Микроорганизмдер және қоршаған орта



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе
1Негізгі бөлім
1,2.Микроорганизмдер және қоршаған орта
1,3.Өсімдік ауруларының себептері
1,4. Өсімдік ауруларынан келетін зиян
2.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Біздің планетамыздың дамуының алғашқы сатысында литосферада бос оттегінің болмағаны белгілі. Біртіндеп химиялық және бтологиялық эволюцияның нәтижесінде осыдан 3 миллиардтай жыл бұрын бір клеткалы бактериялар мен көк-жасыл балдырлар пайда болып,олар гидросфераға бос оттегін бөліп шығара бастаған.Микроорганизмдер қоршаған ортаға тез бейімделіп кететіндіктен, табиғатта өте кең таралған.Оларды басқа организмдер тіршілік ете алмайтын ортада да кездестіруге болады. Экватордан бастап Антарктидаға дейін, органикалық заттарға бай қара топырықпен қатар шағыл құмдар мен гранит тастарда да микробтар тіршілік етеді. Ауаның сферада да микроорганизмдер кездеседі.Температурасы +60-70 жететін Гейзер қайнарлар мен тұзды суда да микробтар тіршілік етеді.Су мен топырақтың терең қабаттарында оттегісіз ортада тіршілік ететін анаэробты микробтар да белгілі. Өсімдіктер- микроорганизмдердің тіршілігі үшін қолайлы орта. Жасыл өсімдіктер микрофлораға өте бай келетінін бірінші рет ағылшын ғалымы Бурри байқады.Ол 1 грамм картоп жапырағында 25,6 миллион , қиярда -15,4 миллион, алмада- 1,38 миллион бактерия клеткалары кездесетінін анықтады.Микроорганизмдердің қоршаған ортаға тез бейімделуінің негізгі себебі - олар өте жылдам көбейетініндігінде .Бактерия клеткасы 25- 30 минуттың ішінде жаңа өнім бере алады.Егер бір клетка 30 минут сайын 1000 есе көбейіп отырады. Өсуіне кедергі болмаса 48 сағаттың ішінде 1 бактериядан 270 миллион клетка түзілген болар еді.Өсімдіктер күннің энергиясын пайдалана отырып арнайы пигмент хлорофиллмен және тамыр арқылы алынатын сумен , басқада минералдық заттарды ауадағы көмір қышқылы газымен байланыстырып, күрделі органикалық зат түзеді. Бұл афтотрофты қоректену болып саналады.

1,2.Микроорганизмдер және қоршаған орта
Микроорганизмдердің көпшілігі дайын органикалық затпен қоректенетіндіктен гетеротрофты организмдерге жатады. Сонымен қатар олардың арасында афтотрофты организмдер де көп кездеседі. Соңғыларының қоректенуі үшін жоғары сатыдағы өсімдіктер сияқты күн сәулесі мен көмірқышқыл газы қажет.Біраз микроорганизмдер сутек, азот,күкірт , темір сияқты минералдық заттарды тотықтандыру арқылы қоректеніп, өздерін энергиямен қамтамасыз етеді.Бұларды хемеотрофты организмдер деп атайды. Микроорганизмдердің өсімдіктер мен жануарларға тән және ерекше қасиеттерін ғалымдар жан жақты зерттеп, оларды микроорганизмдерге актинс мицеттер, бактериялар , вирустар , микроплазмалар жатады.Микроорганизмдер клеткасында ядро немесе ядроға тән заттар бар екені соңғы жылдары ғана белгілі болды.Клеткада ядросы айқын көрінетін микроорганизмдерді эукароиттар немесе ядролы организмдер деп атайды. Бұл топқа саңырауқұлақтар жатады.Микроорганизмдердің көпшілігі бір немесе бірнеше клеткадан тұрады.Олардың клеткасында тірі организмге қажет барлық информациялар жинақталған.Жалғыз клеткалы микроорганизмдер қоректену ,тыныс алу, көбею, тұқым қуалау сияқты күрделі процестерден өтеді.
Микроорганизмдер қоректік затты бүкіл денесімен сору арқылы қабылдайды.Егер қоректік заттар ірі молекулалардан құралып , клетка қабықша арқылы өте алмайтын болса, микроорганизмдер өздерінің ферменттері арқылы оларды ыдыратып , жеңіл қорытылатын қосынды ларға айнадырады.
Микроорганизмдердің өсіп-өну жылдамдығы температураға байланысты болатындықтан , олар бірнеше топқа бөлінеді. Психрофилдер- немесе төменгі температуралық оптимумы +25-25, иаксимумы +30-35 .Мезофильдер- немесе орташа температурада өсуге бейімделген микроорганизмдердің температуралық минимумы - +45 жетеді. Алтермофильдер тобы өте жлғары температурада өсуге бейімделген.Олар -20 -30 жағдайда өсіп жетіледі.Термофильдердің температуралық оптимумы - +50-55 , максимумы - +80.Микроорганизмдер төменгі температурада өнбейді, тыныштық қалпын сақтайды.Бірнеше тәулік бойы - 90 ұсталған микробтар тіршілік қабілетін жоймай, қолайлы ортаға тап болғанда өсіп-өніп , көбейе береді. Көптеген Микроорганизмдер +60-70 температурада 15-20 минут қыздырғанда тіршілік қабілетін жоятын болса, ал кейбіреулері үшін 100 температурада керек. Кейбір микрооранизмдерді жою үшін оларды +100-120 температурада бір-екі сағат автоклавта ұстау қажет.
Сәулелі саңырауқұлақтар.(Актиномициттер)
Актиномициттер бір клеткалы микроорганизм. Актиномициттер коптеген ортақ қасиеттеріне орай бактерияларға өте ұқсас келеді, ал кейбір ерекшеліктері оны саңырауқұлақтарға жақындата түседіү Олар зең саңырауқұлақтары секілді тарамдалған жіпше пішіндес мицелийден құралады. Мицелицлердің ұзындығы 600 микронға дейін жетеді. Нағыз актиномитциттердің мицелийдері өте жақсы жетілген, бірақ оларды жеке клеткаларға бөлетін перде болмайды. Сол себептен бір клеткада бірнеше ядро болуы мүмкін.
Актиномициттері көбінесе жыныссыз жолмен, споралар арқылы көбейеді. Олар пішіні әртүрлі арнайы бұташаларда түзіледі. Спорангий деп аталатын жеміс органдарында споралар түзетін актиномицеттер кездеседі. Олардың спораларының полярлы талшықтары болады. Қолайлы жағыдайда споралар өсіп бірнеше өскін береді. Ол өскіндер тарамдалған мицелиге айналады.
Бактерияға ұқсас келетін актиномицеттер әуелде тарамдалған жіпше түрінде болады да, кейін олар таяқша немесе шар пішіндес жеке клеткаға бөлшектенеді. Микробактерия туысына жататын актиномицеттер бөлшектену мен бірге бүрлену арқылы да көбейеді. Актиномицеттер жасанды қоректік субстраттарда жақсы өседі. Олардың колониясының реңінен күн сәулесі спекторының барлық бояуларын кездестіруге болады. Нағыз актиномицеттердің колониясының консистенциясы тығыз келеді, ал микробактерияларікі - иленген қамыр таріздес болады. Актиномицетер топырақта, іріменен өсімдік қалдықтарында кездеседі. Ферменттік қасиеттері өте күшті болғандықтан, олар басқа микроорганизмдер пайдалана алмайтын клетчаткада мол у заттармен қоректеніп, оларды қарапайы қосылыстарға дейн ыдыратады. Актиномицеттерден медитцина, мал дәргерлігі салаларында кең қолданылатын стрептомицин, биомицин, тетрациклин басқсда антибиотиктер алынады. Соңғы жылдары олардан өсімдік ауыруларына қарсы қолданылатын полимиксин,касугами, актидион, фитобактериомицин тәрізді антибиотикрер шығарылуда. Кейбір актиномициттер адам мен жануарлардың және өсімдіктердің ауыруларын қоздырыалы.
Вирустар мен микоплазмалар
Вирустарды электронды микраскоппен 20 - 100 мың есе үлкейту арқылы ғана көруге болады. 1892 жылы орыс ғалымы Д.И. Ивановский темекінің мозаика ауыруын тудыратын бактерия сүзгіштерінен өтіп кететін, жаратылысы жұқпалы ауыру қоздыратын микроптарға ұқсас организмдер екенін анықтады. Бұл организмге вирус немесе сүзгіден өтетін у деген ат береді.
Ағылшын ғалымы У.Стенли мозайка ауыруына шалдыққан темекі шырынын химиялық жолмен тазалау арқылы вираустың таза препаратын алды. Оны қышқылдандырып тұнбаға түсетін кристалды белокқа айландырды. Осы кристалдың ертіндісі жапырағына жағылған сау темекі екі үш күннен кейін мозаика ауыруына шалдықты. Электронды микроскоп арқылы вирустардың марфологиялық қасиеттері толық зерттелді. Өсімдік ауыруларын қоздыратын вирустар, жіпше немесе шар пішіндес. Таяқша вирустың ұзындығ 55 ммк 1250 ммк дейін жетсе, ал шар пішіндестерінің диаметрі 30ммк аспайды (1 миллимикрон миллиметрдуің миллионнан бір бөлігі).Вирстардың химмиялық табиғатты әр түрлі. Темекі мозаикасының вирусы жалаң протеидтен тұрса, ал көпшілік вирустарының құрамында нукелеин қышқылдары мен (ДНҚ РНҚ) қатарар белоктар да болады.Бактериялар мен актиномицеттер клеткалардың бөлінуі арқылы көбейсе, ал вирустар басқаша жолмен өседі.Өсімдік ,жануарлар мен адам организмінде вирус бөлшектері бірден белок пен нуклеин қышқылы бір клеткадан екіншісіне ауысып ,оданда жана вирустың бөлшектері пайда болады. Клеткадағы қоректік зат біткен кезде вирустардың көбеюі тоқталып олар тыныштық қалпына көшеді.Вирустардың табиғаты туралы ғалымдар белгілі бір тұжырымға алі келген жоқ. Зерттеушілердің көбі вирустарды тірі организм деп есептемесе, ал кейбіреулері оны өлі табиғат өкіліне қосады.. Мұндай екі ұшты пікірлер вирустардың кейбір физикалық қасиеттеріне орай туып отыр. Себебі клеткадан тыс вирустарда еш.андай тіршілік белгісі байқалмайды,көп уақыт тіршілік белгісі байқалмайды.Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділік қабілеті барлық вирустарда бір деңгейде бола бермейді. Кейбір вирустар +80-90 та 10 мин қыздырғанда тіршілік қабілетін жоятын болса,ал бағзы біреулерінің өлі дүниеге айналуына,+37-50температура жеткілікті.Микроорганизмдердің денесінде вирустардың паразитті тіршілік етуге бейімделген түрлері де болады. Бактерияларда тіршілік ететін вирустарды - бактериофак, ал актиномицеттерде кездесетіндер актинофак деп аталады.Фактардың өзіне тән құрылысы болады.Олардың сыртқы тұрқы шөміш пішіндес.Басы-көп қырлы, домалақтау немесе сопақша, кейде таяқша пішіндес, жұқа пластинка тәрізді 5-6 өсінділермен бітеді. Оның сыртқы белоктан құрылған қабықшалармен көмкерілген, ішінде 1-2 ДНҚ немесе РНҚ жіпшелері болады. Фагтың құйрығындағыпластинкалары спираль тәріздес белоктардан тұрады.Фаг ұзын талшық пластинкалар арқылы микроорганизмнің клеткасына жабысады. Арнайы ферменттермен клетка қабығын ерітіп, оған өзінің ДНҚ немесе РНҚ жібереді. Фагтың нуклеин қышқылдары микроорганизм клеткасының зат алмасуын өз қажетіне орай өзгертеді. Осы жолмен микроорганизмнің бір клеткасында жүздеген немесе мыңдаған фагтар пайда болады. Зақымданған клетка қабықшасы еріп, фагтар босап шығады да, басқа сау клеткаларға жұғады.
Сонымен қатар микроорганизмдердің табиғатына бейімделген фагтар болады. Кейде бір бактерияларда олардың бірнеше түрлері кездесуі мүмкін. Топырақта тіршілік ететін көптеген микроорганизмдер де фагтармен зақымдалады. Антибиотиктермен басқа да препараттар шығару кезінде, олар микроорганизмнің культурасын зақымдап, кейде бағалы штаммаларды жойып жібереді. Осы себептерден жаңа штаммалардың фагқа беріктілігі тексеріледі.Микоплазмалар эволюциялық сатыда бактерия мен вирустардың арасында тұрған организмдер. Олар дөңгелектеу, жұлдыз немесе жіпше пішінді. Вирустардан бір ерекшелігі бұл организмдерді қолдан жасалған орталарда өсіруге болады. Микоплазма бөлшектерінің молшері 20-2000мкм дейін жетеді.

1,3.Өсімдік ауруларының себептері
Т.Д.Страховтың анықтамасы бойынша: ауру -өсімдіктерде потогенді организмдер мен қоршаған ортаның қолайсыз жағдайынан пайда болып,өзгеріп отыратын,олардың қалыпты физиологиясы мен құрылысына , түсіміне ерекше әсер ететін құбылыс.Өсімдіктердегі қалыпты физиологиялық процестерді әр түрлі физиологилық процестердің әр түрлі аурудың әсерінен бұзылу ерекшеліктерін бірнеше топқа бөлуге болады. Фотосинтездің төмендеуі ауру қоздырғыштарының әсерінен хлорофиль зақымдалып фотосинтездің екпінділігі төмендейді.Хлорофиль дәндерінің зақымдалуынан жапырақтар мен сабақтарда алуан түрлі дақтар пайда болып олардың фотосинтезге қатысатын түрлері азаяды.Осы себептен клеткаларда жүретін синтез процесінің жылдамдығы азаяды өсімдіктердің өсуі баяулап түсімділігі азаяды.Өсімдіктің тыныс алуының өзгеруі ауруға шалдыққан өсімдіктердің тыныс алу екпінділігі артып,қорға жиналатын органикалық заттар ысырапқа өшырайды. Кейде аурудың әсерінен зәрлі заттар бөліп шығып клеткалар өсімдік органдары клеткалар уланады.тыныс алу кезінде бөлініп шығатын энергия өсімдік органдарымен ткандерін қыздырады.Өсімдіктің тыныс лу жылдамдығы төмендеген жағдайда қорға жиналатын заттардың синтезделу күрт азайып өнімнің түсімділігі кемиді,сапасы нашарлайды.
Өсімдік органдарының су және қоректік заттармен қамтамыз етілуінің бұзылуы.Фотосинтездердің нәтижесінде жапырақта түзілетін органикалық заттар төменгі ағыс жолыме н тамыр,жеміс пен түйнекке,масаққа т.б жинақталады.Тамыр жүйесі ауруға шалдыққанда жоғары ағыс жолымен немесе ксилемамен су жүрмейтіндіктен өсімдіктер солып біртіндеп қурайды.Флоэма жолдары ауруға шалдыққанда фотосинтез нәтижесінде түзілетін органикалық заттардың мөлшері жапырақта көбейіп, қор жинақталатын органдарға ақпайды.Осының салдарынан өсімдіктің түсімділігімен қатар өнімнің сапасыда нашарлайды.Бұл жағдай көбінесе өсімдіктер вирус ауруына шалдыққанда байқалады.Солу органдарын бактериялар мен саңырауқұлақтар қоздырып су жүретін түтікшеледі бітеп тастайдықтан оларды трахеобактериоз жән трахеомитоз деп атайды.Клетка мембранасының еріп кетуі.Ауру қоздыратын әсіресе микроорганизмдердің бактериялардың әсерінен өсімдік клеткаларының мембранасы еріп кетеді.Осының салдарынан қоректік заттармен суға бай органдар тез шіріп бұзылады.Бұл ауру картоп,сәбіз,қызылша сияқтыларда жиі байқалады.Өсу заттарының синтезделуінің бұзылуы. Өсу заттары аз синтезделсе әрі жеткіліксіз болса өсімдіктердің өсуі нашарлайды.Олар шектен тыс түзілсе өсімдіктердің кейбір органдары қаулап өседі немесе клеткалар мөлшерден артық бөлініп әр түрлі ісіктер немесе буылтықтарм паайда болады.

Өсімдік ауруларының белгілері

Ауру қоздырғыштарының әсерінен өсімдік органдарында потологиялық аурулар пайда болады.Инфекцияға өсімдіктің белгілі бір органдары шалдықса ол жергілікті немесе локальді ауру деп аталады.Кесел өсімдіктің барлық органдарын шарпыса оны диффузиялы немесе жүйелі ауру дейді.Аурудың әсерінен байқалатын потологиялық өзгерістерді төмендегі өзгерістерге бөлуге болады.
Шіру.Өсімдіктердің сумен қоректік заттарқға бай жемістері,тамыржемістері,түйнектері шырыны мол сабақтарымен жапырақтары шіріге бейім келеді.Бактерия мен саңырауқұлақтардың тіршілік ету әсерінен клетка арасындағы қабықша еріп тканьдер ботқа тәріздес қоймалжын затқа немесе жөкеге ұқсас талшықтарға, құрғақ талшықтарға ұқсайды.
Солу.Тамыр жүйесінде саңырауқұлақтар мен бактериялардың тіршілік етуінен су мен қоректік заттар жылжитын түтікшелер бітеліп өсімдіктердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғаттағы заттардың айналымындағы микроорганизмдердің маңызы
Санитарлық микробиологиялық зерттеудің әдістері мен принциптері туралы ақпарат
Қоршаған ортада микробтардың таралуы
Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдердің сипаттамасы. Оларға қойылатын талаптар.Санитарлық микробиологиялық зерттеудің әдістері мен принциптері
: Тағамдық өнімдерді санитарлы – микробиологиялық бақылау әдістері
Мұнай қосылыстарын микробиологиялық жолмен тазалаудың негізі
Мұнай тотықтырушы бактериялар
Құмкөл мұнайын ыдырататын микроорганизмдердің табиғи ассоциациясын жасау
Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдердің сипаттамасы жайлы ақпарат
Жуғыш зат құрамы
Пәндер