Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі құрылымы, мақсаты мен міндеттері


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Әлеуметтік ғылымдар факультеті
6М030100-Құқықтану
Магистрдің өзіндік жұмысы
Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі: құрылымы, мақсаты мен міндеттері»
Орындаған: МЗК-711
магистрант Шәуенова Н. Қ.
Қабылдаған: з. ғ. д., профессор Накипов Б.
Түркістан, 2017
Мазмұны
- Кіріспе
- Конституциялық кеңестің құрылуы, құрылымы
- Конституциялық кеңестің мақсаты мен Кеңес шешімдерінің түрлеріКонституциялық Кеңес шешімдерінің заңдық күші
- Конституциялық іс жүргізу
- Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Конституциялық кеңес - конституциялық бақылауды жүзеге асыратын ерекше сот органы (Франция, т. б. елдерде) . Ол белгілі бір заңның, әкімшілік актінің немесе өзге шараның Конституцияға сәйкестігі туралы мәселені сот рәсімдемесінің ережелері бойынша талқылау жолымен емес, кеңестің бір мүшесінің осы мәселе бойынша баяндамасын талқылау арқылы қарайды. Конституциялық кеңес Конституциялық сот сияқты, әдетте, аралас негізде жасақталады: мүшелердің бір бөлігін республика президенті, бір бөлігін парламент палаталарының төрағалары немесе өзге органдар тағайындайды. Қазақстан Республикасында Конституциялық кеңес - Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында Конституцияның мәртебелілігін қамтамасыз ететін мемлекеттік ұйым. Конституцияның мәртебелілігі - билік органының немесе оның лауазымды тұлғасының қандайда болсын құқықтық актісінің, іс-әрекетінің Конституцияға сай келуі, оған қайшы келмеуі. Конституциялық кеңестің өкілеттіктері де Конституция нормаларының бұзылуына жол бермеуге, оның алдын алуға бағытталған. Конституцияның мәртебелілігін қамтамасыз етуде Конституциялық кеңес дербес және мемлекеттік органдарға, лауазымды тұлғалар мен азаматтарға тәуелсіз болып табылады және тек Конституцияға ғана бағынады, қандай да болсын және басқа саяси себептерді негізге ала алмайды. Қазақстан Республикасы Конституциясы 72-бабының 1-тармағына сәйкес Конституциялық кеңестің қарауына мынадай мәселелер жатады: дау туған жағдайда республика Президенті сайлауының, Парламент депутаттары сайлауының және республикалық референдумның дұрыс өткізілгендігі туралы мәселені шешеді; Парламент қабылдаған заңдарға Президент қол қойғанға дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарайды; Республиканың халықаралық шарттары бекітілгенге дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарайды; Конституция нормаларына ресми түсініктеме береді; Парламент республика Президентін мерзімінен бұрын қызметінен босату туралы шешім қабылдағанға дейін және республика Президентін қызметінен босату туралы түпкілікті шешім қабылданғанға дейін - белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталуы туралы қорытынды береді. Сондай-ақ, сот қолданыстағы заң немесе өзге де нормативтік-құқықтық акт адам мен азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапқан жағдайда, акт Конституцияға сай келмейді деп тану туралы соттардың өтініштерін қарау және конституциялық іс жүргізу тәжірибесін қорыту нәтижелері бойынша жыл сайын Парламентке республикадағы конституциялық заңдылықтың жайы туралы жолдау жіберу өкілеттіктері де Конституциялық кеңестің құзырына жатады. Аталмыш 5 өкілеттік тобын Конституциялық кеңес республика Президентінің, Сенат Төрағасының, Мәжіліс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемінде бестен бір бөлігінің, Премьер-Министрдің өтініші бойынша жасақтайды.
Конституциялық кеңестің құрылуы, құрылымы
Қазақстанда конституциялық бақылау институтын құрудың басталуы Қазақ ССР-нің 1978 жылғы Конституциясына 1989 жылы Конституциялық қадағалау комитетін құруды қарастыратын толықтырулар енгізуге байланысты орын алды, алайда, ол құрылмады
Кейінірек, «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 16 желтоқсандағы Конституциялық заңымен Конституцияны сот арқылы қорғайтын жоғары орган Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты болып табылады деп белгіленген. Конституциялық Сот «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» және «Қазақстан Республикасында Конституциялық сот ісін жүргізу туралы» заңдар қабылданған, Конституциялық Соттың төрағасы мен 10 судьясы сайланған 1992 жылы жұмыс істей бастады.
1995 жылғы 30 тамызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдауға сәйкес конституциялық бақылаудың квазисот органы - Конституциялық Кеңес құрылды.
«Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы» Конституциялық заңның 1-бабына сәйкес Конституциялық Кеңес мемлекеттiк орган ретiнде Республиканың бүкiл аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары тұруын қамтамасыз етедi: өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру кезiнде дербес және мемлекеттiк органдарға, ұйымдарға, лауазымды адамдар мен азаматтарға тәуелсiз, Республика Конституциясына ғана бағынады әрi саяси және өзге себептердi негiзге ала алмайды; Республика Конституциясы мен осы Конституциялық заңды басшылыққа ала отырып, соттардың немесе басқа мемлекеттiк органдардың құзыретiне жататын барлық жағдайларда өзге мәселелердi анықтау мен зерттеуге бармай-ақ өз өкiлеттiгiн жүзеге асырады.
Констиуциялық Кеңес, оның ішінде Төраға бар, жеті адамнан тұарды. Осыған қоса республиканың бұрынғы Президенті өмір бойына Конституциялық Кеңестің Төрағасын қызметке Президент тағайындап, Президент қызметінен босатыды. Конституициялық Кеңестің екі мүшесін -Президент, екі мүшесін -Сенаттың Төрағаыс, екі мүшесін -Мәжілістің Төрағасы қызметке тағайындап, қызметтен босатады. Конституциялық Кеңестің мүшелерінің жартысы үш жыл сайын жаңартылып отырады.
Конституциялық Кеңес мүшелеріне сынандай талаптар қойылады.
-ҚР ның азаматтары болуы тиіс
-жасы отыздан асқан
-жоғарғы заң білімі болуы тиіс
-заң мамандығы бойынша кем дегенде бес жыл жұмыс тәжірбиесі болуы керек.
Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелері Парламент палаталарының бірлескен отырысында тағайындалғаннан кейін Палаталаррының бірлескен отырысында тағайындалғаннан кейін Республика Президенті алдында ант береді. Ант мәтіні «Өзіме жүктелген ҚР Конституциялық Кеңстің Төарағасы (мүшесі) міндетін адал атқаруға, әділ болуға және басқа ешкімге, еш нәрсеге емес, ҚР ның Конституциясына ған бағынуға салтанатты түрде ант етемін»
Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелері мемлекеттің лауазымды тұлғалары болып табылады. Олардың мәртебесі Конституцияға, Президенттің «Конституциялық Кеңес турал» Жарлығына қоса, алғашқы екеуінде реттелмеген бөліктері мемлекеттік қызмет туралы нормативтік құқықтық актілемен белгіленеді.
Конституциялық Кеңестің белгілі бір шектеушлікке байланысты мүшелігі Депутаттық мандатына орай, оның оқытушылық, ғылымми және өзге шығармашылық қызметтен басқа, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына, басшы органдардың немесе коммерциялық ұйымдардың қадағалау кеңестерінің құрамына кіруге жол берілмейді. Конституциялық Кеңес туралы Жарлықта жоғарыда аталған тыйымдарды орындамау мүшелікті тоқтауға әкеліп соқтыратыны туралы жазылған.
Конституицялық Кеңес мүшелері мәртебесінің ерекшілігі мынандай сәттерден көрінеді.
өз міндетін орындау кезінде тәуелсіз және тек Конституцияға және Президенттің Конституциялық Кеңес туралы Жарлығына ған бағынады. Басқа актілердің (нормативтік және нормативтік емес ол үшін айтарлықтай міндеттілік күші болмайды.
Оларыдың қызметіне қайсібір араласушылық, сондай ақ қысым көрсету немесе өзгедей бір қандай да болсын нысанда әрекет жасау заң юбойынша жауаптылыққа тартылады.
Конституция Конституциялық Кеңестің немесе оның мүшелернің қандай да бір органның алдында есеп беретіндігін көздемейді. Конституциялық Кеңестің Парламентке елдегі конституциялық заңдылықтың жай күйі туралы жыл сайынғы жолдауы оның есебі болып табылмайды. Конституциялық Кеңес Төрағасы және оның мүшелері конституциялық іс жүргізу жөніідегі қызметі үшін ешкімге есеп бермейді. Президенттің Конституциялық Кеңес туралы Жарлығында олардың өкіліеттігін жүзеге асыру жөніідегі есебін талап етуге ешкімнің құқығы жоқтығы тура жазылған.
Қаралған мәселе бойынша шешім шығарылғанша Конституциялық Кеңес Төрағасынан немесе оның мүшелерінен ешкімнің ешнәрсе сұрауына құқығы жоқ. Конституиялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелері шешім шығарғанша оған қатысты мәселелер бойынша пікір білдіруге несесе ақыл кеңес беруге құқылы емес.
ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы - Рогов Игорь Иванович.
1 сурет. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің құрылымы
Конституциялық кеңестің мақсаты мен міндеттері
ҚР ның 1995 жылғы Конституциясында Конституциялық Кеңеске арналған бөлім бар. Осы мемлекеттік органның қандай мақсатта құрылатындығы Конституцияда көрсетілмеген. Алайда, Конституциялық Кеңестің Конституцияда белгіленген өкілеттігімен негізі көздейтіні Конституцияны қорғау екендігі көрінеді.
ҚР ның Президентінің «ҚР ның Конституциялық Кеңесі туралы» конституциялық заң күші бар Жарлығы осы органның нені көздейтінін айқын да дәл бейнелейді. онда Конституциялық Кеңестің мемлекеттік орган ретінде Республика Конституциясының бүкіл аумағында үстемдік етуін қамтамсыз ететіндігі айтылған. Қазақ КСР ның бірлесе бір Конституциясында, сондай ақ Қ Р ның 1993 жылғы және 1995 жылдардағы Конституцияларында мұндай ереже болған жоқ. «Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігі туралы» Ереже бірінші рет Президенттік жоғарыда көрсетілген Жарлығында баянды етілді. Осы ережеде ең алдымен Қазақстанда конституциялық құрлыстың белгіленгені, құқықтық мемлекет құрғысы келетіндігі, мемлекеттің Конституцияғабағынуға тиісті идеясы көрініс тапқан. Міне осыған сүйене отырып, Конституциялық Кеңес Конституцияның үстемдігін қамтамсыз етуі тиіс. Бұл Конституциялық Кеңестің өз қызметінде:
-олардың бұлжымастығын, яғни, нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, ұйымдастыру акцияларын жүзеге асыру кезінде жоғарғы мемлекеттік органдардың конституциялық нормаларды мүлтіксіз орындауын қамтамасыз етттін конституциялық нормалрды;
-мемлекеттің белгілі бір жағдайын айқындайтын, мысалы мемлекеттің біртұтас нысанын, саяси тұрақтылықты орнықтыратын, т. б конституциялық қағидалары
-конституциялық идеяларды, принциптерді, мысалы әлеуметтік мемлекет, қазақстадық патриотизм, т. б идеяларды басшылыққа алуы тиіс.
Көрсетілген мән жайларға орай Конституциялық Кеңес актілердің конституциялық заңдылықтарны тексерумен ғана шектелмейді. Конституциялық Кеңес қызметінің негізі Қазақстан Республикасының Конституциясы және Президенттің «Конституциялық Кеңестің өкілеттігін, құрамын, қалыптасу тәртібін, мүшелеріне қойылатын талапты, Конституциялық Кеңес мүшелернің мәртебесін, конституциялық іс жүргізуді айқындайды. Өз қызметінңі аталған актілермен ретелмеген, ұйымдастырылуы мен тәртібі бойынша Конституциялық Кеңес Регламент қабылдайды.
ҚР ның Конституциялық Кеңесінің билігінде екі 1) алдын ала (превентивтік) 2) келесідегі (репрессивтік) конституциялық бақылау нысаны бар. Алғашқы нысан конституциялық нормативтік құқықтық кесімді оған Президент қол қойғанға дейін тексеруді көздейді. Екіншісі ендігі әрекет ететін нормативтік кесімнің конституциялығын, сондай ақ сайлау мен рефрендумдардың конституциялығын тексеруді білдіреді. Алдын ала конституциялық бақылау конституциялық емес заң қабылдаудың жолын кесуге мүмкіндік береді және сонысы арқылы заңнаманың тұрақтығына жәрдемдеседі деп дұрыс айтылады. Конституциялық бақылаудың осы нысаның кемістігі Парламенттің заң шығарушылық жұмысына киілігу мүмкіндігі болып мойындалады. Келесі конституциялық бақылаудың жақсы бір қасиеті Конституциялық Кеңестің Парламенттің заң шығарушылық жұмысынакилікпей ақ, заңды соттардың және басқару органдарының қолдану практикасын есепке ала отырып, оның конституциялығын тексеруге мүмкіндігі бары болып табылады. Ал оның азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін маңызы зор.
Алдын ала конституциялық бақылау абстрактті ұғым болып табылады, себебі заңның конституциялығы қандай да бір нақты іске қатыссыз қарастырылады. Келесі конституциялық бақылау нақты болып табылады. Екі жағдайда да конституциялық бақылауға ынта болу құқығының субьектілері мемлекеттікоргандар, депутаттар, мемлекеттік лауазымыды тұлғалар болып табылады.
Конституциялық бақылаудың превентивтік, сондай ақ репрессивтік нысанында да қақтығыс жағдай туындауы мүмкін. Конституциялық Кеңс азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда маңызды рөл атқарады. Конституциялық Кеңстің Республика Президентің, Парламент депутаттарын сайлауды жүргізу мен республикалық референдум жүргізудің дұрыстығы туралы даулары қарастыру бойынша өкілеттіктері азаматтардың саяси құқықтарын қорғауға бағытталған.
Конституциялық Кеңеске өтініш беру құқығына: Қазақстан Республикасының Президенті, Сенат Төрағасы, Мәжіліс Төрағасы, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгi, Премьер-Министр, Республика соттары ие.
Конституциялық Кеңестің Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-74-баптарында белгіленген құзыреті мынадай мәселелерді қамтиды:
- дау туған жағдайда Республика Президентiнiң, Парламент депутаттарының сайлауын өткiзудiң дұрыстығы және республикалық референдум өткiзу туралы мәселенi шешедi;
- Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестiгiн Президент қол қойғанға дейiн қарайды.
- Парламент және оның палаталары қабылдаған қаулылардың Республика Конституциясына сәйкестігін қарайды;
- Республиканың халықаралық шарттарын бекiткенге дейiн олардың Конституцияға сәйкестiгiн қарайды;
- Конституцияның нормаларына ресми түсiндiрме бередi;
- Конституцияның 47-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген реттерде қорытындылар бередi.
Конституцияның 78-бабында белгіленген жағдайларда соттардың өтініштері бойынша қолданыстағы заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілер нормаларының конституциялығын тексереді. Конституциялық Кеңес конституциялық iс жүргiзу практикасын қорыту нәтижелерi бойынша жыл сайын Парламентке Республикадағы конституциялық заңдылықтың жайы туралы жолдау жiбередi. Одан тыс, Мемлекет басшысының талап етуі бойынша Конституциялық Кеңестің Төрағасы оған Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы ақпарат ұсынады.
Конституциялық іс жүргізу тиісті субъектілердің өтініші болған жағдайда ғана қозғалады. Конституциялық Кеңес қабылдаған қаулыны Кеңестің өзі конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың не оның қорытынды шешімін орындауға міндетті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың өтініштері бойынша түсіндіруі мүмкін. Егер Конституциялық Кеңестің шешімінде жіберілген редакциялық сипаттағы дәлсіздіктер мен қателерді түзету қажет болса, Конституциялық Кеңес өз бастамасы бойынша қосымша шешімдер қабылдайды. Қосымша шешiм Конституциялық Кеңес шешiмiнiң шынайы мазмұнына, мағынасы мен мақсатына қайшы келмеуге тиiс.
Конституциялық Кеңес шешімдерінің түрлері
Конституциялық Кеңестiң шешiмдерi Конституциялық Кеңестiң конституциялық өкiлеттiгiн жүзеге асыратын қорытынды шешiмдер және Конституциялық Кеңестiң өзге де өкiлеттiгiн жүзеге асыратын басқа да шешiмдер болып бөлiнедi. Шешімдер қаулылар, солардың ішінде нормативтік қаулылар, қорытындылар және жолдаулар нысанында қабылданады. Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары қолданыстағы құқықтың құрамдас бөлігі болып табылады.
Конституциялық Кеңес шешiмдердi алқалы түрде, өз мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен ашық дауыс беру арқылы, ал Конституциялық Кеңестiң тiптi бiр мүшесi талап етсе де - жасырын дауыс беру арқылы қабылдайды. Егер шешiм қабылдау кезiнде Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң дауыстары тепе-тең бөлiнген болса, Конституциялық Кеңес Төрағасының даусы шешушi дауыс болып табылады, ол барлық жағдайларда өз даусын ең соңында бередi. Конституциялық Кеңестiң мәжiлiсi кезiнде оның отырысқа қатысқан мүшелерiнiң ешқайсысының да қалыс қалуға немесе дауыс беруге қатыспауға хақы жоқ. Конституциялық Кеңестiң қорытынды шешiмiмен келiспеген оның мүшесi өз пiкiрiн жазбаша түрде бiлдiруге хақылы.
Конституциялық Кеңестің шешімін ол Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасы бойынша немесе өз бастамасы бойынша, егер қабылданған шешімге негіз болған Конституция нормасы өзгерсе не болмаса өтініштің мәні үшін жаңа елеулі мән-жайлар ашылса, қайта қарауы мүмкін.
Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, ұлттық қауіпсіздікті, мемлекеттің егемендігі мен тұтастығын қамтамасыз ету мүддесінде Конституциялық Кеңестің шешімін ол Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасы бойынша қайта қарауы мүмкін. Шешімді қайта қарау туралы Конституциялық Кеңес қаулы шығарып, ол арқылы осы шешімнің толығымен немесе бір бөлігінде күшін жояды.
Конституциялық Кеңес шешімдерінің заңдық күші
Конституцияда Конституциялық Кеңес шешімдерінің жалпыға бірдей міндетті заңдық күші бекітіліп, кешіктірмей қолданысқа енгізілу тәртібі белгіленген.
Конституциялық Кеңес шешімінің түпкіліктігі оның заңдық күшінің ажырамас сипаты болып табылып, қорытынды қаулы қабылдау арқылы конституциялық іс жүргізудің қисынды түрде аяқталғанын айғақтайды. Конституциялық Кеңес шешімінің түпкіліктігі сондай-ақ оның өтініш субъектісі үшін сол бір себеп бойынша кері қайтпайтынын білдіреді, өйткені, Конституцияның 74-бабының 3-тармағына сай, Конституциялық Кеңестің шешімдері «шағымдануға жатпайды». Бұл Кеңестің шешімдеріне шағымдану құқығының да, мұндай шағымдарды қарайтын тиісті инстанциялардың да жоқ екенін білдіреді. Сонымен бірге, ерекше жағдайларда Конституциялық Кеңестің өзі қолданыстағы қаулыны қайта қарауы немесе оны түсіндіру жөнінде қосымша қаулы қабылдауы мүмкін екені конституциялық құқық нормаларында жоққа шығарылмайды.
Конституциялық Кеңестің қаулылары тек Конституцияға ғана негізделеді және өзге нормативтік құқықтық актілердің бәрі оларға қайшы келмеуге тиіс. Конституциялық Кеңестің қаулыларында баяндалған құқықтық позициялардың күші Кеңес конституциялық емес деп тапқан нормаларды қайта қабылдау арқылы еңсеріле алмайды.
Конституцияның 73-бабының 4-тармағына сай Конституциялық Кеңестiң шешiмiне толығымен немесе бiр бөлiгiне Республика Президентi қарсылық бiлдiруi мүмкiн, бұл қарсылық Конституциялық Кеңес мүшелерi жалпы санының үштен екiсiнiң даусымен еңсерiледi. Президент қарсылығы еңсерiлмеген жағдайда, Конституциялық Кеңестiң шешiмi қабылданбады деп есептеледi. Қарсылық Республика Президенті шешімнің мәтінін алған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей енгізіледі.
Конституциялық Кеңес өзі қабылдаған шешімдерді орындау тәртібі мен мерзімін белгілей алады. Егер Конституциялық Кеңестің шешімі мемлекеттің шығысты ұлғайтуды немесе мемлекеттік кірісті қысқартуды көздейтін болса, онда Конституциялық Кеңес өзі қабылдаған шешімдерді орындау мерзімін Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісе отырып белгілейді. Конституциялық Кеңестің шешімін орындау мақсатында қабылданған шаралар туралы оған тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар Конституциялық Кеңес белгілеген мерзімде хабарлайды.
Конституцияның сол бір нормасы бойынша Конституциялық Кеңестің жаңа шешім қабылдауы өтініш субъектінде басқа бір жағдайда түсінбеушілік туындаған өзге бір мәселеге, осы бір конституциялық норманың нақты талабын не талаптарын қолдануға немесе орындауға байланысты болуы мүмкін. Конституциялық Кеңестің Конституцияның сол бір нормасы бойынша жаңа қаулысы осы конституциялық нормаға қатысты бұдан бұрынғы қаулысына қайшы келмеуге тиіс. Мұндай қаулы Конституциялық Кеңестің Конституцияның осы нормасын ресми түсіндіру жөніндегі бұдан бұрынғы қаулысының құқықтық позицияларын толықтырып, дамыта түсуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің шешімдері елеулі құқықтық салдарға әкеп соқтырады. Конституциялық емес деп танылған заңға және Республиканың шарттарына қол қойылмайды не олар бекітілмейді және қолданысқа енгізілмейді. Конституциялық емес деп танылған, соның ішінде адамның және азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп танылған заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілер заңдық күшінен айрылады, қолданылмайды және жойылады. Соттар мен өзге де құқық қолданушы органдардың осындай заңға немесе өзге бір нормативтік құқықтық актіге негізделген шешімдері орындалмайды. Конституциялық Кеңес Конституцияға сәйкес емес деп таныған Президент және Парламент депутаттарының сайлауы жарамсыз деп жарияланады.
Конституциялық іс жүргізу
Конституциялық Кеңес сот органы емес. Ол Констиуцияның үстемдігін сот әдістерімен қамтамсыз етпейтін мемлекеттік орган болып табылады. Конституциялық Кеңес өз құзіреітн конституциялық іс жүргізу жолымен жүзеге асырады. Бірақ ол сот ісін жүргізу емес, Конституциялық Кеңестің мемлекеттік органдар жүйесінде алатын орны мемлекеттік іс жүргізу. Конституциялық Кеңес мемлекеттік механизмнің бір бөлігі бола тұрып мемлекеттік биліктің біде бір тармағына жатпайды. Ол тіпті билік тармақтарының бірде біріне жуыспайды. Осының бәрі Конституциялық іс жүргізудің өзіндік қырын көрсетеді. Өтініш бойынша конституциялық іс қозғайтын субьектілер ауқымы шектеулі. Ол субьектілер конституциялық іс жүргізуге қатысушылар есептеледі. Оған Президент, Сенат Төрағасы, Мәжіліс Төрағасы, Парламент депутаттарының жалпы санының кем дегенде бестен бірі, Премьер Министр, Республика соттары, мемлекеттік органдар және актілерінің конституциялығы тексерілетін лауазымды адамдар жатады. Конституциялық іс жүргізуге қатысушылар іс жүргізудің тепе теңдік құқығын пайдаланады. Олар іс матеиалдарымен танысуға, дәлелдемелер беруге, олардызерттеуге қатысуға, өтініштің дұрыстығын немесе терістігін дәлелдеуге, Конституциялық Кеңеске ауызша немесе жазбаша түсініктеме беруге құқылы.
Конституциялық іс жүргізуге қатысушыларға міндет те жүктеледі. Олар өз құқықтарын абыройлы пайдалануы тиіс.
Конституциялық Кеңес іс жүргізуге қабылданған өтінішті қарайды және өтініш түскеннен бір айдың ішінде ол бойынша қортынды шешім қабылдайды. Конституциялық іс жүргізу қорытынды шешім қабылданғанға дейін мынадай 1) егер өтініш жасаған субьект өз өтінішінен бас тартқан2) конституциялығы дауға түскен акт кері қайтарылған немесе заңдық күшін жоғалтқан 3) егер мәлімделген өтініш Конституциялық Кеңестің қарауына жатқызылмаған жағдайда тоқтатылуға жатады. Конституциялық Кеңес шешімдерінің түрлері. Оның отырысында қабылданған кез келген акт Конституциялық Кеңестің шешімі болып табылады. Конституциялық Кеңестің шешімі екі түрге бөлінеді:
-конституциялық өкілеттікті жүзеге асыру негізінде қабылданатын қортынды шешім
-өзге өкілеттіктермен жүзеге асылатын шешімдер
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz