Пішетін малдың жасы, уақыты, орыны жне пішуге даярлау



Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
Анықтама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...2 бет
І. Кіріспе
1.1. Пішу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-4 бет
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Еркек малды пішу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5-7 бет
2.2. Пішетін малдың жасы, уақыты, орыны жне пішуге даярлау ережесі ... .8 бет
2.3. Қансыз пішу әдісі, перкутарлық пішу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9 бет
2.4. Төбеттерді пішу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10 бет
2.5. Ұрғашы малды пішу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11 бет
2.6. Ұрғашы иттерді пішу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11 бет
2.7. Еркек малды пішкеннен кейін тікелей болатын шиеленісулер ... ... ... ...12 бет
2.8. Аналық малды пішкеннен кейін болатын шиеленісулер ... ... ... ... ... ... 13-14 бет
3. Техника қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15-16 бет
Қосымша суреттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17-18 бет
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19 бет
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20 бет

Анықтама

Пішу - жыныс бездерінің қызметін жасанды түрде тоқтату.
Қансыз (перкутарлық) әдіс ен бауын механикалық әсермен пішу.
Қан ағу біріншілік -пішіп жатқанда, екіншілік пішкенен соң кішкене уақыттан кейін қанағу .
Орхидектомия- еркек малдың жыныс бездерін толық алып тастау.
Овариэктомия - ұрғашы малдың жыныс бездерін толық алып тастау.

І. Кіріспе
Мемлекетіміздің мал шаруашылығын, оның ішінде -мал, құс және басқа жануарлардан өнім алуды дамыта отырып, елімізде қажетті азық-түлік, өндіріске керекті шикізаттар алу үшін жануарларды тиімді пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Сондықтан да жедел ветеринарлық жәрдемнің тез көрсетілуінің, мамандардың қажетті жабдықтармен және ауру мал мен жануардың организміне әсер ететін дәрілермен қамтамасыз етілуінің маңызы зор. Алғашқы жедел ветеринарлық көмек басқа да ветеринария жұмыстармен қоса мал дәрігерлік емдеу ісінің негізін қалайды. Алғашқы ветеринарлық жедел жәрдем мал тұрған жерде көрсетіледі; ветеринарлық мекемеге әкелінген мал мен жануарларға күрделі оперативтік ем қажет болған кезде емдеу мекемесінде стационар жағдайында жәрдем жасалады.
Пішу - жыныс бездерінің қызметін жасанды түрде тоқтатуы. Оны әртүрлі әдістермен жүзеге асырады. Көбінесе пішу арқылы жыныс бездерін кесіп алып тастайды. Еркектерде жыныс бездердің қанмен қамтамасыздығын және иннерациясын бұзу операциялық тәсілдерді қолданумен жүзеге асырылады. Жыныс бездерінің функциясын басқа да тәсілдерді қолданып тоқтатуы мүмкін. Мысалы, радиоактивтілік сәулененудің, химиялық және гормондық дәрілерді қолдану арқылы.
Хирургиялық операциямен пішудің үлкен шаруашылық маңызы бар. Пішілген малдың организмінде заттар алмасуына терең өзгерістер шақырады және осыған орай оның дамуында морфлогиялық ерекшеліктер байқалады. Пішілген мал жақсы бордақыланады, олардың еті жұмсақ, қымбаттырақ болады, еркектерде болатын арнайы ерекше жағымсыз иістен және дәмнен тазалананып, жүннің сапсы жақсарады. Жұмысшы малдар жегуге көбірек шыдамды келеді.
Жыныс бездері толық алынғанда, еркек малда оны орхидектомия (грек. Orchis - жұмыртқалық, ectome - алып тастау ) ал ұрғашыларда - овариэктомия (лат. Ovarium - - аналық без) деп атайды.
Пішудегі көрсетулер мен қарсы дәлелдер. Көбінесе асылтұқымды емес және жұмысқа пайдаланатын жануарларды пішуге жібереді.
Еркектерді емдеу көрсеткіштерімен интраагинальдық жарықтарда, ұмалардың меаникалық қирауында, көп уақытқа созылған қабынуда, жалпы қынап қабықтың шемен пайда болған түрлерінде, ен бауының күретамырларының варикозды кеңейуінде, ісіктерде пішеді. Сиырларды бордақылануын жақсарту үшін және емдеуге келмейтін бедеулікке апаратын аналық бездердің ауруларында пішеді.
Пішуді шаруашылықта жұқпалы ауруға қарсы (топалаң, эмкар, тілме т.б. ) профилактикалық шаралардың басталуынан немесе аяқталуынан 2 аптадан кейін пішуді кешіктірмей жоспарлайды.

ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Еркек малды пішу
Анатомо - топографиялық деректері. Шаптық канал(canalis inquinalis)- сыртқы (тері астындағы) және ішкі (құрсақтық) екі шаптық сақинасы бар, құрсақтың қиғаш бұлшықеттерімен құрастырылған, құрсақтың вентральдық қабырғасындағы орналасқан май құйғыш тәрізді саңылау (айғырда ұзындығы 10- 12 см).
Ең ұзын шап каналы бұқаларға, ең ұзын шап сақиналар айғырларда болады. Үй қояндарында шаптық канал өте кең болады. Шаптық канал ішінде құрсақ пердесінің париенталдық өсіндісі төселіп қынаптық канал(canalis vaginalis) құрайды. Ұма шеттерінде қынаптық канал кеңейіп және жалпы қынаптық қабық қуысына (cavum vaginalis) өтеді. Қынаптық каналда, шаптық сақиналарға лайықты келетін сыртқы және ішкі қынаптық сақиналары болады. Қынаптық каналдан басқа, шаптық каналда сыртқы Семенниковый көтергіші, сыртқы күре тамыр артериялары ,сыртқы еркек безінің жүйке бұтақтары және лимфа тамырлары, айғырларда қосымша шаптық лимфа түйіндері болады.
Еркек безінің қабы - күйіс қайтаратындарда және тақтұяқтыларда сандарының арасында, ал қалған малдарда анусқа жақын маңда орналасады. Ол қос қуыстың - ұмадан, еркек бездің қос сыртқы көтергіші және қос жалпы қынаптық қабықтан түзіледі.
1. Ұманың терісі ең жуан бұқаларда, онда терлік және май бездері орналасады.
2. Бұлшық ет - серпімді қабық терімен тығыз қосылған. Онда бұшық ет шоқтары мен серпімді талшықтар көбірек орналасады. Ортаңғы сызықта қалыңдап, ұманы екі қуысқа бөледі.
3. Ұманың фасциясы бұқаларда және қабандарда дамыған, жалпы қынаптықпен болбыр ал алдыңғы қабатпен берік байланған.
Ұма төмендегідей қабаттардан тұрады:
4. Жалпы қынаптық қабық іш пердесінің париенталдық және көлденең фасциясының өсіндісі, ұманың әрбір жартысында төселіп, жалпы қынаптық қабық қуысын құрайды. Қабықтың латеральдық жағында, сыртқы еркек безді көтергіші орналасқан. Қабанда, айғырда, бұқада жақсы дамыған.
Еркек бездің арнайы қынаптық қабығы еркек безді, қосалқыны және ен бауын жабады. Ашық пішу тәсілінде оны тіліп жарады.

Төбеттің жыныс мүшесінің құрылысы

Еркек без сыртынан арнайы қынаптық қабықпен жабылған. Арнайы қынаптық қабық белоктық қабықпен байланысқан. Еркек безінің бас жағынан ішіне қарай тамырлар кетеді, одан трабекулдар тарайды. Трабекулдар бездік элементтермен толтырылған камераларды құрады, онда жыныс клеткалары спермилер және андрогендік гармон тестостерон өндіріледі.
Қосалқы күйіс қайырушыларда ол еркек бездің каудальдық жағына , ал айғырларда, қабандарда, төбеттерде және еркек мысықтарда дорсолатеральдық беткейде орналасқан. Оның басы, денесі және құйрығы болады.
Ен бауы сырттан висцеральдық бүрмесімен жабылған, ол еркек бездің іш майына айналып сол арқылы жалпы қынаптық қабықпен қосылады. Оның құрамында :
А) ішкі тұқымдық артерия - құрсақ аортасынан бөлініп шығады.
Б) ұрық өткізгіштің артериясы - кіндік тамырынан бөлініп, ен бауының құрамындағы ұрық өткізгішпен жүреді.
В) ішкі ен көтергіш - тегіс бұлшықет талшықтарынан түзіледі, олар ен бауын болай белоктық қабықта жойылады.
Г) ішкі ен өрімі - каудалдық іш май түйінінің постганглионарлық талшықтарынан құрылады.
Д) Лимфа тамырлары еннен және қосалқыдан басталып , лимфа түйіндеріне құйылады.
Е) ұрықөткізгіш- қосалқы каналының жалғасы, оның құйрығынан шығады.
Ұманың жүйкеленуі және қанмен қамтамасыз етуі.Ұма және ұма көтергіш сыртқы еннің және жыныс тамырлар арқылы қанмен жабдықталады.

Жалпы қынаптық қабық

2.2. Пішетін малдың жасы, уақыты, орны және оны пішуге даярлау ережесі
Малды кез - келген жаста пішуге болады, бірақ өнім шығатын малды белгілі бір мезгілде пішеді.
Еркек малды түріне, тұқымына, тез жетілуіне, пішу мақсаттары және орындалатын операцияның тәсіліне тәуелді оларды әртүрлі жасында пішуге болады. Жұмысқа пайдаланатын айғырларды 5 жастан асқан мезгілде пішеді, оны азу тістері шыққаннан кейін анықтайды. Ал етке арналған малдарды пішудің қажеті жоқ. Одан ерте уақытта пішкен малдың еркек жыныс гармондары төмендеп , конституциясы толық жетілмейді. Бордақылауға арналған бұқаларды Қазақстаның оңтүстік аймақтарында көбінесе пішпейді, себебі олар тез жетіліп 1,5-2 жылда толық 400 кг дейін салмақ жинап алады. Республикамыздың солтүстіктерінде кешірек жетілген себептен бұқаларды пішкен дұрыс болады.
Пішер алдында малды азықтандырмайды, ал операция алдында ішегін және қуығын тазартады. Ірі малды ашық, кең жерге шығарып пішеді.
Еркек малды пішудің екі тәсілі қолданылады:
1) Қанды
2) Қансыз
Бұл тәсілдерді жүзеге асыру операция жасалатын малға, шаруашылық жағдайына, мал дәрігерінің шеберлігіне, операция мақсатына және қолданылатын құралдарға да тікелей қатысты.
Қанды әдіспен пішу ең көп таралғаны. Бұл әдісте енді және қосалқыны толық алып тастайды. Ашық тәсілінде жалпы қынаптық қабын жарып, ұманы ашып оны қосалқысымен бірге алып тастайды. Жабық тәсілде жалпы қынаптық қабықты кеспейді, енді және қосалқыны жабатын жалпы қынаптық қабықпен бірге тіліп алады.
Жыныс бездерінің жартылай алып тастаудың мақсаты - шәует бөлінудің тоқтауы, еркек жыныс гармонының өндірілуін сақтау.

2.3. Қансыз пішу әдісі, перкутарлық пішу.
Өнімді малға ең көп қолданылатын пішу түрі. Ол екі тәсілден тұрады:
А) Ен бауының бүтіндігін перкутарлық бұзу
Б) Енді үзу
Ен бауының бүтіндігін перкутарлық бұзуға:
А) Ен бауының ұма мойын аумағынан, терісінің сыртынан арнайы қысқыш арқылы перкутарлық әдіспен мыжып жаншу немесе үзу арқылы. Ен бауын мыжып жаншығанда еннің қоректенуі бұзылып, одан кейін семеді.
Б) Эластрация - ен бауына икемді резеңке сақинасын салып қысу, ол жағдайда ен ұма мен бірге толық некрозға ұшырап денеден бөлінеді.
В) Крипторизмды жасанды жасау- енді қынаптық канал қуысына итеріп салу және оны қайтадан шықпау үшін . ұманың төменгі бөлігіне сақина салып бекіту.

Ен бауының бүтіндігін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еркек малды пішу
Малды қансыз пішу әдісі, перкутарлық пішу
Сиыр мен бұқаны пішу
Пішуден кейінгі қан ағуды емдеу
Жануарларды пішу жайында
Бұқаны пішу
Жануарларды пішу және оның жарақаттанудың алдын алудағы маңызы. Сиырдың жарақаттануы және оның алдын алу
Қанды әдіс
Жануарларды пішу техникасы
Жарамсыздыққа шығарылған қошқарларға кестіруді жүргізу техникасы
Пәндер