ҚР адвокатура қызметінің құқықтық негіздері
А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
№2 МӨЖ
ҚР адвокатура қызметінің құқықтық негіздері
Қабылдаған: з.ғ.д., профессор Нақыпов Б.И.
Орындаған: Шәуенова Н.Қ.
МЗК - 711
Түркістан 2018
Мазмұны
Кіріспе
1. Адвокатураның пайда болуы, даму тарихы
2. ҚР адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Соңғы жылдары адвокатураның беделі ерекше өсті. Ол мемлекеттік, саяси басқарудан, оның ішінде қызметтеріне қол сұғушылықтан босатылған, адвокаттардың даусы сотта еркін ашық естілуде.
Қазіргі қабылданып жатқан заңдар, жұмыс жасап жатқан заңдар тұлғаны қорғау үшін қажетті жағдайлар жасаған. Адвокатураның қоғамдағы рөлі Қазақстан жерінде кең ауқымды көлемде артуда. Себебі қандай да бір қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік істерді жүргізу барысында азаматтардың мүдделерін адвокат қорғаушы ретінде, өкіл, заңды өкіл ретінде заңды өкілдік жасайды. Осы қызметтерді жүзеге асыруда Қазақстан Республикасында көптеген жұмыс атқарылуда.
Адвокатураның қызметін реттейтін заңды орындауда әрбір адам өзінің тарапынан іс-әрекет жасауы тиіс. Егер де заңдар орындалмаса, онда өзіміз бір қалыпты жұмыс жасай алмайтындығымыз әшкереленеді.
Әлемдік адвокатура мыңжылдық тарихқа ие. Оның негізінде адамдарға деген сүйіспеншілік, адамның жеке мүдделеріне деген сыйластық, біз адамгершілік деп атайтын түсінік қалыптасты. Гипократтың Primum non nocere - Ең бастысы зиян келтірме деген сөзі тек дәрігердің қызметіне ғана емес, адвокаттың қызметіне де қатысы бар. Кейбір зерттеушілер адвокаттық кәсіпке құдайлық сипат беріп, былай деген Адвокаттық кәсіп-Құдай сөзіне жатады, ол құдай алдында адамның ұрпағын қорғаған болатын ( Фио-де-ля-Марш), Құдайдың сөзі адамзаттың бірінші адвокаты (Гуссон). Адвокатура тарихы терең ғасырлар түбінде жатыр, сондықтан қазір оның нақты біздің қоғамда қашан пайда болғанын анықтау қиынға соғады. Адам қоғамының заңи дамуының алғашқы сатыларында адвокатура қазіргі кездегідей нысанынан мүлдем өзгеше болды. Е.В. Васьковскийдің байқауынша: Барлық әлеуметтік институттар секілді адвокатура да біртұтас ұйымдасқан түрде қалыптаспады. Жаңа туылған сәби тәрізді біртіндеп-біртіндеп өсіп жетілді.

Адам қоғамының дамуының алғашқы кезеңдерінде, құқықтық нормалардың әлі қарапайым болғанында, әр адам дауда өзін өзі бөтен адамның көмегіне жүгінбей қорғай алатын. Алайда қоғамның дамуымен өмірлік қатынастар күрделеніп, құқықтық нормалар өзгере бастады. Азаматтарға оларды меңгеру мен қолдану қиынға соқты. Енді оларға материалды және процессуалды құқықтың ерекшеліктерімен жақсы таныс адамның көмегіне жүгіну қажеттігі туындады. Адвокатураның пайда болуы алғашқы соттың және процесстің қалыптасуы кезеңіне жатады. Оңтүстік Африканың ежелгі тайпаларында адвокатураның басты сипаттары көрінді десек те болады. Мысалы, Оңтүстік Шығыс Африканың кафра деген тайпаларында талапкер сотқа қорғаушы қызметін жүзеге асыратын етіп өз туған туыстары мен достарын қорғауға шақыртуына рұқсат етілді. Түркияда кезінде муфтийлар деп аталатын ислам құқығын жетік білетін тұлғалар болды. Олардың міндеті мүдделі тұлғаларға заң кеңестерін беру. Муфтийлардың айтқан сөздері заң күшіне де ие болды.
Тарихта бізге Қытай, Жапон сияқты Шығыс елдері мен Азия елдерінің адвокаттық кәсіптің қалыптасуы туралы деректер сақталмаған. Бұл елдердің адвокатура институты Батыс Еуропа мен АҚШ мемлекеттеріндегідей бай тарихқа ие емес. Сақ, сармат, ғүн, аландар, ежелгі түрік халықтары және т.б. көшпенді халықтары әділсот, өкілдік ету институтын білмеді. Ежелгі Үндістан, Мысыр, ежедгі еврей мемлекеттерінде және ежелгі Грецияда сот қорғауының алғышарттарын көруге болса да, оның жүргізілуінің ережелері не жазбаша заңдар, не орныққан әдет-ғұрыптар жоқ. Ислам дінін ұстанушы мемлекеттерде ұқсас құқықтық құрылым болды, себебі олардың заңнамасы бір қайнар көз Құраннан шығып отырды. Ежелгі иудейлерде құқық дінмен теңестірілді. Өкілдік құқықтық институт ретінде болған емес. Ол кезде моральдық-этикалық нормалар әрекет етті. Кез келген қалаушы қорғаушы бола алатын. Бұл қасиетті міндет болып саналатын.
Ежелгі Грекия астанасы Афиныда адвокатураның дамуына барлық мүмкіндіктер болды. Біріншіден, ол мемлекеттің демократиялық құрылымы, оратор шеберлігінің гүлденуі, қалалықтардың қарқынды дамыған қоғамдық өмірі. Ежелгі Грекия кезінен бізге Сократ, Перикл, Демосфен, Лизит және т.б. ораторлар сиялық про-адвокаттардың есімдері белгілі. Олардың сотқа қатысты жарыссөздері біздің күнге дейін жеткен. Ежелгі уақытта іс жүргізуде жариялылық, ауызшалық және бәсекелестік бірінші орынға қойылды. Әр тарап сотқа жеке өздері келіп, өз құқықтарын өз бетінше қорғап отырды. Алайда, нағыз адвокатура одан кейін дамыды.
Қазақстанда адвокатураның 1917 жылға дейінгі кезеңде қалыптасуы
Қазақстандағы адвокатураның бүгінгі қызметі мен жəй-күйін оның қалыптасу, құрылу жəне даму тарихын мейлінше түсіну жəне қарастыру мүмкін емес. Өйткені бұларсыз осы маңызды қоғамдық-құқықтық, институттың алдында тұрған міндеттердің мəнін түсінуге болмайды. Ақыр аяғында бұл бізге құқықтық жəне демократиялық мемлекетті құруда адвокатураның орнын, ролі мен маңызын анықтауға мүмкіңдік береді.
Адвокатураға жүктелген міндеттердің орындалу ерекшеліктеріне жəне құқықтық қатынастар жүйесіндегі оның жағдайына орай тарихтың əр кезеңінде оған деген көзқарас қоғамның саяси жүйесіне, оның экономикалық денгейіне, азаматтардың құқықтық мəдениеті мен құқықтық санасына жəне көптеген басқа жəйттарға байланысты өзгеріп отырды.
Адвокатураның қалыптасу жолы қиын болды жəне қоғам дамуының жекелеген кезеңінде адвокатура ұйымдары қызметінің нысанын, тəсілдері мен əдістерін жетілдірудің сан түрлі жолдары іздестірілді.
1917 жылға дейінгі мерзімде кəсіби адвокатураның өмірге келуі Ресей империясындағы (құрамына Қазақстан кірген) зандылықтың қалыптасу жəне даму тарихымен жəне 1864 жылгы озық сот реформасының жүргізілуімен тығыз байланысты.
Сол дəуірдегі заң терминологиясында "адвокат" ұғымы 1864 жылы пайда болды, алайда тінпі кеңестік дəуірдің өзінде 1939 жылға дейін қолданыстағы заңнамада пайдаланылған жоқ. Адвокаттар алқасы сияқты адвокатура қызметінің ұйымдық- құқықтық нысанына келсек, ол еш уақытта да дамыған демократиялық елдегідей (АҚШ, Германия, Франция жəне т.б.) қоғамдық-құқықтық маңыз бен корпоративтік бірлікке еш уақытта да жəне бүгінгі күнге дейін ие болған жоқ.
1864-жылғы сот жарғыларымен (Сот ұйғарымдарын белгілеу туралы Жарғы; Азаматтық сот ісінің Жарғысы; Татуластырушы судьялар қолданатын жазалар туралы Жарғы.) төлтума жəне тиімді сот төрелігі жүйесі құрылды.
1864-жылғы 20-қарашада Билік етуші сенаттың Жарлығымен бекітілген Сот ұйғарымдарын белгілеу туралы Жарғы адвокатураны Ресейдің жаңа заң мекемесі етті.
Патша самодержавиясы кезінде адвокаттық қызметтің дамуы мемлекеттің азаматтық қоғамының жаңа тəуелсіз институттарын -- кəсіби адвокаттық бірлестіктерді құруға рұқсат ету ниетінің жоқтығымен тежелді, I Петрден бастап (ол оларды "өсекші, ұрылармен жəне суайттармен ымыра-лас" деп атады, "өздерінің қажетсіз бос дəлелдерімен судьяның басын қатырады жəне істі тез бітірудің орнына оны боссөзділікпен ұзаққа созады") I Николайға дейінгі барлық императорлар ("Францияны адвокаттар емей, құртқан кім? Мирабо, Марат, Робеспьер дейтіндер қайдан шыққан?!" Жоқ... Ресейді мен билеп тұрғанда адвокаттар қажет емес -оларсыз да өмір сүреміз") батыстық үлгідегі адвокаттық корпорацияны Ресей империясында құруға табандылықпен қарсы күресті.
Сот жүйесінің реформасына дейін қорғау институты нақты міндеті, мақсаты мен мүддесі бар қандай да бір ресімделген жəне ұйымдасқан қоғамдық топ бола алмады. Бұның үстіне олардың өкілдерінің тиісті кəсіби білімі, өзінің ұйымдық құрылымы мен атауы болған жоқ. Бірнеше ғасыр бойында адвокаттардың міндетін жеке адамдар - делдалдар (стряпчий) немесе істі қузаушылар (ходатаи) атқарды. Олардың міндеті заңмен реттелмеді, соған орай оларға қомақты талап қойылмады (арнайы білімнің болуы жəне т.б.) Əдеттегідей, олардың міндеті кейбір құжаттарды (қағаздар-ды) жазып-тасумен шектелді, тіпті 1832 жылы присяжной делдалдар (стряпчий) институтының құрылуы да өз қызметінің жіктік сипатына орай Ресейдің сан алуан əлеуметтік жіктерінің өкілдеріне сот пен басқа мекемелерде олардың мүддесін қорғауға кепілдік бере алмады.
Сот ұйғарымдары мекемесі адвокатура ұйымдарының негізіне қарама-қайшы ереже енгізді, оның мəнісі бүгінгі түсінік тұрғысынан олар өзінің қызмет міндеті мен саласы бойынша қисынға келмейтін құқықтық делдал, шешен жəне өз клиентінің сенімді өкілі құзіреттерін қоса атқарды. Осы құқықтық телінушілік қазіргі ҚР заңнамасында сақталған, біздінше олай етудің ешбір орайы жоқ. Еуропаның көптеген елдерінде құқықтық делдал мен соттағы өкілдік екі дербес институт ретінде дамыды.
Адвокаттар екі саннатқа бөлінді: присяжной (алқа) сенімділері-адвокаттар - кəсіби ант беретін корпорация жəне адвокаттық қызметпен жеке дара айналысатын жеке сенімділер. Сот палатасы жанынан присяжной сенімділері мүшелерінен сайланатын присяжной сенімділерінің кеңесі құрылды. Олардың міндетіне жекелеген адвокаттар қызметіне бақылау жəне басқа да іс-əрекеттер кірді. Присяжной сенімділері кеңесінің қызметіне жоғарғы қадағалау Сот палатасы мен Билік етуші сенатқа жүктелді.
Присяжной сенімділері корпорациясының өзін-өзі басқаруы ретінде сот палатасы жанынан присяжной сенімділері кеңесі жұмыс істеді (алайда барлық губернияда емес). Олар лауазымдары сайланбалы төрағадан, жолдастар төрағасынан жəне кеңес мүшелерінен тұрды. Кеңеске сайлау жəй көпшілік дауыспен əрбір лауазымға жеке жүргізілді. Кеңес бұрынғы құрам есебінен кейін жыл сайын присяжной сенімділерінің жалпы жиналысында қайта сайланды.
Кеңес өз қызметін əртүрлі бағыттар бойынша жүргізді. Ол присяжнойлық сенімділерді қабылдады жəне босатты, тəртіптік практика жүргізді, присяжной сенімділер арасында "тегін" істер бөлді, олардың арасыңдағы дау-дамайды реттеді, ол өз шешімін жай көпшілік дауыспен қабылдады.
Сөйтіп, присяжнойлық адвокатура сайланбалы органдар түріндегі жəне жоғарғы сот орындарының сырттай қадағалауындағы ішкі өз-өзін басқаруға біріккен присяжнойлық сенімділер сословиясы дейтін - ерікті кəсіп адамдарының корпорациясы - присяжнойлық сенімділер кеңесі. Қылмыстық істер бойынша қорғаумен, азаматтық процесте тараптарға өкілдік етумен қатар (оның ішінде сот тағайындауы бойынша) адвокаттарға, кедейлер үшін тегін консультация беруді қоса алғанда, халыққа заң кемегін көрсету жүктелді.
Сот ұйғарымдары мекемесі туралы Жарғымен жаңа қоғамдық-құқықтық институтқа қатаң талаптар қойылды. Онда присяжной сенімділердің құқықтары, міндеттемелері мен жауапкершілігі нақты көрсетілді. Бұл үшін қажетті шарттарға сай келген жəне белгіленген тəртіппен адвокаттар корпорациясына қабылданған адамдар ғана присяжной сенімділері бола алды.
Осы нормативтік құқықтық талаптар екі санатқа бөлінді - оң (бола алатын) жəне жағымсыз (бола алмайтын). Сот ұйғарымдары мекемесінің 354-бабына сəйкес 25 жасқа толған, жоғары заң білімі жəне сот ведомствосының шенеунігі немесе присяжной сенімдісінің көмекшісі ретінде бес жыл сот тəжірибесі бар адам ғана присяжной сенімдісі бола алатын. 355-бапта кімдердің присяжной сенімдісі бола алмайтындығы ашық көрсетілді: 1) 25 жасқа толмағандар; 2) шетелдіктер; 3) қарызын төлей алмайды деп жарияланғандар; 4)жалақысыз құрметті немесе қоғамдық лауазымдағы адамдарды қоспағанда, үкіметте немесе сайлау бойынша қызметте тұрғандар; 5) сот үкімі бойынша дəулет құқығынан айыруға немесе шектеуге ұшырағандар, сондай-ақ дін сотының үкімі бойынша діни мəртебеден айырылған дін қызметшілері; 6) дəулет жағдайының құқығынан айыруға немесе шектеуге əкеп соққан қылмыстары мен теріс əрекеттері үшін тергеуде тұрғандар жəне осындай қылмыстары мен теріс əрекеттері үшін сот үкімімен ақталмағандар; 7) қызметтен сот бойынша немесе діни мекемеден əшкереленгендігі үшін я болмаса қоғам арасынан жəне дворян жиналысынан өздері жұмыс істеген қоғамдардың үкімдері бойынша шығарылғандар; 8) сот бойынша басқа істер жөнінде жүріп-тұруына тиым салынғандар, сондай-ақ присяжной сенімділері қатарынан шығарылғандар.
Бұл арада присяжной сенімділері кеңесінің сол уақыттың өзінде-ақ қабылдау туралы мəселені шешкен кезде бұл адам туралы барлық мүмкін мəліметтер негізінде үміткердің адамгершілік қасиетгері туралы дəйектерді басшылыққа алғандығын атап өту қажет.
Сот ұйғарымдары мекемесінде присяжнойлық сенімдінің қызмет атқаруға кіру тəртібі анықталды, оған төмендегі талаптар кіреді: қабылдау жəне тіркеу. Присяжнойлық сенімділерді қабылдау кеңеске тəуелді болды; оның шешімі -присяжной сенімділері корпорациясына негізгі тіркеу актісі. Кеңестердің бірі өтініш берушіні қабылдаудан бас тартқан жағдайда, бұл тұлғаны сол мəліметтерімен басқа кеңес қабылдай алатын. Формалды құқық қабілеті шарттарына негізделген қабылдаудан бас тарту туралы кеңес анықтамасы үшін сот палатасына, бұдан кейін Билік етуші сенатқа шағым жасауға болатын. Алайда тұлғаның адамгершілік тұрғыдан бағалануына негізделген қабылдамау туралы кеңес анықтамасы шағымдануға жатқан жоқ. Жазу формалды сипатта болды, оны присяжной сенімділері қатарына осы тұлғаны қабылдау туралы кеңес анықтамасының негізіңде сот палатасы жүргізді, жазу процесіне округ присяжной сенімдісінің тізіміне қабылданған адамның тегін енгізу, кеңес берген куəлікке қол қою жəне оны қабылдау туралы жарияланым кірді
Присяжной сенімдісі ие маңызды құқықтардың бірі сот палатасы əрбір округы сенімділерінің өз мүшелерінен кеңесті сайлайтындығы еді, бұл институттың корпоративтігінің көрінісі болып табылды. 1874-жылғы контрреформа кейіннен адвокатураны едəуір əлсіретті жəне соған орай ерекше қоғамдық қызмет атқаратын заңгерлер бірлестігін білдіретін "сословие" термині қолданыла бастады. Заңмен тəртіптелмеген сословия мүшелерінің құқығы мен міндеті Жарғыларда көрсетілді, алайда олардың саны азшылық балатын.
Присяжнойлық сенімдіні оның еңбегі үшін көтермелеу оның сенімдісінің жəне клиентінің жазбаша келісімімен анықталды; осындай келісім болмаған кезде көтермелеу əділет министрі белгілеген арнайы бағамен анықталды (тек азаматтық істер үшін). Көтермелеу көлемін анықтау кезінде негізгі өлшем ретінде талап бағасы қызмет етті, алайда бұл жағдайда талап бағасының өсуімен пайыз азайды: талапкер сенімдісі өзіне тиесілі төлемнің төрттен бірін, ал сенімді жауапкер үштен бірін алды.
Присяжной сенімдісі қабылдаған анттарда кəсіптік міндеттемелер көрсетілді, антта ол заң мен адвокаттың абыройын қатаң сақтауға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz