Қазіргі Қазақстан Республикасының әлеуметтік құрылымының қалыптасуы



Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Бесінші тарау
Қазіргі Қазақстан Республикасының
әлеуметтік құрылымының қалыптасуы
Совет Одағының құлауына байланысты географиялық картада тәуелсіз
жеке мемлекеттер пайда болды. Солардың бірі Қазақстан республикасы
Советтік әлеуметтік құрылым жойыла бастады, оның орнына жаңа әлеуметтік
құрылым қалыптасуда. Әрине, ескі қоғамның әлеуметтік таптары, топтарі
бірден жойылып кеткен жоқ. Олардың кейбіреуі сақталуда, жаңаша түрде
дамуда. Дегенмен, Совет қоғамындағы топтардың, таптардың әлеуметтік
жағдайлары елеулі түрде өзгерді. Мысалы, жұмысшы табын алсақ. Қазір
Қазақстанда жұмысшы табы бар. Ол тап барлық қоғамда орын алуда. Өндірістің
және әлеуметтік өмірдің барлық салаларында жұмысшылар қызмет етуде. Бірақ
та олардың саны өте азайып кетті. 80 - інші жылдары республикада 6
миллионға жуық жұмысшылар болатын. Ал казір статистикалы мәліметтерге
қарағанда олардың саны осы көрсеткіштің жартысына жетпейді. Себептер толып
жатыр. Біріншіден, көптеген өндіріс орындары, совхоздар, т.б. жұмысшылар
қызмет ететін жерлер жабылып қалды. Олардың себебі көпшілікке түсінікті.
Бұл экономикалық дағдарыстың салдары еді. Осы процесс қарқынды түрде 90-
ыншы жылдардың бірінші жартысында орын алды. Осыған байланысты мыңдаған
жұмысшылар қызметінен босатылды. Екіншіден Қазақстан егемендік алған кезден
бастап орыс жұмысшылары Ресейге, басқа шетелдерге көше бастады. Бұл
процестің экономикалық та, саяси да себептері бар. 80-інші жылдардағы
көрсеткіштерге қарағанда бүкіл Қазақстан жұмысшыларының тек қана 30 пайызы
қазақтар, ал 70 пайызы орыс, украин неміс, т.б. ұлттардан болатынды.
Жұмысшы табы сапа жағынан да қиыншылықтарға ұшырап отыр Мамандануы
жоғары жұмысшылардың, ірі өндіріс орындарының жойылуын байланысты, басым
көпшілігі Республикадан кетіп үлгерді, не болмас жұмыссыз қалды.
Олардың біразы коммерциямен және басқа істермен айналысып кетті.
Сонымен мамандану тұрғысынан алғанда Қазақстанның жұмысшы табы біраз
осалданып қалды. Жұмысшылардың мамандық деңгейін көтеру мәселесі қолға
алынбай қалды. 90-ыншы жылдары бұл мөселені үкімет тарапынан ешкім
қойғанда жоқ. Қазіргі кезеңде бұл мәселеге азды-кепті көңіл аударуға тура
келді, бірақ біраз уақыт босқа кетті. Жұмысшы табының„ әлеуметтік, саяси
статусы да төмендеді. Нарықтық қоғамда әр тап, топ, жеке адам тек өзінің
ісіне қарай статусын, беделін көтере алады. Ал Совет кезеңінде жұмысшы
табының статусы, беделі, саяси орны компартияның, Совет
үкіметінің шемімімен саяси шарасы ретінде белгіленетін еді. Қазірде ондай
жағдай жоқ. Қазіргі кезеңде жұмысшылар әртүрлі меншіктегі кәсіпорындардак
қызмет жасайды. Мемлекеттік меншікте қызмет істейтін жұмысшылардын саны өте
аз. Жұмысшылардың басым көпшілігі жеке меншікте, акционерлік компанияларда,
фирмаларда, орта, шағын өндіріс орындарында, бизнесте қызмет етеді.
Сонымен, жұмысшылар әр түрлі меншікке тарап кетті, олардыд бірлігі
осалданды, экономикалық талап қоюлары бәсеңси басталы. Олардың бір бөлігі
шетелдіктердің Қазақстандағы өндіріс орындарында, әсіресе мұнайда, газда,
т. б. шикізат өндіретін жерлерде еңбек етуде. Қазіргі кезде республикада
кейбір позитивтік жағдайлар байқалуда. Экономика дағдарыстан шыға бастады,
жаңа өндіріс орындары іске берілуде, жұмысшылардың саны көтерілуде. Бірақ,
кейбір процестер әзірше баяу, жәй жүруде. Келесі жылдары экономикалық даму
қарқыны өсе түссе, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы дұрысталады деген сенім
бар.
Колхозшы-шаруалар, совхоз жұмысшылары деген әлеуметтік топтар қазіргі
Қазақстанда жойылды, совхоздар, колхоздар таратылды. Бірақ шаруалар еш
жаққа жер аударылып кеткен жок, олар орнында. Әрине, шаруалардың саны
азаюда. Ауыл тұрғындарының біразы экономикалық жағдайларға, әсіресе
жұмыссыздыққа байланысты, қалаға көшуде, ал кейбір ұлтгар, мысалы,
немістер, шетелге көшіп жатыр. Мемлекет қазіргі кезеңде ауыл тұрғындарының
жағдайын көтеруде біраз іс- әрекетгер жасауда. Кейбір жерлерде жағдай дұрыс
қалпына келтірілуде. Нарықтық экономика ауылға да кіре бастады. Шаруалардың
психологиясы өзгеруде, жеке меншіктік психолопм, идеология қалыптасуда.
Қазіргі ауылда Шаруалардың кооперативтері бар. Бұл өндірістік ұйымдасу,
колхоздың бір түрі десе де болады. Бірақ та бұл ұйымдастық колхоздан
өзгеше, бұл жерде нарықтық экономика, жеке меншік сияқты құбылыстар басым
орын алуда.
Шаруалардың бір тобы фермерлер деп аталады. Фермерлер жеке меншіктің
иелері, өздерінің арендаға алған жерлері бар, малы, егіні, т. б.
шаруашылығы бар шаруалар. Олар нарықтық экономиканың заңымен жұмыс істейтін
іскер адамдар. Фермерлер қоғамдағы жаңа әлеуметтік, экономикалық топ.
Олардың саны жыл сайын өсуде, экономикалық жағдайы әр жерде әртүрлі,
біреулері қуаттанып алға басуда, шаруашылығын жөнге салып, қосымша күш алып
баю жолына көшуде, ал біразының жағдайы елі де оншалық емес, кейбіреулері
шаруашылығын жоғалтып алуда. Мемлекет тарапынан фермерлерге көмек
көрсетілуде, бірақ та көп нәрсе әлі де болса шешілмей жатыр. Мысалы,
Парламент тарапынан әлі де қажетті заңдар қабылданған жоқ, фермерлерді
қаржыландыру мәселесі, оларға несие беру, жер беру т. б. көптеген мәселелер
әлі де өз шешімін күтуде. Дегенмен, осы фермерлер келесіде ауыл шаруашылық
өнімдерімен өзіміздің елді толық қамтамасыз етеді деген үміт бар. Әрине,
фермерлердің өзіндік психологиясы, өзіндік өмірге көзқарасы қалыптасуда.
Бірақ та бұл топты елді қанаушы деп қарауға болмайды. Олар еңбекқор
шаруалар.
Әрине, қазіргі нарықтық қоғамда интеллигенцияның алатын орны өте
маңызды. Интеллигенция дегеніміз жоғары дәрежелі мамандар, білімді
мәдениетті адамдар тобы. Қазіргі кезде социологияда интеллигенция термини
сирек кездеседі, көбінесе осы топтағы адамдарды Батыс социологиясында
интеллектуалдар не болмаса мамандар деп атайды. Интеллигенцияның басым
көпшілігі (дәрігер, мұғалім, оқытушы, инженер, ауыл шаруашылық мамандары,
мәдениет қызметкерлері) біраз қиыншылыққа ұшырауда. Көптеген өндіріс
орындарының жабылуына байланысты біраз инженерлер, техниктер, агрононом,
зоотехниктер жұмыссыз қалып, басқа қызметке ауысуына тура келді, ал көбі
оны-мұны істермен айналысып, жұмыссыздықтың зардабын кешуде. Осындай
жағдайлар басқа да мамандардың басында бар. Дәл осы кездерде мемлекет
тарапынан біраз шаралар қолға алынып, жаңа жұмыс орындары ашылып,
инженерлерді, басқа да мамандарды қажет ету, жұмысқа алу ісі жүре бастағаны
байқалуда. Әрине, жаңа қоғам жоғары білімі бар, іскер мамандарды керек
ететіні сөзсіз. Осыған байланысты мамандар дайындау мәселесі ең басты
мемлекеттік деңгейдегі мәселе болып отыр. Мамандардың біразы
жеке меншіктік секторда қызмет етеді. Кейбір дәрігерлер, оқытушылар,
заңгерлер, инженерлер жеке меншіктің иелері, коммерциялық негізде халаққа
қызмет көрсетеді, өзінің мамандық деңгейін жоғары ұстауға ұмтылады. Әрине,
ақылы қызмет ету, бұл мамандар тарапынан, халыққа жеңіл болып тұрған жоқ.
Бірақ та басқа мүмкіндіктердің жайы онша емес. Интеллигенцияның бұл тобы,
яғни коммерциялық жолмен халыққа қызмет көрсетушілер, материалдық жағдайы
жағынан алғанда едәуір көтерілді, тіпті кейбіреуі байып та кетті. ІІІынын
айтқанда интеллигенцияның бір тобы, қазіргі кезеңде байлар тобына жатады
десек те болады. Байлар тобына жататындардың басым кепшілігінің жоғары
білімі бар мамандар. Бірақ та, мамандардың көпшілігінің жалақылары төмен
олардың қажетіне жетпейді, біразы кедейлер тобына жатады.
Қазақстан Республикасының болашағы осы интеллектуалдарға, мамандарға
байланысты.
Бұл топта көзқарас, мемлекеттік әрекет, шаралар қандай болса, сол
шамада республиканың жалпылама тұрпаты болады.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік құрылымында соңғы 10 жылдың ішінде
жаңа топтар мен страталар пайда болды. Олар - іскер адамдар тобы
(кәсіпкерлер), бизнесмендер, коммерсанттар, жеке меншіктік не акционерлік
қоғамдарда қызмет ететін адамдар тобы, жеке меншік және коммерциялық
банктердің иелері және олардың қызметкерлері, отандық не шетелдік
фирмалардың, компаниялардың қызметкерлері, шикізат, оның ішінде мүнай, газ,
металл шығаратын және оларды өндіретін өндіріс орындарының
жұмысшылары, мамандары, т.б .Айта берсек бұл тізімді соза беруге
болады.Алайда бұл жерде әңгіме болып отырған нәрсе жаңа топтар, страталар.
Бұл топтар өзінің мамандығы, кәсібі, статусы, меншікке қатынасы, табыс
мөлшері жағынан алғанда бір-бірінен өзгеше.
Бұларды біріктіретін белгі - нарықтық эконмика. Айтылған топтардың
кайсысы болмасын нарықтық экономикамен, жеке меншікпен байланысты. Әрине
Совет қоғамы кезінде осы топтардың кейбіреуі болған. Олар мысалы,
саудагерлер, жасырын жеке меншік иелері. Бірақ та олар өз істерін ашық
түрде жүргізе алмай, көп істерді жасырын істеген.
Жаңа топтарды біріктіріп, жинақтап айтқанда іскер топ деген ат
қойылған. Осы іскер топтың ішінде көптеген страталар бар. Олардың ең үлкені
бизнесмен , деп аталады. Бизнес деген ағылшын тілінен аударғанда іс деген
сөз. Қысқаша айтканда бизнесмен деген іспен айналысатын адам деген сөз.
Бірақ та іспен, жұмыспен адамдардың басым көпшілігі айналысады. Олардың
бәрін бизнесмен деуге болмайды. Қазақта Іскер адам деген түсінік бар. Бұл
ұғым бойынша адамның еңбекқорлық, тапқырлық қасиеттері белгіленеді.
Ал бизнесмен дегеніміз қазіргі кезеңде белгілі бір іскер адамдардың
тобы, стратасы. Осы ұғыммен, әсіресе, сауда-саттықпен, өндіріспен, басқа да
салаларда қызмет ететін адамдар тобын белгілейді. Бұл топ нарықтық
экономикамен, жеке менішкпен байланысты. Совет қоғамында, яғни нарықтық
емес қоғамда, бизнесмен деген болмаған. Ал қазіргі кезеңде бизнесмендер
экономиканың, әлеуметтік өмірдің барлық салаларымен айналысады. Қайталап
айтқанда, бизнесмен істі жүргізуші, бірақ та ол іс табыс, кіріс,
шығыс деген экономикадық категориялармен байланысты. Табыс, пайда
болмаса бизнестің мәні болмайды. Бизнесмендер бірнеше топтарға бөлінеді.
Олардың ішінде ірі бизнесмендер тобы, срта және шағын бизнеспен айналысатын
топтар бар. Сондықтан да іскер адамдар, бизнесмендер әртүрлі топтарға
кіреді. Мысалы, ірі бизнесмендер көлемді іспен айналысатын топ, көлемді
байлығы, табысы, пайдасы бар страталар. Олар бай топқа кіреді. Көпшілік
бизнесмендер орта топқа жатады. Ұсақ сауда-саттықпен айналысатын адамдар
тобы өздерін бизнесмендерміз деп таныстырады. Бірақ та бұлардың
басым көпшілігі зейнеткерлер, жұмыссыздар, әйелдер, т. б. дұрыс кәсіп
таба алмай жүргендер. Бұл стратаның басым көпшілігі кедейлер тобына
жатады. Іскер адамдардың кейбір топтары, страталары зат шығарушы, яғни
өндіріспен айналысады. Олар қажетті нәрселерді жасап не өңдеп шығарады,
халыққа қызмет етеді, туристік фирмаларды құрайды, т.б. қызметтер атқарады.
Осындай бірлестіктердің қожайындары, ұйымдастырушылары бар. Оларды осы
іскер адамдар тобына жатқызамыз.
Соңғы 10 жылдың ішінде Қазақстанның әлеуметтік құрылымында тағы да
басқа жаңа топтар пайда болды. Бұл топтар нарықтық экономиканың талабына
байланысты жоғары көтерілген мамандар тобы. Олар, айталық банк
қызметкерлері, тіпті банк иелері, әртүрлі қаржы мәселесімен айналысатын
топтар. Қазақстанда көптеген компаниялар, фирмалар, акционерлік қоғамдар,
сауда үйлері, ірі дүкендер, супермаркеттер мен гипермаркеттер пайда болды.
Осындай орындарда Қазақстан бойынша алғанда бірнеше мыңдаған адамдар
қызмет етеді. Бұндай орындардың иелері, қожайындары бар. Бұнда жұмыс
істейтіндер жаңа топтар, бизнесмендер, менеджерлер. Фирмаларда, әсіресе
шетелдік фирмаларда жұмыс істейтін мамандардың жалақысы жоғары.
Ал кейбіреулері, әсіресе мұнай, газ, мыс, алтын шығаратын өндірістері бар
фирмаларда жұмыс істейтіндер біздің өлшеммен алғанда өте көлемді жалақы
табады. Оларды біздің елде байлардың қатарына жатқызуға болады.
Стратификация теориясы бойынша нарықтық экономика үстемдік ете
бастаған елдерде жіктеу, бөліну процесі күшейе түсуде. Осыған байланысты
қоғамдағы топтардың арасындағы материалдық, экономикалық айырмашылығы
күшейе түсуде. Бұндай жағдайларды дамыған Батыс Европа елдері, АҚШ, Жапония
сияты елдер басынан өткізген және еткізуде. Бірақ та байлар мен кедейлердің
арасындағы айырмашылық мықты дамыған елдерде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
“Алси” фирмасын басқарудың қалыптасуы мен дамуы
Саясат тарихы туралы ақпарат
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы
Мемлекеттік қарыз мәні, құрылымы
Қаржы жүйесін ұйымдастырудың негізгі қағидаттары
Өнеркәсіп құрылымын ұйымдастыру және жетілдіру проблемалары мен шешу жолыгдағы тиімді ұсыныстар даярлап теориялық негіздеу
Мемлекет және азаматтық қоғам
МЕМЛЕКЕТТІҢ ТИПТЕРІ
Демография және әлеуметтану
Еңбек рыногындағы жұмысбастылық және жұмыссыздық теориясының негіздері
Пәндер