Шетелдердің конституциялық заңнамалары, олардың түсінігі (Италия мемлекетінің мысалында)


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Әлеуметтік ғылымдар факультеті

6М030100-Құқықтану

Магистрдің өзіндік жұмысы

Тақырыбы: «Шетелдердің конституциялық заңнамалары, олардың түсінігі (Италия мемлекетінің мысалында) »

Орындаған: МЗК-711

магистрант Шәуенова Н. Қ.

Қабылдаған: з. ғ. д., профессор Накипов Б.

Түркістан, 2017

Жоспары

  1. Кіріспе
  2. Италия Конституциясына жалпы сипаттама
  3. Италиядағы Конституциялық заңдар
  4. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Италияда конституциялық институттардың тарихы бір жарым ғасыр бұрын бастау алған. Осы уақыт ішінде бұл мемлекет конституциялық монархиядан, тоталитарлық фашисттік диктатурадан өткен, содан соң 1946 жылы референдум нәтижесінде басқарудың монархиялық формасы құлатылып, Италияда соғыстан кейінгі Еуропаның ең демократиялық конституцияларының бірі қабылданған.

1848 жылы наурызда Сардиния Корольдігінде алғаш рет «Альбертиндік статут» деп аталатын алғашқы конституциялық заң қабылданған. Ол Карл Альберт корольдің есемімен аталған. Италия 1870 жылы толықтай біріккен соң, Альбертиндік статут тұтас елдің Конституциясына айналды.

Өзінің сипаты бойынша, Альбертиндік статут - әдеттегі «жоғарыдан» берілген конституция. Оның барлық 84 баптарында (түпнұсқасы француз тілінде жазылған) «халықтық мақұлдау», «халық суверенитеті» деген сияқты түсініктер қолданылмаған. Италия мұрагерлік монархия ретінде жарияланған: тақты ер адамның әулетіндегі үлкені иеленеді. Католиктік дін мемлекеттің жалғыз діні болып саналды. Король ең кең құзыретке ие болды: ол жоғарғы инстанция ретінде заңдарды мақұлдады, жоғарғы палатаның - Сенаттың барлық құрамын сайлады, кез келген сәтте Палата депутаттарын босатып, жаңа құрамды бекітті. Оның ерекше құзыретіне соғысты жариялау, халықаралық шарттарды ратификациялау, амнистия жүргізу кірді.

1922 жылы Бенито Муссолини бастаған тоталитарлық фашисттік режим орнатылған соң Италияның демократиялық конституциялық дамуы тоқтатылды.

Конституциялық тұрғыдан жаңа режим «№2263 Заңның» 1925 жылы 24 желтоқсанда қабылдануымен рәсімделді. Бұл заңға сәйкес өзінің құзыретін тікелей корольден алатын үкімет басшысының рөлі айтарлықтай артты. Елде бірпартиялық режим бекітілді. Фашизм тұсында да монархиялық институт сақталды. Сөз жүзінде король мемлекеттік басшысы және жоғарғы бас қолбасшы болып қала берді. Үлкен Фашисттік Кеңес 1943 жылы 25 шілдеде төтенше отырыста италиялық фашизмнің басшысы Бенито Муссолиниге өздерінің сенімсіздіктерін білдіріп, король Виктор Эммануил ІІІ-ке үкімет басшысы ретінде маршал П. Бадальоны тағайындауды ұсынды. Антифашисттік қарсыласу толқынында жаңа билік органдары құрылды. Негізгі саяси партиялар елдегі конституциялық құрылым мен саяси институттарды түбегейлі өзгертуді талап етті. 1946 жылы 2 маусымда өткен референдумда басқарудың монархиялық формасына қарсы 54, 3% дауыс берілді. Италия ресми түрде Республика деп жарияланды.

Италияның Жаңа Конституциясы 1947 жылы 22 желтоқсанда Бекітуші жиналыстың салтанатты отырысында қабылданды. 1947 жылдың 27 желтоқсанында Конституция жарияланып, 1948 жылы 1 қаңтарда өз күшіне енді.

Италия Конституциясына жалпы сипаттама

Италия Конституциясы - көпжоспарлы, мұқият жасалған саяси-заңды құжат. Италия Конституциясының ерекшеліктерінің бірі - онда преамбуланың болмауы. Конституция кіріспе бөлімнен басталады, онда Италия Республикасының Конститциясының құрылысы туралы жалпы және негізгі ережелер мазмұндалады. Конституцияның 1- бабында Италия еңбекке негізделген демократиялық Республика деген анықтама бар. Аталған баптың 2-бөлігінде егемендік халыққа тиесілі, ол оны Конституцияда белгіленген нысандар мен шекте жүзеге асырады. Конституцияда ішкі және халықаралық құқық арсындағы барлық қатынастар көрініс тапты. Конституцияның 10-бабының 1-бөлігінде Италия құқықтық тәртіпті жалпы таныған халықаралық құқық нормаларына сәйкес келеді деген ережеге ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Аталғанмен 11-бап та байланысты. Оған сәйкес «Италия басқа халықтың бостандығына шек қою мен халықаралық дауларды шешу тәсілі ретінде соғыстан бас тартады, басқа мемлекеттермен тең негіздерде ұлттар арасындағы тыныштық пен әділеттілікті қамтамасыз ету үшін тәртіпті сақтау мақсатында егемендікті шектеуге келіседі» - делінген. Осы нормалар елдің Еуропа Одағына кіру үшін құқықтық негіз болды.

Кіріспе бөлімнен кейін бірінші бөлім келеді, ол «Азаматтардың құқықтары мен міндеттері» деп аталған. Бұл бөлімде 54 бап бар екендігін айту керек. Бірақ осы бөлімді құрайтын төрт бөлімше тек азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне арналмаған, сонымен қатар онда азаматтық, этико-әлеуметтік, экономикалық, саяси қатынастар қарастырылған. Екінші бөлім Республика құрылысын реттейді. Оның құрамына Парламент, Президент; Үкімет, Магистратура, облыстар, провинциялар, коммуналар, конституциялық кепілдіктер бөлімшелері кіреді.

Конституция жалпы 139 баптан тұрады.

Конституция өтпелі және қорытынды ережелермен аяқталады. Өздерінің сипаты бойынша кейбір ережелер акттың негізгі бөлімінде орналасуы тиіс. Мысалы, таратылған фашисттік партияны қандай да болсын нысанда қайта құруға тыйым салу туралы XII-бап нормасы/. Италия Республикасының Конституциясын өзгерту тәсіліне байланысты қатаңдарына жатқызылады. 138-бапта айқындалған оны өзгерту процедурасы 2 кезеңнен тұрады.

Конституцияны, басқа конституциялық заңдарды қайта қарау туралы заңдар Парламенттің әр палатасында кем дегенде екі тыңдаудан кейін ғана қабылданады. Тыңдаулар арасындағы мерзім 3 айдан кем болмауы тиіс. Екінші сайлау кезінде ондай заңдар әр палатаның құрамының абсолютті көпшілік даусымен мақұлдану тиіс.

Қазіргі Италия Конституциясы 1948 жылы күшіне енді. Мемлекеттің басшысы - президент. Оны парламенттің екі палатаның бірлескен мәжілісінде жасырын дауыс беру жолымен 7 жылға сайлайды. Президентке кең өкілдіктер берілген. Ол заңдарды жариялайды, заңдық күші бар декреттер шығарады, парламентті таратып жібере алады, үкімет төрағасын тағайындайды, қарулы күштердің қолбасшысы да, Жоғарғы қорғаныс Кеңесінің төрағасы да сол. Жоғары заңшығарушы органы да - парламент. Ол екі палатадан-депутаттар палатасы және республика сенатынан құралады. Екі палатаға да депутаттар жалпыға бірдей және төте сайлау жолымен сайланады. Ерекше еңбек сіңірген 5 адамды президент өмірлік сенаттыққа тағайындайды, республиканың бұрынғы президенттері де сенат құрамына өмірлік болып кіргізіледі. Екі палатаның да өкілдік мерзімі 5 жыл. 21 жасқа толған барлық азаматтарға сайлау құқығы беріледі. Атқарушы өкімет билігін үкімет - Мин. Кеңес жүргізеді. Үкімет парламент алдында жауапты. Сот жүйесі Жоғарғы кассациялық сот - жоғарғы инстанциялы сот, азаматтық істер, қылмыстық істер жөніндегі соттар және аппеляциялық соттардан құралады. Судьяларды тағайындау және ауыстыруды президент төрағалық ететін магистратураның жоғарғы Кеңесі жүргізеді. Италия Конституциясында мемлекет пен Католиктік шіркеу арасындағы өзара байланыс ерекше орын алады. Бұл Италияның католиктік дәстүрлерімен ғана емес, Италия территориясында, Римде, Ватиканның - Католиктік шіркеудің діни және әкімшілік орталығының орналасуымен байланысты, ал римдік бірінші діндар - Папа дәстүр бойынша рим епископы болып саналады. Сонымен бірге, Италия Конституциясы өзінің зайырлы сипатын сақтайды, шіркеуді мемлекеттен бөліп қарау принципіне сүйенеді және дін ұстану теңдігін береді.

Италиялық Конституция тұрақты болып саналады - оның қолданыстағы уақыты барысында бар болғаны 10 түзетулер енгізілген. Бұл өзгерістер негізінен мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарын - Парламент, Президент, Конституциялық сотты ұйымдастыруға қатысты болды.

Италияның қолданыстағы Конституциясы ең демократиялық Конституциялар қатарына жатады. Негізгі құқықтар мен бостандықтарды бекіте отырып, 2 бөлімнің 3 бабында Республиканың басты мақсаты ретінде: «азаматтардың бостандығы мен теңдігін шектей отырып, адам тұлғасының толық дамуы мен барлық еңбек етушілердің елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік ұйымдастырылуына тиімді қатысуына кедергі келтіретін экономикалық және әлеуметтік сипаттағы кедергілерді жою» болып табылатындығы жөнінде жазылған.

Италиядағы Конституциялық заңдар

Италияның құқықтық жүйесіндегі конституциялық заңдар Италия Конституциясы секілді күшке ие парламент актісі болып табылады. Бұл дегеніміз, Конституция мен конституциялық заңдар арасында келіспеушіліктер туындағанда «кеш қабылданған заң ерте қабылданған заңнан басым болады» деген принципке сүйенеді.

Менің қарастыруым бойынша, Италиядағы конституциялық заңдарды үш бағытта бөліп қарастыруға болады. Бірінші бағытына Италиядағы автономиялық облыстардың мәртебесін, ондағы халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайларын нормалаушы, өмір сүру нормалары мен принциптерін қарастыратын Арнайы Статуттар мен оларға енгізілетін өзгерістерді жатқызуға болады. Ал екінші бағыт ретінде Конституцияға, оның ішіндегі арнайы баптарына енгізілетін өзгерістер мен түзетулер жөніндегі заңдар жатады. Ал үшінші бағытына мемлекет өмірінде маңызды орын алатын оқиғалар мен биліктегі арнайы органдардың мәртебесі жөніндегі бағыттарды жатқызамыз.

Бірінші бағыт: Италияның Конституциялық заңдар қатарына Италияның 5 автономиялық аймақтарының арнайы Статуттары кіреді. Атап айтар болсақ: «Сардинияның Арнайы Статуты» (1948, 26 ақпан), «Валле’д Аоста аймағының Арнайы Статуты» (1948, 26 ақпан), «Сицилия аймағының Арнайы Статуты» (1948, 26 ақпан), «Трентино-Альто-Адидже аймағының Арнайы Статуты» (1971, 31 қараша), «Фриуои-Венеция-Джулия аймағының Арнайы Статуты» (1963, 31 қаңтар) .

Екінші бағыт: «Конституцияның 56, 57 және 60 баптарына түзетулер» (1963, 9 ақпан), «Конституцияның 131 және 57 баптарына түзетулер және аймағын құру туралы» (1963, 27 желтоқсан), «Конституцияның 135 бабына түзетулер және Конституциялық сотқа қатысты диспозиция» (1967, 22 қараша), «Конституцияның 96, 134 және 135 баптарына түзетулер және 1953 жылдың 11 наурызындағы №1 Конституциялық заңына түзетулер және Конституцияның 96 бабына қатысты қылмыстарға қатысты түзетулер енгізу» (1989, 16 қаңтар), «Конституцияның екінші бөлімі, 88 бабына түзетулер енгізу» (1991, 4 қараша), «Конституцияның 79 бабына түзетулер» (1992, 6 наурыз), «Шетелде өмір сүруші Италия азаматтарының дауыс беру құқығына байланысты шетелдік сайлау аймақтарын құру жөніндегі Конституцияның 48 бабына түзетулер енгізу» (2000, 17 қаңтар), «Шетелде өмір сүруші Италия азаматтарына өкілдік етуші депутаттар мен сенаторлардың санына қатысты Конституцияның 56 және 57 баптарына түзетулер енгізу» (2001, 23 қаңтар) .

Үшінші бағыт: «Конституциялық соттың конституциялық заңдылығы мен тәуелсіздігінің кепілдігі туралы ережелер» (1948, 9 ақпан), «Конституциялық Сотқа қатысты Конституцияның қосымша ережелері» (1953, 11 наурыз), «Қосымша және қорытынды ережелердің орындалу мерзімі» (1958, 18 наурыз), «Геноцид қылмысына қолданылатын жазалар» (1967, 21 маусым), «1989 жылғы сайлауға байланысты Еуропалық парламентке конституциялық мандат беру үшін консультативтік референдум жүргізуге шақыру» (1989, 3 сәуір), «Институционалдық реформалар бойынша парламенттік комитет функциялары және Конституцияға түзетулер енгізу процедурасының ережелері» (1993, 6 тамыз), «Конституциялық Реформалар үшін Парламенттік Комиссия құру» (1997, 24 қаңтар), «Конституциялық схемаға теңестірілген бюджет принципін енгізу» (2012, 20 сәуір) .

Бүгінгі таңда Конституциялық заңдардың жалпы саны 41 құрап отыр (жойылғандарын қоса алғанда) .

Конституциялық заңдардың қабылдану тәртібі

Заң жобасын ұсынуға қандай да бір заңнамалық өзгерістердің қажеттілігін бағалауға ең қабілетті орган ретінде үкіметтің құқығы бар. Сонымен бірге, заңшығарушылық бастамаға екі палатаның мүшелері де ие. Заң жобасы парламенттік топпен және комиссиямен енгізілуі мүмкін. Экономика және еңбекке қатысты заң жобаларын Экономика және Еңбектің Ұлттық кеңесі палата мен үкіметтің ерекше консультативті органдарына ұсына алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Казақстан Республикасының Конституциялық заңнамаларының сипаттамасы
Шетелдердің конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі жайлы
Конституциялық құқықтың негіздері
Шетелдердің конституциялары мен конституциялық заңнамаларын қабылдау тәртібі (Қырғызстан мысалында)
Мемлекет нысаны ұғымы
Шет елдердің Конституциялары және басқару нысандары
Шет елдердің конституциялық құқығын. Дәрістер жинағы
Ежелгі мемлекетер тарихы
Әкімшілік құқықтық тұрғыдан мемлекеттi басқару нысандарының түсiнiгi
Шетелдердің конституциялық құқығы пәнінен дәрістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz