Шетелдердің конституциялары мен конституциялық заңнамаларын қабылдау тәртібі (Қырғызстан мысалында)



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Әлеуметтік ғылымдар факультеті

6М030100-Құқықтану

Магистрдің өзіндік жұмысы
Тақырыбы: Шетелдердің конституциялары мен конституциялық заңнамаларын қабылдау тәртібі (Қырғызстан мысалында)

Орындаған: МЗК-711
магистрант Шәуенова Н.Қ.
Қабылдаған: з.ғ.д., профессор Накипов Б.

Түркістан, 2017
Жоспары

1. Кіріспе

2. Қырғызстан Конституциясына жалпы сипаттама

3. Қырғызстандағы Конституциялық заңдар

4. Конституциялық заңнамаларды қабылдау тәртібі

5. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қырғыз Республикасы - біздің еліміз Қазақстан Республикасымен бірге КСРО-ның құрамында елдердің қатарында бірге болған тарихы бір бауырлас ел болып келеді. КСРО ыдырап, тәуелсіздік алғаннан соң елде Негізгі Заң - Конституция, Конституциялық заңдар және өзге де нормативтік актілер қабылданған. Сонымен қатар, Қырғызстан Республикасының Конституциясына тәуелсіздік алғаннан бері 9 рет өзгерістер енгізілген.
Нормативтік құқықтық актілер өздерінің заңдық күшіне қарай ерекшеленеді. Осыған орай, иерархия анықталуы мүмкін.
Қырғызстанның нормативтік құқықтық актілерінің жүйесіне:
oo Қырғыз Республикасының Конституциясы, конституциялық заңдары, Қырғыз Республикасының заңдары;
oo Қырғыз Республикасы Президентінің Жарғылары, Қырғыз Республикасының Жогорку Кенешінің және Қырғыз Республикасы Үкіметінің қаулылары, Ұлттық Банк актілері, министрліктердің, мемлекеттік комитеттері мен әкімшілік ведомостволардың актілері, жергілікті мемлекеттік әкімшіліктің және жергілікті өзін өзі басқару органдарының шешімдері жатады.
Конституция жоғары заңдық күшке және Қырғыз Республикасына тікелей әсерге ие.
Конституция негізінде конституциялық заңдар, өзге нормативтік-құқықтық актілер қабылданады. Қырғызстан қатысушысы болып табылатын, заңды күшіне енген халықаралық шарттар мен келісімдер, сондай-ақ, халықаралық құқықтық жалпы қабылданған принциптері мен нормалары Қырғыз Республикасының құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Заң немесе нормативтік-құқықтық актілер мен Конституция арасында айырмашылықтар болса Қырғыз Республикасы Конституцияларының нормалары басым болып саналады.
Кодекс - қоғамдық қатынастардың белгілі бір сферасын толықтай немесе тікелей реттейтін, нормалардың толық немесе басым бөлігінен тұратын заң.
Қазіргі дәуірдегі әр түрлі еддердің конституциясына көз жүгірткенімізде олардың алуан түрлі сипатта әрі әр түрлі мәнде екеніне көз жеткіземіз. Мысалы, Қырғыз республикасында Жоғарғы Кенес (Парламент) депутаттарының жалпы санының үштен екісінен кем емес дауыс бергенде конституциялық заңдар қабылданады. Жай заңдар, Кырғызстан Республикасы Конституциясының 66-бабына сәйкес, депутаттардыц басым көпшілігі дауыс берсе қабылдана береді. Біздің республикамызда да осы іспетгі түрде заң кабылдау рәсімі өткізіледі.

Қырғызстан Конституциясына жалпы сипаттама

Қырғызстан Республикасының Конституциясы - Қырғызстан Республикасының негізгі қолданыстағы заңы. Қызғыз Республикасының қолданыстағы Конституциясы 2010 жылы 27 маусымда референдумда қабылданған, мұның алдындағы Конституцияны Жоғарғы Кеңес 1993 жылы 5 мамырда қабылдаған болатын.
1993 жылы 5 мамырда Қырғыз Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 12-ші сессиясында қабылданған Конституцияға ие болды. Оны қабылдаған парламент Қырғыз Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі мен демократиялық қоғам мен еркін нарық құру саясатын іске асыру үшін саяси және құқықтық негіздер қалыптастырған билік органы ретінде тарихта қалды. Бұл аңыз болған парламент қабылдаған тарихи актілер:
oo 1990 жылы 15 желтоқсанда қабылдаған суверенитет туралы Декларация;
oo Жоғарғы Кеңестің кезектен тыс 6-шы сессиясында 1991 жылы 31 тамызда қабылдаған ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Декларация;
oo 1993 жылы 5 мамырда Жоғарғы Кеңестің 12 сессиясында қабылданған тәуелсіз ҚР Конституциясы.
1993 жылғы Конституцияның жобасын парламенттің арнайы комитеті дайындап 1991-1993 жылдар аралығында екі жыл бойы талқылаған. Асқар Ақаевтың билік уақытында Қырғыз Республикасының Конституциясы Президенттің құзыретін күшейту бойынша бес рет қарастырылған, сондай-ақ, 1994, 1996, 1998, 2001 және 2003 жылдары оған өзгерістер енгізілген.
2010 жылы 27 маусымда референдум нәтижесінде Қырғыз Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Конституция басқару формасын президенттіктен парламенттікке ауыстырды. Елдің алдыңғы екі президенті революция барысында президенттіктен кетірілген. Жаңа Конституцияға сәйкес Президент бір рет алты жыл мерзіміне сайланады және қайта сайлануға құқығы жоқ. Президенттің құзыреті шектелгенімен, көптеген парламенттік демократиялық елдердегі секілді сөз жүзіндегі қызмет болып қалмады. Президент вето құқығына ие, мемлекеттік орган басшыларын сайлай алады.
Конституция депутаттардың санын 90-нан 120-ға дейін арттырды. Сонымен бірге, бір партияда 65 орыннан артық орын болмайтындығы жөнінде ереде енгізді. Саяси партияларды этникалық немесе діни негізде құруға жол берілмейді. Соттар мен милиция және қорғаныс күштерінде қызмет етушілер саяси партиялардың мүшелері бола алмайды. Жаңа Конституцияның 97 бабына сәйкес конституциялық бақылаудың функцияларын Жоғарғы Соттың Конституциялық палатасы орындауы қажет.
Бұл құжат адам құқықтарына үлкен назар аударған. 16 бапта дискриминацияға шектеу қойлған. 20 бапта жазасын өтеушілердің құқықтары туралы ережелер жазылған, сондай-ақ, өлім жазасынан бас тартылған.
Қырғызстанда конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдум 2016 жылдың 11 желтоқсанында өткен. Оған сайлаушылардың 42 пайызы қатысып, дауыс бергендердің 80 пайызы ұсынылған өзгерістерді қолдаған. Дауыс бергендердің 16 пайызы өзгерістер енгізуге қарсы болған. Конституцияға өзгерістер премьер-министрдің өкілеттігін кеңейту үшін жасалған. Жаңа конституция бойынша, президентке парламент депутаттарының үштен екісінің қолдауымен Конституциялық сотқа өз кандидаттарын ұсынып, судьяларды қызметінен алу құқығын береді.
Қырғыз Республикасының 2010 жылы қабылданған Конституциясы 9 тараудан, 114 баптан тұрады.
1 тарау. Конституциялық құрылым негіздері.
2 тарау. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары.
3 тарау. Қырғыз Республикасының Президенті
4 тарау. Қырғыз Республикасының заңшығарушы билігі
5 тарау. Қырғыз Республикасының атқарушы билігі
6 тарау. Қырғыз Республикасының сот билігі
7 тарау. Өзге мемлекеттік органдар
8 тарау. Жергілікті өзін өзі басқару
9 тарау. Осы Конституцияға өзгерістер енгізу тәртібі
Қырғыз Конституциясында адамның (азаматтың емес) әлеуметтік құқықтарының кең тізіміне назар аударылған. Ол Халықаралық адам құқықтары мен бостандықтарының стандарттарына сәйкес келеді. Сондай-ақ, Конституцияның 36 бабында Отбасы - қоғамның негізі. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетелдердің конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі жайлы
Казақстан Республикасының Конституциялық заңнамаларының сипаттамасы
Конституциялық құқықтың негіздері
Шетелдердің конституциялық құқығы пәнінен дәрістер
Шет елдердің конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі
Шет елдердің конституциялық құқығының пәні
Шетелдердің конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі
Шет елдердің конституциялық құқығын. Дәрістер жинағы
Шет елдердің конституциялық құқығы
Шет елдердің Конституциялары және басқару нысандары
Пәндер