Саяси әлеуметтанудың объектісі мен пәні


Жоспар
- Саяси әлеуметтанудың объектісі мен пәні
- «Саяси жүйе» ұғымы, қызметтері мен құрылымы
- Саяси жүйенің жіктелуі
1
Саяси әлеуметтанудың объектісі мен пәні
Ең алдымен саяси әлеуметтанудың саясаттанудан айырмашылығын
ашып алғанымыз дұрыс болар. Саяси әлеуметтану мен саясаттанудың
айырмашылығы олардың пәнінде. Саясаттану қоғамның тек бір ғана-
саласын зерттейді- (саяси саласын яғни, саяси жүйе, ондағы мемлекеттік
билік, жаулап алу, мемлекеттікті сақтап қалу т. б. ) Ал саяси әлеуметтану
қоғам тұтастай мемлекетке, партияларға, әлеуметтік саяси ұйымдарға,
индивидтерге қалай әсер етеді және олардың мінез-құлқы қандай деген
сұраққа жауап іздейді. Ол саясатты әлеуметтік құрылым мен формалсыз
әлеуметтік институттарға, қоғамдық пікір мен мінез-құлыққа анализ жасау
негізінде тұлғалардың (жан - жақты) психологиялық, әлеуметтік мәдени комплексіне, әлеуметтік-саяси процесстер, нормалар мен қарым-қатынастарға анализ жасау арқылы қарастырады.
Саяси әлеуметтанудың пәні әлеуметтік құрылым мен процестердің саяси әлеммен өзара әрекеттесуі болып табылады.
Саяси әлеуметтану өзіне саясаттанудың жалпы теориясын (саяси билік оның басқа әлеуметтік құбылстардан айырмашылығы және солармен байланысы) және саясаттың. әлеуметтік аспектілерін (тұлғалардың, әлеуметтік топтардың, бұхралық қозғалыстардың, институттардың т. б. қажетіліктері, мүдделері, қызметі) қамтиды. Ол әлеуметтік-саяси қатынастардың үш деңгейін зерттейді: әлеуметтік-саяси жүйенің қызмет етуінің жалпы заңдары; әртүрлі елдердегі әлеуметтік-саяси процестердің спецификалық ерекшеліктері; саяси қызметтің жеке түрлері.
«Саяси жүйе» ұғымы, қызметтері мен құрылымы
Зерттеушілер саяси жүйенің мынадай негізгі төрт белігін атайды: 1) саяси институттар; 2) саяси қатынастар; 3) саяси ережелер; 4) саяси мәдениет. Соларға қысқаша сипаттама берелік.
Саяси институттарға (ұйымдар, мекемелер) мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар, кооперативтік, жастар, әйелдер, т. б. ұйымдар мен бірлестіктер жатады. Бұл ұйымдардың бәрі таптық, топтық, ұлттық, жыныстық, кәсіби, жас мөлшеріне қарай және т. с. с. байланысты пайда болатын көптеген әлеуметтік мақсат-мүдделерді білдіріп, қорғау үшін құрылады.
Солардың ішіндегі ең негізгісі - мемлекет. Ол қоғамда белгілі бір тәргіпті орнатады, оны басқарады, экономикалық және әлеуметтік құрылымын қорғайды. Ол үшін мемлекеттің арнайы аппараты, еріксіз көңдіретін күштеу, зорлау органдары (әскер, сот, полиция, милиция және т. т. ) болады. Солардың көмегімен ол адамдардың жұріс-тұрыс, іс-әрекетін реттейді. Мемлекет қоғам атынан оның ішкі және сыртқы саясатын атқара алады.
Мемлекеттік емес ұйымдардың арасында қазіргі қоғамның саяси өміріңде ең үлкен рөл атқаратындар - саяси партиялар. Олар мемлекеттік билікті жүзеге асыруға, саяси жүйені, идеологиялар мен доктриналарды, қоғамдық пікірді, саяси сана мен мәдениетті қалыптастыруға ат салысады.
Қоғамның ен бұқаралық ұйымына кәсіптік одақтар жатады Олардың ықпалы әр елде әр түрлі. Біздің елімізде олар халық шаруашылығын өркендетудің маңызды міндеттерін шешуге қатысады. Еңбекшілердің заңды талаптарын қорғайды, еңбек заңдарының қатаң сақталуын қадағалайды. Олардың денсаулығын сақтауға, мәдени-тұрмыстық қажетін өтеуге қамқорлы жасайды. Тұрғын үйлерді бөлу, балалар бақшасына орналастыру, мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру жұмыстарын басқарады. Қазір оның ықпалы төмендеп кетті.
Қоғамның саяси жүйесіне діни ұйымдар да кіреді. Олардың рөлі, әсіресе, феодалдық коғамда зор болды. Ол кезде олар ақсүйектер билігінде өздеріне қаратқысы келді. Сондықтан олар мемлекеттік билікпен қатар өздерінің заң шығарушы, атқарушы, сот билігін де құрды. Олардың ішіңдегі ең озбыры католик шркеуінің XIII ғасырда өздеріне қарсыларды ерекше қатал қудалаған сот, полиция ұйымы - инквизиция еді. Олар 5 миллионға жуык адамды қуғын-сүргінге салып, біразын тірідей отқа жағып жіберді. Капитализм кезінде дін орындарының әсері әлдеқайда бәсеңдеді, бірақ саяси өмірде ықпалын тоқтатқан жоқ. Бұрынғы Кеңестер Одағы кезінде олар қатгы қудаланған болатын. Қазіргі кезде жағдай өзгерді. Қайткен күнде де сонында миллиондаған дінге сенушілері бар ұйыммен санаспауға болмайды.
Қоғамдық жүйенің екінші бөлігін саяси қатынастар құрайды. Оған таптардың, этникалық бірлестіктердің, тұлғалар мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің арасындағы қатынастар кіреді. Олардың басқа (экономикалық, ұлттық, діни, жанұялык және т. с. с. ) қатынастардан айырмашылығы мұнда олардың саяси және мемлекеттік билікке қатынасы көрініс береді.
Саяси жүйенің үшінші бөлігі болып саяси ережелер (нормалар) есептеледі. Олар саяси институттардың өзара бірлесіп әрекет етуін қамтамасыз етеді және саяси жүйенің ережелік негізін құрайды. Олардың ішіндегі ең маңыздысына Конституция және соған сүйенетін заңдар мен басқа нормативтік актілер жатады. Оларға белгіленген тәртіпті бұзғаны үшін мемлекет тарапынан шаралар қолданылады. Сонымен қатар саяси қызметті атқару үшін қоғамдық ұйымдар жасаған және солардың ішіндегі қатынастарды реттеуге арналған ережелердің де маңызы зор. Оларға ең алдымен сол ұйымдардың жарғылық ережелері жатады.
Саяси жүйеніңтөртінші белгісі - саяси мәдениет. Ол саяси сана мен іс-әрекетте, саяси көзқарастарда, идеяларда, теорияларда, саяси тұғырнамаларда, бағдарламаларда, шешімдерде, , саяси ережелерге қатынаста көрініс табады.
Саяси жүйенің көрсетілген бұл төрт бөлігі үздіксіз дамып отырады. Олар өздеріне тән арнайы әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, белгілі бір мақсаттар мен қызметтерді атқарады. Олар бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Саяси жүйенің басты қызметі - қазына, байлықты бөлу саласына бақылау жасау. Олардың дұрыс бөлінбеуі ел ішінде әр түрлі әлеуметтік топтар арасында алакөздік, дау-дамай тудыруы мүмкін. Саяси жүйе оған жібермей, қайшылықтарды қиюластырып, келістіріп, шиеленістерді өршітпей, өрбітпей, жан-жакты бітістіріп отырғанда ғана өз рөлін ойдағыдай атқарады.
Саяси жүйе қоғамдык өмірдің барлық салаларының дамуына бағыт беріп, ықпал етеді, оларды басқарады. Қоғам дамуының мақсатын айқындайды.
Сондай - ақ саяси жүйе дүниежүзілік (БҰҰ), аймақтық (Еуропалық одақ, НАТО және т. б. ), екі жақты ("Шығыс пен Батыс" қатынастары) болуы да мүмкін.
Саяси жүйенің жіктелуі
Саяси жүйенің жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Олар бұл мәселеге әр жақтан қарайды, әр түрлі өлшемді (критерийді) пайдаланады. Мысалы, марксизм формациялық көзқарасты басшылыққа алып (өңдіріс тәсілінің және қоғамның таптық құрылымының өзгешеліктеріне қарай) оны құлдық, феодалдық, капиталистік және коммунистік саяси ж үйе деп бөледі.
Ал У. Ростоу және т. б. "экономикалық өсу сатысы" деген тұжырымдаманы алға тартады. Олардың ойынша, адамзаттын даму тарихы мынадай бес сатыдан тұрады:) дәстүрлі қоғам; 2) өтпелі қоғам; 3) алға басу (жылжу) қоғамы; 4) индустриалдық және 5) индустриаланғаннан кейінгі (постиндустриалдық) қоғам. Бірінші сатыға алғашкы қауымдық, рулық және феодалдық қоғамның бір бөлігін, екінші сатыға өндірістік революцияны, үшіншісіне 70-80 жылдардағы капитализмді, төртіншісіне 2000 жылға дейінгі капитализмді жатқызады. Бұлайша сатыға бөлудің өлшемі ретіңде техникалық даму деңгейін алады. Марксизмнің басшылыққа алатын өндірістік қатынастарымен олар санаспайды.
Ғалымдардын үшінші тобы мәдениетгегі ерекшеліктерге басты мән беріп, "шығыс" және "батыс" мәдениеті мен өркениеттілігі деп жүйелейді.
Қазіргі саясаттануда ең кең тараған жіктеудің түрі қоғамдағы қалыптасқан саяси тәртіптің ерекшеліктеріне негізделеді. Енді соған келейік.
Саяси тәртіп деп саяси билік, қоғамды басқарудың әдіс тәсілдер жиынтығын, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің демократиялық дәрежесін айтады.
Қазіргі саяси тәртіптерді демократиялық және демократияға қарсы (антидемократиялық) деп үлкен екі топқа бөледі.
Демократиялық тәртіпке халықты биліктің кайнар көзі деп санап, оған мемлекеттік істерді шешуге құқық берілген және ол үшін қажетті жағдайлар жасалған биліктің түрі, қоғамның мемлекеттік-саяси құрылысы жатады. Мұндай тәртіпте азаматтардың негізгі құқықтары мен еркіндіктеріне кепілдік беріледі, әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін көздеуші саяси партиялар, ұйымдар, мекемелер кедергісіз жұмыс істейді. Саяси өмір демократиялық негізде кең өріс алады. Саясат мәселелері ашық талқыланады, биліктің шектен тыс шоғырлануына жол берілмейтіндей тетік жасалады, азаматтарға қолайлы құқықтар мен еркіндіктер, олардың саяси көңілін білдіру түрлері айқындалады, жалпыға бірдей сайлау құқығы орнатылады.
... жалғасыСонымен қатар демократиялық тәртіп мынадай белгілермен сипатталады:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz