Сарыарқаның климаты


Тақырыбы: Сарыарқаның климаты
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. САРЫАРҚА НЕМЕСЕ ҚАЗАҚТЫҢ ҰСАҚ ШОҚЫСЫ
- Орографиясына жалпы сипаттама.
II. ҚАЗАҚСТАН КЛИМАТЫНА ЖАЛПЫ ШОЛУ
1. Климат жағдайлары
2. Күн радиациясының бөлінуі
3. Климаттың динамикалық жағдайы
4. Күн радиациясының бөлінуі
5. Атмосфералық циркуляциялық процестер
6. Жыл балансы мен температуралық режим
7. Атмосфералық жауын-шашын және қар жамылғысы
8. Жыл маусымдары бойынша климат жағдайлары
3. САРЫАРҚАНЫҢ КЛИМАТЫ
- Климатын қалыптастырудағы географиялық орнының және орграфиясының әсері
- Климат жағдайларына тән ерекшеліктер
4. КЛИМАТЫНЫҢ САРЫАРҚА ӨЛКЕСІНІҢ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА
ӘСЕРІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. САРЫАРҚА НЕМЕСЕ ҚАЗАҚТЫҢ ҰСАҚ ШОҚЫСЫ
Халық тұспалдауында Сарыарқа сөзінің мәні тереңде жатыр. Ол-халқымыздың жүрек жарды сағыныш, айрықша жаратылған әлди махаббаты. Мұндайда ақынға кезек бермеске ерік жоқ:
Сарыжайлауым менің,
Жан жайлауым менің.
Ән жайлауым менің,
Беу - беу, Сарыарқа!
Аққу аңсап қонған,
Ақ маңдай көлдер,
Сай салалы саумалдай болған,
Мақпалдай белдер,
Бал бұлағы көсіліп аққан Сарыарқа,
Арғымағы көсіліп шапқан . . . !
Сарыарқаның даңқын түгін тартса майы шығатын жері пеш еткен, жерінің даңқын ақын-жыршы, әнші-күйшілері өлең-жырға, ән-күйге қосқан. Бұл күнде Саыарқа өңірі көл-көсір байлық, дархандық, алтын дән дариясы, құс қанатын талдырған кеңістік белгісі. Төскейі малға, төрі жанға толған әрі еліміздің бас қаласы Астана орын тепкен, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарған туысқан Қазақстан халқының бақытты өмірі, ұлы достығының символы.
Картада Сарыарқаның мөр басылған шекарасы жақ. Бүгінгі оның географиялық аймағына-бүкіл Арқадағы Қазақ қатпарлы тауы немесе Қазақ ұсақ қыраттары (300 - 1000м) түгелдей енеді. Оның шекарасын шамамен, шығысына Трабағатайды шошайтып қойып, онда төмен солтүстікке қарай Ертісті бойлатып жіберіп, батысын Ұлытауға тіреп және Торғай қазаншұңқырына құлатыңқырап барып, оңтүстігінен Алакөл - Балқаш ойпаты және Бетпақдала шөлінен қайыруға болады. Бұл шартты бөліс, әйтпесе ондағы бір регион екіншісімен жер бедері және түсі жағынан табиғи бітісіп, астасып жатыр. Оқырманға түсініктілеу болу үшін Сарыарқаның шекарасын тұспалдап анықтаудың тағы бір мынадай жолын қарастырып көрелік. Басқаша айтсақ, Сарыарқа, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола облыстарының біраз жерін, Қарағанды облысын түгелдей және Торғай, Қостанай далаларын алып жатыр.
Сарыарқа. Арқа Қазақстанның бүкіл орталық бөлігін алып жатқан аймақ. Солтүстікте Солтүстік Қазақ жазығынан оңтүстікте Бетпақдала мен Балқаш көліне дейінгі аралықта орналасқан. Батыста Торғай үстіртіне тіреледі. Шығыстағы шекарасы Балқаш көлінің солтүстік-шығыс шетінен Тарбағатайдың етегіне, онан әрі Зайсан қазаншұңқырының шетін ала Қалба жотасына дейін жетеді. Батыстан шығысқа қарай 1200 км-ге созылып жатыр. Ені батысында 900 км, шығысында 400 км. Ауданы 1 млн. км² -ге жуық. Қарағанды, Ақмола облыстарын толығынан, Шығыс Қазақстан облыстарының басым бөлігін, Павлодар, Қостанай облыстарының біраз жерін қамтиды. Биік денудациялық жазықтардың үстіне шашырап тараған аласа оқшау таулар, сансыз көп төбелер, қырқалар мен шоқылардан тұрады. Жер беті жан-жағынан қоршаған ойпаңдарға бірте-бірте аласарып барып, ұласып кетеді. Балқаш көлінің жартасты солтүстік жағасына жарқабақтанып, тік түседі.
Жер бетінің ерекшеліктеріне қарай Сарыарқа батыс және шығыс бөліктерге бөлінеді. Батыс бөлігі біршама аласа және азырақ тілімделген (орт. абс. биікт. 300-350 м) . Бұл бөлігінде биік жазықтар және кең аумақты ойпаңдар мен қазаншұңқырлар басым, қалдық тау массивтері мен шоқылар аз таралған. Орта тұсын кең аумақты Теңіз - Қорғалжын қазаншұңқыры алып жатыр. Маңайындағы жазықтармен қоса Солтүстігінің батыс бөлігін солтүстік және оңтүстік аудандарға бөледі. Солтүстік ауданды аласа таулы, ұсақ шоқылы Көкшетау қыраты қамтиды (Көкше тауы, 947 м) . Оңтүстік ауданның жер беті көбінесе, төбелі биік жазық болып келеді. Батыс бөлігінде биік жазықтар мен қыраттардың ортасында солтүстіктен оңтүстікке қарай неғұрлым ірі тау массиві - Ұлытау (1134 м) созылып жатыр. Оның оңтүстік-шығысында Сарысу өзен алабындағы төбелі биік жазығының батыстан шығысқа қарай созылатын шығыс бөлігі көтеріңкі (орт. абс. биікт. 500-1000 м) және көбірек тілімделген. Сарыарқаның солтүстігі, солтүстік-шығысы оңтүстікке қарай ағатын өзендердің суайрығын құрайтын орта тұсы тұтасып жатқан таулы қыраттан және көптеген оқшау тау массивтерінен тұрады. Ірілері: Қызыларай [Сарыарқаның ең биік тауы (1565 м) орналасқан], Қарқаралы (1377 м), Кент (1361 м), қиыр шығысында Шыңғыстау массиві (Қосаба тауы, 1305 м) оқшау көтеріліп тұр. Осылармен қатар, айтарлықтай тау массивтерінің қатарына әр жерде шашырап тараған Баянауыл (1026 м), Қоянды (922 м), Желтау (909 м), Ерейментау (892 м), Нияз (830 м), т. б. таулар жатады. Осы орталық тау түйінін жан-жағынан кең жайылған биік жазықтар қоршайды. Олардың үстінде ұсақ шоқылар түзетін қырқалар мен төбелер көтеріліп тұрады. Биік жазықтар солтүстікте Сілеті, Өлеңті, Шідерті және Ащысу өзендерінің алабына кіреді, оңтүстігінде Солтүстік Балқаш маңын, батыста Ұлытау мен Теңіз ойпатына іргелес аудандарды қамтиды. Сарыарқаның қатпарлы құрылымдары батыс және солтүстік шеткі аймақтарында каледон, ал орталық және шығыс бөліктерінде герцин қатпарлықтары кезеңінде түзілген. Қатпарлану жер қабығының терең жарылу, қаусырма-ығыспа және иілу қозғалыстарымен ұштасқан, аса зор интузиялар көтеріліп, күшті метоморфизм өткен. Олармен байланысты аса бай және өте бағалы кендер таралған. Каледондық магмаға хромиттік никель, титан - маггнетит, кобальт кендері, герциндік интрузияларға мыс, қорғасын, алтын, күміс, темір, марганец, қалайы кендері шоғырланған. Палеозойдың соңында Сарыарқада түгелдей дерлік континенттік даму жолына көшіп, ұзаққа созылған денудациялық кезеңнен өткен. Мезозойдың соңында аймақ қалдық қыраттары бар пенепленге айналған. Кайназойда бірнеше қайтара өткен вертикалдық қозғалыстардың әсерінен денудациялық және аккумуляттық жазықтар қалыптасқан кезеңдерімен алмасып отырған. Аласа таулы және төбелі Балқаш -Ертіс (1000 - 1559 м), Сарысу - Теңіз (1134 м) және Есіл - Ертіс(600 - 1358 м) басты суайрықтары көтерілген.
Сарыарқа негізінен кембрийге дейінгі және палеозойлық метаморфтық тақтатас, кварцит, құмтас және әктастардан түзілген. Олардың арасыда гранит, диорит, габбро интрузиялары мен эффузивтер кең таралған. Гранит интрузиялармен қара және түсті металл кен орындары байланысты. Карбонның құм - саз түзелімдеріне жоғары сапалы таскөмір қабаттары жиналған. Палезой жыныстарының үстіндегі юра түзілімдерінде аса бай қоңыр көмір кен орындары шоғырланған.
Тау жыныстарының сипатымен және жату өзгешеліктерімен жер бедерінің түрлі денудациялық пішіндері байланысты. Гранит жартасты, өркешті, шар тәрізді пішіндер құрайды. Ұзынша сызылған құмтас, әктас және тақтатас тізбектеріне қырқалар мен жалдар, кварциттерге шоқылар сипатты. Аккумулятті тау жыныстарының бетінде суффозиялық ойпаңдар және дефляциялық қазаншұңқырлар кең таралған. Өзендері түгелдей дерлік қар суымен толығатын типке жатады (жылдық ағынның 80%-дан астам еріген қар суы құрайды) . Ең ірі өзені - Есіл. Оның суы өнеркәсіп орындарын, елді мекендерді сумен жабдықтауға жұмсалады. Суайырық жоннан басталып, солтүстік және оңтүстікке қарай ағатын өзендерде (Нұра, Сарысу, Сілеті, Шідерті, Аягөз, т. б. ) көктемгі су тасу кезінде (2 - 3 аптада) жылдық ағынның 70 -90%-ы өтеді. Қалған мезгілде олардың суы барыша азаяды немесе қарасуларға бөлініп қалады. Қыста өзендері қатады, кішігірімдері түбіне дейін қатып қалады. Орталық Қазақстанның елді мекендері мен өндіріс орындарын сумен жабдықтау және жер суаруға пайдалану үшін Ертіс - Қарағанды каналы жүргізілген. Ең ірі көлі - Қорғалжың ойысындағы Теңіз көлінің суы кермек. Көкшетау қыратында суы тұщы, тектоникалық көлдер таралған (Бурабай, Шортанды, Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты) . Дефляциялық және суффозиялық ұсақ көлдер де кездеседі.
Сарыарқа арқылы үш табиғат белдемі ендік бағытта өтеді. Олар: дала, шөлейт және шөлдік белдемдер, Солтүстік бөлігінде және оңтүстікте қара тапырақты аймақта әр түрлі жусанды селеулі дала өсімдігі өседі. Шоқылардың қиыршық топырағында өсімдік сирек. Шоқыаралық аңғарларда қайың, көктерек шоқтары, бұта кездеседі. Аласа таулы массивтердің теріскей беткейлерінде қайың мен қарағай өседі. Көкшетау, Нияз және граниттен тұратын басқа да аласа тауларды қайыңды-қарағайлы орман белдері қамтыған. Сарыарқаның Теңіз - Қорғалжың ойысынан және одан шығыста Түндік өзенінің алабына дейінгі бөлігіндегі жазықтар мен ұсақ шоқыларда қышқыл қоңыр-қызғылт топырақ қалыптасқан. Оларды бетегелі-селеулі дала алып жатыр. Баянаулда, Қарқаралы аласа тауларының беткейлерінде қайың, қарағай шоқ ормандары өседі. Батыста Сарысу алабынан шығыста Аягөз өзенінің алабына дейін нағыз қиыршықты, тасты шөлейт дала созылып жатыр. Жазық өңірінің сортаң, қызғылт қоңыр топырағында астық тұқымдасты-жусанды өсімдік басым. Шоқылардың солтүстік беткейлерінде селеулі-бетегелі дала, оңтүстігінде сирек жусанды өсімдік, шатқалдарда бұта өсімдігі қалыптасқан. Тау шатқалдарынд қайың, итмұрын, мойыл, долана, тобылғы өседі. Тау бастарында қарағай мен арша кездеседі, Шөл белдемінің қоңыр және сұрғылт қоңыр топырағында ақ жусан, бұйырғын, сұр жусан және баялыш өседі.
Сарыарқаның дала белдемінде кемірушілерден: аламан, суыр, сарышұнақ, қосаяқ, алақоржын, дала шақылдағы, жыртқыштардын: қасқыр, түлкі, қарсақ, дала күзені кезеседі. Құстардан - бозторғайдың бірнеше түрі (далалық, айдарлы, ақ қанатты, қара) ірі құстардан - тырна, құтан, әупілдек, су құстарынан - үйрек, сұр қаз, мекендейді. Ерекше қорғалатын құс - қоқиқаздың саны соңғы кезде күрт азайып кеткен. Шөлейт және шөл белдемдерінде кемірушілер мен жорғалаушылардың түрлері көп. Аласа тауларағы қарағай және қарағайлы - қайыңды ормандарда орман жануарлары: бұлан, елік, т. б. құстар кездеседі. Ерейментау, Қарқаралы, Қызыларай, Ұлытау тауларында арқар сақталған. Сарыарқада табиғат қорғау мақсатында Баянаула, Көкшетау, Қарқаралы ұлттық табиғи саябақтары, Қорғалжын қорығы және бірнеше қорықшалар ұйымдастырылған.
Сарыарқа - отын-энергетика, қара және түсті металлургияны дамытуға қажетті минералдық шикізат өнімдеріне бай өлке. Кен байлықтары орындарының көбі бірнеше кен қосындысынан тұратындықтан, олары кешенді игеру қолайлы. Оның үстіне көптеген кен байлықтары жер бетіне жақын жатыр.
Дала белдемі түгелдей дерлік егіншілікке игерілген. Тың жерлерді игергеннен кейін аса қуатты астық өндірісі қалыптасты. Шөлейт және шөл белдемдерінің аса кең алқаптары мал жайылымы ретінде пайдаланылады.
1. 1. Орфографиясына жалпы сипаттама
Қазақтың қатпарлы аймағы (Сарыарқа) Қазақстан территориясында Еуразиялық ең ірі екі жазығы солтүстігінде Батыс Сібір жазығы және оңтүстігінде Тұран ойпатының арасында орналасқан. Ол дала және шөлейт табиғат зоналары қамтып жатыр. Батысындағы шекара Торғай ойысының кемерімен шектессе, ол шығысында Зайсан ойысы менг Ертіс аңғарын, оңтүстік-шығысынды Балқаш - Алакөл ойпаты мен оңтүстікте Бетпақдала үстіртімен шектеседі.
Қазақтың ұсақ шоқысы бұл - арал тәрізді аласа таулардан, төбелерден, жартасты құзды қыраттардан тұратын денудациялық жазық. Батыстан шығысқа қарай шамамен 1000 шақырымға созылып жатыр. Солтүстіктен оңтүстікке қарай батыс бөлігінде шамамен 900 шақырымға, ал шығыс бөлігінде 400 шақырымға созылып жатыр.
Қазақтың қатпарлы аймағы батыс және шығыс бөлікке бөлінеді. Батыс бөліктің алып жатқан аумағы шығыс бөлігімен салыстырғанда шағындау, меридиандық бағытта 950 шақырымға созылып жатыр. Абсольюттік орташа биіктігі 300 - 500 м аралығында. Мұнда тек екі аласа тау массиві бар, батысында Ұлытау (1133 м), солтүстігінде Көкшетау (947 м) .
Шығыс бөлігі солтүстіктен оңтүстікке қарай 350 - 400 шақырымға созылып жатыр. Абсольюттік биіктігі 500 - 1000 м шамасында, мұнда рельефтің әр алуан түрлері кездеседі. Шығыс бөліктің орталығында Қарқаралы таулары көтеріліп тұрады (1403 м) . Қызылтас тауы орта биіктікті тауға жатады, ең биік шыңы Ақсораң (1565 м), бұл Орталық Қазақстандағы ең биік нүкте. Шығысында Шыңғыстау тауы ораласқан (1305 м) .
Сарыарқаның территориясынан жер бедерінің үш негізгі түрін бөліп көрсетуге болады: аласа таулар, ұсақ шоқылар және жазықтар.
Аласа таулардың абсольюттік биіктігі 1000 -1500 м-ге дейін болады, әдетте көпшілік бөлігінің биіктігі 500-600 метрден аспайды. Ондағы қыраттар массиві сыртқы күштердің әсерінен қатты мүжілген. Мұндай қыраттарда еңіс беткейлер, тасты шөгінділер, үгілудің әр түрлі формалары көп кездеседі. Мұндай таулардың мысалына Қарқаралы тауларын жатқызуға болады. Қарқаралы - кең көлемді, көптеген жекелеген массивтері бар аласа тау. Құрылымы граниттен, порфирит пен кварциттен тұрады. Солтүстік беткейлері оңтүстігіне қарағанда ірілеу әрі өсімдік пен бұлақтарға бай.
Шыңғыстау тауы Қарқаралыға ұқсас болып келеді, оның биіктігі солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай баспалдақ тәрізді аласарады.
Қазақтың ұсақ шоқысының көпшілік бөлігі осы шоқылар, яғни кішігірім шоқылар аласа тауларды қоршай орналасқан. Осы шоқылардың (биіктігі 15 - 60 м аралығында) биік жерлері жартас іспетті формаға көбірек бейнеленген. Кішігірім массивті шоқылар шоқы аралық жазықтармен және шашыранды бөліктерге бөлінеді. Кейбір жерлерде бітеу шоқылар өзенді, батпақты болып келеді. Кішігірім төбешіктердің (шоқылардың) морфологиялық ерекшелігі оның литологиялық байланыста болуы. Кварциттен шығыңқы жерлері жартас іспетті ал граниттен оның матац іспетті бөліктері т. б. кездеседі. Шоқының еңкейген яғни, шалқайған жерлерінің кішірею себебі Қазақстан аумағында жауын-шашынның аз болуы себепті және желдің әрекеті нәтежесінде, басқаша айтсақ құрғақ континентальды климатқа байланысты болып келеді.
Ұсақ шоқы - жер бедерінің дамуының соңғы этапында яғни пенеплендену кезінде қалыптасқан жер бедерінің формасы.
2. ҚАЗАҚСТАН КЛИМАТЫНА ЖАЛПЫ ШОЛУ2. 1. Климаттың негізгі сипаттары және климат құрушы факторлары
Климат бұл сөз (Klima - еңіс) Көне Грецияда қолданылғанымен Күн сәулесінің жер бетіне түсу бұрышын еске алатындай "климат" ұғымының жалпы қабылданған анықтамасы жоқ.
"Климат" атмосфераның орташа күш ретінде анықталады да, тиісінше, ауа райы көп жылдық бақылаулар негізінде шығарылған (орташа температуралар, жауын - шашынның орташа мөлшері т. б. ) метеорологиялық элементтердің орташа мәнімен сипатталады. Орташа көп жылдық шамалар климат көрсеткіштері болып саналады. Орташаларынан басқа орташа күйден ауытқуы мүмкін шекті анықтайтын метеорологиялық элементтердің (ең көп, және ең аз) ақырғы мәні де есепке алынды. Барлық климаттық көрсеткіштер климаталогияның ұзақ бірден бір методы болған есептеу жолымен яғни статистикалық методпен алынды (статистикалық климатология) . Мұны қолдану метеорологиялық бақылаулардың өте үлкен материалын өңдеуге, климаттық анықтамалықтар, атластар жасауға климаттың салыстырмалы сипаттамасын және классификациясын жасауды мүмкін етті.
"Ауа райының берілген жердегі барлық байқалған заңдық дәйектіліктерінде көрінген ауа райының көп жылдық режимі ретінде" анықтаған климатты тұңғыш рет Е. Е. Феодоров ұсынған жаңа комплексті методтың қолданылуы комплексті климатологияның дамуына жол ашты. Комплексті методтың мәні мынада: климатты сипаттау үшін жеке алынған орташаланған метеорологиялық элементтер емес, нақтылы кезеңде нақты ауа райын білдіретін осы элементтердің комплекстері, яғни ауа райының комплексті типтері пайдаланылады. Ауа райының комплексті типтерінің көмегімен ауа райының көп жылдық режимі - климат сипатталады.
Комплексті метод түрлі климаттардың ерекшеліктерін жақсы беретін ауа райларындағы климат құрылымының кеңінен қолданылатын графиктерін құруға мүмкіндік берді. Графиктер орташа айлық температураның қисық жүрісімен, ауа температурасының шеткергі мәндерімен жауын шашын диаграммалармен радиация және жылу баланстары бойынша деректермен толықтырылады.
Комплексті методпен бір мезетте синоптикалық карталардың көмегімен бөлім бір аймақтың климатына әсер ететін процестерді ашуға мүмкіндік беретін синоптика - динамикалық метод (динамикалық климатология) дами түсті. Мұнда ауа массасының қозғалысына, олардың трансформациясына, фронттық процесстер мен атмосфера құйынына ерекше маңыз береді.
Қазіргі климатологияда бұларды жетілдіре отырып, барлық методтарды пайдаланады.
"Климат" ұғымының көптеген анықтамаларынан ең көп қолданылатын анықтамасы: "Климат дегеніміз - Күн радиациясы, төселме беттің сипаты және осылармен байланысты атмосфера циркуляциясы себепші болатын ауа райының көп жылғы режимі. "
Қазақстанның климаты қоңыржай ылғалды биік таулы аймақтарынан басқа жерлерінде континентті болады .
Климаттың континенттігі оның бірнеше ерекшеліктерінен көрінеді, оларға ; температура амплитудасының үлкендігі, республиканың көпшілік бөлігінде атмосфералық ылғалдың аз түсуі, қыстың оңтүстікте қысқа, солтүстікте ұзақ әрі қатаң, жаздың ыстық болуы жатады .
Қазақстанның географиялық орны ендігі жағынан климаты ылғалды субтропиктік Жерорта теңіз елдеріне және қоңыржай ылғалды жылы климатымен ерекшеленетін Орталық Еуропаға сәйкес келеді . Бірақ Қазақстанның материктің ішінде ішкері жатуы онда бұл елдерден ерекше қоңыржай суық климаттың құрылуына себепші болады .
Қазақстанның климатына алыста жатқан теңіз бассейндерінің оның климатына тигізетін әсері бірдей емес .
Қазақстанның территориясына Атлант мұхитының солтүстігі мен оның теңіздері жағынан солтүстік-батыс, батыс ылғалды ауа массалары еркін кіре алады . Олар өзінің ұзақ жолында трансформацияланып, Қазақстанға жеткенше біраз құрғайды, дегенмен атмосфералық ылғалдың негізгі бөлігін алып келеді . Жылдың ұзақ уақытында мұз құрсанып жататын және қалған уақытында суық болып тұратын Солтүстік Мұзды мұхит пен оның теңіздерінің Қазақстанның климатын жұмсартуғаететін әсері өте аз .
Қазақстанның жер беті жоғарыда айтылғандай, солтүстікке және батысқа қарай ашық жатқандықтан батыс пен солтүстіктің ауа массалары кедргісіз өтіп кетіп отырады . Республиканың бұл ендіктерде жатуына қарамстан оның климатының қатаң болуының себебі де осыдан . Әсіресе биік таулы аймақтарда климатқа рельефтің әсері зор, мұнда биіктік өскен сайын температура мен ауаның тығыздығы өзгереді . Ауа массалары таулы аймаққа жеткенде өздерінің бағытын, жылдамдығын және басқа да физикалық қасиеттерін өзгертеді .
Климат құрушы басты факторлардың бірі ауа массаларының циркуляциясы . Бұл факторда негізгі рөлді Қазақстан территориясын шамамен 50 ◦ с. е. тұсында кесіп өтетін барометрлік жоғары қысымды ось алады . Бұл Воейков осі деп аталатын жоғары қысымды аймақ қыс кезінде шығыстан келетін Сібір максимумының батыс тармағы, жазда − Еуропа жақтан келетін азор максимумының шығыс тармағы болып есептеледі . Қыста ол оңтүстікке қарай, жазда солтүстікке қарай ауысады . Бұл жоғары қысымды барометрлік ось бүкіл жыл бойы сақталады, ол Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстігінің аралығындағы климат бөлгіш болып тұрады және ауа массаларының бағыты мен таралуына күшті әсерін тигізеді .
Қазақстан климаты атмосфераның төменгі қабаты мен жер бетінің арасында үзіліссіз өтетін климат түзуші процестердің өнімі болып табылады. Сондықтан Қазақстан Республикасының климат жағдайы табиғи жағдайлардың түзілуіне қатысушы факторлардың бірі болып табылады. Сөйтіп, климат жағдайлары Қазақстан Республикасы аумағының табиғи жағдайларының құрамдас бөлігіне кіреді.
Климат жағдайлары дегеніміз ауа мен жер бетінің үстіндегі ауа массаларының физикалық қасиеттерінің орташа көп жылғы көрінісі болып табылады. Осыдан келіп климат жағдайлары дегенде ауа райының нақты аумаққа тән көп жылғы режимін, яғни көп жылдар бойындағы ауа райы жағдайының орташа жай-күйін түсінеміз.
Қазақстан Республикасының климаты бойынша алғашқы ғылыми дерекьер М. Д. Пономарев, В. Н. Барсук, А. А. Григорьев, Л. А. Чубуков, П. Н. Колосков, А. С. Утешев, А. Т. Кузнецов, З. Д. Клыковалардың және т. б. жұмыстарында берілген.
Климаттық әзірлемелер ҚазГМҒЗИ мен Қазгидрометқызмет жасаған еңберткрдк кеңінен беріліп отырды. Бұдан да гөрі толық сипаттама «Қазақстанның физикалық географиясы» (1952), «Қазақстан климаты» (1959), «Қазақстан» (1969) атты монографияларда берілген.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы аумағының климаттық өңірлері мен жыл маусымдары бойынша климат түзуші факторларының, климат элементтерінің, климаттың жекелеген элементтерінің режимдеріне арналған сипаттамалар жасалған көптеген зерттеулер жүргізілді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz