Саясат психологиялық феномен ретінде



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
3 деңгейлі СМЖ құжаты ПОӘК
ПОӘК
042-18-16.1.3303-2013
Саяси психология пәні№1 басылым 18.09.2013 ж.
бойынша оқу-әдістемелік
материалдар

ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Саяси психология

5В050300 – Психология мамандығына арналған

ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей

2013

Мазмұны
1 Глоссарий
2 Дәрістер
3 Практикалық және лабораториялық сабақтар
4 Студенттің өздік жұмысы

1 ГЛОССАРИЙ

№ Термин атауы Термин мазмұны
Саяси әлеуметтену Индивидтің саяси жүйеге саяси мәдениетте
бекіген мемлекет деңгейінде туындаған
тәжірибенің негізінде қосылу процесі.
Саяси психология Саясаттану және әлеуметтік психологияның
негізінде пайда болған пәнаралық ғылым саласы.
Оның басты мақсаты саясаттың психологиялық
механизмдерін талдап, барлық деңгейдегі саяси
іс-әрекетті неғұрлым ұтымды түрде жүзеге
асырудың практикалық ұсыныстарын жасау болып
табылады.
Саяси мәдениет Саясат сферасында жеке индивидтердің және
қоғамдастықтардың әлуметтік есі мен тарихи
тәжірибесі.
Саяси саналылық Индивидтің қоршаған ортаның саясатпен
байланысты шындығын субъектінің қабылдау
нәтижелерін белгілейтін түсініктік
координаттарды анықтайтын саяси категория.
Бағыттылық Саясат субъектісінің өткен тәжірибесі мен
саяси мәдениеттің негізінде қалыптасатын ішкі
қасиеті.
Стереотип Стандартталынған, жобаланған , көп жағдайда
қандайда бір әлеуметтік-саяси объектінің
эмоционалдық көркемделінген, неғұрлым тұрақты,
кейбір жағдайда мағынасы төмен индивид
қасиеті.
Саяси қабылдау Саясатты өз қалпында немесе саяси ақпараттарды
қабылдау
Саяси ойлау Қабылданған саяси ақпараттарды талдау, түсіну,
саяси шешім қабылдау
Саяси лидер Мемлекеттің немесе саяси топтардың,
қоғамдық-саяси қозғалыстар мен ұйымдардың
ресми немесе ресми емес жетекшілері
(көсемдері).
Саяси аластау Саяси өмірдегі шамадан тыс
бюрократизациялаудың саяси-психологиялық
нәтижесі.
Авторитет Кез келген жетекшіге басқа адамдарды басқаруға
қажетті билік формасы.
Идеология Нақты құндылықтар жиынтығы.

3. Лекциялар курсының қысқа нұсқасы

1-тақырып. Саясат психологиялық феномен ретінде
1. Саяси психолгияның әдістемелік негіздері.
2. Саяси психолгияның автаномды статусы. Басқа пәндермен байланысы.
3. Саяси психолгияның зеттеу әдістері, принциптері.
Саяси психология – саясаттану және әлеуметтік психологияның негізінде
пайда болған пәнаралық ғылым саласы. Оның басты мақсаты болып саясаттың
психологиялық механизмдерін талдап, барлық деңгейдегі саяси іс-әрекетті
неғұрлым ұтымды түрде жүзеге асырудың практикалық ұсыныстарын жасау болып
табылады.
Қазіргі саяси психологияны екі жақты қарастыруға болады. Бірінші жақтан
батыстық саяси психология өз даму процесінде қарастырылса, екінші жақтан
ресейлік және отандық саяси психологияның дамуы қарастырылады. Әрине бұл
саяси психологиялардың дамуы тарихи қалыпасқан ерекшеліктерге байланысты
өзара байланысты.
Батыстық саяси психологияның пайда болу уақыты ресми түрде 1968 жылы
Американдық саяси ғылымдар ассоциациясының жанында саяси психологияның
бөлімі ашылып, бірқатар АҚШ университеттерінде саяси психология курстары
оқыла басталуымен байланысты. Бірақ саяси-психологиялық идеялардың пайда
болуының түпкі тамырлары ежелгі антикалық кезеңге дейін барады.
Саяси психологияның пәні Дж.Кнутсонның пікірінше - “әлеуметтік топтар
және бірыңғай ұлттардың, адамның саяси әрекет-қылығының, психологиялық
компоненттері”.
Көптеген батыс елдерінде саяси психология практикалық саясаттың
арсеналына тұрақты түрде енген. Бұл салада саясат өкілдерінің сайлау және
т.б. әрекеттерінде эксперттің арнайы көмекері мен кеңес берулері
пайдаланылады.
Саяси психологияның әдістемелік негізі - әрекет-қылықтық (бихевиоралдық)
ерекшеліктер.
Саяси психология өзінің құрылсы, субъектісі және қозғаушы күштері бар
адам іс-әрекетінің ерекшеліктерімен байланысты.
Саяси-психологиялық білімдерді қолдану практикасы мен теориясы, тарихы
оның ғылым саласы ретінде шешетін негізгі үш міндеті бар:
• Саясаттағы психологиялық компоненттерді талдау, саяси процестердегі
“адам факторының” ролін түсіну;
• Саясаттағы психологиялық аспектілерге болжаулар жасау;
• Бірінші және екінші міндеттердің негізінде субъективті фактор
жағынан саяси іс-әрекетке ықпал ету.
Саяси психогияның қарастыратын нақты объектілер сферасы өте кең. Оған
саясаттағы барлық мәселе кіреді. Солардың ішінде неғұрлым көңіл тоқтататын
біршама объектілеріне тоқталамыз: насихаттау психологиясы, басқару және
ұйымдастыру психологиясы сияқты психологиялық пәндер. Біріншісі әлеуметтік
бағыттаулар, қоғамдық пікірлер, массалық әрекет-қылықтырмен байланысты.
Екіншісі – конфликтер мен лидерлік проблемалары, кіші және үлкен әлеуметтік
топтардың психологиялық ерекшеліктерінің теоретикалық және практикалық
аспектілерімен байланысты.
Сонымен қатар, саяси психология шеңберіндегі ішкі саясаттың зерттеу
тамыры жеке тұлға психологиясы және соған байланысты саяси әлеуметтену,
саяси бағдарлар проблемаларына тереңдейді.
Саяси психология принциптерін саяси психологтың өз жұмысында саяси
психологияның обьективті ғылым саласы ретінде дамуын қамтамасыз етуге
арналған ұстанатын шектеулер деп те қарастыруға болады. Олардың ішінде
негізгі үш принципті атауға болады:
1. Ғылыми обьективизм мен салмақтылық принципі;
2. Принцип гласности и публичности;
3. Саяси-психологиялық зерттеулерде әлеуметтік-саяси контекстерді
кеңінен есепке алу;
4. Қорытынды нәтижеге зейін қою;
5. бейтараптылық (нейтрализм) принципі.
Саяси психологияның негізгі проблемаларының актуалдылығын келесі
схемалық көрсеткішпен жеткізуге болады:

Саясаттағы жеке тұлға психологиясын талдау екі жақты қарастырылады.
Бірінші жақтан тұлғаны әлеуметтік-типтік сипатта, яғни белгілі тұлғаның
саяси тұлға ретінде қалыптасу және даму механизімін талдау болса, екінші
жақтан бұл проблема саяси лидерлікті жеке-психологиялық сипатта қарастыру.

Келесі деңгей – кіші топтар психологиясын: түрлі элитті топтар,
фракция, қысым көрсетуші топтар әрекеттерінің психологиялық механизмдерін
талдау.
Үшінші деңгей – үлкен әлеуметтік топтар (кластар, страттар, топтар
және тұрғылықты халықтар қабаттары және т.б.) және ұлттық-этникалық
қоғамдар (тайпалар, ұлттар және халықтар). Бұнда үлкен топтардың саяси
шешімдерді қабылдаудағы қысым көрсетуінің психологиялық механизмдерін
талдау.
Төртінші деңгей – бұқаралық психология және бұқаралық саяси көңіл-
күйдің пайда болу механизмін талдау.
Негізгі ұғымдар: саяси психология, саясат, әлеуметтік мәселелер, қоғам,
саяси топтар, жеке тұлға психологиясы
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Саяси психологияның зерттеу пәні не?
2. Саяси психологияда қарастырылатын актуалдылық дәрежесі қандай деп
ойлайсыз?
3. Ғылым саласы ретінде саяси психологияның принциптерін атаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Ольшанский Д. В. Основы политической психологии. – Екатеринбург Деловая
книга, 2001
2. Гозман Л.Я., Шестопал Е.Б. Политическая психология. Ростов-на-Дону:
Феникс, 1996
3. Дилигенский Г.Г. Социально-политическая психология. – М.: Новая школа,
1996
4. Юрьев А.И. Введение в политическую психологию. – СПб.: СПбГУ, 1992
5. Политология: Энциклопедический словарь. – М, 1993.

2-тақырып. Саяси психологияның негізгі ұғымдары мен категориялары,
детерминанттары
1. Саяси өзіндік сана.
2. Саясаттағы ұжымдық астарсана.
3. Саяси бағыттаулар және стереотиптер.
Кез келен басқа ғылым салалары сияқты саяси психология да өзіндік
логикалық, әдістемелік, түсініктік және категориялық аппаратына ие. Саяси
психологияның негізгі категориялары ретінде біз ең алдымен саясатты іс-
әрекеттік түсінуді айтамыз. Сонымен қатар, саяси сана, сяси өзіндіксана,
саясаттағы ұжымдық астар саналық, саяси мәдениет, саяси бағыттаулар мен
стереотиптер.
Саяси психологияның тағы бір маңызды ұғымы ол – саяси өзіндік сана.
Әлеуметтік – саяси жоспары бойынша субъект басқа субъектпен және объектпен
мақсатты саналы түрде байланыс орнатады.
Саяси өзіндік сананың субъекті жеке тұлға бола алады – индивидуалды
өзіндік санада өзінді сезіне алатын, қабылдай, ойлай және саналы түрде
әрекет ете алатынжеке тұлға саясатта. Ондай субъект әлеуметтік топ та бола
алады. Мұнда топтың мөлшері маңызды емес.
Субъектің спецификалық негізіне тәуелді емес саяси өзіндік сана үш
аспекттен тұрады: когнитивті, эмоционалды және бағалы ерікті.
Когнитивті аспект нақты ақпараттық деңгейді айтады, осы қоршаған
ортада субъекттің ролін, қабілеттерін анықтайды. Сонымен, когнитивті
аспектте екі үлкен білімді қосады : белгілі бір статус иеленгенге дейінгі
және содан кейінгі жағдай.
Эмоционалды аспект өзінің саяси статусының алуының нақты эмоционалды
субъективті қатынасын анықтайды. Эмоционалды аспект саяси өзіндік санада
саяси өзіндік қадірлеу және керісінше, саяси өзіндік жою, саяси өзіндік
жақсы көрушілік (жеке басшылыққа ұмтылған адамдардың индивидуалды амбиция
деңгейі) және т.б.
Бағалы еріктік аспект эмоционалды аспектпен тығыз байланысты,
көбінесе саяси өзіндік бағаны көтеруге ұмтылады, саяси қадірлеуді алады,
авторитетін тұрақтандырып, мықтылау және саяси басшылықтан тұрады. Бұл әр
түрлі формаларда көрінуі мүмкін. Индивидуалды субъекттің саяси өзіндік сана
деңгейінде – күрес сияқты, сайлау тағына кондидаттың. Топтық деңгейде -
өзінің өкілдерін басшылыққа жылжытуларымен байланысты. Әлеуметтік – макро
деңгейде – ол массалық түрде көрінеді.
Саяси өзіндік сананың генетикасы белсенді әрекет әлеуметтік –
саясатпен қалыптасқан және субъектің басқа субъектпен әлеуметтік – саяси
қарым – қатынаспен байланысты. Саяси өзіндік сананың қалыптасуы кең
әлеуметтік – мәдени контекстпен байланысты.
Әлеуметтік салыстырулар әлеуметтік – саяси механизм әрекетімен немесе
керісінше әлеуметтік – саяси идентификациямен байланысты. Саяси өзіндік
сананың адекватты проблемасы әлеуметтік – саяси әрекетте тоталитарлық
жүйенің демократиялық әлеуметтік – саяси жүйеге ауысуы негізгі орталығы
болып келеді. Егерде тоталитарлық деңгейде өзіндік даму адекватты саяси
өзіндік сана -барлық субъект үшін саясат ауысады, ол әлеуметтік – саяси
жүйенің белгілі бір себебімен ғана ауысады.
Саяси сана – қазіргі кездегі саяси ппсихологиядағы негізіг, орталық
категория. Яғни субъектінің қоршаған реалды ортаны қабылдауы. Ол орта
саясатпен байланысты, оған субъектінің өзі де кіреді, сонымен қатар оның іс
- әрекеттері, жағдайы кіреді.
Көп зерттеулер саяси сананы көп шекті, деңгейлі, іштей қарама – қайшы,
соғып тұратын, жалпы түрде субъектінің саясатпен танысу деңгейін
көрсететін, оған деген рационалды қатынасын көрсетеді деп есептеді.
Гнесиологиялық тұрғыдан саяси сана басқа саяси психологиялық
түсіністермен, категориялармен тығыз байланысты. Ол көбінесе, саяси
мәдениетпен байланысты. Гнесиологиялық тұрғыдан саяси сана саяси
мәдениеттің жағдай деңгейі және негізгі компоненті болып табылады. Сонымен
қатар, саяси сана саяси әрекет – қылықпен тығыз байланысты. Осындай әрекет
– қылықтың субъективті механизмдерінің рационалды негізі ретінде болады.
Саяси жүйемен де байланысты – саяси сана саяси жүйенің субъективті
фундаменті, яғни адм негізін құрайды.
Дәстүрлі отандық түсінік бойынша саяси сана қоғамдық сананың бір түрі,
адамдардың әлеуметтік – экономикалық жағдайдың көленкесі ретінде пайда
болды деп есептеді. Әлемдік көлемде саяси сана кең контекстіде
қарастырылады. Ол саясаттың психикалық көлеңкесі, оның субъективті
компоненті, өзін әр түрлі деңгейде, әр түрлі жағдайда көрсететін психикалық
көлеңкесі, сипаты ретінде қарастырылады.
Саяси сана түсінігі ХХ ғасырда әйгілі болды. Бірінші тұрғыдан саяси
сананы массалық сана деп қарастырылады. Бұл мағынада саяси сананың орны
ерекше, ол масссалық сананың саясаттанған сегменті ретінде қабылданады.
Саяси санаға бұл тұрғыдан оған мақалалық және динамикалық (массалық көңіл –
күй) компоненттері кіреді.
Екінші тұрғыдан, саясатпен байланысты кіші және үлкен топтың жалпы
санасы ретінде қарастырады ( әлеуметтік класстар, партиялар және т.б).
Көріністердің яғни саяси топтың белсенділігінің интенсивтілігін, бағытын,
мазмұнының жиынтығы ретінде қарастырылады.
Үшінші тұрғыдан, саяси сана жеке тұлға құрамы мен қасиеті ретінде
қарастырылады. Қызығушылықты субъективті ерекшеліктері типтің мінезінде ,
олардың әрекет – қылығының, санасының құрылымдық компоненттері туғызады.
Саяси сананың динамикасы және әр түрлі деңгейдегі мінездемелері әдетте
барлық деңгейлерде зерттеледі – бұқаралық, топтық және индивидуалды. Саяси
сананы оқудағы негізгі функционалды бағыт болып оның жалпы теоритикалық –
идеологизмді формаларын зерттеу болып табылады.
Теоритикалық – идеологиялық саяси сана күрделі көріністерден тұрады,
өзімен жалпы рационалды жүйелі көзқарастардан , талқылаулардан, әлем
танудан тұрады. Бұл компоненттердің ауысу диалектикасы бір формадан
екіншісіне өту өзімен әлеуметтік – саяси дамуды көрсетеді.
Саяси сананы зерттеуде көбінесе қосалқы, практикалық бағдарланған
мінез болады және негізінен мақсаттарға қызмет көрсетуге, қызығушылыққа,
топтар және күштердің саяси қатынасына бағытталған. Ең алдымен олар
электорат әрекетінің механизмдерінің ішкі психологиялық себептеріне
бағытталған. Басқа жағынан, ол саяси зерттеуге саяси мүмкіншіліктерді
ұлғайту, және азаматтардың саяси қатысуға деңгейінің жоғарлауы. Олар
сонымен қоса қоғамның көзқарастың әр түрлі анализ аспектілеріне
бағдарланған.
Саяси мәдениетті – саяси іс - әрекеттің негізгісі ретінде қарастыруға
болады, немесе саяси іс - әрекеттің даму деңгейінің, ерекшеліктерінің және
мінездемесін анықтайтын факторы ретінде қарастырамыз. Саяси мәдениеттің
мазмұны тарихи тәжірибені , саяси сферадағы жалпы әлеуметтік және жекеше
индивидтік естерді көрсетеді. Олардың саяси әрекет – қылығындағы
бағдарлануына, дағдысына және ықпалына тән.
Саясаттың ішкі және сыртқы сфераларын осы тәжірибенің мазмұны
жалпылама әсер ететін образдарды назарларында көрсетіледі.
Тарихи түсінігі 1956 жылдан басталған. Осы жалпы саяси мәдениет
терминің ғылымға американ саясаткері Г. Алмонд енгізген. Оның түсінігі
бойынша, саяси іс - әрекетіндегі ең бағдарлану таны саяси жүйенің белгілі
бір спецификалық сәулеленуі, шағылысуы деп түсінген. Басқа жағынан саяси
мәдениет - қоғамдық жалпы мәдениеттің бөлігі болып келеді және тағы басқа
жағынан, ол жүйенің анықтамасымен байланысты :
1 Саяси мәдениеттің танымал зерттеулердің көбі Г. Алмонд пен С.
Вербтың классикалық жұмыстарында көрсетілген. Олардың анықтамасы бойынша,
Саясаттың субъективті ағымы, ол саяси шешімдерде индивидуалды іс -
әрекеттерінде әлеуметтік мән береді де институттарды реттейді.
2 Басқа ағымда С. Вербаның Л. Паем деген психологімен бірігіп тура
жазған : Қоғамның саяси мәдениеті туралы айтқанда, біз саяси жүйені
елестетеміз, оның интернализациялық білімі, мүшелерінің бағалауы мен
сезімдері.
3 Нәтижесінде Саяси мәдениеттің түсінігі нәтижесінде көп
зерттеулердк оның анықтамасын зерттеген, қолайлы болып келетін.
Саяси мәдениетті анықтау үшін оны төрт негізгі топқа бөледі :
1 Психологиялық анықтамасы. Саяси объектілерге бағдарлану құралы
ретінде қарастырылады.
2 Жалпылама анықтамасы. әртүрлі қарым – қатынастар анықталады және
саяси мәдениетті қалыптастыруға түсіндіреді.
3 Объективті саяси анықтама. Мәдениет билік объектісін белгілейді,
қатысушылардың соционалдық әрекет – қылықтары.
4 Эврастикалық анықтама. Мәдениет саяси қалыптасқан аналитикалық
мақсатта болжамдық конструкт ретінде қарайды.
Саяси мәдениет субъектісі индивид, топ, партия, регион, ұжым, мемлекет
және т.б. бола алады. Саяси мәдениеттің маңыздысы болып нақты қоғамның
гомогенді деңгейі бола алады.
Саяси мәдениет – динамикалық және инертті феномен болып келеді. Ол
өзінің ұжымдарымен, индивидтерімен және саяси қоғамдарымен бірге дамиды.
Саяси тәжірибесі ұрпақтан ұрпаққа берілуден маңызды жағдайларға ие болы,
олар мәдениетті не тұрақтандырады немесе оны өзгертеді. Онадай жағдайларға
моменттер жатады.
Біріншіден, бұл өндірудегі өндіріс жүйесіндегі динамика, әлеуметтік
құрылымның, нормалар және бағалықтардың қайта құрылуына әкелетін, және де
осы тәжірибені беретін жеке негіздеріне. Екіншіден, ескі тарихи тәжірибе
иемдену. Тәжірибелер ұрпақтарға таза емес, өзгертілген түрінде беріледі.
Саяси мәдениетті қалыптастыратын факторларына, мемлекеттің және
қоғамның сыртқы қоршаған ортасы және ішкі өмірдің нақты жағдайлары жатады.
Осы факторлардың ішінен дәстүрлер, ритуал және саяси институттарды бөліп
қарастырады. Соңғыларына мемлекет, армия, шіркеу, маңызды адамдар тобы,
университеттер, массалық ақпарат жүйелері және т.б. жатады.
Әрекет – бұл мәдениет тіршілігі, ол әрекетсіз мүмкін емес. Саясатта
бұл басшылық қатынасы.
Г. Алмонд және С. Верба маңызды негізгі ашық типті және бірнеше аралас
типтерді анықтады. Бірінші ашық тип – патриархалды. Бұндай жүйе
басщыларымен басқарылады және азаматтардың саяси жүйеге қызығушылығының
болмауымен ерекшеленеді. Екінші ашық тип – бағынушы. Ол азаматтардың саяси
жүйеге қатты бағдарлануымен, немесе оларға саяси жүйеге қатысуының әлсіз
жүйесімен ерекшеленеді. Ол феодалды қоғам деңгейінде қалыптасқан. Төмендегі
бағынушылар өз бастықтарына бағыну керек. Үшінші ашық тип – белсенділік. Ол
азаматтардың саяси әректке, олардың компетенттілігіне, мемлекет жұмыстарына
жоғары қызығушылық, позитивтілік, саясатқа белсенділікпен ерекшеленеді.
Шынайы өмірде ашық типтер кездеспейді. Олар әр түрлі аралас типтерде :
патриархалды – бағынушы, бағынушы – белсенді және т.б.
Саяси сана мен өзіндік санадан басқа саясатта иррационалды және
астарсана маңызды роль ойнайды. Оны ұжымдағы астарсана ұғымында
қарастырамыз. Кең мағынада ол психикалық процестер жиынтығы, операция және
жағдай субъекттің индивидуалды саяси әрекетінде көрсетілген, бірақ кейбір
жағдайларда белсенді болатын.
Ұжымдағы астарсана термині З. Фрейд, К. Юнг енгізген, негізгі
психикалық құбылыстар класын анықтауға, индивидуалды астарсанадан, адамның
филогенетикалық даму тасымалдаушылығымен ерекшеленеді. К. Юнг үшін
ұжымдағы астарсанада архетиптер болады - әрекет схемалары, адамның шынайы
өміріндегі нақты мазмұндарымен толықтырылатын; адамның қоршаған
айналасындағы болып жатқан жеке қабылдау тәсілдері және әсер етуі, адамның
әрекеттерін ерекшелейтін, белгілі бір ұжымға жататын.
Ұжымдық астарсана құрылымында ұжымдық эмоция, сезім, көңіл – күй, ой,
білім, баға және талқылау жатады. Доминантты рөлді эмоционалды компоненттер
ойнайды.
Ұжымдағы астарсана массалық әрекетте екі түрмен ерекшеленеді. Бірінші
түрі массалық әрекеттің, ортақ бағаларға жүгінеді және әрекеттер болған
кезде болады. Әдетте ол адамдардың ортақ эмоционалды күйлері болған кезде
және массалық көңіл – күйде – мысалы, фонат топтары, өздерінің ортақ
лидерлері бар және т.б.
Екінші түрі массалық әрекеттің , мұнда ұжымдық астарсанада эмоционалды
күйлері адамдарды ортақтастырмайды, керісінше оларды бөлектендіреді. Онда
әрекетке ортақ емес, жеке индивидтер, бірақ архетиптік механизмдері бірдей
және сол кезде әрекеттері пайда болады, адамдардың спонтанды пайда болған
идеялары, жағдайлары объективті түрде пайда болады. Ондай жағдайларға
соғыс, революция жатады.
Адам әрекеттері ұжымдағы астарсана басшылығына иррационалды болып
келеді. Рационалды сана ұжымдағы астарсанада өшеді, интеллкт төмендейді,
өз әрекеттері үшін жауапкершілік төмендейді, жоғалады. Жеке шешім қабылдау
механизмдері жоғалады.
Ұжымдық астарсана үлкен массалық адамдарды стимулдайтын кезде керекті
болады. Ондай жағдайда ұжымдағы астарсана саяси әрекеттің негізгі сапасы
ретінде бола алады.
Бұл массалық адамдардың манипуляциялық әсерінде қолданылады, мысалы,
митингтерде. Ал керісінше ұжымдық астарсанада әлеуметтік – ұйым формалары
бұзылғанда өте қауіпті. Мұндай жағдайда псевдо – саяси әрекет
доминанттылық көрсетеді.
Адамдардың даму этаптарында ұжжымдағы астарсана маңызды роль ойнаған.
Қазіргі цивилизациялық қоғамда оның маңызы төмендеді, тек қана дағдарыс,
экстрималды жағдай, элемент рольдері құлағанда ғана қолданылады. Дамыған
мемлекеттерден гөрі ұжымдағы астарсана әлі үшінші әлемде жоғары.
Саяси психика - психикалық функция мен процестердің саяси –
психологиялық негіздері. Жалпы саяси – психологиялық түрде адамның
психикасы төрт негізгі блоктан тұрады. Біріншіден, саяси қабылдау блогы –
қабылданған саяси ақпараттарды қабылдау түрінде көрсетілген. Екіншіден
саяси ойлау блогы – қабылданған саяси ақпараттарды өндеу, анықтап, саяси
шешім қабылдау. Үшіншіден, саяси сезім, эмоция және аффект блогы – саяси
ойлау нәтижелерін эмоционалды бағалау. Төртіншіден, қорытындысы болып
психикадан тыс саяси әрекет блогы – нақты әрекетер, қабылданған, өнделген
және бағалы ақпараттардың. Осы блоктарды қысқаша қарастырайық.
1 Саяси қабылдау. 20-30 жылдарда көптеген эксперименталды зерттеулерде
американдық психологиялық мектептерде дәлелденген: біздің қабылдауымыз
біздің сананың стериотиптерінен, нұсқамаларынан тұрады, ол саяси аспектте –
саяси сана, өзіндік сана және саяси мәдениеттен тұрады. Бұл санадан тыс
деңгейде де көрініп отырады. Мысалы, суретке калашник мылтығымен салып
көрсетсен көбі (чеченец, афганец және т.б.) тек қана калашник мылтығын
көреді, ал керісінше көптеген европейцтер тек қана скрипканы көреді.
Адамның қабылдауы селективті, таңдаулы болады.
2 Саяси ойлау - өзіне тек қана когнитивті процестерді ғана емес,
эмоционалды – бағалы механизмдерді, өзіндік онтологиялық статусы бар
қосады. Оның негізгісі болып логикалылығы емес, ал кейде шынайы алогичность
болып келеді.
ХІХ ғ Л. Кэрпол айтқан Қоғам басқандай болушы еді, паникаға және
басқа да жағымсыз нәрселерге аз бейім болған, ал саяси өмір тіпті басқаша
болған, егер де аргументтер барлық елдерде дұрыс орналасқан болса. Саяси
ойлау тек қана логикалық механизмдермен ғана емес, нұсқамалармен , мақсат
және бағалықтардан тұрады, саяси сана мен саяси мәдениетімен анықталатын.
3 Саяси эмоция – бұл сезім формасы, адамның қоршаған құбылыстарымен
және саяси аффективтілік, бағалылық түрінде болады. Саяси психикада
эмоционалды компонентті , аффективтілікті анықтау қиын.
1954 ж К. Левин көптеген монологиялық фактілер негізінде, танымдық
материал тануы эмоция әсерінде оның құрылымымен анықталады деген :
қабылдау икемді болған сайын, оның эмоция әсері көп болады. Я. Рейкс ойы
бойынша, саяси жағдайлардың ара қатынасында идеологиялық факторлар
себептерінің байланысы арасында, әлеуметтік, экономикалық табиғат
соншалықты ауыр, олардың дилентан мүкіндіктері жоғарылайды... Мұндай ой сол
жағдайларға эмоционалды қатынасының доминанттылығын көрсетеді.
Саяси психиканың маңызды негізі болып оның терең инерттілігі болып
келеді.
Инерция психикасы саясатта – латынша қозғалмайтын , әрекетсіздік
дегенді білдіреді. Қабылдау және ойлау инерциясы қаттылықта, регидтілікте
және ішкі стериотиптілікте және сыртқы саяси курста көрінеді. Болып жатқан
жағдайларды өзгертуге қалауы жоқ мүмкіндігі жоқ және қабылданған саяси
әрекеттен бас тарту.
Саяси стериотиптер және нұсқамалар. Саяси ойлауда үлкен рольді саяси
нұсқама және стериотиптер ойнайды. Нұсқама мағынасы саяси психологияда
ауыр және дамыған болып келеді. Жалпы субъектің нақты тәсілдерге алдын –
ала реакция жасауға бейімдеу. Нұсқама – ол саясат субъектің ішкі сапасы.
Стериотип ұғымы гректің sterio (қатты) + уроз (із) деген мағынаны
білдіреді. Стериотип психологиялық трактовкада екі синтезден тұрады.
Біріншіден, стериотип полиграфияда – печатті форма, копия, набордан.
Екіншіден, физиологияда және типологияда динамикалық стериотип – мидың
жалпы әрекеттік формасы, санада, әрекет және рефлекторлы әрекет түрлерінде
көрсетілген. Осылардан әлеуметтік стериотип ұғымы пайда болды саясатта
стериотипті анықтайтын.
Саяси – психологиялық көзқараста стериотип - әлеуметтік – саяси
объектің стандартты, схематизивті, жайлы, нақты, эмоционалды образы
түрінде. Кейде нақты емес, иррационалды құбылыстарда көрінеді.
Стериотипті саяси психологияға алғашында 1922 жылы У. Липпман
енгізген. Стериотиптің екі тарихи негізі бар. Бір жағынан, ол индивидуалды
және топтық өткен тәжірибе және шектелген ақпарат, және де кейбір
спецификалық құбылыстар, өзара әрекетпен қарым – қатынас сферасында
қалыптасқан. Ал басқа жағынан, стериотиптің негізгі тарихы болып массалық
ақпараттың мақсатқа бағытталуы және саяси пропоганда болып келеді.
Стериотип өзімен ауыр, интеграциялық ұйым, екі негізгі элементті
қосатын : білім (когнитивті - ақпараттық компонент) және қатынас
(эмоционалды – сезімді, бағалы компоненттер) қосады. Стериотип сонымен қоса
әрекет компоненттерінен де тұрады, мотивациялық реакция түрінен болатын.
Ереже бойынша, стериотипте доминантты эмоционалды – сезімді бағалықтар
болып келеді. Саяси психиканың қалыптасуында маңызды рольді саяси ойлау,
саяси нұсқама мен стериотиптер болып келеді.
Саяси ойлау генезисі саяси сананың негігі элементі болып табылады, ол
Дж. Адельсонның классикалық жұмыстарында ерекшеленеді. Ол балалық сананы
жасы өсе келе қалай өзгеретінің зерттеді.
Жеке тұлғаның саяси құрылымы әлеуметтік әр түрлі этаптарында біркелкі
қалыптаспайды. 11-13 жасында саяси қалыптасу көрсеткіштері тез қалыптасады.
Керісінше, 16-18 жаста прогресс қарапайым болады. Сонымен қоса 11 жаста
ойлау нақты персонаанализданған және эго орталықтанған болады. 15 жаста
абстрактілі, формааналогиялық ойлау болып табылады. Ол еркіндік, билік,
индивидуалдылық, тепе – теңдік денелерде жақсы меңгеретін болады. Нәтижеге
келетін болсақ, ортақ когнитивті қалыптасуда біріншіден негізгі саяси ойлау
өзгермелілігі абстрактілі деңгейге қол жеткізді.
Саяси ойлау қалыптасуының екінші ерекшелігі - уақыт перспективасының
өсуі. Алда болатын және өткен саяси жағдайларды қазіргі таңда және
болашақта қалай ықпал ететінің біледі.
Когнитивті қалыптасудың үшінші жағдайы - социо орталық. Индивид саяси
жағдайды оның әсерлерінен бөлек адамдарға бағалайды. Орта жаста кейбір
саяси ұжымдарды және институттарды ұжымдық мақсатқа бағытталған, қоғамның
және адамға деген қызығушылығын түсіне бастайды.
Төртінші ерекшелік - сынау мінезінің ерекшелігі. Жеткіншек шаққа өтер
алдында ойлау тез жүйрік, сезімтал прогматикалық шындықпен мінезделеді.
Оған детализация жетіспейді. Дедукцияға қабілеттілік көріне бастайды.
Бесінші ерекшелік - білімге байланысты. Саяси білім кең тез
жиналуымен, дәстүрлі саяси көзқарастарды ұғынумен, стериотиптермен
ерекшеленеді.
Алтыншысы - принциптер күші. Отроческий период кезінде этникалық-
саяси принциптерінің жүйесі автономды түрде құрылады.
Жетінші ерекшелік – Дж. Адельсон бойынша балалық авторитаризмнің
төмендеуі. 11 -12 жастағыларға заңға, құқыққа бағыну керек. Бұл жағдайда
бала қателеспейді. Үлкенірек бала қаламау және жазалау арасындағы
байланысты жақсы түсінеді. Қылмыскерге ауыр жаза беру бала үшін дұрыс болы
саналады. 14 жаста бұл көзқарас өзгереді, бала билікке байланысты
критикалық көзқараста болады, ол қызығушылық бәсекелестік принциптерін,
сонымен қоса объективті кедергіге көңіл бөледі.
Сегізінші ерекшелік Дж. Адельсонның жасөспірімдік социализациясы
бойынша - әлеуметтік мақсаттардың пайда болады, көптеген жасөспірімдер
идеалистік мақсаттарға қарсы. Олар адам табмғатын және әлеуметтік
өзгерістерді, негативті сапаларды оған эгоизм сияқты мәселелерді жақсы
меңгереді. Тек кейбір жасөспірімдер ғана қоғамда радикалды түрде ойлайды.
Көбінесе әлеуметтік өзгерістерді қажет етеді, саяси жүйені қолдайды.
Негізгі ұғымдар: саяси сана, сяси өзіндіксана, саясаттағы ұжымдық
астар саналық, саяси мәдениет, саяси бағыттаулар мен стереотиптер.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Саяси психологияның негізгі категорияларын атаңыз
2. Саяси өзіндік сананы қандай аспектіде қарастыруға болады?
3. Саяси бағыттаулар мен стереотиптердің маңызы қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Майрес Д. Социальная психология. пер. с англ. – СПб.: Питер Ком,1999
2. Андреева Г.М. Социальная психология. Учебник для высших учебных
заведений, - М.: МГУ, 1994
3. Ольшанский Д. В. Основы политической психологии. – Екатеринбург Деловая
книга, 2001

3-4-тақырып. Саяси психологияның негізгі тарихи кезеңдері
1. Қайта өрлеу кезеңіндегі саяси-психологиялық идеялар.
2. Батыс саяси психологиясының бастауы.
3. Саяси психологияның қазіргі жағдайы.
Саяси – психологиялық идеялар оның ресми түрде жеке дара ғылым саласы
болып қалыптасқанға дейін кең қарастырыла бастады. Ежелгі Грецияның
ораторлары алғаш рет түрлі ұлттар типіне біртұтас әсер ету механизмдерін
аша бастады. Ежелгі Рим (Плутрах, Светоний) жеке билік етудің, оған келудің
және билікке күресудің механизмдерін жүйелеп берді. Әсіресе билікті
ұйымдастырудың саяси формаларын суреттеп берген Аристотельдің еңбектері
саяси психология үшін үлкен қызмет атқарады. Ол кездері бұл ашылған
жаңалықтардың барлығы жеке пайымдаулар деңгейіне қалып отырады.
Қайта өрлеу кезіндегі Н. Макиавеллидің государь еңбегі саяси
ғылымның дамуында шешуші роль атқарады. Билік пен басқаруды ұйымдастыруда
маңызды болып саналатын саяси ойындар, қарамағындағылардың психологиясын
есепке алу, шиеленістерді шешу дағдылары сияқты саяси – психологиялық
факторлары күрт өсті. Бұдан кейін Т. Гоббс, Дж. Локк, Ж. Ж. Руссо,
әсіресе Ш. Л. Монтескьенің философиялық көзқарастары саяси психологияның
негізгі бағыттарының қалыптасуына жол аша бастады.
Саяси – психологиялық идеялар тарихында, нақтырақ айтсақ. ХІХ және ХХ
ғасырларда екі басты мектептердің идеялары басымдылық көрсетті. Біріншісі,
социализмнің саяси – психологиясын талдаудың негізіндегі толпа мәселесін
зерттеуші, режим мен идеологияны саяси талдаушы Г. Тард, Ш. Сигеле, Г.
Лебонның зерттеулері. Екіншісі, З. Фрейдтің психоанализ теориясының
идеялары. Оның басты идеясы жеке саяси лидерлердің психобиографиясын жасау
әдәсі болып табылады. Психоанализдің өзіндік салдары Чикаголық ғылыми
мектебі болды,
Ресейдегі саяси – психологиялық идеялардың дамуы әлемдік дамудан
біршама артта қалып отырды. Бірақ саяси психологияның атқаратын міндеттерін
сол кездегі ресейлік көркем әдебиет орындауға тырысты. А. С. Пушкин, Л. Н.
Толстой, Ф. М. Достоевский өздерінің саяси – психологиялық бақылаулары мен
пікірлерін осы тақырыптағы шығармаларында көрсетіп отырды. Сонымен қатар,
саяси – психологиялық пайымдаулар В. О. Ключевский, В. М. Бехтерев (саяси
әрекеттерді рефлекторлық – физиологиялық позициядан түсіндіру) еңбектерінде
кездеседі.
ХХ ғасырдың екінші жартысында саяси психология өзінің ресми түрде
жеке статусын алды : сәйкес корпоративті ұйымдар, университеттік курстар,
периодикалық басылымдар мен монографиялар шыға бастады. Кәсіпқой саяси –
психологтардың көмегіне сұраныстар туындай бастады.
Саяси психология – ол зерттеу бағыты, совет эпохасы білімаралық
кезде, осылай пайда болған саясат пен әлеуметтік психология. Алғашында,
батыс дәстүрлерінен отандық саяси күшінің психология саясаты дамыды,
салыстыру әлеуметтік психология сияқты. Бірақта уақыт аралығында , ол
біртіндеп негізгі статусты иемдене бастады.
Енді осындай тәсілмен, Отандық білімаралық басқа жолмен бару тәсілі
алынған. Саяси психологиясы батыс саяси психология мен пайда болды. Ол
марксистік ғылым болады деп айтылған. Бүгінде бүл тәсіл толық аяқталмаған.
Сонымен де саяси психология термині әлі күнге дейін жан – жаққа тараған.
Бүгінгі күнде саяси психологиясы көбінде маргиналды статус сақтайды.
Бір жағынан, эмпирикалық зерттеу потогы бар, саяси жағы негізінде
әлеуметтік психологиялық ғылымда жасалған. Ал енді басқа бір жағынан,
эмпирикалық – методологиялық өзін - өзі тану саяси психологиясы саясат
жүйесінде. Егерде, батыс саяси психология алғашында өзіндік ғылым
деңгейіне үміттенсе, онда саяси психологиясы көп жылдарда саясат бағытына
жақындайды.
Онтропологиялық сабағы саяси, әрине батыс саяси психологиямен
байланысты. Олар ең алдымен ортақ білім объектісі – саясаттың психологиялық
аспектілеріне, методологиялық күйіне тоқталады.
Саяси психология 80 жылдарда үш маңызды теоритикалық негізді
иеленді. Бірінші негіз саяси философиямен байланысты, және негізгі
марксистік ойлармен пайда болған, адамгершілік факторларымен байланысты
саяи өмірде. Саяси субъекті адамгершілік қызметі болып адам болады бөлек
индивид сияқты, және әр түрлі психологиялық негіздермен иеленеді. Екінші
негіз, саяси психологиясы әлеуметтанумен және әлеуметтік психологиямен
байланысты. Үшінші негіз саяси психология өзі марксистік ғылым болған.
Саяси психология – жаңа ғылым. Оның конституциясы 1968 жылы айтылады,
сонда ғана американдық ассоциация құрамында ғана жеке саяси психология
пайда болды, бір уақытта университет қатарына арнайы программа енгізді,
тереңдеп саясаттарды білім облысында оқытатын.
Осыған дейін саяси психология өзімен жеке, және кездейсоқ жүйелік
емес факторлар ұсынады. Бірақ көбінде оның нақты ережелері болмады.
Методологиялық проблеманың шешілмегені бөгет болды.
Жоғарыда айтылған қызметтік – мінездік жақындау қазіргі кезде ыңғайлы
және кең рамкалар осыған ұсынады, оны адекватты методологиялық нақты негіз
деп санау қиын. Бұл өте жалпы, кең негіз.
Нақты методологиялық негіз бойынша, саяси психология әлі күнге дейін
прагматикалық электизм бағытымен ерекшеленеді : зерттейтін саяси
психологтың объекті практикалық ыңғайлылықты зерттеушінің жинауы
теоритикалық интерпритация алынған қорытындының таңдау негізін ұсынады.
Қазіргі батыс саяси психологияда екі негізгі тенденция бөліп
көрсетуге болады. Бірінші тенденция зерттеулерде келтірілген, құрылымды
функционализм идеясынан алынған және саясаттың жүйелі теориясынан оның әр
түрлілігі. Бұл тенденция саяси қолдау теориясынан келген.
Эмпирикалық саяси психологиялық зерттеулерде бұл идеялар мәдени
антропология, психоанализ және әлеуметтік бихевиоризм Дж. Мид және Ч. Кули
енгізген. Қазіргі уақытта бұл бөлігінде саяси психологияның методологиялық
негіз ретінде инстинктивизм фрейдизмнің адамды танудан енген.
Бұл идеялар саналы идентификация жеке тұлға өзінің саяси партиясымен
және жалпы ирроционистикалық адам табиғатының көрінісі. Осы методологиялық
постулаттар біркелкі қорытындылар береді.
Саяси зерттеу нұсқамаларына байланысты. Мысалы, психоанализ саяси
психология тарихында Г. Лассуэль идеяларында шын берілген, солай радикалды
құрылымда да жаңа салдары . Соңғысы, мұнда да саяси психология әрқашанда
не тапты, сол да керек болады деген принциппен істейді.
Қазіргі саяси психологияны екі жақтан қарастыру керек. Бір жағынан,
батыс саяси психология бар және дамып отырады. Басқа жағынан, 80 жылдары
совет саяси психология пайда бола бастады.
ХХ ғасырдың екінші жартысында саяси психология өзінің ресми түрде жеке
статусын алды: сәйкес корпоративті ұйымдар, университеттік курстар,
периодикалық басылымдар мен монографиялар шыға бастады. Кәсіпқой саяси-
психологтардың көмегіне сұраныстар туындай бастады.
Саяси психологияның қазіргі жағдайы – бұл біртіндеп дамып келе жатқан
динамикалық жағдайы түрінде түсіндіруге болады. Саяси-психологиялық
сипаттағы эмпирикалық материалдар Ресейде және Қазақстанда кеңінен
жасақталып, олардың әлемдік ғылымға қосылу интеграциясы жоғарлап келеді.
Негізгі ұғымдар: саяси идеялар, саяси психологияның қалыптасу
кезеңдері, бағыттар, саяси психологияның методологиясы.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Саясат мәселесінің психологиялық астары туралы алғаш пікірлер айтқан
ойшылдар.
2. Макиавелидің Государь еңбегінің негізгі идеясы қандай?
3. Саяси психологияның қалыптасуында шешуші роль атқарған психологиялық
бағыттар мен олардың өкілдерінің негізгі идеялары.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Андреева Г.М. Социальная психология. Учебник для высших учебных
заведений, - М.: МГУ, 1994
2. Ольшанский Д. В. Основы политической психологии. – Екатеринбург Деловая
книга, 2001
3. Дилигенский Г.Г. Социально-политическая психология. – М.: Новая школа,
1996
4. Юрьев А.И. Введение в политическую психологию. – СПб.: СПбГУ, 1992
5. Майрес Д. Социальная психология. пер. с англ. – СПб.: Питер Ком,1999

5-тақырып. Жеке тұлғаның саяси психологиясы
1. Жеке тұлғаның саяси қалыптасуы.
2. Саяси әлеуметтену мәселелері
3. Саяси сана мен саяси ойлаудың генезисі
Адам саясаткер, жеке тұлға болып тумайды. Оны тұлға, азамат деп қоғам,
мемлекет мойындайды. Мойындау үшін ол қажетті қасиеттерді дамытады. Азамат
үшін ол құқық бұзбау, саяси жүйе, мемлекетке, саяси мәдениетке деген
жағымды көзқарастың болуы. Тұлға үшін адамға қоғам, оны қоршаған топтың
талаптарына сай болу (мақсат, құндылық, әлеуметтік рольдерді дұрыс қолдана
алу, адекватты болу). Жеке тұлға әлеуметтенуі деп - әлеуметтік рольдер
жүйесін меңгеру арқылы тұлға болу. Адам маскаларды ауыстырып, әр түрлі
рольдерді ойнай алатын болса, онда ол жеке тұлға деп саналады, ал егер
ойнай алмаса, онда әлі өскен жоқ деп есептеледі, яғни жеке тұлға
әлеуметтену процесі аяқталмаған деген сөз. Жеке тұлға түсінігі бағалайтын
түсінік. Біз оны қаласақ не қаламасақ та адамды жеке тұлға деп оны қоршаған
немесе басқа орта, қоғам, топ мойындайды. Яғни өзіне және өзінің
қызығушылығы, құндылықтары, нормалары үшін мадақтау ретінде оны жеке тұлға
деп мойындайды. Мысалы: Ленин нақты жеке тұлға ма? деген сұраққа оны
жақтаушылар әрине деп, ал қарсыластар жоқ деп жауап береді. Барлық жауаптар
қатысты болып келеді. Ары қарай барлығы адамға және оның шешіміне,
талғамына байланысты болып келеді. Яғни адамға сол топ ұнаса, онда ол тұлға
болуға тырысады сол топта, ал егер ұнамаса, басқа саяси жүйеден басқа нәрсе
табылады.
А.Н.Леонтьев 3 түсінікті көрсеткен:
• индивид;
• индивидуалдылық;
• жеке тұлға.
Индивид – кез-келген биологиялық тіршілік иесі, туғаннан бастап
индивид болып саналады. Индивидуалдылық – биологиялық тең индивидтерден
өзінің ерекшеліктерін көрсеткен адам. Жеке тұлға – белгілі бір әлеуметтік
ортаға өзін қойған индивидуалдылық болып табылады. Философиялық тұрғыдан
тұлға негізгі ұмтылу болып табылады. Яғни жеке тұлға неғұрлым әлеуметтікті
өзіне сіңірген сайын ол көп адамдар үшін тұлға атанады. Сол әлеуметтің
саясаттанған сайын ол тұлға саяси тұлғаға айналады.
Сөйтіп, саяси әлеуметтену ол индивидтің саяси жүйеге ену процесі.
Нәтижесінде саяси әлеуметтену жеке тұлға саяси санасын, саяси тәртібін
қалыптастырады, яғни саяси жүйенің мүшесі ретінде жеке тұлға қалыптасуы
жүреді.
Жеке тұлғаның саяси психологиясы шешуші, бірақ әлі де толық
қарастырылып болмаған мәселе. Бұл тұлғаны саяси институттарға бағындырған
объективті бағыттың, яғни Левафан туралы ғылымның өрістеуінің себебінен
болады. Бірақ кейінгі онжылдықта жеке тұлғаның саясаттың барлық
деңгейіндегі рөлін айқындайтын дәлелдемелер жасалына бастады.
Саяси әлеуметтену – индивидтің саяси жүйеге саяси мәдениетте бекіген
мемлекет деңгейінде туындаған тәжірибенің негізінде қосылу процесі. Индивид
пен саяси жүйенің өзара әрекеттесу процесінің мақсаты индивидтің сол жүйеге
бейімделуі, оның тұлғалығының азаматқа айналуы. Саяси әлеуметтену
процесінде тұлғаның сол саяси жүйенің мүшесі ретінде азаматтық тұлғалық
қасиетінің қалыптасуы жүзеге асады. Саяси әлеуметенну механизмі жалпы
әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық және даярлық деңгейде қызмет етеді.
Саяси әлеуметтену бірқатар жас кезеңдер мен этаптарында тұлғалық саяси
құрылымның дамуы әр түрлі болады. Сондықтан саяси әлеуметтену жүйесінің 3
негізгі формасын көрсетуге болады:
1. Тура мақсатқа бағытталған әлеуметтену;
2. Стихиялы әлеуметтену;
3. Өзіндік тәрбие мен өзіндік білім алу.
Саяси әлеуметтенудің механизмдерінің жұмыс істеуі бірнеше деңгейде
болады:
• Жалпы әлеуметтік;
• әлеуметтік-психологиялық;
• индивидуалды немесе тұлғаішілік.
Жалпы әлеуметтік деңгейде адамға макроәлеуметтік және макросаяси
факторлар әсер етеді. Оларды адам бағалай алады, сол бағаның негізінде
қоғамға және саяси жүйеге қатынасы қалыптасады.
Әлеуметтік-психологиялық деңгейде саяси мақсаттар мен құндылықтар
үшін кіші топтар арқылы көрініс береді, олардың мүшесі болып индивид
табылады. Жанама қарым-қатынас негізінде саяси жүйенің элементтеріне
үйреніп, оларға деген эмоционалды қатынас қалыптасады.
Индивидуалды деңгейде саяси әлеуметтену механизмдер ретінде
индивидуалды-психологиялық құрылымдар қолданылады. Солардың негізінде
адамның санасы мен әрекет-қылығын саясаттағы билік, басқаратын
қажеттіліктер, мотивтер, нормалар, стереотиптер қалыптасады.
Саяси әлеуметтену барысында саяси белсенділік азаматтардың саяси
қатысуларында жүзеге асырылады. Саяси қатынасулар дегеніміз адамдардың
қызығушылықтарына жету құралы қызметін атқаратын саяси немесе басқару іс-
әрекетінің тікелей қасиеті. Саяси қатысулардың негізінде түрлі
психологиялық мотивтер жатыр. Олар: іс-әрекет сферасы ретінде саясаттың
тартымдылық және қызығу мотиві, танымдық мотивтер, адамдарға билік етуге
жету мотиві, идеологиялық мотивтер, дүниежүзін қайта өзгерту мотиві,
дәстүрлі, меркантильді мотивтер және жалған мотивтер. Саяси қатынасулардың
екі формасы белгілі: активті және пассивті. Активті қатынасулар саяси
лидерлерге тән. Саяси лидер дегеніміз мемлекеттің немесе саяси топтардың,
қоғамдық-саяси қозғалыстар мен ұйымдардың ресми немесе ресми емес
жетекшілері (көсемдері). Саяси лидерлер келесі негізгі функцияларды
атқарады:
• Мақсаттарды анықтау;
• Сол мақсаттарға жету құралджарын қамтамасыз ету;
• Қарамағындағылардың әрекеттеріне және олардың өзара
қатынастарына көмек көрсету, бағыттау;
• Топтың біртұтастығын сақтау.
Саяси лидердің саяси тұлғалық бітістерінің ерекшеліктері негізгі 5
деңгейде жүзеге асады:
1. биологиялық (жыныс, жасерекшелігі, денсаулық жағдайы,
темперамент ерекшелігі және т.б.);
2. психологиялық (эмоционалды-еріктік сфера, ес, қабілет, мінез
еркешеліктері);
3. әлеуметтік психологиялық (мақсаттар, қызығулар, мотивтер,
дүниетанымдар, қатынастар және т.б.);
4. саяси-психологиялық (саяси әлеуметтену, саяси құндылықтар, саяси
таңдаулар, саяси әрекет-қылықтардың нормалары мен үлгілдері);
5. әлеуметтік (лидердің негізгі жалпы әлеуметтік көзқарастары мен
позициялары).
Саяси әлеуметтену – бұл негізінен тұлғаның қалыптасуы болып табылады.
Дж.Адельсонның саяси сананың қалыптасу деңгейі 11-18 жас аралығында 8
негізге бөледі:
• саяси әлеуметтенудің негізгі жүйесі;
• мақсатты түрдегі әлеуметтенудің жүйесі;
• қауырт әлеуметтену;
• өзін-өзі тәрбиелеу және білім;
• саяси белсенділік;
• саяси енжарлық;
• саяси керітартпалық.
Саяси ерекшеліктердің қатысуы қоғамда:
• авторитарлық;
• тоталитарлық;
• демократиялық.
Жеке тұлғаның саясаттағы орны туралы екі көз-қарас бар:
• объекті,
• субъекті.
Г.Гоббстың Левафан кітабының сыртқы мұқабасына үлкен адамның суреті
бейнеленген. Ол адам көптеген кішкене адамдардан құралған кейіпте
көрсетілген. Оның мағынасы үлкен адам ол қоғам, кіші адамдардан тұратын
және өзіне тән қасиетімен қызметтерін атқарады. Нақты өмірде әр түрлі
мотивтер болады. Олардың негізгілері:
1. Саясаттың қызмет түрі ретінде ұнамдылығы және қызығушылық
тудыруы. Бұл адамдар қызмет түріне осы қасиетіне байланысты
таңдайды.
2. Танымдылық мотиві. Саяси жүйе адамға нақта әлемнің суретін
айқындап береді. Саяси білім өзінен басқа саясатты нашар
түсінетіндерден артықшылық береді.
3. Адамджарды билеу, басқару мотиві. Ерте кезден келе жатқан
таңдау.
4. Идеологиялық мотив. Бұл тұрақты әрі өзінің жеке адамы
құндылықтардың саяси жүйе құндылықтарымен ұштасуы.
5. Әлемді жасау, құру мотиві. Әлемнің түзу емес тұстарын
өзгертуге. Түзетуге тырысу.
6. Әдетке байланысты мотив. Көптеген адамдар саясатқа өзінің
қалауы емес, яғни туыстарының дәстүрі бойынша таныс және
достары арасындағы немесе жергілікті дәстүр бойынша
айналысуы.
7. Қаржылық мотив. Бұл адамдар саясат арқылы ақша тауып жұиыс
істеу, ол жарнама таратса да партия мүшесі болуы мүмкін.
8. Қате мотиві. Әр түрлі саяси жүйені үгіттеу үшін белсенді
түрде жеткізілуі мүмкін, бірақ оның қасиеті басқа болады.
Негізгі ұғымдар: индивид, жеке тұлға, индивидуалдылық, саяси
әлеуметтену, саяси ойлаудың генезисі, саяси мотивтер.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Саяси психологиядағы индивид, жеке тұлға, индивидуалдылық ұғымдарының
мағынасын ашыңыз.
2. Саяси әлеуметтену дегеніміз не?
3. Жеке тұлғаның саясаттағы орыны қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Андреева Г.М. Социальная психология. Учебник для высших учебных
заведений, - М.: МГУ, 1994
2. Ольшанский Д. В. Основы политической психологии. – Екатеринбург Деловая
книга, 2001
3. Дилигенский Г.Г. Социально-политическая психология. – М.: Новая школа,
1996
4. Крамник В.В. Социально-психологический механизм политической власти.-
Л.:ЛГУ, 1991
5. Майрес Д. Социальная психология. пер. с англ. – СПб.: Питер Ком,1999
6. Фромм Э. Анатомия человеческой деструктивности. пер. с англ. – Мн,
1999

6-тақырып. Лидерліктің саяси психологиясы
1. Лидерлік теориялары: орта, алмасу, мотивациялық және гуманистикалық
теориялар.
2. Лидерліктің негізгі стилдері.
3. Лидерлік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саясаттанудың пәні, әдіс-тәсілдері мен міндеттері
Стиль және сән
САЯСАТТАНУ ПӘНІНІҢ ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Дін феноменологиясы
Ұлттық идеология астарлары
Саяси әлеуметтану
Қазақстанда саяси топтар демократиялық қоғам қалыптасуы
Ғылымның институциялануы
АДАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ТҰРПАТЫ
Әлеуметтік жұмыскер
Пәндер