Ислам дініндегі мәзһабтардың шығуы


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3-5

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І Бөлім. Ислам діні және фикх мазхабтары

1. 1. Ислам діні және оның пайда болуы . . . 6-8

1. 2. Фикх мазхабтарының пайда болуы . . . 9-28

ІІ Бөлім. Мазхабтарға байланысты үкімдер

2. 1. Фикх мазхабтарының негізгі дерек көздері . . . 28-43

2. 2. Фикх мазхабтарындағы үкім етудің ерекшеліктері . . . 44-61

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 62-63

СІЛТЕМЕЛЕР . . . 64-65

ПАЙАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 66-67

КІРІСПЕ

Тақырыпты зерттеудің өзектілігі. Ислам дiнi VII ғасырда пайда болғаннан бастап күні бүгінге дейін өзiнiң ақиқи бейнесiн еш жоғалтпаған. Оның үкімi қиямет күніне дейiн жалғаса бермек. Ислам дiнi әлемдiк дiн болғандықтан ұстанушыларының саны да көп. Негiзiн Арабия түбегінен бастау алып, барша әлемге жайылған бұл дінді әр түрлі ұлттар мен халықтар ұстанады. Солардың бірі де қазақ халқы. Халқымыз сонау көнеден бері осы дінге сеніп, оның наным-жоралғыларын ұстанып келеді.

Қазіргі таңда Қазақстанда да көптеген Ислам мәзһабтары жайылуда. Кейбір мұсылмандар бұл мәзһабтарды айыра алмай, қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екеніне күмәнмен қарауда. Бұл мәзһабтар тек Қазақстан жерінде ғана жайылмады. Олардың бастауы бұдан бірнеше ғасырға созылып жатыр.

Мен бұл жұмысымда Ислам дініндегі мәзһабтардың шығуына түрткі болған жайттарға тоқтала отырып, мұның нәтижесінде пайда болған басты мәзһабтарды қолға алдым. Ислам дінінің берген ой еркіндігінің арқасында және дінді құлату үшін іріткі салған надандардың әрекетінің және де дұрыс түсінбеушіліктің салдарынан пайда болған саяси, итиқади (сенімге байланысты) және фиқһи мәзһабтарға тоқталдым. Бұл мәзһабтардың шығу себептеріне, маңыздылығына және осылардың ішіндегі бастыларына қысқаша тоқтала отырып, фиқһ ғылымы мен фиқһ мазхабтарына ерекше орын бердім.

Исламдағы саяси және сенім мәзһабтарының көпшілігі үмбеттің ауызбіршілігін бұзып, арасына жік салуда. Ал фиқһ мәзһабтары болса мұсылмандардың арасын айыруға емес, керісінше әр түрлі мәдениет пен аймақтарда өмір сүрген мұсылмандардың арасын жақындатуға тырысады.

Фиқһ ғылымынсыз Ислам дінін түсіну мүмкін емес. Ислам дініндегі бүкіл өмірге қажетті заңдылықтар мен ережелерді бізге түсіндіріп беретін де осы фиқһ. Ғибадатты, құқықты, ахлақты, әлеуметтік және қоғамдық қарым-қатынастарды реттеп отыратын бірден-бір сала осы - фиқһ саласы. Фиқһ, әртүрлі ұлттардан құралған Ислам үмметін бір-біріне қосып біріктіретін әрі өзгелерден арашалап, оқшауландыратын қағидалардың бір-бүтіні. Жалпы айтқанда фиқһ - Ислам үмметінің салауатты өмір сүру заңдылығының жиынтығы десек те болады. Фиқһтың қайнар-көзі Құран, Сүннет және екеуіне сүйеніп шығарылған ижтиһад. Фиқһ бүкіл Ислам үмбетіне бірдей үкім қояды. Яғни түріне, түсіне, ұлтына қарамастан барлық үмбетті бір бүтін алады. Сондықтанда Исламдағы фиқһ немесе Ислам құқығы, басқа ешқандайда халықта яки басқа бір пайғамбар алып келген діннің қағидаларына ұқсамайды.

Ислам дінін фикһ саласында да көптеген мәзһабтар шыққан. Бірақ барлығының ұстанған жолы, мақсаты, сүйенетін дәлелдері бір. Пайғамбарымыз өмір сүрген дәуірде бір мәселе туындай қалса оны дереу Пайғамбарымыз шешіп беретін.

Пайғамбар дүниеден өткеннен кейінгі жылдарда Ислам мемлекетінің аумағы ұлғайып, әр түрлі халық, әр түрлі ұлттар Ислам жамағатына қосылды. Әрбірінің әдет-ғұрпының, салт-дәстүрінің түрлі-түрлі болуы туындаған мәселелерді шешуде де түрлі жолдарға жетеледі. Бұған қоса фиқһ ғалымдарының көзқарысы мен түсінігінің әр түрлі болуы, олардың қолына жеткен дәлелдердің шектеулі болуы да фиқһ мәзһабтарының туындауына жол ашты.

Міне осылардың нәтижесінде көптеген фиқһ мәзһабтары дүниеге келді. Бұлардың көпшілігі ұстанушылары болмай тарихтан біржолата өшіп кетті. Қазіргі таңда мұсылман әлемінде Ханафи, Малики, Шафий, Ханбали сияқты басты фиқһ мазхабтары тараған.

Диплом жұмысының мақсаты. Мен бұл жұмысымда осы мәзһабтардың бастыларын қолға алдым. Қазіргі таңда дінге берілген еркіндіктің әсерінен және жастардың шетелдерде дін оқып келуінің салдарынан Қазақстанда өзге де фиқһ мәзһабтары етек алуда. Осы мәселе халық арасында түсініспеушілікке жол ашуда. Осындай түсініспеушіліктердің алдын алу үшін басты фиқһ мәзһабтарына тоқталып, олардың шығу тарихынан бастап, Ислам әлеміне жайылуына дейін және ол мәзһабтардың құрушыларының ұстанған методтарына кеңінен тоқталдым. Мұндағы мақсатым бұл басты фиқһ мәзһабтарының арасында бөлінушілікке итермелейтін себептердің жоқ екендігін ашып көрсету. Олардың барлығының ұстанған жолының, бағытының, сенім жүйелерінің бір екендігін дәлелдеу.

Диплом жұмысының міндеті. Мен осы ізденістің арқасында ұлы фиқһ имамдарының пәтуа беріп, үкім шығару жолдарын, олардың сүйенген дәлелдерін және араларында айтарлықтай айырмашылық жоқ екендігіне көз жеткіздім. Бұл жұмыстың міндеті қазіргі таңда мемлекетімізде Ханафи мазхабынан өзге әхли сунна уәл-жамағат болып саналатын фиқһ мәзһабтарын адасқан немесе қате мәзһабтар деп түсініп жүргендердің жаңылыс пікірде екендіктерін көрсету. Сондай-ақ фикһ мәзһабтары, оның ішінде Имам Ағзам әбу Ханифа мәзһабын көтеру.

Жұмыстың ғылыми жаңалылығы.

1. Фиқһ ғылымына кең түрде талдау жасалынып, фиқһтың мұсылмандардың жалпы өмірін қамтитындығы, фиқһсыз діннің де болмайтындығы айтылды. Ғибадат, құқұқ, ахлақ, экономикалық және әлеуметтік қарым-қатынасты қамтитын фиқһ ғылымының - түрлі ұлттарды құрайтын Ислам үмбетінің басын қосып, біріктіретін ғылым екендігі, басқаша айтқанда бүкіл үмбеттің өмірі екендігі, фиқһсыз мұсылман үмбетінің өмір сүре алмайтындығы дәлелдерімен көрсетілді.

2. Әхли сунна уәл жамағатқа кіретін басты төрт фиқһ мәзһабтарының бір бастаудан нәр алатындығы, олардың арасында сенім тұрғысынан ешқандай қайшы сенімдер жоқ екендігі және олардың барлығы Ислам үмбетінің басын біріктіретін мәзһабтар екендігі және де ата-бабамыз бұрыннан ұстанып келе жатқан Имам Ағзам абу Ханифа мәзһабын көтеруі көрсетілді.

Диплом жұмысның маңыздылығы. Бұл ғылыми зерттеу жұмысы негізінен қазақ, орыс және түрік тілдеріндегі әдебиеттерден пайдаланылып жазылды. Сонымен қатар, бұл дипломдық жұмыс - жалпы дінтанушылар үшін, сонымен қатар, кез-келген дінін сүйетін отандастарымыз үшін айтарлықтай пайдалы әрі құнды еңбек болады деген үміттемін. Сондай-ақ бұл еңбек Қазақстанда Ислам дінінің рөлі мен келешегі үшін пайдалы болады деген сенімдемін.

Диплом жұмысының құрылымы. Бұл дипломдық жұмысым: кіріспе бөлімінен, кейін басты екі тараудан, екі тарауы екі бөлімнен тұрады, соңында қорытынды, сілтеме және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І Бөлім. Ислам діні және фикх мазхабтары

  1. Ислам діні және оның пайда болуы

Ислам арабтың « бейбітшілік», «құлақ асу», «бағыну», «мұйын ұсыну», «жамандықтардан аулақ болу» т. б. мағыналарды беретін сөзі.

Терминдік мағынасы Ислам - пайғамбарымыз Хазіреті Мұхаммедтің (с. а. у. ) Аллаһ тарпынан әкеліп баяндаған нәрселерін қабылдау, мойындау, Аллаһ Тағалаға және пайғамбарға мойынсұна отырып бұларды қабылдағанын көрсету - дегенді білдіреді.

Алла Тағаланың Жәбірейіл періште арқылы сүйікті және соңғы пайғамбары Мұхаммедке (с. а. с. ) жіберген діні Ислам деп аталады. Ислам - адамдардың осы дүниеде тыныштық пен еркіндікте өмір сүрулерін, ақыретте мәңгілік бақытқа қауышуларын қамтамасыз ететін қағидалар жиынтығы. Ескі діндердегі барлық жақсы қасиеттерді Ислам өз бойына жинаған. Барлық бақыт пен жақсылық та сонда. Ислам саналы адам баласы сөзсіз қабыл ететін негіздер мен рухани құндылықтардан тұрады [1; 10] .

Жаратылысында пәктік болған жандар Исламға дұшпан болмайды. Исламның ішінде ешбір зияндылық жоқ. Сыртында да ешбір пайда жоқ.

Ислам адамдарды бір-бірін жақсы көруге, бір-біріне жәрдемдесіп, бауырларша өмір сүруге шақырады. Мемлекеттерді дамытуды, адамдардың рух, тән және пікірлеу тұрғысынан еркін өмір сүруін қалайды. Алла Тағаланың бұйрықтарын құрметтеуді, бүкіл тірі жанға мейірімді болуды бұйырады. Ислам жанды-жансыз әрбір жаратылғанға деген жауапкершілікті жүктенген. Сонымен қатар, адам нәпсісінің хайуани және шахуани ластықтардан тазаруын қамтамасыз етуде. Жаман әдеттерден аулақ болып, нәпсіні тәрбиелеуге шақырады. Жалқаулыққа, уақытты бос өткізуге тыйым салып, ғылымға, техникаға, өнеркәсіпке, саудаға, егіншілікке, өнерге үлкен мән береді. Діні, отаны, сенімі басқа болған адамдарға күш көрсетуге тыйым салады. Жек адамның, жанұяның және ұлттардың құқықтары міндеттерін көрсетеді. Тірілерге, өлгендерге, туылатындарға, баршаға өзіне тән құқықтық және жауапкершілік жүктеуде. Ислам діні адамзаттың осы дүние мен ақыретте бақытты болуын көздейді [2; 7] .

Басқа діндердің негізі өзгертіліп, діни үкімдердің орнына адамдар ойлап шығарған пікірлер үгіттеледі.

Алла Тағаланың адамдардың бұл дүниеде тыныштық пен еркіндікте өмір сүруін, ақыретте шексіз бақытқа кенелуін қалайды. Сол үшін бақытқа жеткізетін пайдалы нәрселерді жасауды бұйырады. Зиянды нәрселерге тыйым салады. Дінге сенсін-сенбесін, кез-келген адам біле тұра немесе білместен Алла Тағаланың бұйрықтарына мойынсұнса, дүниеде рахат өмір сүреді. Қазірде дінсіз адамдар мен ұлттардың бірқатар істерде жетістікке қол жеткізуі Ислам дініне сай әрекет жасауларына байланысты болып отыр. Ал, ақыретте бақытқа жету үшін Ислам дініне сеніп, иман келтіруі де қажет.

Илаһи діндердің хақ діндер екендігі және аталмыш дін алғаш мәрте адамзаттың атасы, сонымен қатар, алғашқы пайғамбар хазіреті Адам тарапынан тәблиғ етілгендігі баршамызға белгілі. Заман өткен сайын адамдар өздеріне жіберілген діннің негіздернен ауытқыса, Аллаһ тағы да пайғамбарлар жіберу арқылы бастапқы «тәухид дінді» жаңалап отырды және адамдардың өзгерткендерін пайғамбарлар арқылы түзеп отырды. Илаһи діндердің негіздерінде айырмашылық болмаған, алайда, дәуір мен оның шарттарына қарай өзгеріп отыратын амалдарға байланысты үкімдер болуы мүмкін.

Міне, осы тізбек бойынша соңғы пайғамбар хазіреті Мүхаммед Аллаһтың өзіне уахи еткен ислам дінін тәблиғ еткен.

Хазіреті Мұхаммед соңғы пайғамбар болғаны сияқты оның алып келген ислам дінін де соңғы дін болып табылады. Адам пайғамбардан бастау алған және Аллаһтың бір екендігін үздіксіз насихаттайтын тәухид діні заман өткен сайын дами отырып, онымен бірге ислам дініде кемелдене түсті. Әр нәрсенің кейінгісі бастапқысынан қарағанда анағұрлым дамытылған күйде болатыны қалыпты жағдайдағы құбылыс. Ислам діні де өзіне дейінгі илаһи діндердің кеңейтіп, дамытылған түрі деп айтуға болады. Сондықтан Аллаһ Тағала соңғы дін - исламды бүкіл адамзат баласына арнаған және осы дінді қабылдаған адамға Аллаһтың рақымы мол болатыны діни қайнарларда баяндалады. Осы турасында Құран Кәрімде: «Аллаһтың қасында дін шүбәсіз ислам діні» (Ал-и Имран-19), «кім исламнан басқа дінді іздесе, біліп қойсын, олар әсте қабылданбайды және ол ахиретте өзіне заяндық жасан болады (Ал-и Имран-85), Бүгін діндеріңді кемелдендірдім, нығметімді тамамдадым және сендерге дін ретінде иламға разы болдым (Маиде-3) » [3; 77] .

Ислам дінінің өзгермейтін біршма негіздері бар. Олар итиқад, амал және ахлаққа қатысты үкімдер болып үш топқа бөлінеді

А) Итиқадпен байланысты негіздер:

Итиқад бір нәрсеге сену деген мағынаны береді. Ислам итиқадын құрайтын және бүкіл илаһи діндерде кездесетін негізгі осы үкімдер мыналар: Аллаһқа, періштелерге, пайғамбарларға, кітаптарға, ахирет күніне қаза мен қадерге сену.

Ә) Амалмен байланысты негіздер:

Исламның амалға қатысты негіздеріне адамдардың іс-әрекетімен байланысты үкімдер, әмірлер мен тыйымдар жатады. Олардың ішінде Аллаһ пен оның құлы арасындағы байланыстарға қатысты болатындары «ғибадат» деп аталады.

Б) Ахлақпен байланысты негіздер:

Исламның ахлақпен байланысты негіздері мінез-құлықтың жұмсаруын, рухтың тәрбиеленуін және рухани жоғарғы дәрежеге көтерілуін мақсат етеді.

Ислам діні соңғы дін болумен қатар, бүкіл адамзат баласының ортақ діні. Ислам дінінінің қасиетіне, дәрежесіне тең келетін жер бетінен бір дінді табу мүмкін емес. Мәселен, Тәуратта яһуди (иудей) дінінің әлемдік дәрежедегі дін екендігін дәріптейтін дәлел кездеспейді. Керісінше, яһудилік тек Исраил ұлдарына, яғни еврейлерге тән дін екендігі баяндалған. Христиан діні де әлемдік дәрежедегі дін емес. Себебі, хазіреті Иса өзіне дейінгі пайғамбарлар сияқты белгілі бір қауымға пайғамбар ретінде жіберілумен шектелген. Сонымен қатар ол өзінен кейін келетін пайғамбарды сүйіншілеу міндетіне тағайындалған.

Ислам дініне келер болсақ, оны тәблиғ еткен хазіреті Мұхаммед - соңғы пайғамбар. Ол өзіне дейінгі пайғамбарлар сияқты бір қауымға немесе бір халыққа емес, бүкіл адамзат баласына жіберілген. Бұл турасында Құран Кәрімде: «Ей Мұхаммед әй адамдар турасы мен Аллаһтың барлығыңыз үшін жіберген пайғамбарымын, - де (Араф - 158) », «Ей Мұхаммед ! Біз сені бүкіл адамдарға тек сүйіншілеуші және ескертуші ретінде жібергенбіз, бірақ адамдардың көпшілігі білмейді (Сәбә - 28) », «Ей Мұхаммед ! Біз сені тек әлемге рахымдылық ретінде жібердік (Әнбия-107) ».

Хазіреті Мұхыммед бүкіл адамзат баласына жіберілген соңғы пайғамбар болса, оның тәблиғ еткен діні де бүкіл адамзаттың діні болуы керек.

1. 2. Фикх мазхабтарының пайда болуы

Мужтәһид имамдар кезеңі. Тақырыпқа бастамас бұрын мәзһәбтардың пайда болуына ықпал еткен мужтәһид имамдар (әбаъу-т тәбиъин) кезеңі (120-350/738-960) мен ерекшеліктерін атап өткеннің пайдасы бар. Бұл кезеңде де алдыңғы кезеңдегі сияқты ижтиһад еркіндігі басым болған кезең. Білімі жеткен әрбір мұсылманға ижтиһад есігі ашық. Білім күші ижтиһад үшін жеткілікті болмағандар үшін, қалаған мужтәһидтен пайдалану, сұрау соның жолын ұстауға құқығы бар.

Қазы да муфти де белгілі бір заң яки мәзһәбты ұстанбайтын. Арыз бен мәселелерді ижтиһад жасап шешетін. Бұл кезеңде әр орталықта бірнеше ғалым және мужтәһидтер бар еді. Сұрақтарға жауап беріп, арыздармен айналысатын. Бірақ бұларға қосылған мәзһәбтар жоқ.

Тағы бұл кезеңде Фикх ғылымы шыңына жетіп, кемеңгер фақиһтер жетіліп, Фикх ұстанымдарына сай мәзһәбтар құрыла бастады. Хадис және хадис методикасы ғалымдары жетіліп, Фикх пен Фикх методикасы ғалымдары жинақталып, білім ретінде Фикх жеке бөлініп шықты. Бұдан басқа бұл кезеңде Фикхтың екінші дерек көзі болып саналатын сүннет толықтай жинақталған болатын. Фикхта атқарылған әрекеттердің нәтижесі себепті бұл кезеңге, Ислам Фикхының алтын шағы, мужтәһидтар ғасыры, мәзһәбтардың пайда болу кезеңі деп те аталады. Мәзһәбтардың пайда болуына кірмей тұрып алдымен мәзһәб ұғымына тоқталсақ.

Мәзһәб ұғымы. Мәзһәб сөз араб тілінде з-һ-б түбірін исми заман, исми мәкән, масдары мими сиғасынан тараған сөз ретінде «баратын жер, жол, баратын уақыт, бару» сияқты мағыналарға келеді. Терминдік мағынасы: «Бір мужтәһидтің ижтиһад және түсінігінен пайда болған итиқади және фықһи жол» . Айрықша ұғым, ғылыми әдебиеттерде термин ретінде діннің түсінілуі және танылуы, діни бөлектенбей пайда болған көзқарастар және топтарды білдіретіндігі айтылады. Яғни таңдалған адамдардың әсіресе ғалымдардың өз түсінігі, көзқарас, жорамал мен ижтиһадтарына сай ұстанған жол мәзһәб деп аталады [4; 9] .

  1. Мәзһәбтардың пайда болуы. Барлығымыз білетіндей Хз. Пайғамбар (с. а. у. ) кезеңінде мұсылмандардың қай қайсы болмасын бір қиындық туындаған жағдайда, діннің үкімін түсінбеген кезде Хз. Пайғамбардан сұрап үйренетін. Хз. Пайғамбарымыз (с. а. у. ) өмірден өткеннен кейін сахаба мен табиғун кезеңдерінде де алдыңғы қатарлы ғалымдар, мұсылмандардың түсіне алмағандарын немесе шешімін таппаған мәселелерін Хз. Пайғамбарымыздан (с. а. у. ) үйренгендері сияқты Құран мен сүннетке жүгіне отырып түсіндіретін.

Жеңістердің нәтижесінде Ислам жағрафиясының кеңеюімен діннің үкімдерін жақсы білетін ғалымдардың айналасында көпшілік жинала бастады. Бұл барған сайын бір мәзһәбқа (мектеп) айналды. Осылайша Фикх ұстанымдарына сай мәзһәбтар пайда болды. Әлбетте мұның басқа да себептері айтылған. Мәзһәбтардың пайда болуына ықпал еткен басқа қозғаушы күштер:

а) Басында мужтәһидтер керекті мәселелерде ғана ижтиһад жасаған болса, бұл кезеңдегі мужтәһидтер Фикхтың барлық мәселелерін ижтиһад тұрғысынан баға беруі. Бұл нәрсе еріксіз көзқарастардың бөлінуіне себеп болды.

ә) Бұл ижтиһадтардың жинақталып кітаптарға жазылуы және осы арқылы бір мужтәһидтің түрлі мәселелердегі ижтиһадтарын үйренуіне мүмкіндіктің тууы.

б) Фикх мектептерінің (рәй, хадис медреселері) пайда болуы және осы мектептің құрамындағылардың өзара ауызша, жазбаша пікірсайыстары.

в) Бұл пікірсайыстардың мужтәһидтерге тән тәсіл мен қағидалардың, яғни Фикх методикасының пайда болуына, жазылуына себепкер болуы.

Міне осы секілді қозғаушы күштер мәзһәбтардың, яғни «мужтәһидтерге қатысты дербес ижтиһад методикасы мен жолдарының және осы жолдар арқылы қол жеткізілген үкімдер кітабының» шығуын қамтамасыз етті. Фықһи мәзһәбтар арасындағы ихтиләф діннің тармағы (діннің жүзеге асыруға қатысты үкімдері) бөлімінде, негізгі мәселелерде емес [5; 15] .

  1. Мәзһәбтардың пікірталас себептері. Әрбір мужтәһид Құран мен сүннет аясында ой жүгіртіп, ижтиһад жасаған. Негізгі мәселелерде барлығы бір тұжырымда бірігіп, Фикхтың тармақты мәселелерінде әр түрлі шешім мен көзқарастарды алға тартқан. Міне осы жоғарыда айтқанымыздай мәзһәбтардың пайда болуының негізін қалады. Енді мәзһәбтардың кейбір мәселелерде ихтиләф себептерін үйренейік:

1. Құранды түсінуде пайда болған пікірталастар

Білетініміздей Құрандағы аяттардың бір бөлігі мухкәм (тікелей мағыналы), бір бөлігі мутәшәбиһ (астарлы мағыналы) болып бөлінеді. Мутәшәбиһ аяттардың тәпсірі мен талдануы жалпы Аллаһқа қалдырылады. Мухкәм аяттарды талдауға, тәпсір жасауға болады. Мухкәм аяттардан бір бөлігі мәнсух, бір бөлігі нәсих, бір бөлігі ъамм, бір бөлігі хасс т. б. міне осы секілді жағдайлардың себебімен фақиһтардың көзқарас айырмашылықтары бар және түрлі тұжырымға барған. Мысалы: Құранда кездесетін «ләмс» (ұстау) сөзін шафиъилар ақиқат, ханафилар мәжәз мағынасында түсінген. Сол себепті шафиъилар дәрет әйелге тиген жағдайда, ханафилар жыныстық қатынас арқылы бұзылады деген үкім шығарған.

2. Хадис/ сүннетпен қатысты пікірталастар

Білетініміздей хадистер алғашқы кезеңдерде әрі ауызша әрі жазбаша риуаят етілетін. Сол себепті хадистердің аз бөлігі мужтәһидтердің назарынан тыс қалды. Осылайша сол хадистен хабарсыз мужтәһид, хадиске қол жеткізген мужтәһидтен басқаша ижтиһад жасайды. Бұл жағдай табиғи болса да көзқарастың бөлінуіне себеп болатын.

Ендігі бір жағынан хадистердің бір бөлігі субуту қатъи (нақты), бір бөлігі субуту занни (нақты емес) . Сондықтан әр мәзһәб нақты дәлелмен болғандармен амал жасаған болса, нақты еместермен амал жасауда шарттар қосқан. Және де шарт қосқан хадистерімен амал жасаған. Осы сияқты хадистердің мағынаға дәлел болуы жөнінен сөздері Құранда да болғаны секілді ихтиләфқа себеп болды.

3. Сахаба сөзі мен пәтуасына байланысты пікірталастар

Мужтәһидтердің бір бөлігі сахаба сөздерін абсолюттік ретінде дәлел деп қабыл етсе, енді бірілері басқа пікірлер алға тартқан. Мысалы: ханафилар, маликилар және ханбалилер сахаба сөзін дәлел ретінде қабыл етсе, шафиъилар сахаба сөзімен амал жасауда ерікті.

4. Салт-дәстүрлерге байланысты ихтиләфтар

Бұған мысал маликилар, ахад хадистің орнына Мәдина халқының салт-дәстүрлерін мықты ұстанады. Басқа мәзһәбтар болса Мәдина халқының және қажет болса өз өлкелерінің салт-дәстүрлерін белгілі шарттармен дәлел ретінде қабыл еткен.

5. Жаңа оқиғалар, өмірдің қажеттіліктері мен шарттарының алдында ғалымдардың пікір және бөлінуі [6; 27] .

Ислам құқық мәзһәбтары (мектептері) және методтары. Жоғарыда айтып өткен мәселелермен қатар Ислам әлемінде біршама атақты құқықшылар тарапынан мәзһәбтар, құқық мектептері құрылып оларға байланыстырылып ханафи, шафиъи, малики және ханбали сияқты аттармен мәзһәбтар пайда болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислам дініндегі мәзһабтардың тағдыр түсінігі
Ислам теологиясы
Сабуни іліміндегі таным және оның маңызы мен мәні
Ислам жайлы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ РАДИКАЛДЫ ИСЛАМ АҒЫМДАРЫ
Матуриди мәзхабының ерекшелігі мен әшария мазхабынан айырмашылы
Ислам дінінің қалыптасып, араб тайпаларының бірігуі
Исламдағы құқықтық мектептердің қалыптасуы
Ханафи фикх мазхабының негіздері мен ерекшеліктерін жас ұрпаққа көрсете білу
Әлемдік монотеистік діндердегі адам еркіндігі мәселесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz