дидактикалық бірнеше мақсаттарды жүзеге асырады. Демек, оқушыларға жаңа білім береді, оны өмірде, практикада пайдалану жолын үйретеді, өткен оқу материалын қайталап қорытады, сонымен бірге оқушылардың білім көлемі мен сапасын сынап, оны бағалайды. Мұңдай жағдайда көпшілік сабақ оның бірнеше элементтері (кезеңдері) арқылы аралас өтеді. Міне, осындай сабақ түрі "Аралас сабақ" деп аталады.
Кіріспе сабағының құрылымы
1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу.
2. Жаңа оқу материалын ендіру.
3. Жаңа білімді пысықтау, бекіту.
4. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.
Кіріспе сабағының ерекшелігі, оқу бағдарламасының жаңа тақырыптарын немесе тарауын оқып үйренуде қолданылады. Мұғалім тараудың немесе тақырыптың оқу-тәрбиелік мәнін ашып береді, алдағы сабақтарда оларды өткізу тәртібін оқушыларға түсіндіреді, ондағы жаңа оқу материаддарының мазмұнын оқып уйренудің тәсілдерін көрсетеді.
Жаңа білімді хабарлау сабағының құрылымы
1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу.
2. Жаңа оқу материалын ендіру.
3. Жаңа оқу материалын пысықтау, бекіту.
4. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.
Алғашқы тарау немесе тақырыптық кіріспе сабақтарына қатысты мәселелерді шешіп алған жағдайда, ендігі жерде мұғалім ағымдағы әрбір оқу материалын меңгеруге сай сабақтар жүйесін ұйымдастырады. Сабақ үстінде жаңа білімдерді баяндау немесе түсіндіру жұмыстары оның он бойында жүріп отырады.
Білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту сабағының құрылымы
1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру. Оқушыларды сабаққа әзірлеу.
2. Бұрын өтілген оқу материаддарын қайталау, пысықтау.
3. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі. Түрлі жатгығулар мен практикалық және лабораториялық жұмыстарын атқаруы.
4. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, түсіндіру.
Жаңа білімді оқушылардың қабылдап, меңгеруі барысында сабақтың пысықтау және бекіту кезеңдері де белсенді қызмет атқарады. Себебі жаңадан оқып үйренген білімдерді пысықтап отыру әр сабақтың елеулі элементі болып табылады. Алған білімді бекітпейінше, оны сапалы да берік меңгеру мүмкін емес.
Мұғалімнің түсіндіруі жағдайында оның сөзімен бірге оқушылардың өз бетінше жаттығу істері және тәжірибелік-зертханалық жұмыстарында тәжірибелер жүргізіп, көрнекі құралдарын көрсету жұмыстары қоса атқарылады.
Жаттығу және тәжірибелік сабақтың құрылымы
1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz