Шетел конституциялық заңнамаларындағы мемлекеттік басқару нысандары
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Әлеуметтік ғылымдар факультеті
6М030100-Құқықтану
Магистрдің өзіндік жұмысы
Тақырыбы: Шетел конституциялық заңнамаларындағы мемлекеттік басқару нысандары
Орындаған: МЗК-711
магистрант Шәуенова Н.Қ.
Қабылдаған: з.ғ.д., профессор Накипов Б.
Түркістан, 2017
ЖОСПАРЫ
Кіріспе
1. Мемлекеттік басқару нысандарының түрлері
2. Қазақстан - Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет
3. Шетелдердегі мемлекеттік басқару нысандары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Мемлекеттік басқару нысандары - саяси өкіметті ұйымдастыру жолдары, басқару нысанын, мемлекеттік ұйымдастыру нысанын және саяси режимді қосып алады.
Егер мемлекеттің негізі санаты мемлекеттегі басты заңдылық неге байланысты екенін белгілесе, мемлекеттік басқару нысандары санаты - қоғамда кім және қалай басқарады, қалай ұйымдасқан және ондағы мемлекеттік билік құрылымы қалай басқарады, ол аумақтың тұрғындары қалай біріккен, әртүрлі аумақтық және саяси құрылымдар мемлекетпен қандай қатынаста, қандай әдістердің және жолдардың көмегімен саяси билік жүргізетіндігін көрсетеді.
Мемлекеттік басқарудың нысандары - мемлекет нысанының құрамы, ол жоғарғы мемлекеттік өкіметтің ұйымдасуын, оның органдарының құрылуындағы тәртіпті және олардың тұрғындармен қарым-қатынасын сипаттайды.
Басқару нысаны ұғымын пайымдағанда мемлекеттік ең жоғарғы биліктің ұйымдастырылуы түсініледі. Әсіресе оның ең жоғарғы және орта органдарының ұйымдастырылуы, олардың құрылымы, құзыреттері, құрылуының тәртіптік реті, өкілеттіктерінің мерзімі, халықпен қатынасу түрлері, халықтың оларды қалыптастыруға қандай дәрежеде қатысатыны түсініледі.
Басқаша айтқанда басқару нысаны - мемлекеттегі жоғары егемендік биліктің ұйымдастырылуы, оның органдарының өзара және халықпен байланысын сипаттайды. Басқару нысаны мемлекет нысанындағы ең басты жетекші элемент болып табылады.
Ежелгі грек философы Аристотель өз заманында басқарудың нысанын жоғарға өкіметтік биліктің жүзеге асырылуының қалай орындалатынына байланысты жіктеген болатын. Онда жоғарға өкіметтік билікті жеке адамның бір өзі атқаратын түрін - монархия, шектеулі адамдар арқылы атқарылатын жоғарғы өкіметтік билік - аристократия және бүкіл халықтың қатысуымен атқарылатын жоғары өкіметтік билік - демократия деп жіктеген болатын.
Басқару формасы мемлекеттің келесі сипаттамаларын көрсетеді:
мемлекеттің жоғарғы билік органдарының құрылуын,
құрылымын,
мемлекеттік органдардың арасындағы өзара әрекет етуінде жатқан принциптерін,
жоғарғы билік пен қатардағы азаматтарды арасындағы өзара қарым-қатынастың құрылуын.

Дүние жүзінде басқарудың екі нысаны бар. Олар монархия және республика.
Монархия (грек тілінен - жалғыз билеуші) -- елді мемлекеттік заңды басқаруды тек бір адамның жүзеге асыратынын, оның мемлекеттік жоғары лауазымды тек мұрагерлік тәртіппен иеленгендігін білдіреді.
Монархияның белгілеріне:
жоғарғы өкімет билігі (монархтың билігі) мұра ретінде беріледі;
басқарудың уақыты шексіз болады;
сайлаушылардың еркінен тәуелсіз болады.
Монархия абсолютті және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолютті монархияға барлық мемлекеттік биліктің монарх қолына топтасуы тән. Қазіргі кезде абсолютті монархия, мысалы, Сауд Арабиясы корольдігінде (мемлекет басшысы және рухани көсем -- король), Оман сұлтандығында (мемлекет басшысы -- сұлтан), Ватиканда (Мемлекет -- Қала Ватиканда заң шығарушылық және сот билігі папа қолында болады. Оны кардиналдар коллегиясы өкілдікке сайлайды).
Конституциялық монархия екі түрге бөлінеді: дуалистік және парламенттік.
Дуалистік монархияда екі саяси ұйым -- феодальдық монархия мен буржуазиялық парламенттің болуы тән. Монарх үкіметті тағайындайды (парламент тек король алдында жауап береді). Парламенттің заң шығарушылық өкілеттігі монарх тарапынан шектелген, өйткені жоғарғы палатаны монархтың өзі тағайындайды, әрі ол тыйым салу құқығына да, парламентті тарату құқығына да және т.б. ие. Дуалистік монархия Иорданияда (Иордания Хашимиттер корольдігі, мемлекет басшысы -- король).Кувейтте (Кувейт мемлекеті, мемлекет басшысы -- Өмір, ол билеуші Сабахтар әулеті мүшелерінен сайланады), Тайландта (Тайланд корольдігі, мемлекет басшысы -- король) жене тағы басқа елдерде бар.
Парламенттік монархия. Парламентгік монархияда монарх билігі заң шығарушылық процесінде болсын, мемлекет басқару ісін жүзеге асыруда болсын шектеулі болады. Өйткені, үкімет парламенттік жолмен құрылады әрі өзінің қызметі жөнінде тек парламент алдында жауап береді. Ал, парламент үкіметке сенімсіздік көрсеткенде үкімет отставкаға кетеді не болмаса парламент таратылады. Мұндай жағдайда үкімет кезектен тыс парламентгік сайлау өткізуді белгілейді. Парламентгік монархияның дуалистік монархиямен салыстырғанда басқа да өзіндік ерекшеліктері бар. Олар жайында біздің ойымызша, белгілі бір елдің мемлекеттік тәжірибесін оқып-зерттеу барысында ғана нақты пікірлер айтуға болады. Қазіргі кезде осындай басқару түрі дүние жүзі елдері ішінде, мысалы, Англияда (Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен корольдігі, мұндағы ресми мемлекет басшысы -- королева), Бельгияда (Бельгия корольдігі, мемлекет басшысы -- король), Данияда (Дания корольдігі, мемлекет басшысы -- монарх. 1972 жылы қаңтарда ғана Маргрега II мемлекет басшысы болып сайланды), Испанияда (бұл елде парламенттік мұралық монархия, мемлекет басшысы -- король), Норвегияда (Норвегия корольдігі, мемлекет басшысы -- король), Канадада (мемлекет басшысы Ұлыбритания королевасы деп нақты қөрсетілген, ол генерал губернаторды өзі тағайындайды), Жапонияда (мемлекет пен халық бірлігі ныша-ны -- император), Люксембургте (Люксембург ұлы Герцоттығы, мемлекет басшысы -- ұлы герцог) орныққан.
Республика (латын сөзінен - мемлекеттік, қоғамдық іс) - басқару нысаны, мемлекет басшысы сайланады және ауыстырылады, ал оның билігі сайлаушылардың еркімен, не олардың өкілеттік органдарымен белгіленеді.
Республиканың белгілеріне:
өкіметтің сайлануы;
белгілі уақытқа ғана сайлау;
сайлаушылардың еркіне тәуелділік.
Кім үкіметті құрады, ол кімнің бақылауында және кімге есеп береді, осыған байланысты республикалар президенттік, парламенттік және аралас болып бөлінеді.
Президенттік республикаларда (АҚШ, Бразилия, Аргентина, Венесуэла, Боливия және т.б.) ол рольді президенттің өзі ғана орындайды. Парламенттік республикаларда (Германия, Италия, Индия, Түркия, Израиль, т.б.) - парламент, аралас (Франция, Финляндия, Польша, Болгария, Австрия, т.б.) - Президент пен парламент бірге жүргізеді.
Президенттік республикада, президент парламенттен тәуелсіз сайланады не сайлаушылар компаниясымен, не тікелей халықпен және бір мезгілде мемлекеттің және үкіметтің басшысы. Ол өзі үкіметті тағайындайды және оның жұмысын өзі басқарады. Бұл мемлекетте парламент үкіметке сенімсіздік вотумын жариялай алмайды, ал президент - парламентті таратпайды. Дегенмен, парламент қабылдайтын заңдардың көмегімен президент пен үкіметтің жұмыстарын шектеуге мүмкіншілігі бар және бюджетті құрғанда, тағы сондай жағдайларда президент жұмысынан аластатылуы мүмкін (әзіресе ол конституцияны бұзып, қылмыс жасаса). Президенттің өз жағынан, заң шығарушы органның шешіміне тоқтату ветосын қолдануға құқығы бар.
Парламенттік республикада үкімет заң шығарушы органмент құрылады және ол соның алдында жауапты. Парламент дауыс беру арқылы сенімділік не сенімсіздік вотумды тұтасымен үкіметтік басқаруына, үкіметтің басшысына (министрлер, кеңесші, төрағасы, премьер-министр, канцлер) нақты министрдің өзіне жариялауға құқығы бар. Арнайы түрде мемлекеттің басшысы Президент, не парламентпен, не сайлаушылар комиссиясымен, не халықтың тікелей дауыс беруі арқылы сайланады. Дегенмен, мемлекеттік өкімет органдарының жүйесінде, ол өте қарапайым орында: оның міндеттілігі, әдетте өкілетті органдардың басқаруымен тежеледі. Оған, конституциялық монархиядағы мемлекет басшысының басқаруымен айырмашылығы өте аз. Шын мәніндегі, мемлекет басшысы болып үкімет басшысы есептеледі.
Аралас (жарты президенттік, жарты парламенттік) республиканың сипатына үкіметтің екіжақты жауапкершілігі жатады - президенттің алдында және парламенттің алдында. Мұндай республикада президент және парламент тікелей халықпен сайланады. Мемлекеттің басшысы президент болып есептеледі.
Басқару нысындарына анықтама берудің маңызы өте зор. Өйткені, ол мемлекеттің мәнін айқындайды. Сөйтіп, мемлекеттік биліктің жоғары органдарының құқықтық жағдайлары мен құрылысын ашып береді.
Мемлекет құрылысына қарай унитарлық, федерациялық, конфедерациялық болып бөлінеді.
Унитарлық - құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекеттің ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол бермейді. Оның жері, конституциясы бір болады. Мемлекеттік биліктің жоғарғы органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы: Қазақстан, Италия, Греция, т.с.с.
Федерация - деп белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекет құруын айтады. Жалпы мемлекеттік конституция барлық міндеттерді реттейді. Әрқайсысының жоғарғы билеу органдары болады. Барлығы ортақ институттарға бағынады. Мысалы: АҚШ, Германия, Канада, т.с.с.
Конфедерация - деп өздерінің кейбір амал-әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдер одағын айтады. Міндетті ортақ заңдары болмайды. Мысалы: бұрын Швейцарияда, Солтүстік Америка Штатында болған.
1. Қазақстан - Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет
Мемлекеттік басқару нысаны мынандай мәселелерді түсінуге мүмкіндік береді:
-мемлекеттің жоғарғы органы қалай құрылады және олардың құрылымы қандай;
-жоғарғы және басқа мемлекеттік органдардың арасындағы қарым-қатынастардың негізінде қандай принциптер жатыр;
-жоғарғы мемлекеттік билік пен тұрғындардың арасындағы қарым-қатынас қалай құрылған;
-жоғарғы мемлекеттік органдардың ұйымдастыру басқаруы азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуге қандай деңгейде мүмкіндік береді.
Жоғарыдағы айтқандардың қорытындысы 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz