Несеп жүйесін емдеу үшін қолданатын өсімдіктер
Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Несеп жүйесіне жалпы сипаттама
2.2. Несеп жүйесін емдеу үшін қолданатын өсімдіктер
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
І. Кіріспе
Жалпы статистика бойынша, ауруларды клиникалық белгілері арқылы анықтағанда, барлық ішкі жұқпалы емес аурулардың ішінде 7-15 % - на дейінгі зәр шығару және жыныс ағзаларының ауруларына жататын көрінеді. Ал сойылған малдарды тексергенде бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары екендігі байқалады.
Зат алмасу процесіндегі пайда болатын метаболиттердің қалыптан тыс шоғырлануы организмді уландырып, торшалардың тіршілігін жояды. Сондықтан да ондай заттар қалыптан тыс жинақталмай тұрғанда, уақытында организмнен шығарылып отыруы қажет. Ондай бөлу ағзаларына бүйректер, тер бездері, өкпелер және ішектер жатады. Солардың ішінде зәр шығару ағзаларының атқаратын қызметтері ерекше. Белоктың алмасуынан пайда болатын көптеген метаболиттер, су, минералды тұздар негізінен организмнен зр арқылы бөлінеді.
Зәр шығару және жыныс ағзаларының қызметтері орталық жйке және жүрек - қан тамырлары жүйелерінің, зат алмасу процесінің деңгейлеріне тікелей байланысты. Сондықтан оларды емдеу үшін қолданылатын дәрілік заттар белгілі бір мөлшерде зәр шығару шығару және жыныс ағзаларының ауруларына да әсер ететіні сөзсіз.
Зәр айдайтын дәрілік заттар зәрдің түзілуін жылдамдатады және зәрдің организмнен шығуын жылдамдату арқылы сұйықтың жинақталуын азайтады. Оларды қолданған уақытта негізгі патологиялық процеске әсерін пайдалана білу керек. Мұндай заттарға көптеген химиялық қосылыстармен қатар дәрілік өсімдіктер де жатады.
ІІ.Негізгі бөлім
Аю балдырған- биіктігі 2 метрге дейін жететін, екі жылдық шөптесін өсімдік. Тамыры жуан, онша ұзын емес, қоңыр түсті. Оны сындырғанда сүт секілді сұйық зат бөлінеді. Сабағының сырты тегіс, іші қуыс, жуанда, тік өседі. Жапырақтары ірі, шеттері ара тісті. Гүлдері ақшыл- көк түсті, мамыр айынан қыркүйек айына дейін гүлдейді. Гүлдеген кезде хош иісті.
Таралуы: Республикамыздың солтүстік обблыстарының батпақты жерлерінде, көл жағалауларында, ылғалды шабындықтарда, орман арасында өседі.
Дәрілік шикізат ретінде тамыры мен бұтақшалары жиналады. Ерте көктемде екінші жылғы өсімдіктің тамыры қазып алынады да, суық сумен жуылып, желге қақтырып, жылы жерде кептіреді. 3- 5 см кесіп, аузы жақсы жабылатын шыны ыдыстарда қараңғы жерде сақталады. Дұрыс дайындалған шиикізатты үш жылдай қолдануға болады.
Химиялық құрамында эфир майлары, шайырлы, илік және ащы заттар, сірке қышқылы, крахмал, қант, балауыз, валериана бар.
Қолданылуы. Мал дәрігерлік тәжірбиеде зәр және өт айдау, қақырық түсіру, тер шығару, ішті желден босату үшін қолданады.
Өсімдіктің тұнбасы асқазан мен ішек бездерінің жұмыстарын жақсарту, орталық жүйке және жүрек қан тамырлары жүйелерінің жұмыстарын реттеу, зәр шығару ағзаларының ауруларын емдеу үшін әсері жақсы.
Тұнба жасау үшін 100 г тамыр ұнтағы 1 л суға салынып, 20 минут тұндырылады да, ересек малға 100- 150 мл, жас малға 50-70 мл мөлшерінде күніне үш рет ішкізіледі.
Асқазан - ішек ауруларын емдеу үшін тамырдың ұнтағын падалануға да болады. Оның берілу мөлшері: ірі малға 10- 25 г, ұсақ малға 5-10 г.
Арша- биіктігі 1- 3,5 метр аралығында болатын, қысы - жазы көгеріп тұратын, бұталы өсімдік. Сабағы тік өседі, қабығы қоңыр түсті, қалың. Сабағының ұзындығы 7-8 метрге жететін бұтақшалар көлбеу өсіп шығады. Хош иісті. Жапырақтары ине тәрізді, кезектесіп орналасады. Жемістерінің түстері шымқай қара көк. Мамыр айында гүлдейді, жемісі маусым- шілде айларында піседі.
Таралуы: Республикамыздың солтүстік аймағында тау беткейлерінде, орман арасында , құмды - далалы жерлерде жиі кездеседі.
Дәрілік шикізат ретінде күзде піскен жемісін жинап алады. Оны ашық жерде кептіреді де, кардон, фанер жәшіктерге салып, бетін жауып, құрғақ бөлмелерде үш жылға дейін сақтауға болады.
Қолданылуы: Мал дәрігерлерінің тжірбиесінде зәр айдайтын, асқазан - ішек жұмыстарын жақсартатын, өңеш бездерінің қызметін арттыратын дәрі ретінде қолданылады. Эфир майлары асқазан мен ішектің кілегейлі қабықтарын тітіркендіріп, олардың жиырылуын үдетеді, зиянды газдардың шығуын жылдамдатады.
Тұнба, ботқа және болюс түрінде беріледі. Ауру малдарға берілу мөлшері жылқыға 20- 50 г, ірі қараға 50-100 г, қойға 5-10г, тауыққа 0,2 -0,5 г.
Аюқұлақ - жерге жайыла өсетін, ұзындығы 25- 130 см- ге дейін жететін , үнемі жасыл болып тұратын бұталы өсімдік. Жапырақтары ұсақ, жылтыр, жұмыртқа пішіндес. Гүлдері қызғылт түсті, сабағының ұш жағында орналасқан. Мамыр - маусым айларында гүлдейді.
Таралуы: Республикамыздың құмды жерлерінде, қылқан жапырақты ормандардың, бұталардың арасында кездеседі.
Дәрілік шикізат ретінде өсімдік гүлдеген кезде оның жапырақтарын жинап алып, ережелерін сақтай отырып кептіреді де, құрғақ жерде сақтайды. Дұрыс дайындалған шикізат 5 жылға дейін шипалық қасиетін жоғалтпайды.
Қолданылуы: Тұнба, болюс, ботқа түрінде бүйректер мен қуықтың ауруларында, іш өткенде, ас қорыту процесі нашарлағанда, іріңді жараларда қолданылады. Әсіресе зәр айдайтын, залалсыздандыратын дәрі ретінде маңызы зор. Көп мөлшері малды құстырып, іш өткізеді.
Жапырағын малға азыққа қосып береді. Беру дозасы: жылқы мен ірі қараға 20-50 г, қой мен шошқаға 5-15 г, итке 2-5 г.
Жапырағының тұнбасын дайындау үшін 10г шикізатты 200 мл суға салып тұндырады. Оны салқын жерде 2 тәулікке дейін сақтауға болады.
Бүйрек шайы- үнемі жасыл түсті болып тұратын, бұтақшалары көп, жартылай бұталы өсімдік. Сабағы төрт қырлы, төменгі жағы қоңырқай, ал бас жағы жасыл түсті. Жапырақтары сопақша келген, ұзындығы 2-7 см. Гүлдері бозғылт сия түсті. Шілде - тамыз айларында гүлдейді.
Таралуы. Көбінесе субтропикалық аймақтарда өсіріледі.
Дәрілік шикізаты ретінде жапырағы пайдаланылады. Оны маусым кезінде бірнеше рет қолмен үзіп жинап алады. Ереже бойынша ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz