Адвокатура және адвокаттық қызметтің түсінігі және ұйымдастыру қызметінің негізгі қағидалары



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

№1 МӨЖ
Адвокатура және адвокаттық қызметтің түсінігі және ұйымдастыру қызметінің негізгі қағидалары

Қабылдаған: з.ғ.д., профессор Нақыпов Б.И.
Орындаған: Шәуенова Н.Қ.
МЗК - 711

Түркістан 2018
Мазмұны

Кіріспе

1. Адвокатура түсінігі, мақсаты мен міндеттері

2. Адвокаттық қызмет түсінігі, негізгі бағыттары

3. Адвокаттық қызметті ұйымдастырудың негізгі қағидалары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Адвокатура әлеуметтік-құқықтық институт ретінде кез келген мемлекеттің азаматтық қоғамында ерекше орын алады. Сонымен қатар, өзінің негізгі қызметін заңдармен кепілдендірілген құқықтар мен бостандықтардың құқықтық қорғалуын нығайтуға жәрдемтесуге бағыттайды. Адвокатура институтының жүйесі әр жақты және күрделі, сондықтан жан-жақты талқылауды және талдауды қажетсінеді. Адвокатура деген аса маңызды қоғамдық институт әр мемлекеттің заңнамасынан, ішкі құқығынан орын тапқан. Азаматтардың білікті заң көмегін алу құқығын қамтамсыз етуге тиісті құқық қорғау жүйесінде адвокатураға маңызды орын беріледі. Адвокатураның қызметі білікті заң көмегіне жүгінген азаматтар мен ұйымдарды сондай қызмет көрсету жолымен құқықтық қорғауды қамтамасыз етуге тиіс. Білікті заң көмегін алу құқығын конституциямен кепілдендірілген қағида деңгейіне көтеру адвокатура қызметінің аса маңыздылығын көрсетеді. Адвокатураның сонау ерте заманнан қалыптасып, дамып келе жатқанынан оның сол кездегі қоғамдағы қаншалықты маңызды болғанын көруге болады. Ал қазіргі кездегі адвокаттардың рөлі туралы халықаралық құжаттар адвокатураның рөлі мен адвокаттардың мәртебесін одан әрі арттырмақ. Адвокатсыз әділсоттың әділ болуы екіталай - деп И.Я.Фойницкий бекер айтпаған. Шынымен, адвокатураның ең басты алдына қойған мақсаттары - заңға қызмет ету мен әділдік үшін күрес десек қателеспейтін шығармын. Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау халықаралық құқықпен кепілдендірілген. Адвокатура демократиялы құқықтық мемлекеттің тәуелсіз институт ретінде адамның құқықтары мен бостандықтарын, заңи мүдделерін қорғауға бағытталған. Адвокатура - адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және білікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етілген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған ұйым. Адвокатура қылмыстық істер бойынша қорғау, азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және басқа да істер бойынша өкілдік ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мен іске асыруға жәрдемдесу мақсатында заңды көмегінің өзге де түрлерін көрсету жөніндегі адвокаттардың қызметін ұйымдастырады.

1. Адвокатура түсінігі, мақсаты мен міндеттері

Шетел терминдерінің қазіргі сөздігінде "Адвокатура" термині 1) ұйымды, адвокаттар алқасын; немесе 2) адвокат қызметін білдіреді. Заңи əдебиетте жəне қолданыстағы заңнамада адвокатураның нақты анықтамасы жоқ. Мысалы, "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының бірінші бабы осы терминді түсіндіруден емес адвокатура мақсатын көрсетуден басталады. Ал 20- бапта тек адвокаттар алқасы ұғымы ғана берілген. Сондықтан да, көрсетілген олқылық орнын толтыра жəне осы ұғымды кеңейте отыра, өз түсінігі-мізше, адвокатураны азаматтар мен ұйымдарға кəсіби заң көмегін көрсететін тұлғалар қызметінің негізін анықтайтын қоғамдық құқықтық институт деп санаймыз.
Адвокатура - құқықтық институт болып, ол адвокаттық қызметпен шұғылданушы адамдар және жеке адвокаттық операциямен шұғылданушы бөлек кісілердің кәсіптік бірлесулерін өз ішіне алады.
Адвокат - жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алған, міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және осы Заңмен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы.
Адвокаттар алқасы заңды жəне жеке тұлғаларға білікті заң көмегін көрсету, адвокаттардың құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру жəне қорғау үшін, жоғарыда аталған Заңда белгіленген өзге де білдіру міндеттерді атқару үшін құрылған адвокаттардың коммерциялық емес, тəуелсіз, кəсіби, өзін-өзі басқаратын жəне өзін-өзі каржыландыратын ұйымы болып табылады.
Жеке жəне заңды тұлғаларға заң көмегін көрсете, анықтау, алдын-ала тергеу, сот, мемлекеттік жəне басқа органдар мен ұйымдарда жəне азаматтармен қарым-қатынаста өкілдік пен қорғауды жүзеге асыра, сот төрелігін жүзеге асыру процессінде сайысушы тараптардың бірі ретінде қатыса отыра, адвокаттар ақы алады, оның бір бөлігін алқа қызметін қолдауға жұмсайды. Яғни, олар атқарған қызмет -коммерциялық əрекет емес.
Сөйтіп, адвокаттар алқасы құрылу жəне жұмыс істеу əдісі бойынша мемлекеттік органдарға тəуелсіз өзге ұйымдық-құқықтық нысандағы кəсіби бірлестікке жатады. Алайда олардың қызметінде кəсіби бірлестікке тəнемес мынадай белгілер де бар. Бұл ең алдымен олардың əділет органдары мен қарым-қатынас сипатына қатысты, атап айтқанда ҚР Əділет министрлігінде азаматтар мен заңды тұлғаларға, оның ішінде адвокаттар алқасына қызмет көрсетуге байланысты, қылмыстық жəне азаматтар істерді қарау ксзіңде өкіл немесе қорғаушы ретіндегі адвокаттың жағдайын, адвокатты тəртіптік жауапкершілікке тартуды жəне т.б. ұйымдастыру үшін өзара байланыс жəне жағдай жасау жөніндегі бөлімнің болуы. Сонымен қатар, əділет органдары адвокаттық қызметпен шұғылдану құқық үшін лицензия беруге тиіс. Алайда, бұл адвокаттардың тиісті лауазымдық, міндеттемесін атқаратын қызметшілер екендігін білдірмейді.
Біріншіден, адвокаттар мемлекеттік органдарда қызмет атқармайды (тағайындау, сайлау немесе конкурс бойынша), яғни мемлекеттік қызметте жоқ. Олар адвокаттар алқасымен шарт жасамайды.
Екіншіден, мемлекеттік қызметшілер қызметтік міндеттемені орындайды, мемлекеттің немесе оның органының атынан жəне тапсырмасы бойынша əрекет етеді. Олардың көпшілігі мемлекеттік-биліктік өкілеттіктерді атқарады. Бұл қағида ешбір жағдайда да адвокаттарға қолданылмайды. Олар азаматтар мен ұйымдарға заң көмегін көрсетеді, өз атынан сөз сөйлейді жəне азаматтар мен мемлекеттік органдарға қатысты - мемлекеттік-биліктік өкілеттіктер жүктелмеген.
Үшіншіден, адвокаттар өз еңбегі үшін мемлекеттік -қызметшілер сияқты мемлекеттен сыйақы алмайды. Көрсеткен заң көмегі үшін төлем ретінде азаматтар мен ұйымдардан адвокаттар кеңсесіне жəне заң консультациясына түскен қаражаттан еңбекақы алады (Заңның 5-бабы). Заңнамада азаматтарға тегін көмек көрсетілетін жағдайдың өзінде адвокат еңбегі заң консулътациясының немесе адвокат кеңсесінің қаражатынан, ал егер адвокат клиенті процесті жүргізген орган немесе сот қаулысы негізінде төлемнен босатылса, онда республика бюджеті қаражатынан төленеді. Заң консультацияларында меңгерушінің кесімді жалақы алуы да, мұнда да жалақы сол көздерден төленгендіктен істің мəнін өзгерте алмайды
Адвокатураның мақсаты:
1. Қазақстан Республикасындағы адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және бiлiктi заң көмегiн алуға мемлекет кепiлдiк берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етiлген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге, сондай-ақ дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесуге арналған.
2. Адвокатура қылмыстық iстер бойынша қорғау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша, сондай-ақ қылмыстық және азаматтық істер мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өкілдік ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мен iске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегiнiң өзге де түрлерiн көрсету жөнiндегi адвокаттардың қызметiн ұйымдастырады.
Адвокаттық қызмет шеңберiнде адвокаттар көрсететiн заң көмегi кәсiпкерлiк қызмет болып табылмайды.
3. Жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және оларды іске асыруға жәрдемдесу мақсатында адвокаттар кәсіби негізде көрсететін білікті заң көмегі адвокаттық қызмет болып табылады.
Адвокатураның міндеттері:
жеке және заңды тұлғаларға заңдық көмек көрсету, құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға көмектесу, заңдылықты сақтау және нығайту, жеке адамдардың құқықтарын қандай да болмасын қол сұғушылықтан қорғау, заңдылық үшін күресу, сот әділдігіне жәрдемдесу.

Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары шебер, істі жақсы біліп, біліктілік танытып, құқығы қорғалғанда ғана толық көлемде жүзеге асырылады. Бұл жағдайда заңды білу ғана емес, нормативтік-құқықтық актілерді қолдану тәжірибесін білетін білікті маман керек. Азаматтар, әдетте, заңнаманың негізгі ережелерімен ғана таныс. Ал субъективтік құқықтарды қорғау үшін заңды неғұрлым терең білу және оларды қолдану тәртібін меңгеру қажет. Бұл кәсіби білімі бар заңгерлер мен адвокаттардың көмегін қажет етеді.
Адвокаттардың заңды көмегі
Адвокат азаматтар мен ұйымдардың мүдделерін қорғау үшін заңды әдіс-тәсілдер арқылы мынадай заңгерлік көмек көрсетеді:
* кеңестер, түсініктемелер беру;
* талап-арыздарын, шағымдар мен қолдау хаттарын толтыру және құқықтық сипаттағы өзге де құжаттарды толтыру;
* тергеу және алдын ала тергеу кезінде қорғау; қылмыстық істер бойынша сотта жәбірленушілерді, азаматтык, талапкерлерді және азаматтық жауапкерді ұсынады;
* азаматтық істер мен әкімшілік заң бұзушылық істері бойынша соттарда және мемлекеттік органдарда өкілдік қызмет аткарады;
* азаматтарға және ұйымдарға заңнамаға қайшы келмейтін заңгерлік көмек көрсетеді.
Адвокаттың қылмыстық іс жүргізуге қатысуы айыптаушыларды (күдіктілерді) қорғау қызметін жүзеге асыруға байланысты болады. Әрбір ұсталған, тұтқындалған, айыпталған адамның ұсталган, тұтқындалған немесе айып тағылван сәттен бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалану құкығы бар.
Қылмыстық жауапқа тартылған адам қорғаушы алуға міндетті. Егер ол азамат немесе оның жақын туыстары немесе заңды өкілдері адвокат шақырғысы келмесе, онда ол тергеушінің, прокурордың немесе судьяның қаулысымен тағайындалуы тиіс. Бұл жағдайда адвокаттың еңбегі толықтай республикалық бюджет қаржысынан төленеді.
Заңнамада тыйым салынбаған өзге де заң көмектеріне мыналар жатады:
* занды тұлғалардьщ жарғыларын жасау және олардың құжаттарын тіркеуге әзірлеу;
* келісімшарттар жасау;
* коммерциялық операцияларға қызмет көрсету;
* кеңес берушілері жоқ ұйымдарға заңдық қызмет көрсету.
Адвокат қызметімен айналысуға құқығы бар азаматтар адвокаттар алқасы деп аталатын ерікті бірлестікке бірігеді. Адвокаттар алқасы адвокаттардың коммерциялық емес, тәуелсіз, кәсіби, өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі қаржыландыратын ұйымы. Ол жеке және заңды тұлғаларға білікті заң көмегін көрсету үшін құрылады.

2. Адвокаттық қызмет түсінігі, негізгі бағыттары

Адвокаттық қызмет - кəсіби, бірақ кəсіпкерлік емес қызметтің түрі. Советтік адвокатура (М., 1989) кітабында профессор Н. Н. Полянскийдің осыған қатысты сөзі келтірілген: адвокаттық қызметке деген өз көз алдында оны түсіретін, оны жай өнердің қатарына түсіретін, адвокатты өз қызметін сататын өзге тұлғалардың қатарына қоятын қарым-қатынас аса ауыр жазалауға тұрады (Қылмыстық қорғанудағы шындық жəне өтірік. - М: Құқықтық қорғау баспасы, 1927). Заңи əдебиеттерде кəсіпкерлік ұғым ретінде өзіндік құқықтық дəстүрлерге негізделген кейбір ерекшеліктерден тұрады деп өте əділ түрде белгіленді. Бұл ерекшеліктер кəсіби қызметтің өзге түрімен айналысатын тұлғаларға қатысты. Сондықтан да адвокаттар алқасының мүшелері, жеке тəжірибеден өтуші заңгерлер, жəне т.б. кəсіпкер болып табылмайды.
Адвокаттық қызметінің негізгі бағыттары
Адвокаттар алқасы - адам мен азаматтың, мемлекет пен қоғамдық ұйымдардың заңды құқықтарын қорғауға жəрдемдесу жəне өкілдік ету үшін кəсіби заңгерлер құратын мемлекеттік емес жəне коммерциялық емес құрылым.
Егер осы міндеттерді нақтылайтын болсақ, адвокатура қызметінің негізгі бағыттары əртүрлі заң көмегін корсетуге жəрдемдесу болып табылады. Олар:
♦ шешілімі кəсіби заң білімін талап ететін мəселелер бойынша консультациялар, түсіндірмелер, кеңестер, жазбаша қорытындылар беру;
♦ талап қою арыздарын, шагымдар мен құқықтық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР адвокатура қызметінің құқықтық негізі
Адвокатура мен адвокаттық қызметтің түсінігі мен маңызы
Адвокаттық қызметі
Адвокаттық қызмет пәнінен лекция тезистері
Ежелгі замандағы адвокатура институтының қалыптасуы мен даму тарихы
Адвокаттар алқасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі
Адвокатура қызметінің құқықтық мәртебесі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДВОКАТУРА ЖӘНЕ АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ
Азаматтық іс жүргізудегі адвокаттың құқықтық жағдайы
Адвокаттар алқасы мүшелерінің құқықтық жағдайы
Пәндер