Қазақстан Республикасының Конституциялық заңнамаларының ерекшеліктері оларды қабылдау тәртібі және мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесі



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Әлеуметтік ғылымдар факультеті

6М030100-Құқықтану

Магистрдің өзіндік жұмысы
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Конституциялық заңнамаларының ерекшеліктері: оларды қабылдау тәртібі және мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесі

Орындаған: МЗК-711
магистрант Шәуенова Н.Қ.
Қабылдаған: з.ғ.д., профессор Накипов Б.

Түркістан, 2017
Жоспар

1. Кіріспе

2. Конституциялық заңнама түсінігі, ерекшеліктері мен қабылдау тәртібі

3. Мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесі

4. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

1991 жылы 16 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы ҚР Конституциялық заңымен Қазақстанның құқықтық жүйесінің жаңа тарауы ашылады. Ол конституциялық құқықтық жаңа көзі - конституциялық заңмен толықты. Конституциялық тәжірибеге жаңа институтты енгізу жаңа тәуелсіз мемлекеттің заң шығарушыларының елдің өміріндегі белгілі бір мәселелердің маңыздылығы мен мәнін анықтауға деген қажеттілігімен байланысты болды.
Конституциялық заңдардың тізімі 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституцияда көрсетілген: 9 бап - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін сипаттау мен ресми қолдану тәртібі; 41 бап - ҚР Президентінің құқықтық мәртебесі; 49 бап - Парламентті ұйымдастыру және қызметі және оның депутаттарының құқықтық мәртебесі; 64 бап - Үкіметтің өкілеттілігі, ұйымдастыру тәртібі және қызметі; 71 бап - Конституциялық кеңесті ұйымдастыру және қызметі; 75 бап - ҚР сот жүйесі. Одан бөлек, Республикалық референдум туралы Конституциялық заң күші бар ҚР Президентінің жарлығы 1995 жылы қабылданған Конституцияға сәйкестендірілді.
Қазақстан Республикасының 1993 жылы қабылданған алғашқы конституциясы заңдарды қарапайым және конституциялық деп бөлді. 1995 жылғы ҚР Конституциясы басқаша тәсіл қолданды. Онда ҚР-да қолданыстағы құқық Конституция нормалары мен оған сәйкес келетін заңдар және өзге нормативтік-құқықтық актілер болып табылатындығы көрсетілген. Қолданыстағы Конституция қарапайым және конституциялық заңдарға сипаттама бермейді. Соңғысын қабылдаудың ерекше процедурасын орнату арқылы оның ерекше сипатын анықтайды. Оның ерекшеліктері неде? Біріншіден, конституциялық заңдарды көпшілік дауыспен қабылдайды, яғни әрбір палатаның депутаттарының жалпы санының үштен екісінен кем болмауы тиіс; екіншіден, екі палатаның ортақ отырысында ғана қабылданады (Конституцияның 53 бабы); үшіншіден, екі оқылымнан кем болмауы қажет (62 бап). Одан бөлек, ҚР Конституциясында оларды қабылдау мерзімі туралы айтылады (92 бап).

Конституциялық заңнама түсінігі, ерекшеліктері мен қабылдау тәртібі
Конституциялық заңнама кең және тар мағынада қолданылуы мүмкін. Кең мағынада ол тек заңдардан ғана емес, құқықтың саласы ретінде конституциядыө құқықтық пәнін құрайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін өзге нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Ал тар мағынада конституциялық заңнама реттец пін конституциялық сипаттағы қоғамдық қатынастар болып табылатын заңдардың жиынтығы болып табылады.
Конституциялық заңнаманың саласы екі негізгі ерекшеліктерге ие. Біріншіден, ол максималды кеңдігімен ерекшеленеді. Себебі, қоғамдық өмірдің барлық салаларында қалыптасатын қатынастарды қамтиды. Екіншіден, конституциялық заңнамамен реттелетін қатынастар қоғамдық өмірдің әрбір саласының маңыздысы, негізін қалаушы болып табылады. Конституциялық заңнама арқылы мемлекеттің саяси, экономикалық, әлеуметтік құрылымының жалпы бастамалары бекітіледі. Ғалыдар конституциялық заңнамаларды сегізден он алтыға дейінгі салаларға бөледі. Олардың қатарына:Қазақстанның кешенді құқықтық сипаттамасы (конституциялық құрылым негіздері), адам мен азаматтың құқықтық жағдайының негіздері туралы заңнама, мемлекеттік билік органдарының құрылымы, ұйымдастырылуы, қызмет етуі туралы, жергілікті өзін өзі басқару органдары туралы заңнамалар кіреді.
Конституциялық заңнаманың ерекше заңнамалық қасиеті оны құрайтын нормалардың ерекшеліктері болып табылады. Конституциялық-құқықтық нормалар - конституциялық құқық пәнін құрайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар. Конституциялық заңнамалар маманданған нормалар санымен ерекшеленеді (норма-принциптер, норма-мақсаттар, норма-анықтамаоар). Екіншіден, конституциялық заңнамалар нормаларының ерекшелігі олардың мазмұнының бекітушілік сипатында және оның заңнамалық күшінің жоғары екендігінде. Үшіншіден, бұл нормалар іске асырудың ерекше механизміне ие. Ол нақты құқықтық қатынастың пайда болуымен емес, жалпы сипаттағы және құқықтық күйдегі ерекше қатынастардың туындауымен байланысты. Төртіншіден, конституциялық заңнама нормаларының құрылымының ерекшеліктерін атап кеткен жөн: онда әдетте гипотеза мен диспозиция болады, тек жеке жағдайларда ғана санкциялар жазылады.
Конституциялық заңнамалар ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңнан, конституциялық заңнан, ҚР Президентінің конституциялық заң күші бар жарлықтарынан тұрады. Оларды қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасының 62 бабының 4 тармағында көрсетілген. Конституциялық заңдар Конституцияда көзделген мәселелер бойынша әр Палата депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісінің көпшілік даусымен қабылданады.

Мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесі

Президент - бұл бірінші кезекте Ел басшысы, мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасы. Ол мемлекеттің негізгі ішкі және сыртқы саясатының бағыттарын айқындап береді [1].Мемлекеттік органның Конституциямен белгіленетін құқықтық мәртебесі мемлекеттік билік органдары жүйесінде бөлінетін орнымен анықталады. Конституция Президенттің ерекше жағдайын тани келіп, Президенттің мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісімді түрде жұмыс істеуін және билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ететіндігін орнықтырды. ҚР-ның Конституциясында мемлекеттік билікті заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлу орнықтырылған. Осы принципке орай биліктің әр тармағына өз қызметтерін орындау үшін қажетті деңгейде жеткілікті түрде өкілеттіктер берілген. Тек парламент заң шығару өкілеттігін берген жағдайда ғана шектеулі уақыт ішінде Президент заң қабылдай алады. Сот билігін жүргізуге Президенттің құқығы жоқ. Сондай-ақ атқарушы билікке қатысты да Президент заңда көзделген шараларды ғана қолдана алады. Одан әрі, ҚР-сы Конституциясында көзделген тежеушілік және тепе-теңдік жүйесі Президенттік биліктің барлық билік тармақтарынан жоғары тұруына мүмкіндік бермейді. Президентке Парламенттің және сот билігінің қызметін бақылау құқығы берілмеген. Президентті жабық дауыс беру жолымен жеті жылға тікелей сайлау негізінде халық сайлайды. Және сайлау баламалы сипатта өтеді. Конституция бір адамның Президенттік лауазымға қатарынан екі мерзімнен артық сайлануына жол бермейді. Президент өзінің норма шығармашылық өкілеттігін шеңберінен артық пайдаланған жағдайда Конституциялық Кеңес оның нормативтік актілерін заңсыз деп тани алады.
ҚР-сы Президенті халық пен мемлекеттік биліктің, Конституцияның мызғымастығының, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарынның рәмізі және кепілі болып табылады. Президенттің халық бірлігінің рәмізі болып табылатынының себебі, оны мемлекет басшылығына көпұлтты халық сайлайды. Президент халық еркінің бірлігін білдіреді. Сондықтан Президент халық атынан сөйлеуге құқылы. Президент Конституцияның, мемлекеттің басқа заңдарының сақталуында мемлекеттік билік органдарының жауапкершілігін қамтамасыз етуі тиіс.
ҚР-сы Президентінің өкілеттігі президенттік басқару жүйесінің мазмұнымен алдын ала айқындалады. Президентке тізімі Конституцияда және Президенттің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы ҚР-ның Президенті туралы Конституциялық заң күші бар Жарлығымен белгіленген кең өкілеттіліктер берілген:
1. Мемлекеттік билік органдарының құру жұмыстарына байланысты Президент өкілеттіктерге ие.
2. Атқарушы билік тармағы саласында Президентке өте көп өкілеттіліктер берілген. Президент үкімет жиналыстарында Төрағалық ете алады, атқарушы биліктің Актілерін тоқтата алады.
3. Мемлекет басшысы ретінде Президент сыртқы саясат және әскери салада да өкілеттіктерге ие. Ол елдің негізгі сыртқы саясат бағытын нақтылайды, келіссөздер жүргізеді және халықаралық шарттарға қол қояды. Президент сонымен бірге ҚР-ның әскери доктринасын бекітеді.
4. Президенттің өкілеттілігіне азаматтық мәселесі, саяси баспана беру, ҚР-сы мемлекеттік наградаларымен марапаттау, жоғары әскери және арнаулы шен, дәреже беру, кешірім жасау сияқты өкілеттіктер кіреді.
ҚР-сы Парламенті Республикасының заң шығарушылық қызметін атқаратын, өкілетті органы болып табылады. Міне осылайша Конституция бойынша Парламент өкілеттілікке халық тарапынан ие болады және конституциялық өкілеттілігі шеңберінде халық атынан сөйлей алады (ҚР-сы конституциясы, 3 бабы). Парламентке заң шығарушылық қызметінің берілуі - бұл оған заң шығарушылық қызметі билігінің берілуін білдіреді.
Ел конституцияның 53-ші және 61-ші баптарында көрсетілген жағдайларға сәйкес, Ел Президентінен басқа бірден-бір мемлекеттік органның заң қабылдау құқығы жоқ. Демек заң шығару тек Парламентке ғана беріледі. Заң шығарушы орган бола отырып, Республика Парламенті атқарушы билікке қатысты бірқатар бақылаушылық қызметін де жүргізе алады. Бақылаудың бұл түрін біз негізінен республика бюджетін бекітуінен және оның орындалуын қадағалаудан және Үкіметке сенімсіздік білдіруден терең көрінеді. Аталған бақылау қызметтері Еліміздің Конституциясында бекітілген.
ҚР-сы Конституциясының 50-ші бабына сәйкес, Еліміздің Парламентін тұрақты түрде жұмыс істейтін Сенат және Мәжіліс отырысында сайланатын, әр облыстан 2-деутат, республикалық дәрежедегі қалалар, ҚР астанасынан сайланатын депутаттар құрайды. Әр бір үш жыл сайын Сенат депутаттарының жартысы қайта сайланады. Парламенттің өкілеттік мерзіміне орай ҚР Президенті тарапынан 7 депутат тағайындалады. 30 жасқа толған, ҚР азаматтығын алғанына 5 жыл толған, жоғарғы білімді, еңбек стажы 5 жылдан кем емес, ҚР аумағында 5 жыл тұрақты тұрған азамат ҚР Сенат депутаты болып сайлана алады.
Мәжіліс депутатының саны 77. Олар жалпыға бірдей, тей және тілекей сайлау құқықтары негізінде, жасырын дауыс беру арқылы бір мандатты, территориялық сайлау округтерінен сайланады. Жасы 25 толған, ҚР азаматы Мәжіліс Депутаты бола алады. Қазақстан халқына ант береді.
Депутат Парламент сессияларында және ол оның құрамына кіретін органдарының отырысында қаралатын барлық мәселелер бойынша шешуші дауыс құқығын пайдаланады. Депутат Парлламенттің және оның Палаталарының үйлестіруші және жұмысшы органдарына сайлауға және сайлануға құқылы; сессияның күн тәртібі бойынша ұсыныстар мен ескертулер енгізуге, Парламент сессиясында Палаталарға есеп беретін лауазымды адамдардың сауал салуға, Парламент қабылдайтын заңдар, қаулылар, басқа да актілердің жобаларына түзетулер енгізуге, азаматтардың қоғамдық маңызы бар өтініштерімен депутаттарды таныстыруға, басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асыруға құқылы.
ҚР-сы Үкіметі - атқарушы биліктің жоғарғы органы.Ол сонымен бірге еліміздегі атқарушылық қызметті іске асыратын, бақылайтын, жалпы құзыреттерге ие коллегиалды орган болып есептеледі.
Үкімет мүшелері болып, ҚР-сы Президенті, Премьер-Министр, Министрлер, ҚР-ның Мемлекеттік комитеттерінің төрағалары есептеледі. Үкімет құрылымы және құрамы туралы Президентке Премьер-Министр ұсыныс жасайды. Үкімет мүшелері Қазақстан Халқына және Президентіне ант береді. ҚР-сы Үкіметі жаңа сайланған Президент өз қызметіне кіріскен кезде және Президент ҚР-сы Үкіметінің отставкаға кетуін жариялаған кезде өз өкілеттілігін тоқтатады. ҚР-сы Конституциясының 44 бабына сәйкес, Республика Президенті Парламенттің келісімімен ел Премьер-Министрін тағайындайды. Республика Президенті Премьер-Министрді Тағайындау мәселесінде Парламент екі ретте бас тартатын болса, ол Парламентті таратуға құқылы. Өз қызметіне тағайындалғаннан кейінгі бір ай мерзім ішінде Премьер-Министр Парламентке Үкімет бағдарламасы Туралы және бұрынғы үкімет бағдарламасы негізінде жұмыс істейтіндігі туралы өз жұмыс жоспарын ұсынады.
ҚР-сы Үкіметінің отставкаға кетуі дегеніміз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Казақстан Республикасының Конституциялық заңнамаларының сипаттамасы
ХХ ғасырдағы Қазақстанның Конституциясылық дамуы
Атқарушы билік органының ұғымы және негізгі белгілері
Мемлекеттік басқарудағы реттеушілік нормалар
ҚР жергілікті атқарушы билік
ХХ ғасырдағы Қазақстанның Конституциялық дамуының негізгі кезеңдері
Қылмыстық іс жүргізудегі сот бақылау институтының қалыптасуы мен дамуы
Атқарушы билік органдары
Мемлекетті басқару органдарының жіктелуі
Прокуратура органдарының кадрлары
Пәндер