Сауат ашу жүйесінде деңгейлеп оқытудың әдістемелік негіздері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Сауат ашу жүйесінде деңгейлеп оқытудың әдістемелік негіздері

Бастауыш мектептегі сауат ашу процесінде білім мазмұнын арттыру
оқыту үрдісінде тиімді, ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдану – қазіргі күннің
өзекті мәселелерінің бірі. Себебі, тиімді әдістерді дұрыс іріктеліп
қолданылған сабақ - білім мазмұнын сапалы меңгертудің негізі. Бастауыш
мектеп мұғалімі сауат ашу кезеңінде әдістерді орын - орнымен қолдана
білсе, оқушының білімді игеруі, қазақ тілінің дыбыстары мен әріптерін
меңгеруі қарқынды жүретіні белгілі. Бұл жөнінде ғұлама ғалым
А.Байтұрсыновтың: Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ.
Олақтықтың белгісі – бір ғана әдісті болу; шеберліктің белгісі – түрлі
әдісті болу; әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйенетін
қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек, - деп, сабақта әдіс – тәсілдерді
дұрыс қолданудың қаншалықты маңызы бар екенін көрсетеді .
Сауат ашу кезеңінде қолданылатын аналитикалық – синтетикалық
әдісті қазақ тілін оқыту әдістемесіндетұңғыш пайдаланып, осы әдістің ұтымды
көрсеткен ғалым – А. Байтұрсынұлы. Ғалым Ана тілінің әдісі атты
мақаласында сауат ашу кезеңінде қолдануға тиімді әдістерге жалқылаулы,
жалпылаулы, жылқылаулы – жалыпылаулы әдістерді жатқыза келе, бұл тұрғысында
былайша ой қорытады: 1. Кей әдістердің негізі қосу, жинау болады, ол
негізді әдістер жалпылау немесе жиылыңқы әдіс деп аталады.2. Кей
әдістердің негізі талдау, айыру болады, ол негізді әдістер жалқылау немесе
айрыңқы әдіс деп аталады 3. Кей әдістердің негізінде қосу да, айыру да
болады. Ондай әдістер жалқылаулы - жалпылаулы немесе айрыңқы -жиылыңқы
әдіс деп аталады.
Бастауыш мектепте сауат ашу кезеңінде қолданылатын әдістерге
қатысты бірнеше зерттеу жұмыстарында ( С. Рахметова, Г. Уаисова, Ә.
Жұмабаева, Б. Қабатай және т.б.) аналитикалық – синтетикалық әдісі
негізінде дыбыстарды созыңқырап қосу, табиғаттағы дыбыстарға еліктету,
ұқсас сөздерді тапқызу, сөздегі дыбыс, буын санын үдету, дыбыстарды,
сөздерді салыстыру, дыбыстардың орнын ауыстыру арқылы жаңа мағыналы сөз
жасату, алақанды иек астына қою арқылы буын жігін тапқызу, ойын әдістерінің
ұтымды екені дәлелденген.
Алайда бұл зерттеулер батауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесіне
қатыстыболып, сауат ашу кезеңінде қолданылатын әдістер жөнінде толық
мағлұмат бермейді. Сауат ашу барысында қолданылатын әдістер оқушылардың
продуктивті ойлауын дамытуға, деңгейлеп оқыту тапсырмаларының мазмұны
оқушылардың танымдық қызығушылығын жетілдіруге, балалардың жақын даму
аймағына әсер етіп, дамытуға негізделуі керек. Сондықтан біз жұмысымызда
бастауыш мектепте сауат ашу жүйесін деңгейлеп оқыту сабақтарында талдау,
жинақтау, талдау – жинақтау, жаттығу, ойын, тест әдістерін қолдандық.
Талдау әдісі – сауат шу кезеңінде жиі қолданылатын тиімді
әдістердің бірі. Бұл әдіс бойынша сауат ашу сабақтарында оқушылар заттар
мен құбылыстардың өзіндік айырмашылықтары мен ерекшеліктері туралы әрдайым
жұмыс жасап, сол суреттерден, сөйлемдер мен сөздерден өздеріне қажетті
дыбысты табуға ұмтылады. Орынды және дұрыс қолданылған талдау әдісі арқылы
сабақтың алдына қойылған мақсаты мен оқушылардың дыбыстардың өзіндік
ерекшеліктерін сапалы меңгеруіне қол жеткізуге болады. Талдау әдісі арқылы
оқушыларға дыбыстарды дұрыс айтуға дағдыландыруға ерекше назар аударылып,
дұрыс жолға қойылады. Мысалы, сауат ашу сабақтарында талдау әдісі төмендегі
үлгіде қолданылды.
- Балалар, жаңа әріппен таныспас бұрын бір жұмбақ жасырайын. Егер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптарда сауат ашу жүйесінде деңгейлеп оқытуды жетілдіру әдістемесін теориялық жағынан негіздеу
Сауат ашу жүйесінде деңгейлеп дамыта оқытудың теориялық негіздері
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ САУАТ АШУ ЭЛЕМЕНТТЕРІНЕ ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Оқыту технологияларының түрлері мен мазмұны
Деңгейлеп оқыту технологиясы. Жобалап оқыту технологиясы
Бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетінің теориялық негіздері
Қазіргі бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық технологияларды ендіру мазмұнын теориялық тұрғыда негіздеу
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту технологиясы
Бастауыш сынып қазақ тілі сабағында инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі туралы
Қазақ тілі сабағында қазіргі педагогикалық технологияны қолдану
Пәндер