Сабақ оқытудың негізгі формалары
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫ
1.1 Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Сабақтың түрлері және оның құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.3 Мұғалімнің сабаққа дайындалу жұмыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.САБАҚ ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ФОРМАЛАРЫ
2.1 Сабақта оқушылардың жеке дара,топтық және ұжымдық танымдық
іс.әрекеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.2Сабақты ұйымдастыру және өткізу әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.3 Сарамандық іскерлік пен дағдыны қалыптастыру сабағы ... ... ... ... ...21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі:Оқытуды ұйымдастыру формасы - оқыту процесінің міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттерінің сыртқы көрінісі. Ұйымдастыру формасында оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістері бірыңғай жүзеге асады.
Қоғамның даму тарихында жас ұрпақты оқытудың ұйымдастыру тәсілдері де өзгеріп тұрады. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың тарихында, оның негізінен үш түрлі формасы қалыптасқан: жеке-дара, топтық және сынып-сабақтық жүйе.
Жекелеп оқыту жүйесі көне және орта ғасырларда пайдаланылды. Мүғалім жеке оқушының орындаған жаттығу жұмыстарын тексеріп, мәтінді оқытып тыңдайтын, қалай оқу керектігін көрсететін, үй тапсырмаларын орындау амалдарын түсіндіретін, музыкалық құралдармен пайдалануды үйрететін. Дене шынықтыру тәрбиесінен жарыс және бәсеке жұмыстарын ұйымдастыратын, жеке не бірнеше оқушымен әңгіме жүргізу әдістерін де қолданатын.
Жаңа дәуірде «Сатылы» немесе «өзара оқыту» түрінің ерекшелігі: бір оқу жылында жас шамалары, білім дәрежелері әртүрлі, құрамы тұрақты емес оқушыларды жылдың қай мезгілінде болмасын оқуға қабылдап отырған. 200-300 немесе 600-ден астам оқушыны мұғалім сатылап оқытуды ұйымдастырған, түске дейін ересектерді оқытса, түстен кейін олар өз кезегінде жасы кіші оқушыларға өздерінің мұғалімнен алған білімдерін үйретіп отырған.
Оқытудың кең таралған сынып - сабақ жүйесінің негізін қалаған Ян Амос Коменский болды. Ол өзінен бұрын өткен және ағымдагы педагогикалық тәжірибелерді зерттеп, оқу ісін жүйелі ұйымдастыруды ұсынды.
1.Оқушыларды сыныпқа жас шамалары мен таным қабілеттері бойынша топтастыру.
2.Сыныптағы оқушылар құрамының әркезде тұрақты болуы.
3.Жеке пәндерді тұрақты оқу кестелері арқылы алмакезек оқыту.
4.Оқытуды оқу жоспарына, оқу бағдарламалары және оқулықтарға негіздеу.
Оқытуды жылдың тұрақты бір мезгілінде бастап, аяқтау.
Оқытуды ұйымдастыру тек мұғалімнің басшылығымен жүргізілуі.
Мұғалімнің оқу материалын мазмұндау кезеңі, жаңа материалды өткен материалмен байланыстыру кезеңі, сабақты жаттығу әдісімен жүргізу кезеңі және қысқаша қорытынды жасау .
Курыстық жұмыстың мақсаты:Қазіргі кезде cабақты ұйымдастыру және оны өткізу әдістемесі негіздеу.
Курыстық жұмыстың міндеті:
1. Сабақты ұйымдастыру формаларын қалыптастыру
2 Сабақты ұйымдастырудың түрлері
3.Сабақты ұйымдастыру және өткізу әдістемесі қолдану.
Курыстық жұмыстың зерттеу әдісі: Зерттеу маңыздылығы бойынша әдебиет көздерінен қажетті мәліметтерді жинақтау және оларды жүйелеу.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Айтмамбетова Б.Р., Керимов Л.К., Төлеубекова Р.К. Тәрбие
процесінің мәні мен мазмұны. Тәрбие принциптері. 5-лекция.Алматы, 1991.
2. Әбенбаев.С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.-Алматы,2005.
3. Әбиев.Ж.Педагогика.-Алматы,2004.
4. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазак; тәлім-тәрбиесі – Алматы 1995.
5. Қоянбаев Ж.Б. Педагогика. -Алматы, 1992.
6. Оқушыларды тәрбиелеудің үлгі мазмұны. - А.: Мектеп, 1998.
7. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері.-Алматы,2001.
8. Педагогика. Лекциялар курсы. - Алматы, 2003.
9. Сағындықұлы.Е. Педагогика.-Алматы,2002.
10. Хусаннова.Б.Конференциялық сабақ.-Қазақстан мектебі,2007,N2.

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫ
1.1 Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ...4
1.2 Сабақтың түрлері және оның
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3 Мұғалімнің сабаққа дайындалу
жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..10
2.САБАҚ ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ФОРМАЛАРЫ
2.1 Сабақта оқушылардың жеке дара,топтық және ұжымдық танымдық
іс-
әрекеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.2Сабақты ұйымдастыру және өткізу
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 14
2.3 Сарамандық іскерлік пен дағдыны қалыптастыру
сабағы ... ... ... ... ...21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі:Оқытуды ұйымдастыру формасы - оқыту
процесінің міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс-
әрекеттерінің сыртқы көрінісі. Ұйымдастыру формасында оқытудың мақсаты,
мазмұны мен әдістері бірыңғай жүзеге асады.
Қоғамның даму тарихында жас ұрпақты оқытудың ұйымдастыру тәсілдері
де өзгеріп тұрады. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың тарихында, оның негізінен
үш түрлі формасы қалыптасқан: жеке-дара, топтық және сынып-сабақтық жүйе.
Жекелеп оқыту жүйесі көне және орта ғасырларда пайдаланылды.
Мүғалім жеке оқушының орындаған жаттығу жұмыстарын тексеріп, мәтінді оқытып
тыңдайтын, қалай оқу керектігін көрсететін, үй тапсырмаларын орындау
амалдарын түсіндіретін, музыкалық құралдармен пайдалануды үйрететін. Дене
шынықтыру тәрбиесінен жарыс және бәсеке жұмыстарын ұйымдастыратын, жеке не
бірнеше оқушымен әңгіме жүргізу әдістерін де қолданатын.
Жаңа дәуірде Сатылы немесе өзара оқыту түрінің ерекшелігі: бір
оқу жылында жас шамалары, білім дәрежелері әртүрлі, құрамы тұрақты емес
оқушыларды жылдың қай мезгілінде болмасын оқуға қабылдап отырған. 200-300
немесе 600-ден астам оқушыны мұғалім сатылап оқытуды ұйымдастырған, түске
дейін ересектерді оқытса, түстен кейін олар өз кезегінде жасы кіші
оқушыларға өздерінің мұғалімнен алған білімдерін үйретіп отырған.
Оқытудың кең таралған сынып - сабақ жүйесінің негізін қалаған Ян
Амос Коменский болды. Ол өзінен бұрын өткен және ағымдагы педагогикалық
тәжірибелерді зерттеп, оқу ісін жүйелі ұйымдастыруды ұсынды.
1.Оқушыларды сыныпқа жас шамалары мен таным қабілеттері бойынша топтастыру.
2.Сыныптағы оқушылар құрамының әркезде тұрақты болуы.
3.Жеке пәндерді тұрақты оқу кестелері арқылы алмакезек оқыту.
4.Оқытуды оқу жоспарына, оқу бағдарламалары және оқулықтарға негіздеу.
Оқытуды жылдың тұрақты бір мезгілінде бастап, аяқтау.
Оқытуды ұйымдастыру тек мұғалімнің басшылығымен жүргізілуі.
Мұғалімнің оқу материалын мазмұндау кезеңі, жаңа материалды өткен
материалмен байланыстыру кезеңі, сабақты жаттығу әдісімен жүргізу кезеңі
және қысқаша қорытынды жасау .
Курыстық жұмыстың мақсаты:Қазіргі кезде cабақты ұйымдастыру және
оны өткізу әдістемесі негіздеу.
Курыстық жұмыстың міндеті:
1. Сабақты ұйымдастыру формаларын қалыптастыру
2 Сабақты ұйымдастырудың түрлері
3.Сабақты ұйымдастыру және өткізу әдістемесі қолдану.
Курыстық жұмыстың зерттеу әдісі: Зерттеу маңыздылығы бойынша әдебиет
көздерінен қажетті мәліметтерді жинақтау және оларды жүйелеу.
1.ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫ
1.1 Сабаққа қойлытын дидактикалық талаптар жүйесі
Сабақ тұтастай оқу процесінің буыны болғандықтан, оның негізгі
мазмұны әрбір сабақта барлық үш деңгейде меңгерілмеуі мүмкін:
- қабылдау, пайымдау және есте сақтау деңгейінде;
білімді үлгі бойынша қолдану деңгейінде;
білімді және жаңа жағдайларды қолдану деңгейінде. Сабақтың тиімділігін
арттыруды жүзеге асыру үшін қазіргі сабаққа қойылатын талаптарды сақтау
керек:
1. Әрбір сабақта білім беру, даму және тәрбиелеу мақсаттарының
бірлігі сақталуы керек. Әрбір сабақ оқыту процесінің басты заңдылықтарын
жүзеге асыруға ықпал етуі керек.
Сабақта белгілі бір білімді баяндай отырып, оқушылардың пайымдауын
дамыту, олардың ойлау қабілетінің дамуына ықпал ету және олардың қоршаған
дүниеге лайықты қатынасын қалыптастыру, оларға осы қатынастар негізінде
мінез-құлық дағдысын сіңіру қажет. Тұлғалық қасиет қалыптасуы үшін алған
білімнің оқушылардың мінез-құлқын айқындауына, оларда қажетті тұлғалық
қасиеттің қалыптастыруына ұмтылу керек (жұмыс орнындағы мәдениеттілік,
тапсырманы орындау сапасына жауапкершілікпен қарау, оларды орындаудағы
қиындықтарды жеңу).
2. Әрбір сабақ дидактиканың барлық принциптеріне және бәрінен бұрын
оқыту мен өмірдің ғылымилығы мен байланысына жауап беруі керек.
Оқу пәні бойынша кез келген сабақ - ол үрдістің бір бөлігі,
сондықтан да оқып-үйретуді ғылыми танымда нақтылықтың критерийі рөлін
атқаратын өмірмен, практикамен байланыстыра білуге, ал оқу процесінде -
оқуға ынталылықты, оған оң көзқарасты, айналадағы ортаның құбылыстарын
түсіндіру үшін теориялық білімдерін практикада қолдана білу дағысына
қалыптастыруға тиіс.
3. Әрбір сабақ, ең алдымен, сабақтың тақырыбымен жиі ауыстырылатын
айқын дидактикалық мақсатпен сипаттаулы керек.
Әрбір тақырып бойынша бірнеше сабақ өткізілуі мүмкін және олардың
әрқайсысының өзінің нақты дидактикалық мақсаты болуы тиіс: оқушыларды ойлау
операцияларымен қаруландыру (классификациялау, көшіру, жалпылау, т.б.),
білімін практикада қолдануға дағдыландыру, оқушыларды тақырып бойынша
жекелеген фактілермен таныстыру, теориялық қорытындыларды өз-бетінше,
тұжырымдау дағдысын қалыптастыру.
Мұғалім белгіленген мақсатқа байланысты сабаққа дайындалу
процесінде окушыларға беретін оқу материалының мазмұнын - сабақтың
құрылымын, оқыту әдістерін, құралдарын, т.б. - анықтау керек. Әрбір
сабақтың айқын мақсатының болмауы оларды біржақты болуға алып келеді, ал
бұл оқуға деген қызығушылықтың жойылуына әкеп соғады.
4. Сабақтың барлық кезеңдерінде оқушылардың танымдық қызметін
жандандыру мақсатында оқытудың әр алуан әдістері мен тәсілдерін пайдалану.
Оқушыларға кез келген бірыңғай ұзақ ықпал ету (мысалы, ұзақ ауызша
түсіндіру) олардың ынтасының ыдырауына, енжарлыққа алып келуі мүмкін.
Сондықтан да әрбір сабақта оның әрбір кезеңдерінде оқушылар қызметінің
түрлерін орынды өзгертуге ұмтылу керек. Ол үшін әлсін-әлсін әртүрлі сезім
органдарына әсер ететін, тиімдірек танымдық қызметке жағдай туғызатын,
оқытудың әр алуан әдістері мен тәсілдерін пайдалану қажет. Сабаққа
дайындалғанда, қашан, сабақтың қай бөлімінде қандай әдіс, тәсіл немесе
құрал пайдаланылатынын жеткілікті ойластыру қажет.
5. Сабаққа қойылатын талаптардың бірі - оның эмоционалдығы. Ол
оқушыларды сабақтағы маңызды қызметті - жаңа білімді игеруді – атқаруға
итермелейді. Ол сырттай ғана байқалуы мүмкін (мұғалімнің қатгы дауысы, қол
сілтеуі, т.б.), эмоционалдылық мұғалімнің сабақтағы оқыту процесіне,
оқылатын тақырыпқа қатысты байқалуы мүмкін. Оқушылар сергек болуы үшін
сабақ эмоционалды болуы керек. Бұл - олардың белсенділігін арттыру
тәсілдерінің бірі. Сабақта әртүрлі проблемалық ситуацияларды пайдалану да
эмоционалдылыққа жағдай жасайды, оқушылардың танымдық қызметін жеделдетеді.
6. Әрбір сабақта оқушылардың білімін үздіксіз есепке алу жүргізілуі
керек.
Оқыту процесі кез келген сабақта тұрақты кері байланыс болған
жағдайда тиімді болады. Сабақтың әрбір кезеңінде мұғалім оқушының оқу
материалын игеру деңгейін біліп отыруы керек. Мұғалімнің сабақта барлық
оқушыдан сұрауға мүмкіндігі болмайды.
Сондықтан да оқушылардың білімін бақылаудың әр алуан түрлерін
пайдалану керек. Осы мақсатта әртүрлі компьютерлік бағдарламалар (егер
мүмкіндік болса), жазбаша тапсырмалар, анкеталар, перфокарталар
пайдаланылуы мүмкін, олар білімді тексерудің нәтижесін бірден алуға
мүмкіндік береді. Бұл жерде ең бастысы - әрбір мұғалімде оқушының сабақтағы
танымдық қызметінің нәтижесін бағалау үшін байқағыштық қасиетін дамыту.
7. Әрбір сабақ өзінің ұйымдастырушылық заңдылықтарымен, оң
нәтижелерді сезінгіштігімен ерекшеленуі керек.
Әрбір өткен сабақ мұғалім мен оқушыға алға басушылық сезімін
туғызуы, сабақ білім көлемінің елеулі өсуін қамтамасыз етуі немесе сапасын
жетілдіруін қамтамасыз етуі керек. Білімнің осындай елеулі өсуі (білік пен
дағдының) қанағаттану сезімін туғызып, оқушының оқуға деген белсенді
көзқарасын қалыптастырады. Әрбір сабақ оқыту процесінің нәтижелі бөлігі
болуы тиіс.
8. Әрбір сабақта жүйелі қайталаудың элементтері қатысуы тиіс.
Өтілген оқу материалын қайталаудың барлығы бірдей оқыту процесінің
тиімділігіне жағдай жасамайды. Әрбір сабақтағы жаңадан оқылатын материал
бұрын өтілгеннің тұрғысынан қарастырылуы керек. Мұғалім жаңа материалды
баяндағанда мүмкіндігінше оны алдыңғы өткенмен байланыстыруы, соған сүйенуі
керек.
9. Әрбір сабақ техникалық оңтайлы және дидактикалық
жарақтандырылған болуы керек.
Таным сезімдік қабылдаулардан басталады. Әйтсе де, көрнекілікті,
техникалық құралдарды орынсыз пайдаланбау қажет, бәрінің де шегі болуы
керек. Мұғалімнің сабаққа дайындалуда көрнекі, дидактикалық құралдарды
ойлап табуға және дайындауға кеткен уақыты оқытудың нәтижесімен ақталады.
10. Кез келген пән бойынша әрбір сабақтың өткен және алдағымен
байланысы.
Кез келген сабақ басқалардан оқшауланып қарастырылмауы керек, ол
сабақтың жалпы жүйесіндегі белгілі бір буын болып табылады. Мұғалім белгілі
бір пән бойынша сабаққа дайындалғанда өткен сабақты жақсы елестете білуі
керек. Әрбір мұғалім өз мүмкіндігіне қарай сабақтың материалын өткен
материалмен байланыстыруға тырысады. Сондай-ақ алдағы сабақтың құрылымы мен
мазмұнын да жақсы білуі керек. Мұғалім кез келген сабақта білім
қалыптастыра отырып, келесі (ертеңгі) сабаққа негіз қалауға міндетті. Оқыту
процесін ұйымдастыруға осындай әдістің қажеттігі теориялық түрде
Л.С.Выготскийдің зерттеулерінде негізделген. Бұл идеяны сабақта жүзеге
асырудың нақты мысалына белгілі жаңашыл-педагог Лысенкованың қызметін
жатқызуға болады.
11. Сабақтың барлық уақытын тиімді пайдалану.
Сабаққа дайындалғанда оқушылар-дың 45 минут бойы жұмысын
ұйымдастыруды ойластыру керек.
Сабақта уақыт шығындамау үшін көрнекі құралдар, приборлар,
техникалық құралдар алдын ала тексерілуі керек.
Дәстүрлік құрылымның өзі де (сұрау, түсіндіру, бекіту) қызметтің
бір түрінен екіншісіне көшкенде уақыт жоғалтуға алып келеді. Сондықтан да
құрылымды көшу оқушыларға елеусіз болып қалатындай етіп ойластыру керек.
Жекелеген оқушылардың сабаққа кешігу, сабақтағы басқа да тәртіп
бұзушылық себептерін анықтауға мүмкіндігінше уақытты шығындамау керек, бұл
туралы қоңыраудан кейін әңгімелеуге болады.
12. Оқушылардың бүкіл сабақ бойы оқу-еңбек тәртібін қамтамасыз ету.
Алдыңғы айтылған талаптарды орындау сабақтағы тәртіпті белгілі бір
деңгейде қамтамасыз етеді. Әйтсе де, мұғалім тәртіпті ұстау үшін әрбір
оқушының тұлғалық сыйластығына сабақтасатын белгілі бір талап қоя білуі
керек. Сынып ұжымы тәртіп бұзушылыққа төзбейтіндей болуға қол жеткізуі
керек, өйткені сабақтағы тәртіп ынтасы орнықты болуына негіз салады.
13. Сабаққа қойылатын талаптардың бірі оның құрылымдық икемділігі
болып табылады.
14. Сабақтың кәсіби бағыттылығы. Әрбір сабақтың оқу пәніне
тәуелсіз, кәсіби бағыттылығы болуы керек. Мүмкіндігінше әр ретте оқу
материалының болашақта қандай да бір мамандықты иемденудегі маңызын, алған
білімнің алдағы бүкіл өмірдегі маңызын атап көрсету керек.
15. Үй тапсырмасының тиімділігі және оны міндетті түрде тексеру.
Мұғалім үйге тапсырма бере отырып, оқушылардың барлығы оны орындай
алатынына сенімді болуы керек. Кейде өте қиын тапсырма ұсынылады, бірақ кез
келген жағдайда мұғалім үй тапсырмасына, оның мәні неде екенін, мақсаты
қандай, оны орындаудың негізгі ережелерін қайдан оқуға болатынын тусіндіре
отырып, түсініктеме беруге міндетті.
Оқушылар орындаған кез келген үй тапсырмасы міндетті түрде
тексерілуі, талдануы керек, әйтпесе оқушылардың өзбетінше танымдық қызметке
деген қызығушылығы жойылады.
16. Қолайлы моральды-психологиялық және санитарлық-гигиеналық
жағдайлар туғызу.
Бұл жағдайлар көпшілігінде сабаққа қойылатын барлық жоғарыда
аталған талаптардың орындалуымен анықталады. Әрбір сабақта сыныптағы
оқушылардың арасында, мұғалім мен оқушылардың арасында қалыпты жылы қатынас
орнату оң нәтижеге жеткізеді.
Сабақ - оқыту жұмысын ұйымдастырудың басты формасы болғандықтан,
ендігі жерде оның атқаратын қызметі мен оқыту процесінде алатын орны ерекше
болды. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар, олардың рухани-адамгершілік
қасиеттері мен ақыл-ой қабілеттерін дамыту мақсаттары көзделеді.
1.Сабақтың мақсаты айқын, мазмұны, жоспары және оның құрылымы алдын-
ала белгілі болуы тиіс.
2.Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуы
қажет.
3.Сабақтың ғылыми мазмұны оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне
сай ұғынымды, түсінікті болуы керек. Сондай-ақ сабақта оқушылардың бойында
біліктер мен дағдыларды қалыптастыру міндеті жүзеге асырылуы тиіс.
4.Сабақтың мазмұны оқытатын пәннің бағдарламасына сәйкес болуы және
әрбір сабақ басқа сабақтар жүйесінің буыны болуы міндетті нәрсе.
5.Сабақта оқушылардың білімге ынтасы мен қызығуын арттыру үшін
сабақтың құрылымы мен әдістерін түрлендіріп, көрнекі және техникалық
құралдарды, түрлі ойындарды тиімді қолдану керек. Баланың ынтасын арттыру
үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болуы керек - деп Ж.Аймауытов жайдан-
жай айтпағанын ескеру керек.
6.Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру үшін проблемалық
ситуациялар туғызып, проблемалық міндеттер мен тапсырмаларды орындауға
басшылық ету қажет.
7.Сабақтың сапасын жақсарту үшін мұғалім оқушылармен қарым-қатынас
жасау шеберлігін арттырып отыруы керек. Педагогикалық қарым-қатынас
мұғалімге оқушылармен рухани байланыс жасауға мүмкіндік береді. Білім
арқылы қарым-қатынас жасау және қарым-қатынас арқылы білім алу керек деген
қағиданы іске асыру пайдалы.
1.2 Сабақтың түрлері және оның құрылымы
Қазіргі кездегі сабақты жетілдіру жұмыстарының ішіндегі негізгі
мәсележрінің бірі - оның түрлері мен құрылымы.
Мектеп тәжірибесінде бір типті сабақтар болмайды. Сондықтан, оқыту
жұмысын жүйелі әрі нәтижелі жүргізу үшін, оны топтастырудың мәні орасан
зор. Сол себептен әрбір мұғалімнің сабақ классификациясын ойдағыдай білуі
шарт.
Сабақ классификациясы (жіктелуі) - сабақтарды құрылысы жөнінен
топастыру, түрге бөлу. Дидактикада сабақ классификациясын анықтауға айрықша
маңыз береді. Бұл мәселе турасында педагогикалық ғылыми еңбектерде ортақ
пікірлер әлі де қалыптаспаған. Қоғам дамыған сайын оқу жүйесінің қайта
құрылатындығы және соған орай оқытудың мазмұны, әдіс-тәсілдерінің де
өзгеріп, жаңарып отыруы сөзсіз.
Сонымен қатар, сабақты жіктеу әрбір пәннің ерекшеліктеріне,
оқушылардың жас және таным ерекшеліктеріне де байланысты болып келеді.
Мысалы, И.Н.Казанцев сабақты жіктеуді оқу материалының мазмұны мен
дидактикалық мақсатына және өткізу әдісіне қарай белгілесе, С.В.Иванов
оқыту процесінің ерекшеліктеріне қарай анықтайды. Ал, Данилов пен Есипов
сабақтың негізгі дидактикалық мақсаттарына қарай құрады. Бұлардың сабақ
түрлерін топтастыру ұстанымдары әр түрлі болғанымен де, ішкі мазмұндары бір-
біріне өте ұқсас келеді.
И. Ц. Казанцев бойынша:
1.Алғашқы сабақ - әр пәннен оқу жылының басында өтетін сабақтар.
2.Кіріспе сабақ - бағдарламаның күрделі тараулары мен тақырыптарынан өтетін
бірінші сабақ.
3.Жаңа білімді меңгеру сабағы - жаңа оқу материалы өтетін сабақ.
4.Пысықтау сабағы - өткен оқу материалын пысықтау сабағы.
5.Жаттығу сабағы - оқушылардың білімі мен дағдысын жатықтыру сабағы.
6.Тәжірибелі сабақ - оқушылардың алған білімін өмірде қолдану жолдарын
көрсететін сабақтар.
7.Қайталау-қорыту сабағы - өткен күрделі тараулар мен тақырыптарды қайталау-
қорыту сабақтары.
8.Тексеру сабағы — оқушылардың білімін тексеретін сабақтар.
9.Білім сапасын бағалау сабағы — оқушылардың алған білімін бағалау
сабақтары.
10.Қорытынды сабақ - оқу жылының ақырында әр пәнінің жылдық курсын қорыту
сабақтары.
С. В. Иванов бойынша:
1.Кіріспе сабақтар.
2.Оқу материалымен алғашқы рет танысу сабағы.
3.Жаңа білімді меңгеру сабағы.
4.Меңгерген білімді тәжірибеде қолдану сабағы.
5.Дағдылану сабағы.
6.Қайталау, пысықтау және қорыту сабақтары.
7.Бақылау сабағы.
Б. П. Есипов бойынша:
1.Аралас сабақтар.
2.Жаңа оқу материалымен танысу сабағы.
3.Пысықтау сабағы.
4.Қайталап жинақтау, қорыту сабағы.
5.Оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру сабағы.
6.Білім сынау сабағы.
Сол секілді шет елдер тәжірибесінен, атап айтсақ, Чехословакия
мектептерінен мысал келтірсек, ондағы сабақты жіктеуде біздің тәжірибемізге
ұқсастығын байқаймыз.
1.Жаңа оқу материалын мазмұндау сабағы.
2.Жаттығу сабағы.
3.Қорыту сабағы.
4.Қайталау, білім сынау сабағы.
5.Аралас сабақ.
Қорыта айтқанда, қазіргі мектеп тәжірибесінде көптеп қолданылатын
сабақ түрлеріне мыналарды жатқызуға болады:
1.Кіріспе сабағы.
2.Жаңа білімді хабарлау сабағы.
3.Білімді, білікті және дағдыны бекіту сабағы.
4.Жаттығу және тәжірибе сабақтары.
5.Зертханалық сабақ.
6.Қайталау-қорыту сабағы.
7.Оқушылардың білімдерін, біліктіліктері мен дағдыларын тексеру және
бақылау сабағы.
8.Аралас сабақ.
9.Өздігінен білім алу сабағы.
Сабақты бұлай жіктеу кездейсоқ емес, оның бұлай қалыптасуында
белгілі бір заңдылықтар бар. Атап айтсақ, сабақтың мақсатына байланысты
мұғалім оқушыларға жаңа білім беруді көздесе, осыған орай "Жаңа білімді
хабарлау сабағы" деп аталса, сабақта оқушылардың қабылдаған жаңа білімін іс
жүзінде пайдалана білу жолын қарастырса, онда ол "Жаттығу немесе
практикалық сабақ" деп аталады.
Сол секілді мұғалім өткен оқу материалын оқушылардың есіне салу,
қайталау мақсатын көздесе, ол "Қайталау-қорыту сабағы" деп аталады.
Ал сабақтың "Аралас сабақ" түрі оның құрылымына байланысты болып
келеді.
Мұғалім сабақтар жүйесінде дидактикалық бірнеше мақсаттарды жүзеге
асырады. Демек, оқушыларға жаңа білім береді, оны өмірде, практикада
пайдалану жолын үйретеді, өткен оқу материалын қайталап, қорытады, сонымен
бірге оқушылардың білім көлемі мен сапасын сынап, оны бағалайды. Мұндай
жағдайда көпшілік сабақ оның бірнеше элементтері (кезеңдері) арқылы аралас
өтеді. Міне, осындай сабақ түрі "Аралас сабақ" деп аталады.
Сабақ құрылымын белгілеу оқу жұмысын неғұрлым айқын және дұрыс
ұйымдастыру үшін маңызы ерекше. Мұның өзі мұғалімнің сабақ жоспарын
құрудағы аса елеулі кезеңі болады. Сөйтіп, сабақ түрін жіктеу және
құрылымын құру өзара байланысты, бірақ әрқайсысының өзіне тән өзгешелігі
болады.
Жоғарыда баяндағанымыздай сабақтарды топтастыру, оның құрылымын
белгілеу негізінен дидактикалық мақсат пен міндеттерге және сабақтың
кезеңдеріне байланысты болып келетіндігінде.
1.3 Мұғалімнің сабаққа дайындалу жұмыстары
Мектептің аса жауапты міндеті - оқушыларды ғылым негіздерімен терең
және берік қаруландыру, табанды және жемісті білім алуға оқушылардың
ынтасын арттыру, оларды өздерінің алған білімдерін практикада қолдана
білуге үйрету және дағдыландыру болса, осы орайда мұғалімнің
жауапкершілігі, оның сабақтар жүйесіне даярлануы оқу жұмысын ұйымдастыру
үшін аса зор мәні бар. Жақсы жоспарланған, мұғалімнің нәтижелі даярлығын
бейнелейтін сабақ сыныптағы оқу жұмысын ойдағыдай өткізудің ең жақсы кепілі
болады.
Сабаққа мұқият дайындалу, оның мазмұны мен ұйымдастыру әдістемесін
ойластыру жұмысын әрбір мұғалім өзімнің ең басты міндетім деп сезінуі тиіс.
Егер сабақ көңілсіз өтсе, мұғалімдер сабақты босаң және енжарлықпен
өткізсе, онда, сөз жоқ, бұл мұғалімдердің сабаққа дайындалу ісіне
немқұрайлылықпен қарауы, сабаққа деп бөлінген 45 минут уақытты толық әрі
жан-жақты пайдалануға деген оның ұмтылысының жоқ екеңдігінде деп қарауға
болады. (Осы орайда айта кетуге болады: 40 жыл мұғалім болып істесең де 45
минут сабағыңа әзірленуді ұмыта!).
Мұғалімнің сабаққа дайындалуы - аса жауапты іс. Мұғалім өзі
оқытатын пәнді қанша жақсы білгенімен, егер ол сабақтар жүйесі жөнінде
тыңғылықты жұмыс істемесе және әр сабаққа жеке даярланып отырмаса, оның
сабақ оқытуыңда ірі кемшіліктері болмақ. Бұл - педагогтік стажы бар көп
мұғалімдерге де қатысты.
Әрбір мұғалімнің сабаққа дайындалуы жөніндегі талап, педагогикалық
процестің күрделігінен туады. Соған сәйкес мұғалімнің сабаққа әзірленуі
барысында төмендегідей сұраққа жауап беруі керек:
1.Сабақтың мақсаты қандай?
2.Оқушылар қандай жаңа білімдер алуы қажет және олар практика жүзінде нені
үйренеді?
3.Сабақта айтылатын ойдың бастысы қайсысы?
4.Бұл ойлар қандай жүйемен баяндалмақ?
5.Олар қандай жолмен негізделмек?
6.Қандай қорытындылар керек?
7.Сабақта қандай әдістер және көрнекті құралдар пайдаланылмақ?
8.Оқушылардың білімін тексеру үшін оларға қандай бақылау сұрақтарын беру
керек?
9.Оқушылар алған білімдерін пысықтау және практикада қолдану мақсатында
қандай жаттығулар беру керек?
10.Үй тапсырмасына нені беруге болады және оны қалай тапсыру керек.
Озық тәжірбелі мұғалімдер сабаққа белгілі бір тиянақты жүйемен
даярланады дедік. Ол төмендегідей кезеңдерден құралады:
а) Алдағы оқу тоқсанына оқу материалын жоспарлау.
б) Өтілген сабақтың табыстары мен кемшіліктерін есепке ала отырып,
келесі тақырыпты белгілеу.
в) Кезекті сабақтың жоспарын жасау.
Мұғалім жұмысындағы мұндай жүйелік оқу процесін үздіксіз жетілдіре
беруге, әрбір жеке алынған сабақты сабақтар жүйесіндегі буын ретінде
қарастыруға мүмкіндік береді.
Оқу жұмысының мазмұнын ойластырып алу - сыныпта оқу материалын
өтудің бірізділігі жөнінде айқын да анық түсінік құрып алу деген сөз.
Сондықтан мұғалімнің оқу бағдарламасымен жүргізетін жұмысы оларға оқу
тоқсанына белгіленген материалдың өтілуін қысқаша жоспарлап алу болып
табылады. Бұлай ету оларға әр тақырып не болмаса тақырыпша шеңберінде
сабақтарды неғұрлым айқын жоспарлауға мүмкіндік береді.
Мектепе оқу материалы әрбір жарты жыл бойынша жоспарланады. Мұндай
жоспардың түрін күнтізбелік (календарный) жоспар деп атайды. Күнтізбелік
жоспар жүйесіне белгілі бір тоқсан ішінде өтетін тақырыптар енгізіледі.
Тақырыптық жоспарлау - белгілі бір пәнге қатысты оқытудың барлық
формасының бірлігі мен байланысының көрінісі (Ильина, 363).
Ол мұғалімге бір сабақтан келесі сабаққа өту барысында дидактикалық
мақсаттарды анықтауда бірізділік пен жүйелілікті анықтауға септігін
тигізеді, оқу материалының мазмұнындағы негізгі ойды бөліп қарауға,
оқушылар мен мұғалімдердің негізгі оқу әрекеттерін белгілеуге, пәнаралық
байланысты орнықтыруға, оның барысында пайдаланылатын көрнекі және
техникалық құралдарын ойластыру, сонымен бірге нақтылы тақырыптарды оқыту
нәтижелерін алдын ала болжауға мүмкіндік береді.
Тәжірибелі мұғалім тақырыпты зерттегенде, оқу материалын оқып
біледі, осы тақырып бойынша өткен оқу жылында жүргізген сабақтардың
тәжірибесін ескереді, жеке сабақтарға арналған тақырыптың мазмұнын
жоспарлайды және сабақта тек білімдік міндеттерді ғана емес, сол сияқты
тәрбие міндеттерінің шешілуін де белгілейді.
Сабаққа осындай жүйемен даярлануда мұғалімдер оқушылардың оқу
еңбегін жақсы ұйымдастырады, әрбір жеке оқушыға зейін қойып, сезімталдықпен
қарайтын болады, соның арқасында оларға жоғары сапада білім беріп, жеке
басын нәтижелі тәрбиелеуге қол жеткізеді. Себебі, сабаққа тұтас тақырып
бойынша даярлану белгілі бір оқу материалын мектепте өту үшін жақсылап
жоспарлау ғана емес, сол сияқты оқушылардың ұжымдық және дара жүргізетін
оқу жұмысын, сабақ үстінде оқушылардан сабақ сұрауды және артта қалушыларға
көмек көрсетуді күні бұрын ескеруге мүмкіндік береді.
Оқу бағдарламасының тараулары бойынша сабақтардың тақырыптарын
жасап болғанан кейін, ілге-шала мұғалім алдағы арбір сабақтың мазмұны мен
ұйымдастыру әдістемесін толық ойластырып алады.
Жеке сабақтардың жоспары - әрбір мұғалімнің жеке сабақ құжаты. Ол
мұғалімнің тақырып жөнінде алдын-ала қандай жұмыс жүргізетіндігімен
анықталады. Сондықтан тиімді жасалған жоспар - тимді ежен сабақ болып
табылады.
Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде қалыптасқан мұғалімнің жеке
жоспарының үлгісі төмендегддей:
1.Оқу бағдарламасының берілген тарауы бойынша сабақтың күні мен реттік саны
анықталады.
2.Сабақтың тақырыбы.
3.Сабақтың мақсаты.
4.Сабақтың құрылымы немесе дидактикалық кезеңдері.
5.Сабақтың мазмұны.
6.Оқыту әдіс-тәсілдері.
7.Сабақ құралдары.
8.Үй тапсырмасы.
9.Қорытынды, сабақтың аяқталуы.
Сабақтың анағұрлым негізгі белігі — оның төртінші және бесінші
кезеңі болып табылады.
Сабақтың әрбір құрамды буынына немесе дидактикалық элементтеріне
мұғалімнің жұмсайтын уақытын көрсетудің мәні зор. Содан кейін барып оның
қалған буындары мен мазмұны ашып көрсетітеді. Сабақты бұлай жоспарлау
мұғалімге сабақ барысын нәтижелі ұйымдастыруға қолайлы жағдай туғызады.
Одан әрі қырай оқушылардың тәжірибелік жұмыстарын ұйымдастыру
тәсілдері қарастырылады. Оқыту әдістерін қолдану нақты атап көрсетіледі.
Содан кейін сабақта қолданылатын әр түрлі оқу құралдары (карта,
глобус, приборлар, оқу-әдістемелік кітаптары, көмекші оқу құралдары т.б.)
және оны пайдалану әдістемесі көрсетіледі. Сабақтың соңғы буыны - үй
тапсырмасын беру.
Н.К.Крупская мұғалімдердің назарын тапсырманы орындау жөнінде
оқушыларға мұқият түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруға, оның мақсаты
түсінікті болуына, бұл мақсат оларды рухтандыратындай дәрежеде болуына
аударады. "Ең қызық тапсырма - дейді ол, - баланың өз бетінше жұмыс істей
алуын барынша дамытып, оның ойын оятатын тапсырма екендігі мәлім"- деген
тұжырымдама жасайды.
Сабақ жоспарлары мұғалімнің дайыңдығы мен тәжірибесіне байланысты
өзгеруі мүмкін, бірақ негізінен жоғарыда көрсетілген кезеңдерді қамтуы
тиіс.
Тәжірибелі мұғалімдер жоспарды жасап, сол жоспар бойынша сабақты
өткізгеннен кейін, оған қысқаша талдау жасайды: жоспар қаншалықты сәтті
орыңдалды және мақсатқа қалай қол жеткізілді т.с.с. Бұл мәліметтер
мұғалімге келесі сабақты нәтижелі даярлауға септігін тигізеді.
2.САБАҚ ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ФОРМАЛАРЫ
2.1 Сабақта оқушылардың жеке дара,топтық және ұжымдық танымдық іс-
әрекеттері
Мұғалім сабақты пысықтау, бекіту және соған орай оқушылармен
практикалық жұмыстарды орындау барысында олардың белсенділігін оятуы тиіс.
Әсіресе, оқушылардың қабілетімен қатаң санасып отыруы керек. Сондықтан,
олармен жеке дара немесе топтық және ұжымдық әрі фронталдық жұмыс түрлерін
ұйымдастырады.
Оқыту процесі - мұғалімнің бір мезгілде барлық оқушыларды бірыңғай
оқытуы болғанымен де, негізінен ол оқушының жеке дара жұмысының түрі.
Себебі, әрбір оқушы оны өзінің шама-шарқысы, дайындық жағдайына байланысты
өзінше қабылдап, меңгереді.
Соған орай жеке дара жұмыс әр оқушының өз бетімен жұмыс істеуге,
білімді саналықпен ұғынуға дағдыландырады, оларды қоршаған ортадағы
құбылыстардың заңдылықтарын оқып білуге ықыласын тудырады, ойлау
белсенділігін арттырады.
Оқушылардың жеке дара жұмыс түрлеріне:
1.Оқулықпен жұмыс істеу.
2.Практикалық жұмысы: ауызша, жазбаша жұмыстары (есеп шығару, шығарма жазу,
диалог құру т.б.).
3.Мұғалімнің тапсырмасы бойынша әр түрлі лабораториялық тәжірибелерді
орындау.
Жеке дара жұмыс оқушыларды өз бетімен бітім алуға ынталандырады,
тәртібін күшейтіп, оқуға ықыласын арттырады. Сабақта оқушылардың оқу-таным
әрекетін ұйымдастыруда жеке-дара жұмыс түрінен басқа олардың топтық және
ұжым болып жұмыс істеуінің маңызы ерекше.
Оқушылардың топтық танымдық жұмыстары сабақ барысында оқу
міндеттерін шешуде, өзара көмекке негізделгсн екі, торт, алты т.с.с
оқушылар тобының белгілі бір жұмыс көлемін атқаруын көздейді.
Жұмыстың бұл түрі негізінен екі бағытта іске асады: біркелкі немесе
бірыңғай (однородный) және бірнеше бөлшекке бөлу (диференция) жағдайында
ұйымдастыру.
Оқушылардың бірыңғай, біркелкі оқу жұмыстары мұғалімнің барлығына
ортақ бірыңғай тапсырмасын шағын топтарға бөліп өзара әрекеттесу жағдайында
орындауы жатқызылады.
Ал бөлшекке бөліп оқыту - бір мезгілде бірнеше тапсырманы әр түрлі
тәсілдермен оқушылардың бірнеше тобы арқылы орындалуы қарастырылады.
Жұмыстың бұл түрі топ ішінде оқушылардың тапсырманың мақсатын,
мазмұнын, оны орындау тәсілдерін бір-бірімен өзара ақылдасып шешуі, оның
нәтижесін талдауы, бағалауымен ерекшелінеді. Оқушылардың осындай өзара
бірлесіп атқаратын оқу-танымдық жұмыстары олардың жеке дара жұмыстарына
қарағанда әлдеқандай жемісті болып келеді. Әрі уақытты аз және тиімді
пайдалануға мүмкіндік туғызады.
Сонымен қатар бір сыныптағы оқушылардың оқу міндеттерін топ болып
шешуде өзара әрекеттесуі немесе жарысы олардың ортақ іске деген
жауапкершілік сезімін тудырады.
Мұндай жұмыс барысында оқушылардың өз тобының нәтижесіне өзара
әсерленуінің (переживание) маңызы ерекше.
Мұғалімнің топтық жұмысты нәтижелі ұйымдастыру шартына:
оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге үйрету;
жолдастарымен ақылдасуға ұйрету;
оқушылардың жекелеген топтарына оқу тапсырмалары жүйесінің нақты болуы;
тапсырмаларды оқушылардың жекелеген топтарына үлестіру іскерлігінің болуы
т.б.
Оқытуды осындай тәртіппен ұйымдастыру оқушылардың тәрбиесіне, атап
айтқанда өздігінен білім алу белсенділігін, олардың өзара тату-тәтті
ұжымдық қарым-қатынасын, жауапкершілігін, әсерленушіддігін (күйінішін,
сүйінішін) т.б. әлеуметтік қасиеттерін қалыптастырады.
Оқушылардың үжымдық жұмысы дегеніміз - ортақ мақсатгы көздейтін
жұмыс. Алайда, бұл ортақ мақсатқа жету жолыңда оқу әрекетінде белгілі бір
өте күрделі еңбек бөлінісіне жол беріледі. Оған сыныптағы оқушылардың жеке-
дара және топтық жұмыстарының элементтері кіреді.
Сондықтан ұжымдық жұмыстың ерекшелігі, өз бетімен істейтін дара
жұмысқа бөгет болмайды, керісінше әрбір оқушыға өзінің алдына қойылған
міндеттерін жақсы ұғынуға көмектеседі.
Фронталдық жұмыс ерекшелігі - бір сыныптағы барлық оқушылардың бір
бағытта бәріне ортақ бірыңғай тапсырманы мұғалім басшылығымен біркелкі
жағдайда орындауы.
2.2Сабақты ұйымдастыру және өткізу әдістемесі
Мұғалімдер айрықша білімімен ерекшеленеді, олар оқушыларға сабақты
қызықты әрі қонымды өткізеді. Көбіне сабақ сұрау барысында олар жақсы
оқитын не тәуір көретін оқушыларынан жылдам қарқынды сұрап шығады, кейде
олардың өз бетінше жауап беруін күтпей өзі де жағаласып отырады. Олар өткен
сабақты қайталауға, білімдерін бақылауға онша көңіл бөле бермейді. Сабақ
түсіндіру барысында бұл мүғалімдер түрлі оқыту әдістерін қолданады.
Қызба-әдістемелік стиліндегі (ҚӘС) мүғалімдер оқыту үрдісі мен оның
нәтижесіне өте көп көңіл бөледі. Өткен оқу материалдары оқушыға қонымды
болуы үшін олардың алған білімін қатаң қадағалап, бақылау жұмыстарын
жүргізіп отырады. Олар сабақта жиі жұмыс түрлерін озгертіп, ұжымдық
талқылауға салып отырады. Сабақ оқушыларға қызықты әрі санасына қонымды
болу мақсатында жиі дәстүрсіз сабақтар өткізіп отырады.
Пікірлесуші-тосын стиліндегі (ПТС) мұғалімдер қызба-әдістемелік
стиліндеп мұғалімдерге қарағанда сабақта қолданатын оқыту әдістерінің
варианттары аз. Барлық уақытта сабағы жоғары деңгейде өтпейді, ал ұжымдық
талқылаулар аз болады. Оқушылардан сабақ сұрау барысында аз сөйлеп, олардың
тек өздерінің жауап беруін талап етеді, кейде қатесін ғана түзейді.
Пікірлесуші-әдістемелік стиліндегі (ПӘС) мұғалімдер оқыту және оқу-
тәрбие ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz