Саясаттану қоғамдық ғылымдар жүйесінде өз орны мен рөлі өзіндік атқаратын қызметі бар ғылым болып табылады



Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Пайдаланылған әдебиеттер

Саясаттану негіздері
1. С. Кенжебаев, Ю. Бұлықтаев
2. Б. Құдайбергенов, Е. Мухамеджанов
3. С. Омар, Д. Раев, Ғ. Ырысалдина

Саясаттану ғылым ретінде
Саясаттанудың зерттейтін мәселесі. Саясаттану қоғамдық ғылымдар
жүйесінде өз орны мен рөлі өзіндік атқаратын қызметі бар ғылым болып
табылады. Ол өзінше күрделі ғылым. Өйткені, оның дербес ғылым ретіндегі
зерттейтін пәні және оның ауқымы туралы мәселелерде осы күнге дейін ортақ
пікір қалыптасған. Мәселен, кей ғалымдар оны философияның бір саласы деп
есептесе, екіншілері заң ғылымының, үшіншілері тарихтың, төртіншілері
әлеуметтанудың саласы деп айтуда. Бірақ бұған қарамастан саясаттану ғылыми
дүниежүзілік ғылыми сахнада академиялық пән ретінде, ғылым ретінде
қалыптасып, кең өріс алуда. Сондықтан саясаттанудың өз зерттейтін мәселесі,
пәні бар дербес ғылым.
Саясаттанудың қалыптасу эволюциясы саяси-ғылыми әдебиеттерде 3
кезеңге бөлінген, философиялық, эмпирикалық және эмпирикалық көзқарастарды
сынау кезеңі немесе қазіргі түсініктегі саясаттанудың дербес ғылым ретінде
қалыптасу кезеңі.
1. Философиялық кезең шамамен Аристотельден бастап, Америкадағы азамат
соғысына дейінгі кезең (1861-1865)
2. Сол азамат соғысынан бастап екінші дүниежүзілік соғысы аралығын
қамтиды
3. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі уақыттан бүгінге дейінгі мерзім.
Шамамен алғанда 19 ғасырдың екінші жартысынан бастап саясаттану дербес
ғылым ретінде, академиялық пән ретінде қалыптаса бастады. 1857 жылы АҚШ-
тағы Колумбия колледжінде Френсис Либер тарих және саяси ғылым кафедрасын
ашады. 1880 жылы осы колледжде алғашқы саяси ғылым мектебі ұйымдастырылды.
Демек саясаттанудың зерттейтін мәселелерін жіктейтін болсақ, оларды
мынандай үш топқа біріктіруге болады. Біріншісіне, саясаттың әлеуметтік
және идеялық-теориялық негіздерін, саяси құбылыстарды белгілі бір нақтылы
тарихи кезеңдеріне сәйкес келетін саяси парадигмаларды жатқызуға болады.
Екіншісіне, саяси жүйе немесесаяси мәдениет, саяси сана, әртүрлі саяси
жүйелердің ортақ белгілері мен ерекшеліктері, олардың ұтымды жақтары мен
кемшіліктері, саяси режимдер, олардың өзгеріп және ауысып отыру жағдайлары
т.б. жатады. Үшіншісіне, саяси институттар, саяси процестер, саяси
әрекеттер мен адамның саяси мінез құлықтарын саяси көсемдік пен саяси
элита мәселелерін топтастыруға болады.
2.1. Саясат және мәні. Саясат ұғымына тоқталатын болсақ, саясат дегеніміз
–қоғамдағы үлкен әлеуметтік топтар мен таптар, ұлттар мен ұлыстар, олар мен
мемлекет арасындағы қарым-қатынас барысындағы олардың өз мүдделерін
қорғауға, іске асыруға, саяси биікті жеңіп алуға, сақтап қалуға бағытталған
және оны қолдау тәсілдері жайлы әрекеттер жүйесі. Екінші сөзбен айтқанда,
саясат ұғымы қоғамның саяси саласындағы барлық құбылыстар мен үрдістерді,
тенденцияларды бейнелейді. Осы тұрғыдан алғанда саясатты белгілі таптың,
партияның, мемлекеттің мүдделері, мақсат-міндеттерініің мазмұны мен ауқымы
көрсетілген құжаттарының жиынтығы деп айтуға болады.
Саясаттың ең басты мақсаты – ол оның бағыттары, деңгейлері, формалары
арасындағы байланысты, бір-біріне өзара ықпалын, олардың үйлесімділігін
және әрекет ету механизмдерін анықтау болып табылады.
Саясаттың объектісі қоғам болып есептеледі. Субъектісі қоғамдағы үлкен
әлеуметтік топтар (таптар, ұлттар мен ұлыстар) мемлекет, партиялар, нақтылы
жеке адам. Саясаттың негізгі мәселесі мемлекеттік билік, ал билік белгілі
бір таптың екінші тапты өзіне бағындыру қабілеті болғандықтан, таптардан,
әлеуметтік топтардан тыс саясат болуы мүмкін емес.
3) Саясаттанудың заңдары мен принциптері, категориялары мен тәсілдері.
Саясаттанудың заңдарын үш топқа бөлуге болады.
1. Саяси-экономикалық заңдар
2. Әлеуметтік заңдар
3. саяси психологиялық заңдар
Саясаттану өзінің танымдық процесінде мынандай негізгі принциптерге
сүйенеді.
1.Саясаттану қоғамның саяси өмірін үнемі қозғалыста болатын құбылыс
ретінде қарастырады.
2.Саяси өмірді үнемі қайшылықта болатын процесс ретінде тану принципіне
негізделеді.
3. Саясаттану саяси құбылыстардың, жалпы саясаттың ішкі біртұтастығын
мойындау принципіне негізделеді.
Бұл бүкіл қоғамдық саяси процесті біртұтас қозғалыс ретінде тануға
мүмкіндік береді. Сондай-ақ, саясаттану ғылыми танымның мынандай жалпы
философиялық принциптеріне де сүйенеді: тарихи-логикалық, сабақтастық
принциптері, абстракциядан деректелікке өту, жалпының ерекшенің және
жекешенің диалектикалық бірлігі принциптері.
Саясаттанудың ғылым ретінде өзінің категориялары жүйесі бар. Категориялар
дегеніміз әр ғылымның бүкіл құрылымдық табиғатын айқындауға, түсіндіруге
қолданатын негізгі ұғымдарына төмендегілерді жатқызуға болады: саясат,
саяси өмір, саяси жүйе, саяси процесс, саяси қозғалыс, саяси ұйымдар, саяси
мүдде, саяси партия, саяси билік, саяси институттар, саяси қатынас, саяси
құндылық, саяси мәдениет, саяси этика, мемлекет, саяси құқық, саяси
үстемдік, саяси конфликт, саяси ымыра, саяси статус, саяси күрес, саяси
бостандық пен теңдік, саяси жауапкершілік, саяси көсем т.б.
Жүйелік тәсіл. Бұл тәсіл саясаттануда зерттелетін құбылыстардың пайда
болуы, оның даму барысы туралы шынайы бағдарламаларды жасауға көмектеседі.
Жүйелік тәсілі зерттеу объектілерінің ерекшеліктерін, саясат пен қоғамдық
ортаның өзара байланысын есепке алу арқылы жүргізіледі. Бұл саясат пен
қоғамның экономикалық, әлеуметтік, мәдени-рухани, демографиялық, ұлттық,
психологиялық факторлардың бір-біріне өзара ықпалын ашуға мүмкіндік
жасайды. Жүйелік тәсіл арқылы экономикалық даму жүйесі мен қоғамның саяси
жүйесі, урбанизация мен адамдардың саяси мүддесі, саяси белсенділігі, саяси
партиялардың сандық және сапалы көрсеткіштері мен сайлау жүйесі арасындағы
өзара байланыстылықтар ашылады.
Бихевиористік тәсіл. Бұл саяси құбылыстарды жеке адамдар мен оның
топтарының мінез-құлықтарына талдау жасау арқылы зерттейтін тәсіл.
Бихевиористік тәсіл төмендегідей негізгі талаптарға сүйенеді:
1. Саясаттың басты субъектісі адам болып табылады.
2. Саяси құбылыстарды зерттеуде жеке адамның саясатты түсінуіне,
мойындауына, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Социология ғылымы туралы жалпы түсінік беру
Әлеуметтанудың қалыптасуы, оның зерттеу объектісі мен пәні
Саясаттанудың заңдары мен принциптері
Саясаттану ғылым және пән ретінде
Әлеуметтанудың құрылымы мен қызметі
Саясаттану ғылымының болашақ мамандардың білімін жетілдіру
Саясаттанудың ғылым ретіндегі пәні, әдістері мен қызметтері
Қазақстан Республикасындағы саяси коммуникация: ерекшеліктері мен проблемалары жайында
Қазақстан Республикасындағы саяси коммуникация: ерекшеліктері мен проблемалары
ӘЛЕУМЕТТАНУДЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
Пәндер