Түркия Республикасының Конституциялық заңнамалары
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Әлеуметтік ғылымдар факультеті
6М030100-Құқықтану
Магистрдің өзіндік жұмысы
Тақырыбы: Түркия Республикасының Конституциялық заңнамалары
Орындаған: МЗК-711
магистрант Шәуенова Н.Қ.
Қабылдаған: з.ғ.д., профессор Накипов Б.
Түркістан, 2017
Кіріспе
Қазіргі уақытта Түркия роман-германдық құқық жүйесіне бағытталған, ал құқықтық тарихы үш кезеңге бөлінеді.
Бірінші кезеңі (1839 жылға дейін) мұсылмандық құқықтың шексіз билігімен ерекшеленген. Осман халифтары 15-16 ғасырларда заңдарды кануннама деген атаумен жариялаған. Олар қылмыстық-құқықтық жазбалар формасында болған.
Екінші кезең (1839-1918 жж.) мұсылмандық құқықты европалық тәжірибемен реформалау әрекеттерімен танылған. 1840 жылы Осман империясында Қылмыстық кодекс қабылданған. Ол 1810 жылғы Франциялық Қылмыстық Кодекстің ықпалымен жасалған. Сол кезеңде Сауда кодексі (1850 ж.), сондай-ақ, Сауда процессуалдық кодексі (1861), Теңіз сауда кодексі (1864), Қылмыстық процессуалдық кодексі (1879) және Азаматтық процессуалдық кодексі (1880) қабылданған және ол Францияның заңдарының жобасында жасалған. 1869-1877 жылдары Маджалла - мұсылман құқықтары нормасының ірі кодификациясы қабылданған. Алғаш рет тарихта шариғат нормалары еуропалық үлгімен параграфталып, мемлекеттік билік актісінің негізінде күшіне енген. Бұл заңнамалық акт (1850 бап) құқықтық қабілет және оны шектеу, сондай-ақ, заттық және міндетті қатынастарға қатысты болды, алайда отбасылық байланыстар мәселелерін қозғамады. Олар дін еркіндігі мен көптеген секталар мен ағымдардың ерушілерінің жеке құқықтары принципіне сәйкес мұсылмандық құқықтың түрлі мектептерімен реттеліп отырды. Кейінірек, ХХ ғасырдың басында, отбасылық және мұрагерлік құқықтарға реформа жүргізілді. 1917 жылы соңғы сұлтандардың бірінің тұсында мұсылман нормаларына негізделген, отбасы құқығы туралы Осман заңы қабылданды. Осылайша, еуропалық құқықтарға айтарлықтай бағытталуына қарамастан, Түркия 1914-1918 жылғы соғысқа дейін мұсылмандық дәстүрге деген адалдығын сақтап қалған.
Үшінші кезең түрік құқықтарының толық вестернизациялануымен сипатталады. 1920-1923 жылдардағы кемалисттік революциядан соң жаңа түрік мемлекеті құқық жүйесін толық деисламизациялады. Түбегейлі мемлекеттік реформалар барысында сұлтанат пен халифат жойылды, мешіттер мемлекеттен бөлініп, роман-германдық құқық жүйесі қабылданды. Үлгі ретінде көптеген еуропалық мемлекеттердің - Францияның, Швейцарияның, Италияның, Германияның кодекстері мен заңдары алынды. Мысалы, Түркияда 1926 жылы енгізілген жаңа АК Швейцарияның АК-не сәл ғана өзгерістер енгізіле отырып қабылданған. Ал ҚК 1889 жылғы Италияның Қылмыстық Кодексіне негізделген. Қылмыстық процессуалдық кодекс Германиядан алынған. Осылайша, Түркия 1926 жылы роман-германдық құқық жүйесіне енеді.
Қазіргі уақытқа дейін Түркия зайырлы мемлекет пен құқық принциптерін қатаң ұстанады; бұл принциптерді қайта қарау туралы мәселе көтерудің кез келген әрекетін үкімет басып тастайды.
Түркияда құқықтың негізгі көзі заңнамадық және өзге нормативтік актілер болып табылады. Иерархияның басында Конституция тұр. Одан кейінгі орынды парламенттің заңдары мен өзге нормативтік актілер иемденеді. Олар мемлекеттік билік пен басқарудың өзге органдарының кез келген қаулыларынан биік тұрады. Парламент Министрлер Кеңесіне белгілі бір заңнамалық құзырет беруі мүмкін.
Төтенше және әскери жағдай кезеңінен басқа, үкімет қабылдайтын заң күші бар қаулылар азаматтардың негізгі және саяси құқықтары мен міндеттеріне қатысты бола алмайды. Бұл қаулылар ресми жарияланым күнінен бастап күшіне енеді және сол күні депутаттарға ақпараттар жеткізілуі тиіс. Одан бөлек, үкімет заңдарды іске асыру үшін нормативтік сипаттағы қаулылар шығарады. Заңға негізделген нормативтік актілерді министрліктер мен ведомостволар да қабылдайды.
Түркиядағы азаматтық құқық
Түркияның азаматтық құқығы 1926 жылы қалыптасқан. Ол Швейцарияның Азаматтық кодексіне және ішінара Швейцарияның Міндеттемелік кодексіне негізделген. Швейцариялық Азаматтық кодексті енгізу отбасылық және мұрагерлік құқық туралы дәстүрлі мұсылмандық көзқараспен айырмашылықтарға алып келді. Жаңа заңнама көпнекелікті, күйеуінің тарапынан некені біржақты бұзу, қайтыс болған адамның ұлы мен қыздары арасындағы мұраны әділетсіз бөлуді теріске шығарды. Осылайша, заң шығарушы Осман импениясының заңнамалық реформаларына ұшырамаған исламдық құқықтардың сан ғасырлық дәстүрлерінен жою үшін, түрік қоғамын түбегейлі модернизациялауға ниеттенген.
Швейцариялық Азаматтық кодексі рецепциялау барысында жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, оған бірқатар маңызды өзгерістер енгізілді (мысалы, ажырасудың негіздемелері кеңейтілді, жұбайлардың мүлікті бқлу режимі заңды түрде енгізілді). Соған қарамастан, АК-ты халық қабылдай алмады және заң шығарушы мен сот тәжірибесімен айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған. Ең үлкен қиындықтан отбасы құқығы саласында туындаған. Мысалы, 1926 жылғы АК-ке сәйкес заңды неке (азаматтық неке) міндетті болды. Ал шаруалар мен қала халқының негізгі юөлігі өздерінің дәстүрлі діни салттарына берік болып қала берді. Нәтижесінде, жазылған құқық бойынша, балалар некесіз болып саналды, ал халықтың пікірінше олар заңды некеден туылған балалар болып есептелінді. Осылайша, некесіз балалардың санының артуына байланысты, бірқатар арнайы заңдар қабылдау арқылы, оларды некеде туылған балалар деп мойындады. Олардың ата-анасының одағын неке деп санады.
Азаматтық заңнаманы жаңа әлеуметтік, экономикалық және өзге де салаларға бейімдеу қажеттілігіне байланысты, 2001 жылы 27 қарашада түрік парламенті жаңа Азаматтық кодекс қабылдаған. Ол 2002 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген. Ол 1030 баптан тұрады. Азаматтық Кодекстің басты ерекшелігі ол негізінен төрт кітаптан құралған. Оның мазмұнына:
1) Азамат құқығы;
2) Отбасы құқығы;
3) Мұрагерлік құқығы;
4) Еңбек құқығы туралы ережелер кіреді.
Көптеген елдердің заңнамаларымен салыстырғанда Түркияның АК құдаласу (обручение) мәселесін реттейді. Түркия заңнамасында құдаласу деп үйленуге уәде беру қарастырылады. Түркияның АК-нің 118 бабына сәйкес, жасөспірімдерді немесе құқықтары шектеулі азаматтардың заңды өкілдерінің келісімінсіз уағдаласуы ешқандай құқықтық салдар туындатпайды. Бұл саладағы заңнаманың маңызды ережесі уағдаласу кімді болса да неке қиюға мәжбүрлеуге негіз бермейді. Түркияның АК-де уағдаласуды бұзудың салдары ерекше орын алады. Уағдаласуды бұзу үшін негізделген себептер болу керек. Ол болмаған жағдайда, кінәлі тарап өтемақы төлеу және шығындарды қайтару түріндегі жазалануы мүмкін. Сонымен бірге, материалдық шығынмен қатар, моральдық өтемақы да талап ету құқығы қарастырылған. Адами абыройына нұқсан келітірілген тарап кінәлі тараптан моральдық зиянның орнын толтыру ретінде ақшалай өтемақы талап етуіне болады (Түркияның АК 121 бабы).
Түркияның заңнамасы бойынша неке жасы 17 жас болып бекітілген. Яғни, 17 жасқа толған ерлер мен әйелдер некеге отыра алады. Алайда, Түркияның Азаматтық Кодексінің 124 бабында қарастырылғандай, төтенше жағдайларда немесе маңызды себептер болғанда 16 жаста некеге отыруға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда, ата-ананың немесе қамқоршының пікірі ескеріледі. Тағы бір ерекше тұсы - егер неке жойылса, әйел адам жаңа некеге отырмас бұрын 300 күн күтуі қажет. Алайда, әйел бұрынғы некесінен аяғы ауыр еместігі туралы дәлелдейтін құжат өткізсе немесе бұрынғы жұбайлар қайтадан некелесуге ниет білдірсе, бұл мерзім (300 күн) жойылады. (АК 132 бап).
2017 жылы Түрік парламенті ресми неке қию салтанаттарын өткізуге өкілеттігі бар лауазымды тұлғалар сияқты, мемлекеттік діни қызметкерлерге, яғни, мүфтилерге де ресми неке қиюға рұқсат беретін заң қабылдады.
Швейцарияның АК-ның рецепциясына қарамастан, түрік заң шығарушылары Еуропаның көптеген елдерінің мысалдары бойынша сауда құқығына жеке кодификация арнауды жөн көрген. 1926 жылы Түркия өзінің Сауда кодексін енгізген (1-ші кітап). Сауда кодексінің екінші кітабы 1929 жылы қабылданған. Бұл кодекс те батыс еуропалық заңнамаға негізделген.
Қазіргі уақытта сауда құқығының негізгі көзі 1956 жылы қабылданған (1957 жылы 1 қаңтарда күшіне енген) Сауда кодексі болып табылады. Бұл Кодекс 1926 жылғы СК-нің жаңа редакциясы болып келеді. 1956 жылғы Сауда Кодексінің 1-ші бабында ол Азаматтық кодекстің құрамдас бөлігі болып табылатындығы жазылған.
Түркияның теңіз заңнамасының негізі 1897 жылғы Германияның сауда жинағының сәйкес ережелеріне негізделген. 1982 жылы Халықаралық жеке құқық пен процесс туралы Заң қабылданған.
Сауда маркаларын пайдалану 1965 жылғы Заңмен, ал авторлық құқық - 1951 жылғы Заңмен реттеледі. Міндеттемелік кодекстің ХІІ бөлімі баспа шарты туралы ережеден тұрады. Түркия зияткерлік меншік туралы негізгі конвенцияларға қатысады.
1980 жылдардың ортасынан бастап мемлекет сыртқы нарықтарға негізделген либеральды экономикалық саясат жүргізеді. Шетелдік инвестицияларға ерекше көңіл бөлінеді. 1954 жылғы шетелдік капиталдық инвестицияларды көтермелеу туралы заң 1995 жылы ырықтандырылған. Сол жылы Еркін экономикалық аймақ туралы Заң қабылданған. 1990 жылдары түрік экономикалық заңнамаларын Еуропалық одақтағы заңнамаларға сәйкестендіру әрекеттері жасалды. Оның ішінде, 1994 жылы Түркия бәсекелестік саласындағы ЕО - ның саясатына сәйкес келетін антимонополиялық заңнама енгізген. 1995 жылы зияткерлік меншік туралы заңнама қазіргі халықаралық стандарттарына сәйкестендірілді. 1951 жылғы авторлық құқық туралы Заңға өзгерістер енгізілді, әдеби туындыларды, видео- және аудиожазбаларды, компьютерлік бағдарламаларды қорғауды күшейтті.
Азаматтық процессуалдық кодекс швейцариялық Neuchatel кантонының рецепциясы болып табылады. Оған көптеген өзгерістер енгізілген. 1932 жылғы Атқарушылық өндіріс пен банкроттық туралы заң да швейцариялық федаралдық заңнан алынған.
Түркияны батыстық типтегі қоғамға айналдыруға мүдделі күштердің бастамасымен мұсылмандық дәстүрлерден тыс қалыптасқан еңбек құқығы да вестернизация процесіне ұшыраған. Сонымен бірге, сәйкес заңдарды қабылдау оларды іске асыру үшін жағдайларды қалыптастыруға да алып келді; заңнамалардың дамуы әлеуметтік эволюциядан бұрын жүрді, ол заңнамалардың өзгеру қажеттілігіне алып келді.
Бүгінгі таңдағы Түркияның еңбек құқығы өзінің ресми сипаттамалары бойынша еуропалық үлгіге сәйкес келеді. Оның негізгі көзі Конституция болып табылады. Оған сәйкес мемлекет өзіне әрбір азаматқа ұлттық кірістегі әділ үлесін қамтамасыз ету, экономикалық және әлеуметтік теңсіздікті жою және экономикалық әлсіз тұлғаларға ерекше қорғаныс беру міндетін алады. Әр азаматтың еңбек етуге құқығы және еңбек шартын жасау бостандығы. Сонымен бірге, жасына сәйкес келмейтін жұмыстан, денсаулығына және жынысына байланысты бас тартуға құқылы. Қызметкерлер мен жұмыс берушінің ассоциация құру құқығы, ұжымдық келісімшарт жасау құқығы, жұмысшылардың ереуілге шығу құқығы, жұмыс берушілердің - локаут құқығы жарияланған. Мемлекет қызметкерлердің мүддесін қорғау үшін, әділ еңбек ақыны қамтамасыз ету үшін тиімді экономикалық, әлеуметтік және қаржылық шаралар қабылдауға міндетті.
Бұл саладағы маңызды түрік заңдары: еңбек туралы (1971), теңізшілердің қызметі туралы (1967), журналисттердің қызметі туралы (1953), кәсіподақтар туралы (1983), ұжымдық келісімшарт, ереуіл және локаут туралы (1983), еңбек соттары туралы (1950) заңдар. Қызметтік қатынастарға азаматтық құқықтың көптеген ережелері қолданылады.
Түркияның қылмыстық кодексі
Түркия Республикасының қылмыстық кодексі бірқатар қылмысбұзушылықтар мен қылмыстардың түрлерін және оған тартылатын жазаларды бекітеді. Ол 592 бапты біріктіретін үш кітаптан тұрады.
Бірінші кітап - Жалпы принциптер;
Екінші кітап - Қылмыстар;
Үшінші кітап - Қылмыстық теріс қылықтар.
Қылмыстық кодекстің соңғы нұсқасы 2004 жылы 26 қыркүйекте қабылданған. Ол түрік заңдарының ЕО нормаларына жақындату үшін жасалған. Осыған байланысты кодекстің соңғы редакциясы әйелдердің құқығын жақсырақ қорғайды, оның ішінде әйелдерге қарсы қылмыстар, отбасылық зорлық-зомбылық, балаларды жәбірлеу үшін жазаларды қатаңдатқан.
Түркияның Қылмыстық Кодексінің 11 бабына сәйкес, қылмыс үшін қолданылатын жазалар:
1) өлім жазасы;
2) ауыр қамауға алу;
3) қамауға алу;
4) ауыр ақшалай айыппұл;
5) қоғамдық қызметке тыйым салу.
Құқық бұзушылық үшін жазалар:
1) жеңіл қамауға алу;
2) жеңіл ақшалай айыппұл;
3) белгілі бір мамандықпен немесе қолөнермен айналысу құқығынан айыру.
Жалпы, Түркияның Қылмыстық Кодексі өте қатаң. Мысалы, аспанға оқ атқаны үшін 25 жылға дейінгі бас бостандығынан айыруға болады. Сондай-ақ, бағдаршамдағы қызыл түске өтіп, жаяу жүргіншілердің өліміне алып келсе де, 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, абақтыға жабылады. Тапсырыспен кісі өлтіруші өмір бойы бас бостандығынан айырылады, кісі өлтірушінің сыбайласы - 24 жылға дейін темір торға тоғытылады, ал БАҚ себебінен азамат суицид жасайтын болса, журналист - 10 жыл бас ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz