Шетел конституциялық заңнамаларындағы сайлау құқығы және сайлау жүйелерінің негізгі қағидалары



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Әлеуметтік ғылымдар факультеті

6М030100-Құқықтану

Магистрдің өзіндік жұмысы
Тақырыбы: Шетел конституциялық заңнамаларындағы сайлау құқығы және сайлау жүйелерінің негізгі қағидалары

Орындаған: МЗК-711
магистрант Шәуенова Н.Қ.
Қабылдаған: з.ғ.д., профессор Накипов Б.

Түркістан, 2017

ЖОСПАРЫ

Кіріспе

1. Сайлау құқығының түсінігі мен қағидалары

2. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі

3. АҚШ-тың сайлау жүйесі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Әр мемлекеттердегі саяси режимнің әр түрлілігіне (оның ішіне авторитарлық, диктаторлық та кіреді) байланысты сайлау жүргізіліп отырады. Сайлау жүргізілгенде, оның шарттары мен ұйымдастыру қағидалары мемлекеттегі демократизмнің деңгейін сипаттайды. Өкілдік органдарды қалыптастыру кезінде үш негізгі басты түсініктер қолданылады. Олар: сайлау, сайлау жүйесі, сайлау құқығы. Кең мағынадағы сайлау азаматтардың өз еркімен, бірнеше немесе екі кандидатты немесе саяси партияны сайлау мүмкіндігі.
Адамзат қоғамындағы ежелгі институттардың бірі сайлау институты. Сайлаудың бір нысаны қауымдық қоғамда, Римде құл иеленушілік қоғамында мемлекеттіліктің қағидасына ие болып, капиталистік қоғамдық қатынастардың дамуымен республикалық басқару нысанының пайда болуымен байланысты сайлау ерекше маңызға ие болады. Қазіргі көптеген мемлекеттерде сайлау қоғамдық-саяси өмірдің ажырамас бөлігі болып табылады. Оның саяси режиміндегі демократизмнің деңгейін анықтайды.
Демократиялық елдердегі сайлау тұрғындардың еркінің негізгі нысанын, халық суверенитетін жүзеге асырудың нысанын конституциялық қағидаларының бірі ретінде көрсетеді.
Азаматтарының саяси құқығына жататын маңызды құқықтың бірі сайлау құқығы. Тәжірибе жүзінде сайлау саяси процестің жарыссөздігі, саяси күрестердің рұқсат берілген нысаны, оны жүзеге асыру кезінде конституциялық бекітудің шегінде қамтамасыз етілген құрал. Сайлау құқығы конституциялық құқықтың ең маңызды институты, ал сайлау дамыған демократиялық елдерде заңды шектелген күрделі саяси күрес. Сайлау құқығы әдет-ғұрып тәжірибесінде қалыптасқан, адамзатқа сайлауға қатысу құқығын беру тәртібін реттейтін өкілеттік билік органдарын қалыптастыру тәсілдерінің ережелерін заңды санкцияландырылған құқық нормаларынан тұратын конституциялық құқықтың негізгі институты.
Сайлау барысында халықтың қалауы бойынша басқарушы элита алмасады, билік бір қолдан екіншілерге бейбіт жолмен беріледі. Сонымен қатар ол халықтың басқарушы элита өз жұмысын қалай атқарып отырғандығына бақылау жасау мүмкіндігін де береді.Сайлау жүйесі деп өкілетті және басқа мемлекеттің сайланбалы билік органдарын құру жолдарын, түрлерін, әдіс-тәсілдерін анықтайтын, тәртіпке келтірілген нормалар, ережелер жиынтығын айтады. Жалпы алғанда сайлау жүйесіне мемлекеттік қызмет орнына үміткерлерді (кандидатгарды) ұсынудың тәртібі, процесі және негізгі принциптері, оны ұйымдастыру, материалдық жағынан қамтамасыз ету, сайлаушылармен жұмыс жүргізу және т.б. шаралар кіреді. Сайлау жүйесінің негізгі қағидалары әдетте конституцияда анықталады және арнайы заңда нақтыланады. Мұндай құқықтық нормалардың жиынтығын сайлау құқығы дейді. Оның 2 түрі бар: 1) белсенді түрі, 2) бәсең түрі. Белсенді түрі азаматтардың сайлау құқығын білдіреді. Бәсең (енжар) түрі олардың сайлану құқығын қамтиды. Сайлау құқығында солар реттеледі.
1. Сайлау құқығының түсінігі мен қағидалары

Сайлау -- бұл бұқаралық билік органының құрылу процедурасы немесе лауазымды тұлғаларға өкілеттік беру.
Сайлауды келесі түрлерге жіктеуге болады:
-- тікелей сайлау;
-- жанама сайлау;
-- жалпы, мұнда елдің барлық сайлаушылары қатысады;
-- қосымша және бөлше, олар жеке депутаттардың алдын-ала шығуына байланысты территория бөлігінде өткізіледі;
-- ұлттық, аймақтық, жергілікті;
-- қайта дауыс беру;
-- кезекті;
-- униноминалды (әрбір төңіректен бір тұлға сайланады) және полинноминалды (төңіректен бірнеше тұлға сайланады) яғни ол мандаттар санына байланысты;
Жоғарыда аталған сайлау түрлері Конституцияда бекітіледі және сайлау туралы заңда реттеледі.
Шетел Конституциялары сайлау жүргізудің кезеңділігімен де анықтайды. Ол парламент үшін 4-5 жылды, ал президенттер үшін 5-7 жылды құрайтын сайлау органдарының өкілеттілік мерзімдерімен байланысты.
Сайлау құқығы термині 2 мағынада қолданылады: Объективті сайлау құқығы бұқаралық билік органдарының сайлау жүргізу мен құқықтық нормалар жүйесі. Субъективті сайлау құқығы -- сайлауға қатысу мен байланысты азамат пен басқа субъектілердің заңдық мүмкіндіктері.Сайлау құқығының негізгі қағидаларына:жалпы, тең, тікелей, жанама, ерікті, міндетті, құпия дауыс беру.
-- Жалпы сайлау құқығы-белгілі жасқа жеткен және құқықтары бар азаматтарға сайлау құқығы.Сайлау құқығы белсенді және белсенді емес болады.Белсенді сайлау құқығы 18 жасқа толған азаматтарға ғана беріледі.Белсенді емес сайлау құқығы Конституция және Заңмен бекітілген.
-- Тең сайлау құқығы сайлаушылардың тең мүмкіндіктерін білдіреді.
-- Тікелей және жанама сайлау тікелей сайлау немесе жоғарғы лауазымға сайлану құқығы, сайлаушының сайлаушылар коллегиясының мүшесін сайлау құқығы.
-- Сайлауға еркін қатысу сайлаушының дауыс беру процесіне қатысуы және қатыспауын өзі шешетіндігі.
Сайлау процесі - бұл сайлауды дайындау және жүргізу бойынша дауыс беру құқығының нормалармен реттелген түрлі субъектілер іс-әрекеті. Ол бірнеше кезеңдерден тұрады:
-- сайлауды тағайындау, яғни дауыс беру күнін белгілеу Парламенттік сайлау тәртіп бойынша президентпен тағайындалады, ал Президентті сайлау Парламенттің бір палаталарымен тағайындалады;
-- аймақтық сайлау құру, яғни территориялдық бірліктен бір немесе бірнеше депутат, лауазымды тұлға сайланады. Аймақтың сайланушы депутаттар санына байланысты аймақтар бір мандатты және көп мандатты болып бөлінеді;
-- Сайлау учаскелерін құру. Сайлау учаскелері дауыс беру бірлігі. Сайлау округтері құрылғаннан кейін, олар көптеген ұсақ бірліктерге бөлінеді. Сайлау учаскелері қаладағы аумақтың және селолық жерлердегі тұрғындардың пунттерін қамтып, сонда тұратын сайлаушылардың дауыс беруін қамтамасыз етеді.
-- Сайлаушыларды тіркеу -- сайлауда дауыс беруге құқығы бар азаматтардың тізімін жасау. Оны жүзеге асыру түрлері: міндетті (тізімді сәйкестелген органның жасауы. Мысалы: алдын-ала тіркелуі (сайлаудан 1 жыл бұрын тізімі жасалып, кейіннен өзгерістер енгізілуі мүмкін. Мысалы: Канада, Ұлыбритания); өз ерікті (сайлаушы сәйкестелген органға өзі келіп тіркеледі).
-- Кандидаттарды ұсыну -- сайлау өтпей тұрып кімді сайлайтынын анықтауды қажет ететін, сайлау процесінің жауапты кезеңі. Негізгі әдістері: саяси партиялардың ұсынуы, сайлаушылардың ұсынуы, өзін-өзі ұсыну.
-- Сайлау алдындағы үгіт -- насихаттың нысандары: митинг, кандидаттардың, оның жақтаушылары мен оппоненттерінің радиодан, теледидардан сөйлеуі, баспасөзде мақала жариялауы; кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі; кандидаттардың арасындағы теледебаттар; баспа өнімдерін тарату және т.б.
-- Сайлауды қаржыландыру: жартылай мемлекеттік бюджеттен; жартылай саяси партиялардың қаржысынан; жартылай кандидаттың өзінің сайлау қорынан беру арқылы жүзеге асырылады.
-- Дауыс беру -- сайлау науқанының шыңы. Дауыс беру сайлау тағайындалған күні сайлау учаскелері бойынша арнайы мекемелерде жүргізіледі.
-- Дауысты санау. Алдымен сайлау учаскелерінде, одан кейін сайлау округтерінде (сайлау учаскелері оларға өздерінің мәліметтерін жібереді және онда олар округ бойынша қосылады); округ бойынша дауыс беру нәтижесі аумақтық сайлау комиссиясына жіберіліп, онда қорытынды жасалады; шығарылған қорытынды аумақтық сайлау комиссиясына жолданып, онда бүкіл ел бойынша сайлаудың қорытындысы шығарылады. Сайлау қорытындысы сәйкестелген мемлекетте қабылданған сайлау жүйесі бойынша анықталады.
Сайлау жүйесі -- сайлау қорытындысы шыққаннан кейін мандаттарды кандидаттарға бөлу тәсілі. Сайлау жүйесі (жалпы мағынада) -- қауымдық биліктің органдарын сайлаумен байланысты ретке келтірілген қоғамдық қатынастар. Сайлау жүйесінің қызметі азаматтардың депутаттыққа кандидаттарға қатысты өз еріктерін көрсету бостандығын қамтамасыз ету. Әлемде сайлау жүйесі пропорцинальды және мажоритарлы болып екіге бөлінеді. Бұл екеуінің айырмашылығы сайлаушылардың дауыстарының саны мен сайланған депутаттардың санының арасындағы теңсіздіктің (диспропорция) деңгейі.

Можаритарлық сайлау жүйесі -- көпшілік қағидасы жатқан сайлау мандаттарын бөлу жүйесі. Ол бір және көп мандатты төңіректерде қолданылып, 40-тан астам елдерде пайдаланылады. Ол көптеген ішкі жүйелерге бөлінеді.
Салыстырмалы көпшілік ішкі жүйесі - бұл басқа кандидаттарға қарағанда неғұрлым көп дауыс жинаған кандидат сайланады деп есептелінетін ішкі жүйе. Мұнда сайлауға сайлаушылардың міндетті қатысу минимумы бекітіледі.
Абсолютті көпшілік ішкі жүйесі -- бұл дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың абсолютті көп даусын жинаған кандидат сайланды деп есептелетін ішкі жүйе, яғни 50%+1 дауыс. Мұнда дауыс беруге қатысуға міндетті сайлаушылардың минималды пайызы бекітіледі.
Білікті көпшілік ішкі жүйесі - бұл білікті көп дауыс алған кандидат сайланды деп есептелетін ішкі жүйе, яғни 23, 34 т.б. дауыс.
Пропорциональды сайлау жүйесі. Пропорциональды жүйеде депутат партиялық тізім негізінде сайланады және сайлаушылар нақты партияға дауыс береді. Мәні: сайлаушылардың даусы үшін жеке кандидат емес, саяси партиялар күреседі; партиялар партиялық тізімді ұсынады, онда сол партияның мүшесі, сонымен қоса олардың мандатқа ие болу кезегі көрсетіледі; партиялар арасындағы мандаттар, олардың арасында партиялардың сайлау кезіндегі дауыс берушілердің дауысына пропорциональды бөлінеді, яғни партиялар көп дауыс жинаса, сәйкестелген түрде көп мандатқа ие болады. Оның ерекшелігі: көппартиялық пен саяси плюрализмді нығайтады; парламенттің қалыптасуына әсер етеді; саяси күштердің қоғамдағы орнын ашады; саяси аренадан ұсақ партияларды ығыстырмайды. Кемшіліктері: партияға дауыс бергенде, тек олардың басшыларын ғана біледі; нақты депутат пен сайлаушылардың арасында тікелей және кері байланыстың болмауы. Ең бірінші бұл жүйе Ұлы Француз революциясы кезінде ұсынылды және ең алғаш рет 1889 жылы Бельгиядағы сайлауда қолданылды.
Пропорциональдық сайлау кезіндегі қорытынды бойынша мандаттарды партиялар арасында бөлудің екі әдісі қарастырылады. Олар: сайлау квотасы және бөлу әдісі.
Сайлау квотасы әдісі жалпы берілген дауыстардың санын есептегеннен кейін, оны сайлау орындарына мандаттарына бөлу арқылы анықталады. Бір мандатты алу үшін дауыс санын анықтау және квотаны әр партияға берілген дауыс санына бөлу арқылы қандай партия неше мандатқа ие болатынын білуге болады. Мысалы, бір округте 200 мың дауыс берілсе және 8 депутаттық орын болса, онда сайлау квотасы 25 мыңға тең болады. Сайлау квотасы анықталғаннан кейін әр партиялық тізім бойынша, осы квота неше рет қамтылса, сонша мандатқа ие болады. Мысалы, бір сайлау округінде 5 депутаттық орынға 5 партия (А,В,С,Д,Е,) күрессе, ал олардың ішінде А-75 мың, В-51 мың, С-25 мың, Д-26 мың, Е-23 мың дауыстарға ие болды деп қарастырайық. А партиясына берілген дауыстар санын (75 мың) сайлау квотасына (25 мыңға) бөлгенде 3-ке тең, яғни А партиясы 3 мандатқа ие болады. В партиясы 2 мандатқа, С партиясы, Д партиясы және Е партиясының әр қайсысы бір мандатқа ие болады.

2. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы мемлекеттік билікті ұйымдастырудың негізгі қағидаты ретінде ерікті сайлауды, ал егемендікке ие әрі мемлекеттік биліктің бірден-бір көзі - халық екенін анықтады. Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.
Демократиялық сайлау - бұл бәсекелі, мерзімді және өкілдік сайлау, оның процесінде кең еркіндікке ие азаматтар билік құрылымдарына өздерінің өкілдерін балама негізде сайлайды. Бәсекелі сайлау сайлауға түрлі партиялардың және кандидаттардың қатысуына кепілдік береді. Олардың барлығы сөз, жиналыс, қозғалыс бостандығын, олардың саяси көзқарастарының естілуі үшін және олар сайлаушыларға балама кандидаттарды ұсына алуы үшін қажеттінің барлығын пайдалана алады. Қазақстан Республикасының заңнамасы сайлаудың мерзімділігін, билік органдарында елдің әр түрлі әлеуметтік топтарының өкілдігін қамтамасыз етеді.
Сайлау және сайлану құқығы Қазақстан Республикасы азаматының ең басты саяси құқығы (ҚР Конституциясы. 33-бап). Сайлауға қатысу әркімнің ерік білдіру бостандығы болып табылады. Сонымен қатар сайлауға қатысу кез келген азаматтың азаматтық борышы. Әрбір мемлекет сайлауға азаматтардың басым көпшілігінің қатысуына жағдай туғызады. Сайлауға қатысу -- азаматтардың бейкам бақылаушы емес, өз елі үшін жаны ауыратындығының көрсеткіші. Бейкамдык пен қатыспаушылық жағымсыз құбылыстарға жол ашады. Сайлаушылардың сайлауга келмеуі абсентеизм деп аталады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабы Қазақстан Республикасының он сегiз жасқа жеткен азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысу құқығына кепілдік береді. Сайлауға сот iс-әрекетке қабілетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқы жоқ.
Қазақстан беделді халықаралық ұйымдардың белсенді мүшесі бола отырып, өзі қабылдаған ерікті және бәсекелі сайлау өткізу жөніндегі барлық міндеттемелерді ұстанады. Мемлекет Басшысын сайлау және Қазақстан Республикасының Парламентін, сондай-ақ жергілікті өкілді органдарды құру біздің елімізде ұлттық заңнамаға және Жалпыға бірдей адам құқығы декларациясына (1948 ж.), Халықаралық азаматтық және саяси құқықтар туралы пактіге (1966 ж.), Еуропалық адам құқығы мен негізгі бостандықты қорғау туралы конвенциясына (№1 Хаттама, 1952 ж.), ЕҚЫҰ-ның Копенгаген кеңесінің құжатына (1990 ж.) енгізілген демократиялық сайлаудың жалпыға танымал принциптеріне сәйкес ашықтық және жариялық жағдайларында өтеді.
Сайлау және сайлану құқығы 1995 жылғы қыркүйекте қабылданған Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңда реттелген.
Конституцияның және аталған заңның ережелеріне сәйкес Президентті, Парламент Мәжілісі мен жергілікті өкілді органдар депутаттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жергілікті органдарының мүшелерін сайлау жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi.
Сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасында сайлауды дайындау мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік сайлау органдары болып табылады. Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі 5 жылды құрайды.
Сайлау еркіндігі
Сайлау еркіндігі кез келген азаматтың сайлауға қатысуға құқығы бар екендігін, сонымен қатар өзінің көзқарастарына қатыссыз адал да әділетті күресте сайлануға нақты мүмкіндіктерге иеленуі дегенді білдіреді. Сайлау әділеттілігінің өлшемдері: бәсекелестік, мерзімділік, өкілеттілік және нәтижелілік болып табылады:
Бәсекелестік -- сайлауға оппозициялардың, сонымен қатар бірнеше кандидаттың қатысу мүмкіндігі.
Оппозиция дегеніміз -- көпшіліктің немесе билік жүргізіп отырғандардың пікіріне мүлде карсы пікірлі адамдардың тобы немесе партия.
Сайлаудың мерзімділігі -- белгілі бір уақыт өткеннен кейін сайлаудың кайта өткізілуі.
Өкілеттілігі -- мемлекеттік органдардың құрамына ұлттық, діни, нәсілдік белгілері әр түрлі халықтың азшылығының енгізілуі.
Нәтижелілігі -- сайлаудың нәтижесінде жеңіске жеткен адамдардын Конституцияға негізделген нақты билігін жүзеге асыра алу мүмкіндігі.
Әрбір дауыстың маңыздылығы мен рөлі
Сайлауда әркімнің даусы ерекше маңызды. Кез келген адам өзінің бүгінгі күнгі нақты өмірі арқылы болашаққа ыкпал етеді. Болашақ кез келген адамның бүгінгі жасаган таңдауы арқылы айқындалады. Адамдардың дауыстары жинақталады, ал басым көпшіліктің дауысын иеленген кандидат немесе саяси партия елдің болашақтағы дамуын айқындайды. Сайлаудың маңыздылығы және сайлаудағы әрбір дауыстың маңыздылығы да, міне, осында. Демократиялық қоғамның кез келген саналы азаматы өзінің белсенді сайлау құқығын тек қана құқығы ретінде емес, міндетім деп қабылдауы қажет. Кімді сайлау керектігін айқындау үшін саяси сауатты болуы керек, айналамызда болып жатқан оқиғалардан, саяси партиялардың және олардың жетекшілерінің іс-әрекеттерінен, көзқарастарынан хабардар болу керек.
Сайлау еркіндігінің кепілдіктері
Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының, көсіпорындар мен ұйымдардың, олардың лауазымды адамдарының сайлау туралы зандарды бұзатын шешімдері мен іс-әрекетеріне сотқа шағымдануға болады. Азаматтарды сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеу заңсыз әрекет болып табылады. Азаматтардың сайлауда өз еркін білдіруі ықтиярлы түрде жүзеге асады. Сайлаушы өзінің ішкі сенімі мен таңдауына сүйене отырып, дауыс береді. Егер сайлауды өткізу барысында заңды бұзушылық байқалса, сайлау жарамсыз болып танылуы мүмкін.
Кандидаттар қызметінің сайлау науқаны барысындағы кепілдіктері
Президенттікке, Парламент депутаттығына кандидаттар тіркелген күннен бастап, сайлау корытындысы жарияланғанға дейін жұмыстан, әскери қызметтен және әскери жиындардан босатылуға құқылы. Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заң кандидатқа сайлау уақытында еңбек қызметін орындамауды міндеттемейді. Заң кандидатқа уақытын қалай пайдаланатындығын өзі айқындауына мүмкіндік береді. Заңның демократиялылығының мәні де осында. Кандидаттардың сайлауға қатыскан уақыты тіркелген күнге дейін оның жұмыс істеген мамандығы бойынша еңбек өтіліне есептеледі. Кандидаттарды олар тіркелген күннен бастап және сайлау қорытындылары жарияланғанға дейін өздерінің келісімінсіз жұмысынан босатуға, басқа жұмысқа немесе лауазымға ауыстыруға, сондай-ақ іссапарға жіберуге немесе әскери жиындарға шакыруға болмайды. Президенттікке, Парламент депутатығына кандидаттарды олар тіркелген күннен бастап және сайлау корытындылары жарияланғанға дейін, сондай-ақ оларды Президент, Парламент депутаттары ретінде тіркелгенге дейін:
тұтқынға алуға;
еріксіз әкетуге;
оларға сот тәртібімен өкіметтілік жазаларын колдануға;
қылмыстық жауапкершілікке тартуға;
Орталық сайлау комиссиясының келісімінсіз (тікелей қылмыс үстінде ұсталуы немесе ауыр қылмыс жасауы сәтіндегі тұткындаулардан басқа реттерде) ұстауға жол берілмейді.
Сайлау комиссияларының біртұтас жүйесін:
· Республиканың Орталық сайлау комиссиясы (бұдан әрі - Ортсайлауком);
· аумақтық сайлау комиссиялары;
· округтік сайлау комиссиялары;
· учаскелік сайлау комиссиялары құрайды.
Ортсайлауком Республиканың сайлау комиссияларының біртұтас жүйесін басқарады және тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Оған депутаттарға жазалау шараларын, депутаттық этика ережелерін қолдануға, сондай-ақ депутаттардың өкілеттігін тоқтатуға және оларды өкілеттігінен және депутаттың дербес құқығынан айыруға байланысты мәселелерді дайындау жүктелген.
Қазақстан Республикасының Президенті Ортсайлаукомның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Казақстан Республикасының Конституциялық заңнамаларының сипаттамасы
Шетел конституциялық заңнамаларындағы мемлекеттік басқару нысандары
Сайлау құқықтық қатынастары
Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі туралы
Қазақстан Республикасының сайлау органдары
Халықаралық құқықтың түсінігі
Қазақстандағы мемлекеттік органдардың демократиялық қағидаларына сәйкес қызмет етуі
Сайлау және сайлау жүйелері туралы
Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың конституциялық-құқықтық жағдайының конституциялық-құқықтық реттелуі
ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ – ҰЛТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖЕТЕКШI САЛАСЫ
Пәндер