Мал шаруашылығы бойынша статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыру әдістемесі



Пән: Статистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ГИДРОТЕХНИКА, МЕЛИОРАЦИЯ ЖӘНЕ БИЗНЕС ФАКУЛЬТЕТІ

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ КАФЕДРАСЫ

экономикалық талдау және статистика
пәні бойынша студенттік өзіндік жұмысы №1

Орындаған: топ студенті
.

Тексерген

Алматы, 2017
Мазмұны:
І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 бет
ІІ. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2-8 бет
1. Мал шаруашылығы бойынша статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыру әдістемесі
2. Мал шаруашылығын дамытудағы стратегиялық жоспар, алдағы уақытта іске асырылатын шаралар
3. Батыс Қазақстан облысы бойынша мал шаруашылығы өнімдерін статистикалық зерттеу
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9 бет
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10 бет

І. Кіріспе
Қазақстан Респуликасындағы статистиканың ұйымдастырылуы Қазақстан Республикасының Статистика туралы заңымен анықталады. Бұл заңда Статистика Агенттігінің және оның салаларының негізгі қызметтері, міндеттері, мақсаттары және статистикалық органдардың құқықтары анықталады.
Мал шаруашылығы бойынша негізгі статистикалық көрсеткіштер. Мал шаруашылығы статистикасы ауыл шаруашылығы статистикасы бағыттарының бірі болып табылады, ол салада орын алатын үдерістерді бақылайды, тұтастай алғанда оның жекелеген ішкі салаларында және ауыл шаруашылығы өндірушілерінің санаттарындағы мал шаруашылығының даму деңгейін және серпінін айқындайды.
Мал шаруашылығы бойынша көрсеткіштерді қалыптастыру ауыл шаруашылығы өндірушілерінің жекелеген санаттары деңгейінде жүргізіледі, олардың өңірлер бөлінісіндегі қатарында ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, шаруа немесе фермер қожалықтары және жұртшылық шаруашылықтары, одан кейін деректер жалпы ел бойынша жекелеген көрсеткіштерге сәйкес деректерді алу үшін біріктіріледі.
Мал шаруашылығы статистикасы көрсеткіштерінің жүйесі көрсеткіштердің екі негізгі тобын құрайды:
* мал басы көрсеткіштері - есепті күнге ауыл шаруашылығы малдарының және құстың саны, олардың жыныстық-жастық құрамы, мал басының қозғалысы;
* мал шаруашылығы өнімдерін өндіру, соның ішінде ауыл шаруашылығы малдары өнімділігінің көрсеткіштері.
Статистика термині латын тілінің статус(статус) деген сөзінен шығып, заттың жағдайы, күйі дегенді білдіреді. Бұл сөздің түбірі stato (стато) - мемлекет және statista (статиста) - мемлекет білгірі деген сөздерінен кейінірек статистика сөзі пайда болды.
Статистика - бұл сандық көрсеткіштердің жиынтығы. Ол уақыт өткен сайын өзара байланыста әрқашан дамып, жетіліп, толығып отырады. Олай болса, оқыған, білімді адамдар сол көрсетілген сандық көрсеткіштерді оқи және түсіне білулері керек. Себебі, ондағы көрсетілген сандық көрсеткіштер арқылы мемлекетіміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму немесе кему процестерін толығымен көруге болады. Сонымен бірге статистикалық сандық көрсеткіштерді қолданып, оған талдау жасау арқылы болашаққа, яғни белгілі бір кезеңге болжам жасауға толық мүмкіндік туады. Демек, статистикада жай әншейін берілген құрғақ сандық көрсеткіштер емес, онда тек қана айқын, дәлелді, нақты сандық мәліметтер көрсетіледі.

Мал шаруашылығы бойынша статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыру әдістемесі
Мал шаруашылығы бойынша статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыру әдістемесі Мемлекеттік статистика туралы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады. Осы Әдістеме әкімшілік деректерді қолдана отырып, жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың шеңберіндегі барлық санаттардағы мал мен құстың басы және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру туралы жылдық және ағымдағы статистикалық деректерді қалыптастыруға арналған негізгі тәсілдерді айқындайды.
Әдістемені Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті және оның аумақтық органдары мал шаруашылығы бойынша статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыру кезінде қолданады.
Осы Әдістемеде Заңда айқындалған мәндердегі ұғымдар мен мынадай негізгі анықтамалар қолданылады:
1) адамдардың жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыруы ауыл шаруашылығына арналған жерлердi ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрумен, сондай-ақ осы өнiмдi ұқсатумен және өткiзумен тығыз байланысты еңбек бiрлестiгi шаруа немесе фермер қожалығы деп танылады;
2) ауылшаруашылық кәсіпорны - ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен, сақтаумен және қайта өңдеумен, ауыл шаруашылығы саласында қызмет көрсетумен айналысатын заңды тұлға немесе оның құрылымдық бөлімшесі;
3) ауыл шаруашылығы малдары мен құстарының саны - есепті күнге шаруашылықтарда бар тірі мал мен құстың саны;
4) жұртшылық шаруашылықтары - жеке қосалқы шаруашылықтар, ұжымдық бақтар мен бақшалар, саяжай телімдері. Жеке қосалқы
шаруашылық - қызметі ауылды жерде және қала маңындағы аймақта орналасқан жер телімдерін өз мұқтаждықтарын қанағаттандыруға бағытталған жұртшылық шаруашылығы;
5) мал мен құстың өнімділігі - малдың немесе құстың бір басына шаққандағы мал шаруашылығы өнімінің өндірісін сипаттайтын көрсеткіш;
6) мал мен құсты шаруашылықта сою немесе союға өткізу - тікелей шаруашылықта немесе қасапханада мал мен құсты етті өз қажеттіліктеріне пайдалану үшін, ұйымдарға, кәсіпорындарға және шаруашылықтың қызметкерлеріне, соның ішінде баспа-бас мәмілелер бойынша сату немесе беру үшін сою, сондай-ақ мал мен құсты базарларды қоса алғанда тамақтандыру желілері (асханалар, мейрамханалар, дәмханалар), сауда желісі арқылы даярлау ұйымдарына, өңдеу кәсіпорындарына союға сату, сондай-ақ экспортқа шығару;
7) мал шаруашылығының өнімін өндіру - ауыл шаруашылығы малдарын пайдалану нәтижесінде дайын өнім мен шикізат өндіру (сүт, жұмыртқа, жүн, тері және басқа), мал мен құстың барлық түрлерін шаруашылықта сою немесе союға өткізу, ара шаруашылығы және терісі бағалы аң шаруашылығы өнімдері;
Мал шаруашылығы
Мал басы. 2017 жылдың 1 қаңтарындағы статистикалық мәліметтерге сәйкес ауданда 71 мың 541 бас ірі қара, 211 мың 452 бас ұсақ мал, 26 мың 894 бас жылқы, 204 бас түйе тіркеліп отыр. Тиісінше 2016 жылдың 1 - ші қаңтарымен салыстырғанда мүйізді ірі қара 3,9 %, жылқы 12,9 %, ұсақ мал 1,6% өссе, түйе 12,1% азайып отыр.
Аналық малдан 23322 бас бұзау, 1108034 бас қозы лақ, 7356 бас құлын, 23 бас бота алынып , 2016 жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткішпен салыстырғанда ет өндіру 10,9 % - ға (1143), сүт өндіру 0,1 пайызға өсіп отыр.
Жылма жыл шаруа қожалықтарда ауыл шаруашылық малдардың үлесі артуда. 2015 жылдың 1- ші қаңтарында мүйізді ірі қараның 52,4% , ұсақ малдың 49,1 %,жылқының 71,1%, түйенің 57,7 %, ауыл шаруашылық құрылымдарда шоғырланған болса, 2017 жылы бұл көрсеткіш ІҚМ 57,8%, ұсақ мал 51,1 %, жылқы 72,3%, түйе 72,1 %, жетіп отыр.
Малды асылдандыру. Ауданда 2014 жылы ірі қара малдың қазақтың ақбас тұқымын өсіретін 5 шаруашылық (Сабит, Дөңгелек, Атамұра,Ернұр - Ж., Аманер ) болса, күні бүгінге олардын саны 22 ге жетіп 4 есеге өтіп отыр.

Мал шаруащылығы өнімінің пайыздық көрсеткішінің алдыңғы жылмен салыстырғанда төмен түсуі немесе бір орнында өзгеріссіз қалуының негізгі себептері: мал шаруашылығы өнімінің үлкен үлесі халықтың жеке қосалқы шаруашылықтарында өндірілетініне байланысты мал шаруашылығы саласы жануарлардың төмен генетикалық әлеуеті, күтіп-бағудың заманауи технологияларының және басқа технологиялардың аз қолданылуы сияқты сипаттамаларға ие, бұл төмен өнімділікке және өнімнің төмен сапасына әкеліп соғады, ішкі нарықтағы артып отырған сұранысты қамтымай, мал шаруашылығы өнімінің өзіндік құнының жоғары болуына және бәсекеге қабілеттіліктің төмендеуіне апарады, импортқа тәуелділіктің қалыптасуына алып келеді.
Мал шаруашылығын дамытудағы стратегиялық жоспар бойынша алдағы уақытта іске асырылатын шаралар.
Мал шаруашылығы саласын дамыту және тауар өндірушілерді өндірісін технологиялық жаңғыртуға ынталандыру, сондай-ақ өндірілген мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі мен сапасын арттыру мақсатында мал шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді мемлекеттік қолдауды жалғастыру ұсынылады. Мемлекеттік қолдау ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің (игілік алушылардың) мал шаруашылығы өнімдерін өндіруге жұмсалатын шығындарын өтеуге бағытталатын болады.
Асыл тұқымды малдардың үлес салмағын арттыру және ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділік сапасын ұлғайту мақсатында тауар өндірушілердің асыл тұқымды материал (малдар, тұқымдар және эмбриондар) сатып алу бойынша шығындарын өтеу жалғастырылатын және ауыл шаруашылығы жануарларының сапалық құрамы мен тұқымдық сапаларын жақсартумен айналысатын тауар өндірушілерге асыл тұқымды аналық басты және асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу бойынша, сондай-ақ селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу бойынша шығындарын субсидиялау түрінде қолдау көрсетілетін болады.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау қой шаруашылығын, жылқы шаруашылығын, түйе шаруашылығын және құс шаруашылығын дамытуға да таралатын болады, бұл ауыл шаруашылығы жануарларының жалпы табынындағы асыл тұқымды мал басының үлесін ұлғайту үшін жағдай жасайды және олардың өнімділігін арттырады.

Батыс Қазақстан облысы бойынша мал шаруашылығы өнімдерін статистикалық зерттеу
1-кесте

Облыс
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
БҚО
43063,9
53434,1
56698,2
57859,6
58719,4
65771,7
72868,4

Соңғы 5 жылдағы мәлімет негізінде орташа шаманы анықтау
x=2541985=50840
2010 жыл мен 2016 жыл аралығындағы мәліметтер негізінде мода мен медиананы анықтау.
Ме = 350696+12=175348,5
Медиана 2013 жылға сәйкес келеді.
Мо=43063,9+72868,4-43063,9*72868,4- 65771,772868,4-65771,7+72868,4-5871 9,4=52899,3

Нәтижені талдау:
1)Соңғы 5 жылдағы мәлімет бойынша орташа шама 50840 - қа тең.
2) Мода 2010 жыл мен 2016 жыл көрсеткіші бойынша 2011 жылға- 96498 сәйкес келеді.
Мал шаруашылығы саласында түйе, жылқы, қой шаруашылықтары дамып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызылорда облысы бойынша мал шаруашылығы өнімдерін статистикалық зерттеу
Шаруашылық аралық жерге орналастыру жобалары
Аймақтық экономиканын бәсекеге қабілеттілік деңгейін анықтау және бағалау
Қазір нағыз кооперацияға бірігуге қолайлы кезең
Қоршаған орта статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар
Аграрлық жоғары оқу орындарына сапа менеджмент жүйесін енгізу негізінде ауыл шаруашылығын білікті еңбек ресурстарымен қамтамасыз етуді жетілдіру
Шаруашылық аралық жерге орналастыру принциптері
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті несиелендіруді ұйымдастыру туралы ақпарат
Қарағанды облысы, Шет ауданы Ақжал кенті Ақжал кенті аппараты әкімшілігі
Барлық зерттелген шаруашылық
Пәндер