Қызылорда облысы бойынша мал шаруашылығы өнімдерін статистикалық зерттеу



Пән: Статистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ГИДРОТЕХНИКА, МЕЛИОРАЦИЯ ЖӘНЕ БИЗНЕС ФАКУЛЬТЕТІ

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ КАФЕДРАСЫ

экономикалық талдау және статистика
пәні бойынша студенттік өзіндік жұмысы №1

Орындаған

Тексерген

Алматы, 2017
Мазмұны:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Мал шаруашылығы бойынша статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыру әдістемесі
2. Мал шаруашылығын дамытудағы стратегиялық жоспар, алдағы уақытта іске асырылатын шаралар
3. Қызылорда облысы бойынша мал шаруашылығы өнімдерін статистикалық зерттеу
4. Қызылорда облысы 2017 жылы стратегиялық жоспар бойынша атқарылған жұмыстар нәтижесі
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе
Қазақстан Респуликасындағы статистиканың ұйымдастырылуы Қазақстан Республикасының Статистика туралы заңымен анықталады. Бұл заңда Статистика Агенттігінің және оның салаларының негізгі қызметтері, міндеттері, мақсаттары және статистикалық органдардың құқықтары анықталады.
Ресми түрде статистиканың екі құрылымдылық түрі анықталады: орталықтандырылған және орталықтандырылмаған. Орталықтандырылған басқару жүйесі - статистикалық бағдарламалармен байланысты сұрақтар бір мемлекеттік статистикалық ұйымның қызметі болып табылады. Орталықтандырылмаған басқару жүйесі- статистикалық бағдарламалармен байланысты сұрақтар ұлттық статистикалық басқармасымен, оның ішінде бірнеше статистикалық органдарымен шешіледі. Қазақстан Республикасының статистика басқармасы орталықтандырылған жүйесіне жатады.
Мал шаруашылығы бойынша негізгі статистикалық көрсеткіштер. Мал шаруашылығы статистикасы ауыл шаруашылығы статистикасы бағыттарының бірі болып табылады, ол салада орын алатын үдерістерді бақылайды, тұтастай алғанда оның жекелеген ішкі салаларында және ауыл шаруашылығы өндірушілерінің санаттарындағы мал шаруашылығының даму деңгейін және серпінін айқындайды.
Мал шаруашылығы бойынша көрсеткіштерді қалыптастыру ауыл шаруашылығы өндірушілерінің жекелеген санаттары деңгейінде жүргізіледі, олардың өңірлер бөлінісіндегі қатарында ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, шаруа немесе фермер қожалықтары және жұртшылық шаруашылықтары, одан кейін деректер жалпы ел бойынша жекелеген көрсеткіштерге сәйкес деректерді алу үшін біріктіріледі.
Мал шаруашылығы статистикасы көрсеткіштерінің жүйесі көрсеткіштердің екі негізгі тобын құрайды:
* мал басы көрсеткіштері - есепті күнге ауыл шаруашылығы малдарының және құстың саны, олардың жыныстық-жастық құрамы, мал басының қозғалысы;
* мал шаруашылығы өнімдерін өндіру, соның ішінде ауыл шаруашылығы малдары өнімділігінің көрсеткіштері.

Мал шаруашылығы бойынша статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыру әдістемесі
Мал шаруашылығы бойынша статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыру әдістемесі Мемлекеттік статистика туралы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады. Осы Әдістеме әкімшілік деректерді қолдана отырып, жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың шеңберіндегі барлық санаттардағы мал мен құстың басы және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру туралы жылдық және ағымдағы статистикалық деректерді қалыптастыруға арналған негізгі тәсілдерді айқындайды.
Әдістемені Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті және оның аумақтық органдары мал шаруашылығы бойынша статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыру кезінде қолданады.
Осы Әдістемеде Заңда айқындалған мәндердегі ұғымдар мен мынадай негізгі анықтамалар қолданылады:
1) адамдардың жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыруы ауыл шаруашылығына арналған жерлердi ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрумен, сондай-ақ осы өнiмдi ұқсатумен және өткiзумен тығыз байланысты еңбек бiрлестiгi шаруа немесе фермер қожалығы деп танылады;
2) ауылшаруашылық кәсіпорны - ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен, сақтаумен және қайта өңдеумен, ауыл шаруашылығы саласында қызмет көрсетумен айналысатын заңды тұлға немесе оның құрылымдық бөлімшесі;
3) ауыл шаруашылығы малдары мен құстарының саны - есепті күнге шаруашылықтарда бар тірі мал мен құстың саны;
4) жұртшылық шаруашылықтары - жеке қосалқы шаруашылықтар, ұжымдық бақтар мен бақшалар, саяжай телімдері. Жеке қосалқы
шаруашылық - қызметі ауылды жерде және қала маңындағы аймақта орналасқан жер телімдерін өз мұқтаждықтарын қанағаттандыруға бағытталған жұртшылық шаруашылығы;
5) мал мен құстың өнімділігі - малдың немесе құстың бір басына шаққандағы мал шаруашылығы өнімінің өндірісін сипаттайтын көрсеткіш;
6) мал мен құсты шаруашылықта сою немесе союға өткізу - тікелей шаруашылықта немесе қасапханада мал мен құсты етті өз қажеттіліктеріне пайдалану үшін, ұйымдарға, кәсіпорындарға және шаруашылықтың қызметкерлеріне, соның ішінде баспа-бас мәмілелер бойынша сату немесе беру үшін сою, сондай-ақ мал мен құсты базарларды қоса алғанда тамақтандыру желілері (асханалар, мейрамханалар, дәмханалар), сауда желісі арқылы даярлау ұйымдарына, өңдеу кәсіпорындарына союға сату, сондай-ақ экспортқа шығару;
7) мал шаруашылығының өнімін өндіру - ауыл шаруашылығы малдарын пайдалану нәтижесінде дайын өнім мен шикізат өндіру (сүт, жұмыртқа, жүн, тері және басқа), мал мен құстың барлық түрлерін шаруашылықта сою немесе союға өткізу, ара шаруашылығы және терісі бағалы аң шаруашылығы өнімдері;
8) өлім-жітім - аурулардың, апаттардың, қызметкерлердің немқұрайлы қарауы және осыған ұқсас себептер нәтижесінде өлген және амалсыздан сойылған ауыл шаруашылығы малдары мен құстарының саны;
9) төл - өлі туған төлді есепке алусыз, шаруашылыққа тиесілі аналықтардан туған тірі мал саны.

1-кесте.
ҚР бойынша мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы

қолданыстағы бағаларда, млн. теңге
Мал шаруашылығының жалпы өнімі
Мал шаруашылығының жалпы өнімі

2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
Қазақстан Республикасы
920 777,3
1 059 561,3
1 145 437,3
1 256 871,7
1 393 762,0
1 469 923,0
1 621 541,4
Ақмола
63 432,3
63 023,6
62 208,3
74 244,8
85 687,3
89 294,4
106 481,1
Ақтөбе
68 419,3
82 140,2
95 117,7
94 343,0
97 282,1
102 659,9
114 678,7
Алматы
135 667,5
160 553,2
190 765,7
211 651,4
236 349,8
246 934,4
267 794,0
Атырау
17 165,1
22 354,7
28 542,2
32 026,1
33 204,7
34 924,6
36 027,1
Батыс Қазақстан
43 063,9
53 434,1
56 698,2
57 859,6
58 719,4
65 771,7
72 868,4
Жамбыл
44 365,9
52 431,6
59 359,0
74 710,1
102 539,5
103 154,0
106 218,5
Қарағанды
66 071,1
83 587,7
88 830,2
93 833,8
104 879,1
111 812,2
133 103,3
Қостанай
102 931,6
107 057,2
74 317,1
77 226,9
84 366,2
88 469,1
98 451,4
Қызылорда
16 097,1
20 770,6
21 805,5
21 303,2
23 573,7
33 470,7
32 461,7
Маңғыстау
3 713,0
5 284,3
6 745,8
7 144,8
7 839,8
9 665,9
10 331,7
Оңтүстік Қазақстан
98 770,6
121 526,9
138 721,2
157 810,1
178 687,9
190 920,4
203 547,8
Павлодар
45 581,5
54 656,9
61 363,6
66 336,3
70 710,4
78 488,7
87 736,4
Солтүстік Қазақстан
77 092,3
79 735,3
79 489,0
88 543,6
102 737,3
104 949,8
121 000,3
Шығыс Қазақстан
137 780,2
152 465,9
180 969,0
196 594,1
204 089,1
208 003,2
229 348,9
Астана қаласы
239,0
266,6
283,0
313,8
282,1
220,8
220,1
Алматы қаласы
386,9
272,4
221,8
2 930,1
2 813,7
1 183,3
1 272,1

Мал шаруашылығының жалпы өнімі 2013 жылдың қорытындысы бойынша барлық санаттағы шаруашылықтарда сойыс салмақта ет өндірісі 871,0 мың тоннаны құрады, бұл 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,1%-ға ұлғайды, ал 2011 жылы 7%-ға қысқарды. Сүт өндірісі 2012 жылғы көрсеткіштерден 78,7 мың тоннаға артық, бірақ 2011 жылғы көрсеткіштен 256 мың тоннаға аз 4 930,3 мың тоннаны құрады. Жұмыртқа өндірісі 2011 жылдан 2013 жылға дейінгі кезеңде 5,2%-ға ұлғайды. Жүн өндірісі 2013 жылы 2,1 %-ға төмендеді және 37,6 мың тоннаны құрады. Сонымен бірге, агроқұрылымдарда 2011 жылдан бастап 2013 жылдар аралығында ет өндірісі көлемінің 25,7 %-ға ұлғаюы байқалады, бұл 2013 жылы 290,0 мың тоннаны; сүт тиісінше 801, мың тонна немесе 29,9 %, жұмыртқа 2 593,3 млн. дана немесе 9%, жүн-14,0 мың тонна немесе 16% құрайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша 2012 жылғы көрсеткіштен 161,2 мың басқа және 2011 жылы 145,3 мың басқа артық бола отырып, 2013 жылдың қорытындысы бойынша ірі қара малдың саны 5 851,2 мың басты құрады; қой және ешкілердің саны 2012 жылмен салыстырғанда 72,4 мыңға, 2011 жылмен салыстырғанда 482,7 мың басқа қысқарып, 17 560,6 мың басты құрады. Жылқы басы 2012 жылмен салыстырғанда 98,2 мыңға, 2011 жылмен салыстырғанда 233,4 мыңға артып, 1 784,5 мың басты құрады. Түйелердің мал басы 2011-2013 жылдар аралығында 8 мың басқа қысқарды. Құстардың барлық түрлері 2011-2013 жылдармен салыстырғанда 1 281,1 мың басқа артқан.
Жалпы ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы мал мен құс санының ұлғаюында оң серпін байқалады. Сонымен, ІҚМ өсімі 12,3%-ды құрады және 1 816,7 мың басқа жетті, қойлардың өсімі 7%-ды құрады және 6,5 мың басқа жетті, жылқы өсімі 12,8%-ды құрады және 789,5 мың басқа жетті, құс өсімі - 0,1 %-ды құрады және 21,7 млн. басқа жетті. Шошқа саны 1,1%-ға төмендеді.
2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығының базасын 614 шаруашылық субъектісі ұсынған. Оның ішінде ауыл шаруашылығы жануарларының асыл тұқымды төлін өсіру және сатумен 591 субъекті, оның ішінде 36 асыл тұқымды зауыт, 543 асыл тұқымды шаруашылық және 12 асыл тұқымды репродукторлар айналысады.
Ауыл шаруашылығы жануарларын өндіргіштердің тұқымдарын өндірумен және сатумен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы 23 субъекті, соның ішінде 2 асыл тұқымды және 21 дистрибьютерлік орталық айналысады.
Сонымен бірге, республиканың мал шаруашылығы әлі де ауыл шаруашылығы жануарларының генетикалық әлеуетінің төмен деңгейімен сипатталады. 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикадағы шаруашылықтың барлық санатында асыл тұқымды ірі қара мал басының үлес салмағы жалпы мал басының 8,8 %-ын құраған, бұл сәйкесінше 2013 және 2012 жылдар кезеңінде 8,2% және 7%-ды құраған көрсеткіштен жоғары. Асыл тұқымды қойлардың мал басы 2013 жылғы қатынастан өзгермей - 14,0 %-ды құрады. Асыл тұқымды шошқалардың мал басы 16,3 %-ды құрады, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 13%-ға көп, бірақ 2013 жылмен салыстырғанда 19%-ға аз. Асыл тұқымды жылқы басы соңғы үш жылда - 0,1 %-ға ғана артып 7,1%-ды құрады. Асыл тұқымды түйелердің басы 2013 жылы - 11%-ды, 2012 жылы - 10%-ды құрай отырып, 12,5 %-ды құрады. Асыл тұқымды құстардың саны 2014 жылғы 1 қаңтарда 8,7 %-ды құрады, бұл сәйкесінше 11,8 және 12,1%-ды құраған 2013 және 2012 жылдардың ұқсас кезеңінен төмен.
Мал шаруащылығы өнімінің пайыздық көрсеткішінің алдыңғы жылмен салыстырғанда төмен түсуі немесе бір орнында өзгеріссіз қалуының негізгі себептері: мал шаруашылығы өнімінің үлкен үлесі халықтың жеке қосалқы шаруашылықтарында өндірілетініне байланысты мал шаруашылығы саласы жануарлардың төмен генетикалық әлеуеті, күтіп-бағудың заманауи технологияларының және басқа технологиялардың аз қолданылуы сияқты сипаттамаларға ие, бұл төмен өнімділікке және өнімнің төмен сапасына әкеліп соғады, ішкі нарықтағы артып отырған сұранысты қамтымай, мал шаруашылығы өнімінің өзіндік құнының жоғары болуына және бәсекеге қабілеттіліктің төмендеуіне апарады, импортқа тәуелділіктің қалыптасуына алып келеді.
Мал шаруашылығын дамытудағы стратегиялық жоспар бойынша алдағы уақытта іске асырылатын шаралар.
Мал шаруашылығы саласын дамыту және тауар өндірушілерді өндірісін технологиялық жаңғыртуға ынталандыру, сондай-ақ өндірілген мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі мен сапасын арттыру мақсатында мал шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді мемлекеттік қолдауды жалғастыру ұсынылады. Мемлекеттік қолдау ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің (игілік алушылардың) мал шаруашылығы өнімдерін өндіруге жұмсалатын шығындарын өтеуге бағытталатын болады.
Асыл тұқымды малдардың үлес салмағын арттыру және ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділік сапасын ұлғайту мақсатында тауар өндірушілердің асыл тұқымды материал (малдар, тұқымдар және эмбриондар) сатып алу бойынша шығындарын өтеу жалғастырылатын және ауыл шаруашылығы жануарларының сапалық құрамы мен тұқымдық сапаларын жақсартумен айналысатын тауар өндірушілерге асыл тұқымды аналық басты және асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу бойынша, сондай-ақ селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу бойынша шығындарын субсидиялау түрінде қолдау көрсетілетін болады.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау қой шаруашылығын, жылқы шаруашылығын, түйе шаруашылығын және құс шаруашылығын дамытуға да таралатын болады, бұл ауыл шаруашылығы жануарларының жалпы табынындағы асыл тұқымды мал басының үлесін ұлғайту үшін жағдай жасайды және олардың өнімділігін арттырады.
Отандық құс фабрикаларына асыл тұқымдық материал (тәуліктік балапан және инкубациялық жұмыртқа) сатып алу бойынша қолдау көрсетілетін болады.
Бұл ретте, Жаңа бюджеттік саясат тұжырымдамасының ережелерін іске асыру мақсатында аталған іс-шараларды іске асыру жергілікті бюджет шығындарының базасына берілді. Тиісінше аталған мемлекеттік қолдау шаралары тиімділігінің көрсеткіштері облыс аумақтарын дамыту бағдарламаларында көрсетілетін болады.
АШТӨ үшін қаржының экономикалық қолжетімдігін арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы техникасының кредиті және лизингі бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады, қарыздарды кепілдендіру мен сақтандыру бойынша шара іске асырылатын болады.
Қызылорда облысы бойынша мал шаруашылығы өнімдерін статистикалық зерттеу
3-кесте
Мал шаруашылығының жалпы өнімі
Мал шаруашылығының жалпы өнімі

2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
Қазақстан Республикасы
920 777,3
1 059 561,3
1 145 437,3
1 256 871,7
1 393 762,0
1 469 923,0
1 621 541,4
Қызылорда
16 097,1
20 770,6
21 805,5
21 303,2
23 573,7
33 470,7
32 461,7

Соңғы 5 жылдағы мәлімет негізіндегі орташа шама:
2010-2016 жылдар аралығында мәліметтер негізінде мода 2011 жылға (20770,6) сәйкес келеді.
M0=16097,1+(33470,7-16097,1)33470,7 -32461,733470,7-32461,7+33470,7-235 73,7=17660,7
Мe=169482,5+12=84741,8
2014 жылғы 23573,7 млн.тг бағасы медиана болып табылады, себеб:і 16097,1+20770,6+21805,5+21303,2=799 76,4 жатпайды, 16097,1+20770,6+21805,5+21303,2+235 73,7=103549,4 жатады.
Мал шаруашылығы саласында түйе, жылқы, қой шаруашылықтары дамып келеді. Оның ішінде, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазір нағыз кооперацияға бірігуге қолайлы кезең
Мал шаруашылығы бойынша статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыру әдістемесі
Ауыл шаруашылығын цифрландыру терминдері
Бәйтерек ауылдық округі
Ауыл аумақтарының мәселелерін шешу жолдары және дамыту
Малдардың аусыл ауруынан сақтау
Шағын бизнестің сфералары бойынша инвесторлардың артықшылық берулері
Қазақстан Республикасындағы шағын бизнесті басқаруды жетілдіру
Ауыл шаруашылық малдары
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы аграрлық реформалау
Пәндер