Саяси жүйе және әлеуметтік-саяси процесс ұғымдары



Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Саяси әлеуметтану
Жоспары.
1. Саяси жүйе және әлеуметтік-саяси процесс ұғымдары. Саяси
әлеуметтану.
2. Саяси өмірге қатысуға әлеуметтанулық талдау. Топтар және саяси
процесс. Қысым топтары.
3. Саяси партиялар әлеуметтанулық зерттеудің объектісі ретінде.
"Саяси мәдениет" түсінігі. Саяси өмірдің әлеуметтік
механизмдері.

1. Саясат әлеуметтануы — әлеуметтану ғылымының бір саласы. Оның өз алдына
жеке ғылым саласы болып бөлінуі XX ғасырдың 20-жылдарында Батыс
әлеуметтануында басталды, яғни негізі қаланған кез-ден бастап бұгінгі кұнге
дейін даму ұстіндегі жас ғылым саласы болып саналады. Соған қарамастан
саясат әлеуметтануының өз алдына ұғымдары, заңдары, т.б. ғылым ретіндегі
белгілері қалыптасты. Осы айтылғаңдардың танымдық маңызы зор болғандықтан
саясат алеуметтануының негізгі мәселелерін баяндаудың еш артықтығы жоқ
шығар деп ойлаймыз. Ең бастысы оның объектісін анықтаған жөн. Әлеуметтік-
саяси қатынастар - саясат әлеуметтануының объектісі. Бұл қатынастар таптар
мен өзге де әлеуметтік топтар, этностар арасындағы, елдер - мемлекеттер,
ұрпақтар, кәсіптік құрылымдар, т.б. арасындағы қатынастарды қамтиды. Саясат
әлеуметтануы әлеуметтік-саяси қатынастарға, санаға, мәдениетке, қызмет-
әрекетке, олардың өмір сүруі мен өзгеруінің заңдарына байланысты бүкіл
проблемалардың жиынтығын тереңдете зерттейді. Қоғам өмірінің барлық
саласындағы саяси қызмет пен саясатк,а талдау жасауға баса назар аударады.
Мұнда "саясат әлеуметтануы", "саяси қатынастар әлеуметтануы',
"саясат ұғымы" ұғымдары кеңінен колданылады. Алайда, бұлардың ара жігі
бұгінге дейін тұбегейлі анықталған жоқ. Мысалы, АҚШ-та "саясат
алеуметтануы" ұғымы аз пайдаланылады. Онда көбінесе саясат ұғымы,
саясаттану туралы жиі сөз болады. Батыс Еуропада, керісінше, "саясаттану"
терминін сирек колданып, "саясат әлеуметтануы" ұғымына басымырақ маңыз
береді.
Дегенмен, бұл екі ғылымның зерттеу объектілері бір болғанымен,
қарастыратын мәселелері өзгеше. Зерттеу пәні тұрғысынан алғанда, сая-
саттану негізінен саясат саласын, саясаттың бір түрін — "саяси сая-сатты",
яғни мемлекеттік-әкімшілік билікті, оны жеңіп алу, ұстап тұру, қолдану
аясына байланысты катынастарды қарастырады. Ал саясат әлеуметтануы саясатты
қоғамның өзге дербес салаларымен, яғни экономика, әлеуметтік, саяси және
рухани салаларымен байланыста зерттейді. Бұл ғылым саясатты әлеуметтік
құрылымдарға және формалды емес әлеуметтік жүйелерге, қоғамдық пікір мен
тәртіпке, әлеуметтік-саяси процестсрдің бүкіл кешеніне, нормалар мен
қатынастарға талдау жасау болашағымен, тұлғалар мен шағын топтарды, олардың
көптеген психологиялық және социомәдени сипаттамаларын зерттеу тұрғысынан
қарастыралы.
Саясат әлеуметтануының пәніне - саясатпен тікелей байланысты
қоғамның бүкіл саласы мен құрылымының өзара сабақтас заңдары, әлеуметтік-
саяси қажеттіліктер, мұдделер, тұлғалардың кызметі, әлеуметтік топтар,
этностар, олардың ұйымдары, қозғалыстары, ин-ституттары жатады. Ғылым пәнін
анықтау үшін зерттелінетін заңдар мен категориялардын ерекшеліктерін
айқындаудың да маңызы зор. Саясат әлеуметтануы бұгінгі өркениеттің
ерекшеліктерін және оның қоғамдық жүйесінің көп түрлілігін ескере отырып,
алеуметтік-саяси қатынастардың өмір сүруі мен дамуының жалпыдұниежұзілік,
жалпыадамзаттық заңдарын зерттеуге тиіс. Осымен байланысты зандардың екі
нұсқасын айтуға болады: әлеуметтік-саяси өмірдің өмір сүру заңдары. Бұған
әлеуметтік-саяси өмірдің әрекет ету заңы, оны ұйымдастыру тәсілдері саяды.
Өмір сүру заңдары әлеуметтік-саяси өмірдің әр түрлі элементтерінің,
субъектілері мен объектілерінің байланыстарын, олардың өзара іс-
қимылдарының мәнін ашады. Мысалы, биліктін ұш тармаққа бөліну заңы, әр
түрлі саяси кұштердің келісімге келу заңы, ортақ мұдделерді жүзеге асыру
заңы, т.б.
Даму заңы - бұл әлеуметтік-саяси өмірдің бір кұйден екінші кұйге
ету заңы, сапалык өзгерістер заңы. Бұлар әлеуметтік-саяси кұбылыстар
байланыстарының себебін ашады, өзтерістердің бағытын, факторлары мен
формаларын анықтайды. Мысалы, саяси революция, саяси күрес, қоғамдық-саяси
қозғалыс, т.с.с.
Осы заңдарға сәйкес саяси әлеуметтанудың категориялары да
қалыптасады. Олар екі топқа бөлінеді: 1 .Саяси өмірдің өмір сүру ка-
тегориялары. Мысалы, саяси процесс, саяси қызмет. саяси мәдениет, билік
жүйесі, партиялар, бейресми бірлестіктер, популизм. ереуілдер, т.с.с; 2.
Даму категориялары. Мысалы, билік үшін күрес, реформа, жариялылық,
көппікірлілік, саясаттандырылған тұлға және т.б. Саясат ұғымы саяси
кұбылыстар мен процестерді толық, көрсетеді. Оған ең алдымен мемлекетке
және онын барлық деңгейіндегі жалпы саяси билігіне қатысты таптар мен басқа
да әлеуметтік топтар арасындағы қатынастар жатады. Саясаттың маңызды
саласына ұлттық қатынастарды мемлекеттік реттеу жатады. Бұл көптеген
коғамдарда мемлекеттік құрылыстың сипатына және мемлекеттік басқару түрінің
тандауға себепші болады. Саясат саласына халықаралык. саясаттың негізгі
мазмұнын құрайтын мемлекетаралық қатынастарды реттеу де жатады. Аталмыш
процестердің бәрі де жинақталып "саясат" ұғымынан көрініс табады.
Саясаттың ортақ мәселесі таптар, өзге де әлеуметтік топтар мен
ұлттық қауымдастықтар, сондай-ақ саяси билікке қатысты мемлекеттер
арасындағы қатынастар болып табылады. Бұл қатынастар нақты құбылыс ретінде
саясаттың негізгі мазмұнын, оның өзегін кұрайды, соның төңірегінде
коғамдағы жұріп жатқан сан алуан саяси процестердің элементтері топтасады,
дамиды және бірін-бірі ауыстырады. Саясат ұғымы сол жағдайды (ситуацяны)
бейнелейді, яғни саяси билікке қатысты әлеуметтік субъектілер арасындағы
қатынастарды көрсетеді. Демек, саясат әлеуметтануы ең алдымен қоғамның
нақты саяси өмірін зерттейтін саяси катынастар әлеуметтануы болып табылады.
Саяси катынастар аркылы бүкіл саяси құбылыстардың байланыстары мен өзара
әрекеттері қарастырады.
Саяси билікті жеңіп алу немесе оны жүзеге асыруда кез-келген
алеуметтік субъекгілер саясаттың субъектісі бола алады, сол субъектілер
ішінде өзара қатынастарға тұсетін таптар, саяси партиялар, жеке тулға-ларды
бөліп айтуға болады. Өзара саяси қатынастарға тұскен ұлттар мен тұтас
халықтар, сондай-ақ мемлекет саясаттың субъектілері бо-лып табылады.
Жоғарыда атап айтылғанындай, саясаттың негізгі мәселесі - саяси
билік туралы мәселе. Соңғысы белгілі бір әлеуметтік кұштердің өз саяси
еріктерін басқа әлеуметтік кұштерге және бүкіл қоғамға тану арқылы
көрінеді. Мұны партиалык, элитаның, яғни шағын топты партия басшылары мен
олардың төңірегіндегілердің, сондай-ақ жеке партия көсемдерінін өз
еріктерін бүкіл партияға танытатынын жиі кездестіреміз. Бірақ саяси
биліктің ең жоғарғысы мемлекеттік билік болып табылады. Бұл жағдайда
мемлекеттік билікті қолына жинаған әлеуметтік кұштер өз еріктерін қалған
қоғам мүшелеріне таңады, бұл істе мемлекеттік аппарат пен қоғамға ықпал
ететін мемлекеттік тетіктерге, яғни идеологиядан бастап құқык пен әскерге
сұйенеді. Мемлекеттік билік тетіктерін қолдана отырып, олар өздерінің
экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани мұдделеріне катысты кең ауқымды
мәселелерді шешеді. Қоғамда өз саяси билігін нығайта отырып, олар өздерінің
әлеуметтік-экономикалық жагдайларын да нығайтады, өз жеке басының әл-ауқаты
мен дамуы үшін жағдай жасайды. Билік үшін күрес, оны бөлу және оны нақты
жүзеге асыру әр түрлі әлеуметтік топтардың, саяси партиялар мен
қозғалыстардың, саяси билікке ие болған аппарат өкілдерінің, басқа да
тұлғалардың саяси қызметінен көрініс табады. Олардың саяси кызметі сол
қоғамда өмір сүріп отырған саяси құрылымдарды, азаматтық заңдар мен
бостандықты, жалпы мемлекеттік құрылысты өзгертуге немесе нығайтуға
бағытталған көптеген нақты саяси әрекеттерден тұрады. Бұл әрекеттер сол
қоғамның басқа субъектілеріне олардың бағытына қарсылық білдіру немесе
үшінші субъектілердің кері әрекеттерін бейтараптандыру, не тежеу мақсатында
да колданылады. Кез-келген субъектінің саяси әрекеттерінде әрдайым сол
әрекетті өзге субъектілердің қалай қабыл-дайтыны есепке алынады және бұл
олардын саяси өзара іс-қимылдары ретінде көрінеді. Әрбір субъектісі көбіне
кайсыбір адамдардың үлкен әлеуметтік топтары немесе кауымдастығы, кейде
бүкіл халык, атынан өкілеттілік ете алады. Қалай дегенмен де, олардың саяси
қызметі, әдетте, көпшілік бұқара халыктың мұддесін көздейтін болады. Саясат
пен саяси қызмет саяси қатынастар мен процестерді қалыптастырады. Топтың,
т.б. мұдделерін қорғайтын және жүзеге асыратын құрылымдарға негіз қалайды.
2. Саяси қатынастар, мұдделер, процестер мен институттар
субъектілердің саяси қызметі олардың саяси қатынастары арқылы жүзеге асады.
Бұл тәуелсіз объективтік сипатта болады. Жоғарыда айтылғандай, белгілі бір
субъектілердің саяси қызметі жауап көзқарасты тудырады және бұл әрдайым
олардың өзара әрекеттері шеңберінде көрінеді. Бұл өзара әрекеттер тұрақты
кайталанып отырғандықтан тұрақты саяси қатынастар ретінде орнығады.
Әлбетте, саяси катынастар саналы тұрде қалыптасады. Әрбір субъекті өзге
субъектілермен саяси өзара әрекеттерге тұсіп, өздерінің саяси мұдделерін
саналы тұрде жүзеге асыруға тырысады және сол үшін әр түрлі тәсілдер мен
құралдарды колданады. Бірақ, біріншіден, саяси мұдделер мен талаптар
олардың санасы мен еркіне тәуелсіз тұрған объективтік әлеуметтік
жағдайлармен дәйектелген; екіншіден, калыптасқан саяси қатынастар
объективтік саяси нақтылық сәттері ретінде көрінеді және өз кезегінде олар
адамдардың саяси қызметіне мейлінше ықпал жасайды, оның мазмұны мен бағытын
айқындата себепші болады.
Таптар, басқа да әлеуметтік топтар мен ұлттық қауымдастықтар
арасындағы саяси қатынастар олардың саяси билік үшін күресінің немесе өзге
де саяси қызметтерінің нәтижесінде қалыптасып, өздері осы қызметтің
әлеуметтік формасы ретінде көрініп, сол қызметтің табысты болуының айғағы
ретінде танылады. Әлбетте, саяси қатынастар тек саяси билікке деген
қатынастармен шектеліп қалмайды, соңғысы олардың өзегін құраса да, олар
коғамның саяси өмірінің бүкіл салаларына сәйкес құралады, сонымен қатар
олар ұлттық және ұлтаралық проблемаларды шешумен, азаматтық кұкық пен
бостандықты жүзеге асырумен байлаңысты да қалыптасады. Саяси қатынастар,
сондай-ақ қоғамның экономикалық, әлеуметтік салаларындағы және рухани
өміріндегі проблемаларға тікелей қатысты болады. Осыдан экономикалық
саясат, әлеуметтік саясат немесе мемлекеттік саясат немесе қайсыбір саяси
партиялардың рухани мәдениет саласындағы саясаты көрініс табады. Қоғамдық
өмірдің барлық саласы бір-бірімен тығыз байланысты және бір-біріне ықпал
етеді.
Саяси қатынастарға қоғамның әлеуметтік-саяси уклады, сондай-ақ
оның өміріндегі моральдық-психологиялық факторлар елеулі ықпал етеді.
Адамдар арасындағы саяси қатынастар олардың саяси мұдделерінің тікелей
ықпалымен қалыптасады. Алайда, қалыптасқан саяси қаты-настардың өздері
субъектілердің әр түрлі саяси мұдделерін тудырады. Бұл мұдделердің мазмұнын
коғамда нақтылы орын алып отырған саяси қарым-қатынастардың мазмұнын
анықтайды. Сондықтан адамдардың саяси қарым-қатынастары олардың саяси
мұдделері ретінде көрініс табады. Адамдардық, әсіресе барлық таптардың,
ұлттардың, және саяси партиялардың саяси мұдделерінің өзара әрекетіне
талдау жасаудың қажеттігі саяси қатынастар мазмұнынан туындайтын
субъектілер саяси мұдделерінің мазмұнын түсінуге және жаңадан пайда болған
саяси мұдделердің ықпалымен саяси қатынастардың өзіндегі өзгерістін бағытын
анықтауға мүмкіндік береді. Ал бұл сол сәтте орын алып отырған саяси шындық
негізінде қоғамның бүкіл саяси өмірінің өзгерісі мен даму бағытын
пайымдауға комектеседі. Мұның басты буыны саяси қатынастар болып табылады.
Сондықтан субъектілер саяси қатынастары мен саяси мұдделерінің өзара
әрекеттестік проблемаларын зерттеу саяси қатынастар әлеуметтануының аса
маңызды міндеттерінің қатарына жатады.
Адамдардын саяси мұдделері олардың өмірлік әрекеттері, әлеуметтік
жағдайлары және өмір сүріп отырған ортадағы саяси қатынастар жүйесіндегі
объективтік жағдайларымен анықталады. Субъектілердің саяси мұдделері
олардың саяси қатынастарының объективтік көрінісі болып табылады, сондықтан
аталған мұдделер де объективті болады. Олар өмір сүріп отырған саяси
қатынастар жүйесінде таптардың. әлеуметтік топтардың, ұлттық
қауымдастықтардың және өзге де субъектілердің жағдайларын нығайту үшін,
әсіресе саяси билікке катыс-ты, сондай-ақ субъектілердің саяси құқықтары
мен еркіндіктерін толық пайдалану үшін объективті тұрде пайдалы әрі тиімді.
Осылайша субьектінің қайсыбір саяси мұддесінің мазмұны, саяси
тұрғыдағы пайдасын түсінуі сол субъекті санасының жемісі болып саналмайды,
оның нақтылы саяси ақиқатқа объективті қатынасының сәті ретінде өмір
сүреді. Саяси ақиқатты субъект саналы тұрде қабылдауы керек, оны, айталық,
оған саяси тұрғыда ненің пайдалы, ненін пайдасыз екенін белгілі бір сәтке
дейін түсінбеуі мүмкін. Сөйтіп, ол өзінің саяси мұддесіне объективті сәйкес
келетінді немесе қарама-қайшы келетін құбылысты түсінбеуі мүмкін.
Саяси қатынастар әлеуметтануы өзінің алдына субъектілердің саяси
мұдделерін айқындау мен зерттеу міндеттерін қояды, яғни олардың қайсыбір
жағдайда саяси тұрғыда өзін-өзі анықтау үшін не нәрсе маңызды және пайдалы
екенін қарастырады. Бұл орайда саяси қатынастар субъектілерінің өздерінің
объективтік саяси мұдделерінің қаншалықты терендігін түсінуІ де және осы
негізде олардың саяси істе саналы тұрде басшылыққа алатын саяси мұддесінің
каншалықты екенін және олардың объективті қалыптасқан саяси мұдделеріне сай
келуін анықтауда маңызды. Осыған орай аталған субъективтік мұдделіктің өзі
шынайы болуы мүмкін, яғни бірдей саяси жағдайларға субъектілердің әрекеті
не жалған, немесе, тіптен, мифологиялык (қияли) та болуы мүмкін. Бұгінде
саяси мифтер бұқаралық санадағы кең тараған құбылыс. Бұл проб-лемалар
теориялық және қолданбалы әлеуметтану деңгейінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі кездегі саяси жүйелер
Саясаттану ғылым ретінде. Саясаттанудың басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы
Саяси халықаралық құрылым мәселелері
Саясаттану ғылым ретінде
Саясаттану ғылымының маңыздылығы
Маманды кәсіби дайындау жүйесіндегі саясаттану туралы
Қазіргі замандағы білім беру
Социалогия ғылымы
Этно әлеуметтану
Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы
Пәндер