Түркияның терроризмге қарсы іс-қимыл заңнамалары


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Әлеуметтік ғылымдар факультеті
6М030100-Құқықтану
Магистрдің өзіндік жұмысы
Тақырыбы: «Түркияның терроризмге қарсы іс-қимыл заңнамалары»
Орындаған: МЗК-711
магистрант Шәуенова Н. Қ.
Қабылдаған: з. ғ. д., профессор Накипов Б.
Түркістан, 2017
Кіріспе
Қазіргі ХХ ғасыр жаһандану заманы деп қарастыратын болсақ, сол жаһанданудың жекелеген ұлттық мемлекеттерге ғана емес, әлемдік қауымдастыққа оң да, теріс те ықпалдары тиіп жатыр. Сол теріс ықпалдарының қатарында ойып тұр орын алатын құбылыстардың бірі - терроризм болып табылады. Бүгінгі таңда орын алып отырған терроризм актілері тек бір ұлтқа, бір ұлысқа, бір мемлекетке ғана емес, бүкіл әлемге ортақ қауіпке айналып отыр.
2001 жылы 11 қыркүйекте АҚШ-тағы терракттан соң жаңа дәуір, терроризммен күрес дәуірі басталғанын түсінді. Қазіргі терроризм - жеке ұлттық мемлекеттердің шекараларынан шығып, бүкіл әлемдік қауымдастықтың қауіпсіздігіне ауқымда қатерге айналған күрделі, көпаспектілі және теріс әлеуметтік-саяси құбылыс болып табылады. Қазіргі терроризм - сәйкес құралдармен және қаржы-экономикалық мүмкіндіктермен жабдықталған күшті құрылымдар.
Осы тұрғыдан, әлем жұрты мен барша мемлекеттер жұдырықтай жұмылып, терроризмге қарсы күрес жүргізіп, оны жеңуге тырысуда. Дегенмен, осы орайда әрбір жеке мемлекеттің ішіндегі жеке күрестері де маңызды фактор болып табылады.
Қазіргі таңда терроризм мен оған қарсы күресте Түркияның өзіндік алар орны бар. Оның басты себептерінің бірі - Түркияның террористік әрекеттердің ошағына жақын орналасуы. Барлығымыз білетіндей, Түркия қазіргі террористік әрекеттердің басты ошағы Сириямен, теңіз бойынша Ливия, Ливан, Египет, Израиль мемлекеттерімен шектеседі.
АҚШ-тың Мэриленд университеті жанындағы терроризмді зерттеу ұлттық консорциумының ақпаратына сәйкес, 2015 жылы Түркия террористік шабуылдар саны артып келе жатқан елдер тізіміне кірген. Өткен жылғы шабуыл салдарынан 200 мыңнан астам қаза тапқан.
Түркия заңнамасы бойынша терроризмнің анықтамасы, тарихи шолу
1991 жылы 12 сәуірде Түркия Республикасында «Терроризмге қарсы күрес туралы» №3713 Заң қабылданды. Осы заңның 1-ші бабында «терроризм -зорлық көрсету, қорқыту және жауыздық арқылы Конституцияда бекітілген мемлекеттің саяси, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы және экономикалық құрылымын өзгерту, мемлекеттік бастауларды, ұлттық және мемлекеттік құндылықтарды жою, мемлекет мен республиканың өмір сүруі үшін қауіп тудыру, мемлекеттің абыройына нұқсан келтіру (билікті жою немесе жаулап алу), негізгі құқықтар мен бостандықтарды бұзу, қоғамдық құрылымға зиян келтіру мақсаттарын көздейтін ұйымның мүше болып табылатын жеке адамның немесе адамдар тобының түрлі әрекеттері» деп көрсетілген.
«Терроризмге қарсы күрес туралы» Заңның идеологиясын қалыптастыру барысында, Түркиялық заң шығарушылар өзге елдерде кең таралған тәсілдерді қолданған. Оған сәйкес террористік әрекеттер екі топқа бөлінеді: 1) терроризмның нақты көрініс табу және 2) белгілі бір белгілер болғанда, террористік акт ретінде бағаланатын жалпы қылмыстар.
Осылайша, 3713 Заңға сәйкес Түркияның Қылмыстық Кодексінің 125 146, 147, 149, 156 баптарында қарастырылған қылмыстар терроризмге жатқызылған. Оны атап айтар болсақ:
125-бап: Мемлекеттің тұтас терроториясын немесе оның қандай да бір бөлігін шет мемлекетке беруге немесе суверенитетті шектеуге немесе мемлекеттің тұтастығын бұзуға немесе оның территориясын мемлекеттік басқарудан алшақтатуға бағытталған әрекетті жасаған тұлға өмір бойы ауыр қамауға алумен жазаланады.
146-бап: Түркия Республикасының Негізгі Заңын күшпен өзгертуге, алмастыруға немесе толықтай не ішінара күшін жоюға және осы заңның негізінде қалыптасқан Ұлы Ұлттық Мәжілісті таратуға мәжбүрлеген немесе оның өз функцияларын атқаруға кедергі келтіруге тырысқан тұлғалар өмір бойы ауыр қамауға алынады.
147-бап: Түркия Республикасының Министрлер кабинетін таратуға күштеп мәжбүрлеген немесе оның өз міндеттерін орындауға кедергі келтірген немесе осы қылмысты істеуге өзге тұлғаларды итермелеген тұлғалар өмір бойы бас бостандығынан айырылады.
149-бап: Қару немесе улаушы, зиян келтіруші газдар немесе жарылғыш заттар қолдану арқылы Халықты Үкіметке қарсы қоюшы немесе Түркия тұрғындарын бір-біріне қару арқылы қарсы қойып, бір-бірін өлтіруге итермелеуші тұлғалар 20 жылдан кем емес уақытқа бас бостандығынан айырылады. Егер мұндай әрекеттің нәтижесінде көтеріліс болса немесе адам өлімі орын алса, мұндай әрекеттің тапсырыс берушісі немесе қолбасшысы өмір бойы бас бостандығынан айырылады. Мұндай әрекеттің қатысушысы алты жылдан кем емес уақытқа қамалады.
156-бап: Түркия Президентіне шабуыл жасаған немесе шабуыл жасауға әрекет еткен тұлға өмір бойы ауыр қамауға алынады.
Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігінің туристер үшін жасаған террористік қауіптілік картасы бойынша әлем мемлекеттерін төрт қауіптілік деңгейіне бөлген. Сол ең қауіпті топтардың ішінде Түркия мемлекеті енгізілген.
2017 жылы 15 қарашада Экономика және Бейбітшілік Институтының (The Institute for Economics and Peace) маманы Оливер Смит 2017 жылғы Жаһандық Терроризм Индексін жариялады. Сол статистикалық мәліметтер бойынша терроризм актіне жиі ұшыраған 20 мемлекеттің ішінде Түркия 9-шы орынды иемденген. Оның индексі - 7, 519 құрап отыр. Бұл 10 баллдық индекспен саналдығын ескерсек, өте жоғарғы көрсеткіш екені айдан анық. Ал терроризмге жиі кездесетін Еуропалық мемлекеттердің ішінде Түркия осы көрсеткішімен бірінші орынды иемденіп отыр.
Статистикалық мәліметтер бойынша Түркияда 2016 жылы 82 террористік акт орын алған. 2016 жылы орын алған 82 террористік әрекеттердің нәтижесінде 447 адам қайтыс болып, 1798 адам жараланған.
Тарихи шолу
Түркиядағы 1970 жылдардағы терроризм 1960 жылдардағы студенттік протесттерден бастау алған. Солшыл радикалдар алдымен саяси режимге демонстрациялар, «Түркияның жұмысшы партиясы» атты жаңа саяси партия құру арқылы қауіп тудыруға тырысқан. Алайда 1965 жылғы сайлауда сайлаушылардың 3% даусын, төрт жылдан соң 2, 7% даусын жинаған соң, солшыл радикалдар әскери әдіске көше бастаған. Палестинаны босату ұйымы (ПБҰ) солшыл радикалдарды жарылғыш заттар мен қару-жарақпен қамтамасыз еткен. Солшыл терроризм 1969 жылы пролетаристік революционерлер мен пролетаристік социалистер Түркияның революциялық жастарының Федерациясын құрғанда қалыптасқан. Террористік әрекеттерге банктерді тонау, жару және адамдарды ұрлау кірді. 1971 жылы әскерилер революционерлерді тұтындау үшін әскери жағдайды талқылады. 1973 жылы бұл террористік әрекеттер тоқтатылды. Екі армяндық топ, АСАЛА және JCAG түрік дипломаттарына қарсы бірқатар террористік шабуылдар жасаған. Бұл шабуылдар 1975 және 1985 жылдар аралығында жалғасқан. 1977 жылы Стамбулда темір жол жарылысы орын алған. 1976 және 1980 жылдар аралығында бірнеше террористік әрекеттер нәтижесінде 5000-нан астам адам қаза тапқан.
1980 және 1990 жылдары Түркиядағы жихадшылардың терроризмі оқшауланған құбылыстар болды. Олар Түркияның «Хизбалла» және Шығыс исламдық рейдерлік фронтымен көрініс тапқан. 2000-шы жылдардан бері исламисттік топтардың тарапынан бірқатар шабуылдар байқалған. Олардың кейбіреуі «Аль-Каидамен», кейбіреулері - «Хезболламен» байланысты. 1990-шы жылдардан бері Түркияда исламистік террористік ұйымдар әрекет етуде. Олардың мақсаты Түркиядағы зайырлы демократиялық режимді құлатып, исламдық шариғатқа негізделген мемлекет құру болған. 1993 жылдың шілдесінде экстремисттер қонақүйді өртеген. Исламисттік топтар Түркиядағы еврейлер мен еврейлер қауымдастықтарына шабуыл жасап отырған. 1978 жылдан басталған күрд-түрік қақтығысының барысында 1984-2000 жылдар аралығында шамамен 3-35000 адам қаза тапқан. Түрік үкіметі бұл өлімдерді террористік әрекетпен байланыстырса, өзгелері бұл дау бойынша түрік билігінің адам құқықтарын бұзды деп санайды.
2006 жылы, 25 маусымда Анталия қаласында теракт орын алған. 4 адам қайтыс болып, 28 адам жараланған. Бұл әрекетті күрд сепаратисттері мойнына алды.
2006 жылы, 12 қыркүйек - Диярбакыр қаласындағы бомба жарылысында 10 адам қайтыс болған. Оның 8- балалар.
2008 жылы, 9 шілде - Стамбулдағы АҚШ консулдығына шабуыл. 3 полицей қаза бапқан. 3 шабуылшы өлген. Түркиядағы АҚШ елшісі оны өз еліне қарсы бағытталған «айқын терроризм актісі» деп атады.
2008 жыл, 27 шілде - Стамбулдағы Гюнгерен ауданындағы жарылыстың нәтижесінде 17 адам қаза тауып, 150 адам жараланған.
2010 жыл, 31 қазан - Стамбулдағы Таксим алаңында террорист өз-өзін өлтірген. 32 адам жараланған.
2011 жыл, 20 қыркүйек - Анкарада мина салынған автокөліктің жарылуы нәтижесінде 4 адам қайтыс болып, 15 адам жарақат алған. Бұл әрекетті күрд сепаратистері мойнына алды.
2012 жыл, 20 тамыз - Газиантеп қаласында Рамазан айының аяқталуын тойлап жатқан уақытта жарылыс болған. 10 адам осы терактінің құрбаны болған. 64 адам жараланған.
2013 жыл, 11 ақпан - Баб аль-Хавадағы теракт нәтижесінде 13 адам қайтыс болып, 28 адам жараланған. Түрік жағындағы шекарада сириялық нөмірі бар автокөлік жарылған.
2013 жыл, 11 мамыр - түрік-сирия шекарасына жақын орналасқан Рейханлы қаласында мина салынған екі автокөлік жарылған. Кем дегенде 51 адам қайтыс болып, 140 адам жараланған. Ешкім жауапкершілікті мойнына алмады.
2015 жыл, 6 қаңтар - Аяғы ауыр террорист өзін Стамбулдың тарихи бөлігінде жарып жіберген. Түркиялық құқыққорғау органдарының мәліметтеріне сәйкес, бұл терактіні Ресей азаматшасы Диана Рамазова жасаған. Бір полиция қызметкері қаза тапқан.
2015 жыл, 20 шілде - Суруч қаласындағы бомбаның жарылуы нәтижесінде 33 адам қаза тауып, 104 адам жараланған. Бұл теракт Кобани сирия қаласын реконструкциялау туралы прессияға жасалған хабарламасы үшін Жастар одағының Социалистік федерациясының мүшелеріне қарсы бағытталған. Кейіннен бұл әрекетті «Ислам мемлекеті» өз мойнына алды.
2015 жыл, 10 қазан - Анкара қаласында курстік және солшыл белсенділердің демонстрациясы барысында екі террорист өз-өздерін жарып жіберген. Кем дегенде 102 адам қаза тауып, 248 адам жараланған.
2016 жыл, 7 маусым - Стамбулдың орталық аудандарының бірінде полиция спецназының қызметтік автобусының жанында күшті жарылыс болған. Нәтижесінде 11 адам қаза тапқан, оның ішінде 7-еуі полиция қызметкерлері. Тағы 36 адам жараланған.
2016 жыл, 28 маусым - Стамбулда Ататүрік әуежайындағы атыс және үш жарылыс болды. Бұл шабуылда үш лаңкес жасаған. Кем дегенде 41 адам қайтыс болып, 230 адам жараланған.
2016 жыл, 10 желтоқсан - Стамбулдың орталығында екі күшті жарылыс болған. Олар Бешикташ футбол клубының стадионының жанында жарылған. Нәтижесінде 45 адам қаза тауып, 160 адам жараланған. Бұл лаңкестік әрекетті «Күрдістан еркіндігінің қырандары» террористік тобы жауапкершілігіне алды.
2016 жыл, 17 желтоқсан - Кайсери қаласында еркіндікке шыққан әскерилер келе жатқан автобус жанындағы машина жарылған. 14 адам қаза тауып, 56 адам жараланған.
2016 жыл, 19 желтоқсан - Анкарада заманауи өнер орталығында Түркиядағы Ресей елшісі Андрей Карловқа шабуыл жасалған. Алынған жарақатының нәтижесінде дипломат қаза тапқан. Оны өлтірген Мевлют Мерт Алтыншашты қауіпсіздік күштері атқан.
2017 жыл, 1 қаңтар - Стамбулдағы Рейн түнгі клубында жаңа жыл түніндегі террористтік шабуылдың нәтижесінде кем дегенде 39 адам қаза тапқан. Бұл лаңкестік әрекет үшін «Ислам мемлекеті» жауапкершілік алған.
2017 жыл, 27 ақпан - Диярбакыр қаласында жүк пойызы жүріп жара батқанда, темір жол жарылған.
2017 жыл, 31 тамыз - Измир қаласында қолдан жасалған бомба жарылған. Жанынан өтіп бара жатқан автобустағы Түзеу мекемелерінің қызметкерлері жарақат алған.
Түркиядағы террористік лаңкестіктердің себептері
- Сириямен көршілестігі
Түркия Сириядағы жағдайға байланысты үлкен шиеленіске түсіп отыр. Түркия Сириядағы қақтығысқа кіріскен сайын, мемлекеттік шекара мен қауіпсіздікке ықпал етуші тұрақсыздықты байқаймыз.
Сирия мемлекетімен географиялық жақындығы елде терроризм ахуалының өрши түсу себептерінің бірі. Шекарадағы қауіпсіздік шаралары күшейтілгеніне қарамастан, террористер әлі де болса Түркияға кіре алады. Сонымен бірге, «Ислам мемлекеті» ұйымын түрік азаматтарының арасында да қолдаушылар табыалды. Ұзақ уақыт бойы ИМ-не қосылған түріктердің саны аз еді. Алайда, соңғы айларда, арнайы қызмет мәліметтеріне сәйкес, Түркиядан ИМ-не қосылғандардың саны мыңнан асып отыр. Сонымен бірге, бұл ұйымның сириялық және ирактық өкілдері Түркияда босқын ретінде жүр. 2016 жылдың маусымында ИМ «ұяшықтарымен» күрес операциясы барысында 61 адам ұсталған - оның ішінде 43-і шетелдік азматтар.
- Күрдтер
Күрдтер, Таяу Шығыстағы этникалық топ, аймақтағы оқиғалардың дамуына күшті ықпал етуде. Олар Түркияда өз автономиясы үшін күресуде және сириялық қақтығысында ИГИЛ-мен күресте маңызды рөл атқаруда.
Бірнеше жыл бұрын президент Реджеп Тайып Эрдоған күрд халқымен келісімге келген болатын. Алайда Сириямен шекара арқылы күрд әскеріне оқ ата бастады.
Түркияның Конституциясында осы мемлекеттің территориясында тұратын азаматтардың барлығы түрік болып саналатындығы жазылған. Алайда, Түркияда 20 миллионнан астам күрдтер тұрғанымен, оларға аз ұлт өкілдері ретінде үкіметтен де, парламенттен де арнайы орын берілмеген. Сонымен бірге, күрдтер Түркияда өз автономиялық республика құруларына еш рұқсат берілмеген. Осы тұрғыдан, Күрдтер тәуелсіздіктері үшін күресуде деп қарасыруға болады. Дегенмен, мемлекет билігі тұрғысынан қарап көретін болсақ, мемлекет ішінен аз ұлт өкілдеріне автономия беру, мемлекеттің біртұтастығына кедергі келтіругі факторға айналатындығы сөзсіз.
- Географиялық орналасуы
Түркияның ішкі және сыртқы саясатынан өзге, бұл мемлекеттің әлем картасындағы орны ерекше. Түркия Еуропа мен Азиның түйіскен жерінде орналасқандықтан, бұл жерде мәдениет пен өркениеттер бір біріне бірігеді немесе қақтығысады. Сонымен бірге, Түркия шет елдерден Сириядағы болып жатқан соғысқа қатысуға келгендер үшін және ондағы тараптарды қарумен жабдықтау үшін басты транзиттік дәліз болып саналады. Яғни қазір Түркияның алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі оның азаматтық соғыс болып жатқан елмен қатар орналасуы, Түркияны кіру нүктесі ретінде пайдалануы болып саналады.
Терроризмге қарсы күрес шаралары
Терроризмді зерттеу Комитетінің пікірі бойынша 2013 жылы Түркияда «Терроризмге қарсы позициясын сақтай отырып, Түркия демократиялық стандарттарды бекіту және еркіндікті кеңейту мақсатында маңызды қадамдар жасады». «Құқыққорғау органдары/ адам құқықтарын қорғау жөніндегі сот органдары үшін кешенді оқу курстары» секілді заңнамалық және әкімшілік шаралар қабылдады. Адам құқықтарын құрметтеуді және саяси, мәдени, әлеуметтік, экономикалық аспектідегі көпжақты әдістерді нығайтудан өзге, халықаралық әріптестікке де баса назар аударды.
2013 жылғы антитеррористік заңнамаға өзгерістер енгізгеніне байланысты, заңнама Еуропалық одақтың стандарттарына сәйкес келуі қажет деді. ЕО пікірі бойынша «Түркияның заңнамасы бойынша, мыңдаған саясаткерлерді, журналистер мен белсенділерді террористік қауіпті деп ұстауға мүмкіндік береді». Сонымен бірге, ұлттық қауіпсіздік ережелерін қайта қарастырды. Осы мақсатта тінту жүргізу, полицейлер мен өзге тұлғаларға шабуыл жасаушы тұлғаларға қарсы қару қолдану және күдікті тұлғаларды ордерсіз қамақта ұстау секілді полицейлердің құзыретін арттырды. Сонымен бірге, үкіметке терроризмге қарсы күресте көмектесетін ақпарат беруші тұлғаларға төрт миллион түрік лирасына дейінгі ақшалай сыйақы ұсынады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz