Ісіктер.Сипаттамасы және жіктелуі


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ветеринария факультеті

Биологиялық қауіпсіздік кафедрасы

Ісіктер. Сипаттамасы және жіктелуі тақырыбына орындалған

СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС

Орындаған:

Тобы:

Өткізген күні:

Тексерген:

Тексерген күні:

Оқытушының қолы:

Бағасы:

Алматы, 2017

Жоспары:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Ісіктің жіктелуі, этиологиясы

2. 2. Ісіктердің макроскопиясы мен микроскопиясы

2. 3. Әр түрлі жануарлардағы ісіктің патморфологиясы.

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе

Ағзаның ұлпаларының әдеттегіден тыс өсуін ісік деп атайды. Ісіктерді зерттеумен онкология(onkos - ісік) деген ғылым айналысады. Ісікті латынша tumor neoplasmа, blastoma, oncos деп атайды. Ағзаның басқа ұлпаларының өсуімен сай келмейтін, соңында атрофияға немесе айналасындағы ұлпаларды бүлінуге алып келіп, торшаның шексіз өсіп-өнуі ісіктің өсу негізіне жатады. Ағзаның басқа торшаларынан ерекшеленетін, ісік торшалары жаңа, ерекше морфологиялық және функционалдық қасиеттерге ие болады.

Ісіктер өте кең таралған, олар кез келген ағзаның, кез келген мүшесінен пайда болуы мүмкін. Ісіктер үй және ауыл шаруашылық жануарларының ішінде иттерде, жылқыларды, ірі қара малда, мысықтарда, шошқаларда, тауықтарда, қой мен ешкілерде кездеседі. Ісіктің кейбір ерекшеліктері үй жануарларында сипатталады. Мысалы, эпителиалды ұлпаның ісігі, жиі иттерде, және өте сирек шошқаларда кездеседі.

Ісіктер ағза торшасының кез келген мүшесінен пайда болады. Осылайша пайда болған ісіктердің бастамасы ісіктердің өсуіне ұласады. Ісіктің өсуі тез немесе баяу жүруі мүмкін. Олардың кей біреулері белгілі бір көлемге жеткен соң өсуін баяулатады. Қатерлі ісіктер өте тез өседі, және олардың торшаларының жайылуы жануар өлімімен аяқталады.

Ісіктің өсуі 2 формаға бөлінеді: экспансивтік және инфильтративтік. Экспансивті өсуде, ісік, айналасындағы ұлпаларды ығыстырады. Олар анық көрінген шекраға, ал кейде, капсулаға ие болады, сол себепті олардың кетуі оңай. Экспансивті өсу қатерсіз, жетілген ісіктерге тән.

Инфильтративтік өсуде ісік торшалары, торшалар аралығындағы ұлпа айналасында өседі, олар метастаздар(туындаушы ошақтар) қалыптастыруда қан мен сөл тамырларына және қан мен сөл арқылы ағзаның әр түрлі бөлігіне енуге қабілетті.

Ісіктердің көрінісі әртүрлі. Ісік домалақ, емізікше, саңырауқұлақ тәрізді және ағаш тәрізді формаларға ие, ал беткейі тегіс, кедір-бұдырлы болуы мүмкін. Ісіктің кейбір тілімдері балық етіне ұқсас (саркомалар), ал басқалары - талшықты құрылым (фибромдар), үшіншілері әртүрлі үлкен көлемдегі шұңқырға (кистоаденомдар) айналады. Тері ісігі саңырауқұлақ тәріздес. Терінің бетінде пайда бола, олар талшық тәрізді немесе түсті қырыққабат (қарашық ісіктер) кескініне келуі мүмкін.

Ісіктердің мөлшері микроскопиялықтан өте үлкен көлемге дейін өзгеріп отырады. Сиырдың аналығында 170 кг салмақты ісік сипатталған. Ісіктер аздаған сантиметрден диаметрге және аздаған граммнан бірнеше килограммға дейінгі көлемде кездеседі. Ісіктер бірден және бірнешеден болуы мүмкін. Көпшілік жағдайда ісіктер мүшеде түйіндер түрінде, бірақ, кейде ісік ошақтары бірден бірнеше мүшеде дами алады.

Сондай-ақ, ісіктердің консистенциясы, әртүрлі және тығыздан жұмсаққа және желетәрізді болады. Ол торшадағы ісік түріне, строманың, тамырлардың өсу дәрежесіне, сонымен қатар, екіншілік дистрофиялық үрдістерге байланысты. Сүйек және шеміршек ұлпаларында болатын, остеомдар, хондромдар, аралас ісіктер - қатты. Тамырлы ісіктер, липомдар, миксомдар, аденом және т. б. - жұмсақ. Ісікті тілген кезде сұйықтыққа немесе шырышқа толы шұңқырды, сонымен қатар, шашылыңқы массадағы аумақтар - некроздардыбайқауға болады. Әдетте, ісік айналасындағы ұлпалардан ақ, сұр немесе сарғыш түспен ерекшеленеді. Ісіктің түсі ісінген ұлпа түріне және тамырлардың өсу дәрежесіне байланысты.

ІІ. Негізгі бөлім

Гистологиялық кез келген ісік паренхима мен стромадан тұрады. Ісіктің паренхимасы ұлпаға сәйкес дамиды. Жоғары торшалы ұлпада - қатерсіз, жетілген, гомологиялық, гомотиптік деп атайды. Егер ұлпаның ісігі жетілген ағза ұлпасының әлсіз торшалы ұлпаларынан бөлек жинақталса, онда қатерлі, жетілмеген, гетерологиялық, гетеротиптік деп аталынады.

Ісіктің стромасы дәнекер ұлпасында дамиды. Онда қантамырлы, сөл тамырлары және жүйке өтеді. Әртүрлі ісіктерде строма мен паренхиманың қатынасы әр түрлі. Строма мен паренхимада жақсы көрінген ісіктерді органоидты(мысалы, эпителиалды ісіктер) деп атайды. Стромасы әлсіз көрінген ісікті гистоидты деп саналады.

Барлық ісіктер клиникалық белгілері бойынша екі үлкен топқа бөлінеді: қатерлі және қатерсіз ісік болып.

Қатерсіз ісіктер(өсіп жетілген)

  • Айналасындағы ұлпаға еніп, оны зақымдап, инфильтрациялық трде өседі;
  • Қуысты мүшелерде эндофитті(мүшенің қабырғасына) өседі;
  • Ылғи жылдам өседі;
  • Метастаздарды жиі береді;
  • Ұлпалық атипизм, сонымен қатар ісік паренхимасы торшаларының атиптігі мен полиморфизмі тән(бір - бірінен және қалыпты торшалардан орналасуымен, көлемімен, пішінімен және боялу дәрежесімен ерекшеленеді) ;
  • Ісік паренхимасына митоздық белсенділік және некроз аймағының болуы тән.

Қатерлі ісіктер(өсіп жетілмеген)

  • Айналасындағы ұлпаны ығыстырып, қысып, экспансиялық түрде өседі;
  • Шекарасы айқын;
  • Қуысты мүшелерде экзофитті (қуысқа қарай) өседі;
  • Басым көп жағдайда баяу өседі;
  • Метастаздарды бермейді;
  • Лпалық атипизм тән, алайда ісік паренхимасы торшаларының атиптігі мен полиморфизмі жоқ;
  • Ісік паренхимасына нормадан аспайтын митоздық белсенділік тән.

Ісінген торшалар электронды микроскопта жаңа құрылымдық ерекшеліктерге ие болады: цитоплазмада митохондрия аз, кейде олар қысқарады және көпіршіктенеді. Эндоплазмалық тордың құрылымы кішірейген. Рибосома және ірі ядро үлкейеді.

Ісіктердің жіктелуі

Бастапқы ұлпалар мен торшалар
Қатерсіз(жетілген)
Қатерлі(жетілмеген)
Бастапқы ұлпалар мен торшалар: Эпителий ұлпасы
Бастапқы ұлпалар мен торшалар: Жапқыш эпителий
Қатерсіз(жетілген): Папиллома(сүйел)
Қатерлі(жетілмеген): карцинома - негізгі торшалық рак, жалпақторшалы рак (мүйізденген)
Бастапқы ұлпалар мен торшалар: Безді эпителий
Қатерсіз(жетілген): Аденома
Қатерлі(жетілмеген): аденокарцинома - рак
3. Дәнекер ұлпасы
3. Дәнекер ұлпасы: фиброздық
фиброма
фибросаркома
3. Дәнекер ұлпасы: шырышты
миксома
миксосаркома
3. Дәнекер ұлпасы: майлы
липома
Липосаркома
3. Дәнекер ұлпасы: шеміршекті
хондрома
Хондросаркома
3. Дәнекер ұлпасы: сүйекті
остеома
Остеосаркома
3. Дәнекер ұлпасы: қантамырлы
ангиома
ангиосаркома,
3. Дәнекер ұлпасы: Бұлшық ет ұлпасы
3. Дәнекер ұлпасы: Жұмсақ бұлшықет
Миома
Миосаркома
3. Дәнекер ұлпасы: Көлденең- жолақты бұлшықет
Лейомима неврофиброма
Леомиомаркома рабдомиосаркома
3. Дәнекер ұлпасы: 4. Жүйке ұлпасы
3. Дәнекер ұлпасы: Жүйке торшалары
Ганглиоцитома
Ганглиоцитобластома
3. Дәнекер ұлпасы: Глия
Глиома
Глиобластома
3. Дәнекер ұлпасы: Жүйке
Неврофиброма
Неврофибросаркома
3. Дәнекер ұлпасы: Пигментті клеткалар
меланома
меланобластома
3. Дәнекер ұлпасы: 5. Аралас ұлпалар, аралас ісіктер
3. Дәнекер ұлпасы: Бірнеше ұлпалар
тератома
тератобластома

Эпителий ісіктері

  • Эпителий ісіктерінің стромасы мен паренхимасы арасында аййқын байқалатын шекарасы болады;
  • Қатерсіз эпителий ісіктері қатерленуі мүмкін.

Қатерсіз эпителий ісіктері

Папиллома (лат. раріІІа - бүртік, сүйел) . Көп қабатты жалпақ және ауыспалы эпителийден туындайтын қатерсіз ісік. Ол көбіне теріде, ауыз қуысында, өңеште, несеп және тыныс алу жолдарында өседі. Ірі қара малдың қарыны мен желінінде жиі пайда болады. Макроскопиясы папиллома бүртікті ісік, жалпақ немесе жіңішке, консистенциясы қатты және жұмсақ болып келеді. Бұған экспансиялық өсу тән.

Аденома (гр. Аdenos - без ) - без эпителийінен өсетін қатерсіз ісік. Кез- келген безден пайда болады. Бұл ісікке ұлпалық атипизм мен экспансиялық өсу тән. Паренхимасы бір қабатты куб немесе цилиндрлік эпителийден, ал стромасы қан тамырлары бар дәнекер ұлпадан тұрады.

Жалпақ безді эпителиден туындайтын қатерлі ісіктерді карцинома деп атайды. Карцинома екіге бөлінеді:

  1. жалпақ торшалы карцинома:

а) жалпақ торшалы күстенетін

б) жалпақ торшалы күстенбейтін

2) аденокарцинома.

Карциноманың паренимасы эпители торшаларынан, ал стромасы дәнекер ұлпадан құралған. Паренима мен строманың ара қатынасына қарай карцинома жұмсақ және қатты карцинома болып ажыратылады. Жұмсақ карциномада паренима стромадан басым, сал скиррде стромасы мол, ал паренимасы шамалы болады.

Қатерсіз дәнекер ұлпа ісіктері

Фиброма - талшықты дәнекер ұлпасының қатерсіз ісік түрі. Сүтқоректілер мен құстарда кездеседі. Теріде, тері асты қабатында, клегейлі қабатта, асқазан - ішек жолдарында яғни дәнекер ұлпасы бар жерлерде өседі. Бұл ісікті жатырда, сүт бездеріннен, лимфа түйіндерінен кездестіруге болады.

Липома - май ұлпасының жетілген ісігі. Кілегейлі қабық пен тері астында кездеседі. Макроскопиясы: домалақ пішінді. Жіңішке немесе қалың болады. Мөлшері үлкен немесе кіші.

Кеңінен тараған. Бұны жылқыдан, сиырдан, иттен және құстан кездестіреміз.

Қатерлі дәнекер ұлпа ісіктері

Саркома( гр. Sarcos - балық еті ) - мезенималық ұлпадан туындайтын қатерлі ісік. Өсуі инфильтрациялық . Саркоманы құрайтын торшалардың морфологиясына қарай домалақ торшалы, ұршық тәрізді және полиморфты торшалы саркома деп бөледі.

Ісік организмге жергілікті және жалпы әсер етеді.

Жергілікті әсері: қатерсіз ісік маңындағы ұлпаны қысып жаншиды. Қатерлі ісік оны бүлдіріп, қызметін бұзады.

Жалпы әсері: зат алмасу процесі бұзылады, қандағы ферменттердің күші, нәруыздар мен липидтердің мөлшері азаяды, эритроциттердің шөгу жылдамдығы күшейеді, қандағы саны кемиді. Ісік торшалары амин қышқылдарын, витаминдерді, глкозаны шамадан тыс мол пайдаланады, нәруыздың, көмірсудың толық ыдырап бітеген өнімдері қанға сіңеді. Нәтижесінде мал арықтап азады(кахексия) . Ісік торшаларының антигендік әсерінен трансплантаттық иммунитетке тән иммундық - морфологиялық өзгерістер туады. Ісік стромасында Т және В лимфоциттер, плазмоциттер, макрофагтар жиналады. Иммундық өзгерістер күшті болса ісіктің дамуы баяулайды, керісінше, қарама - қарсы жағдайда шапшаңдайды. Ісік дамуының алғашқы сатысында антигендік түрткіге байланысты өзгерістер өрбиді: лимфа фолликулдары және олардың көбею орталықтары үлкейеді, синустарда ретикулоциттер, гистиоциттер көбейіп кетеді. Алайда иммундық реакциялар ісіктің өсуіне кедергі бола алмайды.

Ісік морфогенезі. Ісіктердің морфологиялық дамуы ісікалды өзгерістер, ісіктің туындауы және ісіктің өсуі кезеңдерінен тұрады.

Ісікалды өзгерістерге созылмалы қаббыну ошақтары, регенерация барысының бұзылуы, ұзақ мерзімді ойылымдар жатады. Осы процестерге байланысты гиперплазия және дисплазия ошақтары пайда болады. Дисплазия(грек. Dys - бұзылу, plasis- кемелдену) деп торшаның көбею, өсіп- жетілу барысының бұзылуы салдарынан туындайтын торша құрылымындағы ауытқуды айтады.

Ісіктің дамуы мынадайй процестерден өтеді:

А) регенерациялық процестің бұзылуы;

Ә) гиперплазия мен дисплазиялық ісікалды өзгерістер;

Б) көбеші торшаларда ісікке тән қасиеттердің пайда болуы;

В) ісік бастамасының туындауы;

Г) ісіктің демелі өсу кезеңі.

Ісіктің этиологиясы

Ісіктердің шығу тегіне деген көзқарастар негізгі 4 теорияға сәйкес келуі мүмкін: вирусогенетикалық, физико-химиялық, дисонтогенетикалық, полиэтиологиялық.

1. Бұдан ертерек, ісіктің өсуінің даму туралы Р. Вирховтың тітіркену теориясы болып табылады. Ісіктің пайда болу орнынан әсер ету ұзақтығы, оның бақылау негізі болып табылады(жарақат, күйік және басқа) . Сондай-ақ, іш терісінің рагы Кашимир(Үндістан) тұрғындарында жиі кездеседі, тау беткейлерінде тұратындар, жылу үшін іштерінде қатты қыздырылған көмір құмыраларын алып жүреді. Тұрақты түрдегі күйдіру ісіктегі тері торшасының трансформациясын тудырады.

Гоеграфиялық патологияның ерекшелігі шырышты ауыз қуысы рагының жоғары жиілігі Үндістанда, шайнау үрдісінде бетельдің жапырағы, сөндірілген әктастың қосылуы болып табылады.

2. Кейінірек ісіктің шығуына тағы бір гипотеза ұсынылды: Конгеймнің "эмбриональды ұрық теориясы", ісіктің шығу көзіне сәйкес торшаның және ұлпаның эмбриональды кезеңінің өзгеруіне аномальды қызмет жасайды.

3. 1911 жылы ісіктің шығу тегіне вирустық теория ұсынылды, осы ауру бойынша құс ұлпасынан алынған тауықтарда торшасыз фильтраттар енгізгеннен кейін саркома пайда болды. Бұл тәжірибелер, бластомогенді вирустар жануарлардағы қатерлі ісіктің пайда болуын анықтайтынын дәлелдеді. Ұзақ уақыт ағымында бұл теория ғалымдардыңназарын өзіне аудара алмады және Роус(теорияның негізін салушы) Нобель сыйлығын өзінің ашылуынан кейін 55 жыл өтіп қана, 1965жылы алды. Тек 1951 жылы тышқандағы вирус лейкозын тапты, және кейінгі жылдары басқа жануарлардан(мысық, иттер, ірі қара мал) . Роустың вирус саркомасы тәжірибеде тышқандардың, атжалмандардың, теңіз шошқаларының және маймылдың ісігін шақырады. Бластомогенді - онкорнавирустар, онкогенді деген сөзінен шыққан, РНҚ-ны құрайтын вирустарды деп атайды. 4. Иониздаушы радиация, қатерлі ісіктің өсуінің себебі ретінде 19 ғасырдың 54 басында-ақ мәлім болған. 1910 жылы индукцияланған ісіктерді тәжірибеде Рентген сәулелерімен байқаған.

5. Экзогенді бластомогенді заттар, ісіктердің пайда болуына себепші. 1918 жылы жапон ғалымдары Ямагава мен Ишикава тәжірибеде қоянның құлағын тасты көмірлі қара маймен жуғанда рак алған. Кейінірек, азықтарда тасты көмірдің қалдықтарын және көмірсудың полициклді мұнайы(антрацен, бензпирен, метилхолантрен) қатысуымен, канцерогедермен, қазіргі уақытта 500- ге жуық бөлінген.

6. Эндогенді бластомогенді заттар, қатерлі ісіктің кеңінен тараған түрі. Бұл заттардың көпшілігі ағзада зат алмасу барысында жиналады, бір бөлігі стериндерге, ал басқалары - аминқышқылды заттардың ыдырауы. Метионин алмасуының бұзылуы бауыр рагының пайда болуына әкеліп соғады.

Нуклеин қышқылдары торшада негізгі реттеуші функциясын атқарады, ақуыз синтезінің ағымын анықтап, аномальды нуклеин қышқылдарының даму үрдісін бұзуы мүмкін, ақуыздың биосентезін, осымен, торшаның құрамында қайтымсыз өзгеріс және канцерогенезге бастама беруі мүмкін.

Ісіктің дамуына гормональды бұзылулар, әсіресе, жыныста, аналық жыныс безінде, сүт бездерінде және эндокриндік ағзаларда ісіктің пайда болуы мүмкін.

7. Ісіктің пайда болуының генетикалық теориясы тұқым қуалаушылық қабілетіне негізделген, ауруға бейімделушілік, қатерлі ісіктермен байланысты. Тәжірибе жүзінде, тышқанның тұқымдарына шағылыстыру жолымен алып тастау, басым көпшілігі өздігінен сүт бездері рагымен ауырды, сондай-ақ тышқандардың ісінген басқа тұқымдарында пайда болмады(тышқандардағы жоғары және төменгі рактік сызық) .

Қазір қатаң орнатылған, тұқым қуалаушылықпен тек бейімделушілік тұрақсыз ақуыз алмасуына және торшалардың үлкен сезімдік әсеріне - экзогендік және эндогендік канцерогендік факторларға, ал хромосомалық өзгерушілік ісінген торшаларда екіншілік және ісінген торшалардың белгілерінің берілуін анықтамайды.

Ісік гистогенезі белгілі бір ісіктің жаратылысын, яғниқандай ұлпадан паййда болғандығын анықтау. «Ісіктің гистогенезі» және «ісіктің гистологиялық құрылымы» деген ұғымдардың мағынасы бірдей емес. Ісік құрылымы жағынан белгілі бір ұлпаға ұқсағанымен, ісік сол ұлпадан емес басқа ұлпадан пайда болуы мүмкін. Бұл морфологиялық катаплазия деңгейін сипаттайтын ісік торшалары құрылымындағы өзгерістерге байланысты. Ісік гистогенезі ісік торшаларын және ісік паййда болған мүше торшаларын онтогенездің р сатысында морфологиялық тұрғыдан салыстыру арқылы анықталады.

Кемелденген ісік гистогенезі: бұл ісіктің қрылымы пайда болған мүшеге ұқсас.

Кемелденбеген қатерлі ісікті анықтау қиын.

4. Әр түрлі жануарлардағы ісіктердің патологиялық морфологиясы Жылқыларда. Ісіктер жылқыларда жиі болмайды. Мелоногенді жүйенің (меланомалар және меланобластомалар) қарапайым ісіктері сұр түсті кәрі жылқыларда жиі кездеседі, оның гистогенезі әлі күнге дейін анықталмаған. Бұл қауіпті және қауіпсіз пигментті ісіктер аналь тесігінің, кеуде және құрсақ қуыстарының, плевра, шажырақай және көкшандыр терілерінің маңайында, жұлынның қабықшасында орналасады. Кәрі биелерде қауіпті меланомалар ісікті жараға айналдыратын, түйінді, диаметрі 100 мм-ге дейін, ірі болатын меланомалар сыртқы жыныс аумақтарында орналасады. Сұр жылқыларда меланобластоманың жиілігі оларды тұқым қуалайтын ауру болып табылады.

Ірі қара малдар. Бұл жануар түрінде кең тараған ісік ол лейкоз болып табылады. Лейкоз - қан және лимфоидті ұлпаның ісікті зақымдалуы, ол ірі қара малдардың 70%-да кездеседі. Көлемі әр түрлі сүйелдер терінің біраз аумақтарына таралады (бас, желін аралығы) . Олар қанап, жарақаттандырулары мүмкін, сонымен қатар жануарларды жарамсыз қылуларыда мүмкін.

Қойлар . Ең кең тараған ісік -, жі қойлардың өкпе аеномасының ісігі түрінде сипатталады. Әдетте, ісік үрдісі альвеолаларды және бронхтарды, жиі өкпенің диаврагмальді бөліктерінің дорсальді аймақтарын қамтиды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қатерлі ісік эпидемиялогиясы
Амилоидоз (мәні, себептері, амилоидозды анықтау әдістері)
Ішкі секрециялық бездер жайлы мәлімет
Сүт безінің анатомиялық ерекшеліктері
Зақым (альтерация). Дистрофия. Морфогенездік механизмдері
ІШКІ АУРУЛАР ПӘНІНЕН ЕМДЕУ ІСІ МАМАНДЫҒЫ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Патологиялық анатомия лекция кітапшасы
Стресс.Этиологиясы,жіктелуі,кезеңдері, даму механизмі және патогенезі
Жүктілік кезінде гипертензиялық бұзылыстар
Домбығу және стресс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz