Сауат ашу жүйесінде деңгейлеп дамыта оқытудың теориялық негіздері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 102 бет
Таңдаулыға:   
Молдабек Қ., Шалабаева Ж., Нұртазаева Н.

САУАТ АШУ ЖҮЙЕСІНДЕ ДЕҢГЕЙЛЕП ДАМЫТУ

Түркістан, 2014 жыл

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қаза-түрік университеті факультет кеңесінде
мақұлданған. (хаттама №7 15.03.2014)

Пікір жазғандар:

Сауат ашу жүйесінде деңгейлеп дамыту: оқу құралы. Жалпы редакциясын
басқарған Молдабек Қ.-Шымкент: Дарын,-2014ж. -96 бет.


Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 ... ... ... ... ... ... ... ... .. ..3

Сауат ашу жүйесінде деңгейлеп дамыта оқытудың теориялық негіздері
1.1 ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2
Сауат ашу жүйесінде деңгейлеп дамыта оқытудың қалыптасуы мен дамуы
1.3 ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ..7
Сауат ашу жүйесінде деңгейлеп дамыта оқытудың лингвистикалық
2 негіздері
2.1 ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...16
2.2Сауат ашу жүйесінде деңгейлеп дамыта оқытудың психологиялық -
педагогикалық негіздері
2.3 ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... 25

Сауат ашу жүйесінде деңгейлеп дамыта оқыту әдістемесі
Сауат ашу жүйесінде деңгейлеп дамыта оқытуда қолданылатын әдістер мен
құралдар
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ..47
Сауат ашу жүйесінде деңгейлеп дамыта оқытуға арналған тапсырмалар мен
жаттығулар
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ..59
Сауат ашу жүйесінде деңгейлеп дамыта оқытудың тиімділігін эксперимент
жүзінде анықтау
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...74

Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .89

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...


















КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының дамыған 30
елдің қатарына қосылуы үшін еліміздің экономикалық және саяси өркендеуіне
орай оның ұлттық білім беру салаларында жаңа жүйе қалыптасуда. Осыған
байланысты жалпыға бірдей білім беретін мектептердегі білім беруді електен
қайта өткізу мен саралау негізінде бастауыш мектеп оқушыларының ойлау және
шығармашылық қабілеттерін дамытатын, заманауи білім беру жүйесіне сай жаңа
инновациялық-педагогикалық технологияларды оқыту үдерісіне енгізу күн
тәртібіне қойылды. Сондықтан, елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы Қазақстан
халқына арналған жолдауында Республикамызды мекендеп отырған халықтардың 98
пайызы қазақ тілінде сөйлейтін болады, сол кезде Қазақ мемлекеті деп
аталатын боламыз деп қазақ тілін оқытудың айрықша маңызды екендігін атап
көрсетті [1].
Республикамыздың білім беру жүйесін бастауыш мектептен бастап дамытудың
жаңа бағытты таңдауы Қазақстан – 2050 стратегиялық құжаттарында
көрсетілді. Онда бұрын қолданылған Білім заңы мен Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі мемлекеттік
бағдарламасында айтылған білім беру жүйесін оқушылардың жеке тұлғалық және
шығармашылық қабілеттерін одан әрі жетілдіретіндігі баса айтылды. Сол
себепті, жалпыға бірдей білім беретін мектептерде әсіресе, бастауыш
сыныптарда оқыту мен тәрбиелеуде оқушыларды жеке тұлға ретінде
қалыптастыратын және тұлғалық қабілеттерін жетілдіретін оқытудың заманауи
озық әдіс-тәсілдерін қолдану-бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі.
Қазіргі таңда отандық және шетелдік ғалымдардың оқытудың жаңа
технологиялары жүйесін қалыптастырған еңбектері мен зерттеулерінде
қазақстандық мектептердегі оқыту әдістемесіне пайдасын тигізетін бағыт-
бағдарлар айқындалды. Оқушыны білім беру үдерісінің объектісі емес, қайта
соған белсене қатысушы субъектісі деп, оның ойлауын жетілдіріп, тілін
дамытып, оқыту барысында қол жеткізген және игерген машық-дағдылары мен
алған білімдерін күнделікті тұрмыста қолдануға қол жеткізетін білім берудің
жаңа технологияларын жасаушылар қоғам және уақыт талабымен санасуға келер
заманның талабын айқын болжауға міндетті. Сондай жаңа технологиялардың бірі-
деңгейлеп дамыта оқыту технологиясы. Деңгейлеп дамыта оқыту теориясы
И.Г.Песталоци, А.Дистерверг, К.Ушинский, Ы.Алтынсарин еңбектерінен бастау
алса, оны оқыту үдерісінде қолданудың ғылыми негіздемесін Л.Выготский
жасады. Л.Выготскийдің идеясын әдістемелік, әдіснамалық, дидактикалық және
психологиялық тұрғыдан: Д.Эльконин, В.Давыдов, А.Леонтьев, П. Гальперин,
З.И.Калмыкова, В.Репкин, Г.Селевко, Г.А. Цукерман, В. Шадриков, И.
Якиманская, В.Занков, А.Жаппаров, Н.Талызына, Н.Кузьмина, М.Мукомбаева,
В.Краевский, И.Лернер, В.Беспалько, Е.Кабанова-Миллер, Р.Бернс, В.Виблер,
Н.Верницкая, Ю.А.Грибов, С.Архангельский, А.В.Мудрик, В.А.Сластенин,
Б.Т.Лихачев, В.В.Гузеев, В.И.Заягвязинский, Н.М.Зверев, М.В.Кларин,
В.М.Монахов, В.Ю.Питюков, П.И.Третьяков, Т.Е.Шамова, Эрдниев,
Н.А.Менчинская, В.П.Лебедева, М.Қараев, М.М.Жанпейісова, С.Рахметова,
Н.Ж.Құрманова, Қ.Молдабек, Р.И.Кенжебекова, Ж.А.Тәжиева және т.б. ғалымдар
одан әрі дамытты. Дегенмен бастауыш мектептегі сауат ашу жүйесінде
деңгейлеп дамыта оқыту мәселесі өз алдына дербес зерттеу нысаны болған
жоқ. Сауат ашу жүйесінде деңгейлеп дамыта оқыту балаға өзінің алған білім
қорын күнделікті өмірдегі тілдік т.б. қатысымда қолдана алуына қажетті
машық-дағдыларды дұрыс қалыптастырады және оқушылардың ойлау қабілетін
жетілдіріп, сөздік қорын молайтады, тілін дамытады, сөйлей білу шеберлігін
арттырады. Осы себепті зерттелініп отырған мәселе өзекті болып
табылатындығы дәлелденеді.
Зерттеу нысаны: Сауат ашу жүйесінде деңгейлеп, дамыта оқытудың
үдерісі.
Зерттеудің пәні: Сауат ашу жүйесінде деңгейлеп дамыта оқыту
әдістемесі.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сыныптарда сауат ашу жүйесінде
деңгейлеп дамыта оқытуды жетілдіру әдістемесін теориялық жағынан негіздеу
және оны меңгерудің әдістемелік жүйесін ұсыну, оның тиімділігін эксперимент
арқылы дәлелдеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- сауат ашу жүйесінде деңгейлеп дамыта оқытуға қатысты философиялық,
педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерді оқу арқылы
сауат ашу жүйесін жетілдірудің басты бағыттарын айқындау;
- сауат ашу жүйесінде деңгейлеп дамыта оқытуға арналған жаттығулардың
түрлерін анықтау;
- сауат ашу жүйесінде деңгейлеп дамыта оқытудың жаңа ұстаным негізінде
жүргізуге арналған тапсырмалар мен жаттығулар жүйесін жасау;
- сауат ашу жүйесінде деңгейлеп дамыта оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдерді
айқындау;
- сауат ашу жүйесінде деңгейлеп дамыта оқыту барысында оқушылардың мектепке
дейінгі білетін, түсінетін 3500-4000 сөзін белсенді сөздік қорға енгізу,
тілін дамыту;
- ұсынылып отырылған әдістеменің тиімділігін педагогикалық эксперимент
арқылы дәлелдеу.
Зерттеу болжамы. Егер бастауыш мектептің сауат ашу жүйесінде
деңгейлеп дамыта оқыту жүзеге асырылса, онда оқушылардың қазақ тілінің
заңдылықтарын меңгеруі, сөз құрастыруы мен ойлау қабілеттері артады, тілі
дамиды, сөздік қоры молаяды, жаттығулар мен тапсырмаларды өз бетінше
шығармашылықпен орындауға машықтанады. Орфографиялық және орфоэпиялық
сауаттары жетіледі.
Жетекші идея. Сауат ашу жүйесінде деңгейлеп дамыта оқыту арқылы қазақ
тілінің табиғи заңдылығының негізінде жетілдірудің басты қағидаларын
анықтаудың оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына игі әсер ететініне
көз жеткізу.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі. Сауат ашу жүйесінде деңгейлеп
дамыта оқытуға қатысты философиялық, педагогикалық, психологиялық,
әдістемелік әдебиеттердегі ғылыми тұжырымдар.
Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысына қатысы бар философиялық,
педагогикалық, психологиялық, әдістемелік, лингвостатистикалық бағыттағы
теориялық және әдістемелік әдебиеттерді зерделеу және сауат ашу жүйесінде
деңгейлеп дамыта оқыту үдерісін бақылау, талдау, лингвистикалық анықтау,
озат мұғалімдердің жинақтау, жүйелеу, салыстыру және қорыту әдістері
қолданылды.
Зерттеу жұмысының кезеңдері. Бірінші кезеңде (09.2012-04.2013) зерттеу
тақырыбына сай психологиялық, педагогикалық, лингвистикалық және
әдістемелік әдебиеттер жинақталды, талдау жұмыстары жүргізілді және
тақырыптың теориялық тұжырымдары айқындалды. Осылардың негізінде зерттеу
жұмысының мақсаты мен міндеттері нысаны, пәні, болжамы және жетекші идеясы
анықталды. Түркістан қаласы мектептеріндегі бастауыш сыныптардың озат
мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, оларға анкеталық сұрақтар берілді.
Бақылау, талдау, салыстыру жұмыстары жүргізілді.
Екінші кезеңде (09.2013-04.2014 жылдары) сауат ашу жүйесінде деңгейлеп
дамыта оқытуға арналған оқу-әдістемелік кешеннің өзіндік ерекшеліктері
айқындалды. Оқушылардың сауатын ашуда берілетін жұмыстарды іріктеу
ұстанымдары анықталып, сауат ашу жүйесінде деңгейлеп дамыта оқытуды
жетілдіруге арналған жаттығулар мен тапсырмалар жүйесі жасалды және
оқытудың өзіндік ұстанымдары бекітілді. Бастауыш сынып оқушыларының сауаты
мен ойлауын жетілдіруге, тілін дамытуға арналған әдістеме жасалынды.
Эксперимент және бақылау сыныптары белгіленіп, оқыту педагогикалық
эксперименті жүргізілді. Нәтижелері талдаудан өткізілді.
Үшінші кезеңде (05.2014-09.2014) жылдары сауат ашу жүйесінде деңгейлеп
дамыта оқытуды жетілдіруге ұсынылған әдістеменің жетістіктері мен
кемшіліктері талданды, түзетулер енгізілді және қорытындыланды. Алынған
нәтижелер ғылыми-теориялық және практикалық конференциялар-да,
семинарларда, кеңестерде талқыланды, нәтижелері жарыққа шықты.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.
- сауат ашу жүйесінде деңгейлеп дамыта оқыту әдістемесіне алғаш рет өз
алдына зерттеу жүргізілді;
- сауат ашу жүйесінде деңгейлеп дамыта оқытудың жаңа жүйесі жасалынды;
- сауат ашу жүйесінде деңгейлеп дамыта оқытуға арналған жаттығулар түрлері
(оқу, танымдық, ізденімдік, шығармашылық) анықталып, олардың негізгі
белгілері ажыратылды;
- сауат ашу жүйесінде деңгейлеп дамыта оқытуға арналған жаттығулар және
тапсырмалар жүйесі жасалынды;
- бастауыш мектеп оқушылардың сауатын арттыруға арналған тиімді әдістер,
оларды сабақта тиімді қолдану жолдары анықталды.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы.
Сауат ашу жүйесінде деңгейлеп дамыта оқытудың тұжырымдамалық мәселелері
сауат ашу жұмысының мақсаты мен міндеттерін, білім мазмұнын жетілдіруге,
сондай-ақ сауат ашу жүйесінде деңгейлеп дамыта оқытуға арналған жаттығулар
мен тапсырмаларды оқулықтарға енгізуге негіз болады. Сауат ашуда деңгейлеп
дамыта оқыту ұстанымдарын пайдалану арқылы алынған ғылыми қағидалар мен
тұжырымдар бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесін теориялық
тұрғыдан толықтырады.
Зерттеу жұмысында ұсынылған әдістеме бастауыш мектеп оқушыларының
білімдерінің тереңдеуіне, орфографикалық және орфоэпия-лық дағдыларының
қалыптасуына, логикалық ойлау қабілеттері мен тілінің дамуына, сөздік
қорларының баюына, шығармашылық қабілеттерінің артуына игі ықпал етеді.
Зерттеу жүмысы бастауыш мектеп мұғалімдеріне және қазақ тілін оқыту
әдістемесін зерттеушілер мен студенттерге көмекші әдістемелік құрал бола
алады. Сауат ашу жүйесінде деңгейлеп дамыта оқыту бірінші сыныптан бастап
жүзеге асырылады, сондықтан жұмысты Бастауыш оқыту педагогикасы мен
әдістемесі мамандығында арнайы курс ретінде пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
- сауат ашу жүйесінде деңгейлеп дамыта оқытудың тиімділігі;
- сауат ашу жүйесінде деңгейлеп дамыта оқыту оқушыларды тез сауаттандырып,
неғұрлым көп сөз және сөйлем құрастыруға жаттықтыратындығы тілін дамытып,
сөздік қорын молайтып, дүниетанымын кеңейтетіндігі;
- сауат ашу жүйесінде деңгейлеп дамыта оқыту арқылы балалардың білім
сапасын көтеру мен логикалық ойлауын арттыру үшін ұсынылған тапсырмалар
жүйесінің тиімділігі;
- ұсынылған жаттығулар жүйесі оқушылардың орфографикалық, орфоэпиялық
дағдыларын қалыптастыруға игі әсер ететіндігі.
Педагогикалық эксперимент тірек ретінде Оңтүстік Қазақстан облысы,
Түркістан қаласындағы М.Әбенова атындағы, №1 А.Байтұрсынов атындағы, №17
Ататүрк атындағы, №19 Ғ.Мұратбаев атындағы және №23 орта мектептер алынды.
Зерттеу жұмысының талқылануы және жариялануы.
Зерттеу жұмысы А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ–түрік университетінің
Бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі кафедрасының мәжілістерінде,
әдістемелік семинарларда талқыланды. Зерттеу жұмыстарының нәтижелері А.
Ясауи атындағы ХҚТУ-да өткен Қазақстан-2030 Мемлекеттік болашақта тұрақты
даму парадигмасы атты, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық
институтында өткен Байтанаев оқулары-1 халықаралық, республикалық ғылыми-
практикалық және ғылыми-теориялық конференцияларда төрт мақала,
республикалық әдістемелік журналдарда − мақала жарық көрді. Зерттеу
тақырыбы бойынша барлығы 4 еңбек жарияланды.
Зерттеу жұмысының құрылымы.
Диссертациялық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытынды және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. САУАТ АШУ ЖҮЙЕСІНДЕ ДЕҢГЕЙЛЕП ДАМЫТА ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1. Сауат ашу жүйесінде деңгейлеп дамыта оқытудың қалыптасуы және дамуы
Мектеп табалдырығынан аттаған күннен балалардың қолына алып танысатын
оқулығы - Әліппе. Осы оқулық арқылы балалар білім әлеміне алғашқы қадамын
жасайды. Сол кітап арқылы олар оқуға, жазуға үйреніп, ойлау қабілеттері
дамиды. Бастауыш мектепте қалыптасатын оқу-жазу дағдылары жоғары сыныптарда
одан әрі дамытылады. Сол арқылы олар жоғары сыныптарда ғылым негіздерін тез
әрі саналы түрде игеретін болады. Демек, бастауыш мектепте сауат ашу
жұмысын дұрыс қалыптастырып, оны озық педагогикалық технология негізінде
жетілдірудің маңызы жоғары. Олай болса, сауат ашу жүйесін жетілдіру
мәселесін жан-жақты зерттеу үшін бірінші кезекте аталған мәселеге
байланысты бұрын-соңды баспадан шыққан әдістемелік еңбектерге,
нұсқаулықтарға және кезінде мектептерде оқытылған Әліппе оқулықтарына
шолу жасау қажет. Осы орайда атап өтетін басты нәрсе – ХІХ ғасырдың екінші
жартысынан күні бүгінге дейін жарық көрген әдістемелік еңбектерде,
зерттеулерде әдіскер-ғалымдардың сауат ашу жүйесінде деңгейлеп дамыта оқыту
жөнінде тікелей сөз етпегендігі. Бұл ғалым-әдіскерлердің қазақ тілін оқыту
әдістемесін, оның ішінде сауат ашу жүйесін жетілдірмеді деген сөз емес.
Олар сол кездегі заман талабына сай сауат ашудың түрлі әдіс-тәсілдерін
қарастырды, соған лайық әдістемелік жүйелер жасады, көптеген әдістемелік
еңбектер мен нұсқаулықтар жазды.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі сауат ашу жүйесінің тарихы қалыптасуына
Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, Е.Омарұлы, С.Кеңесбаев, Ә.Садуақасов,
Ғ.Бегалиев, М.Жұбанова, С.Рахметова, Ш.Әуелбаев, Қ.Саурабаева [2],
Д.Ысқақұлы [3], Ғ.Мүсірепов [4], А.Байділдин [5], Ө.Тұрманжанов [6],
Ш.Х.Сарыбаев [7], Т.Имашұлы [8], Ә.Ермеков [9], Қ.Бақұлы [10], Б.Майлин
[11], А.Әлібаев [12], Н.Молдабековалардың [13] еңбектері септіктерін
тигізді. Бұл еңбектердің қазақ тілін оқыту әдістемесінде алатын орны да
ерекше.
Қазақша сауат ашуға арналған оқулықтарды жазу мен жасау қазақтың
тұңғыш ұлы педагогі Ы.Алтынсариннен басталды. Ол: Мектеп-қазақтарға білім
берудің басты құралы. Біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі
осында, тек осы мектептерде ғана, - деп қазақ халқының өркендеуі мен дамуы
сауат ашу арқылы білімге қол жеткізумен тікелей байланысты екенін атап
айтты. Ол қазақ балаларына Қырғыз хрестоматиясы, Қазақтарға орыс тілін
үйретудің бастауыш құралы және Мактубатты жазды және бұл еңбектерінде
балалардың сауатын ашуда сол кездегі дидактиканың соңғы жетістіктерін
орынды қолданды [14]. Ы.Алтынсарин еңбектерінде дамыта оқыту мәселесі
тікелей айтылмаған. Дегенмен, дамыта оқытудың алғашқы қадамы сол кезден
басталған. Себебі, ұлы ұстаз жеңілден ауырға, оңайдан қиынға ұстанымын
қолданған.
Сауат ашу жүйесінде деңгейлеп дамыта оқытудың элементтері
Ә.Садуақасовтың [15], Ғ.Бегалиевтің [16], М.Жұбанованың [19] еңбектерін-де
кездеседі. Атап айтқанда, Ә.Садуақасовтың Сауат ашу методикасы атты
еңбегі. Ғалым бұл еңбегінде бастауыш мектепте сауат ашу жұмыстарын
жүргізудің амалдарын бөлек-бөлек қарастырды, дыбыстарды оңай-қиындығына
қарай бөліп оқытуды ұсынды. Сауат ашу сабақтарының құрылымын толыққанды
етіп көрсетіп берді. Еңбек төрт бөлімнен тұрады; бірінші тарауда: сауат ашу
әдістемесінің негізгі талаптары мен ұстанымдары; екінші тарауда: сауат ашу
әдістемесінің тарихынан мағлұмат; үшінші тарауда: талдау – жинақтау әдісіне
негізделген сауат ашу жолдары, төртінші тарауда: талдау-жинақтау әдісіне
негізделген сауат ашу жұмысының сатылары мен сабақтары берілген [15].
Ол сауат ашу жұмыстарына қойылатын талаптарды топтастырып, мынадай
ұстанымдар ұсынды:
- Оқуды әдетте сөйлеуден бір мағыналы өздерді талдаудан басталу керек.
Сөзді оқуды жазудан бастасақ, оқушылар алма деген сөзді аылмыа деп
оқиды. Бұлай болмас үшін алдымен сөзді ауызша айтып жаттатқызу керек,
онан соң, ол алма деген сөзді буынға, буынды дыбысқа айыру керек, мұнан
кейін сол сөзді жаздырту немесе кеспе әріптер арқылы құрату керек. Сол
уақытта ғана оқушылар дұрыс оқитын болады.
- Оқу процесінде оқушылар әріпті бөлектеп оқымай, тұтас сөз қалпында оқуға
үйренсін.
- Сөздерді дыбыс құрылысына қарай алу керек. Дыбыстар мен әріптер естілу,
сөз құраудағы оңай-қиындығына қарай оқытылуы керек.
- Дыбыстарды сөйлеу мүшелерінің дауыс шығару түрін білдіру негізімен оқыту
жағына көңіл бөлінуі керек. Бұл жұмыс дыбыстарды анық және оны әріпке
байланыстыруға бейімдейді.
Ә.Садуақасов деңгейлеп дамыта оқытудың бастамасы – жинақтау әдісінің
тиімділігін, оның қазақ тілінің фонологиясына сай екенін дәлелдеді, ғылыми
қорытындылар жасады. Ғалым талдау-жинақтау әдісін қолдануда бірте-бірте
дамып отыратын сауат ашу жұмыстарын үш сатыға бөліп көрсетті. Оларды қалай
және қандай жұмыстар арқылы жүргізген тиімді екенін айтты.
- Әліппедегі сурет бойынша, не суретсіз әңгіме ретімен сөйленген
әңгімені сөйлемге, сөйлемді сөзге бөліп, жеке сөзді буынға, дыбысты
айттырып үйрету керек.
- Үйренген жеке дыбысының баспа (үлкені мен кішісін) таңбасы - әріпті
түсіндіру арқылы балаларға кеспе әліппеден, көрнекі құралдан, Әліппе
кітабынан көрсету арқылы оқытылады.
- Үйренген жеке дыбысының жазба кіші таңбасы-әріпті түсіну арқылы
мұғалім балаларға тақтаға жазып көрсетеді.
- Жеке, өз бетінше құрап және білген баспа әрпі, буындары және
сөздерінің ізімен Әліппе кітабын оқыту керек.
- Онан соң Әліппе кітабынан осы оқығандарыңды үйде пысықтап, 2-3 рет
оқып келіңдер деп үйге тапсырма беру керек [15, 21].
Ә.Садуақасовтың ұсынған әдістері мен тұжырымдарын қорыта келе
Н.Молдабекова былай деді:
- Сауат ашу жүйесінде дыбыстарды өтілу ретін белгілегенде оларды
оқушылардың меңгеруіне оңай не қиындығын ескеру.
- Оқушыларға әріптерді меңгерту барысында оларды суреттермен көрсету,
суреттерден тапқызу.
- Оқуды әдетте сөйлеуден, бір мағыналы сөздерді талдаудан бастау.
- Сөздерді дыбыс құрылысына қарай алу керек, дыбыстар мен әріптер
естілу, сөз құраудағы оңай-қиындығына қарай оқыту [13, 21].
Ғалымның (Ә.Саудақасовтың) жоғарыда айтылған тұжырымдары мен пікірлері
қазіргі кезде қазақ тілін оқыту жүйесінде, әдістемесінде, оның ішінде сауат
ашу, деңгейлеп дамыта оқытуда ұтымды қолданылып жүр.
Сауат ашу жүйесінде деңгейдеп дамыта оқытудың алғашқы іргетасын
қаласқандардың бірі - Ғ.Бегалиев. Ол сауат ашу жұмыстарында бірінші кезеңде
а, р, л, о, н, с, ш, қ, ғ, з; екінші кезеңде ә, к, ә, ә, у, і, п, ы, и,
д, б, г, ұ, ү, ң; үшінші кезеңде: орыс тілі арқылы енген дыбыстар мен
қазақ тілінде сирек кездесетін дыбыстарды меңгертуді ұсынды [17].
Ғ. Бегалиев сауат ашу жүйесінде буындарды оқытуда әуелі ашық буын,
екінші тұйық буын, үшінші бітеу буын, төртінші ашық буын+бітеу буын,
бесінші бітеу буын+ашық буын, алтыншы тұйық буын+бітеу буын жүйесін
пайдаланған дұрыс деді. Ол ашық буынды бірінші кезекте, екі дыбыстан
құралған тұйық буындарды екінші кезекте қолданудың жолдарын көрсетті. Мұнда
ол тізімдегі дауысты дыбыстардың ашық, қысаң, жуан, жіңішке болып
бөлінетінін ескеріп, алдымен ашық, жуан дауыстыларды, дауыссыз-дардан созып
айтуға келетін үнді және ызың дыбыстарды меңгерту қажеттілігін дұрыс
көрсеткен. Себебі, дауысты дыбыстар мен үнді дауыссыздар артикуляциялық
және дыбыстардың айтылу жағынан бір-біріне жақын дыбыстар, сондықтан оларды
айту және меңгеру оқушыларға онша қиындық туғызбайды
Ғ.Бегалиевтің Әліппе оқулығында екінші кезеңдегі дыбыстардың
орналасуын оқытуда арнайы ұстаным жоқ. Себебі, дауыстылардың жуаны
жіңішкелерінен кейін орналастырылған. Мысалы: Ы және І дыбысынан
кейін, дауыссыздардың шұғылы мен ызыңы араласып ашық естілетін үнді Ң
дыбысы ең соңында, жіңішке Г дыбысы жуан Ы, Ғ дыбыстарымен бірігіп
берілген. Дегенмен, әдіскер ғалымның мына пікірі аса құнды: Дыбыстарды
түсіндіру үшін алынатын сөзде, әсіресе, алғаш кезінде айтылуы жазылуынан
өзгеше дыбыс болмауын негізгі шарттардың бірі етіп қоямыз. Алғашқы кезеңде
сөздің буындарын, дыбыстарын айтқанда немесе оларды жинақтап барып, сөз
құратқанда, дыбыстарды, буындарды, жеке сөзді анық етіп айтып беруді талап
етеміз. Егер алғашқы кезеңде оқытылатын сөз ішінде айтылуы өзгеше дыбыс
болса, оқушылар оны жазудағыша оқи ма, әлде орфоэпия заңына келтіріп оқуға
тиіс пе? Сөз жоқ, соңғыны талап ету әрі орынсыз, әрі қайшылықтар тудырар
еді. Алғашқы кезеңде оқытылатын сөздердің ішінде дыбыс болмасын дегенде,
осы жағдайлар ескерілді [16].
Ғ.Бегалиевтің сауат ашу жүйесін дамыта оқыту мәселесіне қатысты
ұсынған мынадай пікірлері бар:
- сауат ашу жүйесінің алғашқы кезеңінде дауысты дыбыстардан кейін үнді
дауыссыздарды беру;
- қазақ дыбыстарын меңгертуде қолданылатын буын жүйесін бір ізге
түсіру;
- оқушыларға дыбыстарды үйрету барысында басты көңіл бөлетін мәселе -
оқушылардың сөздік қорын байыту. Оқушылардың сөздік қоры әрбір дыбысты
меңгерту барысында жетілдіріліп отырылуы;
- дыбыстарды үйрету оқушының көру, есту, сезіну, ойлау қабілеттерімен
қатар жүргізілу;
- дыбыстармен таныстырудың алғашқы кезеңінде оқытылатын сөздердің
ішінде айтылуы жазылуынан өзгеше дыбыс болмауы [17].
1964-1968 жылдары Ғ.Бегалиевтің редакторлығымен жарыққа шыққан
Әліппе қолданыста болды. Бұл оқулықтың мынадай ұтымды жақтары бар:
- Оқушылардың дүниетанымын дамыту мақсат етілген.
- Баланың ойын, сөйлеу дағдысын дамыту мен жетілдіруге арналған тапсырмалар
дұрыс берілген.
- Сауат ашу жұмысын дамыта түсуге оқушының сөздік қоры мен дұрыс сөйлеу
дағдысын қалыптастыруға көмек ететін суреттер көптеп берілген.
- Мәтіндер баланың жазу дағдысы мен тілін дамытуға сай алынған.
Кемшіліктері:
- Суреттер мен мәтіндер оқу мақсатына қарай емес, көбіне саяси негізде
берілген.
- Мағынасыз құралған сөздер жиі кездеседі.
- Мәтіндер мен жаттығулар аз.
Сауат ашу мәселесін алғаш рет ғылыми тұрғыдан зерттеген және
жүйелеген ғалым - М. Жұбанова. Ол Бастауыш мектепте сауат ашу методикасы
атты 1965 жылы қорғаған диссертациясында қазақ мектептеріндегі сауат ашу
кезеңдерін саралап, қазақ дыбыстарының өтілу ретін ана тіліміздің ғылыми
жетістіктеріне негіздеді. М.Жұбанова сауат ашу жұмысының назардан тыс
қалуына, мұндай аса құнды әрі қажетті мәселеге көңіл аударылмауы жайлы
қынжыла былай деді: Әлі күнге дейін қазақ мектептері үшін Әліппе
оқулығын жасауға көмек көрсетіп, басшы нұсқау боларлықтай тұжырым,
методикалық пікір айтылмай келген. Әліппе материалдарының ауыр-жеңілдігі,
жүйесі, сондай-ақ, сауат ашудың методикалық пікірі айтылмай келген.
Методикалық әдебиетіміз бен әліппелерімізде тіліміздің ерекшеліктеріне сай
келу-келмеу жақтары тексерілмей, орыс мектебіндегі сауат ашу жүйесі мен
әдістері сол күйі қабылданған, бұл айтылғандардың барлығы оқушылардың жалпы
білімі мен оқу-жазу дағдыларының төмен болуына соқтырған [16], - деп сол
кезеңдегі сауат ашу жүйесінде орын алған мынадай кемшіліктерді атап
көрсетті:
Қазақ мектептеріндегі сауат ашу ісі жалпы алғанда қанағаттандырар-
лықтай болғанмен, оның әлі де бірқатар кемшіліктері бар:
- оқушылардың оқу-жазу дағдылары төмен;
- соның салдарынан оқушылар бірінші класс былай тұрсын, екінші, үшінші
классқа дейін ежелеп, әріп теріп оқиды.
- Әліппеде берілетін материалдардың ішінен оқушылардың көбірек
қиналатындары да, өте нашар меңгеретіндері де бітеу буынды сөздер, көп
буынды сөздер, буындары біркелкі емес я ашық, я жабық келетін сөздер және
орыс тілі арқылы тілімізге кейінірек енген қиын буынды сөздер;
- оқушыларлың жазу дағдысына әріп қалдыру, әріп алмастыру, сөздің буын
жігін білмей тасымалдауды дұрыс жасамау сияқты кемшіліктер көп кездеседі
[16], [18].
Олай болса мектепке алғаш келген оқушылардың сауатын ашу жұмысын:
бірінші, ашық және тұйық буындармен және бір буынды сөздермен; екінші,
бітеу буындармен екі немесе үш буынды сөздермен жүйелі түрде жүргізу және
оқыту керек. М.Жұбанова өзінің оқулығында оқу үдерісінде психологиялық
жағдайын ескере отырып, әріп, сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс, дауысты
және дауыссыз дыбыс деген грамматтикалық мәліметті бұрынғы жүйе бойынша
дайындық кезеңде ауызша жүргізбей, оны жаңа дыбысты өтумен байланыстыра
жүргізуді талап етті. Сауат ашу жүйесінде алдымен тұйық буыннан бастап,
одан кейін бітеу буынды, үшінші кезекте үш дыбысты ашық буынды таныстырды.
Бұлайша жүйелеу: біріншіден, дыбыстардың сөз ішіндегі анық естілетін орны,
екінші жағынан оқу үдерісінде сауат ашуды бірте-бірте дамытуға қол
жеткізеді. Оны М.Жұбанова былайша дәлелдеді: Себебі әріп саны аз буын, әр
дауыссыз дыбысы соңында келген буын алғашқы кезеңде оңай оқылады. Әріп саны
көп буыннан құралған сөздер тұтас күйінде көру шеңберіне (полезрения)
сыймағандықтан, әріпті оқушылар кері оқуға көшеді. Сонымен қатар, советтік
дидактикалық талапқа сай, жаңа сөздердегі әріп санын біртіндеп дамытуды
көздедік. Мысалы, екі дыбысты тұйық буыннан, үш дыбысты бітеу буынға, үш
дыбысты ашық буынға көшу, содан кейін ғана төрт дыбысты екі ашық буыннан
құралған сөздерді оқыту. Төрт дыбысты бір тұйық, бір ашық буыннан барып,
бір тұйық, бір бітеу буынды сөзге, екі бітеу буынды сөзге, ең соңында қиын
буынды сөзге көшуді көздедік. Сонымен қатар, ашық буынды меңгерту сауат
ашудың тетігі, ең қиын проблемасы екенін ескеріп, бірөңкей ашық буынды
сөзге бүкіл екінші кезеңді түгел арнадық. Тіліміз жалғамалы болғандықтан,
буын саны тым көп сөздер де кездесетін болғандықтан, көп буынды сөздерді
оқытып, үйретудің әдістерін ұсындық. Ондай әдістер - ашық буынды сөздерді
буын ұқсастығына қарай, буын ырғағына қарай теріп оқыту жолы [16].
М. Жұбанованың Әліппе оқулығында оқушы ең әуелі сөзбен кездеседі.
Одан тақырыпқа сай керекті дыбысты табады және керісінше, сол сөзді дыбыс
пен әріптен жинақтайды. Ол кезде буын туралы ештеңе айтылмайды. Біртіндеп
буынға бөлінетін сөздерді меңгертуге көшкенде іс жүзінде буын терминімен
танысады. Осылайша басқа да грамматикалық мәндер практикалық жолмен
меңгертіледі. Демек, деңгейлеп дамыта оқыту жүзеге асады. Мысалы: дауысты
дыбыста бір дыбыс ашық естілсе, екінші дыбыс қысаңдау естіледі, біреуі жуан
естілсе, екіншісі жіңішке естіледі. Сол сияқты дауыссыздардың біреуі созып
айтуға келсе, екіншісі келмейді. Қайта, бірден кілт үзіліп айтылады және
естіледі деген сияқты ұғымдар дыбыстардың артикуляциясын түсіндіруде
берілген бас әріптердің жазылатын жерлерін практика жүзінде меңгерткен.
Кісі, қала аттары мен сөйлемнің соныңда нүкте қойылатынын үйреткен. Бұлар
сол кездегі қазақ тілін оқыту жүйесінің сауат ашу жүйесіндегі ілгері
басушылық, яғни деңгейдеп дамыта оқытудың алғашқы шарттары және әдістеме
ғылымындағы тиімді жаңалықтар болатын. Сондықтан М.Жұбанованың сауат ашу
жүйесінде деңгейлеп дамыта оқыту мәселесіне қатысты мынадай тұжырымдарын
атап айту керек:
- дыбыстарымыздың парланып келетіні ескеріліп, оларды салыстыру арқылы
таныту;
- буындарды таныту жұмыстарында алған тұйық буыннан бастау;
- оқушылар алғаш талдау жұмыстарын жүргізеді; (Ғалымның соңғы пікірі
деңгейлеп дамыта оқыту әдіс-тәсілдерімен үндесіп жатыр. Дамыта оқытуда
оқушылар талдау операцияларын бірінші, жинақтау операцияларынан кейін
орындайды).
- сауат ашу үдерісінде мұғалім балаға білімді өз тәжірибесімен жинақтауға
жағдай жасауы;
- сауат ашу сабақтарында бір әдісті ғана қолданбай, тиімді, қажет әдісті
іріктеу [16].
Бұл тұжырымдар мен қағидалар әдістеме ғылымында құнды әрі маңызды.
Қазақсан Республикасы Білім Министрлігінің 1992 жылы жариялаған
байқауында М.Жұбанованың Әліппесі жеңіске жетті. Ол 1997 жылға дейін
қолданылды. Автор оқулығын ғылымның жетістіктеріне сай жасады. Қазақ тілі,
педагогика және психология ғылымдарының қол жеткізген жетістіктерін негізге
алып, бұрынғы Әліппелердің және ТМД елдері мен Республикамыздың озат
мұғалімдерінің тәжірибелерін ескеріп жазды. Атап айтқанда, оқулыққа
мынадай жаңалықтар енді:
1. Оқушылардың сөздік қорын жүйелі дамытуға ерекше көңіл бөлген.
2. Баланың ойы мен тілін дамытуға үлкен мән берген.
3. Дыбыстық талдау әдісіне арналған тақырыптық-сюжеттік суреттер мол.
4. Әліппеге дейінгі кезеңде оқушылардың сөйлеу дағдыларына, байланыстыра
сөйлеуге көңіл бөлінген.
5. Оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге арналған ертегілер қамтылған.
6. Әрбір суреттің астына оқушыларға арналған сөйлемнің саны сызықпен
белгіленген [13,27].
Еліміздің өз алдына егемен ел болуына орай оқытудың жаңа талаптары
пайда болды. Осы себепті 1997 жылы жаңа Әліппе оқулығы жарық көрді және
ол бірнеше рет қайта басылды. Оқулықтың кемшіліктеріне тоқталмай-ақ
ұтымды, пайдалы жақтарын атағанда: біріншіден, түрлі түсті суреттермен
безендірілген оқулық балаларды қызықтырады және суреттер жалаң саяси
мақсатқа арналмаған; екіншіден, балаларды мектеп табалдырығынан аттаған
күннен бастап халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына, дүниетанымына
баулитын, отаншылдық пен адамгершілікке тәрбиелейтін мәтіндер көп;
үшіншіден, оқулықтағы берілген тапсырмалардың білімдік мақсаты мен мазмұны
бұрынғы оқулықтарға қарағанда біршама дұрыс; төртіншіден дауыссыз-дауысты
дыбыстар екі түрлі бояумен ерекшеленіп, бірден көзге түсетін етіп
көрсетілген; бесіншіден, оқушылар сауат ашу барысында дұрыс сөйлеу, дыбыс,
буын, сөз және сөйлем, ұғымдарын тәжірибе жүзінде меңгерте алады.
Соңғы жылдары бастауыш мектеп әдістемесі С. Рахметқызы [17], Т.
Әбдікәрім [18], Г.Уәйісова [19], Ә.Е.Жұмабаева [20], М.Ермекбаев [21],
Қ.Молдабековалар [22], Н.Молдабековалардың [13], ғылыми зерттеу
еңбектерімен толықты. Бұл еңбектердің зерттеу тақырыбына сай жанама және
біршама тікелей қатыстары бар. Ол еңбектердің ішінде әсіресе Қ.Молдабек,
Н.Молдабекованың бастауыш мектепте деңгейлеп дамыта оқыту мен сауат ашу
жүйесіне байланысты құнды пікірлері бар және олар зерттеу жұмысында
пайдаланылды.
Дамыта оқыту технологиясының болмысы қандай? Себебі дамыта оқыту
дегеніміз - күнделікті өмірдегі және қоғамдағы д, а, м, у, ы, ң,
заңдылықтары арқылы жүзеге асатын үдеріс. Даму-мәңгі. Қажетті қозғалыс,
уақыттағы өзгеріс. Кеңістіктегі орын ауыстырудың даму болатын себебі, онда
уақыттағы өзгерістің түсірілген түрде сақталатындығында ... қозғалыс
әрқашан бір нәрсені екіншісіне қарай қозғалуы, яғни басталуы мен аяқталуы
бар әр түрлі заттардың, процестердің және басқалардың қозғалысы ретінде
өмір сүреді ... органикалық емес жүйенің, жануарлар дүниесінің, қоғамның
дамуына диалектиканың жалпы заңдарына бағынады. Даму спираль тәрізді,
қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресінде, санның сапаға ауысуы түрінде
және керісінше өрбиді [24], [25].
Себебі дамыта оқыту технологиясында теориялық білімді басты орынға
қояды. Өйткені, теориялық білім оқушының біліктілігін қалыптастыра отырып,
оқыту барысында мазмұндық топтастыру жасай алу қабілетін дамытады. Басқаша
айтқанда, оқу үдерісі дәстүрлі оқытудағы эмпирикалық-индуктивтік типтен
қызығушылығын дамытатын теориялық-дедуктивтік типке қарай ауысады. Бұл үшін
дамыта оқытуға сәйкестендірілген арнайы білім мазмұны жасалып, оның білім
мазмұнын оқытуды дәстүрліден бөлекше арнайы әдістер арқылы жүргізілуі
керек. Сонда оқушылардың теориялық ойлауы дамиды. Осыған арқа сүйеген
оқыту үдерісі оқушыларға тек жалаң білім мазмұнын беріп қана қоймайды,
қайда оқушылардың мазмұндық топтастырулар жасау қабілетін дамытатын әдістер
іріктелініп түседі.
В.В.Давыдов оқушыға тақырыпқа қарай жаңа ғылыми ұғымды меңгерту дамыта
оқыту технологиясында былайша бөлген:
1. Мұғалім жаңа лингвистикалық жағдайлар жасап, соны таныстырады,
соған бағытталған міндеттерді шешу керектігін белгілейді.
2. Берілген лингвистикалық материалдарға түрліше өзгерту, өңдеу
жасалады, соның негізінде оқушы осы лингвистикалық материалдың
бойындағы маңызды, негізгі белгілерді анықтайды.
3. Танылған жаңа байланыстар мен қатынастарды ерекше таңбалармен
модельдейді.
4. Алдыңғы кезекте алға қойылған міндетті шешуге қажетті болып
тұрған негізгі байланыстар мен қатынастарға жалпы сипаттама
беріп, олардың қандай заңдылықтарға бағынатынын анықтайды [24].

А.Ж. Құрманова В.В. Давыдовтың осы пікіріне сүйене отырып, дамыта
оқыту технологиясының баланың ақыл-ойын дамытатындығын дәлелдеп, дамыта
оқытудың мынадай белгілерін атады:
- жалпы педагогикалық қолданысқа негізделген оқыту жүйесі;
- сциентистік яғни мәдениет жүйесіндегі, қоғамның өміріндегі ғылымның
рөлін абсолюттендіруге негізделген оқыту жүйесі;
- антропоцентристік, яғни адам-субъект, ал бүкіл әлем адам үшін
обьект деген дүниетанымдық концепцияға негізделген оқыту жүйесі;
- психогендік, яғни адам - өзін-өзі басқарушы жүйе, даму процесі
өзіндік реттеу мен өзіндік басқаруға мұқтаж деген концепцияға негізделген
оқыту жүйесі;
-дамытушы, яғни адамның организмінде, психикасында, интеллектінде
және рухани дүниесінде ішкі және сыртқы факторларға, басқаруға келетін және
басқаруға келмейтін факторларға байланысты болатын сандық және сапалық
өзгерту процесі деген концепцияға негізделген оқыту жүйесі;
- операциялық ой-машықтары-ақыл ой тәсілдері, яғни теориялық ұғымның
мағынасын осы ұғымды қалыптастыру, қолдану және тексеру кезінде
пайдаланатын операцияларды сипаттау арқылы ғана анықтауға болады деген
операционалдық талдау жасауға негізделген оқыту жүйесі;
- оқытушы, светская, жалпы білім беруші, ізгіліктендіруші оқыту
жүйесі;
- класстық-сабақтық, топтық, дифференциалдық оқыту формасына
негізделген технология;
- оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығына негізделген педагогикалық
жүйе;
- дамытушы, яғни диалектиканың, логиканың, таным теориясының әдістерін
қолдануға негізделген оқыту жүйесі;
- альтирнативтік оқыту жүйесі [24, 7-8].
Бастауыш мектепте сауат ашу жүйесінде деңгейлеп дамыта оқыту
технологиясындағы мақсат:
а) оқушының теориялық білімі мен ақыл-ойын, теориялық ойлауы мен дұрыс
сөйлеуін дамыту;
ә) оқыту барысында сауат ашумен қатар балаға ақыл-ой әрекеттерін
үйрету;
б) сауат ашу жұмысын оқушының ғылыми таным логикасын, мектепке дейін
білген түйгендерін толықтыра отырып жүргізу.
Осы мақсаттың орындалуы сауат ашу жүйесінде деңгейлеп дамыта оқыту
технолгогиясының мынадай болжамдарының жүзеге асуына тікелей байланысты:
- бастауыш сынып оқушыларына сауат ашу жүйесін ғылыми түрде негізделген
өзара сабақтастықпен оқытса, оқушылардың білім алу барысында дәстүрлі
мектепте жүзеге асырылмаған танымдық мүмкіншіліктерін оятуға болады;
- оқыту үдерісіне баланың ақыл-ойын деңгейлеп дамытудағы танылмай,
қолданылмай жатқан мүмкіншіліктерін оқыту барысында бірте-бірте жүзеге
асыру арқылы оқушыны дамытуға болады.
Сауат ашу жүйесінде деңгейлеп дамыта оқыту технологиясының мазмұндық
ерекшеліктері мынадай:
- сауат ашу жүйесінде балаға теориялық білім беруде деңгейлеп дамыта оқыту
технологиясын мақсатты түрде ұйымдастыруда мынадай ұстанымға иек арту
керек:
- оқушының дыбысты, сөзді генетикалық, теориялық қасиеттері мен
заңдылықтары жағынан меңгеруіне мүмкіндік беретін әдістерді лингвистика
ғылымының жетістіктеріне сүйене отырып модельдеу;
- сауат ашу жүйесінде деңгейлеп дамыта оқыту арқылы дәстүрлі оқыту
жүйесіндегі эмпирикалық деңгейден ғылыми ұғымдар жасауға баулитын сананың
жоғары деңгейіне-теориялық деңгейге көтеру.
Сонымен, сауат ашу жүйесінде деңгейлеп дамыта оқытуда әріп пен дыбыс
және сөздің, сөйлемнің лингвистикалық негізін бала түсінігіне лайықтап
берумен дамытушылық жүзеге асырылады.

1.2 Сауат ашу жүйесін деңгейлеп дамыта оқытудың лингвистикалық негіздері

Ықылым заманнан оқыту үдерісінде сауат ашу жұмысы адам баласы өмірінің
аса маңызды кезеңі болып есептеледі. Себебі, сауат ашу кезінде қалыптасқан
білім мен білік дағдылар негізінде тілді және басқа пәндерді меңгерту
жүзеге асады және қол жеткізілетін жетістіктер мен жіберілетін кемшіліктер
де сауат ашуға тікелей байланысты.
Сауат ашудың Әліппе сабақтарында басталатыны белігілі. Балалар бұл
сабақта алдымен сөздің дыбысын, таңбалануын, олардан буын құрауға, буыннан
сөз, сөздерді өзара тіркестіруге, барлығынан сөйлем құрастыруға болатынын
үйренеді. Нәтижесінде деңгейлеп дамыта оқыту жүзеге асады да балада өз ойын
дұрыс жеткізу дағдысы қалыптасады.
Сауат ашу жүйесінің Әліппе кезеңінен бастап оқушыларға дыбыстарды
дұрыс айту мен оларды дұрыс жазу деңгейлеп дамытыла отырып, дұрыс
үйретіледі. Бұған қоса алғашқы сабақтан бастап балаларға қазақ тілі
дыбыстарының орфографиялық және орфоэпиялық негіздері меңгертіле бастайды.
Сауат ашу жүйесінде деңгейлеп дамыта оқытуда тілдің орфоэпиясы мен
орфографиясына байланысты түрлі мәселелерді меңгеру бірінші кезекте тілдің
дыбыстық жүйесі мен жеке дыбыстардың жасалу, айтылу табиғатын, фонетикалық
заңдарын жете білуден басталуы керек. Себебі, сауат ашу жүйесінің деңгейлеп
дамыта оқыту әдістемесі тілдің жазбаша және ауызша түрінің арасындағы
айырмашылықтарды қатар ескеріп, бірге жүргізілгенде ғана нәтижелі болады.
Сауат ашу жүйесінде деңгейлеп дамыта оқытудың лингвистикалық негіздері
бастауыш мектептегі мына мәселелерді ескергенде ғана анықталады. Ол үшін:
- тілдің орфоэпиялық қағидаларына сүйене отырып, сауат ашудың әліппе
сабақтарын деңгейлеп дамыта оқытуда дыбыстардың табиғаты мен фонетикалық
заңдылықтарын ұғындыру;
- тіліміздегі сөздердің дыбысталуы мен жазылуындағы ұқсастықтар мен
айырмашылықтарды ескеру;
- сауат ашудың деңгейлеп дамыта өтілетін әліппе сабақтарында дыбыс пен
әріп, сөз бен сөйлемнің анықтамасы арнайы ұғындырылмайды, дегенмен
аталған тілдік бірліктер туралы ұғым бірте-бірте өзара байланыстырыла
беріліп, қалыптастырылуы қажет. Себебі, бастауыш мектепте сауат ашудың
әліппе жүйесін деңгейлеп дамыта оқыту тіліміздегі дыбыстарды дұрыс
айтқызу мен жаздырудан, олар туралы түсінік беру мен қалыптастырудан
басталады. Тілші ғалымдар дыбысты тілдік бірлік, сөз бен морфемаларды
құрайтын материал, сөздің қабыршағы деп түсінеді. Оған қоса
А.Байтұрсынұлының Дыбыс-естілетін, көзге көрінбейтін нәрсе, - деген
анықтамасы тағы бар [25]. Өйткені дыбыс кез-келген дененің белгілі бір
ортада теңселуінен, қозғалуынан пайда болады, дыбыстау және есту мүшелері
арқылы қабылданады. Сол себепті, дыбыстау мүшелері арқылы айтылып,
құлаққа естілетін физикалық құбылысты дыбыс дейміз.
Дыбыс ауа кеңістігі арқылы өтеді және онсыз жасалмайды. Әрбір
дыбыстың акустикалық және артикуляциялық жағы бар, соған қарай ажырытылады.
Дыбыстың күші, ырғағы мен созылыңқылығы, әуені оның акустикалық қырларына,
олардың жасалуына, сөйлеу мүшелерінің орны мен қызметі артикуляциялық
ерекшеліктеріне жатқызылады.
Дыбыстың ырғағы белгілі бір уақыт мөлшері ішіндегі дірілдің саны
арқылы анықталады. Діріл неғырлым көп әрі жиі болса, ол солғұрлым күшті,
керісінше, дірілдің саны азайған сайын ырғақ та әлсірей береді. Адамның
құлағы бір секунд ішінде 16-20 мыңға дейінгі дірілдің нәтижесінде пайда
болған дыбысты қабылдап, ести алады. Осыған байланысты сөйлеу ырғағының
құбылуына қарай сөйлемнің де, айтылар ойдың да мағынасы әр түрлі болады.
Дыбыс күші дірілдің қарқынына байланысты дірілдің қарқыны көбейе
түссе, онда дыбыс күші артады. Сондықтан дыбыс күші сөйлегенде екпін мен
қарым-қатынасқа түсіп, айтылар ойды түрлендіреді.
Дыбыс дірілінің түрлерінен дыбыс әуені шығады. Діріл ритмикалы және
ритмикалы емес деп аталатын екі бөліктен тұрады. Өкпедегі ауаның сөйлеу
аппараты арқылы сыртқа шығуынан дыбыстар жасалады.
Дыбыстарды айтуда дауыс шымылдығы мен тіл айрықша қызмет атқарады.
Дауыс шымылдығының керілуінен діріл пайда болып, үн шықса, тілдің бірде
көтеріліп, бірде төмен түсуінен, оның артқы және орта шенінің, ұшының
қимылынан әр түрлі дыбыстар жасалады.
Сауат ашу жүйесінің деңгейлеп дамыта оқытудың әліппе сабақтарында
оқушыларға ең алдымен дыбыстарды айту жолдары үйретіліп, сөйлеу мүшелері
жаттықтырылады. Дыбыстың жасалуында сөйлеу мүшелерінің орны мен қызметі
дыбыстарды баланың өзіне айтқыза отырып, іс жүзінде көрсетіледі, яки әрбір
дыбыстың акустикалық ерекшеліктері, дыбыстарды дұрыс айтудағы сөйлеу
мүшелерінің қызметі үйретіледі.
Қазақ тілінде 38 дыбыс, 42 әріп бар. Дыбыстар дауысты, дауыссыз
болып екіге бөлінеді. Бұлай бөлу дыбыстардың буын құру қызметіне
байланысты. Қазақ тіліндегі 13 дауысты дыбыс буын құраса, 25 дауыссыз
дыбыс буын құрай алмайды. Дауыстылар: а, ә, о, ө, е, ы, і, ү, ұ, ё, э, и,
у. Дауыссыздар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф,
х, һ, ц, ч, ш, щ, У дыбысы - бірде дауысты, бірде дауыссыз. Мысалы,
уақыт, бу, су, жу т.б. Сондай-ақ ол – тілдік бірліктің бірі – сөз. Мысалы,
У беріпті.
Тіліміздегі фонетика саласын зерттеуші ғалымдарымыз дауысты
дыбыстарды анықтауда бір пікірде емес. Мысалы, профессор Ә.Жүнісбек қазақ
тілінің төл дауысты дыбыстарының жүйесі тоғыз дауысты дыбыстан құралады
деп, оларға а, ә, о, ө, е, ы, і, ү, ұ дыбыстарын жатқызады. Дауыстылардың
санының көбеюі дәстүр бойынша дауысты дыбыстардың құрамына қазақ тіліндегі
дауыстылардың үндесім түрлерінің (вариант, аллофон) бәрін кіргізуден дейді.
К.Аханов, І.Кеңесбаев бастаған бір топ ғалымдар а, ә, о, ө, е, ы, і,
ұ, ү жалаң дауыстылар мен и, у қосынды дауыстыларды қоса есептеп, 11
дауысты дыбыс [26,104], [28] бар десе, Ғ.Абуханов, Н.Оралбаева С.Исаев т.б
ғалымдар қазақ тілінде дауысты дыбыстардың саны 12 деп оларға: а, ә, о, ө,
е, ы, і. ү, ұ, э, и, у дыбыстарын жатқызады [29], [30], [30].
Орыс тілінен енген ё дыбысы шахтёр, монтёр сөздері арқылы дауысты
дыбыс деп танытылып үйретіледі. Сондықтан, сауат ашу жүйесін деңгейлеп
дамыта оқытуда дауысты дыбыстарға 13, яғни а, ә, о, ө, е, ы, і, ү, ұ, э,
и, у, ё жатады, солар үйретіледі. Тілді математикалық лингвистика әдісімен
зерттеуші ғалымдардың бірі С. Мырзабековтің қазіргі қазақ тіліндегі
дауыстылардың саны мен сапасы жайлы осы уақытқа дейін бір жүйеге
келмегендігін айта келе, орыс тілінен енген дауысты дыбыстарды қазақ
тілінің дауысты дыбыстары қатарына жатқызуымыз керек деген пікірін
басшылыққа ала отырып [31,17], 12 дауысты дыбыс үйретілуі керек деген
қорытынды жасалды.
Артикуляциялық және акустикалық қасиеттеріне қарай дараланып тұратын
дыбыстар тобы - дауысты дыбыстар. Дауысты дыбыстардың артикуляциялық
ерекшелігі – өкпеден шыққан ауа ешқандай кедергіге ұшырамауында болса,
акустикалық қасиеті-дауыстыларда таза үннің болуында, әрбір дауысты дыбыста
ырғағы жағынан түрліше болып келетін тонның белгілі бір мөлшері болады.
К.Аханов дауысты дыбыстардың өзіндік ерекшеліктерін былайша атап көрсеткен
болатын: артикуляциялық тұрғыдан алып қарағанда дауыстыларды айту үстінде
фонациялық ауа:
1. Кедергіге ұшырамай тосқауылсыз еркін шығады.
2. Дыбыстау мүшелеріне күш түспей, оның қалпы жайдары болады.
3. Фонециялық ауа баяу шығады [27].
Олай болса, сауат ашу жүйесінде деңгейлеп дамыта оқыту сабақтарында
дауысты дыбыстардың мұндай қасиеттері мұғалімнің жадынан шықпауы және
сабақта пайдалануы керек.
Салыстыра игерту әдісі - деңгейлеп дамыта оқытудың бір бөлігі.
Сондықтан дауысты дыбыстарды меңгеруде осы әдісті қолдану керек. Дауысты
дыбыстардың жуан не жіңіщкелік қасиеттеріне байланысты (а-ә, ұ-ү, о-ө, ы-і)
оларды өзара салыстыру, айту арқылы әрбір дыбыстың негізгі ерекшеліктері іс
жүзінде үйретіледі. Мысалы: о және ө дыбыстары: он-өн, оң-өң, бос-бөс,
тор-төр, тоз-төз, сөз-соз, тос-төс сияқты т.б. сөздер өзара салыстыру,
айтқызу арқылы меңгертіледі.
Дауыссыз дыбыстар - қасиеті жағынан дауысты дыбыстарға қарама-қарсы
болатын дыбыстар тобы. Дауыссыздардың артикуляциялық қасиеттері: дыбысталу
арнасында міндетті түрде кедергі болады. Акустикалық тұрғыдан
дауыссыздардың пайда болуында ызыңның рөлі жоғары болады [27, 63].
К. Аханов дауыссыздарды айтқанда фонациялық ауа:
а) кедергіге ұшырап, тосқауыл мен айтылады;
ә) тосқауылдан өту кезінде дыбыстау мүшелеріне күш түседі;
б) фонациялық ауаның шығу қарқыны күштірек болады,-деп дауыссыз
дыбыстарға тән ерекшеліктерді атаған [26, 222].
Ғалым І. Кеңесбаев дауысты және дауыссыз дыбыстар арасында мынадай
ерекшеліктер болады:
- Дауыс шымылдығы дауыстыны айтқанда актив түрде, дауыссызды айтқанда
пассив түрде қатысады.
- Дауысты фонема буын жасайды да, дауыссыз фонема буын жасай алмайды деп
олардың ерекшеліктерін көрсетеді. Ғалым үнді дауыссыздар мен дауысты
дыбыстар артикуляциялық жағынан бірдей болып келетіндіктен егер буын
жасаушы болса, онда дауысты дыбыс, буын жасай алмайтын болса дауыссыз
дыбыс деп есептейді [27, 118].
Байқалып тұрғандай, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптарда сауат ашу жүйесінде деңгейлеп оқытуды жетілдіру әдістемесін теориялық жағынан негіздеу
Дамыта оқыту технологиясы жөніндегі түсінік
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ САУАТ АШУ ЭЛЕМЕНТТЕРІНЕ ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Оқыту технологияларының түрлері мен мазмұны
Қазіргі бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық технологияларды ендіру мазмұнын теориялық тұрғыда негіздеу
Деңгейлеп оқыту технологиясы. Жобалап оқыту технологиясы
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту технологиясы
Бастауыш сынып қазақ тілі сабағында инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі туралы
Бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетінің теориялық негіздері
Қазақ тілі сабағында қазіргі педагогикалық технологияны қолдану
Пәндер