Көппартиялық жүйе – демократиялық мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі
Саяси партия – билік пен қоғам арасындағы байланыс құралы Партия дегеніміз
не? Партия әдетте бағдарламалық құжаттарда көрсетілген ортақ саяси бағытты,
көзқарастарды ұстанған азаматтардың белгілібір тобын біріктіретін ұйым.
Нақты әлеуметтік-таптық мүддені білдіретін идеология мен саяси бағытты
басшылыққа ала отырып оны іске асыру үшін партиялар мемлекеттік билікке
келуге ұмтылады.
Мысалы, жеке адам қоғамдық немесе жергілікті көлемдегі белгілі бір саяси
әлеуметтік мәселені нәтижелі шешу жолдарын қарастырады. Бұл туралы оның
тұрақты көзқарасы қалыптасады. Ол көзқарас, яғни, идеясы кейін мақсатқа
айналады. Ал енді оны қалай іске асыру керек? Мүмкін ол адам бұқаралық
ақпарат арқылы өзінің мақалаларын шығарар немесе әртүрлі жиындарда, ғылыми
конференцияларда өз пікірін білдірер. Бірақ бұның бәрі де сол азаматтың
идеясының іске асырылуына толық кепілдеме бермейді. Идеяны, пікірді іске
асырудың айқын бір жолы – билікке келіп билік арқылы іске асыру. Билікке
келу деген түсінік ол билікті өз қолына тартып алу емес, қалыптасқан билік
қатарынан орын алу. Мысалы, белгілі бір саяси ұйымның өкілдері депутаттыққа
өтіп парламенттің бірнеше орындарына ие болса, олардың жаңа заң шығаруға
әсер ету мүмкіншілігі пайда болады. Осы арқылы ол өзінің көзқарасын заң
жолымен іске асыруға мүмкіндік алады.
Бірақ бұндай жүйе демократиялық жағдайда ғана мүмкін. Сондықтан партияның
билікке өтуін немесе өтпеуін шешетіндер тек ғана айлаушылар болуға тиісті.
Ол үшін сайлаушылардың, жалпы қоғамның демократиялық саяси мәдениеті жоғары
деңгейде болуы керек.
Ал демократия орнықпаған режимдерде кейбір саяси партиялар өз көзқарасын
іске асыру үшін билікке төңкерістер, революциялар арқылы келді.
Мысалы, ХІХ ғасырдағы Еуропа елдеріндегі революциялар, Ресейдегі 1917 жылғы
Қазан революциясы және т.с.с. Жалпы алғанда, партия қоғамдағы бұқаралық,
әлеуметтік күштердің мүддесін білдіруге, мемлекеттік билік орындары арқылы
сол мүдделерді жүзеге асыру үшін қызмет етеді. Саяси партия мемлекет пен
қоғамды бірлестіретін буын, саяси билік пен қоғамның арасындағы байланыс
құралы.
Сонымен, партия деп — қоғамдағы әлеуметтік-саяси мүдделерді шешу үшін
өздеріне ортақ көзқарастарды іске асыру жолында мемлекеттік билікке келуге
ұмтылатын азаматтардың ерікті ұйымын айтады.
“Партия” деген сөз латын тілінен шыққан, “бөлу”, “бөлшек” деген мағынаны
білдіреді. “Мен бүтіннің бөлшегімін”, “мен осы топтың пікірін қолдаймын”,
“мен біреулермен пікірлеспін” деген түсініктері. Тарихта XVIII-XIX
ғасырларда саяси партиялар клуб, әдебиеттік бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар
түрінде пайда бола бастады.
Бірақ сол кездегі шексіз мемлекеттік билік (монархия, патшалық) жағдайында
партиялардың айтарлықтай маңызы болмады. Ол уақытта әр түрлі мемлекет
басшылары қоғамдық ұйымдарға, саяси қозғалыстарға қарсы болды, тіпті
дұшпандықпен, қастықпен қараған жағдайлар да болған. Мысалы, Америка Құрама
Штаттарының бірінші президенті Джордж Вашингтонның өзі де 1787 ж. “саяси
бірлестіктер”, яғни, саяси партиялар – олар тыныштықты бұзушылар, олар
халықтың ішінде іріткі салып, билікке таласушылар” – деп түсінді.
Ал 1825 жылғы Ресейдегі декабристер қозғалысының қалай аяқталғаны тарихтан
жақсы белгілі. Ресей патшалығы оларға қарсы күш қолданып, біразын өлім
жазасына тартып, қуғынға ұшыратқан болатын.
Ресейдегі ең бірінші партия – Ресей социал-демократиялық жұмысшылар
партиясы (РСДЖП) 1898 жылы астыртын түрде ұйымдастырылды. Дегенмен, кейінгі
кезеңде жалпы азаматтық, оның ішінде демократия принциптерінің дамуына
байланысты саяси партиялар кеңінен дами бастады.
Қазіргі кезеңдегі саяси партияларға ұқсас біздің уақытымыздағы партиялар
Еуропада, Америкада XVIII ғасырда пайда болды.
Не себептен XVIII ғасырда? Не себептен олар XVII, XVI ғасырларда немесе
одан бұрын қалыптасқан жоқ?
Оның себебі XVIII ғасырда ғана мемлекеттік билікті сайлауға мүмкіндік туып,
кейбір мемлекеттерде шексіз монархия жойылды. Мысалы, Францияда Ұлы француз
революциясынан кейін (1789 ж.) республика орнатылды. Дәл осы кезде АҚШ
өзінің конституциясын қабылдап, бірінші президент сайлады.
Қоғам мүшелері, әртүрлі әлеуметтік топтар саяси билікке өздерінің
уәкілдерін сайлауға мүмкіншілік ала бастады. Мемлекеттік билікке араласушы
үміткерлерді бұқараның қолдауы, сүйемелдеуі қажет болды. Осындай
азаматтарды дайындау үшін, оларды саяси билікке өткізу үшін саяси партиялар
құрыла бастады. Сонымен қатар, сайлау органдары мен сайлау жүйелері
қалыптасты.
Яғни, саяси партиялардың пайда болуы — демократияның дамуымен байланысты.
XVIII ғасырға дейін билік сайланбайтын патша, король, шах, хандардың
қолдарында тұрған кезде саяси партияларды ұйымдастыруға ешбір мүмкіндік
болған жоқ, себебі оны құруға билік рұқсат берген жоқ.
Саяси партиялардың ұйымдастырылуы XVIII ғасырдан басталып, XIX ғасырда
дүние жүзінде көптеген ірі, беделді партиялар өмір сүре бастады. Мысалы,
1828 жылы АҚШ-та демократиялық партия өмірге келсе, 1867 жылы Англияда
Консервативтік партия, ал 1869 жылы Германияда социал-демократиялық
жұмысшылар партиясы пайда болды. Сол жылы Францияда
Республикалық радикалдар партиясы дүниеге келді.
XIX ғасырдың 80-шы жылдары дүние жүзінің 100-дей елдерінде 500-денастам
саяси партиялар қалыптасты.
Қазіргі кезеңде дүние жүзінде қанша саяси партия бар? Бұл сұраққа нақтылы
жауап берудің өзі қиын. Себебі саяси партиялардың өмірінде тұрақты, ешбір
өзгеріссіз қалатын жағдай болмайды және болуы да мүмкін емес.
Адамзаттың саяси өмірі қандай құбылмалы, әрдайым өзгерісте болып тұратын
құбылыс болса, саяси партиялардың өмірі де дәл сондай. Сондықтан бір
жағынан жаңа партиялар қалыптасып жатса, екінші жағынан кейбір партиялар
ыдырап, қызметін тоқтатып жатады.
Бірақ тарихи ұзақ уақыт, XIX ғасырда пайда болып, осы күнге дейін өзінің
мүдделестеріне адал қызмет жасап, саяси мол тәжірибе жинап, халыққа
дәстүрлі партия болып танылғандары да бар. Олар: АҚШ-тың демократиялық
партиясы (1828 ж. құрылған), Канаданың прогрессивтік-консервативтік
партиясы (1854 ж. құрылған), АҚШ-тың республикалық партиясы (1854 ж.
құрылған), Ұлыбританияның консервативтік партиясы (1867 ж. құрылған),
Германияның социал-демократиялық __________партиясы (1869 ж. құрылған) және
тағы да басқа партиялар.
Алғашқы кезеңдерде әрбір саяси партия үлкен әлеуметтік топтардың, көбіне
таптардың жетекшісі болды. Мысалы, жұмысшылар партиясы, шаруалар партиясы,
буржуазия партиясы, христиандар партиясы т.с.с. Ал ХХ ғасырдың ортасынан
бастап жағдай басқаша өзгерді. Енді партияның мүшелігіне әртүрлі әлеуметтік
топтар мен таптардың өкілдері кіре алады. Бұл саяси құбылыс демократияның
дамуымен байланысты шықты. Себебі биліктің сапасын қамтамасыз ету ол тек
ғана бір топтың, әлеуметті таптың мүддесі емес, ол бүкіл халықтың мүддесі.
Ал қандай да болмасын қоғамдағы әлеуметтік мәселе барлық жағдайда
мемлекеттік билік арқылы шешілетіні белгілі.
Әйтсе де, әрбір саяси партияның өзіне ғана тән міндеті мен өз қызметіне
байланысты ерекшелігі болады. Олар сан алуан, оларды жүйелеу оңай
емес,себебі бұл ерекшеліктер көбіне тарихи жағдайға байланысты қалыптасқан.
Партия саяси құрылым ретінде Еуропалық елдерде пайда болғаны
белгілі.Сондықтан да партияның табиғатын, қоғам өміріндегі маңызы мен
мәнін,қызметін анықтауға осы елдердің ғалымдары көбірек көңіл бөлді. Бұл
ретте,әсіресе, француз ғалымы М.Дюверженің “Саяси партиялар” деген
еңбегіндепартия ұйымдарының түрлері, құрылымы, типтері, партия
басшылығыныңтәсілдері, партия мен мемлекеттік қарым-қатынасы кең көлемде
зерттелген.
Француз саясаттанушылары Ф.Борелл, Ж.Бюрдо, Ж.Шарло еңбектерінде де
партияның қазіргі кезеңдегі ролі нақты көрсетілген.
Саяси партиялардың мемлекеттегі алатын орнына қарай жүйелеген немістің
мемлекет жөніндегі ілімді дамытушы ғалымы Г.Еллинек болды. Бұл мәселелермен
бірқатар Ресей ғалымдары да айналысты. Мысалы, М.Острогорский “Демократия
және саяси партияларды құру” деген еңбегінде Еуропа елдеріндегі
партиялардың құрылуы мен дамуы туралы мәселелерді зерттей келіп, АҚШ пен
Англияда партиялар сайлау өткізу және сол сайлаулардың негізінде пайда табу
үшін құрылған ұйым екенін айтады. Әрине, саяси партиялардың қызметтері
әртүрлі болғанымен де, оларға жалпы ортақ белгілерді талдауға болады.
Саяси партиялардың ортақ белгілері:
1. Әлеуметтік бірлестік. Қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік топтарға басшылық
жасап, олардың саяси-әлеуметтік мүдделерін шешу үшін бірігіп іс-
қимылдар жасауға басшы болу.
2. Азаматтардың саяси санасын жоғарылату.
3. Саяси билікке келу үшін күрес жүргізу.
4. Саяси мамандар, саясатшылар дайындау мәселесін шешу.
5. Қоғам дамуына бағытталған саяси бағдарламалар дайындап оны іске асыру.
Көппартиялық жүйенің қалыптасуы және оның маңызы
Көппартиялық жүйе ХХ ғасырда қалыптаса бастады. Ол әсіресе демократиялық
мәдениет деңгейі жоғары қоғамдардың саяси өмірінде кеңінен орын алады.
Көппартиялық жүйенің қалыптасуына әртүрлі демократиялық саяси процестер
ықпал етеді. Оның негізгілері: жалпыға бірдей сайлау құқығының қалыптасуы,
сайлауға қатысу жасының, мүлік шартының (цензінің) төмендеуі, либерализм
идеологиясының орын алуы, яғни, мемлекет пен азаматтар арасындағы қарым-
қатынастарының өзгеруі, мемлекеттің қоғам мен жеке адамдардың өміріне
араласуының шектелуі, яғни антиэтатизм принципінің орнығуы.
Қазір бүкіл адамзат өркениетке жаппай ұмтылыс жасап отырған кезде
көппартиялықтың артықшылығына әлем халықтары толық көз жеткізіп отыр. Бұның
өзі партиялардың саясаттары халық мүддесіне қаншалықты сай
келетінін жеке азаматтардың бағалауына жол ашады. Жеке адамның қоғамдық
күштерді, саяси басшыларды, билік түрін қалауынша таңдау жасауына мүмкіндік
береді. Көппартиялық жүйе билікке ие болып отырған саяси топтарды,
басқарушы партияларды (егер олар өздерінің міндеттерін орындай алмай жатса)
алмастыруға жағдай жасайды. Ал мұның өзі қоғамда саяси қызметтерді тиімді
жүргізудің алғышарты. Сондықтан да демократиялыққоғамда көппартиялыққа
айрықша мән беріліп, бірнеше саяси партиялардың қатар өмір сүруіне
мемлекеттік, қоғамдық тұрғыдан қолдау көрсетуге жағдай туады.
Бүгінгі күні, әсіресе, дамушы елдерде әртүрлі бағыттағы,
сипаттағы бағдарламасы бар партиялар қалыптасты. Олардың саны көбейген
сайын қоғамдағы орны, қызметі, саяси идеология бағытына қарай топтастыру
жүйесі де белгіленді. Мысалы, саяси партиялар мақсаттарына қарай төрт топқа
бөлінеді: сайланушылар партиялары, қауымдастық партиялар, авангардтық
партиялар, парламенттік партиялар. Осы партия топтарының
кейбіреулерінесипаттама беретін болсақ, сайланушылар партияларының мақсаты
өз үміткерлерінің сайлау алдындағы науқанын ұйымдастыру, қаржы жинау,
үгітжүргізу. Оларда тұрақты мүшелік, идеологиялық негіз жоқ. Мысалы, АҚШ-
тағы республикалық және демократиялық партиялар, Ресейдегі либерал-
демократиялық партия және т.б.
Саяси идеология бағыты бойынша партиялар 4 түрге бөлінеді:
1) Социал-демократиялық партиялар (социалистік, демократиялық, либералдық,
христиан-демократиялық т.с.с.). Олар еңбекші халықтың мүддесіне сай
реформалар жүргізіп, жалпы кедейшілікке қарсы күрес жүргізу бағдарламасын
ұстанады. (Мысалы, Германия, Австрия, Швеция, Ұлыбритания елдеріндегі
социалистік, демократиялық, лейбористік т.с.с. партиялар);
2) Консервативтік партиялар. Негізгі саясаты (идеологиясы) бұрыннан
қалыптасып келе жатқан мемлекет, қоғам, экономика және рухани негіздерді,
жүйелерді сақтау. Мысалы, Ұлыбританияның консервативтік партиясы,
Германияның христиандық-әлеуметтік одағы мен христиандық-демократиялық
бірлестігі, АҚШ-тың республикалық партиясы.
3) Коммунистік партиялар мен солшыл радикалдық бағыттағы партиялар. Мысалы,
Қытай, Солтүстік Корея, Куба, бұрынғы Кеңес Одағының коммунистік партиясы,
Ресей Федерациясының коммунистік партиясы, Қазақстан коммунистік партиясы
және т.б.
4) Фашистік партиялар. Олар жеке мүддеден мемлекеттік мүдденің басым
болғанын, басқарудағы қатаң орталықтандыруды, адам құқықтары мен
бостандықтарын шектеуді қалайды. Фашистік партиялар кезінде Германия мен
Италияда болған. Ал қазіргі кезде кейбір елдердегі жаңарған неофашистік
ұйымдардың пайда болуы жалпы адамзатты қатты алаңдатады.
Осы партиялық топтардың ішінен бағдарламасының мазмұны, идеологиясы,
мақсаты, қоғамдық пайдасы туралы қысқаша сипаттама беретін болсақ, бүкіл
дүние жүзіне танылған, халыққа беделді партияларға социал-демократиялық топ
жатады. Ең бірінші социал-демократиялық партия 1869 жылы Германияда пайда
болды. Бұл партия Германия социал-демократиялық жұмысшыларпарт иясы деп
аталды (ГСДЖП). Бұл партияның мақсаты – жұмысшыларды, шаруаларды,
кедейлерді буржуазиялық қанаудан құтқару, олардың еңбек ақысын әділетті
түрде төлету, 8-сағаттық жұмыс күнін орнату, шаруаларға жер беру, қоғамның
барлық саласында кедейлерге теңдік беру.
Ол үшін кедейлерді революцияға көтеріп, байларды жойып, жекеменшікті жойып,
социализм орнату. Яғни, ГСДЖП алғашқы қалыптасқан кезде марксистік
көзқараста болды. Бірақ кейін ГСДЖП-ның жетекшілері кедейлерге теңдік
орнатудың жолы тек ғана революция жасау, социализм құру, байларды жою емес,
кедейлердің мүдделерін реформалар арқылы шешуге болады деген теориялық
тұжырымдамаға келді. Кейін бұл идеология реформизм деп аталды.
Сонымен, Германия социал-демократиялық жұмысшы партиясы марксистік
көзқарастан реформистік көзқарасқа ауысты. Осыған сәйкес 1901 жылы
партияның аты да өзгерді: Германия социал-демократиялық жұмысшылар партиясы
дегеннің орнына Германия социал-демократиялық партиясы деп аталды (ГСДП).
Яғни, “жұмысшылар” деген сөз партияның атынан алынып тасталды. Бұның себебі
– осы партияның ісі тек ғана жұмысшылар табының мүдделерін шешу емес, жалпы
елге, халыққа қызмет ету болды.
ГСДП бағдарламасының негізгі мазмұны – кедейшілікпен күресу болды: елде
жұмыссыздықты азайту, жұмыссыздарға көмекақы төлету, жаңа жұмыс орындарын
ашу, қарт адамдарға зейнетақы төлету т.с.с. Олардың мақсаты осы күрделі
әлеуметтік шаралардың барлығын реформалар арқылы шешу (революция арқылы
емес). Олар бұл реформаларды жаңа парламенттік заңдар қабылдау арқылы
жүзеге асыруды ұсынды.
ГСДП-ның бұл бағдарламасы халық арасында кеңінен қолдау тапты. Парламенттік
сайлауларда халық осы партияға көбірек дауыс беретін болды, нәтижесінде
Социал-демократиялық партия парламенттен көп орын ала бастады. Парламент
жоғарыда аталған реформалар туралы заңдар шығарды. Сөйтіп, кедейшілікпен
күрес бүкіл мемлекеттік іске айналып, жоқшылық реформизм идеологиясын
ұстанған елдерде азая түсті. Осындай бағдарламаны ұстанған социал-
демократиялық партиялар алғашқы уақытта Еуропада, содан кейін Америка,
Азия, Африка елдерінде де пайда болды.
Қазіргі кезеңде дүниежүзінде 60-тан астам социал-демократиялық партиялар
бар. Олардың мүшелерінің жалпы саны 17 млн. адам. Бүгінгі күні социал-
демократиялық партиялардың 30-ға жуығы мемлекеттік билікке келіп отыр. Осы
партиялар билікке келген мемлекеттерде елдің әлеуметтік-экономикалық
деңгейі жоғары дәрежеге көтеріліп, кедейшілік жыл сайын азая түсуде, ал
кейбір Еуропа елдерінде жоқшылық мәселесі күн тәртібінен алынып тасталған.
Дүниежүзіндегі социал-демократиялық партиялардың 1951жылы құрылған
Социалистік Интернационал деп аталатын халықаралық одағы бар. Оған кез-
келген партия мүше бола алмайды.
Мысалы, ТМД елдерінен жаңадан пайда болған кейбір социал-демократиялық
партиялар Социалистік Интернационалға мүшелікке сұранғанда, оларға берілген
жауап мынадай болыпты: “Сіздер қоғамдарыңыз үшін қызмет етіңдер, ең алдымен
еңбекші халықтың, жұмысшы табының, кедейлердің тұрмыс жағдайын
жақсартыңдар, жоқшылықты жойыңдар, бізге мүшелік жөні содан кейін шешілер”.
Партиялардың құрылуы, өмір сүруі партиялық жүйемен тығыз байланысты. Бұл
жүйе елдегі саяси күштердің орналасуы мен өзара қатынастарына сәйкес
келеді. Партиялық жүйе партияның мемлекетпен қарым- қатынасын, елдегі саяси
тәртіптің мәнін анықтайды. Демек, партиялық жүйе шамасы келгенше
мемлекеттік істерге, елдегі басқарушы орындарды құруға, саяси бағыт-бағдар
белгілеуге белсене қатысатын саяси күштер тобы.
Партиялық жүйенің үш түрі болады: бірпартиялық, екі партиялық және
көппартиялық. Бір партиялық жүйе бұрынғы барлық социалистік елдерде болды.
Қазіргі кезде бірпартиялық жүйе саяси қызмет ететін елдер – Солтүстік
Корея, Қытай, Куба, Ливия, Алжир, Заир, Мысыр және т.б. Елдегі партиялық
жүйе партиялардың санымен анықталмайды. Мысалы, Қытайда бір партиялық жүйе,
бірақ саяси партия біреу ғана емес, онда бірнеше партия бар. Сол сияқты,
АҚШ-та, Англияда екі партиялық жүйе, бірақ бұл елдерде партиялардың саны
тек екі-екіден ғана емес, екеуінде де көптеген партия саяси өмірге
қатысады.
Сондықтан, партиялық жүйе әрбір елдегі партиялар санымен емес, саяси
билікті қалыптастыру ролімен анықталады. Қытайда мемлекеттік билікті
қалыптастыратын Коммунистік партия, АҚШ-та саяси билікті қалыптастыратын
негізінде екі партия – республикалық және демократиялық; Англияда
парламенттің негізгі палатасын және атқарушы билікті сайлау арқылы
қалыптастыратын екі партия – лейбористік және консервативтік. Ал Еуропаның
көптеген елдерінде, мысалы, Францияда, Италияда, Германияда мемлекеттік
билік көппартиялық жүйе арқылы құрылады. Саяси ғылымның тұжырымдамасы
бойынша демократиялық принциптерге көп жағдайда қайшы келетін —
бірпартиялық жүйе. Бұл жағдайда қоғамдағы мемлекеттік билік бірте-бірте сол
жалғыз партияның қолына өтеді.
Ресей ғалымы Ю.С.Гамбаров өзінің 1904 жылы жарық көрген “Саяси партиялар
бұрынғы және қазіргі кезеңде” деп аталатын еңбегінде былай деп жазады:
“Әрбір саяси партия әр уақытта қоғамның бір бөлшегі. Егер қоғамда жалғыз
партия болып ол билікке келсе, онда мемлекеттік биліктің көзі барлық халық
емес, билік халықтың бір кішкене ғана бөлшегінің қолында болады.
Бөлшек бүтінге жету үшін оның басқа бөлшектері де болуы керек. Қоғамдағы
саяси өмірдің бүтіндігі – ол көппартиялық жүйе”.
Партиялық жүйе проблемаларын терең зерттеген ресейлік
ғалымдар В.В.Водолазов (“Саяси партиялардың бағдарламалар жиынтығы”. Спб.
1905 ж.), П.А.Берлин (“Батыс Еуропа елдерінің саяси партиялары”. Спб. 1907
ж.). Ресей саяси ғылымының көрнекті өкілі Борис Чичерин бірпартиялық жүйе
туралы былай деген: “Бірпартиялық жүйе ақырында мемлекеттік билікке
айналады. Билік күйреген жағдайда ол партия таудан құлағандай апатқа
ұшырайды”.
Дәл осындай жағдайға 1991 жылы Кеңестер Одағы Коммунистік партиясы (КОКП)
ұшырады. Тарихтан жақсы белгілі, 1918 жылы бұрынғы КСРО жерінде
бірпартиялық жүйе орнықты. Ол 73 жыл бойы әміршіл-әкімшіл тәсілмен
басқарылатын мемлекеттік билік жүйесіне айналды. Сайып келгенде,
бірпартиялық жүйе көп жағдайда өзін теріс жағынан көрсетудің мысалы болып
жүр.
Екіпартиялық жүйе көбінесе өзара келісімді, тілектес саяси топтарға
айналады. Билікке шын мәнінде заңды қарсылық тобы (оппозиция) болмай
қалады. Бұл жағдайда ағылшын ғалымы Джон Стюард Миллдің “демократия минус
оппозиция = диктатура” деп атап көрсеткеніндей демократияға зияндық келеді.
Мысалы, АҚШ-тағы екіпартиялық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz