Сауат ашу әдістемесінің мектептің оқу-тәрбие жұмысының жалпы жүйесіндегі маңызы



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
БІЛІМГЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ОҚУ КЕШЕНІ
№1 Лекция. Сауат ашу әдістемесі.
Жоспары:
1.Сауат ашу әдістемесінің мектептің оқу-тәрбие жұмысының жалпы жүйесіндегі
маңызы.
2.Сауат ашу әдістемесінің лингвистикалық негізі.
3.Сауат ашу әдістемесінің психофизиологиялық негізі.
1. Әдістеме (методика) гректің metodos деген сөзінен шыққан,
қазақша зерттеу жолы деген мағынаны білдіреді.
Қазақ тілі әдістемесі – ана тілін үйретудің заңдылықтарын және тіл
туралы білімді балаларға үйрету жолдары мен құралдарын зерттейтін
педогогикалық ғылым.
Ана тілін ұғыну заңдылықтары тіл табиғатының өзінен және оны ұғыну
психологиясынан келіп шығады. Бұған білім беру жолдары мен құралдары да
жағдай жасайды.
Бөбек тілді өзі өмір сүре бастаған ортадан үйренеді, ал олардың
мектепке оқуына байланысты сол табиғи процесс онан әрі жалғаса түседі.
Сондықтан мектептегі тіл үйрету жұмыстары да үйдегі басталған табиғи
процестің заңдылықтарына негізделіп жүргізіледі. Ең алдымен тілдің өз
табиғатынан басты-басты мынадай заңдылықтар шығады:
Бірінші заңдылық. Тілді ұғыну барысында адам фонологиялық,
грамматикалық және лексикалық мағыналарды меңгереді.
Екінші заңдылық. Тілді ұғыну үшін орасан сезімталдық керек.
Зерттеушілер мұндай қасиеттің балада тіпті сәби кезден болатынын айтып жүр.
Үшінші заңдылық. Фонологиялық, грамматикалық және лексикалық
мағыналармен қатар мәнерлеп сөйлеу, сезімге бөлене сөйлеуді меңгеру т.б 4
– заңдылық бар.
2. Қазақ тілін оқу, білу не үшін қажет? Себебі қазақ тілі – қазақ
республикасының мемлекеттік тілі, ол өнеркәсіп пен техниканың, ғылым мен
мәдениеттің және қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласын қамтып көрсететін
бай лексикасымен, қалыптасқан жазу жүйесімен және әр түрлі стильдік
тармақтарымен сипатталады.
Бастауыш сыныпта балалар қазақ тілі сабақтарында нені білуге
тиіс? Балалар бастауыш сыныптарда сауатын ашады, оқуға, жазуға үйренеді,
ойын ауызша және жазбаша жүйелі дұрыс, анық, дәл жеткізе алатындай білім
алады, оны іске асыру шеберлігін меңгеріп, дағдыланады, яғни дұрыс сөйлеуге
үйренеді.
Сондықтан да ана тілі бастауыш мектептерде ең негізгі пән болып
есептеледі. Өйткені ана тілінде оқу-жазуға дағдылану арқылы басқа пәндерді
оқып үйренуге жол ашылады.
3. Белгілі бір пәнді үйрету барысында оқушылардың әрекетін
ұйымдастыруды оқытудың әдісі дейміз. Оқыту әдістерінің қайсысы болмасын,
оқушы мен мұғалімнің ара қатынасын білдіреді. Бұл олардың бірлесіп әрекет
ету тәсілдері болып табылады.
Оқыту әдістерінің түрі мектептегі оқыту жүйесіне байланысты
түрлі кезеңдерде өзгерістерге ұшырап отырды. Мысалы, 1932 ж 25 тамыздағы
қаулыда оқыту әдістері төртке бөліп көрсетілген: 1 – ауызша мазмұндау; 2 –
оқулықты пайдалану; 3 - өздігінен жазба жұмыстарын орындау; 4 –
лабораторияда оқыту әдістері.
Біз оқыту әдістерін негізінен 3-ке топтап көрсеткенді жөн
көрдік. 1) балалардың оқу-таным әрекетін ұйымдастыру және оны іске асыру
әдістері; 2) оқу-таным әрекетіне түрткі жасау, әсер ету әдістері; 3) оқу-
таным әрекеттерінің тиімділігін тексеру әдістері. Бұлардың әрқайсысына
бірнеше жекелеген әдіс енеді.
Ана тілін оқыту барысында бұл әдістердің қайсысының қай кезде
тиімді екенін мұғалімнің өзі айқындап алып, іріктеп қолданады.
Пәндердің оқу әдістемелік қамтылуы
Негізгі әдебиеттер
1.Әбдікәрімова Т., Рахметова С., Қабатаева Б. Ана тілі. Оқыту әдістемесі.-
Алматы., 1999ж.
2.Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту методикасы. –А., 1987ж.
3.Жұмабаев М. Бастауыш мектепте ана тілін оқыту.-А., 1926ж.
4.Жазықбаев М., Рахметова С., Асқарбаева А. Бастауыш мектепте оқудың
тиімділігін арттыру. –А., Бастауыш мектепте оқудың тиімділігін арттыру.-А.,
1968ж.
5.Қазыбаев С. Бастауыш кластардақазақ тілін оқыту.. – А.,1985ж.
6.Рахметова С. Бастауыш сыныптарда оқушылардың тілін ұстарту. –А., 1997ж.
7.Рахметова С., Жаманқұлова П. Қабатаева Б. Ана тілін оқыту әдістемесі.
–А., 1998ж.
№2 Лекция. Балалардың сауат ашуға психологиялық және тілдік дайындығы.
Жоспары:
-Балалардың дайындығын зерттеу өлшемі.
-Сауат ашудың қазіргі әдісінің ерекшеліктері, талдау жинақтаудың өзара
байланысы, оқу мен жазуға қатар үйрету, дыбысты ғылыми фонетиканың
деректеріне сай үйрету, әріптерді үйрету жүйесі, оқу жазуға үйретудегі
буындық принцип.
1. Сауат ашудың негізгі мақсаты – оқу, жазу дағдысының негізін
қалау; балаларды тыңдауға, оқуға, жазуға үйрету, балаларда сөздің дыбыстық
құрылысы туралы түсінік қалыптастыру, әріп таныту әуелі буындап, сонан соң
тұтас буынды, сөйлемді, мәтінді оқуға үйрету, сауаттты жазу негізін
қалыптастыру, өз бетінше оқуға, кітапқа қызығушылығын ояту, ауызша
диалогтық және монологтық сөйлемін дамыту.
Сауат ашу әдістемесінің ғылыми негізі мен олардың жасалуы тіл
білімінің басты бір саласы – фонетика болып табылады.
Мектепте дұрыс оқыту, дұрыс жазу әдістемесінің көптеген
мәселелері фонетикаға негізделеді.
Сөзді үйрену барысында балалар мынадай амалдарға дағдылануы
тиіс: 1) сөздің мағынасын айту; 2) сөзді тағы қандай мағынада қолдануға
болатынын айту; 3) осы мағынаны тағы қандай сөздермен білдіруге болатынын
айту; 4) сөйлеуде лексикалық құралдарды дұрыс пайдалану; 5) мағына жағынан
ұқсас немесе қарама-қарсы сөздердің қолданылуын аңғарту.
2. Адамның психикасы ақыл, сезім және ерік қызметтерінің
түрліше формаларынан көрінетіндіктен, оны психофизиологиялық процесс деп
атайды. Дүние тануға қажет ақыл-ой қызметі үшін түйсік пен қабылдау ес пен
ойлау сезім мен қиял, зейін мен еріктің үлкен мәні бар. Баланың психикалық
дамуы деген не? Баланың қуануы, шаттануы, қиялдануы, ренжуі, ашулануы,
жылауы, сөйлеуі – осылардың бәрі баланың әлеуметтік өмір тіршілігіне
байланысты ішкі дүниесін психикасын сипаттайды.
Балаға қойылатын талап пен сол талапты орындай алу
мүмкіншілігі арасында да көптеген қиындықтар, кедергілер мен қайшылықтар
кездесетіні белгілі. Бала өзін ересек адам етіп көрсетуге тырысады, олардың
көпшілігі өзін асыра бағалайды, біріқ оның ақыл-ой өрісі, білімі немесе
тәжірибесінің аздығы оған кедергі болады. Сонымен қатар бала ішкі
қайшылықтардан басқа сыртқы қайшлықтарға да кездеседі.
Сонымен психикалық даму дегеніміз, жалпы алғанда, адамның
қалыптасуындағы сапалық және сандық өзгерістер, ал жекелеп алғанда,
анатомиялық- физиологиялық есею, нерв жүйесінің жетілуі, білімнің артуы,
сезім мен моральдық ұғымдардың пайда болуы, психикалық процестердің қайта
құрылуы, дүниеге көзқарастың қалыптасуы, белсенділік пен өзінше әрекет
етудің көрінісі, белгілі бір мінез-құлыққа дағдылану.
3. Оқу жұмысын ойдағыдай жүргізу үшін балалардың жас
ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктерін, олардың зейін, қабылдау, ес, ойлау,
қиял ерекшеліктерін сезім, ерік, мінез сияқты жеке қасиеттерін жақсы білу
керек. Бастауыш сынып баласының зейіні тұрақсыз, сондықтан оқудың алғашқы
күнінен бастап балаларды тыңдай білуге оңай тапсырмаларды орындап жүруге
үйрету керек.
Мұғалім балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып,
қарым-қатынас жасау барысында олардың жауап беру ерекшелігін, белсенділік
көрсету қарқынын, жүріп-тұру қалпын, қиналған жерлері мен жіберген
қателіктерін есепке ала жүріп, әрқайсысына сұрақ қойғанда баланы
жігерлендіретіндей, өз күшін байқай алатындай, анағұрлым бір пайдалы жұмыс
болу жағын мұқият іздестіреді.
Педагогиканың талабы бойынша, сауат ашудың бірінші күнінен
бастап-ақ оның тәрбиелік мәніне зор көңіл бөлінеді. Оқыту мен тәрбие, жеке
тұлғаның дамуы – бір-бірінен ажыратуға келмейтін, ақыл-ой тәрбиесіне
жатады.
Пәндердің оқу әдістемелік қамтылуы
Негізгі әдебиеттер
1.Әбдікәрімова Т., Рахметова С., Қабатаева Б. Ана тілі. Оқыту әдістемесі.-
Алматы., 1999ж.
2.Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту методикасы. –А., 1987ж.
3.Жұмабаев М. Бастауыш мектепте ана тілін оқыту.-А., 1926ж.
4.Жазықбаев М., Рахметова С., Асқарбаева А. Бастауыш мектепте оқудың
тиімділігін арттыру. –А., Бастауыш мектепте оқудың тиімділігін арттыру.-А.,
1968ж.
5.Қазыбаев С. Бастауыш кластардақазақ тілін оқыту.. – А.,1985ж.
№3 Лекция. Әліппеге дейінгі кезең.
Жоспары:
-Әліппеге дейінгі дайындық кезең, оның міндеттері, мазмұны, жұмыстың
ерекшелігі, оқушыларды дыбыс пен әріпті ұғынуға дайындау.
-Дайындық кезеңіндегі білім, білік, дағды, ұғыну шеңбері.
-Балаларды оқу-жазуға дайындау сабақтарына қажетті көрнекі құралдар,
дидактикалық материал.
1.Сауат ашудың негізгі әдісі талдау-жинақтау болып
есептеледі. Бұл әдіс әсіресе 30-жылдардан бері әдістемеші ғалымдардың
зерттеу еңбектері мен толықтырылып, жетіліп келеді. Талдау-жинақтау әдісті
қалай жүргізіледі?
Сауат ашу кезінде талдау мен жинақтау бір-бірімен тығыз
бірлікте, байланыста жүргізіледі: балалар талдау арқылы сөздің қандай
буындардан, дыбыстардан тұратынын ажыратса, іле-шала жүргізілетін жинақтау
арқылы дыбыстардан буын құрап, буындардан сөз құрап үйренеді. Сөйтіп,
дыбыстарды жеке-жеке оқымай, бір-бірімен қосып буын етіп, сөз етіп оқитын
болады.
Жалпы дыбыс пен әріпті үйретудің типтік схемасы мынадай:
1. Мәтіннен сөйлемді бөліп алу. 2. Сөйлемді сөзге бөлу. 3. Жаңа дыбысы бар
сөзді бөліп алу. 4. Жаңа дыбысты бөліп айтып үйрену. 5. Оның баспа әріпін
көрсету. 6. Кеспе әліппеден сөзді құрастыру. 7. Ол сөзді оқу. 8.
Әліппеден жаңа сөздер оқу. т.б.
2. Сауат ашу кезеңі негізінен үшке бөлінеді: 1) Әліппеге
дейінгі дайындық кезеңі; 2) әліппе кезеңі; 3) әліппеден кейінгі кезең.
Дайындық кезеңінде балаларды бір ұжымға ұйымдастыру
жұмысына баса назар аударылады. Дайындық кезеңінде оқуға, жазуға әзірлік
жасалады. Мұғалім балалардың білім дәрежесімен танысады; қалай сөйлей
алатындары, қандай өлең, тақпақтар білетіндіктері анықаталады.
Әліппе кезеңі – сауат ашудың басты, негізгі кезеңі. Бұл
кезеңде дыбыстар оқушыларға алфавит ретімен үйретілмейді, алғашқы кезде
балаға естілуі, айтылуы ең оңай дауысты және дауыссыз дыбыстар үйретіледі.
Әр дыбыстың тұсындағы суретке байланысты әңгіме өткізіледі.
Қазақ мектептері үшін әліппе жасаушы авторлар мен сауат
ашу жұмысын зерттеушілер әліппе кезеңін төртке бөледі.
Әліппеден кейінгі кезеңде балалар көлемі шағын, қарапайым
қысқа-қысқа сөйлемдерден құрылған мәтіндер оқиды. Кеспе әліппемен жұмыс бұл
кезеңде де тоқтатылмайды. Әріптерден сөздер мен буындарды құрап жаттығу
және оларды оқу жұмысы әліппеден кейінгі кезеңде де ұштастырыла қатар
жүргізіліп отырады.
Жазуға берілетін мәтіндердегі сөздердің айтылуы мен
жазылуы бірдей, бір-біріне сай болуы әліппеден кейінгі кезеңде де қатты
қадағаланады. Балалар бұрын оқылған, талданған сөйлемдерді мұғалімнің айтуы
бойынша жатқа жаза алады. Аяқталмаған сөйлемдерді өздері аяқтай алады.
3. Оқушылар жазу ережесін сақтап отырғанда ғана дұрыс
жазуға үйрене алады. Жазуға негізінен мынадай талаптар қойылады: әріпті
дұрыс жазу, дәптердің көлденең сызығынан ауытқымау, әріптердің элементтерін
жазғанда ұзынды-қысқалы етпей, тегіс бірдей жазу, әріптерді қисайтпай, оңға
қарай, сәл көлбете (45) жазу т.б.
Жазуға кірісерде алғашқы күннен бастап орындалуға тиісті
гигиеналық талаптар орындалуы тиіс.
Сауат ашу кезінде жазу сабақтарында балалар әріп
элементтерін немесе жекелеген әріптерді жазғанда ұзақ уақыт жазып отырмауын
қадағалау керек. Өйткені ұзақ уақыт бір-екі элементті немесе бір әріпті
жаза берсе, бала шаршайды да, сабаққа зейін қоюдан қалады, сондықтан
саусақты жаттықтыру сәті өткізіледі.
Пәндердің оқу әдістемелік қамтылуы
Негізгі әдебиеттер
1.Әбдікәрімова Т., Рахметова С., Қабатаева Б. Ана тілі. Оқыту әдістемесі.-
Алматы., 1999ж.
2.Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту методикасы. –А., 1987ж.
3.Жұмабаев М. Бастауыш мектепте ана тілін оқыту.-А., 1926ж.
4.Жазықбаев М., Рахметова С., Асқарбаева А. Бастауыш мектепте оқудың
тиімділігін арттыру. –А., Бастауыш мектепте оқудың тиімділігін арттыру.-А.,
1968ж.
5.Қазыбаев С. Бастауыш кластардақазақ тілін оқыту.. – А.,1985ж.
№4 Лекция. Әліппе кезеңі.
Жоспары:
-Әліппе кезеңінің мазмұны.
-Оның мақсат , міндеттері.
-Оқыту әдістемесінің дыбыс пен әріпті үйрету тәртібіне тәуелділігі.
-Оқушылардың ойлауы мен сөйлеуінің дамуы.
1. Сауат ашу кезеңіндегі ең негізгі басты құрал – Әліппе және Әліппе
серігі. Әліппенің бас жағындағы түрлі тақырыптарға салатынатын суреттер де
оқушылармен жүргізілетін дайындық жұмыстары үшін ең қажетті көрнекі құрал
болып есептеледі. Бұл суреттер бір жағынен, лингвистикалық мақсат көздесе,
екінші жағынан, балалардың мектепке дейінгі үйренген сөздік қорын сарқа
қолдандыру арқылы тілдерінің даму деңгейін байқау үшін берілген. Әліппеде
әрбір жаңа әріпті үйрету барысында жекелеген заттардың суреттері және
тақырыптық суреттер де беріледі. Сонымен қатар онда балалардың ойы мен
тілін дамыту үшін сюжетті картинкалар, әңгімелер, жұмбақтар т.б. бар.
Әліппеге қосымша көрнекі құрал – кеспе әліппе.
Әріптерді сақтауға арналған әріп кассасы жасалады. Жазу жұмыстарына
пайдалану үшін арнаулы Жазу үлгісі ұсынылады. Жазу үлгісінде әріптердің
элементтері, жазба үлгілері беріледі.
2.Соңғы психологиялық зерттеулерге қарағанда бастауыш
сынып балаларының өзін теориялық ойлауға, жалпыдан жекеге көшу, заттар мен
құбылыстардың арасындағы байланысты аңғаруға үйретуге болатыны анықталады.
Егер мектепке оқуға түскен бала әлі заттар мен құбылыстардың негізгі
белгілерін айыра алмайтын болса, мұның өзі олардың тәжірибесінің аздығынан,
білімінің жеткіліксіздігі мен шашыраңқылығынан деп түсінген жөн.
Осыған орай, 1-сынып оқушыларының заттар, құбылыстар
туралы елестерін анықтап, бір жүйеге келтіру қажет. Бұл жұмыс әуелі
әліппеде берілген сөздер арқылы жүргізіледі. Сөздік қорды байыту заттар мен
құбылыстар және олардың арасындағы байланыстар жөніндегі елестерді
анықтаумен қатар жүріп отыруға тиіс.
Оқушылардың тілін дамыту үшін әліппедегі мәтіндер мен
берілген сөздер өмірдің әр саласын қамтыйды: балалар мен үлкендер өмірі,
табиғат құбылыстары, баланы қоршаған сан алуан заттар, өсімдіктер,
жануарлар, дүниесі т. б.
Байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмысы сұрақ-жауап
түрінде жүргізіледі.Ол әңгіменің жоспары іспеттес болуы керек. Логикалық
байланыстырып сөйлеуге үйрету үшін деформациялық мәтіндер алған жақсы.
Байланыстырып сөйлеуге үйретуде диафильм, мультфильм немесе балалардың
ойыны, сондай-ақ мектептегі қандай да болмасын бір оқиға жөнінде де
әңгімелесу тиімді нәтиже береді.
3. Оқу сабақтарында, экскурцияларда табиғат құбылыстарын
бақылап үйренеді. Жылдың әр маусымындағы өзгерістерді салыстырады,
жалпылайды және көктемнің, жаздың, күздің, қыстың белгілері жөнінде
қорытыды шығарады.
Адамдардың тұрмысы мен қызметінде білімнің рөлі туралы
қарапайым елес қалыптасады.Оқушы режимінің негізгі бөлімдерімен
танысады.Қоғам өмірімен танысады.Адамдардың еңбектерін бағалауға үйренеді,
мектеп мүлкін сақтау, киімдерін күту, нан, басқа да тағамдарды төгіп-
шашпау, ағаштардың бұтағын сындырмау, жер бетіне шыққан көгалды баспау
таптамау т.б. біледі және сондай әрекеттерге дағдыланады.
Мектептегі және қоғамдық орындардағы мінез-құлық
нормаларымен танысады. Жақсы деген немене жаман деген немене екенін
айырады.Кішіпейілділік, адалдық қарапайымдылық т. б. қасиеттерінің не
екенін түсінеді. Көшеде жүру тәртібімен, жол ережесімен танысады.
Санитарлық-гигиеналық ережелерді орындауға үйренеді.Бұл жұмыстар сабақта да
сабақтан тыс уақытта да жүргізіледі.
Пәндердің оқу әдістемелік қамтылуы
Негізгі әдебиеттер
1.Әбдікәрімова Т., Рахметова С., Қабатаева Б. Ана тілі. Оқыту әдістемесі.-
Алматы., 1999ж.
2.Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту методикасы. –А., 1987ж.
3.Жұмабаев М. Бастауыш мектепте ана тілін оқыту.-А., 1926ж.
4.Жазықбаев М., Рахметова С., Асқарбаева А. Бастауыш мектепте оқудың
тиімділігін арттыру. –А., Бастауыш мектепте оқудың тиімділігін арттыру.-А.,
1968ж.
5.Қазыбаев С. Бастауыш кластардақазақ тілін оқыту.. – А.,1985ж.
6.Рахметова С. Бастауыш сыныптарда оқушылардың тілін ұстарту. –А., 1997ж.
№5 Лекция. Әліппеден кейінгі кезең.
Жоспары:
-оның міндеттері, мазмұны, оқуға қойылатын талаптар.
-оқудағы кемшіліктер, себептері, оларды жою жолдары.
1. Егеменді еліміздің даму кезеңінде бөбектердің жеке тұлғасын
қалыптастыру ісін тиянақты жолға қоюға баса назар аударылуда.
Балалар мектепке келген алғашқы күннен бастап, еліміздің
өмірімен, халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысады. Отанымыз күшейе түсу үшін,
халықтың тұрмысы жақсара түсі үшін іске асырылып жатқан сан алуан
жағдайларды ұғынады. Үлкен адамдардың оларға қандай үміт артып отырғанын
аңғарады.
Бастауыш сыныптардағы әдебиеттік оқу сабағының түбегейлі
мақсаты-оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыра отырып, әдеби мұраларға
деген талғамын тәрбиелеу, рухани дүниесін кеңейту, ақыл-ойы мен ұлттық сана-
сезімін дамытуға ықпал ету.
Осы мақсатты орындау үшін оқу пәнінің алдына мынадай
міндеттер жүктеледі:
— оқушылардың дұрыс, түсініп, шапшаң және мәнерлеп оқу
дағдысын қалыптастыру және жетілдіру;
— оқушылардың көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын
ояту;
— оқушылардың шығарманың түпкі мазмұн-мәнін түсінуін,
эмоциялық қабылдауын (кейіпкерлердің көңіл-күйіне ортақтасу, күйіну-сүйіну
т.б.) қамтамасыз ету т.б.
Бастауыш мектептегі оқуды өмірмен байланыстыру, білімді
жүйелі саналы да берік меңгерту, балалардың белсенділігін арттыру т.с.с.
дидактикалық принциптерге сүйенеді.
2. Оқулықтарға енген материалдырды тақырыбы мен мазмұны
жағынан топтасақ, екі үлкен бөлімнен тұрады: көркем мәтіндер және ғылыми-
танымдық мәтіндер. Бұл бөлімдердің әрқайсысының мазмұнында да, оқу
әдістемесінде де өзіне тәне ерекшеліктер бар.
Көркем шығармалар ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті
үлігілерін қамтиды.
Жаңа оқулықтардағы материалдар жүйеленуі жағынан тақырыптық
принциппен орналастырылған, яғни бірнеше материал бір тақырыпқа жинақталып,
топталып беріледі. Мұндағы мақсат – белгілі бір тақырып бойынша оқушыларға
түрлі уақиғаларды суреттейтін сан алуан материалдарды оқыту арқылы жан-
жақты ұғым, кең мағұлұмат беру . Оқулықтар тақырыптық принциппен
құрылғандықтан, ондағы материалдар сол орналасқан күйінде бірінен соң
екіншісі оқытыла бермейді. Оқулыққа енген шығармаларды мазмұнының
оңайлығына, қиындығына, көлемінің үлкен-кішілігіне, баяндалу стиліне
құрылысы мен жанрына қарай, қай мерзімдерде өтуге лайықты болатынын мұғалім
алдын-ала ойластырады.
3. Әдебиеттік оқудың түрлері екіге бөлінеді: дауыстап
оқу, іштен оқу. Дауыстап оқу көбінесе I-II сынып оқушыларына тән болады.
Бірақ I сыныпта іштен оқытуға болмайды деген ұғым тумасқа тиіс.Іштен оқу I
сыныпта-ақ басталады. Содан былай қарай, оқудың бұл көрсетілген екі түрінің
екеуі де бір-бірімен ұштастырыла жүргізіледі. Балалардың дауыстап оқуы
арқылы алған дағдылары іштен оқуға тасымалдана береді (I-II сыныптан
бастап дауыстап оқылған материалдар іштен оқуға беріледі), III сыныпта жаңа
материалдар алдын ала дайындық жұмыстарынан кейін іштен оқуға тапсырылады.
Оқудың бұл түрлерінің екеуінде де дұрыс оқу, шапшаң оқу және түсініп оқу
талаптары орындалуға тиіс. Дауыстап оқуға бұларға қосымша мәнерлеп оқу
талабы қойылады. Бұл талаптар бір-бірімен тығыз байланыста іске асады. Оқу
сапасы дұрыс, түсініп, мәнерлеп, шапшаң оқу болып бөлінеді.
Пәндердің оқу әдістемелік қамтылуы
Негізгі әдебиеттер
1.Әбдікәрімова Т., Рахметова С., Қабатаева Б. Ана тілі. Оқыту әдістемесі.-
Алматы., 1999ж.
2.Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту методикасы. –А., 1987ж.
3.Жұмабаев М. Бастауыш мектепте ана тілін оқыту.-А., 1926ж.
4.Жазықбаев М., Рахметова С., Асқарбаева А. Бастауыш мектепте оқудың
тиімділігін арттыру. –А., Бастауыш мектепте оқудың тиімділігін арттыру.-А.,
1968ж.
5.Қазыбаев С. Бастауыш кластардақазақ тілін оқыту.. – А.,1985ж.
6.Рахметова С. Бастауыш сыныптарда оқушылардың тілін ұстарту. –А., 1997ж.
7.Рахметова С., Жаманқұлова П. Қабатаева Б. Ана тілін оқыту әдістемесі.
–А., 1998ж.
8.Сарыбаев Ш. Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері. –А., 1997ж.
9.Рахметова С. Қазақ тілін оқыту теориясы мен әдістемесі. Атамұра. 2005ж.

№6 Лекция. Бастапқы жазуға үйрету.
Жоспары:
1.Мазмұны мен міндеттері, қазіргі Жазу үлгілеріне сипаттама
2.Жазуға дағдыландыру этаптары.
3.Жазуға үйрету әдістері, әдістемелік тәсілдер.
1. Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық дайындау.
Көркем шығарма жазушының сөзі арқылы қабылданады. Шығарманы оқыған кезде
оқушыда елес (адамдардың портреті, табиғат картинасы, ондағы оқиғалар т.б.)
туады.бұл оқушының сезімін де қозғайды. Балалар қояннан қорыққан қасқыр
туралы оқығанда күледі,басқа бір жағдайда көздеріне жас алады.Оқушылармен
алдын ала дайындық жұмысы жүргізіледі.Бұл көбіне әңгіме түрінде
ұйымдастырылады.Дайындық әңгіме оқығалы тұрған шығармадағы оқиғаға
ұқсас,балалардың өз өмірінде болған оқиғаларды еске түсіру сияқты
тәсілдермен өткізіледі.
Алдын ала жүргізілетін әңгімеде мұғалімнің оқылатын мәтінде
кездесетін жаңа сөздер мен қиын ұғымдарды түсіндіруді ұмытпағаны жөн.
Сонымен шығарманы оқуға дайындау жұмысы, біріншіден,
балаларды оқылатын әңгіменің мазмұны мен ондағы кейіпкерлердің ісін саналы
түсіне білуге дайындау, екішіден, оқылатын әңгіменің мазмұнына қызықтыру,
үшіншіден,ондағы түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру мақсатында
жүргізіледі. Дайындық жұмысының да көздейтін мақсаты- балаларға шығарманы
толық та саналы қабылдауға мүмкіндік туғызу
Дайындық жұмысында қолданылатын әдіс-тәсілдер: а) Оқушылардың
өздеріне әңгіме айтқызу. ә)Мұғалімнің әңгімесі. б)Ұжымдасқан түрде әңгіме
айту. в)Экскурсияда байқағандарын пайдалану г) Суреттерді қарау. д)
Сұрақтар қою
2. Мәтінге байланысты ұйымдастырылатын сөздік жұмысы. Оқу
сабақтарында сөздік жұмысына әдейі кезең бөлінбейді. Алайда сөздік жұмысы
сабақтың өн бойымен орын алады. Мәтінді дұрыс қабылдау үшін сөздік жұмысын
жүргізбейінше мақсатқа жету мүмкін емес.
Мәтінде кездесетін түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру
үш кезеңде жүргізіледі:
1.мәтінді оқуға дайындық кезеңінде;
2.шығарманы оқу барысында;
3.оқып болғаннан кейін.
Мәтінді оқуға дайындық кезінде шығарманың мазмұнын ұғынуға
қиындық келтіретін сөздер түсіндіріледі. Кейбір сөздердің мағынасы
контекске қарай өзінен-өзі түсінікті болатынын ескеру қажет және оқымас
бұрын көп сөздер мен ұғымдарды түсіндіре бергенімен, ұмытылып қалады да,
оған қайта оралу керек болады.
Шығарманы оқу барысында екі-үш сөзбен қысқаша ғана
түсіндірілетін сөздер немесе синоним арқылы түсіндірілетін сөздер іріктеліп
алынады.
3. Шығармаға жоспар жасау. Жоспар шығарманың мазмұнын
көрсететін оқиғалар жүйесін білдіреді. Жоспар жасау жұмысы екі түрлі жолмен
іске асады: 1) әңгімен бөлімдерге бөлу; 2) бөлімдерге ат қою. Оны тәртіппен
жазу.
Оқушылар әңгімені бөлімдерге бөлу үшін, ондағы басты ойды
және қосымша мәселелерді анықтайды. Жоспар жасау шығарманың мазмұнын толық
та терең түсінуге мүмкіндік жасайды. Бөлімдерге бөлу процесі шығарманы бір
рет тұтас оқып шыққаннан кейін, қайталап оқу кезінде іске асады. Жоспар
кейде қорытынды әңгіме кезінде жасалады, кейде оны жасап келуді үйге де
тапсыруға болады.
Оқылған шығарманың мазмұнын айту. Шығарманың жоспарын жасау
мазмұнын айтумен тығыз байланысты. Оқылғанның мазмұнын жүйелі, байланысты
түрде айтып беру сияқты синтетикалық жаттығудың үлкен мәні бар. Шығарманың
мазмұнын айту барысында балалар оның алғашқы мәні бар. Шығарманың мазмұнын
айту барысында балалар оның алғашқы қабылдауымен байланыстырады. 1.
Орфографиялық дағды – күрделі процесс. Ол – жазу, сөздің дыбыстық құрамын
талдай білу, грамматикалық білімге сүйене отырып орфограмманы тану, оған
лайық ережені пайдалана білу дағдыларын қамтиды. Орфограмманың сипатына
қарай бұлардың басқа көптеген жеке операциялар жүргізілуі мүмкін. Ондай
жекелеген операциялар түгелдей есепке алынып отырылады. Бірақ үнемі олай
бола бермейді. Егер оқыту барысында күрделі әрекеттер дағдыға айналдырылуы
қажет болса, онда жеке жаттығулармен шектеліп қалуға болмайды. Осының
керісінше, егер оқушыға шығарма жаздыру керек болса, онда олармен өздерінің
ойын жазбаша беруіне және орфографиялық норманы сақтауына көмектесетін жеке-
жеке жаттығулар жүргізілуі тиімді.
Дағдының берік қалыптасуы қайталау және жаттығу
жұмыстарына тығыз байланысты. Орфографияны оқытудағы қайталау теориялық
(грамматикалық, орфографиялық) білімді жазу практикасында пайдалану болып
табылады. Қайталау арқылы оқушылардың ойлау әрекеті жетіледі, орфографиялық
мақсатты қандай амалдармен, тәсілдермен шешу керектігі анықталады.
Орфографияны оқытудың амалдары мен тәсілдеріне орфографиялық іс-әрекеттерге
анализ жасау, абстракциялау, сөз контекстінен тілдің морфологиялық
элементтерін бөліп алу, ол элементтерді белгілі бір грамматикалық
категорияларға жатқызу, орфографиялық ережені айқындау т.б. жұмыстар
жатады.
2. Орфографияны оқытуда қолданылатын әдістер. Оқыту
әдістері сан алуан. Солардың ішінде орфографияны оқытуға байланысты мына
әдістерді қолдануға болады.1) байдау әдісі, 2) баяндау әдісі, 3) әңгімелесу
әдісі, 4) кітаппен жұмыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әріптерден сөз жасау
Бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетінің теориялық негіздері
Cауат ашу әдістемесі пәнінен дәрістер
Қазіргі бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық технологияларды ендіру мазмұнын теориялық тұрғыда негіздеу
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихи дамуына үлес қосқан ғалымдар еңбектерінің орны
Қазақ тілі сабағында қазіргі педагогикалық технологияны қолдану
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі
Қазақ тілінің сарфы
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихы жайлы
Пәндер