Түркия Республикасының Конституциясы және оның ерекшеліктері


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Әлеуметтік ғылымдар факультеті
6М030100-Құқықтану
Магистрдің өзіндік жұмысы
Тақырыбы: «Түркия Республикасының Конституциясы және оның ерекшеліктері»
Орындаған: МЗК-711
магистрант Шәуенова Н. Қ.
Қабылдаған: з. ғ. д., профессор Накипов Б.
Түркістан, 2017
Жоспары
Кіріспе
- Түркия Конституцияларына тарихи шолу
- Түркия Республикасының Конституциясының ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Түркия Республикасының Конституциясы - елдің жоғарғы нормативтік-құқықтық актісі. Түркияда конституционализм тарихы шамамен 150 жыл бұрын басталған. Осы уақыт аралығында елде 5 конституция қабылданған. Оның алғашқысы Осман империясының тұсында 1876 жылы қабылданған еді. 1921 жылы «Негізгі ұйымдар туралы» заң қабылданды. Ол 1876 жылғы конституцияға айтарлықтай өзгерістер енгізіп, мемлекеттің жаңа негізгі құжатына айналды. 1924 жылы жаңадан жарияланған Түрік Республикасының конституциясы қабылданды. 1960 жылғы әскери төңкерістің нәтижесінде ол жойылды да, 1961 жылғы жаңа негізгі құжат оның орнын басты. 1982 жылдың қарашасында кезекті әскери төңкерістен соң Түркия Республикасының қазіргі кезеңдегі қолданыстағы Конституциясы қабылданды. Қолданыстағы Конституция Түркия тарихындағы бесінші Конституция болып табылады: ол 1982 жылы 7 қарашада жалпыхалықтық дауыс беру барысында қабылданған.
Бірінші бөлімде негізгі түсініктер - елдің мемлекеттік құрылымы, басқару формасы, әлеуметтік-құқықтық форматы, ұлттық суверенитет, ресми тіл, мемлекеттік әнұран, астанасы және заң алдындағы теңдік баяндалған.
Конституцияның екінші бөлігі азаматтардың негізгі құқықтар сипаттайды. Оның ішінде, азаматтарға қол сұғылмаушылық секілді түсініктер қозғалады. Жеке бостандық, жеке өмір құпиясы, сондай-ақ, ой және пікір, дін және ар-ұят бостандығы, пікір білдіру және оны тарату бостандығы туралы сөз қозғалады.
Конституцияның үшінші бөлігінде биліктің үш тармағы - заң шығарушы, атқарушы және сот органдары туралы баяндалады. Сонымен бірге, бұл бөлікте билікті және жергілікті өзін өзі басқару органдарын сайлау тәртібі және елдің территориясында Төтенше жағдай мен Әскери жағдайды енгізуге қатысты тәртіп көрсетілген. Одан кейінгі бөлімдерде қаржылық және экономикалық сұрақтар, реформа туралы заңдарды қорғау, сондай-ақ, уақытша ережелер мен Конституцияға енгізілетін өзгерістер туралы ережелер көрініс табады.
Түркия Конституцияларына тарихи шолу
1876 жылғы Осман империясының Конституциясы
Түркияның алғашқы Конституциясы 1876 жылы Осман империясының кезеңінде түрік мемлекетінің күрделі саяси және экономикалық қиындықтарының жағдайында қабылданған.
1870 жылдардың соңында Түркия әлемдік экономикаға империалистік державалардың жартылай колониясы ретінде белсенді араласа бастады. Елдің экономикасы шетелдік кәсіпорындар мен шетелдік банктердің филиалдары есебінен ғана дамыды. Шетелдік капитал өңдеуші өнеркәсіптің шамамен барлық бөлігін бақылады. Территорияның тұтас бөлінуінен Осман империясы империалистік державалар арасындағы күрделі қайшылықтарға ұшырады.
Көрсетілген кезеңде Түркияда «жаңа османдықтардың» қозғалысы қалыптасты. Ол танзимат модернизациясын әлеуметтік тұрғыда жеңген саяси күш позициясын көрсетті. Қозғалыстың негізгі міндеті конституцияда бекітілген демократиялық құндылықтарға сенім ретінде патриотизмге негізделген, парламенттік басқару формасындағы либералды мемлекет құру болады.
Жаңа османдықтардың қозғалысына белгілі түрік мемлекеттік қайраткері, ұлы уәзір Мидхат-паша қосылды. Үкіметтің кейбір мүшелерімен бірге 1876 жылы 30 мамырда ол мемлекеттік төңкеріс жасап, нәтижесінде Абдул-Азиз сұлтан тақтан құлатылды.
Абдул-Азиз сұлтанның орнына келген Абдул-Хамид ІІ (1876-1909) Мидхат паша және Намык Кемаль құрастырған конституцияның жобасын бекітеді. 1876 жылы 23 желтоқсанда ол «Мидхат Конституциясы» атауымен халыққа жарияланады.
Конституция империяның барлық азаматтары дініне қарамастан заң алдында тең екендігін жариялады, мүлік қауіпсіздігіне, үйлеріне қол сұғылмаушылығына, салық пен алымдардың пропорционалды таралуына, кез келген әкімшілік қызметті иелену құқығына кепілдік берді, сондай-ақ, екі палаталы парламенттің жиналысын қарастырды.
Жоғарғы палата - Сенаттың мүшелерін өмір бақилық негізде сұлтан тағайындаса, төменгі палатаның мүшелерін мүліктік және өзге шарттарды ескере отырып сайлайды. Палатаның құзырына бюджет пен өзге де қаржылық заңдарды талқылау жатты.
Сұлтанның билігі шексіз болды: ол парламент алдында жауапты болмады. Сұлтан үкіметті сайлау, министрлерді алмастыру, заң жобалары бойынша үкіметпен келіспеушілік жағдайында парламентті тарату, қабылданған заңдарды жою, шетел державаларымен келісімге отыру, әскери жағдайды жариялау, азаматтық құқық пен бостандықтарды шектеу құқығын, сондай-ақ «қауіпсіздік үшін зиян» азаматтарды елден ерікті түрде қуу құқығына ие болды. Сұлтанның жеке басы қасиетті болып жарияланды. Сонымен бірге, халиф - мұсылмандардың рухани басшысы ретіндегі функцияларын да сақтады.
1877 жылдың басында сұлтан өзінің конституциялық құқықтарын пайдаланып, Мидхат-пашаны ұлы уәзір қызметінен босатты. 1877 жылы Осман империясындағы алғашқы сайлаудан соң парламент отырысы басталды. Үш ай өткен соң сұлтан оны таратып, 1877 жылдың желтоқсанында қайтадан шақырды. Ол кезде Түркия мен Ресей арасында соғыс болып жатқан еді. Парламент 1878 жылдың қаңтар айының соңына дейін жұмыс атқарды да, сосын қайта таратылды және отыз жылдың ішінде шақырылмады. Сол уақыттан бері 1876 жылғы конституция өз жұмысын тоқтатты. Жаңа османдарға қатысты репрессиялар басталды. ІІ Абдул-Хамид шексіз билікті деспоттық режим («зулюм») орнатты.
Түркияның 1877-1878 жылдардағы орыс-түрік соғысында жеңілісі Балкандағы түрік билігінің жойылуына алып келді. 1878 жылы Берлин конгресінде көптеген балкан халықтарының тәуелсіздігі мойындалды. 1881 жылы Франция Тунисті жаулап алды, 1882 жылы Ұлыбритания Египетті отарлады. 1881 жылы шетелдік кредиторлар сұлтанды Оттоман мемлекеттік қарызының Басқармасына келісім беруге мәжбүрледі. Ол Басқарманың билігіне Түркияның айтарлықтай кірістері мен оның қаржысын басқару көшті.
Осы жағдайларға байланысты «жаңа османдықтар» қозғалысының идеологиясын жас түріктер қозғалысын қалыптастарған орта буындағы шенеуніктер мен офицерлер иеленді. 1889 жылы бекітілген «Бірігу және прогресс» құпия комитеті бірінші жас түріктің ұйымы болды, 1908 жылы шілдеде офицерлердің күшімен Жас түріктер революциясы орын алды. ІІ Абдул-Хамид сұлтан 1876 жылғы конституцияның әрекетін қайта қалпына келтіріп, парламентті қайта шақыруға мәжбүр болды.
1921 жылғы Түркия Конституциясы
1913 жылы генералдар Энвер-паша, Талаат-паша және Джемаль-паша төңкеріс жасап, елде триумвиратқа негізделген әскери диктатура орнатты. 1914 жылы Осман империясы Германияның жағында Бірінші дүниежүзілік соғысқа енгді. 1918 жылы 30 қазанда Мудросс келісіміне қол қойылды. Ол империяның соғыстан шығуын және оның таралуын білдірді. Келісімге қол қою кезінде ел территориясының басым бөлігін ағылшын-грек әскерлері жаулап алған еді. Грекияның 1919 жылы 15 мамырда Измирді басып алуынан соң, оккупацияға қарсы халықтық қозғалыс тәуелсіздік соғысына дейін өршіді. Оның басында генерал Мустафа Кемаль-паша болған еді.
1919 жылдың қыркүйегінде «Құқықтарды қорғау қоғамы» Сивасс конгресі революцияның жетекші органын - Мустафа Кемаль бастаған Төрағалық комитет сайланды. Төрағалық комитет Анкарада Түркияның Ұлты Ұлттық Жиналысын (ТҰҰЖ) шақырды. Ол елдегі жалғыз заңды билік ретінде жариялады.
1921 жылы 20 қаңтарда ТҰҰЖ өтпелі конституцияға айналған «Негізгі ұйымдар туралы" заң қабылдады. Құжат 23 баптан тұрды және ұлттық суверенитет, 2 жылдық мерзімге сайланатын парламент құру, Ислам нормаларына негізделген заңдарды қалыптастыру, Комиссарлар Кеңесін құруды қарастырған. Заңдық тұрғыдан бұл құжат 1876 жылғы Конституцияны жоққа шығармады, тек толықтырды: сұлтанның жағдайы өзгеріссіз қалды. Дегенмен билік ТҰҰЖ-қа өтті.
1922 жылдың 1 қарашасында сұлтанатты халифаттан бөлу туралы және билікті сұлтаннаттан ТҰҰЖ-ға өткізе отырып, сұлтанатты жою туралы заң қабылданды.
1924 жылғы Түркия Конституциясы
1923 жылдың 29 қазанында Түркия Республикасы жарияланды. Жаңа мемлекетке жаңа конституция қажет болды. Ол 1924 жылы 20 сәуірде ратификацияланды.
Түркияның жаңа конституциясына сәйкес Түркия республика деп жарияланды. Мемлекеттік дін - Ислам. Түркия Республикасының барлық азаматтары олардың қандай да бір этникалық топқа жатуына қарамастан барлығы түріктер деп жарияланды.
Конституцияда адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтары, оның ішінде, барлық азаматтардың заң алдындағы теңдігі, сөз, ар-ұят, жиналыс бостандығы, жеке мүлікке құқығы, ел халқы үшін бастапқы білім міндеттілігі, адамдардың өміріне, бостандығына, меншігіне, тұрғын үйіне, азаматтардың хат алмасуына қол сұғылмаушылық бекітілді. Елдің мемлекеттік қауіпсіздігіне қауіп тудыратын жағдай орын алғанда және ТҰҰЖ арнайы заң қабылданғанда көрсетілген құқықтар шектелуі мүмкін.
Заң шығарушылық және атқарушылық билік, сондай-ақ, сот саласындағы бақылау функциялары ТҰҰЖ-ға берілді. Ол 4 жыл мерзімге сайланады. Сонымен бірге, ТҰҰЖ-ның құзырына соғыс және бейбітшілік, бюджет, халықаралық құжаттарды ратификациялау, монеталарды басып шығаруғ амнистия жариялау, сот зерттеулерін жүргізу, жазалаудың жоғарғы шараларын орындауға қатысты мәселелер жатты. Парламентті таратудың алдын алу мақсатында, конституция бойынша, ТҰҰЖ-ға өз қызметін жарты жылдан көп уақытқа үзуге тыйым салынды.
30 жасқа толған, қылмыс жасамаған, шетелдік мемлекеттік органдарда немесе кәсіпорындарда қызмет атқармайтын, шетел мемлекеттерінің азаматы болмайтын, түрік тілінде оқи алатын және жаза алатын кез келген Түрік Республикасының азаматы депутат бола алатын еді.
ТҰҰЖ депутатының қызметі өзге мемлекеттік қызметпен қатар жүрмейтін. ТҰҰЖ депутаты себепсіз 2 ай жоқ болса, ерікті түрде зейнетке шықса, өзге мемлекеттік қызметке ауысса немесе мемлекетке опасыздық жасау немесе өзге қылмыс жасау бойынша айыпталған жағдайда Жиналыстың 2/3 мүшесінің шешімі бойынша қызметтен босатылады.
Түркия Республикасының Президентінің лауазымы бекітілді. Президент 4 жыл мерзімге ТҰҰЖ депутаттарының арасынан сайланды. Президенттің ұзақ уақыт болмауы немесе оның қайтыс болуы жағдайында Президенттің міндетін атқару функциясы ТҰҰЖ-ның Төрағасына бекітілген. Президенттің міндетіне он күндік мерзімді ТҰҰЖ қабылдаған заң жобаларын қарастыру, сонымен бірге Комиссарлар Кеңесінің мүшелерімен бірге бекіту жатады. Президент тек мемлекетке опасыздық жасау жағдайында ғана ТҰҰЖ алдында жауапты болуы мүмкін. Заңдарды бекітуге қатысты кез келген құқық бұзушылық үшін Комиссарлар Кеңесі жауапты болды. Сондай-ақ, Президент жоғарғы бас қолбасшылық міндетін атқарды.
1924жылғы Конституцияда заң жобаларын құрастыру барысында Комиссарлар Кеңесіне кеңес беру үшін Мемлекеттік Кеңес құру бекітілді.
Биліктің сот тармағы өз бетінше толық қызмет атқармады және ТҰҰЖ-ның алдында жауапты болды. Конституцияда соттардың тәуелсіздігі және сот процесстерінің ашықтық принципі бекітілген. Жоғарғы Сот құру жарияланған. Оның құзыретіне Комиссарлар Кеңесінің, Мемлекеттік Кеңестің, Жоғарғы прокуратураның және Апелляциялық Соттың мүшелерін соттық қудалау мәселелері кірді. Жоғарғы Сот 21 мүшеден құралды. Оның 11 мүшесі Апелляциялық Соттың және 10 мүшесі Мемлекеттік Кеңестің өкілдері болды. Ол екі органның барлық мүшелерінің құпия дауыс беруі арқылы сайланды. Жоағрғы Соттың шешімі ақырғы мәртебеге ие болды және шағым беруге жатпайтын болды.
1928, 1934 және 1937 жылдары конституцияға өзгерістер енгізілді. Ислам мемлекеттік дін мәртебесін жоғалтты. Әйелдерге сайлау құқығы берілді. Сондай-ақ, конституцияның мәтініне алты идеологиялық принциптер қослыды. ОЛ М. К. Ататюрктің "алты оғы» деген атпен мәлім: республиканизм, национализм, этатизм, лаицизм, халықтық және революциялық.
1945 жылы конституцияның мәтіні араб тілінен иеленген терминдерді жою мақсатымен қайта редакцияланды.
1961 жылғы Түркияның Конституциясы
Екінші дүниежүзілік соғыстан соң Ұлттық-республикалық партияның бөлінуі орын алды. 1946 жылы құрылған оппозициялық Демократиялық партия 1950 жылы мамырда өткен сайлауда көп дауысқа ие болды. Жаңа әкімшілік саяси өмірді демократизациялау және экономиканы либерализациялау курсын жүргізе бастады. Алайда 1960-шы жылдардың басында Түркия экономикасында дағдарыстық құбылыстар орын ала бастады. Саяси қысым арта бастады. 1960 жылы 27 мамырда Түркияда мемлекеттік төңкеріс болды.
1960 жылдың 12 маусымында 1924 жылғы конституция жойылды. 1961 жылы 9 маусымда референдум жаңа конституция қабылданды. Бекітілген азаматтық құқықтар өзгерістерге ұшырамады. Түркия Республикасы республикалық басқару формасындағы ұлттық, демократиялық, зайырлы, әлеуметтік-құқықтық мемлекет ретінде жарияланды.
Жаңа конституцияда зайырлылық принциптеріне айтарлықтай орын бөлінді: мемлекеттік діннің болмауы, дін ұстану еркіндігі, саяси және жеке мақсаттарда діни сезімдерді қолдануға тыйым салу. 1961 жылғы Конституция алғаш рет билікті бөлу принципін жариялады. Конституциялық Сотты құрумен сот билігі биліктің жеке тармағы ретінде рәсімделді. ТҰҰЖ құрылымы өзгеріске ұшырады. Атқарушы билік күшейтілді.
Конституцияда шенеуніктің ерекше жағдайы бекітілді. Негізгі құжат мемлекеттік қызметкерлердің, оның ішінде мемлекеттік экономикалық ұйымдардың қызметкерлерің мәртебесі мен жауапкершілігін бекітті.
Радикалдық қызметке шектеу қоймайтын жеке ережелер болмай, конституция ұлттылық және саяси Исламның дамуына еш шектеу қоя алмады. Ұлттық аздылық мәселесі шешімін таппады.
Мемлекеттің экономикадағы шешуші рөлі бекітілді. Мемлекетке жеке мүлікті қоғамдастыру құқығы берілді. Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік міндеттерінің шегі оның экономикалық дамуы мен қаржы көздерінің болу масштабымен шектелді.
1982 жылғы Түркия Конституциясы
1970 жылдардың соңында Түркияның саяси және экономикалық жағдай тағы да күрделене түсті. Елдегі террор толқыны аясында тағы да мемлекеттік төңкеріс жүзеге асты, оның нәтижесінде билікке Ұлттық Қауіпсіздік Кеңес келді. ТҰҰЖ таратылды, саяси партиялардың қызметі тоқтатылды.
1982 жылдың 7 қарашаның референдумының нәтижесі бойынша, Түркия Республикасының жаңа Конституциясы қабылданған.
Конституция 400 адамнан тұратын ТҰҰЖ бірпалаталы құрылымын бекітті. Депутаттар 5 жыл мерзімге сайланды. Президент 7 жыл мерзімге депутаттар арасынан сайланады. Оның құзыретіне үкімет басшысын тағайындау құқығы кіреді. Атқарушы биліктің рөлі күшейген. 1961 жылғы Конституциямен салыстырғанда мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық функциялары кеңейген.
Суверенитет саласындағы жаңалыққа теңіз, өзен және көлдердің жағалауларын мемлекет юрисдикциясына енгізу жатады.
Экономика саласында мемлекеттің жетекші рөлі расталды. Оған экономикалық жоспарлау, табиғи байлықтарды қалыптастыру, аралас экономиканы құру және ұжымдастыруды дамыту бойынша шараларды қабылдау міндеттері жатады.
Түркияның Еуроодаққа кіруіне дайындығына байланысты және негізгі азаматтық құқықтар мен бостандықтарды Еуропалық адам құқықтары конвенциясына сәйкестендіруге байланысты 2001 жылы конституция мәтіні өзгеріске ұшырады. Олар сөздер мен пікір білдур бостандығын шектеуді жоюға; терроризмге қатысты қылмыстардан өзгерлеріне өлім жазасынан бас тартуға; ұсталған және тұтқындалған тұлғаларды қамауда болу мерзімін қысқаруға; дәлел ретінде заңсыз жолмен иемденген мәліметтерді пайдалануға тыйым салуға; жиналыстар мен митингтер өткізуге; кәсіподақтық құқықтарды толық пайдалануды қамтамасыз етуге; Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің құзыретін шектеуге қатысты болды.
2004 жылы ерлер мен әйелдердің теңдігін конституциялық бекіткен өзгерістер, өлім жазасын түбегейлі жою, соттарды мемлекеттік қауіпсіздікпен қамтамасыз етуге, халықаралық-құқықтық нормлалардың адам құқықтары саласындағы ұлттық заңнамалардан басымдығы туралы өзгерістер енгізілген.
2007 жылы 21 қазан референдумы нәтижесінде қабылданған түзетулер пакеті Түркия Конституциясына келесі өзгерістерді бекітті: Президент сайлауы төте болды, оның құзыретінің мерзімі 5 жылға дейін қысқарды, қайта сайлануға шектеу жойылды, ТҰҰЖ-ның қызмет ету мерзімі 4 жылға қысқарды; заң жобасын қабылдауға қажетті депутаттар саны ТҰҰЖ-ның барлық мүшесінің жалпы санының 67%-нан 34%-ға қысқарған.
Түркия Республикасының соңғы ірі түзетулер 2010 жылғы 12 қыркүйегіндегі референдумда қабылданған. 26 түзетуден тұратын пакетті сайлаушылардың 58% қолдаған. Дауыс беру барлық ұсынылған баптармен бірге өткізілді. Түзетулер әділеттілік жүйесін реформалауға, оның ішінде Конституциялық сотты, мүшелер санын арттыруға және соттар мен прокурорлардың Жоғарғы кеңесін реформалауға қатысты болды. Әскерилерге қатысты азаматтық сот инстанцияларымен қылмыстық іс қозғау мүмкіндігі қарастырылған.
Түркия Республикасының Конституциясының ерекшеліктері
1982 жылдың 7 қарашасындағы жалпыхалықтық референдумда қабылданған Түркияның Конституциясы республиканың төртінші конституциясы болып табылады.
Қолданыстағы конституция преамбуладан және жеті бөлімнен, 177 баптан тұрады. Қазақстанның 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституциясы 9 бөлімнен, 97 баптан тұрады.
Конституцияның преамбуласы мен бірінші бөлімінде (1-11) елдің мемлекеттік құрылымы, басқарудың республикалық формасы, демократиялық, әлеуметтік-құқықтық, зайырлы формасы, ұлттық суверенитет, Конституцияның мәртебесі, биліктің бөлінуі баяндалады. Бұл бөлім Қазақстан Конституциясының бірінші бөлімінің баптарына ұқсас. Бұл бөлімдегі ерекшелік - Түркияның туының суреттелуі және мемлекеттік әнұранның «Тәуелсіздік маршы» екендігі ашып көрсетілген (3 бап) . 4 бапта мемлекеттің республикалық формасы, Республиканың сипаттамалары және 3 бөлімнің ережелері өзгермейтіндігі және оларды өзгерту туралы ұсыныстар енгізілмейтіндігі айтылған. Сондай-ақ, бұл бөлімнің 7, 8, 9 баптарында биліктің үш тармағы бар екендігі жеке-жеке ашып көрсетілген.
Конституцияның екінші бөлімі (12-74 баптар) азаматтардың құқықтарына, сондай-ақ, бұл құқықтардың кепіліне арналған. 17 бапта ешқандай тұлға келісімінсіз ғылыми және медициналық тәжірибеге (бақылауға) ұшырамау керектігі көрсетліген. Сондай-ақ, Қазақстан Конституциясынан тағы бір ерекшелігі, Түркия Конституциясының 24 бабында діни мәдениетке және этикаға үйрету бастапқы және орта мектептің оқу жоспарындағы міндетті элемент болып табылатындығы жазылған. Демек, мектеп жасынан бастап оқушылардың діни сауаты ашылады. Бұл жөнінде Қазақстан Конституциясында тек әркімнің дін ұстану бостандығы бар екендігі ғана көрсетілген. Сонымен бірге, 26 бапта әркім өз ойы мен пікірін ауызша, жазбаша және суретпен білдіруге құқығы бар екендігі жазылған. Сонымен бірге осы бапта, егер азаматтың пікірі мен ойы заңмен тыйым салынған тілде жазылса, сондай-ақ, мемлекеттің қауіпсіздігі мақсатында және қылмыстың алдын алу мақсатында құзыретті органдармен немесе соттың шешімімен шектелуі мүмкін. 42 бапта мемлекеттікпен қатар, жеке бастауыш және орта мектептердің қызмет атқаратындығы баяндалған. Қазақстанда жеке мектептер болғанымен, ол ҚР Конституциясына бекітілмеген. Сонымен бірге осы бапта, түрік тілінен өзге ешқандай тіл ана тілі ретінде кез келген білім мекемелерінде үйретілмейтіндігі баяндалған. Ал, Қазақстанда қазақ тілімен қатар орыс тіліде қолданылатындығы Конституцияның 7 бабында көрсетілген. 43 бапта теңіз, өзен және көл жағалаулары мемлекет құзырында екені көрсетілген.
Сонымен бірге 44-45 баптарда егін шаруашылығына және мал шаруашылығына мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетіндігі баяндалған. Қазақстан саясатында ондай қолдаулар арнайы бағдарламалар аясында жүзеге асқанымен, конституцияға бекітілген. 47 бапта коммуналдық қызметпен айналысатын жеке кәсіпорындар, қоғамдық мүдденің қажеттілігіне қарай жазылған.
Сонымен бірге, 50 бапта кәмілетке толмағандар, әйелдер мен дене немесе ақыл-ой кемістігі бар адамдар жұмыстың ерекше жағдайын сақтайтын арнайы қорғанысты қолданатындығы көрсетілген.
Яғни, бұл бөлімде жұмыс істеу құқығы, жұмыскерлер мен кәсіподақ және кәсіпорын арасындағы қатынасқа, еңбек ақыны кепілдеуге көңіл бөлінген. Біздің Конституциямызда бұл жөнінде тек әркімнің жұмыс істеуге құқылы екендігі көрсетілген.
ҚР Конституциясының 38 бабында «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті» деп көрсетілсе, Түркия Конституциясының 56 бабында әркімнің таза қоршаған ортада өмір сүруге құқығы бар екендігі және қоршаған ортаның тазалығын арттыру мен оның ластануының алдын алу - мемлекетпен қатар оның азаматтарының міндеттері екендігі көрсетілген.
Түркия Конституциясының 58 бабында мемлекет жастарды алкогольге, нашақорлыққа, қылмысқа, азарттық ойындарға және өзге зиянды әдеттерге әуестіктен қорғау үшін қажетті шаралар қолданатындығын көрсеткен.
Сондай-ақ, 61 бапта соғыста қайтыс болған азаматтардың жесірлері мен жетімдері, сонымен бірге, қарт кісілер мемлекеттің қорғанысында екендігі жазылған.
Конституцияның екінші бөлімінде азаматтардың жеке бас бостандығы мен қол сұғылмаушылығы (19 бап), жеке және отбасылық өмірінің құпиялылығы (20 бап), тұрғын үйіне қол сұғылмаушылығы (21 бап), ақпарат алмасу еркіндігі (22 бап), өмір сүру және қозғалыс орындарын таңдау еркіндігі (23 бап), дін ұстану және ар-ұят бостандығы (24 бап), ой және пікір еркіндігі (25 бап), ассоциациялар құру құқығы (33 бап), қарусыз, бейбіт шерулерге, демонстрацияларға қатысу құқығы (34 бап) қарастырылған.
Түркия азматтары білім алуға (42 бап), мамандық, еңбек және жеке кәсіпкерлікті таңдауға құқылы (48, 49, 53 баптар), еңбек ақысының төлену құқығына (55 бап), әлеуметтік қамтамасыз ету құқығына (60 бап) ие.
Түркия азаматтарының саяси құқықтарына - азаматтық алу құқығы (66 бап), сайлау, сайлану және саяси қызметке араласу құқығы (67 бап), саяси партиялар құру және олардың қатарында болу (68 бап), мемлекеттік қызметке түсу (70 бап), Ұлы Ұлттық Жиналысқа және құзыретті органдарға жазбаша формада петиция және шағымдар жолдау (74 бап) құқықтары жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz