Қазақстан Республикасындағы Конституциялық заңдар және Конституциялық заңнамалардың түсінігі мен маңызы


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Әлеуметтік ғылымдар факультеті
6М030100-Құқықтану
Магистрдің өзіндік жұмысы
Тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы Конституциялық заңдар және Конституциялық заңнамалардың түсінігі мен маңызы »
Орындаған: МЗК-711
магистрант Шәуенова Н. Қ.
Қабылдаған: з. ғ. д., профессор Накипов Б.
Түркістан, 2017
Мазмұны
- Кіріспе
- Қазақстан Республикасындағы Конституциялық заңдар және олардың заңнамалар жүйесіндегі алатын орны
- Конституциялық заңнамалар түсінігі және маңызы
- Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
1991 жылы 16 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» ҚР Конституциялық заңымен Қазақстанның құқықтық жүйесінің жаңа тарауы ашылады. Ол конституциялық құқықтық жаңа көзі - конституциялық заңмен толықты.
Конституциялық тәжірибеге жаңа институтты енгізу жаңа тәуелсіз мемлекеттің заң шығарушыларының елдің өміріндегі белгілі бір мәселелердің маңыздылығы мен мәнін анықтауға деген қажеттілігімен байланысты болды.
Конституциялық заңдардың тізімі 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституцияда көрсетілген: 9 бап - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін сипаттау мен ресми қолдану тәртібі; 41 бап - ҚР Президентінің құқықтық мәртебесі; 49 бап - Парламентті ұйымдастыру және қызметі және оның депутаттарының құқықтық мәртебесі; 64 бап - Үкіметтің өкілеттілігі, ұйымдастыру тәртібі және қызметі; 71 бап - Конституциялық кеңесті ұйымдастыру және қызметі; 75 бап - ҚР сот жүйесі. Одан бөлек, «Республикалық референдум» туралы Конституциялық заң күші бар ҚР Президентінің жарлығы 1995 жылы қабылданған Конституцияға сәйкестендірілді.
Қазақстан Республикасының 1993 жылы қабылданған алғашқы конституциясы заңдарды қарапайым және конституциялық деп бөлді. 1995 жылғы ҚР Конституциясы басқаша тәсіл қолданды. Онда ҚР-да қолданыстағы құқық Конституция нормалары мен оған сәйкес келетін заңдар және өзге нормативтік-құқықтық актілер болып табылатындығы көрсетілген. Қолданыстағы Конституция қарапайым және конституциялық заңдарға сипаттама бермейді. Соңғысын қабылдаудың ерекше процедурасын орнату арқылы оның ерекше сипатын анықтайды. Оның ерекшеліктері неде? Біріншіден, конституциялық заңдарды көпшілік дауыспен қабылдайды, яғни әрбір палатаның депутаттарының жалпы санының үштен екісінен кем болмауы тиіс; екіншіден, екі палатаның ортақ отырысында ғана қабылданады (Конституцияның 53 бабы) ; үшіншіден, екі оқылымнан кем болмауы қажет (62 бап) . Одан бөлек, ҚР Конституциясында оларды қабылдау мерзімі туралы айтылады (92 бап) .
Қазақстан Республикасындағы Конституциялық заңдар және олардың заңнамалар жүйесіндегі алатын орны
Конституциялық заң дегеніміз - Қазақстан Республикасында конституциялық деп аталған, Қазақстан Республикасы Конституциясы 62 бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен қабылданатын заң. Конституциялық заң ҚР Парламентінің әрбір палатасының депутаттарының жалпы санының 2/3 дауыстарынан кем болмай мақұлданса, қабылданған болып есептелінеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 92 бабына сәйкес Конституциялық заңдар Конституция күшіне енген күннен бастап бір жыл ішінде қабылдануға тиіс. Егер Конституцияда конституциялық деп аталған заңдар немесе заң күші бар актілер ол күшіне енген кезде қабылданып қойған болса, онда олар Конституцияға сәйкес келтіріледі де, Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары деп есептеледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен конституциялық заңдары жоғары мемлекеттік органдардың (барлығын емес) мәртебесі мен олардың қызметінің негізгі бағыттарын анықтайды. Мысалы, прокуратураның өкілеттілігі, ұйымдастыру және қызмет тәртібі ҚР Конституциясымен (83 бап, 4 тармақ), «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» қарапайым заңмен анықталады. Менің ойымша, мемлекеттің атынан заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарының және Республика территориясында өзге нормативтік құқықтық актілердің дұрыс қолданылуына жоғары бақылау жасайтын прокуратура органыеың мәртебесіне сәйкес, бұл заңға конституциялық мәртебе берілгені жөн деп ойлаймын.
Конституциялық заңдардың басты мәні мен мақсаты - олар конституциялық заңнамада Конституцияның бөлігі болып табылмайтын, алайда бастапқы нормаларды дамытатын, жоғары заңнамалық күші бар дараланған және басым актілері ретінде анықталған.
Қазақстанда конституциялық заңдар органикалық заңдар рөлін атқарады. Олар Конституцияға қандай да бір өзгерістер енгізбейтін
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz