Демографияның және оның негізгі белгілері
Лекция тақырыбы: Демографияның және оның негізгі белгілері
1. Демократия туралы ұғым және оның белгілері
2. Демократия антикалық теориясы
3. Жаңа дәуірдегі демократияның классикалық теориясы
1. Демократия деген сөз гректің демос - халық және кратос - билік
деген сөздерінен тұрады, яғыни, халық билігі деген мағынаны білдіреді.
Қазір бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады: 1) мемлекеттің тұрпаты мен
жалпы саяси жүйесі; 2) мүшелерінің теңдігіне басқару орындарының мерзімді
сайлануы және көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген
кез келген ұйымның ұйымдастырылу түрі; қоғамдық құрылымның мұраты және
соған сәйкес көзқарастар.
Демократияның көпшілік таныған біріңғай анықтамасы жоқ. Әр дәуірдің
ойшылдары оны әртүрлі түсінген. Дегенмен, демократиялық мемлекеттердің көп
түрлігіне қарамастан, оның ортақ белгілері болады.
а) Халықтың заң жүзінде мемлекеттік биліктің бастауы санылуы. Ол мемлекетте
ұйымдастырушы, кониституциялық биліктің халыққа тән екендігіне көз
жеткізеді, жоғарғы иоргандарға өз өкілдерін сайлайды және жүйелі түрде
ауыстырып отырады.
б) Халық билігін орнату үшін теңдік қажет. Б.э.ь.V ғасырда өмір сүрген
гректің атақты тарихшысы Геродот сол кездің өзінде демократия деп теңдікке
негізделген мемлекетті айтты. Теңдік барлық салада – халық жиналысында,
мемлекеттің істерге қатысуда, заң шығаруда, оны орындауда және т.т.болуға
тиіс.
г) Табиғатына, әлеуметтік, саяси, мәдени ерекшелігіне байланысты –
заң,құқық алдындағы теңдік болуы қажет. Заң және құқық жалпы және барлығына
бірдей қоғамдық және саяси өмірдегі демократиялықтың негізі және
қорғаушысы.
д) Демократияның кепілі - әділдік. Әділдік - әр дәуірде ерекше мағынамен
қалыптасты, ол қоғамдық санамен тікелей байланысты болды.
е) Демократияның негізгі белгілерінің бірі – бостандық, еркіндік. Теңдікке,
әділдікке, еркіндікке, демократияға, олардың принциптеріне сәйкес өмір
сүруге үйрету демократияның шеңберінде қалыптасады. Демократия болуы үшін
саяси, экономикалық, құқықтық, мәдени, идеологиялық кепілдіктер жүйесі
болуы шарт.
Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік еркіндік
принциптеріне сәйкес негізделген мемлеекттік құрлысты айтамыз.
2. Демократиялық мемлекеттің ең бірінші түріне Афины республикасы
жатады. Ол б.э.б. V ғасырда пайда болды. Онда жоғарғы билік ұдайы шақырылып
тұратын халық кеңесінің қолында еді. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы
саясатына байланысты барлық тмәселелерді шешетін. Халық кеңесіне 20- жасқа
жеткен афиналық әрбір азамат қатыса алатын. Саясатқа қатысу оның бірден –
бір лайықты ісі болып саналатын. Бірақ онда толық құқықты азаматтар көп
болған жоқ. Халық кеңесімен қатар демократиялық жолиен сайланатын бес
жүздік (бес жүз адамнан тұратын) кеңес болатын. Ол атқарушы оргон ретінде
күнделікті басқару мәселелерімен шұғылданады.
Афины мемлекеттік құрлысының үшінші маңызды демократиялық органы он
бөлімнен тұратын халық соты құрады. Істің қандай бөлімде қаралатыны сот
болатын күні жеребе арқылы шешілетін.
Антикалық демократия - тура демократияға жатты. Әрбір еркін азамат
мемлекеттік билеуге қатысуға құқықты және міндетті болатын. Сондықтан адам
мен мемлекеттің арасында қазіргідей партия, парламент, бюрократия сияқтылар
болған жоқ.
Афинылық демократия Периклдің (б.э.б. 490-429) басшылық еткен
дәуірінде гүлденіп өркендеді. Бұл кез Афинылық демократияның алтын ғасыры
болып саналды. Шынында да, асқан саясаткер, керемет шешен, білімді де
білгір Перикл халық көсемі болып есептелді және тиранияға қарсы тұрды.
Б.э.б. 322 жылы афинылық демократия құлап, қала Македонияға тәуелді
болды. Афиныада демократиялық басқару сақталып, бірақ халық кеңесішын
мәніндегі биліктен айырылды.
Афиныдағы сияқты демократиялық мемлекет Ежелгі Римде де болды. Мұнда
демократия одан әрі дамыды. Басы бос, бірақ саяси тең құқы жоқ төменгі
таптың адамдары мен ақсүйектер арасындағы дау- жанжалдың нәтежиесінде
халықтық трибунат деп аталған, халық билігін білдіретін жаңа орган пайда
болды. Соның арқасында адамзат тарихында бірінші болып биліктің аралас түрі
дүниеге келді.
Сонымен, мемлекеттік биліктің демократиялық түрі алғаш рет
Ежелгі Греция мен Ежелгі Римде пайда болды. Жоғары да
көрсетілгендей олардың көптеген жақсы жақтарымен сипатталды. Сондай – ақ
олардың осал жерлеріде бар. Ең алдымен азаматтық құқық барлық адамдарда
болған жоқ. Биліктің шексіздігі және өмірдің барлық саласына араласуы
демократияны көпшіліктің рақымсыздығына, жауыздығына айналуына мүнкіндік
тудырды. Демократияның мұндай түрі тобырды басқаратын көпірме, лепірме,
дауырықпаларға (догматтарға) қолайлы болды. СЧондықтан
Аристотельдемократияны жалпы халықтың игілігін ойлап, ұспамды , ұтымды,
баянды шешім қабылдай алмайтын тобырдың билігі деп сипаттады. Демократия
барлық адамдарды теңдестірді, стихиалы шешім қабылдатады, қызмет адамдарын
қабілетіне, біліміне қарай емес жеребемен қойдырады деп Платон да
жақтырмады. Ол демократияны жақсыдан нашарлау, жаманнан тәуірлеу биліктің
түрі деп қарады. Дегенмен, Антикалық демократияны саясатшылар, тарихшылар,
фәлсафашыларғасырлар бойы зейін қойып зерттеп, оған сүйеніп, жүгініп
келеді. Ежелгі грек, рим демократиясының нышандары жаңа тарихқа енді.
Мысалы, қазіргі ең демократияшыл елдер қатарындағы АҚШ-та римдік саяси
жүйенің принциптері жаңа деңгейде қайталанғандай: президенттік билік –
патшалық билік, сенат – аристократияны, өкілдік палатасы – халық трибунатын
бейнелеп тұрғандай. Заңның үстемдігі, заң алдында барлық азаматтардың
теңдігі, саяси құқықтың теңдігі сияқты антикалық дәуірде бастау алып
қалыптасқан ұғымдар қазіргі демократиялық үрдістің ажырамас бөлігіне
айналды.
3. Жаңа дәуірдегі демократияның классикалық теориясы да антикалық
идеялардан бастау алады. Бірақ оның өзіндік ерекшелігі бар. Оның өзгешелігі
ең алдымен барлық адамдар тең, бәрі де саяси шешімдерді қабылдауға қатысуы
керек деген тезиске байланысты. Оны қоғамдық келісім деген еңбегінде Ж.Ж.
Руссо жан-жақты қарастырды. Оның ойынша, саяси процеске өз бетінше сангалы
іс-әрекет жасайтын, ақылды амамдар қосылғанда жаңа сапа пайда болады. Олар
жиналып ортақ игілік идеясын ойлап табады. Бұл идея саясаттың басшы
принципіне айналады және ортақ ерік, жігер, қайрат негізінде қалыптасады.
Бірақ Ж.Ж. Руссо да, демократияның классикалық теориясының негізін
салушылар да адамның ұтымды, баянды жағын асыра бағалады. Олар қарапайым
адамдардың кәсіби саясаткерлер тарапынан етілетін айла – шараларына,
қулықтарына оңай түсіп қалатындарын, азаматтардың күнделікті өміріне
тікелей байланысты емес өзгерістерге немқұрайлы, селқос қарайтынын
ескермеді. Бұған алғаш назар аударған австралия социолгы Иозеф Шумпетер
(1883-1950) болды. Ол өзімен аталған демократияның шумпетерлік теориясын
жасады. Оның ойынша, жалпы ықтиярлық, тілек барлық халықтың еркімен
қалыптасады, оны жасайтын соған мұдделі кәсіби топ. Демек, демократия
ешқашан халықтың басқаруы емес. Халық тек белгілі бір арадағы институтты
сайлайды. Шумпетер бойынша, басқаратын халық емес, жеке адамдардың
арасындағы бәсекелестік күрес жүреді, ал халық бұл күресте солардың біріне
дауыс береді. Сөйтіп, Шумпетердің тұжырымдамасында либералдық демократия
принциптері қалыптасады.
Либерализм тұлғаның еркіндігін, оның мемлекеттік тираниядан сақталуын
көздейді, жеке адамды қоғам мен мемлекеттен ажыратады, мемлекет пен
азаматтық қоғамның ара жігін ашып көрсетті, барлық азаматтардың саяси
теңдігін жария етті, азшылықтың құқығын қорғады, тұлғаның түбегейлі,
ажырамас құқықтарын белгіледі, оны саяси жүйенің негізгі элементі ретінде
бекітті.
Либералдық принципте халықтың, көпшіліктің орнына жеке адам алға
тартылды. Жеке адам мен халық орын ауыстырылды. Тұлға билікке таласады,
халық дауыс береді. Саяси процесте тұңғыш рет саяси жетекшілік мәселесі
көтерілді.
Мұндай жағдайда халыққа екі қызмет атқаруға тура келді: 1) Саяси
серкелерді, басшыларды сайлау; 2) оларды орнынан алу. Бұл теория бойынша
орнынан сайлау арқылы алынады.
Шумпетердің ойынша, демократияның ойындағыдай жұмыс істеуі үшін төрт
жағдай керек:
1. Маңызды мемлекеттік қызметтерге сайлауға болатын айтарлықтай білікті,
маман ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz