Майлы гепатоз


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Майлы гепатоз

2. 2. Бауыр амилоидозы

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе

Бауыр аурулары көбінесе басқа негізгі аурулардың көлеңкесінде қала береді де, нақтылы анықталмай қалады. Ас қорыту жүйесінің барлық аурулары зат алмасуының бұзылуы, тіпті өкпе жүрек аурулары да бауырға әсерін тигізбей қоймайды. Сондықтан да клиникалық тұрғыдан дені сау деген малды соя келе оның бауырының зақымданғандығын табу ғажап емес.

Малдардың бауыр аурулары көбінесе олардың паренхимасындағы зат алмасуының бұзылуынан болатын өзгерістер сипатталады. Ондай өзгерістер сырттан азықпен келетін, организмнің өзінде іште түзілетін улы заттардың әсерінен болады. Әсіресе малдың физиологиялық төзімділігі шегіне жеткен жағдайларда жиі кездеседі.

Бауырдың зат алмасу процесіндегі рөлі өте зор. Ол организмде болатын барлық құбылыстарға қатынасады.

Бауыр ауруларының ішінде жиі кездесетіні зат алмасу процесінің бұзылуынан болатын - гепатоз аурулары. Сонымен қатар бауыр қабынуларын да жиі кездестіруге болады.

Бауыр - көк бауыр синдромы, бауырдың кейбір аурулары, көк бауырдың үлкейуін тудырады, екі ағзада анатомиялық құрылысы жағынан да, физиологиялық қызметтері жағынан да бір - біріне ұқсас. Екеуіде

  • қан қорының орны
  • фагоцитті, иммундық қызметтері күшті
  • қанның еруіне, пигменттердің алмасуына қатыса алады
  • қан тамырларына бай.

Бауырда май қышқылдарының түзілуі әлсірегенде үшглицириннің түзілуі үдей түседі. Ол бауырда липопротеидтердің түзілуін нашарлатады. Ал липопротеид болса, үшглициридті бауыр торшаларынан басқа жаққа тасымалдайтын бірден - бір қосылыс.

Қанға өт қышқылдары шоғырланады, көміртегі алмасуы, жалпы ұлпалардың қоректенуі нашарлайды.

ІІ. Негізгі бөлім

Гепатоздар - бауырда қабынудың белгісінсіз, зат алмасудың бзылуымен, бауыр паренхимасының дистрофиялық өзгерістерімен сипатталатын аурурулар жиынтығы.

Этиологиялық факторларға, оның күшімен әсерлеріне байланысты майлы дистрофия, майлы гепатоз, амилоидты дистрофия- бауыр амилоидозы сияқты түрлері болады.

Майдың алмасуының бұзылуынан болатын гепатоз көбінесе созылмалы түрде кездеседі.

  • Гепатоциттерде үшглицериннің шоғырлануы салдарынан бауырдың негізгі қызметтері бұзылуымен сипатталын ауру.

Ауру көбінесе жоғарғы өнімді малдарда, шошқаларда, терісі бағалы аңдарда, иттерде, зоопарктегі аңдарда жиі кездеседі.

Дамуы. Аурудың дамуына әсер ететін жағдайлар:

  • Май қышқылдарының және оларды түзетін қосылыстардың бауырда қалыптан тыс шоғырлануы
  • Үшглицериннің гепатоциттерде, көп түзіліп, уақытында бауырдан шығарылмауы.

Бауырда май қышқылдарының түзілуі әлсірегенде үшглицириннің түзілуі де үдей түседі. Ол бауырда липортотедтердің түзілуін нашарлатады. Ал липопротеид болса үшглициринді бауыр торшаларынан басқа жаққа тасымалдайтын бірден бір қосылыс. Онымен қоса, бауырда шоғырланған улы заттар белок- апопротеиннің түзілуіне кедергі болады. Ол белок липопротедттің құрамына кіреді. Міне, осыдан барып үшглицирин тасымалданбай бауырда жинақталады.

Себептері: Майлы гепатоз негізгі және туындаған ауру түрінде жиі кездеседі.

  • сапасыз бұзылып кеткен азықтармен азықтандырған кезде
  • Ірі қара малды сапасыз бардамен, жармамен, асана қалдықтарымен, балық, ет, сүйек ұндарымен және улы саңырауқұлақтармен азықтандырған кезде болады. Бауыр дистрофиясы инфекциялық және иназиялық, созылмалы асқазан- ішек жолдары, бүйрек және басқада ағзалар аурулары салдарынан болады.

Симптомдары. Жіті майлы гепатоз тез дамиды, оның клиникасы жалпы уланумен және сарғаюмен сипатталады. Ауру малдар қатты күйзеледі, сыртқы ортаға бейтарап, дене қызуы 0. 5 -1 0 С көтерілуі мүмкін, азыққа тәббеті жоқ. Бауыры ұлғайған, жұмсақ, аздап ауырсынады. Миға аммиак, аминдер, фенолдар және басқада заттар әсер еткендіктен жиі бауыр талмасына ұшырайды.

Сиырларда бауырдың жіті дистрофиясы туғаннан кейін 2-4 күн өткен соң байқалады. Ауру мал азықтан бас тартады, бір орында жата береді, тахикардия, тынысы жиілеу, ұлтабарлық қарындардың атониясы байқалады. Қойларда тууына 2 апта қалған кезде симптомдары байқала бастайды. Көзінің қарашығы кеңейеді, бір орында айналып, жерге құлап түседі, соңында талма болады. Кейде қыззба болады.

Торайларда анарексия, естен тану, күші азаяды, құсу, іш өту, жалпы бұлшықеттері әлсірейді, кейде тырысу, жиіі теріде түйінді бөртпе байқалады. Жітіде өліммен аяқталады. Созылмалы гепатозда симптомдар ы әлсіз, диспепсия пайда болады.

Бауыр аздап ұлғайған, беті жылтыр, пальпация және перкуссия жасағанда ауырсынады. Дене қызуы қалыпты, жіті және созылмалы майлы гепатозда, қанда глюкоза, пирожүзім қышқылы көбейеді.

Өтуі. Жіті майлы гепатоз бауыр әлсіздігімен қабаттасады және малды жиі өлімге душар етеді. Созылмалы гепатозда, себебін жойып, тиісті ем жасаса, онда аурудан мал айығады. Жіті майлы гепатоз созылмалыға өтеді, ал ол бауырдың беріштенуіне ұласады.

Балау. Ауруды анықтау үшін анамнезге, аурудың клиникалық белгілерінің жылдам дамуына, қан мен зәрді лабороториялық зерттеулерге жүгінеді.

Емі. Диета тағайындайды. Күйіс малының рационына шөп, ұн және арпа жармасы, тамыр түйнектілер.

Ет қоректілер мен барлығын жейтіндерге жаңадан майы алынған сүт, сүзбе, сапалы майсыз ет, балық, ботқалар, рационға витамин препараттарын қосамыз.

Холин -хлорид ішке мына мөлшерде : ірі қараға және жылқыға 4-10г, қойға 1-2 г. Метионин ішке: ірі қараға және жылқыға 3-20г, шошқаға 2-4 г, қойға 0. 5-2г, итке 0. 5-1г.

Липой қышқылы мен липомид 0. 1-0, 15мг/кг дене массасына. Емдеу курсы 3күн. Өт түзетін және өт айдайтын дәрілерден магний сульфатының мөлшері : ірі қара мал мен жылқыға 50-70 г, шошқаға 5-10г, қойға 3-5 г екі рет. Гепатозда кальций тұздарын бермейді, себебі патологиялық процестерді үдетеді.

Бауыр гепатозы

Картинки по запросу гепатоз у коровы

Алдыңғы қарыншақтарды, асқаззанды, ішекті жуып шаяды, Немесе іш өткізетін дәрілер береді, терең клизма қояды. Венаға глкоза ерітіндісіне аскорбин қышқылын қосып құяды. Терінің астына инсулин, ретинол.

Сақтандыру шаралары. Құрамында жоғары концентрациялы пестицидтер, нитраттар және нитриттер бар, сапасыз азықтарды қолдануға болмайды.

Бауыр амилоидозы- бауыр ұлпасында жәнеде басқа ағзаларда амилоидтың қатты белок- қант кешені жиналуымен сипатталатын созылмалы ауру.

Амилоид - бұл глобулиндер мен полисахарид кешені. Жиі жылқылар ауырады.

Себептері : тері, ішкі ағзалардың іріңдеу процесінен болады. Жылқыларда жиі имммунды қан сарысуын дайындау үшін қан алғаннан болады.

Дамуы: Амилоид бауырдың, бүйректердің, көк бауырдың, ішектің, қан тамырлардың қабырғасына жиналады. Бауырдың қызметі нашарлап, амилоидтық аумақтар пайда болады.

Симптомдары:

  • Кілегейлі қабықтары бозғылт;
  • Бауыр мен көкбауыр ұлғаяды және қатаяды;
  • Тығыздығы қатты, басып қарағанда ауырсынады;

amiloidoz.jpg

Бауыр амилоидозы

Балау. Анамнез мәліметтеріне, бауырдың биопсиясына, алғашқы ауруына, клиникалық белгілеріне сүйеніп диагноз қояды.

Емі. Бауырдың зат алмасуын қалпына келтіретін дәрі- дәрмектер қолданады. Ауыз арқылы 1 % диметилсульфоксидті енгізеді. Күніне 3 рет 10 мл. ден.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шұбар алатікеннің Silybum marianum жалпы сипаттамасы және биобиологиялық белсенділігі
Бауыр аурулары
Этил спиртінің (этанол) бауырға әсері
Гепатоз ауруы
Ішкі жұқпалы емес аурулар
Бауыр қызметтерінің жеткіліксіздігі
Витаминдер сипаты
Бауырдың құрылысы
Бауыр гепатозы
Өнімдердің пестицидтермен ластануы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz