Казақстан Республикасының Конституциялық заңнамаларының сипаттамасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАРФАКУЛЬТЕТІ
ҚҰҚЫҚТАНУ КАФЕДРАСЫ
з. ғ. д., профессор Б. И. Нақыпов
M28. 100 «ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢНАМАЛАРЫ пәні бойынша лекция тезистерінің жинағы
Түркістан-2017
6М030100 - «Құқықтану» мамандығы бойынша лекция тезистерінің жинағы СМЖ университет ережесі (ЖН-СМЖ-013-2014) негізінде дайындалған.
Лекция тезистерінің жинағын дайындаған: з. ғ. д., профессор Б. И. Нақыпов
Лекция тезистерінің жинағы кафедраның №1 хаттамасы,
« 02 » «09» 2017ж. мәжілісінде қаралды
Кафедра меңгерушісі:з. ғ. к., қауымдаст. профессор Қ. Т. Битемиров
Лекция тезистерінің жинағы Әлеуметтік ғылымдар факультетінің №1 хаттамасы,
« 02 » «09» 2017ж оқу-әдістемелік Кеңесінде бекітілді.
Оқу-әдістемелік кеңес төрайымы: ф. ғ. к., доцент Ж. Исаева
Модуль. 1 Казақстан Республикасының Конституциялық заңнамаларының сипаттамасы
1 тақырып Қазақстан Республикасының Конституциялық заңнамаларының түсінігі мен маңызы
Конституция - бұл тиісті елдің көпшілік азаматтарының мүдделерінде мемлекеттік және қоғамдық өмірдің басты ұстанымдарын бекітетін және мемлекеттің бүкіл құқықтық жүйесінің өзегі болып табылатын нормативтік акт. Конституция мемлекет өмірінің негізгі бастауларын - мемлекеттің құрылысын, саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйесінің негіздерін бекітетін, адамның қоғамдағы алатын орнын байқататын мемлекеттің негізгі заңы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпы халықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады. Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықты қнегізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілікте тік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28қаңтарда қабылданған болатын. 1995 жылы 30 тамызда республикада бүкіл халықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.
1995 ж. Желтоқсанда екі палаталы (жоғарғыпалаталы - Сенат, төменгі палаталы-Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.
Конституция құрылымы
I бөлім. Жалпы ережелер
II бөлім. Адам және азамат
III бөлім. Президент
IV бөлім. Парламент
V бөлім. Үкімет
VI бөлім. Конституциялық кеңес
VII бөлім. Соттар және сот төрелігі
VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер
2 тақырып Қазақстан Республикасындағы Конституциялық заңдар және олардың заңнамалар жүйесінде алатын орны
Заңнама, заңдар - мемлекеттегі өкілетті заң шығарушы органдар қабылдаған нормативтік актілер (көбінесе, заңдар) кешені; сол мемлекеттегі саяси, әлеуметтік, экономикалық, рухани, отбасылық, т. б. қарым-қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Кейде сол нормалардың бір түрі де заңнама деп аталады. Заңнама мемлекеттік билікті жүзеге асыру әдістерінің негізгісі болып табылады. Заңнама бөліктері өзара байланысты, әрі бір-біріне бағынышты бірегей жүйені құрайды. Заңнаманы құрайтын бөліктер оны қабылдаған мемлекеттік басқару құрылымындағы тиісті заң шығарушы органның мәртебесіне қарай белгілі бір тармақтарға (жоғары билік органдары қабылдаған заңдарға, үкімет қаулыларына, министрліктер мен идаралардың нормативтік актілеріне, т. б. ), сондай-ақ, олар қоғамдағы қарым-қатынастардың қандай саласын реттеуге бағытталғанына қарай арнаулы салаларға (азаматтық заңнамаға, қылмыстық заңнамаға, әкімшілік заңнамаға, т. б. ) бөлінеді
Заңнама жүйесінде мемлекеттің Конституциясы Негізгі Заң немесе Ата Заң болып табылады. Ол жоғары заңи күшке ие: мемлекеттік органдардың бүкіл заңдары мен басқа да нормативтік актілері Конституцияның негізінде және соған сәйкес шығарылуға тиіс. Қазақстан заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясын, конституциялық заңдарды, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын қамтиды. Олар мемлекеттегі қарым-қатынастардың қандай саласын реттеуге арналғанына байланысты бірнеше топқа бөлінеді:
Заңнама түрлері
Азаматтық заңнама - әр түрлі заң күші бар құқықтық-нормативтік актілердің жиынтығы. Азаматтық заңнама жүйесі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, соған сәйкес қабылданған өзге де заңдарды, тең құқықты қатысушылардың ақша-тауар, мүліктік қатынастарын және мүлікпен байланысты өзіндік беймүліктік қатынастарын, сондай-ақ, мүлікпен байланысы жоқ өзге де қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлықтарын, Парламент қаулыларын, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің қаулыларын (заңнамалық актілерін) қамтиды. Азаматтық заңнаманың нормалары заңдарда, нормативтік-құқықтық актілерде, заңнан туындаған нормативтік актілерде және халықар. шарттарда (келісімдерде) тұжырымдалған.
Азаматтық іс жүргізу заңнамасы - азаматтық істер бойынша соттардың сот төрелігін жүргізу жөніндегі қызметін заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ететін құқықтық-нормативтік актілер жиынтығы. Қазақстанда “Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі”, “Атқарушылық іс жүргізу және сот атқарушыларының мәртебесі туралы”, “Сот приставтары туралы”, “Адвокаттық қызмет туралы”, “Мемлекеттік баж туралы”, ”Сот сараптамасы туралы” заңдар, “Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы, т. б. заңнамалық актілер қабылданған. Олар субъективтік құқықтар мен заңды мүдделерді сот жолымен қорғауды ойдағыдай жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Еңбек заңнамасы - азаматтардың еңбек ету, қызмет пен кәсіп түрін таңдау бостандығына қатысты конституциялық құқығын іске асыру барысында туындайтын еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық-нормативтік актілер жиынтығы. Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы” заңы осындай заңнама болып табылады. “Еңбекті қорғау туралы” заң қызметкерлер еңбегінің қорғалуы құқығын қамтамасыз етуге бағытталған, жазатайым оқиғалардың, өндірісте денсаулыққа зақым келуінің алдын алу мақсатымен осы саладағы ұлттық саясаттың негізгі қағидаларын белгілейді. “Ұжымдық еңбек даулары мен ереуілдер туралы” арнаулы заңда ұжымдық еңбек дауларын шешу тәртібі мен тәсілдерін, ереуілге құқықты іске асыру тәртібін реттейтін құқықтық негіздер белгіленген. Кәсіподақтардың өз мүшелерінің еңбек ету, сондай-ақ, басқа да әлеум. -экон. құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау, еңбек жағдайларын жақсарту ісіндегі рөлі “Кәсіподақтар туралы” заңда айқындалған.
қабылданған “Отбасы және неке туралы” заң отбасылық құқықтың қайнар көзі болып табылады. Мұнда бұған дейінгі заң бойынша жұбайлардың ортақ меншіктік қатынастарының қолданыстағы режимі қайта қаралып, кәмелетке толмаған ата-аналардың мүдделерін қорғау мақсатымен неке жасы екі жасқа дейін төмендетілді, жұбайлардың қос әулетесім (фамилия) алуына мүмкіндік берілді, алимент төлеу саласына да біраз жаңалықтар енгізілді. Кейбір жағдайларда отбасылық қатынастарға азаматтық құқық нормалары да қолданылуы мүмкін.
Әкімшіліктік заңнама - мемлекетті басқару саласындағы қарым-қатынастарды реттейтін құқықтық-нормативтік актілер жиынтығы. 2001 жылы қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” кодексінде әкімшілік жаза қолдану шараларының шеңбері кеңейтілді, сонымен қатар оған “Әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары” атты арнаулы бап енгізілді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес осы салада жүргізілген құқықтық реформаның негізгі бағыттарының бірі болып табылады.
Қылмыстық заңнама - қылмыстық құқық нормаларын реттейтін құқықтық-нормативтік актілер жиынтығы. Ол тек қана “Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінен” тұрады. Онда қылмыстық жауапкершіліктің және жаза қолданудың шектерін айқындайтын нормалар белгіленген; қылмыстық іс жүргізу заңнамасы - қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібін реттейтін құқықтық-нормативтік акт. “Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі” осы саладағы арнаулы және негізгі заң болып табылады. Ол сот төрелігін жүзеге асыру қағидаларын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін белгілейтін конституциялық нормаларға, сондай-ақ халықар. құқықтың жалпы жұрт таныған нормалары мен қағидаларына негізделген.
Салық заңнамасы - мемлекетте қолданылатын салық түрлерін, салық ставкаларын, салық өндіріп алу тәртібін, салық жеңілдіктерін белгілейтін нормалардың жиынтығы. Салық Заңнамасы салық міндеттемелерінің пайда болуына, өзгеруіне, тоқтатылуына байланысты қатынастарды реттейді, салық санкцияларын белгілейді. Қазақстанда салық заңнамасы 2001 жылы маусымда қабылданған Қазақстан Республикасының “Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы кодексін” (Салық кодексі), Қазақстан Республикасының “Трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау туралы” заңын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Кіріс мин-нің Қазақстан Республикасының Қаржы мин-мен келісілген актілерін қамтиды.
Бюджеттік заңнама - Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын, “Бюджет жүйесі туралы” Заңды, әр жылға арналған респ. бюджет туралы заңдарды, мәслихаттардың тиісті жылдарға арналған жергілікті бюджет туралы шешімдерін, бюджет рәсімдемелері жөніндегі өзге де нормативтік-құқықтық актілерді қамтиды.
Жер заңнамасы - жер және табиғат ресурстары қатынастарын реттейтін құқықтық ин-тар мен нормаларды қамтитын Заңнама саласы. Елдің жер қорын қорғау, оны орынды пайдалану мемлекет қызметіндегі басым бағыт болып табылады, ол Қазақстан Республикасының Конституциясында және 2001 жылы қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының “Жер туралы” Заңында саяси-құқықтық тұрғыдан тұжырымдалған.
Кеден заңнамасы - барлық тұлғалардың тең құқықты негізде тауарлар мен көлік құралдарын елдің кеден шекарасына әкелуі мен одан әкетуі құқығын реттейтін, кеден саясатын жүзеге асыру құралдарының жиынтығы ретіндегі кеден ісі ұғымын айқындайтын Заңнамалық акт. 1995 жылы шілдеде қабылданған “Қазақстан Республикасындағы Кеден ісі туралы” заң кедендік реттеу аясындағы негізгі заң болып табылады.
3 тақырып Қазақстан Республикасындағы Конституциялық заңнамалардың ерекшеліктері және оларды қабылдау тәртібі
Заңнама , заңдар - мемлекеттегі өкілетті заң шығарушы органдар қабылдаған нормативтік актілер (көбінесе, заңдар) кешені; сол мемлекеттегі саяси, әлеуметтік, экономикалық, рухани, отбасылық, т. б. қарым-қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Кейде сол нормалардың бір түрі де заңнама деп аталады. Заңнама мемлекеттік билікті жүзеге асыру әдістерінің негізгісі болып табылады. Заңнама бөліктері өзара байланысты, әрі бір-біріне бағынышты бірегей жүйені құрайды. Заңнаманы құрайтын бөліктер оны қабылдаған мемлекеттік басқару құрылымындағы тиісті заң шығарушы органның мәртебесіне қарай белгілі бір тармақтарға (жоғары билік органдары қабылдаған заңдарға, үкімет қаулыларына, министрліктер мен идаралардың нормативтік актілеріне, т. б. ), сондай-ақ, олар қоғамдағы қарым-қатынастардың қандай саласын реттеуге бағытталғанына қарай арнаулы салаларға (азаматтық заңнамаға, қылмыстық заңнамаға, әкімшілік заңнамаға, т. б. ) бөлінеді . Заңнама жүйесінде мемлекеттің Конституциясы Негізгі Заң немесе Ата Заң болып табылады. Ол жоғары заңи күшке ие: мемлекеттік органдардың бүкіл заңдары мен басқа да нормативтік актілері Конституцияның негізінде және соған сәйкес шығарылуға тиіс. Қазақстан заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясын, конституциялық заңдарды, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын қамтиды. Олар мемлекеттегі қарым-қатынастардың қандай саласын реттеуге арналғанына байланысты бірнеше топқа бөлінеді:
- Азаматтық заңнама- әр түрлі заң күші бар құқықтық-нормативтік актілердің жиынтығы. Азаматтық заңнама жүйесі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, соған сәйкес қабылданған өзге де заңдарды, тең құқықты қатысушылардың ақша-тауар, мүліктік қатынастарын және мүлікпен байланысты өзіндік беймүліктік қатынастарын, сондай-ақ, мүлікпен байланысы жоқ өзге де қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлықтарын, Парламент қаулыларын, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің қаулыларын (заңнамалық актілерін) қамтиды. Азаматтық заңнаманың нормалары заңдарда, нормативтік-құқықтық актілерде, заңнан туындаған нормативтік актілерде және халықар. шарттарда (келісімдерде) тұжырымдалған.
- Азаматтық іс жүргізу заңнамасы- азаматтық істер бойынша соттардың сот төрелігін жүргізу жөніндегі қызметін заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ететін құқықтық-нормативтік актілер жиынтығы. Қазақстанда “Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі”, “Атқарушылық іс жүргізу және сот атқарушыларының мәртебесі туралы”, “Сот приставтары туралы”, “Адвокаттық қызмет туралы”, “Мемлекеттік баж туралы”, ”Сот сараптамасы туралы” заңдар, “Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы, т. б. заңнамалық актілер қабылданған. Олар субъективтік құқықтар мен заңды мүдделерді сот жолымен қорғауды ойдағыдай жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
- Еңбек заңнамасы- азаматтардың еңбек ету, қызмет пен кәсіп түрін таңдау бостандығына қатысты конституциялық құқығын іске асыру барысында туындайтын еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық-нормативтік актілер жиынтығы. Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы” заңы осындай заңнама болып табылады. “Еңбекті қорғау туралы” заң қызметкерлер еңбегінің қорғалуы құқығын қамтамасыз етуге бағытталған, жазатайым оқиғалардың, өндірісте денсаулыққа зақым келуінің алдын алу мақсатымен осы саладағы ұлттық саясаттың негізгі қағидаларын белгілейді. “Ұжымдық еңбек даулары мен ереуілдер туралы” арнаулы заңда ұжымдық еңбек дауларын шешу тәртібі мен тәсілдерін, ереуілге құқықты іске асыру тәртібін реттейтін құқықтық негіздер белгіленген. Кәсіподақтардың өз мүшелерінің еңбек ету, сондай-ақ, басқа да әлеум. -экон. құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау, еңбек жағдайларын жақсарту ісіндегі рөлі “Кәсіподақтар туралы” заңда айқындалған.
- Отбасы-неке заңнамасы- азаматтардың отбасы-неке қатынастарын реттейтін құқықтық-нормативтік актілер жиынтығы. 1998 жылы қабылданған “Отбасы және неке туралы” заң отбасылық құқықтың қайнар көзі болып табылады. Мұнда бұған дейінгі заң бойынша жұбайлардың ортақ меншіктік қатынастарының қолданыстағы режимі қайта қаралып, кәмелетке толмаған ата-аналардың мүдделерін қорғау мақсатымен неке жасы екі жасқа дейін төмендетілді, жұбайлардың қос әулетесім (фамилия) алуына мүмкіндік берілді, алимент төлеу саласына да біраз жаңалықтар енгізілді. Кейбір жағдайларда отбасылық қатынастарға азаматтық құқық нормалары да қолданылуы мүмкін.
- Әкімшіліктік заңнама- мемлекетті басқару саласындағы қарым-қатынастарды реттейтін құқықтық-нормативтік актілер жиынтығы. 2001 жылы қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” кодексінде әкімшілік жаза қолдану шараларының шеңбері кеңейтілді, сонымен қатар оған “Әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары” атты арнаулы бап енгізілді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес осы салада жүргізілген құқықтық реформаның негізгі бағыттарының бірі болып табылады.
- Қылмыстық заңнама- қылмыстық құқық нормаларын реттейтін құқықтық-нормативтік актілер жиынтығы. Ол тек қана “Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінен” тұрады. Онда қылмыстық жауапкершіліктің және жаза қолданудың шектерін айқындайтын нормалар белгіленген; қылмыстық іс жүргізу заңнамасы - қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібін реттейтін құқықтық-нормативтік акт. “Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі” осы саладағы арнаулы және негізгі заң болып табылады. Ол сот төрелігін жүзеге асыру қағидаларын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін белгілейтін конституциялық нормаларға, сондай-ақ халықар. құқықтың жалпы жұрт таныған нормалары мен қағидаларына негізделген.
- Салық заңнамасы- мемлекетте қолданылатын салық түрлерін, салық ставкаларын, салық өндіріп алу тәртібін, салық жеңілдіктерін белгілейтін нормалардың жиынтығы. Салық Заңнамасы салық міндеттемелерінің пайда болуына, өзгеруіне, тоқтатылуына байланысты қатынастарды реттейді, салық санкцияларын белгілейді. Қазақстанда салық заңнамасы 2001 жылы маусымда қабылданған Қазақстан Республикасының “Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы кодексін” (Салық кодексі), Қазақстан Республикасының “Трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау туралы” заңын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Кіріс мин-нің Қазақстан Республикасының Қаржы мин-мен келісілген актілерін қамтиды.
- Бюджеттік заңнама- Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын, “Бюджет жүйесі туралы” Заңды, әр жылға арналған респ. бюджет туралы заңдарды, мәслихаттардың тиісті жылдарға арналған жергілікті бюджет туралы шешімдерін, бюджет рәсімдемелері жөніндегі өзге де нормативтік-құқықтық актілерді қамтиды.
- Жер заңнамасы- жер және табиғат ресурстары қатынастарын реттейтін құқықтық ин-тар мен нормаларды қамтитын Заңнама саласы. Елдің жер қорын қорғау, оны орынды пайдалану мемлекет қызметіндегі басым бағыт болып табылады, ол Қазақстан Республикасының Конституциясында және 2001 жылы қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының “Жер туралы” Заңында саяси-құқықтық тұрғыдан тұжырымдалған.
- Кеден заңнамасы- барлық тұлғалардың тең құқықты негізде тауарлар мен көлік құралдарын елдің кеден шекарасына әкелуі мен одан әкетуі құқығын реттейтін, кеден саясатын жүзеге асыру құралдарының жиынтығы ретіндегі кеден ісі ұғымын айқындайтын Заңнамалық акт. 1995 жылы шілдеде қабылданған “Қазақстан Республикасындағы Кеден ісі туралы” заң кедендік реттеу аясындағы негізгі заң болып табылады.
4 тақырып Қазақстан Республикасы Конституциялық заңнамаларындағы мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесі
ҚР ПАРЛАМЕНТIНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСI
1995 жылғы ҚР Конституциясы мемлекеттік органдардың өкілеттіктерінің жаңа шеңберін бекітіп, олардың мемлекеттік билік жүйесінде алатын орнын анықтап берді. Ерекше мәртебеге жаңа қос палаталы орган - Парламент ие болды. Ол Кеңес заманындағыдай республиканың қарауына жатқызылған кез-келген мәселені шеше алатын мемлекеттік өкіметтің жоғары органы емес, сондай-ақ 1993 жылғы Конституцияда бекітілгендей бірден-бір заң шығарушы орган емес, ол заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғарғы өкілді орган ретінде бекітілді. ҚР Парламентінің 1993 жылғы үлгідегі Жоғарғы Кеңестен айырмашылығы оның заң шығарушы орган бола отырып заңдар шығаруда монополиялық құқықты иеленбейтіндігінде. Конституцияда қарастырылған жағдайларда заң шығару құқығы Президентке де тән болады. Біріншіден, ҚР Парламенті - республика халқының еркін білдіретін, ұлттық, халықтық және мемлекеттік егемендікті байқататын өкілді орган. Өкілді сипат қай елдің болмасын Парламентіне тән қасиет. Халықпен тікелей және жанама құрылатын бұл орган бүкіл халықтың атынан өкілдік етеді, барлық халықтың біртұтастығын білдіреді және азаматтардың билікті жүзеге асыруының негізгі нысаны болып табылады. Ол халықтың, яғни мемлекеттегі барлық азаматтардың мақсат-мүдделері мен еркін бідіруші ретінде қарастырылады. Сондықтан да Парламенттің негізгі бағыты: тұрғылықты халықтың ерік-жігерін, мүдделерін тану, зерттеу және оларды заңдарда бейнелеу, өз депутаттары арқылы халықтың мемлекетпен тікелей, тұрақты байланысын қамтамасыз ету. Парламенттің халық өкілдігі деп аталуының мәні міне осында. Екіншіден, Парламент - бүкіл ҚР аумағында міндетті күші бар заң актілерін қабылдайтын заң шығарушы орган. Парламенттің басты мақсаты - заңдарда халық мүддесін бейнелеу, ерік-жігерін заңи рәсімдеу. Ал, басты міндеті (саяси) - өзінің заң шығарушылық қызметі арқылы елдегі саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайды түпкілікті тұрақтандыру үшін қызмет ету болып табылады.
1995 жылы қабылданған Конституция бойынша Парламент қос палаталы құрылымда құрылды: Сенат және Мәжіліс.
Парламенттің екі палаталық құрылымының қажеттігі мен артықшылықтары мынада:
- біріншіден, екі палаталық құрылым заң жобасын палаталарда екі қайтара талқылаудан өткізуді мүмкін ете отырып қабылданатын заңдардың сапасын жақсартуға мүмкіндік береді;
- екіншіден, Парламенттің екі палаталы құрылымы жалпы мемлекеттік мүдделер шегінде түрлі аймақтардың өзіндік мүдделерін ескеруді қамтамасыз етеді. Ашып айтсақ, Сенат депутаттарының негізгі бөлігі (32 депутат) Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бірліктерінен (облыстардан, республикалық маңызы бар қалалар (Алматы) мен астанадан) сайланады, тиісінше олар Парламентте өзі сайланған аймақтың мүддесін білдіреді. Ал, Мәжіліс болса ҚР азаматтарымен тікелей сайлана отырып, тұтастай алғанда бүкіл азаматтардың, халықтың ерік-мүддесін білдіреді. Олай болса, осы екі палатаны біріктіретін Парламентте мемлекеттік мүдде шегінде бүкіл Қазақстан халқы мен Қазақстанның тиісті аймақтарының мүделері үйлесіп, көрініс табады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz